Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік - экономикалық факторлары
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Педагогиканың ғылымдық мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және
зерттеу аймағы. 3
Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік-
экономикалық факторлары. 3
Педагогиканың арнайы ғылым саласына бөлініп шығуы және оның көрнекті
өкілдері 4
Педагогика пәні және оның зерттейтін негізгі проблемалары 6
Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Оның басқа ғылымдармен байланысы және
зерттеу әдістері. 7
Педагогикалық теориялардың әдіснамалық негіздері. 7
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. 8
Педагогикадағы зерттеу әдістері. 9
Педагогиканың бөлек ғылым салаларына жіктелуі. 12
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15
Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан
реформалау процесі оның тек экономикалық саласын ғана қамтып отырған жоқ,
сонымен бірге әлеуметтік сала да өзгеріске ұшырауда. Қоғамдағы білім беру
жүйесін реформалау – соның айғағы. Соған орай жалпы білім беретін
мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу
орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және
дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге
мәлім. Осы қоғамдық аса маңызды міндетті шешуде “Педагогика” пәнінің
атқаратын қызметі айрықша.
“Педагогика” пәні педагогикалық оқу орындары студенттерін мұғалім
мамандығына дайындау жүйесінің негізгі бір саласы. Оның мақсаты болашақ
мамандарды педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен қаруландырып,
тәрбие мен оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруға қажетті педагогикалық
білім, білік және дағды қалыптастыру.

зерттеу аймағы.

экономикалық факторлары.
Әрқандай ғылымды үйрену, әдетте, сол ғылымның пайда болуы мен даму,
оның зерттейтін проблемаларын анықтап, түсінуден басталады. Шынында да, әр
ғылым саласы өз тарихына, зерттелуі тиіс және сол ғылымның теориялық
негізін түсінуге жәрдемдесетін табиғи немесе қоғамдық құбылыстардың нақты
аймағына ие.
Бұл тұрғыдан көпке мәлім “Барша заттың бастауын тапсаң, көп нәрсе
түсінерсің”- деген қанатты сөзде терең мағына бар. Осыдан педагогика
пәнімен танысуды да оның қысқаша болса да туындау және даму тарихымен, ол
зерттейтін проблемаларды анықтап, түсінуден бастаған жөн.
Педагогиканың ғылым ретінде пайда болып, дамуының себептері неде?
Оның жалпы заттық дүние мен білім жүйесіндегі орны қандай?
Адамзат білімінің педагогика саласы ең ежелгілерден, әрі қоғам
дамуынан тіпті ажырап көрген емес. Бұл тұжырым түсінікті болу үшін мәнді де
маңызды жағдайға назар бұрған жөн. Педагогикалық білімдер өсіп келе жатқан
әлеуметті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс-
әрекетінің ерекше бір саласына кіреді. Шынында да, педагогика жөнінде сөз
болғанда, әдетте, бұл термин тәрбие, адамды қалыптастыру түсініктерімен
баламалас қолданылады. Ал тәрбиенің өз жас әулетті тұрмысқа дайындау құралы
ретінде адамзат қоғамының ірге тасы қалануымен бірге пайда болады. Еңбек
құралдарын жасау, табиғи өнімдерін меншіктеуге байланысты өндірістік және
бірлікті іс-әрекет пен қызметтік тәжірибелерді жинақтай келе, адамдар
оларды келер ұрпаққа өткізуді мақсатты мүддесіне айналдырады. Қоғамдық
ілгерілеудің (прогресс) өзі осы өмірге жаңадан енген әрбір әулеттің өз ата-
бабаларының өндірістік, әлеуметтік және рухани құндылықтарын игерумен
бірге, оларды жаңа, жоғары деңгейде байытып, өзінен соңғыларға жеткізіп
беруінен іске асып отыр емес пе? Сонымен жинақталған өндірістік, әлеуметтік
және рухани тәжірибені келесі әулетке өткізіп отыру адамзат қоғамының
жасауы мен дамуының алғышарттары және маңызды қызметіне айналады. Міне,
сондықтан да тәрбие адамзат қоғамының дамуынан ажырамайды және оған ежелден-
ақ тән құбылыс, яғни тәрбие жастарды тұрмысқа дайындауға бағытталған ерекше
іс-әрекет ретінде қоғам дамуының барлық кезеңдерінде де өз маңыздылығын
жоймаған.
Ал енді әрқандай қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиелік қызмет пен оның
сипаты бір қалыпта тұрып қалған емес, қоғамдық жағдайлардың ықпалымен ол
үздіксіз жетіліп дамуда. Мысалы, ұзақ уақыт балалар өндірістік және
адамгершілік тәжірибені бірлікті еңбек әрекетінде, үлкендермен араласа
жүріп игереді. Осылайша жағдай тайпалық қауымға дейін де, тайпалық қауым
кезінде де күнделікті іс-әрекеттің қарапайымдылығынан болған еді. Сондықтан
да, бұл дәуірде тәрбие адамдардың арнайы кәсіби қызметі бола алмады, яғни
арнайы тәрбиелік мекемелер болмады, тәрбиені кәсіпке айналдырған адамдардың
да қажеттігі әлі туындамаған еді. Құл иеленушілік кезеңде де бұл жағдай
ұзақ уақыт сақталды.
Бірақ уақыт өте тәрбие саласындағы бұл жағдай өзгере бастады. Жер
өңдеу мен мал шаруашылығы, қолөнер бірте-бірте дамып, күрделенді.
Адамдардың қоршаған дүние жөніндегі ілімдері қордаланып, келе-келе ғылымның
дамуына бастау берді. Жаңарған қоғамдық жағдайда өндірістік тәжірибе мен
ғылыми біліктерді игеру енді арнайы және ұзақ мерзімді үйренусіз мүмкін
болмай қалды.
Өндірістік даму мен күрделену өріс алып, ғылым-білім қоры жинақталған
сайын, өсіп келе жатқан жеткіншектерді тұрмысқа арнайы дайындаудың
қажеттігі арта түсті де, оларды арнайы ұйымдастырылған тәрбиеге тартудың
маңызы күшейіп шыға келді. Осылайша, білім беру мен тәрбие қоғамның
объективті қажеттігіне айналды және оның бұдан былай дамуының ең маңызды
алғышарты болды.
Міне осыдан адамзат қоғамының белгілі кезеңінде, дәлірек құл иеленуші
дәуірдің аяғына таман, өндіріс пен ғылым едәуір дамыған шақта тәрбие ерекше
қоғамдық қызметке айналды, арнайы тәрбиелік мекемелер пайда болып, кәсібі
балаларды оқытып тәрбиелейтін адамдар шыға бастады.
Тәрбиенің дербес қоғамдық қызмет сипат ала бастауы адамдарда
тәрбиелік қызмет тәжірибесін жинақтап, қорытындылауды ойластыру қажеттігін
туындатты. Тәрбиенің кең өріс алып, күрделенуі тәрбие қызметімен байланысты
теориялық білімдердің ерекше саласының қарқынмен дамуына жол ашты. Қоғам
мен табиғат жөніндегі барша білімдер секілді тәрбиелік білім де философия
аясында нақтыланып, зерттелді. Бұл жағдай ежелгі грек дүниесінен басталып,
ХVІ ғасырдың аяғына дейін сақталды.

өкілдері
Тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан, ХҮІІ ғасырдың басына
дейін педагогика философияның бөлігі ретінде қарастырылып келді. Шынында,
осы күннің өзінде де атақты философтардың қай-қайсысы да тәрбие мәселесін
айналып өтпейді, осының өзі педагогикалық проблемалардың қоғам мен ғылым
үшін аса маңызды екенінің кепілі.
Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен ХVІІ
ғасырдың басында бөлектеніп шықты. Ағылшын жаратылыстанушысы және философы
Френсис Бэкон (1561-1626) 1623 жылы өзінің “Ғылымдардың қадірі және
жетілуі” атты трактатын жария етті. Бұл еңбегінде ол ғылымдарды сарапқа
сала отырып, олардың арасында педагогиканы ғылыми білімдердің дербес саласы
деп бөлектеді. Осы ғасырда-ақ педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті
чех педагогі Ян Амос Коменскийдің (1592-1671) еңбектерінде беки түсті. Оның
теориялық идеялары дүние жүзіне кең танымал да, әрі осы күнге дейін өз
маңызын жойған емес. Коменскийдің әйгілі “Ұлы дидактика” атты еңбегінде
балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың
жолдары баяндалды. Өз еңбектерінде Я.А.Коменский балалардың адамгершілік
тәрбиесіне өте үлкен мән берді, ол “Аналар мектебі” атты кітабында отбасы
тәрбиесіне байланысты көзқарастарын паш етті.
Коменский ізімен батыс еуропалық педагогика тарихында елеулі
еңбегімен ғылым өкілдері келіп шықты. Олардың ішінде аса көрнектілері
Англияда Джон Локк (1632-1704), Францияда Жан-Жак Руссо (1712-1781),
Швейцарияда Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), Германияда Иоганн Гербарт
(1776-1841) және Адольф Дистерверг (1790-1866) т.б. болды.
Джон Локк өзінің “Тәрбие жөніндегі ойлар” деген еңбегінде тәрбиенің
психологиялық негіздеріне және адамгершілік қалыптастыру мәселесіне үлкен
мән берді. Баладағы тума қасиеттерді жоққа шығара отырып, ол нәрестені не
сызса, сол болатын “таза тақтаға” теңеумен, тәрбиенің үлкен әсерлі күш
екенін айтты. Ал Жан-Жак Руссо, керісінше, баланы табиғаттан дарынды деп
таныды. Осыдан, оның ойынша, тәрбие баладағы тума қасиеттердің дамуына
кедергі болмай, оған толық еркіндік беріп, әрі оның қызығулары мен
құмарлығына икемделуі тиіс екен.
М.Г.Песталоцци педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие
мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің
маңыздылығын көре білді. Өзінің “Лингард пен Гертруда” шығармасында ол
тәрбиенің адамгершілікке негізделуі, балаларға сыйластық қатынас және
оларда адамға деген мейірім мен қайырымдылыққа баулу хақындағы
демократиялық идеяларын дамытты. Күнделікті педагогикалық қызметінде
Песталоцци балалардың оқуы мен тәрбиесін олардың мүмкіндігіне орай еңбекпен
ұштастыруға көңіл бөлді, балалар қауымының тәрбиелік ықпалын пайдалана
білуді уағыздады.
Педагогикалық идеялары кейбір мәселелерде дағдарысты кері сипатқа ие
болғанымен, педагогикалық теорияны өрістетуде елеулі рөл танытқандардың
бірі Иоганн Гербарт. Ол балаларды өрескел қатал қол жазасымен тойтарып
отыру қажет, олардың тәртібін үздіксіз қадағалап, арнаулы журналға жазып
отыру керек деп есептеді. Сонымен қатар, оның шығармаларында біршама
пайдалы идеялар да баршылық. Ол алғашқылардың қатарында оқыту мен тәрбиенің
психологиялық негіздерін жобалап берді, баладағы адамгершілік қасиетті
қалыптастыру үшін оның саналылығын көтеріп, онымен сыйластық қатынас жасау
қажеттігін жариялады.
Өзінің педагогикалық теориясын прогрестік-демократиялық бағытта
дамытқандардың бірі Адольф Дистервег. Ол өрістеткен аса құнды идеялар:
балалардың оқу жұмысының белсенділігін арттыру, шәкірттердің өзіндік оқуына
мән беру, сондай-ақ халық мұғалімдерін дайындау.
ХVІІІ ғ. Германияда алғашқы рет мұғалімдерді дайындайтын арнайы оқу
орны ашылып, онда ерекше ғылыми пән ретінде педагогика оқытыла бастады.
Осының бәрі педагогикалық теорияның жедел дамуына себепші болып, ірі-ірі
оқымысты педагогтардың қалыптасуына мүмкіндік берді.
Сонымен, ХVІІ ғ. мен ХІХ ғасырдың аралығы педагогикалық теорияның
үлкен қарқынды алға дамыған, аса құнды тәрбиелік идеялардың өрбіген заманы
болды. Педагогикалық ойдың аса кемелденген орталығы Ресейде К.Д.Ушинский
(1824-1870), Н.И.Пирогов (1810-1881), В.И.Водовозов (1825-1886),
А.Ф.Лесгафт (1837-1909), Л.Н.Толстой (1828-1910) және т.б. еңбектері үлкен
маңызға ие болды.
Ұлттық педагогикалық теориямыз бен тәрбие мәселелері Ы.Алтынсарин
(1841-1889), С.Көбеев (1878-1956). А.Байтұрсынов (1873-1938), М.Жұмабаев
(1893-1938), С.Торайғыров (1893-1920) сынды және т.б. кемеңгер ағартушы-
педагогтардың еңбектерінде өз көрінісін тауып, біздің дәуірімізге дейін
жетіп, егеменді ел ұрпағын тәрбиелеуде таптырмас құралға айналып отыр.
Аталған дәуірде мұншама көрнекті педагогтардың қоғамдық өмір
сахнасына шығуы кездейсоқ емес. Қарқынды дамыған өндірісті, ғылыми және
мәдениетті қоғам өзінің негізгі өндірушілерінің сауаттануын басты талап
етіп қойды. Онсыз қоғамның дамуы мүмкін емес те еді. Сондықтан да соңғы
ғасырлардағы Батыс Еуропа, Ресей және Қазақстандағы технологиялық прогресс
жастарды өндірісте істеуге, тәрбиелеуге, білім беру, тәрбие мекемелерінің
көбеюіне, халықтық мектептердің дамуына жол ашты.
Педагогика пәні және оның зерттейтін негізгі проблемалары
Педагогиканың шұғылданатын заты жеке адамның дамуы мен оның арасында
болған заңдылықты байланыстарды зерттеу және оның негізінде тәрбиелік
жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемаларын шешу, яғни педагогика
адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы
ұйымдастырылған прогресс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін
айқындайды.
Педагогиканың келтірілген анықтамасы зерттеушілерді ғана емес,
солармен бірге мектеп қызметіне тікелей араласып жүрген практиктерді де
жеке тұлғаның даму процесін, сол даму мен тәрбие арасында жатқан терең
астарлы тәуелдік байланыстарды жан-жақты танып, түсіну қажеттігіне
бағдарлайды. Мұндай қажеттіліктің пайда болуының себептері жаңашыл
педагогикалық ой-пікірлердің туындауына байланысты.
Мысалы, көп уақытқа дейін жеке тұлға дамуының қозғаушы күштері
ретінде тек сыртқы ықпалдар ғана назарға алынды. Ал адамның ішкі
жандүниелік кейіптері естен шығарылып, тіпті олар қажетсіз деп есептелінді.
Келе-келе сыртқы әсерлердің өзінен-өзі керекті нәтижелерді бере бермейтіні
айдан анық болып, бұл ықпалдардың педагогикалық тараптан адам
қалыптасуындағы ұнамды да, келеңсіз де, ал кей жағдайларда бейтарап та
сипатқа ие болатыны айқындалды. Іс жүзінде, тәрбиеленушінің тәлімдік
әрекетті қалайша қабылдайтыны, оған қалайша қатынастық байланыс жасайтыны
үлкен маңызға ие. Осыдан педагогикада келесі теориялық идея бекіді: жеке
адамның дамуы мен оның мінез-құлқы тәрбиелік ықпалды қабылдау сипатына, бұл
ықпал адам жан дүниесі туғызатын сезімдік күйге байланысты. Осы идеяның
қабылдануы педагогикалық теория мен тәрбие әдістерінің дамуын алға
ілгерілетті, мағынасын тереңдете түсті.
Сонымен, педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесін нақтылай отырып,
жеке адам дамуының астарлы, тереңде жатқан тетіктерін және оның дайындығына
ұйымдастырылған қалыптасу процесін зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін
негізгі теориялық проблемаларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Ондай
проблемалардың қатарына кіретіндер:
а) жеке адамның арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайында дамуы мен
қалыптасуының мән-мағынасы мен заңдылықтарын зерттеу;
б) тәрбиенің мақсатын анықтау;
в) тәрбиенің мазмұнын белгілеу;
г) тәрбие тәсілдерін зерттеу.
Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Оның басқа ғылымдармен байланысы
және зерттеу әдістері.
Педагогикалық теориялардың әдіснамалық негіздері.
Педагогикалық теория дамуының ежелден-ақ маңызды жағдаяты оның
ғылымдық өрістеуіне арқау болған әдіснамалық шарттар. Ғылым әдіснамасы бұл
– табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол
құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ыықпал етуші философиялық
бастау идеялар жиынтығы. Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі болған
педагогика екі негізгі философиялық әдіснама: идеалистік және материалистік
тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды және қазір де дамып отыр. Ежелгі грек
философия-педагогикалық ой-пікір саласында идеалистік бағдарды ұстаған
Сократ пен Платон адам дамуының шешуші факторы бір табиғат екенін
мойындаса, материалистік бағдарды Гераклит, Демокрит және Эпикур адамның
қалыптасуын басқаша түсіндіріп, сыртқы ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға
байланыстырады.
Педагогикалық теорияның бұдан былайғы да өріс алуында осы екі
әдіснамалық бағыттың маңызы зор болды. Осының салдарынан батыстық
педагогикада қазіргі кезеңге дейін адамның дамуы мен тәрбиесі мәселелері
бойынша белгілі бір қауымдастықтың мүддесін жақтаған идеалистік ойшылдар
бар. Солармен қатар, оқыту және тәрбие теориясына елеулі үлес болып
қосылған, әрі жалпы адамзаттық маңызға ие болған материалистік идеялардың
иелері де баршылық.
Көп әдіснамалық алғышарттардың ішінде аса маңыздыларының бірі
тәрбиенің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz