МӘДЕНИ КЕҢІСТІКТІҢ МИФОЛОГИЯЛЫҚ УАҚЫТЫ
МӘДЕНИ КЕҢІСТІКТІҢ МИФОЛОГИЯЛЫҚ УАҚЫТЫ
Рухани мәдениетте реалды уақыт адамдық экзистенциалды, ішкі дүние
қажеттіліктерімен, ақылпарасат және сезімтылсым бейнелерімен, оның
психологиялық және әдептілік түсініктерімен қосарлана келеді. Қысқаша
айтқанда, ментальды уақытты оның субъектісі мәдени түлғаны нақтылы
қарастыру арқылы ғана түсінуге болады.
Мұны назарға салып отырғанымыз — соңғы кезде "модаға" айналған қазақ
халқының дүниетанымын тарихи процестен тыс қарастыратын басылымдардың
көбеюі. Түзу сызықтық емес, циклдік (мүшелдік) уақыт есебі көне заманнан
қазіргі кезге дейін сол күйінде озгеріссіз келген жоқ. Этномәдени уақыттың
өзгеруі міндетті түрде оның халық санасындағы бейнелерін де өзгертіп
отырады.
Қазақтың дәстүрлі түсінігіндегі уақыт өлшемдері тарихимәдени
эволюцияны бастан кешірген. Ал жыл кайыру, мүшел, маусым, күнтізбе, ай, жыл
атаулары, т.б. туралы жарияланған мәліметтер — осы ұғымдардың тек қана
тілдік нысанға айналған көрінісі. Олар ұлттық мәдениеттің даму сатыларымен,
дүниетанымдық типтерімен, мәдени қарымқатынастағы уақыт туралы әр түрлі
ілімдер немесе коркем бейнелер, таңбалардың әсерлерімен қалыптасады. Мәдени
сұхбаттасудан оқшау көшпелілер болмағаны сияқты, белгілі бір этномәдени
уақыт орісінде таза мүшелдік есептеу жүйесі болмаған. Мұны теріске шығару
дегеніміз мәдени сабақтастықпен өркениеттер байланысын бекерге шығару.
Философиялық зерттеулер уақыт туралы ұғымдар мен бейнелерді тарихи
жіктеуге мүмкіндік береді. Белгілі зерттеуші А.Қасымжанов қазақтың өзін
және дүниені тануының кейбір уақыттық кезендерінің сипаттамасын әмбебап
тәртіптің үлгілерімен салыстыра отырып, томендегідей типологияны ұсынады:
"1. Мифология. Бұл — барлық халықта өткен адамзат санасезімінің
алғашқы тарихи нысаны.
2. Ренессанс. Сезбесөз бұл қайта туу, қалпына келтіру, мәдениеттің
қайсыбір классикалық жағдайына қайта оралуы деген сөз.
3. Ағартушылық — қазақ халқының XIX ғасырдағы рухани мәдениетінің
маңызды бөлігі болып табылады.[1]"
Қазақ мәдениетіне қатысты басқа басылымдардың көпшілігінде хронотоптық
типология не ғасырлар бойынша, не шаруашылықәлеуметтік типтер негізінде, не
бұрынгы формациялық сатылар түрғысынан берілген. Қ.Бейсенов "Қазақ
топырағында қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдістері" атты еңбегінде
әпсаналық, пәлсапалық, шешендік және сазгерлік пен ақынжыраулық беліктерді
атап етеді.
Мәдени эмпирикалық деректер мен айғақтарға талдау жасай келе және
ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени уақыттың рухани дүниетанымдағы
(негізінен қазақ халқының) мынадай типтерін атап етуге болады:
1. Мифологиялық уақыт.
2. Архетиптік уақыт.
3. Өркениеттік уақыт.
4. Дәстүрлік уақыт.
5. Инновациялық уақыт.
Әрине, бұл жерде келтірілген типологияны ғылымның соңғы сезі деп
үзілдікесілді пікір айтудан аулақпыз. Түрік халықтарының рухани мәдениеті
философиялық ой елегінен әлі жеткіліксіз өткен. Келтірілген жіктеудің ары
қарай өзгеретініне сеніміміз мол. Тағы бір ескеретін жәйт: жоғарыда бүкіл
казақ мәдениетінің типологиясы емес, оның уақытты игеру сатыла
Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы — миф. Ежелгі 1 мифаңыздар
алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың символдық
(рәміздік) мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді,
әрі түсінді. "Миф, — деп жазады А.Қасымжанов, — алғашқы қауым адамына тән
ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен
моральдың, рационалды әсердің элементтері бар.[2]"
Мифологиялық дүниетанымның кіндігі — кеңістік пен уақытты адаммен
жақындастыру талпынысы, бағдары. Мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың
арасында алшақгық жоқ. Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бір
белігі болып табылады. А.Ф.Лосев атап өткендей, миф дегеніміз ойдан
шығарылған қиял да, ғылыми қағида да, символикалық таңба да, діни сенім де
емес.2 Ол — сөз құдіретіне ие болған мәдени тұлғаның тарихы (уақыты).
Мифтік уакыт туралы сөз қозғағанда оның жазусыз мәдениетпен бітісе
калыптасқанын ескеру керек. Мифтіктүсініктерге, болжамдарға, керіпкелдік
пен сәуегейлікке арқа сүйеген жазусыз мәдениет өз пиғылын жеке адамның
еркінен тыс жағдайда жүзеге асырады. "Үжымдық тәжірибе мен әдетғұрыпты
арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт. Ал бұл табиғатты,
әсіресе, аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып,
осыған байланысты теориялық танымның өркендеуіне алып келеді. Сызба
(начертательная) геометрияның кейбір бітімдері календарьлық астрономиялық
ауызша поэзиямен қаныға отырып, мәдениеттің жазбасыз сипатымен орайласуы
әбден кәнік",3 — дейді Ю.Лотман. Бұл үзіндіден, мифологиялық танымның уақыт
пен кеңістікті игеру қүралы екендігін кореміз. Жазулы ақпарат жоқ кезінде
миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болран. Кейін құдай
адамдарға кітап (Інжіл, Қүран, Библия) сыйлаған соң, мифологиялық
дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол уақыт ағынында жоғалып
кетпей, баспананы көмескі сана (подсознание) мен архетиптік жадыдан табады.
гЛосевА.Ф. Философия. Мифология. Культура. М., 1991, с.21—186.
3 Лотман Ю. Мәдениеттер типологиясы. Элем, 2486.
Мифологиялық уақыттағы сакральды (қасиетті) мағынасы бар мотив —
адамның биологиялық емірі, оның тууы мен олімі. Қауымдағы ең бірінші
бөлініс — жыныстық болініс.
Оның негізінде мифологиялық сана уакыттан тыс тұратын алғашқы
абсолютті бейнелердің бірі — Алғашқы АтаАна туралы түсінікті
қалыптастырады. Егер діни түсініктегі Адам ата мен Хауа ананы құдай
жаратса, мифологиялық Арғы Тек — табиғат туындысы, тотем (киелі жануар).
Мифологиялық уақыт бүкіл табиғатқа адамдық белгілерді таңып, оны
адамдандырды. Мифологиялық кеңістіктікуақыттық континиумда адам мен әлемнің
арасында ешқандай алынбайтын кедергі жоқ.
Мифологиялық кейіпкердің сөзі мен ісі синкреттік және тұтастықсипатта
болады. Оның бірлігін жүзеге асыратын күш — салтдәстүрлердің мызғымас
жүйесі. Тек осы аркылы адам өзіне бір тұрактылық табады.
Сонымен, мифологиялық кезенде адам мен табиғаттың арасындағы бірлік
ерекше жоғары дәріптелді. Егіншілік пен бақташылық, тіпті, қолөнердің озі
ежелгі дәуір мәдениетінен табиғатпен сырлас болуды талап етті. Скифсак
оркениетіндегі "аң стилі", қытайдың инь, ян бастамалары, Египет пен
Шумердегі өліп, қайта тірілген құдай туралы аңыздар табиғатпен үйлесімдікке
шақыратын рәміздер.
Қазақтың арғы ататектерінің уақытты мифологиялық тұрғыдан түсінуі
әлемдік үлгілерден алыс жатқан жоқ. Мәдениеттанулық структурализмнің
өкілдері (В.Пропп, К.ЛевиСтросс) әр түрлі халықтардың мифтері мен
салтдәстүрлерін зерттей келе, олардағы құрылымдық үқсастықты атап көрсетті.
Мысалы, ежелгі гректердегі Циклоп пен түрік халықтарының Тобекөз туралы
мифтері тек мазмұндық емес, сонымен бірге құрылымдық үқсастықты танытады.
Мифологиялық уақыттың барлық халықтардың немесе этникалық топтардың
кене мәдениетін қамтығаны белгілі. Ағылшын мәдениет тарихшысы Э.Б.Тайлор
мифтердің мынадай түрлерін атап отеді: 1) Философиялық немесе түсіндірмелік
мифтер; 2) Нақтылы, бірақ бүрмаланған деректерге сүйенген мифтер; 3) Тарихи
және аңыздық тұлғалар туралы мифтер; 4) Фантастикалық және метафоралық
мифтер; 5) Саясиәлеуметтік және тұрмыстық мифтер.1
Енді мифологиялық уақыттың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
Кеп дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе — мифологиялық уақыттың реалды уақытпен
жақындығы. Алғашқы білім жеткіліксіздігінен реалды дүниені қиял, ойдан
қүрастырылған тиісінше жасанды бейнелер арқылы түсіндіргенШёЙ. Ірл ақ^ілы
1 Тайлор Э. Первобытная культура. М., 193
шарықтаған Жаңа Заман адамынан табиғатқа жақын тұр. Мифологиялықтұлға
реалды уақытты өзінің виртуалды, ішкі, тылсымдық уақытымен қабылдайды және
ол адамдық. дүниемен бірге етеді.
Мифологиялық уақыттың дені оқиғалардан, оның мазмұны мифологиялық
тұлғаның ісәрекеттерінен тұрады. Оқиға да, әрекет те ерекше бір
кұрастырылған хронотоптарда өтеді. Олардың алмасуы мен езгеруі адамнан
тысқары болатын реалды уақыт пен кеңістікте өтпей, осы мифологиялық
хронотоптар арқылы жүзеге асады. Бұл этностық уакытқа да тән құбылыс.
"Уақыттың баяу немесе жылдам жүруі оқиғаның тығыздығына тікелей қатысты.
Бір ғажабы оқиға азайып сирей бастаған жерде уақыт жылдам жүреді. Оқиғаның
өзі баяндалмайтын жерде оның орнын уақыт толтырады. Жалпы уақытты айтып
ескертіп отыру оқиға қоюлығы азайған жерде еске түседі"1 — деп Ш. Ыбыраев
өз ойын түйіндейді.
Мифологиялық уақыттың есептеу нүктесі Ілкі Тектің (Первопредок)
жаратылуынан басталады. Бұл шексіз кеңістік пен уақытты көне санадағы
меңгерудің бір тәсіліне жатады. Ж. Қаракөзова мен М. Хасановтың атап
керсеткеніндей, уакыттың бастамасы ретінде Үйлесімдіктің (Гармонияның)
Ретсіздіктен (Хаостан) пайда болуы алынады.
КөкТәңірі, Жерсу мен Үмай ананы айтпағанның езінде, түрік халықтарының
арғы Ататек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында калыптаса
бастаған. Көк бөрі туралы аңыздар, Ш. Айтматовтың және Ю. Рытхэудің көркем
шығармаларында бейнеленген тотемдер Бұғы ана мен Алып балық (кит)
мифологиялық уақыттың әсерлі белгілері еді. Тотемдік Ілкі Тек адам мен
табиғаттың ішкі тұтастығын білдіретін маңызды дүниетанымдық түйнекке
жатады.
Зерттеушілер Ілкі Тек жалғыз адам әлеміне тән деп есептемейді. Ол
бүкіл ғарыштық әлемді, үш дүниені (жоғары, орталық және төменгі) қамтитын
көрініске жатады. Мысалы, көшпелілер әрбір түлікті белгілі бір ғарыштык
стихиямен байланыстырады:
...ешкі —сайтаннан, қой — оттан, түйе — сордан, жылқы — желден, сиыр —
судан.3
1 Ыбыраев Ш. Эпос әлемі, 1076.
2 Каракузова Ж, ХасановМ. Космос казахской культуры. А., 1993,
с.7. 1 Каракузова Ж, Хасанов М. Космос казахской культуры, с. 30.
Бұл стихиялар (дүлей күштер) ғарыштық жасампаздықтың таңбалары: сиыр —
өлім мен о дүниенің, түйе — Жердің, "еш" деген түбірі бар ешкі — хаостың,
бостыктың таңбасы. Кейін қазақтың дәстүрлі мәдениетінде тотемдік үғымдар
калғанымен, олардың нақтылы көріністері өзгерді.
Әрине, тотемдік түсініктер тек этникалық уақыттың бастама нүктесімен
шектелмеген. Қазақ мәдениетінің архетиптік уақытында қалыптасқан және
дәстүрлік уақытта жанжақты қолданылған уақытты циклдік есептеу жүйелері
арқылы (мүшел, жыл қайыру, мүшел жас, амал мен тоғыс, халық календары)
түсінудің көне алғышарттары мифологиялық кезенде пайда бола бастаған. Және
ол тотемдік уақыт бастамасымен тікелей қатысты болған. Бұл туралы
Ш.Уәлиханов былай деп жазған: "Мүшел есебі бүдан 34 мың жыл бұрын шыққан...
Тарихи зерттеулер бойынша алғашқы мүшелде тертақ хайуан болған: ұлу,
бөдене, барыс және тасбақа. Бұлар дүниенің төрт тарапы мен жылдың төрт
мезгілін бейнелеген. Үлу — шығыс пен кектемнің, бөдене — оңтүстік пен
жаздың, барыс — батыс пен күздің, тасбака — солтүстік пен қыстың ишараты
болған... Бертін бұл мүшел 6, 8, 12 хайуанға жеткен... Мүшел созінің қайдан
және қашан шыққаны белгісіз."1
Қазақстан мәдениетінің тарихын зерттеуші Ә.Хасенов бұл туралы былай
пайымдайды: "Ежелгі түркі сөздеріне талдау жасай келе "мүш йыл" және "мүш
ел" сөздеріне тоқтауға болады. Мүш — он сөзінің бір нұсқасы (алтмүш —
алпыс, алты он, жетмүш — жеті он). Соңда "мүшйыл" — он йыл болмақ. Мағынасы
тұрақсыз, шатаса беретін ұлу мен мешінді кейін қосылды деп есептесек, Орхон
түркілерінің алғашқы мүшелінде 10 жыл болды деген қорытынды шығады."2
Мифологиялық уақытты басқа типтер ауыстырғаннан соң да тотемдік
түсініктер халық жадында архетиптік қызметін атқарып, басқа бір рәміздер
мен таңбаларға айналады. Мысалы, Ататек тотем Кекбөрі жаугершілік және
бостандық үшін күрес заманында қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған.
Сүйінбай ақынның мынадай жолдары бар:
Бөрі басы ұраным, Берілі менің байрағым, Берілі байрақ кетерсе, Қозып
кетер қайдағым!3
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі көкпардың төркінінде "кекбөрі" ұғымы
жатыр.
1 Валиханов Ч. Избр. произв. А, 1968, с. 284285.
гХасенов Ә. Қазакстан мәдениеті мен онерінін тарихы. А, 1988, 1566.
^Сүйінбай. Бөрілі менің байрағым. Элем. А., 1991, 146.
Мифологиялық уақыттың тағы бір ерекшелігін мәдени дисперсия немесе
синкретизм деп атауға болады. Эр түрлі әлемдер мен мәдениеттердің тоғысуы,
уақыттық кезендердің бірбірімен араласып кетуі, қиялғажайып оқиғалардың
тұрмыс шындығымен бірге жүруі — мифтік санаға тән құбылыс. Мысалы,
"Кобыланды" эпосы — қыпшақ тайпаларының сырткы жауларымен күресін
бейнелейтін нақтылы тарихи хронотопы анықталған батырлық жыры. Алайда, бұл
эпоста кездесетін Құртқаның шешесі Көктен кемпір, Баба Түкті Шашты Әзиз
бейнелері исламға дейінгі мифологиялық кейіпкерлер болып табылады. Осындай
мысалдарды қазақтың рухани мәдениетінен көптеп кездестіруге болады.
Тарихи тұлға — Асан қайғы дарияның маңында пері қызына үйленеді. Баба
Түкті Шашты Әзиз су астына перінің қызының соңынан сүңгіп, оған үйленеді.
Бірақ пері кызыныңтабу (тыйым) қойған шарттарын орындай алмайды. Аспанға
ұшып кеткен пері қызы екеуінің баласы Едігені дарияның жағасына тастап
кетеді. Қорқыт туралы аңызға қатысты Оғызхан Күн мен Жер кызына үйленеді.
Әрине, бұл айналмалы уақыт пен кеңістік мифологиялық санада
өзгерістерге үшырап отырды. Мифологиялық кейіпкердің өзі бас кезінде
стихиялық күштерден толықтәуелді болса, адамдық мәдениеттің нығаюы
нәтижесінде оның дербестілігі айқындала бастады. Бұл туралы С.Қасқабасов
былай дейді: "...мифологиялық сананың екінші кезеңіндегі қазак мифтерінде
адам өзін қоршаған ортадан белек, айырықша жан деп пайымдайды және оның
басқа жанға немесе нәрсеге айналуы адам еркі бойынша емес, сыртқы басқа
әсерлер бойынша өтеді. Әдетте, бұл біреудің карғысы немесе тәңірінің,
құдайдың жазасы түрінде болады. Бірақ қарғау және құдайлық күштердің
араласуымен болған айналыстың өзі соз аркылы жүзеге асады, себебі, бұл
уақытта (анимизм мен тотемизмнің орныкканынан кейін) магия өте дамыған
еді."1
Магия уақыт үғымымен тікелей қатысты. Ол құбылыстар мен заттар
дүниесіне ешқандай технологиясыз және күралсыз, ез калауымен эсер ететін
ерекше ритуалдық әдіс есебінде енді. Яғни, магия түзу сызықтық уақыт пен
жазық кеңістік әлеміндегі құбылыстарды ерекше бір тылсымдық күшпен
өзгертуге негізделген. Оны объектіні билейтін субъект деп те қарастыруға
болады.
Көптеген зерттеушілер магияны шамандық дінмен байланыстырады
(Л.Гумилев, Э.Тайлор, Д.Фрэзер ж.т.б.).
'Каскабасов С.А. Казахская несказочная проза. А., 1990, с. 8485.
Мифологиялықуақыттыңтағы бір ерекшелігі оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz