АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ СОКРАТҚА ДЕЙІНГІ ФИЛОСОФИЯ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ІІ-тарау АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ СОКРАТҚА ДЕЙІНГІ ФИЛОСОФИЯ

Біздің дәуірімізге дейінгі VII —VI ғасырларда Эллада полистерінде
(қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында
дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген
әлеуметтік топтар пайда болды. Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттің
тирандық, кейінірек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келді.
Азаматтардың қоғам сатысында алатын орны шығу тегіне байланысты болмай,
олардың мүліктік жағдайларымен баш таныстырылды. Осы себептер ой еңбегі мен
дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар кауымының пайда
болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-
әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына
әкеліп соқтырды.
Сонымен қатар, антика философиясының қалыптасуына Крит-микен, Гомерлік
Греция кезендеріндегі әдеби-діни-мифологиялық көзқарастар және күнделікті
өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер (жеті данышпан
кезеңі) негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс
мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіруі (мысалы, сол кездегі афро-
азия елдерінде жақсы дамыған математика негізінде грек ғұламалары
дедуктивтік тәсілді дамытты) арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдық
негізін іздеген, рационалданған көзкарастар зор әсер етті. Демек, антикалық
дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің
логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның
көзқарастық және рационалдық-жүйелілік жақтарын тығыз байланыстыра
қарастырып, алғашқы философиялық ой-пікірдің қалыптасып, кейінірек келе
оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.
Б.д.д. VII—V антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқарастан
ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезенді антикалық
философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д. V—III ғасыр ойшылдардың
мәнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпышү?
кІтЬлханасытың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты
тұрғысынан түсіндіріп философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне
байланысты кезенді — Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге
бөледі.
Сократқа дейінгі кезенде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп
Кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет
қаласында өмір сүрген, жеті данышпандар қатарына жататын солардың ішінде ең
сыйлысы Фалес болды (шамамен б.д.д. 625—547 жж.). Ол "Бастама туралы", "Күн
туралы", "Күн мен түннің теңесуі туралы", "Теңіз астрологиясьі" деген
еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген.
Аристотель өзінің "Метафизика" деген еңбегінде заттардың генетикалық
бастамасын іздеген, олардың сол бастамадан қалай пайда болғанын және содан
қалай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің өзгеруіне қарамастан,
жалпы табиғаттың жойылмайтынын мәселе етіп көтергендердің ішіндегі
біріншісі Фалес болды деп көрсетеді.
Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы — су. Бұл
жерде су — мұхит (нун), Абзулардың (Апсулардың) философиялық жиынтықталған
ұғым. Фалес, бір жағынан, барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші
жағынан, ол жай су емес, ол "ақыл-ой", осы тұрғыдан ол құдай тектес дейді.
Ол әлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғы шарты-мыс. Күн және басқа
әлемдік денелер судың буымен коректенеді. Әлем құдайға толы, құдайлар
әлемдегі болып жатқан құбылыстардың, іс-әрекеттің негізгі күші, сонымен
қатар, сол денелердің өзіндік қозғалыстарының қайнар көзі ретінде —
солардың жаны. Мысалы, магниттің жаны бар, себебі, ол өзіне темірді тарта
алады.
Фалес таным процесінде танып-білу бір бастамадан басталып, соның
төңірегіңде ой қозғалуы керектігіне баса көңіл аударады.
Фалестің философиялық көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат
құбылыстарын, олардың пайда болу, даму заңдылықтарын табиғи тұрғыдан танып-
білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды. Оның ілімі өзінен кейінгі талай
ғұламаларға сара жол сияқты бастама болып, философиялық ой-пікірдің одан
әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты.
Фалестің ілімін өрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы Анакисмандр
(шамамен б.д.д. 611—545 жж.) жалғастырды.
Негізгі еңбектері: "Табиғат туралы" (бұл еңбектің кейбір фрагменттері
сақталған), "Жер картасы", "Глобус" (бұл еңбектер сақталмаған). Анаксимандр
барлықденелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына
дейін көтерді. Бастаманы ол заттардың түпнегізі — апейронмен теңестіреді.
Олай боЯса, апейрон бастама да, түпнегіз де. Симпликийдің айтуынша,
Анакеимандардың апейроны генетикалық бастама ретінде де, түпнегіз ретінде
де таусылмайтын шексіз және төрт дүлей күштің (жер, су, ауа, от) бір-
бірімен араласып, ауысу процесінің негізі. Бірақ, апейрон кеңістікте шексіз
емес, сол торт дүлей күштің негізі ретінде шексіз, көмескі және мәңгі. Ол
ешуақытта қартаймайды, өлмейді және жойылмайды. Ол мәңгі белсенділікте және
қозғалыста болады. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында өзінен қарама-қарсы
құбылыстар — ылғал мен кұрғақгық, салқындық пен жылылық шығарады. Олар екі-
екіден қосылып, жер (құрғақтық пен салкындық), су (ылғалдық пен салқындық),
ауа (ылғалдық пен жылылық), от (құрғақтық пен жылылық) түзейді. Осы төртеуі
арақатынасқа түсіп, олардың ортасында ең ауыр жер орналасады да, қалғандары
оны сумен, ауамен, жарықпен (от) қоршайды. Аспан отының әсерімен судың
біраз бөлігі буланады да, мұхиттардан жер көріне бастайды, сөйтіп,
құрлықтар пайда болады. Демек, апейрон космостың генетикалық бастамасы
ретінде ондағы денелерді дүниеге әкеледі. Аспан әлемі соғыс арбасы
дөңгелегінің шеңбері сияқты үш сақинадан (шығыршық) тұрады. Бұл сақиналар
көзге көрінбейді. Төменгі сақинаның көптеген тесіктері бар, сол тесіктер
арқылы аспандағы оттар көрініп тұрады. Ортадағы сақинада бір ғана тесік бар
— ол Ай. Жоғары сақинада да бір тесік бар — ол Күн. Тесіктер толық, немесе
аздап бітелулері мүмкін, онда күн мен ай тұтылады. Сақиналар Жерді айналып
жүреді, олармен қоса тесіктер де қозғалыста болады. Анаксимандр осылай
жұлдыздардың, күннің, айдың қозғалыстарын түсіндіреді.
Анаксимандр ілімінше, тіршілік теңіз бен құрлықтын шекарасы айда,
аспан отының әсерімен пайда болды. Алғашқы тірі жәндіктер теңізде өмір
сүрді, кейін олардың кейбіреулері өздерінің қабыршықтарын тастап, құрлыққа
шығып, тіршілік етті, сөйтіп, жануарлар пайда бодцы. Ал адам теңіз жануарла-
рының бір түрінің ішінде өсіп, өрбіп, ер жеткеннен (есейген-нен) кейін
құрлыққа шығып, өмір сүрді.
Анаксимандр ілімінің аңғалдығына қарамастан, онда таби-ғаттың даму
зандылықтарын табиғаттьщ өз логикасымен түсіндіруь Табиғаттану
диалектикасының алғашқы қадамдары болды.
Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен-(б.д.д. VI ғ.
ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі — "Табиғат туралы". Анаксимен барлық
денелердің негізі деп ауаны айта-ды. Ауа — шексіз (апейрос). Сөйтіп,
Анаксимандрдың апейро-ны түпнегізден ауаның касиетіне айналды. Ауа үнемі
козғалыс-та болады да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі зат-тар
мен құбьшыстарды түзеді. Ауа сүйылғанда алдымен отқа, содан кейін эфирге
айналса, қоюланғанда—желге, бұлтка, суға, жерге және тасқа айналады. Ауаның
сұйылуы жылылыққа бай-ланысты да, қоюлануы салқынға байланысты.
Анаксименнің ілімінше, жер жөне басқа аспан денелері ауада қалқып
жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер ауаның әсерінен ылғи да
қозғалыста болады. Күн де—жер, бірақ өзінің жылдам қозғалуының себебінен
ыстық шоққа айналған.
Ауа тек қана денелердің бастамасы емес, сонымен бірге жан-ньщ да
бастамасы. Ал жан болса, ол — бізді біріктіретін 'баста-ма. Анаксимен
күдайларды да ауадан пайда болды деген пікір айтады. Басқаша айтқанда,
құдайлар ауаны жаратқан жоқ, керісінше, ауа құдайларды жаратты. Олай болса,
күдайлар ма-териалдык түпнегіздің модификациясы ғана.
Қорыта айтқаңца, Милет мектебінің өкілдері.Фалес, Анаксимандр,
Анаксимен барлық заттардьщ, денелердің генетика-лык бастамасын, түпнегізін
құдайлардың қүдіретінен іздемейді, олардың өзіндік ішкі мазмұнынан іздейді.
Генетикалык баста-маның, түпнегіздің табиғаты, бір жағынан, зат тәріздес
болса, екінші жағынан, акыл-ойдан да қашық емес, сондықтан ол• қүдайлармен
пара-пар кұбылыс.
Милет мектебінде калыптасқан философиялық дәстүрді ілгері карай
дамытқан Эфес қаласынан шықкан саяси қайрат-. кер, ғүлама ойшыл Гераклит
(шамамен б.д.д. 544—483 жж.) болды. Оны іліміңдегі терең ойлары үшін
"тұңғиык" деп атаған. Негізгі еңбегі: "Табиғаттуралы". Бұл еңбектің 130-дай
фраг-менттері ғана сақталып, бізге дейін жеткен.
Гераклит заттардыңтүпнегіздік-генетикалык бастамасын от деп есептеген.
От мәңгі және күдай тектес. Әлемді құдай да, адам^да жараткан жоқ, ол өз
зандылығымен бірде лапылдап жанып, бірде сөніп тұратын, әр уақытга болған,
бар және бола-тын тірі от. Оттан Ғарыштың пайда болуын Гераклит отгың
"жетіспеушілігінен" болатын "томен карай жол" десе, оттың "молдығынан"
Ғарыштың кері отқа айналуын, өзінін түпнегізі-не қайтып келуін "жоғарыға
карай жол" —деп атаған. Сөйтіп, төмен-жоғары карай мәңгі қозғалыстың
нәтижесінде жалкы-дан барлық заттар, керісінше, заттардан жалқы жаратылады.
Әлемнің өзгеру тәртібі мен өлшемі, оның объективті заңы — логосқа
байланысты. Логостьш, өзі от сиякты. Бірак, сезім үшін — от сияқты болып
көрінсе, ақыл-ой үшін — ол логос, объективті зандылық. Логос тек кана
ғарышқа ғана тән зандылык емес, ол адам жанына да тән. Адамның жанына тән
логос ылғалдың бу-лануынан пайда болады, ал, керісінше, жан өлгенде, ол
суға айналады. Жан тек ылғалды ғана емес, сонымен бірге, кұрғақ та болуы
мүмкін. Сонымен, жан қарама-қарсы екі кұбылысты
— ылғалды және құрғақ жаннан түрады. Ылғалдык жаман жан-дарға төн.
Мысалы, ылғалды жан маскүнемдерге, ауруларға, күнделікті ләззат іздеген
адамдарда кездеседі. Ал кұрғақ жан
—данышпан, ақылды адамдарда кездеседі. Жанның қүрғақтығы
— оның логосы. Мүндай логос ғарышты билейтін объективтік логос сияқты
шексіз, терең келеді. Сондықтан жаннын шегіне жетемін деп талпынсақ, жан
логосының терендігі соншама — оған жете алмайсық.
Қарама-қарсы құбылыстар тек жан логикасына ғана тән емес, ол жалпы
ғарыштық құбылыс. Мысалы, теңіз суы балык-тар үшін таза болса, адамдар үшін
— арам, сондыктан балықтар ол сумен қоректеніп өмір сүрсе, адам оны ішсе,
ауруға шал-дығады. Сол сияқты, ең әдемі деген маймыл адаммен салыстыр-ғанда
ұсқынсыз болып көрінеді. Гераклиттің салкьш жылына-ды, ыстық салқындайды,
немесе денсаулықтың кадірін ау ырған-да білерсің деген пікірлері, жоғарыда
көрсетілгендей, заттардьщ қарама-карсылықта жөне үздіксіз өзгерісте болып
тұра-тындығын көрсетеді. Осыдан келіп, ол барлық денелер өзен сияқты ағып
жатады, ал бір өзенге екі рет түсуге болмайды деген корытынды жасайды.
Гераклиттің пікірінше, карама-қайшылықтар тепе-тен жағ-дайда болады,
бірақ ол тепе-тендік карама-карсылыктардың күресі арқылы бүзылады да,
дүниеге жаңа заттардың пайда бо-луына мүмкіндік туады. Қарама-
қарсылықтардың күресі — әлемде өзгерістердің болуының негізгі зандылығы.
"Күрес —
жалныға бірдей, барлығы күрестің және қажетгіліктің арқасын-да пайда
болады",
Осындай қарама-қарсылықтардың күресін Гераклит үндестік
ретіңдеқарастырады. Бірақ, мұндай үндестік көрінбейді, айқын емес,
осынысымен де ол өте күшті жөне әлемдегі барлық дене-лерге тән. Осыңцай
үндестікте жамандық, ұсқынсыздык сияқ-ты келеңсіз құбылыстар тұрақсыз
келеді де, жақсылық, көркемцік сияқты абсолютті құбылыстармен араласып,
жойы-лып кетеді. Бірақ, бұларды көру мүмкін емес, оларды көру тек
құдайларға тән. Сондыктан да адамдардың мынау — әділетгілік,
мынау—әділетсіздік, мынау—жаман, мынау—жақсы деп жат-кандарьшьщ бәрі құдай
үшін әділетті, жақсы, көркем.
Осыдан келіп, Гераклит адамдар логоспен күнде кездесіп жатса да, оны
танып біле алмайды деген қорытындыға келеді. Оньщ себептері әртүрлі. Бір
жағынан, табиғаттьщ өзі сырын көп апшбермейді, екіншіден,
адамдардыңкөпшілігі әбден тойынған, соңцыктан олар табиғат сырын түсінуге
талпынбайды.Оған коса, осы көгаіііліктің талап-мүддесін қорғаштаған халық
ақындары да, ұстаздар да (Гомер, Гесиод т.б.) табиғат сырын тұсінуге
мүмкіндік бермейді, себебі, олардың жырлары, ілімдері логос-ты түсінуге
бағытталмаған. Үшіншіден, көп білгендік те логос-ты түсінетіндей ақылға
ақыл қоспайды. Данышпандықтың белгісі — дүниенің бірлігін мойындап, логосты
танып-білуге кедергі құбылыстардан өзін алшақ ұстап, сол дүниенің даму
зандылықтарына бағынуы.
Гераклит адамдар табиғатынан бір-бірімен тең десе де, шын мәнінде
олардың тең еместігін мойындайды. Олардың теңсіздігі — талғам-мүдделерінің
әртүрлігінің салдары. Көп адамдар логос заңымен өмір сүрмейді, өз
түсінігімен өмір сүреді. Ондай адамдар өз ынтызарлығының билігінде болады.
Бірақ, олар бір нәрсені түсінбейді. Мысалы, олардың барлық тілектері орын-
далса да, олардың жағдайлары соншалықты жаксармас еді. Жалпы,
адаммемлекеттік құрылымныңда, табиғаттыңда негізін қалайтын логос заңына
мойынсұну арқасында өз жанын тыныш-тықка бөлеп, айқьшдайды, сөйтіп бақытқа
кенеледі.
Гераклитгің ілімі ежелгі грек, әсіресе, стоиктер философия-сына үлкен
эсер етгі, солардың арқасында бүкіл Батыска тара-ды. Гегель, Лассаль, Ницше
сияқты ғұламалардың еңбектерін-де Гераклитгің көптеген идеялары одан әрі
дамытылып, жалғас-тырылды. Гераклиттің іліміне марксистер де көп көңіл
бөлді.
22
Пифагор (б.д.д. 580—500 жж.) Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдың
аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан "Үлы Элладаға" ауыса бастады. Осы
кезенде оңтүстік Италия мен Сицилияда "пифагоршылар мектебі" деп аталған
одақкұры-лып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік тұрғьщан реформа-лау
қажеттігі туралы ілім кең өріс алады. Пифагоршылар қоғам-да анархияның етек
алуына қарсы болып, кұдайдьщ айтуымен жасалған мемлекеттік зандарды сактау
керектігін уағыздады. Пифагоршьглардың өздері бірауыз болмағаны, осыған
орай "ата жолын" қуушылар мен мемлекеттік билікке барлықхалық кдты-суы
керек деген ағымдардың арасында тартыстар болғаны белгілі.
Пифагор Самос аралында туып-өскенмен, кейінірек келе, әртүрлі
жағдайларға байланысты Египетте, Вавилонда (жрец-терден дәріс алған),
Үндістанда болып, ең сбңында "¥лы Элла-даның" Критом қаласында өмір кешкен.
Пифагор және пифагоршылар туралы Аристотель былай дейді: олар
математикамен шын мәнінде шұғыдданған алғашкы ойшылдар. Пифагор тек қана
математикамен айналысып коймай, оның негізгі қағидаларын — сандарды—жалпы
әлемдік қағидаға айналдырған және сол сандардың ара қатынастарын, олардың
арасындағы пропорцияны — әлемдік үйлесімділіктің бейнесі деген көзқарасты
өзінің философиялық ілімінің өзегі етіп кабылдаған. Оның пікірінше, сандар
— барлық заттардын, ғарыштың негізі. Пифагордың ғарыштың бастамасы, негізі
деп отырған сандары жай күнделікті өмірде қолданып жүрген сан-дар емес,
олар — ғарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсететін сандар. Бүл
үйлесімділікті біз аспан денелерінің бір сазды ды-бысты белгілі бір
интервалда шығаруынан білеміз. Бірак ол дыбыстар үздіксіз шығып
тұрғандықтан және олар бізге тұрақ-ты эсер еткеңціктен, біз оны кабылдай
алмаймыз. Эр планета Жерді айнала жұріп, өздеріне тән дыбыс шығарады.
Мысалы, Айдың дыбысы биік, ал Сатурнның дыбысы — өте төмен, осы екі дыбыс
косылғанда үйлесімді мелодия пайда болады. Сандар тек денелерге гана тэн
бастама емес, олар әдептілікке де, руха-ни кұбылыстарға да, жанға да тэн.
Жан дегеніміз сандардың үйлесімділігі. Жан мәңгі өмір сүреді. Ол адам
өлгеннен кейін жануарларға, өсімдіктерге ауысуы мүмкін. Бұл жерде біз Пи-
фагорға Ежелгі Үндістандағы Ведалық ілімнің әсерін байкай-мыз. Ежелгі
Үндістандағы философиялық көзқарастардағы
23сияқты өмірдің негізгі мақсаты дейді Пифагор, жанды тазарту. Оан —
құмарлықты жеңу, жастардың үлкендерді бұлжытпай тындауы, достық пен
жолдастықты дәріптеу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай отырып жетуге
болады.
Пифагоршылар Гераклит сияқты ғарыш карама-қайшылыққа толы дей отырып,
олардың 10 жұбын атап көрсетеді. Олар: шектілік және шексіздік, так және
жұп, жалкы және жалпы, он, және теріс, еркек пен әйел, тыныштық пен
қозғалыс, түзу.. мен кисык, жарық пен түнек, жақсы мен жаман, квадрат пен
көпқырлылық. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы — шектілік пен шексіздік.
Шекті нәрселерді танып-білуге болса, шексіздікті танып-білу мүмкін емес.
Шекті денелер геометрия арқылы бізге мөлім болса, шексіздік—танымның
мүмкіндік шеңберінен тыс, сондықтан оны тек ойша шамалауға болады.
Қорыта айтқанда, Пифагор философтардың ішінде бірінші болып өз
ілімінде сан категориясын жан-жақты карастырған және өз ілімін халық
арасында үгіттеп таратқан (пифагоршы-лар одағы) ғұлама, Оның ілімдері
кейінірек Платон философи-ясының калыптасуына үлкен эсер етті.
Элеаттар мектебі. Негізгі өкілдері: Ксенофан, Парменид, Зенон.
Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуын-дағы жаңа қадам бодды.
Егер Милетмектебінің өкілдері түпнегіз — физикалық дене, ал пифагоршылар —
сан десе, элеаттарда түпнегіз — болмыс. Элеатгар ілімінің негізгі
қағидалары мынаған саяды. Түйсінген денелердің барлығын нақтылық деп қабыл-
дауға болмайды, керісінше, олардың бәрінде өздерін ақыл-ой арқылы
негіздеуге болатын мүмкіндіктері болуы шарт, себебі, тек қана түсіндіруге
болатын заттар ғана нактылы өмір сүреді. Қарама-қайшы пікірлерге
сыймайтындар жок. Олай болса, нақ-ты шындык пен түсіндіре білудің
арасындағы карама-қайшы-лық — біз қолданып жүрген ұғымдардың деңгейлерінің
жеткіліксіздігінің салдары. Бұл пікір ешқандай талкылауды ке-рек етпейді.
Элеат мектебінің негізін қалаушы және көрнекті өкілі — Колофон
полисінен шықкан Ксенофан (шамамен б.д.д. 579—487 жж.) болды. Оның
пікірінше, барлық заттардың негізі — жер. Жер өзінің тамырларымен
шексіздікке кетеді. Тіршіліктің шығуына жермен қоса судың да маңызы зор.
Жанның өзі де жер мен судан жаралған. Ал судан бұлттар пайда болады да,
бұлттардан аспан денелері жаралады. Мысалы, Ай — бір жерге
24
шоғырланған бұлт болса, Күн — су буының жануының салда-рынан шоққа
айналған аспан денесі.
Егер Милет мектебінің өкілдері космостың г,енетикалық бас-тамасын, әрі
түпнегізін физикалық қасиеттері бар ауа, су, от апейрон десе, Ксенофан
олардан әрірек кетіп жер космостың түпнегізі ретінде біртұтастық деп
түжырымдайды. Ол түпнегіздің шекті не шексіз екендігін, материалды немесе
идеалды екендігін айқындамайды. Біртұтастык ретінде ол құдаймен пара-пар.
Құдай — "барлық нәрселер", бірақ бұл "барлық нәрселер" көптүрлілікті
көрсетпейді, ең жоғары біртұтастықты көрсетеді. Оның түпнегізі — ақыл-ой.
Құдай адамдарды жаратпайды, керісінше, адамдар өз бейнесіне карап, құдайды
жаратады. Егер жылқылар адамдар сияқты сурет сала білсе және өнердің
түрлерін тудыра алатын болса, онда олар құдайларды өздері сияқты жылқы
ретінде суреттер еді. Ксенофанның кұдайы — таза ақыл-ой, ол материалды
емес. Оның барлық күші — даныш-пандылығында. Ол гректердің бұрынғы
құдайларындай бір ор-нынан екінші орынға қозғалып, дүниені кезіп жүрмейді,
керісін-ше, ьшғи да тыныштыкта болады, қозғалмайды. Ол әлемді тек ақыл-
оймен ғана баскарады, ешқандай да дене күшін жұмса-майды.
Бірақ, — дейді Ксенофан, — кұдайдьщ, жалпыға ортак та-биғаттьщ нақты
шындық екенін ешуақытта ешкім көрген де емес, білген де емес. Ал егер осы
акиқатты танып-білу жолын-да кімде-кім дұрыс бағыт алған болса, ол бәрібір
ондай акиқат-ты білмес еді. Себебі, құдайдың жалпыға ортақ табиғаттың өмір
сүруі дегеніміз, олардың бар сиякты болып көрінуі ғана.
Түйсіктер берген ақпараттар шындыққа жатпайды. Ақыл-ойдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сократ философиясы
Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты
Антикалық философия қалыптасуының алғышарттары және даму кезеңдері
Гректің атақты жеті данышпанының дүниеге көзқарасы
Антикалық философия туралы
Сократ пен Платонның этикалық ілімдері
Антикалық дәуірдің философиялық ізденістеріндегі ғылыми білімнің жүйеленуі
Антика философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі. Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі. Шәкәрім рух туралы
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Антикалық философия. Милет мектебі
Пәндер