Адамдық мәнділік


Адамдық мәнділік деген не?
Кіріспе тарауда біз адам үшін дүниеде тек тірі организм болып тіршілік ету, организмдік мұқтаждықтардың шеңберімен шектелу жеткіліксіз дегенбіз. Оның дүниеде болуын ақтай алатын нәрсе, ол мәнділік дедік. Бірақ, кейбіреулер осы тірлікті ғана қамтамасыз етуді, соның мұқтаждықтарына ғана қызмет етуді өз өмірінің бірденбір мәні немесе мағынасы деп білуі де мүмкін. Осылай ойлайтын адамдар аз да емес. Өмір сүрудің қиындығы көбінесе осылай ойлауга негіз де береді.
Әйтседе, егер адамдардың барлық, әрекеттері мен қылықтарын олардың организмдік, тек тәндік мұқтаждықтары ақтай алатын болса, онда адамға ғана тән көп нәрселер болмаған болар еді. Ең алдымен оларға мұндай жағдайда қоғамдасудың керегі шамалы. Ол үшін қоғамдасудың ең алғашқы жануарларда кездесетін қарапайым түрлері де жеткілікті. Қоғамдасудың түпкі мәні адамдарга қажетті құндылықтарды орнықтыру, оларды сақтау екенін көреміз. Себебі сол құндылықтарды сақтау үшін қоғам жеке адамдардың өзімшілдігін құрбан етуді, тежеуді талап етеді. Қауымдық дәуірде, мысалы ру мен тайпаның сақталуы үшін, ұрпақ пен ұрпақтың жалғасуы үшін жеке адамдарға екінің бірінде өз өмірін қоюды қажет етеді. Ал жеке адам оны көбінесе даусыз мойындаған. Яғни әрбір жеке адам үшін оның өз өмірінен бағалырак нәрсенің болғаны гой. Адамдардың өмір сүруінің өзі де олар үшін белгілі бір мәнділікке ие. Тіршілікте тірі жәндіктің бірі болу да адам үшін аз да болса, барлық мәнділіктердің алғышарты. Тіпті қандай да болмасын мәнділік содан басталады. Өз өмірін де, басқа адамдардың өмірін де, тіпті жер бетіндегі тіршілік атаулыны бағалай білу мәнділіктің жалпы басталатын көзі. Бірақ осы мәнділікті, осы құндылықты өз жан дүниесінің үнемі ақтаушы, оның рухани ұмтылыстарына ұдайы бағыт беруші күшке айналдыру тек адамның өз тіршілігінен жалпы тірлікті жоғары қою шартынан шығады. Осы жалпылықты өзі үшін мән етуден басталады.
Ол, әйтседе; осы жалпылықпен шектелмейді. Осы тіршілік атаулыны, тілті бүтін жарық дүниені бағалай білу, өркімге өз тірлігін тәркі ету емес. Өз тірлігінің, өз болмысының ешбір сыртқы күшке тәуелсіз, өзіндік бағалылығын мойындаусыз басқа дүниенің, басқалардың да өзіндік бағалылығын мойындау мүмкін емес. Адамның дүниеге қатынасының түпкі негізі осында жатыр. Адам барлық әлемнің өзі үшін, адамзат үшін құндылығын мойындайды, оған солай қатынас жасайды, себебі өзін де сол дүниеге барабар, сол дүниеге тепетең құнды нәрсе деп қабылдайды. Әрбір жеке адам мойындасын немесе мойындамасын, оның дүниеге қатынасының түпкі мәні осылай. Яғни, адам үшін бүтін дүние өзіненөзі, басқа ешнәрсеге тәуелсіз бағалы, сол сияқты адам да өзінен өзі басқа ешнәрсеге тәуелсіз бағалы. Адам өзінен өзі бағалы құбылыс болмаса, оны ешбір сыртқы күш бағалы ете алмайды. Басқаша айтсақ, адамның бағалы не бағасыз болуы оның өзіне ғана байланысты, ол өзі ғана осы қасиетке ие бола алады немесе бола алмайды. Әрине, біз бұл жерде адамның бір сатылатын нәрседей бағасының болуын айтып отырған жоқдыз.
Күнделікті өмірде тек тірліктің қамымен жүрмін деп ойлайтын адамдардың өздері де басқаларга және өзіне сол қамдықтың шеңберінен әлдеқайда кең көлемдегі талаптарды екінің бірінде алга тартып жүреді. Олар үшін де белгілі бір әрекеттер өділетті, ал басқалары әділетсіз, жақсы не жаман т. т. Ал, олар организм мұқтаждығынан басқа нәрселердің бәрі де беймәлім жәндіктерде болмайды. Шектен шыққан өзімшіл де осы категориялармен ойлайды. Сонымен бірге күнделіхті өмірде осы мәнділіктің сан түрлерін кездестіреміз. Адамдардың көпшілігі мойындайтын жалпы мәнділіктің шеңберінде көп адамдардың өзіне ғана тән, жалпылыққа қайшы келмейтін нақты мәнділіктері де бар. Кейде тіпті болмашы нәрселердің, жалған нәрселердің өзі адамдарга өмірінің мәніне айналып жүреді. Адамдықка жат жауыздықтың өзі де тұтас бір қауымдар, халықтар, топтар үшін олардың тарихтағы болуының мәніне айналғаны да белгілі.
Адамгершілікті, ізгілікті, әділеттілікті т. т. мойындаудан басқа шексіз байлыққа, билікке, үстемдік пен озбырлықда т. т. ұмтылушылық та көп адамдардың көкейтесті пиғылдарына айналатындығы қазіргі заманда бәрімізге аян. Осындай жеке адамдардың өмірлік мәні болатын тағы да көптеген нәрселерді айтуга болады. Сол сияқты көптеген тарихи кезеңдерде бір халықтың, таптың т. т. екіншілеріне үстемдік етуге ұмтылуы, тіпті оларды жойып жіберуді көздеуі осындай мәннің орнын басады. Мысалы фашизм идеологиясы, солардың бірі. Олай болса, мәнді болу тек қана игілікті, ізгілікті болу деген сөз емес. Мән барлық уақытта тек жағымдылықты білдірмейді. Бірақ, өздігінен жағымсыз қасиет, оның объективтік жалғандығы белгілі бір өмірлік мәнге айналғанда ол көбінесе жағымды баланады, биік мақсат, өмірлік арман больш тұрады.
Сондықтан мәнді, мәнділікті барлық уақытта айдан айқын адамдарға белгілі және өзгермейтін нәрсе деуге болмайды. Адамзаттың бүкіл тарихы да, әрбір жеке адамның өмір жолы да осындай мәнділікті іздеуге толы. Біздің мұндағы айтып отырған адам болмысының мәңгілік бір мәнінің болуы емес, оның өзгешелігі сондай мәнге оның ұмтылушылығында және сол мәнді олардың өздерінің туғызуында. Ол мәннің нақты мазмұны адамдардың тарихи пайда болатын адамдық деңгейіне байланысты және сол адамдықтың нақты өзгешелігіне, қайталанбас тұрпатына қарай болып тұрады.
Мәнділіктің адамдарды басқа барлық жөндіктерден бөлектетіп тұратыны оның адамдарга табиғаттан берілген тума қасиет еместігінде. Адам туғанда мәнімен бірге тумайды. Ол кейінгі қалыптасуында ғана мәнділікке ие болуы мүмкін. Және ол да тек мүмкін нәрсе. Онда бұлтартпайтын қажеттілік, заң жоқ. Себебі дүниеге келген нәрестенің адам болуының өзі де мүмкіншілік қана, ол болмай калмайтын тағдыр емес. Сондықтан да адамдардың әрқайсысы белгілі бір мәнділікті өзі жасайды, яғни оның таңдайтыны өзінің биологиялық тума қасиетінен басқада болуы және сол өзінің биологиялық болмысы да болуы мүмкін.
Адам өз болмысының субъекті. Субъект болу әрбір жеке адамның өз іс-әрекетіне, сыртқы дүниеге, басқа адамдарга әрі өзіне қатынасына өзі ие, оны ол өзі жасап, өзі реттеп әрі өзі тыя алады дегенді білдіреді. Сонымен бірге ол өзінің жан әлемінде де, өзінің психикалық қызметіне де белгілі дәрежеде ие, олар үшін ол жауап бере алуы тиіс. Әрбір адамда мәнділіктің өзгеше болып, оны өзінше түсінуі, бірақ, жалпы объективті мәнділіктің болуын жоқуа шығармайды. Оны мәнділіктің ақиқаты деп атауға да болар еді. Ол жеке пиғылдар мен ұмтылушылықтардан тәуелсіз, олардың әртүрлі айнымалы өзгерістерінен терең жататын мәңгілік асылдықтар. Олардың жалпы мәні адам жоғалмай тұрып өшпек емес. Тек тарихи әртүрлі себептермен көмескіленіп, бүркемеленуі мүмкін.
Белгілі бір тарихи дәуірге немесе ортага тән мәнділік сол дәуірдегі не ортадағы адамдардың жалпы рухани кескінін құрайтын нәрсе. Адамдардағы нақты істер мен мақсаттар, олардың ойлау ерекшелігі (менталитет), жалпы тіршілігі мен ойлауының логикасы сол ішкі мәнділікпен сәулеленіп тұрады, белгілі дәрежеде соның көрінісі деуге болады. Сондықтан да мәнділік көбінесе тікелей көзге көрінетін құбылыс емес. Белгілі бір ортаның рухани мәдениетінің өзгеше болып тұратыны да оның түпкі негізінде белгілі бір ерекше мәннің жататындығынан. Осындай мән белгілі бір мәдениеттің ішкі үйытқысы. Мысалы, байырғы қауымдасудың дәрежесінде XX ғасырга дейін сакталған Америка, Австралияның т. т. тайпаларын зерттеген Еуропа ғалымдары сол тайпа адамдарының іс-әрекеттерін, әсіресе олардың ойлау логикасын көп уақыт түсіне алған жоқ. Оларға әуелде (Э. Дюркгейм, әсіресе Л. ЛевиБрюльге) қауым адамдарының ойлауында ешкандай логика жоқ сияқты қөрінген. Бірақ, кейінгі кезеңдерде, олардың ойлауы еуропалықтарга ұқсамайтын басқаша тәртіппен, заңдылықден іске асатындығы айкщдала бастады. Пралогикалық. (яғни логикалық дәрежеге дейінгі) деп есептеліп келген ойлаудың өзіндік өзгеше логикасының бар екені белгілі болды. Оның себебі ойлаудың барлық мәнін сыртқы объективтік дүниенің себепсалдарлық байланыстары арқылы ғана көретін, сыртқы дүниені тек заңдарын білу арқылы пайдалануға бағышталған еуропалық ойлау негізінде басқа мән жащан ойлауды, рухани мәдениетті түсіне алмады. Байырғы қауым адамдарының мәдениетіне, ойлауына, табиғатқа, болмысқа осы тұрғыдан қарау жат нәрсе. Өзінің осы қатесін Л. ЛевиБрюль кейін өзі де мойындаған.
Адамның дүниеге қатынасы, оның негізгі сипаты мен табиғаты осы мәнмен анықталады. Сыртқы табиғатты өзгерту қызметінің өзі негізгі екі түрлі мәнді іске асыру үшін болуы мүмкін: біріншіден, табиғат пен адамның үйлесімді байланысы, бірінбірі толықтыратын, жаңгыртатын және екіншіден, табиғатты тек пайдалану үшін. Табиғатқа тек қана пайдагершіліктің көзімен қарап, тек өзінің бір мүқтаждығының тұрғысынан қатынас жасау антикалық дәуірден бастап Еуропада кең өріс алды. Онда табиғатты тек адамның бір кәДесіне жарайтын немесе жарамайтын заттар мен құбылыстардың арсеналы, адамның бір табиғи қоймасы ретінде ғана қарап іс-әрекет жасау басым болды. Әрине, еуропалық өмірде басқа қатынастар да бар, бірақ әңгіме қандай қатынастың жетекші, басым болғандығын аитып отырмыз. Осы пайдагерлік қатынас үстем болған, тіті баз біреулердің жан дүниесінде жалғыз ғана күмарлыққа ие болған жерде табиғалың, баса адамдардың, жалпы өзінен тыс құбылыстардың қайсысы бблса да өзіндік дербес мағынасынан айрылады, ондай жандар үшін табиғаттың кез келген заты не пайдалы, не пайдасыз, олардың өзіндік құндылығы ол үшін жоқден тең. Сондықтан ондай адам, ондай қоғам табиғатты оның адамнан тәуелсіз мағынасы үшін кастерлемейді, оны мөпелемейді, тіпті сақтауға да ұмтылмайды, одан тек керегін алып, жоя беруге даяр. Бұл белгілі бір мәнділіктін ешбір қоспасыз "таза" анықтамасы. Бірақ өмірде ол қатынас ешбір "кіршіксіз" ада күйінде кездесе бермейді. Өкінішке орай өзіміз өмір сүріп отырған дүниемізде осы қатынас басым. Соның аркасында өзімізді қоршап отырған табиғат орасан зор зардап шегуде. Бұл қатынас түбірінен өзгермесе (бүкіл әлемдік шеңберде) адамзат қазіргісінен де зор апаттарга ұшырауы сөзсіз. Бұл тарихтағы жалған мәнділіктің бір көрінісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz