Адамның ақыл - ойы аса күрделі ұйымдасқан биопсихоәлеуметтік құбылыс


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

Философия тарихындағы адам проблемасы3

Адам - биопсихоәлеуметтік жан6

Қазақ бейнелеу өнеріндегі адамның ішкі мәнін тану проблемасына мәдени философиялық талдау23

Қазіргі бейнелеу өнеріндегі рационалды, иррационалды және көптеген бағыттағы ағымдар25

Қорытынды27

Әдебиеттер30

Кіріспе

Ғасырлар тоғысында адамзатттың даму барысы қазіргі жағдайда тағдыры таразыға түсіп, өмір-тіршіліктің мән-мағынасын таңдаудан өтіп бара жатқан кезеңде үлкен апат алдында тұрғаны белгілі. Оның өркениет дамуындағы ролі азайды, темір "құрсаулы дөңгелектің" шарықтау шыңына жетіп, адам оның қажеттілігінен тыс қалып, қала берді құлына айналды. Өркениет Адамның рухани өміріне қарамай, қайта оны арадай талап, күнделікті өмірде техниканың қызметшісі ретінде құлға айналдырды. Керісінше техникалық даму адам игілігіне емес, ол батыстың дүниетанымының горизонтальды жүйесімен кетті.

Осы орайда, адамның рухани деңгейі жайлы күнделікті ақпарат құралдарына назар аударсақ, бүгінгі адамның ішкі рухани бейнесі солғын, азғындау алдындағы күйді бейнелейді. Тарихи кезеңдерге көз жүгіртсек - Қорқыт бабамыз өмір сүрген уақыт, діни орта ғасыр адамы және қазіргі өркениет адамының - арасында үлкен айырмашылық бар. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, ерте заман адамдарының Жердің қай түкпірінде болмасын, олардың қалдырған мәдени ескерткіштерінен ортақ дүниетаным, адамға тән бүкіләлемдік көзқарас танылса, олардың саяси, мәдени және өнер туындыларынан "пайдалылық, сұлулық, жылулық т. с. с. " заттың толық қамтылатын қасиеттері байқалады. Орта ғасырдан бері олардың өнер шығармаларынан аталған қасиеттердің орындалмай ұмыт болып, "гипподамиялық тор" (сыңаржақ) арқылы дамуы атап көрсетіледі. Батыс Европа өнері орта ғасырлардан бері, әсіресе, сәулет, қолданбалы бейнелеу өнерінің сан түрлеріне тән қасиеттер бой танытады.

Ал, қазақ дәстүрлі өнерінде соңғы уақыттарда мұндай әрекеттер кездеседі. Мысалы, бір кездегі қазақтың зергерлері, ұсталары, суретшілері, сәулетшілері, сазгерлері дәстүрлі өнерде өз заманының озық өнер зерттеушісі ролін атқарған. Олардың уақыттың басталу нүктесіне сай, өз дүниетанымдық көқарасын кеңістікте айна қатесіз өнерге түсіріп отырғаны белгілі. Ол атадан балаға, сана болмысы арқылы беріліп келген. Тарихтың қиын қыстау ырғақтарына сай, бұрынғы қазақ аталарымыз, әжелеріміз салған жазу, ою-өрнек, батырлар жыры, дастан, халықтың "Тәңірі мен Ұмай ананы", жер-суды мадақтауы болса, келесі ұрпаққа қолөнершілердің кәсіби наны, ал біздер үшін "ата бабалардан қалған мұражай экспонаттары", көркемдік- пластикалық формалардың әдемі үйлесімдері деңгейінде ғана келіп жетті.

Философия тарихындағы адам проблемасы

Философия тарихы адамның мәні жайындағы түрліше пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы құрдас десе де болады, өйткені философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниеде алатын орны мен атқаратын қызметі туралы ой-толғауларынан туған.

Шынында да адам деген не? Былай қарағанда, бұл аса қарапайым сұрақ сияқты: адам дегеннің не және кім екенін кім білмейді? Ересек түгілі, бала да білетін сияқты оның не екенін, ал оның ішкі мәніне үңіле қараса, одан күрделі ұғымдар шамалы сияқты; оның мазмұнына терең үңілген сайын, оның құпия сыры мен мәні күрделене, тереңдей түсетін көрінеді.

Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзіне құпия ештеңе жоқ депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды. Бірақ жек ғылымдардың адам туралы нақты білімдерін жай қоса салғаннан ол жөнінде біртұтас білім шықпайды. Сондықтан философия әрдайым адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс білімдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын, өз тағдырын "жасау" мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты. Адам танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: "Өзіңді- өзің тани біл" - деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырымдауға болады.

Антик заманының философиясындағы адам көбінше ғарыштың бір бөлігі, жоғарғы бастама - тағдырдың адамдық көрінісі ретіндегі өзінше бір микрокосм түрінде түсінілді. Адамның философиялық түсініктері сонда қалыптасты: Милет материалистері адам мен дүние іштей табиғи байланыста деп түсінген болса, көптеген басқа философтар адамды мәдениетті жасаушы, табиғатқа еліктеп, ондағы бар нәрселерді ғана емес, сондай - ақ табиғатта бұрын болмаған жаңа нәрселерді жасаушы жан ретінде сипаттады. Адамның өзіне тән айрықша табиғатын айқындайтын ерекшелігі ретінде оның ақыл-ойын, мәдениетті жасау қабілетін атап көрсетті.

Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарсы екі бастаманың: "тән" мен "жанның" іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндірілді. Сондықтан, мысалы, Августин адамды жаны тәнінен тәуелсіз, өлмейтін жан деп түсінсе, Фома Аквинский адам мен жан тәннің бірлігі, жануар мен періштенің арасындағы бірдеңе деп түсінді. Тән өледі, жан өлмейді, о дүниеде құдай алдында жауап береді, сондықтан адам күнәсінен тазару үшін құдайға жалбарынуы тиіс деп уағыздады діншілдер.

Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам тағдырын құдайдың "құдіретімен" байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелсіз ақыл-ой иесі, өз өмірінің саналы субъектісі деп түсінді. Мысалы, француз материалисі Д. Дидро адамды жер бетіндегі барлық мәдени байлықтарды бірден-бір жасаушы ең жоғарғы құндылық деп санады. Қысқасы, “ақыл - парасат ғасыры”, - деп аталған жаңа заман философтары орта ғасырлық діни-идеялистік көзқарастың идеологиялық үстемдігінен құтылған жаратылыстану ғылымдарына сүйене отырып, адам табиғатын табиғи тұрғыдан зерттеудің тамаша үлгілерін қалдырды. Соның ең бастысы - адамның өз мәнін танып білуде оның ақыл-ойының діни көзқарастардан мүлдем тәуелсіз болуында еді.

ХІХ-ХХ ғғ. Идеялистік философиясы адам өмірінің рухани бастамасын асыра бағалап, адамның мәнін бірде ақыл-ойы арқылы түсіндірсе, енді бірде, керісінше, ақыл-ойдың күшіне сенбеу (иррационализм) арқылы түсіндіруге тырысады. ХІХ ғ. классикалық неміс философиясына келсек, ол үшін адам мәдениет дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы идеялық бастама - рухтың, ақыл-ойдың иесі болып табылады. Гегельдің адам жайындағы көзқарасында жекеге қарағанда жалпының артықшылығы, біріншілігі шешуші болады, ал мұны нақты әлеуметтік шындыққа қолдансақ, жеке адамға қарағанда қоғамның алғашқылығы келіп шығады.

Гегельдің “Мемлекеті” қоғам дамуының ең жоғарғы көрінісі болғандықтан, шынына келгенде, әрбір нақты жеке адамның субстанциялық бастамасы болып табылады: мемлекет дүниежүзілік рухтың тарихтағы қозғалысының, “құдайдың дүниедегі жүрісінің” көрінісі болғандықтан, ол өзінше әрекет ететін тәуелсіз күш ретінде жеке адамдарды өзінің ең жоғарғы жалпы мақсатын іске асыру үшін пайдаланады. Адам объективтік идеяның даму процесінің жеке көрінісі ғана болып табылады.

Объективтік идеализмнің бұл идеяларын сынай отырып, Фейербах философияда антропологиялық принципті ұсынып, адамды оның ең басты орталық кейіпкері деп қарастырды. Ол адамды тәні мен сезімі бар жан ретінде, “Менің” және “Сенің” нақты кездесуің деп түсінді.

Адам жайындағы ғылыми-философиялық ілімнің қалыптасуы тарихтың материалистік ұғымының қалыптасуына байланысты. Адам туралы идеалистік және натуралистік теорияларды сынай келе, Маркс пен Энгельс адам проблемасын диалектикалық-материалистік монизм принципі негізінде шешті. Адамның марксистік ұғымының негізі ретінде оның қоғамдық еңбек қызметінің субъектісі және нәтижесі екендігі алынды, өйткені адамның қалыптасуында адам тектес жануарлардың адамға айналуында шешуші роль атқарған еңбек процесі болды.

Сонымен, жеке адамдарға тән дара ерекшеліктерді қоя тұрып, барлық адамдарға тән ең жалпы қасиеттерді, мәнді белгілерді топтастырып, адам ұғымына жалпылама анықтама берсек, адам - ақыл - ойы бар жан, еңбектің, әлеуметтік қатынастардың субъектісі екенін атап көрсетеміз. Ал, әлеуметтік қатынастар сөйлеу тілі арқылы іске асатынын ескерсек, адам дегеніміз еңбекке, ойлауға және сөйлеуге қабілетті әлеуметтік жан деп жалпылама анықтауға болады.

Адам - биопсихоәлеуметтік жан

Жоғарыда келтірілген жалпы анықтамадағы адамның әлеуметтік қасиеті адам табиғатының биологиялық жан екендігін, оның биологиялық қасиеттері жалпы, универсалды қасиет екенін теріске шығармайды. Адамның биологиялық қасиеттері оның организмінің морфологиялық, генетикалық құбылыстарынан және сондай-ақ, ми-жүйелік, электрохимиялық т. б. кейбір процестерінен көрінеді. Ал, психикалық жағына адамның ішкі рухани дүниесі - саналы және санасыз іс-әрекеттері, еркі көңіл-күйі, есі, мінез құлқы, темпераменті т. б. жатады. Алайда, адам қасиеттерінің ешқайсысы жеке дара адам құбылысын біртұтас айқындап бере алмайды. Адам ақыл-ойы бар жан дейміз. Сонда оның ақыл-ойы дегеніміз не, ол тек биологиялық заңдылықтарға бағына ма, әлде әлеуметтік заңдылықтарға ғана бағына ма? Адамның ақыл-ойы аса күрделі ұйымдасқан биопсихоәлеуметтік құбылыс; оның материалдық негізі (субстраты) әрине биологиялық (дәлірек айтқанда физиологиялық) құбылыс (ми) болып табылады, ал мазмұны психикалық құбылыстар мен әлеуметтік құбылыстардың өзара араласуы екені сөзсіз: мұнда әлеуметтік құбылыс сезімдік - ақыл - ой - ерік процестері арқылы психикалық процесс түрінде көрініс табады. Организм мен тұлға - адамның айырғысыз екі жағы. Тірі организм ретінде ол табиғи құбылыстар жүйесіне жатады да, табиғат заңдылықтарына бағынады, ал тұлға ретінде әлеуметтік болмысқа, қоғамға, адамзат тарихы мен мәдениет саласына жатады.

Адамның әлеуметтік табиғатын талдап, оның тұлға екендігі жайында сөз еткенде, біз оның биологиялық жан екендігін естен шығармаймыз, тек антропологиялық ерекшеліктеріне ғана - дене құрылысы, қарапайым инстинктері сияқты психикалық процестері мен қасиеттерін зерттеу жағына т. б. көңіл аудармаймыз.

Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оны тұлға ретінде түсіндірудің философиялық ұғымына жатады. Адамның биологиялық жағы негізінен тұқым қуалаушылық (генетикалық) механизміне байланысты болады. Ал, адам тұлғасының әлеуметік жағы қоғамның мәдени - тарихи мазмұнымен анықталады. Мәселен, қоғамдық жағынан жетілуге, дамуға оның биологиялық, табиғи мәнінің қандай әсері бар немесе, керісінше, адамның табиғи дамуына әлеуметтік психологиялық жағдайлардың әсері қандай деген мәселелерді зерттегенде бір жағының басымырақ қаралуы керек, бірақ, бұл екі зерттеудің екеуіне де адам ұғымы әлеуметтік, биологиялық және психологиялық жақтарының бірлігі тұрғысында алынуы тиіс. Олай болмағанда адамның мәні сыңаржақ - не жаратылыстану-ғылыми (биологиялық) сипат алуы, немесе таза әлеуметтік сипатта болуы мүмкін.

Адамды таза әлеуметтік тұрғыда немесе таза биологиялық тұрғыда, атап айтқанда, генетикалық (немесе физиология, медицина, психология т. б. ) тұрғыда сыңаржақ қарастыру көп жағдайда адамның әлеуметік және биологиялық жақтарының табиғи ара қатынасын бұрмалауға әкеп соғады. Мәселен, әлеуметтік биологизм және әлеуметтік дарвинизм бағыттары адамның мәнін түсіндіруде бірінші орынға “генді” қояды да, адамның генетикалық табиғаты шешуші роль атқарады деп санайды.

Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлық морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі, сөйтіп, алдыңғы аяқтарының жүру қызметтерінен босап, қолға айналу нәтижесінде пайда болды; бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы - мұның бәрі мидың дамуына алып келді. Адамның морфологиясының өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, коллективтік өмір сүруінің материалдық бірлігі, негізі болды десе де болады. Сонымен, еңбек қызметінің, тілдік қатынастың және рухани болмыстың бірлесе өзгеруінің нәтижесінде антропогенез белгілі бір деңгейде биологиялық даму жолынан әлеуметтік системалардың тарихи қалыптасу жолына көшті, сөйтіп, нәтижесінде, биоәлеуметтік бірлік түрінде адам қалыптасты.

Адам биоәлеуметтіктің бірлігі ретінде туады. Демек, ол дүниеге келгенде толық қалыптасқан анатомия-физиологиялық система түрінде келмейді; ол социум (әлеуметтік өмір) жағдайларында қалыптасады. Адамның биологиялық жағын анықтайтын тұқым қуалаушылықтың механизмі оның әлеуметтік мәнін де қамтиды. Дүниеге жаңа келген нәресте “табула-раза” емес, яғни сыртқы орта өз бейнесін салатын таза тақта емес. Тұқым қуалаушылық нәрестені таза биологиялық қасиеттермен және инстинктермен ғана қамтамасыз етпейді. Ол әуел бастан-ақ, ересек адамдарға еліктеу - олардың іс-әрекетін, дыбысты т. б. қайталау қабілетімен бірге туады.

Оған қызығушылық қасиет тән, ал бұл - әлеуметтік сапа. Нәресте қуануға, ренжуге, қорқыныш сезіміне т. б. қабілетті; оның күлімсіреуі туасы қасиет, ал күлімсіреу тек адамға ғана тән белгі. Олай болса, нәресте дүниеге келгенде адам ретінде келеді. Дегенмен, дүниеге келгенде ол әлі адамдыққа кандидат қана. Қоғамнан тыс қалса, онда адам бола алмайды - адам болуға ол қоғамда үйренеді. Оны адамдық дүниеге қоғам енгізеді: оның мінез құлқына әлеуметтік мазмұн беріп, реттеп отыратын әлеуметтік өмір. Баланы туғаннан бастап тәрбиелеп, оқытып, түрлі іс- әрекеттер мен қызметке үйрететін қоғамдық өмірде адамды әлеуметтендіру , яғни әлеуметтік қатынастарға қосу деп атайды.

Әрбір адамда, мәселен, оның ырқыныа көнетін саусақтары бар: ол қаламмен сурет сала алады, домбыра немесе басқа аспапта ойнай алады. Бірақ ол суретші немесе күйші болу үшін оны үйрету қажет - үйретпесе қабілеті ашылмай қалады.

Адамның санасы да дәл сол сияқты адамға әуел бастан тән қасиет емес. Саналы психикалық құбылыстар өмірдің барысында, тәрбиелеудің, оқытудың, тілді, мәдениет дүниесін белсене меңгерудің нәтижесінде қалыптасады. Сөйтіп, әлеуметтік бастама жеке адам биологиясына психикалық құбылыстар арқылы енеді, сөйтіп ол осылайша өзгертілген түрде адамның саналы, психикалық тіршілік қызметінің негізіне айналады.

Сонымен, адам дегеніміз биологиялық (тірі организмдік), психикалық және әлеуметтік сапалардың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеуметтік, тұқым қуалаушылық және өмірде меңгерілетін қаситтерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жай арифметикалық қосындысы емес, олардың бірлігі екендігін білу қажет, өйткені адам дамуының жаңа сапалық деңгейін - адам тұлғасын түсіну мүмкін емес [1, 266] .

-“Адамды таза әлеуметтік тұрғыда немесе таза биологиялық тұрғыда, атап айтқанда, генетикалық (немесе физиология, медицина, психология т. б. ) тұрғыда сыңаржақ қарастыру көп жағдайда адамның әлеуметік және биологиялық жақтарының табиғи ара қатынасын бұрмалауға әкеп соғады” [1, 266] - деген орайда мынаны қарайық. Зерттеуші физиолог-ғалымдар В. Л. Деглин, Л. Я. Балонов жаңалықтарында адам миының жартышарларында функционалды ассиметрияның бар екенін ашты. Осыдан, оң жақ жартышарлар интонациалы-образды, синкретті, жалпылама ойлау типіне жатқызылады. Сол жақ жартышарлар алдымен абстрактілі, логикалы-теоретикалық ойлаумен, ауызша сөйлеумен, түсініктерді реттеу, классификация мен дифференциялауға ұмтылыс, сонымен қатар, кеңістікте бағдарлаумен байланыстырылады. Образды түйсіну - жетілмеген. Өзінің эволюциалық ғұмырына қарай мұндай ойлаудың типі оң жақ жарты шарға қарағанда әлдеқайда жас болып саналады және адамның қоғамдық даму барысында пайда болды.

Жартышарлар функциясы даму принциптерінің мәдениеттегі (сәулет өнері) кезеңдердің ауысуына сәйкес келуі, әртүрлі ареалдарының: оң жақ жартышар (космологиялық, синкреттік) және сол жақ жартышардың (логикалық, дифференциалданған) Жердің ноосферасындағы ойлау типтерінің семантикалық деңгейде, олардың терриориалдық және хронологиялық бір-бірінен алшақтығына қарамастан өмір сүруін айқындайды [2] . Адам миы ХХғ. өмір сүрсе көптеген адамдардың жүрегі әлі тас дәуіріндегідей. Адам көп жағдайларда тәуелсіз, ақылды және объективті болуға әлі пісіп жетілмеген. Адам, жігері өз қолына берілген мен оны алып жүре алмайды, оған жоғарыдан күш берілмейді және ол өз өміріне мағына беруі керек, сондықтан, адамға табынатын нәрселер, мифтер керек. *** Э. Фромм адамзаттың ақылының сезімге қарағанда әлде қайда қаттырақ озып кеткенін ескере, және өзін-өзі алып жүре, өміріне мағына беруде иррационалды құмарлығына көбірек мүмкіндік берудің орнына, ол байлыққа, тақтың, ақшаның ұлттың алдында тізе бүгеді. Ол адамзаттың ұлы рухани көсемдерін сөзінде мойындағанмен, бұл ілімдерді бұтқа табыну мен ырым жоралғыға айналдырып алды. Адамзатты өзін өзі жейтін апат пен өз уақытынан ерте интеллектуалды-техникалық жетілуінің қақтығысуын және эмоционалды артта қалуынан қалай құтылуға болады деп дабыл қағады.

Менің түсінетінім біреу, адам - біздің әлеуметтік болмысымыздың маңызды фактілерін көбірек түсінуі қажет. Ұғыну қайталанбайтын надандық қасиеттерден біздің қабілетімізді объективті және саналы ойлауға біршама жоғарылатады. Біз жүрегіміздегі шатасудың бәрін жоямыз деп есептей алмаймыз. Біздің ойлауымыз бен елестетуімізді зиянды әсер етуімен - бір буынның өмір сүру уақытындай - біздің елестетуіміз бен ойлауымызға зиянды әсер етеді деп есептей алмаймыз. Адам жүз мың жылға созылған өзінің адамзаттық тарихына жету үшін, мүмкін мың жыл өтер. Дәл осы шешуші кезеңде айтарлықтай жақсы түсінік, айтарлықтай үлкен объективтілік Адамзаттың өмірі мен өлімінің арасындағы тартысты шешуі мүмкін. Сондықтан ғылыми, динамикалық әлеуметтік психологияның дамуының айтарлықтай маңызы бар. Физика мен медицинаның дамуынан пайда болған қауіптілікке қарсы тұру үшін әлеуметтік даму қажет [3, 11] .

Адамның ішкі мәнін тану жөніндегі құнды ойларды шығыстың 1082-1083 жылдарда жазылған “Қабуснама” атты аса бағалы еңбегінен танып-білуге болады. “Адамның адамдық қаситінде үш нәрсе бар; бұл үшеудің бірі - ақыл, екіншісі - туралық, үшіншісі- жомарттық (адамгершілік, сақылық, қолы ашықтық), - жөнінде кеңінен сипаттайды.

Халықтың жалпы талабына шындық көзбен қарасаң бірде-бір адам ақыл, жомартық және туралықсыз жұмыс істей алмайды. Өйткені, бұл үш қасиет болмайтын адам жоқ, бірақ, салғырттық, енжарлық, парасатсыздық және даурықпалық халыққа сол ұлы жолды жауып қойған. Адам ақылмен түрлі ілімді үйрене алады. Адамның дене құрылысы көзге көрінетін және көзге көрінбейтін заттардан түзілген. Адамның денесінде табиғи күштің бір бөлігі көк күмбезі, жұлдыздар, заттар, элементтер тыныс алуы сияқтылардан және ақыл ой жүйесінен түзіледі, бұлардың әрқайсысы өз алдына бір дүние. Денедегі элементтер жиынтығы бір бірімен байланыста. Бұлар адамның денесінде дараланып та, бірлесіп те қызмет атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні және дүниеге көзқарас
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар
«Жеке адам» түсінігі
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар туралы
Философия тарихындағы адам проблемасы
Адамның шығуы мен қалыптасуы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы ақпарат
Адам - дене мен жанның бірлігі
Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуірі
Көбею және даму. Адам онтогенезінің ерекшеліктерін оқыту(8-сынып) тарауын өткізу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz