Орыс философиялық ойындар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 1
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17

Кіріспе

Орыс философиялық ойындағы қызықты iзденiстер XVI-XVIII ғасырлар
бойында жалғасын тапты және екi тенденцияның (үрдiстiң) қарама-қайшылығы
негiзiнде өттi. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар
аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмiрiнiң өзгешелiгiмен
байланыстырады. Екiншi тенденция Ресейге европалық мәдениеттiң даму
процесiн таңуға тырысты. Бұл тенденцияның өкiлдерiнiң айтуынша Ресей
Европаның даму жолына барлығынан кейiн түскендiктен, Батыстан көп нәрсенi
үйренiп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиiс.

Бұл екi тенденцияның өзiнiң айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда
қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Бiрiншiсiн славянофильдер,
екiншiсiн батысшылдар бiлдiрдi. Осыған байланысты орыс философиялық ойында
екi бағыт қалыптасты. Бұл екi бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794-
1856) үлкен рөл  атқарды. Өзiнiң көзқарастарын ол атақты Философиялық
хаттарында баяндады.
Чаадаев католиктiк Батысты дәрiптеп, оны Ресейге үлгi тұтты, ал екiншi
жағынан, Ресейдiң Батыстан айырмашылығы оның ерекше „Ғаламдық миссиясында”
деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегi славянофильдiктiң де, батысшылдықтың да
негiзiн қалаушы болып табылады. Әрине Чаадаев өз позиясының екiжақтылығын
түсiндi және осыған байланысты орыс халқы өзiне тиеселi идеяны iздестiру
үстiнде деп айтты. Ұлттық идея сипатының белгiсiздiгi туралы автордың
пiкiрi кейiнгi орыс қоғамдық ойының өкiлдерiнiң көзқарастарды талдауында
айқындала түседi. Бұл екi бағыт та Орыс идеясының мәнi мен мағынасын қарама-
қайшы кейiпте түсiндiредi.
Ресейдiң дамуын европалық үлгi бойынша насихаттайтын бағыт – бұл
батысшылдық. Бұл бағыттың өкiлдерi қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев,
К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады,
олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың
барлығы шiркеудi сынап, материализмге сүйендi, бұл ағымнан орыстың
революциялық демократтары өсiп шықты.
Батысшылдар Ресейдiң европаландыру идеясын насихаттады және қорғады.
Олардың пiкiрiнше, ел Батыс Европаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа
уақыттың iшiнде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып европалық
және әлемдiк өркениеттiң толыққанды мүшесi болуы тиiс.
Славянофильдiк болса орыстың ерекше филсофиялық-идеологиялық ағымы
болып табылады. Славянофилдер Ресейдiң әлемдегi ерекше мессиандық
(құтқарушылық) идеясын негiздедi. Славянофильдiктiң өкiлдерi батысшылдарға
да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан дiни орыс
философиясы өсiп шықты.
Славянофильдiктiң негiзiн қалаушылар А.С. Хомяков, И.В. Киреевский,
К.С. Аксаков, Ю.Ф. Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И. Даль, А.Н.
Островский, В.И. Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бұл қоғам
қайраткерлерiнiң шығармашылығы бойынша философия Ресей  өркениеттi елдермен
бiр қатар болу үшiн Батыстан алынған үлгiлердiң бiрi емес, ұлттық дамудың
рухани жетiстiктерi шеңберiндегi қажеттi элемент. Олардың жұмысында
тарихтың өзiнен туындайтын дербес сара жол мен ерекше мiндеттердi шешу үшiн
орыс ойының қажеттiлiгi туралы ойы бекiтiледi. Орыстың төлтума
философиясының зерттеу аймағы осымен сипатталады. Бұл мiндеттер мен зерттеу
аймағы Православиемен тығыз байланыстырылды.
Славянофильдер Ресей дамуының бүкiл Батыс өркениетiнен түбiрлi
айырмашылығы туралы тезистi ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы орынға дiни
бастау шығады.
Ресей православиелiк рухани негiзге сүйене отырып, оны әлемдiк
жетекшiлiкке әкелетiн ерекше жолмен жүруi тиiс. Ресейдiң бұл жоғары мақсаты
мен парызын оның азаматтары сезiне бiлуi керек. Славянофилдер өз отанының
тарихына бет бұра отырып, орыс қоғамы құрылуындағы оның толықтығы мен жан-
жақтылығын дәлелдеуге тырысады. Олардың пiкiрiнше, батыстық мемлекеттер
жасанды құрылымдар. Керiсiнше Ресей органикалық тұрғыда қалыптасты, ол
„құрылған” жоқ, ол „өсiп шықты”. Ресейдiң бұл табиғи дамуын славянофилдер
православиенiң ерекше әлеуметтiк ұйым–селолық (ауылдық) қауымды тудыруымен
түсiндiредi. Орыстың қауымдық құрылымы, олардың пiкiрiнше, ерекше тарихи
жолды айқындайтын орыс халқының ең маңызды принципi.
Жоғарыда айтылғандай славянофилдердiң бастапқы тезисi Православиенiң
шешушi рөлiн бекiту болып табылады. Олардың пiкiрiнше, дәл осы орыс жерiн
жаратқан „орыс рухын” қалыптастырды.
Православиенiң өзге дiндерден артықшылығын көрсететiн қандай қасиеттерi
бар? Бұл сұраққа жауап беру үшiн славянофилдер әлемдiк тарихтағы әртүрлi
дiндердiң рөлiн бағалайтын зерттеулер  жүргiзедi. Христиан дiнi үш iрi
бағытқа бөлiнедi: Католиктiк, Православиелiк, Протестанттық. Бұл бөлiнiстен
кейiн „еркiндiк бастауы” бұл шiркеулердiң кейбiреуiнде өзiнiң мәнiн
жоғалтқан. Славянофилдер католицизмде шiркеу еркiндiгi жоқ деп есептейдi,
өйткенi онда Рим папасының күнәсыздығы туралы догма бар. Протестантизм
болса шiркеудiң жойылуына әкелетiн адами еркiндiктi, индивидуалдық бастауды
абсолюттендiре отырып, өзге бiржақтылыққа ұрынады. Тек православие ғана
еркiндiк пен қажеттiлiктi үйлесiмдi түрде үндестiредi.
Еркiндiк пен қажеттiлiктiң үйлесiмдiлiгi мәселесiн шешу үшiн
славянофилдер өздерiнiң философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип –
соборшылдық (еркiн қауымдастық) ұғымын енгiзедi. Бұл ұғымды даярлаған
А.С.Хомяков (1804-1860). Ол Рустегi патриархалдық өмiрдi қалпына келтiру,
„Қасиеттi Рустiң” идеалдарына бет бұру, православиенi ең жоғарғы бастау
ретiндегi концепциясын бекiту сияқты идеяларды қолданды. Хомяковтың тарихи
концепциясында шiркеу „бастапқы нақтылық” болып табылады. „Соборшылдық”
ұғымы да осымен байланысты. „Соборшылдық” принципiн бекiту индивидуализмдi
ғана терiске шығару емес, жеке еркiндiктен айыратын ұжымды да мойындамайды.
„Соборшылдық және қауымға табынумен” (культ) сипатталатын Хомяковтың
философиясы индивидуализммен қатар, казармалық коллективизмге қарсы
бағытталған және орыстың православиелiк шiркеуiнде  бар еркiндiк пен
сүйiспеншiлiк принциптерiн бекiтуге бағытталған. Соборшылдық адам
өмiрқамының барлық салаларынан көрiнедi: шiркеуде, отбасында, қоғамда. Ол
еркiн адамзаттық бастау („адамның еркiндiк ырқы”) мен адамның құдайға тән
құдiреттiк бастауының („ырыс-береке”)  өзара әрекетiнiң нәтижесi болып
табылады. Славянофилдердiң айтуынша „соборшылдықты” православиелiк 
„шiркеулiк қоршаудағылар” ғана, яғни православиелiк қауым мүшелерi ғана
игере алады, ал „бөтендер мен дiнсiздер” оны қабылдай алмайды.
Ауылшаруашылық қауымын славянофилдер асыра дәрiптейдi. Қауымның
экономикалық әрекетi жеке және қоғамдық мүдделердiң үйлесiмдi бiрлiгiн
бiлдiредi. Селолық қауымның басты артықшылығы өз мүшелерiн тәрбиелейтiн
рухани адамгершiлiк принциптерден көрiнедi: ортақ мүдденi сақтауға дайын
болу, патриотизм. Славянофилдердiң  пiкiрiнше, қауым мүшелерiнiң бойында
бұл қасиеттердiң пайда болуы ертедегi дiни дәстүрлердi бейсаналы инстинкттi
түрде сақтау жолымен жүзеге асады.
Қауым өмiрдiң әлеуметтiк ұйымдасуының ең жақсы формасы деген
принципиалды тұжырымға негiзделе отырып, славянофилдер қауымдық принциптi
барлығын қамтитындай етуге, яғни оны қала өмiрiнiң ортасына да енгiзуге
тырысты. Қауымдық құрылым сонымен қатар мемлекеттiк өмiрдiң негiзiн құрауы
тиiс, олардың пiкiрiнше ол „Ресейдiң тұрпайы әкiмшiлiгiн” алмастыруға
қабiлеттi.
Славянофилдердiң тұжырымдауынша „ресейлiк қоғамда қауымдық принциптiң
таралуына байланысты соборшылдық рух беки түседi”. Әлеуметтiк қатынастардың
негiзгi принципi „барлығының мүддесi үшiн өзiнен бас тарту” болып табылады.
Осының арқасында дiни және әлеуметтiк талпыныстар бiртұтас ағымға құйылады.
Нәтижесiнде, славянофилдер „халықтық қауымдық бастаудың шiркеулiк қауыммен
жандануы” деп анықтайтын iшкi тарихтың мiндетi атқарылатын болады.
Сонымен ертедегi Русь және феодалдық бытыраңқылық тұсындағы Ресейдiң
философиялық ойы антикалық және византиялық өркениеттердiң жетiстiктерiн
игере отырып, бiр мезгiлде өзiнiң бастапқы дербес қадамдарын да жасай
бастады. Ол дiни дүниетанымның шеңберiнде дамыды. Алайда осы дiни қабықтың
астында практикалық сұрақтарға теориялық жауап беруге тырысқан төлтума ойды
да табуға болатын едi.
XIV-XVI ғасырларда феодалдық Рустегi философиялық ой әлi де болса дiни
идеологияның шеңберiнде дамиды. Сонымен қатар бұл тарихи кезеңде
православиелiк-христиан дiнiнiң догматтары мен православиелiк шiркеудiң
әрекетiне ақыл-ой тұрғысынан сыншыл түрде келген рационализмнiң пайда
болуымен байланысты iрi қадам жасалды. Бiрақ бұл рационализм философияның
дiн және дiнтанудың бөлiне бастаған тенденциясының iшiнде ғана өмiр сүрдi.
Орыс философиясының үшінші кезеңі ХІХ ғ екінші ширегінен басталады. Осы
уақытта ұлттық тіл, (Н.М.Карамзин, А.С.Пушкин), орыстың классикалық
әдебиеті пайда болды, олармен бірге орыстың өзіндік санасы қалыптасты.
Философиялық ойлар ақсүйектер дініне айналды, зиялы қауым діни мәселелерден
арыла қоймайды.
П.Я.Чаадаев (1794-1856) орыс философиясының қалыптасуының басында тұрды.
1836 жылы Телескоп журналында өзінің философиялық хаттарын жариялай
бастады. Онда ұлттың рухани дүниесі үшін православиеге қарағанда
католицизмнің маңызды екенін көрсетеді. Түкке тұрмайтын Византияға тәуелді
болу, өркениетті еуропадан бөліп тастады дейді. Оның пікірінше, адам
материалдық және рухани субстанцияның қосындысы. Адам туған күнінен бастап
өлгенге дейін коллективте, қоғамда болғандықтан ғана тұлға, кісі болып
қалыптасады. Коллективтік (ұжымдық) сана толық түрде индивидуалдық
ерекшелікті, субъективтілікті анықтайды. Коллективтегі өмір - адамды
хайуаннан ажыратын негізгі фактор. Ол индивидуализмге, эгоизмге қарсы
болды. Жеке бастың пайдасын қоғамдық мүдеге қарсы қойды. Тарихи процестің
негізінде Құдайдың көрегендігі жатыр, Дінді - Құдайдың еркін христиан діні
іске асырады, ол тарихтың қозғаушы өзегі болып саналады. Тарихқа,
мемлекетке және жеке адамның тағдырына әсер ететін негізгі фактор -
географиялық жағдай. Самодержавияның зұлымдығы - орталық өкіметтің
диктаты, басыбайлық. Құқықтың бұзылуының негізгі себебі: басқа елдерге
қарағанда ұлан- байтақ шексіз жерінің болуы. Россия дүниежүзілік тарихи
процестен шығып қалды, оның келешегінің мақсаты - дүниежүзілік тарихи
өріске оралу, батыстық құндылықты игеру. Бұл ойлар: славянфилдер және
батыстық болып бөлінуге алып келді.
Философияның мiндетi барынша кең, ал оларды шешу қабiлеттерi адамда
сонша тар дамыған, философия бүгiнгi күндерi математика немесе физика
сияқты ғылымдармен салыстырғанда төменгi деңгейде дамыған. Мұны философия
тарихындағы бiр-бiрiне қарама-қарсы көптеген философиялық мектептердiң бар
екендiгi туралы дәлел айғақтайды. Бүгiнгi күндерi әртүрлi мектептер мен
бағыттар жалпы мақсатқа – ақиқатқа жету барысында өзара түпкi келiсiмдерiн
табуға тырысады. Орыстың дiни философиясының да ақиқатты өзiндiк түсiнуi
мен оған деген өз жолы болды.
Арнайы ғылымдармен салыстырғанда, яғни әлемнiң әртүрлi қырымен
айналысатын жекелеген ғылымдармен салыстырғанда философияда әртүрлi
халықтардың мүдделерi өзiнiң таңбасын қалдырады.
Сондықтан да немiс, француз, ағылшын, американ және орыс философтарының
ұлттық ерекшелiктерi туралы айтуға болады. Әртүрлi елдердегi философиялық
мектептердiң арасындағы айырмашылықтар зерттеу пәнiн арнайы таңдауға,
философиялық ой-толғауға деген қабiлетiне, тәжiрибенiң әр алуан түрлерiне,
саналы, сезiмдiк немесе дiни және т.б. бағынышты болады.
Ресейде қазан төңкерiсiне дейiн философияның барлық салаларында –
гносеологияда, логикада, этикада, эстетикада және философия тарихында
зерттеулер жүргiзiлдi. Онан кейiнiрек те орыс философтары этика
мәселелерiмен ерекше айналысты.
XX ғасырдың бас кезiндегi қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының
бiрi дiни философия болды. Бұл бағыттың өкiлдерi – Николай Бердяевтiң,
Сергей Булгаковтың, Павел Флоренскийдiң және т.б. ойшылдардың есiмi әлемге
белгiлi болды. Олардың шығармашылығына XIX ғасырдағы орыс философиясының
дәстүрлерiмен қатар (славянофилдерден бастап Ф.Достоевский мен
Вл.Соловьевқа дейiн), әртүрлi мистикалық және пессимистiк көңiл-күйлерге
толы сол дәуiрдiң өзi де үлкен ықпалын тигiздi.
Орыстың дiни философиясында сыртқы әлемнiң танымдылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
ОҚУШЫЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогикалық практикадағы қозғалмалы ойындар
Қазақтың ұлттық ойындарын антропологиялық тұрғыдан қарастыру
Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Казақ спорт және туризм академиясы
Пәндер