КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 1
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ 2
УПАНИШАД РӘСIМI 8
ЙОГ ЖҮЙЕСI 11
ВЕДАНТА ЖҮЙЕСI 13
ЖАЙНИЗМ 14
БУДДИЗМ 17
ИНДУИЗМ 20
НЬЯЯ-ВАЙШЕШИК ТЕОЛОГИЯСЫ 22

Кіріспе

Философия ғылыми көзқарасатың бастауы ретiнде б.з.д. VI-Vғ.
қалыптасты, осы кезден бастап адамзат әлем туралы, ондағы өзiнiң орны мен
тағдыры туралы рационалды көзқарасқа сүйене бастады. Әлемнiң рационалды
түсiндiрiлуiне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрлымы туралы ерекше iлiмдi
тудырды. Ежелгi Үндi астрономдары Жердiң шар тәрiздi екендiгi, оның өз
осiнен айналуы туралы ойларды айтты, математиктерi санаудың мәндi жүйесiн,
цифрларды белгiлеудi ойлап тауып, тригонометрия негiзiн қалыптастырды.
Әр дәуiрдiң, әр заманның өкiлi өз философтарын шығарды. Алғашқы кезде
философия мифологияға байланысты болды. Философия бiр жағынан мифологияға,
екiншi жағынан ғылымға қатысты дамыды.
Философия өзiнiң зерттейтiн объектiсiн ерекше қарастырды, яғни
математик бiрлiк санын неше түрлi сарапқа салып зерттейтiн болса,
философтар болмысты солай талдайтын болды. өмiр сүрудiң мәнi неде? Болмыс
деген не? – сұрақтарын талдады. Философия пайда болған кезден бастап-ақ
дүниеге көзқарас ретiнде қалыптасты, оның дамуы бiр логикаға сүйендi.
1. Шығыс философиясы: Сыни көзқарас ретiнде б.з.д. 4 мыңжылдықтың
соңында Египет, Вавилонда б.з.д. VIII-VI ғ. Үндi, Қытайда
қалыптасты. Дүниетанымда қоғам даму нәтижесiнде прогрессивтiк,
атеистiк, консервативтiк, мистикалық бағыттар дүниеге келдi.
2. Антикалық философия: мифология және жаңадан туындап келе жатқан
ғылыми болжамдарға негiзделдi.
3. Ортағасыр. Дiнге байланысты болды, оны ақыл-оймен дәлелдеуге
тырысты.
4. Қайта өрлеу дәуiрi ХIV ғ. ортасы –ХVII ғ. басы. Ғылыми түсiнiктер
және эстетикалық ой-пiкiрдiң әсерi арқылы дамыды.
5. Жаңа дәуiр философиясы (реформация). Жаратылыстану ғылымына сүйенiп
адам тағдырын, оның iшкi дүниесiн зерттеудi алға қойды.
Ежелгi Шығыс деген не? Географиялық жағынан Ежелгi Шығыс:
- Таяу Шығыс - Вавилон, Шумер, Египет, Ассирия, Палестина;
- Орта Шығыс – Үндi, Иран, Афганистан;
- Қиыр Шығыс – Қытай, Вьетнам, Корея, Япония.

КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ

Ертедегi Шығыс философиясы б.з.д. X ғасырда басталды. Бұл қола
дәуiрiнен темiр дәуiрiне көшу, рулық-тайпалық құрылымның ыдырауы, тауарлы
ақша қатынасының қалыптасуы, мемлекеттiң пайда болу кезеңдерi болатын-ды.
Сондай-ақ ертедегi Шығыс философиясы соған дейiн қалыптасқан мифологияны,
одан соң дiни көзқарасты сынаудан, ғылыми сананың қажеттiгiн сезiнуден
басталды. Ертедегi Шығыс философиясының қалыптасуы екi түрлi проблема
төңiрегiнде жүргiзiлдi. Бiрi ( Аспан, Ай, Жер, осылардың шығу тегi, өзара
байланысы, әлемдегi барлық тiршiлiкке әсерi жайлы болса, екiншiсi (
адамгершiлiк, адамдық қатынас төңiрегiнде қалыптасқан. Бұл мәселелер
мифологиялық ұғымдар негiзiнде де болды. Бiрақ мифология олардың себептерiн
ашуға тырыспады, тек сенудi қажет етедi. Философия қашанда олардың
себептерiн iздестiредi. Әрине, оны екi түрлi: материалистiк және идеалистiк
тұрғыдан түсiндiруге болады. Ол өз алдына жеке проблема.
Б.з.б. 1-мың жылдықтың басында абыздар мен брахмандар арасында ведда
мектебiнiң ықпалы күштi болды.Бұл кезеңде мынадай философиялық мәселелерге
назар аударылды: табиғи болмыс, табиғи шындық және танымның мүмкiндiгi,
этикалық мiнез, бостандықтың мәнi және оған жетудiң мүмкiндiгi, тiл
философиясы т.б. Бұлар негiзiнен брахманизм идеологиясынан келiп туындаған
болатын.
