: Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасу мен дамуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Физика факультеті

Лекция тақырыбы: Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасу мен дамуы.

Орындаған:

Радиофизика және электроника бөлімінің

ІІІ курс 313 топ студенті Шабданұлы Еркін

Тексерген: Мамырайым Бекжанбек Болатұлы

Алматы 2005

Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасу мен дамуы.

Жоспары:

  1. Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің қалыптасуы.
  2. Қазақстан жоғары педагогикалық мектебі 80 - жылдардың ортасынан бастап 90 - жылдардың бас кезіне дейін.
  3. Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беру нарық жағдайында қайта құру: ізденіс, тәжірибе, проблемалар.

Лекцияның мақсаты. Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуы мен даму тарихын іс-тәжірибесін ғылыми талдау, жинақтау және жүйелеу, оның даму тенденциялары мен перспективасын ашып көрсету.

Лекцияның міндеті. Республикада жоғары педагогикалық білім берудің дамуын негізгі кезеңдерде бөліп қарастыру және олардың ерекшеліктері мен тенденцияларына сипаттама беру.

Бүгінгі таңда жоғары педагогиканың білім беруді жетілдіруге ықпал жасайтын оның тарихи дамуындағы жағымды және жағымсыз нәтижелерін айқындау және талдап көрсету.

Үздіксіз білім беру жағдайында жоғары педагогикалық білім беру концепциясын жасау.

Лекцияның болжамы. Егер де тарихи педагогикалық талдау арқылы Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің даму тарихында қалыптасқан іс - тәжірбиенің озық үлгілерін, бай мұрасын бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай, сын көзбен қарай отырып, кеңінен пайдаланған жағдайда ғана педагогикалық жағынан жан - жақты білікті, жалпы мәдени деңгейі жоғары, педагогикалық - психологиялық сауатты, нарық талаптарына сай мұғалім кадрларын даярлай алуға мүмкіндік туындайды.

Қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының саяси және экономикалық егемендігін алуы, нарықтың қатынастар жолына түсуі, ұлттық - мәдени тұрғыдан өркендеуі білім беру жүйесіне ерекше талаптар жүктеуде. Ең алдымен, мұғалім даярлау мен мамандығын көтерудің мазмұны мен түрлері елімізде кеңестік әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесінің білім беру саласында солақай саясаттың нәтижесінде жинақталған кемшіліктердің ауыр жүгін көтеруге тура келді.

Педагогикалық оқу орындары мұғалімнің жоғары мәртебесі мен кәсіби мәдениетін, оның педагогикалық шығармашылыққа даярлығын, өз тәрбиелеушілерімен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен ынтымақтасу ептілігін қамтамасыз ете алады. Педагогиканың кадрларды стажировкадан өткізу, мамандығын көтеру және қайта даярлау жүйесі мұғалімнің шынайы шығармашылық қалыптасуына және кәсіби жағынан жан - жақты даму үшін жағдай жасай алмады. Қазіргі жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне оның көптеген салаларының: теориялық және практикалық, қоғамдық - саяси, психологиялық - педагогикалық, арнаулы және жалпы білім беретін пәндерден даярлығының ғылыми негізделген байланысының болмауы тән.

Мұғалім кадрларын даярлау жүйесіндегі негізгі кемшіліктердің бірі - мұғалімді қалыптастыру процесінің негізіне болашақ маманның жеке басы қойылған жоқ. Студент бұрын тек қана педагогикалық жаппай қайта өндіріс процесінің объективтісі ретінде қалды да, оның шығармашылық - педагогикалық, даралық сапасы анықталмады және қалыптастырылмады.

Педагогикалың оқу орындарынының оқу - материалдық базасы, өте мүшкіл халде қалыптасты. Өркениетті елдермен салыстырғанда бізде мұғалім кадрларын даярлауға жұмсалатын қаражаттың өте аз мөлшерде екендігін, күні бүгінге дейін оны даярлауға қаржыландырудың қалдық принципі сақталып келеді.

Мұғалім кадрларын даярлауда технологиялық және экстенсивтік көзқарас оқу - жоспарын формальді түрде іске асыруға, студенттердің жүктемесін шамадан тыс ауырлатуға, оқу - тәрбие жұмысында бірыңғайлыққа, әкімшіл - әміршілдік басқаруға жол берілді.

Қазіргі Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне талдау жасап қарасақ, оның әлемдік деңгейге де, сондай - ақ бүгінгі күннің практикалық қажеттігіне де сай келмей отырғандығын аңғару қиын емес.

Бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс идеологиялық тәуелділік пен кәсіптік тар бағдар тән еді. Оған қоса қоғамдық пәндер саласында көбіне адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарды тиісінше ескере бермейтін өткендігі ғылыми - білім үлгілеріне бағыт ұшталды. Жоғары білім беру жүйесінде жаттанды қағидалар мен бірыңғайлыққа бой ұру, әлемдік өркениеттен оқшаулану рухани өмірдің жұтандауына себепті болды.

Кеңестік жоғары білім беру жүйесінің кезінде елеулі кемшіліктермен қатар жағымды тәжірбие де жинақталғандығын білеміз. Тарихи қысқа мерзімнің ішінде арнаулы орта және жоғары білім беру жүйесі қалыптасып, жоғары білім алуға кең жол ашылды. Жоғары мектеп бітірген түлектердің білім деңгейінің сапасы артты. Жоғары мектепте ғылымды дамытуда, ғылыми - педагогикалық кадрларды даярлауда біршама тәжірбие жинақталды.

Дей тұрғанмен, қалыптасқан бұл жүйенің өзіндік томаға тұйықтығы, келеңсіз құбылыстардың көбейе түсуі білім беру жүйесіндегі ауыр дағдарыстарға алып келді. Бұл дағдарыс республикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты тереңдей түсті. Білім беру саласында әркез жүргізілген реформалау бағытындағы әрекеттер де өз нәтижесін берген жоқ.

Осының барлығы педагогикалық мамандықтың әлеуметтік мәртебесін, беделін күрт төмендетуге, жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің қоғамдық қажеттілікке сәйкес келмеуіне, жоғары мектеп проблемасының тереңдей және шиеленісе түсуіне әкеп соқтырды. Осындай Республикамызда қалыптасқан жағдайдан шығудың бірден - бір жолы педагогикалық білім беру жүйесін реформалау болып табылады.

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру туралы заңы „Қазақстан Республикасы Ата Заңы”, „Білім беру туралы заңы”, „Мемлекеттік білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы” жоғары мектеп жұмысын құқықтық тұрғыдан реттеп, басшылыққа алатын құжаттар болып табылады.

Бұл құжаттарды нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін біліктілігі жоғары мамандар даярлауға, жоғары білім берудің басымдылығын қамтамасыз ету, әр алуан жоғары оқу орнына қолдау көрсету көзделген.

Жалпы білім беру жүйесіндегі жіберілген кемшіліктер жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде де орын алды. Жоғары білімнің құны түсіп кетті.

80 - жылдардың ортасынан бастап, 90 - жылдардың бас кезіне дейін жоғары мектеп өмірін демократияландыру және ізгіліктендіру бағытында біршама шараларды іске асыру қолға алынды. Бірақ бұл талпыныстар да аз нәтижесін бермеді. Атап айтсақ, жоғары мектеп өмірінде кеңінен енгізілген демократиялық негізде сайлау, ұстаз ғалымдарды аттестациялағанда студенттердің пікірін ескеру, студенттерді басқару жүйесіне ғылыми кеңеске, деканаттарға мүше ретінде енгізу сияқты Ягодин ұсынған үлгімен де жұмыс істеп көрді, одан да ешқандай нәтиже шықпады.

Жоғары мектеп орталықтан ұсынылған біртектес оқу жоспары мен бағдарлама, оқулықтар негізінде жұмыс істеді. Онда ұлттық ерекшеліктер мен саралап оқыту жүйесі ескерілмеді.

Күні бүгінге дейін Жоғары білім тұжырымдамасы жасалған емес. Республикада жұмыс істейтін әрбір жоғары мектеп бұл бағытта „байқап көру - қателесу” әдісімен жұмыс істеп келеді. Олай дейтін себебім: қазір жаңа жоғары білім беру заңына сәйкес әрбір жоғары оқу орнына өзінің құрылымынжасауға, оқу процесі мен ғылыми жұмысты ұйымдастыруға, қаржы - шаруашылық мәселелерін шешуге, еркіндік берілді. Бұл өте құптарлық жайт болды.

Қазіргі жағдайда жоғары білім беруде басшылыққа алатын салиқалы тұжырымдама қажет. Жаңа тұжырымдаманы өркениетті елдердің тәжірбиесімен ұзақ жылдар жоғары білім беру жүйесінде қалыптасқан тәжірбиенің, халқымыздың бай ұлттық мұрасы мен ерекшеліктеріне негіздей отырып жасаған орынды.

Бүгінгі таңда мұғалім даярлауға жаңа көзқарастың қажеттілігін білдіретін бірнеше алғы шарттар қалыптасты.

Әлеуметтік алғы шарттар: білім беру жалпы алғанда, оның ішінде педагогикалық белгілі әлеуметтік сұранысты орындайды. Қоғамның дамуына байланысты білім беру жүйесі өзінің мақсатын қайта ой елегінен өткізіп пайымдауға және мазмұнын өзгертуге мәжбүр болды.

Бір жағынан, білім беру жүйесін қайта құрудың қажеттілігі айқындалып, күн тәртібіне қойылса, сонымен қатар тәжірбие жинақталып, қоғамдық қажеттілікке сәйкес жаңа дидактикалық көзқарас айқындалды, заңдылықтар қалыптасты. Бұл процесс ұзақ мерзімді қажет етеді.

Екіншіжағынан, бұрынғы жүйе қалыптасқан теория мен әдеттегі әдістемені сол қалпында сақтауға жұмсалады, ұйымдастыру формалары мен жинақталған тәжірбиені асыра бағалайды. Бұл сияқты консервативтік көзқарас ескі жүйенің орнығуына және оның эволюциялық тұрғыдан дамуы үшін жағдай жасайды. Бірақ бұл уақытта қарама - қайшылықтар жинақталады, оны түбірлі өзгерісіз шешу мүмкін емес.

Мұғалім кадрлаын даярлаудың әдіснамалық және қолданбалы проблемаларын қазіргі кезде зерттеу педагогикалық білім беруді дамытудың негізгі қайнар көзі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму тарихы
Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары
Мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметке даярлығын басқаруды ұйымдастыруда технологиялық қатынастың тиімділігін көрсету
Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Балаларға қосымша білім берудің даму тетіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz