Прагматизм қазіргі заманғы субъективтік идеализмнің американдық түрі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
ХХ ғасырда ең алдыңғы орында әдетте прагматикалық деп аталатын
кәсiпкерлiктiң "насихаттарына" негiзделген құндылық бағдарлар шығады.
Бұрынғы КСРО тұрғындарының бұқаралық санасында бұл насихаттар кешегi күнге
дейiн терiске шығарылып келдi. Алайда, бұл моральдық көңiл-күймен шабыттана
отрып, бiз прагматизм туралы көп нәрсенi аңғара бермеймiз. Прагматизмде
адамның өз алдына мақсат қоя бiлу қабiлетiмен, оны iске асыруымен, жағдайға
ықпал етуiмен, өзгелерiмен бiрлесе отырып нақтылықты өзгертулермен өмiрдiң
қоятын мiндеттерiн шешумен сипатталатын жалпы белсендi, әрекетшiл жан
ретiнде адамға қойылатын талаптар универсалданады және бiрiктiрiледi.
Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) - бұл ағымның өкілі әрі негізін
салушы Чарльз Пирс (1834-1914) және Джемс Уильям (1842-1910). Бұл
философияның негізгі принципі: қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да,
егер ол пайда әкелсе - шын, басқаша болса - жалған. Прагматизм ағымының бір
түрі - инструментализм (instrumentum- қару), негізін қалаушы американ
философы Джон Дьюи (1859-1952). Инструментализм түсінігінде ғылыми заңдар
тек қару болып есептелінеді. Инструментализм қоғамдық прогресс дегеніміз
нақты межеге жету емес, жәй процесс дейді. Дьюи философиясының бағыты
эмпиризм болғандықтан тәжірибеге көп көңіл аударды. Алғашқы түрткі болатын
идеяны, тіршіліктің бастапқы себебін іздеу орынсыз дейді.

Прагматизм

Прагматизм қазіргі заманғы субъективтік идеализмнің американдық түрі.
Оның басты өкілдері Ч.Пирс (1839-1914), У.Джемс (1842-1910), Дж.Дьюи (1859-
1952) т.б. Прагматизмді жақтаушылар дәстүрлі философиялар адамдардың
күңделікті іс-әрекеті үшін пайдасыз, өйткені "болмыс", "сана", "материя",
"идея" деген сияқты абстракциялық ұғымдармен айналысқандықтан, адамдардың
мақсат-мүдделеріне қызмет етпейді, соңдықтан ондай абстракциялық жалпы
проблемаларды, мәселен объективтік шыңдықтың мәні, философияның негізгі
мәселесі жайындағы мәселелерді, т.б. лақтырып тастап, тікелей практикальгқ
істермен айналысса ғана олар дағдарыстан шыға алады деп дәлелдеуге
тырысады. Демек, философияның міндеті, дейді олар, дерексіз бос сөзбен
айналыспай, адамдардың бақьпты тұрмысқа жетуіне көмектесуде. Прагматизмнің
негізін қалаушылар біз бүкіл ескі философиядан үзілді-кесілді бас тартып,
жаңа философия жасадық деді кезінде. Өздерінің жаңа философиясының бастапқы
негізі ретінде олар адамды, адамның практикалық іс-әрекетін ұсынды, бірақ
олар "практика" ұғымының мәнін мүлдем басқаша түсінді. Прагматизм практика
деп жеке адамдардың қара басының мүддесіне сәйкес пайда табуды, табысқа
жетуді түсінді.
Практиканың ғылыми-философияльгқ ұғымына қарама-қарсы прагматизм
философияның негізгі мәселесін идеализм тұрғысында шеше отырып, практика
(пайда табу, табысқа жету) барлығының негізін құрайтын бірден-бір шындық
деп есептейді. Практикадан тыс, тәжірибеден тыс ештеңе жоқ және болуы да
мүмкін емес. Олардың пікірінше, тәжірибе материалдықты да, идеалдықты да,
объективтікті де, субъективтікті де, бір сөзбен айтканда, дүниеде бардың
бәрін қамтиды. Тәжірибе, дейді Дьюи, түс көруді, есаландықты, ауруды,
өлімді, еңбекті, соғысты, адасуды, жалғандықты және кателікті қамтиды;
ол... сиқырлықты, жалған нанымды, сондай-ақ ғылымды да қамтиды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдағы Батыс философиясының негізгі ағымдары
Батыс философиясы
XIX - XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемалары
Жаңа ғасыр философиясы
Қазіргі Қазақстан дамуындағы прагматизмнің рөлі
Философия мен жеке ғылымдардың қарым қатынасы
Таным – шындықтың бейнеленуі
Секуляризация және еркін ойшылық әлеуметтік-тарихи феномен ретінде
Негізгі еңбектері
Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы туралы
Пәндер