Б.з.б. VII( IV ғ-да Үндiстанды мекендеген әлеуметтiк әр туысты
интеграциялар мен этникалық топтар Үндiстан мәдениетiнiң бiрлiгi туралы
пiкiрдi жақтаушылар болды.Осы кезеңде брахман-ведда идеологиясына қарама-
қарсы философиялық бағыттар: локаята, жайнизм, бхагавата, санкхья, аджибака
мен буддизм дами түстi.
Көне Үндi тарихында алты кезеңдi атап өтуге болады: 1) Индустан
аборигендерiнiң алғашқы қауымдық құрылымы; 2) Инд жазығындағы
Хараппа мен Мохенджо-Дароның прото-үндiлiк өркениетi ( б.э.д. екiншi мың
жылдық ) ; 3) б.э.д. 2-мың жылдықтың екiншi жартысында Ганга мен инд
жазықтарына солтүстiк-батыстан келген арийлықтардың алғашқы қауымдық
тайпалары; 4) б.з.б. 1-мың жылдықтың қола ғасырының бiрiншi жартысында бiр-
бiрiмен соғысқан арийлық ерте сыныптық мемлекеттер; 5) Магадха (б.з.б. 1-
мың жылдықтың ортасы) мемлекетiнiң күшейген кезеңi; 6) Маурья (б.з.б. 322
( 185 жж.) мемлекетiнiң күшейген кезеңi.
Үндi философиясының ерте классикилық даму кезеңiнде (б.з.б. IV ( Iғ.)
алты ортодоксальдық философиялық жүйе қалыптасты. Бұлардың бәрiне ортақ
формасы сутра болды. Демек, бұл афористикалық пiкiрлердiң жиынтығы едi.
Одан кейiнгi ( классикалық кезеңде (б.з. I ( VIII ғ.) алты түрлi
ортодоксалдық жүйенiң негiзгi ережелерi беки түстi және философиялық
буддизмнiң кейiнгi формалары дамыды. Б.з. басында буддалық сутра
“Праджняпарамиттер” қалыптасты. Абсолюттiк болмыс шуньята (“бос қуыс”) деп
жарияланды. Олардың көқарасында психикалық және заттық тiршiлiктiң өзi
реалды емес. Бұл идея мадхьямиктер iлiмiнде (б.з. II ғ.) одан әрi екi
бағытта дамытылды. Махаяна буддизмнiң негiзгi трактаттарын жасаушылар:
Ашвагхоши, Асанги, Васубандху, Дигнага және Дхармакирти. Дигнага Үндi
философиясы тарихында бiрiншi рет таным туралы жүйелi пiкiр айтты. VI (VII
ғ-дан бастап ортодоксалдық мектеп пен буддизм арасында арасында қарама-
қарсы қайшылықтар пайда болды. Жаңадан методологиялық құрал жасаудың
қажеттiлiгi туды.
Орта ғасырда (VIII ( XVII ғ.) Үндi философиясында одан бұрынғы
ортодоксалдық философияның дәстүрлерiн қайтадан саралаған және өңдеген
Шанкараның ролi ерекше. Шанкараның iлiмi одан кейiнгi философиялық ойлардың
логикалық негiзi болып есептеледi. Үндi философиясының одан кейiнгi үлкен
табыстарының бiрi (XVI(XVII ғ.) ( Гангешей Упадхья негiзiнен салған
навьяньяя мектебi. Олар формальды логиканың белгiлi бiр жүйесiн (XX ғ-ға
дейiнгi) құрды және ақиқат теориясының методологиялық анализiн жасады.
XVIIIғ.(XIX ғ-дың басындағы философияда дiни(идеалистiк дәстүрмен
берiк байланысқан ( ағарту идеясы басым болды. “Жаңа дәуiрдiң жаршысы”,
ақын-ойшыл Веман ерте және орта ғасырдағы дiни-философиялық жүйенi
жинақтап, философияны дiннен “тазартуды” уағыздады, аскетизмдi жоққа
шығарды т.б. XIX ғ-дың басындағы көрнектi ағартушы Раммохан Рай болды.
XIX ғ-дың 2-жартысындағы Үндi философиясының дамуы британ
үстемдiгiнен ұлттық азат ету жолын iздеумен тығыз байланысты. 1875 ж.
Д.Сарасвати құрған “Арья самадж” қоғамы “Веддаларға оралу” ұранын көтердi.
Сондай-ақ, осы кезеңде рационализм және монотеизм, жеке адам “активизмi”
және әлеуметтiк прогресс идеялары уағыздалды.
XIX ғ-дың соңы XX ғ-дың басында Үндiстандағы философиялық ой аса
көрнектi ағартушы С.Вивекананданың әсерiмен дамыды. Ол индуизм дiнi
негiзiнде қалың көпшiлiктiң санасын оятуды көздедi. Оның философиясының
негiзi ведантаға қызмет еттi. XX ғ-да М.Гандидiң дiни-философиялық және
қоғамдық-саяси iлiмi тарай бастады. Ол Үндiстанның ұлт-азаттық қозғалысының
идеологиясын уағыздады.
Бiздiң жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгi Үндi жерiнде
қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады.Осыған
орай ежелгi үндi қоғамы 4 варнаға (каста) бөлiндi. Олар: брахмандар
(абыздар), кшатрийлер (әскербасылары), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және
шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтiк топ болды да, әрқайсысы
қоғамда өзiне тиесiлi орын алды және өздерiне ғана тән дәстүрлi
мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесiне ( ой еңбегi, кшатрийларға
( әскери қызмет, вайшьилерге ( егiн шаруашылығы, қолөнер кәсiбi,
саудагерлiк тисе, шудраларға ( қара жұмыс қана тидi. Осы кезде қоғамдық
өмiрге, әлеуметтiк қатынастарға сай келетiн мифологиялық, философиялық
көзқарастар да қалыптасты. Олар негiзiнен ежелгi үндi мәдениетiнiң
ескеркiшi ( ведаларда (ведва ( бiлiм) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлiмнен
тұрады:
1. Самхит ( құдайларға арналған гимндер жинағы.
2. Брахман ( самхиттi түсiндiретiн әр түрлi мифологиялық әңгiмелер.
3. Араньякта (Орман кiтабы) ( брахманға тән ритуалдардың орнына, сол
құдайларды iштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану сияқты
көзқарас.
4. Ведалардың ең соңғы сатысы “упанишадта” дәстүрлi касталарды қарсы қоюдан
гөрi, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары бiлiм арқылы жоққа
шығаруға болады деген идея уағыздалады.
Миф ( дiни және философиялық дүниетанымның көне және кең таралған
түрi. Мифте адам болмысы да, оның өмiр сүру уақыты мен кеңiстiгi де қос
сипатта, жiктелген мағынада өрбидi. Мифте табынудың өзiндiк рәсiм-салты
дәстүрлiк деңгейде көрсетiледi. Мифте күн мен түннiң, суық пен жылылықтың
бейнелi, арнайы мағынасы болады. Ерте Үндi, яғни Веда дәстүрiнде шығыс пен
солтүстiк-шығыс “құдайлар өңiрi”, “аспан келбетi”, ал солтүстiк-шығысты (
“аспан қақпасы” ретiнде қабылдаған. Солтүстiк бағытты оң, жағымды беталыс
деп, үндiлiктер құрбандықты солтүстiкке қаратып шалған. Сол солтүстiкке
немесе шығысқа қарап орындалатын рәсiмдi ғасырлар бойы ұстап келедi. Ал
батыс пен оңтүстiк-батыс ( пiкiрлер мен жын-сайтандар қимыл-әрекетiнiң,
бейiт пен бабалар рухының өңiрi деп есептелiндi. Оңтүстiк-шығыс ( бабалар
дүниесiне есiк тәрiздi. Ата-бабаға деген құрбандық, сиқыр оқу оңтүстiкке
бет қойып орындалды.Оңтүстiк-шығыс пен оңтүстiк-батыс рәсiм-салттық
әрекетке жағымсыз, жамандыққа ұшырататын бағдар деп пайымдалды. Осылайша
болмыс кеңiстiгi өмiрдi қорғайтын, адамның жан тәнiне демеу болатын
бағдарға айналды. Мұндай салттар дiнде өзiндiк талдауы мен қолдауын тапты.
Мифологиялық толғаныс-тебiренiске символдық, әсiрелеушiлiк,
алмастырушылық, синкреттiк, жандылық белгiлер тән. Мифологияда жандызаттық
және жеке тұлғаға табынушылық салты, адамның өзiн және қоршаған ортаны
бүкiл әлемнен бөле-жара қарамай, қайта әлеммен тұтастық пен үндестiкте
қарау дәстүрi бекем орнықты.
Десек те, мифология ( тарихи-көркем құбылыс. Оның қызметi де, түрлерi
де алуан-алуан. Мифологиялық ойтолғанысына әлемдегi ырғақтық, табиғи
айналымның қайталануы арқау болды деп атап өтудемiз. Ол шынлықтың бiр шебi
мен шетi. Бiрақ одан мифте, адамның ой-қиялында дүниедегi әртүрлi байланыс
бiртектi сипатталынды деген тоқтам туындамайды. Миф үнемi жаңарды. Оған
ұйытқы болған ( адамның әлеммен “тiлдеспек” ынта-ықыласының деңгейi,
мифтiң тақырыбы мен мазмұны. Осы тұрғыдан алсақ, мифтiң мына түрлерiн атап
өтуге болатындай:
ғарыштық (космогониялық) мифтер, зооморфологиялық мифтер,
каннибалистiк мифтер, қаһармандық мифтер, тұрмыс пен шаруаға қатысты
мифтер, табынуды дәрiптеушi мифтер және де басқалар.
Мифтiң түрлерi бiрден қалыптасқан жоқ, олардың қызметi де әр ел мен
жерде бiртұтас болмады. Көне дәуiрде мифтiң түрлерi иен қызметi күрделi
байланыс пен қайшылықта болғанын, сондықтан олардың үндi аймағындағы таралу
жолдары да ерекше екенiн ескеруiмiз қажет. Қалай десекте, мифологиялық
сезiм-қиялдар, мифологиялық бейнелердiң “өзара тiлдесуi” , болашақ туралы
аңсаған армандар дiни салтқа да, философиялық дүниетанымға да әр қырынан
әсер еткенi даусыз. Бiз осы қағиданы, осындай заңдылықты оқу
құралдыңәдiстемелiк негiзi ретiнде қабылдадық.
Б.д.д. II-I жылдардың тоғысында ертедегi арийлық тайпалардың наным-
сенiмдерi, табыну рәсiмдерi мен салттары қасиеттi тексте қаттала бастайды.
Қасиеттi кiтапты Веда (бiлiм) деп, ал Веданы ( самхиттер (киелi өлеңдер
мен құрбандық шалу, салтанатты гимн орындау мен дұғамен сиқырлау
текстiсiнiң)жинағы деп атайды.
Бiзге Веданың төрт түрi жеткен. Олардың бiрiншiсi және маңыздысы (
Ригведа. Бұл самхитте құдайларды (аспан құдайы ( Дьяусты, күн құдайы (
Сурьяны, таң сәрi құдайы ( Ушасты, жылу мен сәуле, жаңбыр мен дауыл,
даналық пен жауынгерлiк құдайы ( Индраны, от құдайы ( Агнидi, жарық пен күн
құдайы ( Мидраны) құрметтеп мадақтайтын 1028 гимн жинақталынған.
Самаведа ( веданың екiншi түрi. Самаведа ( 1549 өлеңдiк сөзден
тұратын самхит. Самаведа әндерiнiң басым көпшiлiгi (75-тен басқасы) Ригведа
гимнiнiң мазмұнын қайталайды. Онда толық құдайлармен қатар, апсарылар –
жартықұдайлар мен өжет батырлар, аспан әншiлерi (гандхарвтар) мен бишiлерi
марапатталады, жын-шайтан қатерi жырланады.
Үшiншi веда ( Яджурведа. Яджурведа төрт варианттан, 40 бөлiмнен, 2000-
ға жуық гимннен тұратын самхиттер. онда да Ригведа гимндерiнiң мазмұны
қайталанады.
Атхарваведа веданың соңғы түрi. Бұл самхитке абыз-атхарванның атауы
бiрiлген. Онда 20 бөлiмнен тұратын 731 дуалар жинақталынған. Атхарваведа
рәсiмiнде арийлық пен жергiлiктi тайпалардың бұрынғы наным-сенiмдерi қатар
көрсетiледi. Онда емшiлiктiң жоғарғы қызметiн ( балгерлерге, аскездiң
қызметiн ( тапасқа, адам мен құдай дәнекерлiгiн ( магиялық сиқыршыларға
жүктелген. Атхарваведа да бас құдайлар ( Века, Кала (уақыт), Кама
(сүйiспеншiлiк), Скамбха ( өмiр) тоғысады.
Веданың төртке бөлiнуi кездейсоқ емес сияқты. Веда мазмұны құрбандық
салтына қатысатын абыздардың атқаратын қызметiне орай сараланғандай. Абыз
хотар ( Ригведа салтын бiлгiр, гимндерiнiң керектi жерiн қайталап,
құдайларға табына, жалына отырып шақырған. Абыз Удгатар ( Самаведаны
бiлгiр, өлең-жырдың салтын бақылаған. Яджурведаны бiлгiр абыз Адхварью,
рәсiмнiң арнайы дуалары мен сиқырларын орындаған. Абыз-брахман ( “игiлiк
әкелетiн күллi рәсiмдi орындаушы”, әрi толық бақылаушы.
Магиялық және аскезалық салт ведалық дiннiң түп тамырын әр саққа
жаңартты. Бұрын адам мен құдай арасындағы өзара түсiнiстiк гимн мен өлең
айтылыпқұрбандық шалынса ғана болады деп уағыздалынды. Ендi құрбандық шалу
көбiнесе символдық, шартты сипатқа, магиялық рәсiмге ауысады. Өмiр салттың
кiлт ауысуына шаруашылық түрi, шамасы, мал шаруашылығынан егiншiлiкке
ыңғайласу кезеңi шешушi роль атқарғандай. Егiншiлiкте мал саны
азайғандықтан, малды үйiр-үйiрiмен союдан гөрi, соның ырымын жасау немесе
бұрынғыдай құрбандыққа келгендердi мас ететiн сусын iшкiлiктiң орнына,
қайнатылған күрiшке жылытылған май және сүттi тамшылату рәсiмi күшiне ендi.
Ендi табынатын құдайлардың саны өсiп қана қоймай, ортақ құдай ұғымы (
Брахман-абсолют, Брахман-құрбандық, Браман магия көңiлге ендiрiлдi.
Б.д.д. X-VII ғасырларда абыз брахмандардың тiкелей араласуымен
веданың барлық түрлерiн өздерiнше талқылайтын рәсiмдiк және магиялық
түсiндiрмелер текстiлерi жасалынды. Осы кезеңдерi абыз-брахман мен текст-
брахманның арасында тiкелей де жан-жақты байланыстар орнады. Абыз-
брахмандар веданы қайта талқылауға мүмкiндiк алып қана қоймай, мiндеттi
болды. Абыз брахмандар үшiн төрт киелi қағиданы қатаң сақтау тәртiбi
енгiзiлдi. Талаптың шарты бойынша:
• абыздың шығу тегi таза брахманнан болу керек ( кейiн касталық
жiктелуге себепкер);
• өзiн-өзi әрдайым ұстай бiлуi лайық;
• бiлгiрлiгiмен көзге түсу және бiлгiрлiкке үйренуi абзал;
• адамдарға жәрдемдесу немесе әлсiздер үшiн құрбандық шалуы мiндет.
Осы шарттарды орындаған брахмандардың қоғамдағы беделi өте жоғары
болды, абыройлы брахмандардың мүлiктерi мен бұйымтайларына
ешкiмде, тiптi патша да араласа алмады. Әрине, абыз-брахмандар
өздерiнiң әлеуметтiк жағдайларын әрқашан нығайтуға тырысты. Олар
осы мақсатта брахманизмнiң негiзiн құрастырды. Брахмандар өздерiне
арнап, өз тынысы мен тiршiлiгiн кеңейту үшiн брахманизмнiң киелi
текстерiн жазды.
Брахман-түсiндiрмеде, бiржағы, ұзақ өмiр мен мәңгi тiршiлiк
арасындағы байланысқа, бiржағы, құрбандықтың саны мен сапасындағы қатынасқа
тәптiштерлiк көңiл бөлiнедi. Сиқырлы күшке iштей берiлу арқылы адам рухымен
“екiншi рет жаңармақ”, екiншi рет дүниеге келмек. Брахман-түсiндiрме,
сондай-ақ Брахман-Абсолют туралы философиялық талдауда, жалпылама
пайымдаушылықты қалыптастырды. Брахманнан барлық атаулылыр
• денелi де, денелi емес те нәрсе пайда болды;
• брахман материалдық бастаудан тәуелдi. Мысалы, “су өз шындығын
жасады, шындық дегенiмiз Брахман”;
• брахман ( абсолют, субстанция, бар нәрсенiң бас себебi.
Б.д.д. X-VI ғғ брахман-абыз, брахман-текст, брахман-абсолют туралы
жiктелiнген түсiнiктер, сондай-ақ брахманизм дәстүрi арқылы қан
араластырмайтын касталық жiктелушiлiк, жоғарғы касталардың өздерiн ерекше
ұстай бiлетiн әдеттi сақтау, оларды мiндеттi түрде бiлiмге үйрету және
мүгедек әлсiздерге садақа беруге дағдыланды. Брахматизм салты ұзақ өмiр
сүру және өлместiк идеясын насихаттады, адамды материалды, денелiк қабат
пен рухани, өлмес субстанция болатынын уағыздады. Содан дене тiрiлгенде
және жан тiрiлгенде адам екi рет туатынын растады.
Ертедегi Үндi философиясының текстерiн құраушы бастамалар (
араньяктар мен упанишадаларға арналған әдебиеттер. Араньяки ведасы (
дүниеден безгендердiң, тақуалардың (ормандағы кiтабы). онда ырым мен
құрбандықтың магиясы мен символикасы нақты жағдайға орай талқыланады, соңғы
рәсiмдердiң құпиялық мән-жайын түсiндiруге баса көңiл бөлiнедi.

УПАНИШАД РӘСIМI

“Упанишад” терминi (“қасында отыру”) ұстаздың аяғына тақаса отырып,
текстiң сыры мен құпиясына үңiлу, ұстаздың үйреткенiнтолық қабылдау дегендi
бiлдiредi. Упанишад ведасының алғашқы түрлерi б.д.д., VIII-VI ғасырларға
жатса, кейiнгiлерi тiптi бiздiң дәуiрiмiздiң бас кездерiн де қамтиды.
Әртүрлi мәлiметтерге қарағанда упанишадтың саны 150-235 аралығындағы
бiрнеше құрылымды текстiден тұрады. Упанишадта ескерткендей, адам (әсiресе
брахман) өмiрдiң төрт кезiнен немесе ашрамадан өтедi:
бала веданы ұстазының үйiнде оқиды, отбасында брахман түсiнiктерi
басшылыққа алынады немесе отбасын басқарған алдымен брахман-түсiндiрменi
орындайды;
қартайғанда, тақуалық күйге ұшырағанда араньякимен танысады, оның
ырымын сақтайды;
араньяк аскеттер салтынан, ырымынан туындайды;
дүниеден күдер үзген қарттық жаста упанишадтың даналығын ұғынуға
тырысады упанишадамен шұғылданады.
Карма үндi философиясындағы өте маңызды қағида. Карма ( тәннен ұзаған
тыныстың, жанның жаңа түрi. Карма адамның жағымды немесе зиянды түрiне
қарай жағымды, орташа және жаман болуы ықтимал. Жағымды карма адамның сәттi
өмiрге келуiн, өсiп-өнуiн қамтамасыз етедi, орташа карма ( бұрынғы күйдi
жалғастыруға мүмкiндiк тудырады, жаман, нашар карма- қуғындық пен құлдыққа
ұшыратады. Қысқасы, карма адамның игiлiктi, зұлым әрекеттерiнiң қосындысы.
Ол адамның өзiне байланысты деңгей. Карма ( жеке реттеушi күш, адамды
өзiмен тұйықтайды. Осы дәстүрдi терең қабылдаған және ұстаған иудаистер
арасында әлеуметтiк әдiлеттiк үшiн ашық, қарулы көтерiлiс бұрын-соңды
болмаған. Индияда қарулы азаттық қозғалысы болмаған. Әркiм өз бостандығына
өзi жету керек деген қағиданы басшылыққа алды. Оған упанишадтағы карма
туралы жинақталған iлiмдердiң ықпалы аз тимедi.
Упанишадтың түп мақсат-мұраты ( Брахманды тану, Брахманмен үйлесу.
Брахманның мағынасы жалқы емес. Брахман деп а) абыздарды, кастаның жоғарғы
тобын, б) Веданың бөлiмiн, в) құдайлардың атын, г) философиялық ұғымды
атайды. Алғашқы екi мағынада брахман материалды түпнегiзден тәуелдi.
Брахман кейде бiрдеңе жасайтын тұтасқан дүниенiң құбылысы мен көрiнiсiне
ұқсайды. Сол “бiрдеңеге” тамақ та, су да, өлiм мен өмiр де жатады. Брахман
жоқтан бар жасамайды.Қалған екi (в,г) мағынада, Брахман – Жоғарғы Абсолюттi
Шындық, жоғарғы рухани бiрлестiк пен рухани тұтастық, оның нәзiк те, нұрлы
иемденушiсi –Атман. Брахман ( жасаушы Құдай емес, абстрактылы жоғарғы күш.
Атманның рухани потенциясын, мүмкiндiгiн жүзеге асырады. Брахман ( жан-
тәндi иемденген индивид. Әрбiр индивидуалды жанды Атман деп атайды.
Атман ( таза рухани субстанция ғана емес, “Мен”, яғни Брахманның
екiншi жағы, эманациясы, жасампаз энергияның өтiмi. Атманның көрiнiсi де,
қызметi де түрлi. Атман, бiрде тән мен тынысқа жатады, адамдағы космос
қуаты сияқты:
• бiрде жеке адамның жанына ұқсас, оның өмiр бастауы мен тiрегi;
• ендi бiрде бүкiл жан дүниесiне тектес. Атман Брахманмен де
теңеседi, сөйтiп адамды жалпы субстанциямен байланыстырады.
Брахман мен Атманның үйлесiмдiлiгiн Пуруша, яғни жоғарғы рухани
бастама, үлкен жан дейдi. Жеке адамның жаны оның құрамдас бөлiгiне
жатады. Брахман – абсолюттi реалдылық, өзiнiң құтқару жолы арқылы
Абсолютпен араласады.
Брахман, Атман, Пуруша бiр-бiрiмен үйлесiп, жоғарғы абстрактiлi
рухани ағымның эманациясына айналса, онда адам нағыз рахатты сезiнедi,
қанағат табады. Мұндай абстрактiлi жоғарғы рухани ұғымды кейде ОМ (АУМ) деп
те атайды. ОМ-ның сиқырлы күшi таусылмайды, таптыра да бермейдi. Өйткенi
“ОМ ( Брахманды, бәрi де”. Брахманға жеткен, ОМ-ға да жетедi. ОМ үш веданың-
Ригведаның, Самаведаның, Яджурведаның үйлесiмiнен құралады “АУМ” болса, ол
– Брахман да, Атман да, олардың өткенi, бары және болары.
Брахман үш қыр мен көрiнiстен тұрады. Үш қыры дегенiмiз ( материяның
тұтас көрiнiсi ( Кеңiстiк энергияның тұтас көрiнiсi ( Қозғалыс, болмыстың
кез-келген заңдылығының тұтас көрiнiсi ( Заң. Үш көрiнiсте Абсолюттiң
эманациясы, яғни материалдық затқа жатпайтын, рухани араласу. Бiрлестiкке,
Абсолютке, Брахманға араласқан жан ғана өзiн құтқаратын жол табады, өзiн
қайта жасарта алады.
Б.д.д. бiр мың жылдың шамасында упанишадтың осындай мистикалық
түсiнiгi ертедегi үндi дiнi мен философиясының негiзiн құрады, үндi
өркениетi бастауларының көзiн ашты, өлшемдерiн белгiледi. Әр заманда
упанишад философиясының ықпалы әрқалай болса да, терең iз қалдырды.
Упанишадтың адвайта идеясын, яғни таза абстракцияға ұқсас мистика мен
метафизикасын даналар ғана қабылдай алды. Оның теологиялық-мифологиялық
қағидаларын (Мейiрбан жанды Абсолюттiң бөлшегiне балау; Райға ұмтылған жан-
тәндiк, заттық, материалдық нәрседен арылуға тырысуын; құдайларды
абстракциямен алмастыруды және т.б.) орта деңгейдегi адамдар қабылдауға
бейiм. Ал төменгi сатыдағы адамдар ырым-салттың рәсiмiн, табыну мен
тақуалық тәртiбiн қабылдауға және орындауға лайық. Упанишад идеялары мен
рәсiмдерiн осылайша жалпылама және жiктеп қабылдау дәстүрi индуизмдi
Индиядағы кең таралған дiнге айналдырды.
Бiрақ индуизм қалыптасқанға дейiн үндi дiни-философиялық көзқарастары
бiрнеше өтпелi кезеңдер мен жүйелерден өттi. Упанишад философиясы
негiзiнде, алдымен болмыстың түптамырын iздестiру өрбiдi, соның барысында
дiни-философиялық ойланудың алты бiрдей жүйесi –даршанасы өрбiдi. Олар (
миманса, веданта, санкхья, йога, ньяя және вайшешика. Бұл көне философиялық
ағымдарды кейбiр мамандар ортодоксальды дiндар топқа (астикаға) жатқызады.
Термин “астика” ( “кiм веданың беделiне сенсе” және “кiмдер өлiмнен кейiн
де өмiр бар екенiн мойындаса” солардың түсiнiгiн бiлдiредi. Сонымен ескi
үндi философиясында ортодоксальды-дiндар ағымның құрамын құдайды
мойындағандар ғана емес, веданың беделiн қабылдағандар құрады. Мысалға,
мейманса, веданта және санкхья мектептерi құдайды дүниенi жаратушы деп
айтпаса да, веданың идеясы мен дәстүрiн мүлтiксiз қабылдады. Сондықтан
оларды ортодоксальды бағытқа жатқызады. Ортодоксальды бағыттың ендiгi үш
бiрдей мектебi упанишад идеясының жеке салаларын қалыптастырды. Мысалға,
упанишад философиясының логикасын ( ньяя, космологиясын ( вайшешик, рәсiмiн
( мейманса дамытты. Көптеген ғалымдар бұл ағымды веданта, санкхья, йогамен
салыстырғанда екiншi топқа жатқызады. Өйткенi соңғы үш ағымның Индиядағы
дiни-мәдени дәстүрдi жетiлдiруге тигiзген ролiн жоғары санады.
Индия философиясы жүйесiнiң екiншi бағытын ( ортодоксальдi емес
(дiншiл емес) топқа, настикаға жатқызады. “Настика” терминi “теист”,
“атеист” деген мағынаны бiлдiредi. Ортодоксальдi емес бағытқа жататын
мектептер ( материалистiк (чарвак сияқты), буддистiк және жайнистiк
көзқарастар. Олар веданың беделiн мойындамайды, сондықтан настикалық топты
құрады.
Ескеретiн бiр жай, веда дәстүрiне деген ортодоксальдi түсiнiктер,
астикалық ағымдар бiртектi бола бермедi. Өйткенi ведаға табынушылар, оның
екi жағын ( карма мен джнянаны ажыратты, оның рәсiмдiк және спекулятивтi,
ауытқымалы ырымына айрықша мән бердi. Веданың рәсiмдiк жағын жақтау
дегенiмiз веда философиясының әсерiн көтермелеу, веда салтын ақтау, оларға
жүгiнуге үйрету. Миманса осы топқа жатты.
Веданта жүйесi болса, керiсiнше, веданың спекулятивтi, ауытқымалы,
алыпсатарлық жағына үлкен мән бердi, көңiл бөлдi. Сондағы дiттегенi,
веданың теориялық қағидаларын жетiлдiру арқылы оның философиялық
дүниетанымын аумақтау. Бiрақ екеуi де веда мәдениетiнiң жалғасы болып
табылады. Түбiрi мен түйiнi сабақтас болғандықтан екеуiн де көбiнесе бiр
терминмен “миманса” деп атайды. Кейде әрқайсысының дәстүрлiк қызметiн
айқындап атау үшiн, алғашқысын ( пурва-миманса немесе карма миманса деп,
ведантаны ( уттра-миманса немесе джняна-миманса деп жiктейдi.
Санкхья, йога, ньяя және вайшешик мектептерi өз талдауларын, бiржағы,
күнделiктi қарапайым адам тәжiрибесi ырқында жүргiздi, бiржағы, веданың
ықпалымен таласпады. Екi бастау да өздерiнiң түсiнiк-пайымдары түптес,
тамырлас келедi деп ұқты. Ал чарвак, будды және жайн мектептерi веда
iлiмiмен айтыс-тартыста қалыптасты, оның анау айтарлық әсерiн қабылдай
бермедi.
Санкхья жүйесiн б.д.д. VIII-VII ғасырларда ертедегi үндi ойшылы
Капила қалыптастырған. Санкхья iлiмi ( бiр-бiрiмен етене араласатын екi
белсендi бастамадан нәр алады. Бастаманың бiрiн ( практити (алғашқы
материалды субстрат, материя және энергия) деп, екiншiсiн ( пуруша
(материалды дүниенiң түр-сипатын құрайтын рухани бастама) деп атайды.
Практити таусылмайтын шығармашыл, бiрақ санасы жоқ күш-қуат. Пуруша жеке
индивидтердiң жан дүниесiнен құралады. Ол саналы, бiрақ қимылсыз инерттi
бастама. Пуруша магнит күшiндей практитиге, санасы жоқ материяға ықпал ете
алады. Санкхья iлiмiнiң ұйғарымынша, пуруша мен практити қарым-қатынасы
тұтас дүниенiң қалыптасуы мен тiршiлiгiнiң бас себебi.
Пуруша мен практити өзара аралас, бiр-бiрiмен қабаттасып жатса да,
олардың ықпалында еркiндiк,бос кеңiстiк пен мүмкiндiк табылады. Оған бiр
себеп, практити энергиясы үш гуннен (қасиеттен, белгiден, сападан) тұрады.
Практитидiң бiрiншi гуны, саттвасы ( жарық пен тыныштық жасайтын, даналық
пен бақыт тудыратын, тепе-теңдiкке жеткiзетiн игi бастама, айқындылық;
екiншi гуны, раджасы ( iс-әрекетке итермелейтiн белсендi де құмар
бастама, бастамаға ұмтылу, тырысу;
үшiншi гуны, тамасы ( жалқаулық пен ақымақтыққа, бейтараптық пен
алдауға итермелейтiн инерттi, әрекетсiз, жанама бастама, түнектiк. Әр гун
жеке-жеке өз күш-қабiлетiн көрсете алмайды. Олардың қуаты мен құдiретi (
бiр-бiрiмен араласуда. Үш гунде әлемге түп-негiз болып табылатын
практитидiң элементтерi. Практитиден тәуелсiз, одан көрiнiсi мен
дербестiгiн сақтайтынсубстанция бар. Ол ( пуруша.
Пуруша ( бұл рух, таза сана немесе Мен. Мен ( бұл трансценденттi
субъект, әркез өзiне-өзi тең және объектiлер әлемiне жатпайды. Санкхья
философиясы пурушаны материалдық орта мен тұсаудан босатуға, сансара
(жердегi өмiр мен қайта тiрiлуден) мен карманың тұйығынан жеңiлдетуге
бағытталған. Оның мақсаты ( адамды iштей бостандыққа, босануға жеткiзу.

ЙОГ ЖҮЙЕСI

Б.д.д. VI-III ғасырларда ертедегi үндi ойшылы Птанджали “Йога-сутра”
еңбегiн жазған-ды. “Йога-сутрада” үндi дiни философиясы мен рәсiмiнiң жаңа
түрi мен бағыты ( йог жүйесi ұсынылады. Йог жүйесiнiң санкхьядан
айырмашылығы сол, ол веданың абстрактiлi спекулятивтi деңгейiнен гөрi,
ведалық дәстүрдi iс жүзiне асыруға, күнделiктi тiршiлiкте үйретуге ерекше
мән бердi. Йог жүйесi рухты дене арқылы, дененiң сыртқы қызметiн барлық
шектеулерден босатпақ, тiптi босататын теориялық нұсқауымен және
практикалық негiзiмен тартымды.
Йог жүйесiндегi басты мәселе ( жаттығу тәсiлдерi мен практикасы, сол
арқылы жеке адамды өзiн-өзi ұстауға, өзiнiң сезiмi мен мiнез-құлқын
бақылауға, жан дүниесiн баулуға үйрету. Йог жүйесiнiң кешендi нақты
тәсiлдерi мен әдiстерiн меңгеру үшiн үйренушiден ұстамдылық, табандылық,
қатаң тәртiптi орындау, үнемi жаттығу, организм мен оның физиологиялық
мүмкiндiгiн ерiк жiгерiне бағындыру сияқты күрделi психотехникалық
белсендiлiктi ұйымдастыру және жүзеге асыру керек болды.
Йоганың мақсаты ( тән мен жанның үйлесiмiне жету, дененi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс философиясы
Үнді философиясы. Көне Үнді философиясы туралы негізгі түсінік
Ежелгі Үнді және Қытай философиясы туралы
Упанишадтың басты тезисі брахман туралы
Ежелгі үнді философиясы. Жайнизм және буддизм
Қытай. Үнді
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ. УПАНИШАД РӘСIМI. ВЕДАНТА ЖҮЙЕСI
Көне Қытай философиясының негізгі өкілдері
Үнді философиясы. Көне үнді философиясы
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Пәндер