Тарихи - философиялық таным табиғаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тарихи-философиялық таным табиғаты

Философия тарихын танудағы басты мәселе тарихта өткен зеоделі
философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір
білімділік жүйеге лайықтап, осы заманға, қазіргі оқушылар мен зиялы қауымға
бұрмаламай жеткізу болып табылады. Өткеннің білім мұрасы жаңаша
философиялық ілімге мұрындық болып, түбегейлі және негізделген ғылыми-
методологиялық нәтижелерге жетуді қамтамасыз етеді.
Философия тарихын зерттеген еңбектер ерте заманнан белгілі. Небір
ғұлама ойшылдардың шығармашылық мұралары олардың философияға қосқан
үлестері, көтерген өзекті мәселелері туралы кезінде әр елдің, әр заманның
тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, ақыл мен сезімге, даналық пен
түсінікке, санаткерлік түйсікке негізделген идеялар баршылық. Оларда
қоғамдық сананың ерекше түрі ретіндегі философияның пайда болуының
алғышарттары – мифологияның, дінтанудың, халықтардың қарапайым санасының,
алғышқы ғылыми ойлардың тигізген әсерлері толыққанды да жан-жақты
сипатталған.
Тарихи-философиялық процестің дамуының өз заңдылықтары болады. Кезінде
орын алған “идеялардың филиациясы” (тек ойдан ғана ой туады),
“данышпандардың бастамалары” (тек ғулама данышпан ғана ойды дамытады)
тұжырымдары, немесе философиялық ойдың қандай да бір әлеуметтік топтың
болмысынан тікелей туындайды деген тұрпайы идеялардың жетегінде кетіп,
осылардың тек қана біреуімен философия тарихын екшеп, оның өзіндік
ерекшеліктерін талдаптаратуға мүмкіндік бар деген қағидалар орын алған еді.
Жалпы тарихи-философиялық процестің ішкі даму логикасын мұндай
біржақтылық тұрғыдан талдау қате дер едік. Тек ғылыми методологияны
қолданып, екі жарым мың жылдық тарихы бар, ұланғайыр ақыл-зерде, пайым-
тұжырымдар мен түсініктерге мол, келелі мектептері, жүйелері мен ұстанған
бағыттары бар, кемеңгер ойшылдар мекендеген мұндай ауқымды рухани
кеңістікті игеруге қол жеткізуге болады.
Философия тарихының ғылымға айналу жолында әрбір заман талабына
байланысты бірқатар ойлау жүйелері мен стильдері болған. Оларды саралап
қарасақ, біріншіден, философия тарихын объективті процесс ретінде қабылдау
қажеттігі туады, себебі ол субъективті ойлау құрылымдарын субъективті сынау
ғана емес, керісінше, әрбір философтың қалдырған ізгі объективті шындығының
бір бөлігі немесе жанамасы болып табылады. Осыдан келіп, екіншіден,
философия тарихы оқу пәні ретінде қалай көрінуі қажет деген мәселе
туындайды. Шынтуайтында, осы екеуінің қазіргі философия тарихы ғылымында
бірегей жағдайда болғаны дұрыс-ақ, ал іс жүзінде олар әр кезде жеке-дара
орын алды.
Қалыптасқан философия тарихында әртүрлі тарихи-философиялық
құрылымдардың болғанын байқаймыз. Оның алдыңғысы – негізінен антикалық
доксографтарына тән және олар белгілеген эмпирикалық құрылым. Мұның өзі
философия тарихын ғылым ретінде жоққа шығарған болатын. Одан кейінгісі –
эклектикалық құрылым болса, ол әрқилы философиялық бағыттар мен
мектептердің негізгі идеяларын сапырылыстырып жібереді. Үшінші тарихи-
философиялық құрылым ретінде скептицизмді атауға болады. Бұл бағыт өзінен
бұрынғы философиялық шешімдердің жағымды мәнін терістеуді мақсат етті. Ал
енді төртінші құрылымға келсек, ол философия тарихында жиі кездесетін сыни
көзқарастар еді. Олардың басты ұстанған принциптері:
а) әрбір айтылған ой мен пікірді, қалыптасқан философиялық жүйенің
шығу тегін және өзара сабақтастықтарын терең де жан-жақты ашып көрсету;
ә) әрбір философиялық тұтастықты және оны құрайтын бөліктерін оның
өзіне тән қисынды-методологиялық принциптеріне сәйкес анықтау. Философия
тарихында ненің қалай болғанын емес, керісінше, ол неге осылай болған, неге
басқаша болмаған деген идея басымдығын көрсеткен жөн. Демек, оны басшылыққа
алу философия тарихының даму заңдылықтарын ашуға мол мүмкіндіктер беретіні
тағы белгілі. Оған синтетикалық (жинақтау), яғни теориялық методологияны
қолдану осы процестің мәніне тереңірек бойлауға, заңдалықтарын жан-жақты
ашуға, танып білуге кең жол ашады.
Философия тарихының методологиясы күні бүгінге дейін әлі кеңінен
зерттеле қойған жоқ. Философия тарихының методологиясы, оның принциптері,
идеялары, негізгі бағыттары және басты проблемалары философия тарихының
кұндылықтарын прагматикалық түрде түсіну басым болып тұрған кезде, оның
теориялық және методологиялық өлшемдерін жүйелі түрде зерттеу қиындыққа
соғады.
Тарихи-философиялық зерттеулерде философия тарихының методологиясы
арнайы қаралмайды, бірақ оларда теориялық-методологиялық мәселелердің
біразы сөз болады. Дейтұрғанмен, онда философия тарихы жүйелі теория
ретінде, сыни бағалау тұрғысынан көріне алмайды да, философия тарихы тек
эмпириялық келбеті арқылы өзін бейнелейді.
Философия тарихына арналған айтулы еңбектерде философия тарихының
методологиясы ерекше мән беріле тұрса да, тек алғысөз ретінде қысқаша
берілумен шектелгенін айтпасқа болмайды. Демек, онда теориялық және
методологиялық мәселелер толық айқындалмаған. Әлгіндей алтысөзге
қанағаттанбаған оқышы философия тарихының теориялық және методологиялық
мәселелерін “философия тарихы” пәндерінің мазмұнынаң екшеп алуына болады.
Қалай болғанда да, автордың өз тұжырымдамасы жекелей философтың көзқарасын,
оның еңбектерін, идеяларын арнайы жүйеге келтіруге септігін тигізеді,
сондықтан ол өзі ұстанған бағытқа орай материалдарды іріктеп алады. Бұл
әлдебір заңдылықты басшылыққа алғанда ғана іске асатын ғылыми зерттеу
болады.
Тарихи-философиялық таным методологиясын әртүрлі бағыттарда
қарастыруға болады. Мысалы, тарихи-философиялық процестің методологиясын
оның бастауынан, - қарапайым түрлерінен жетілген жүйеді жағдайына дейін,
зерттеу бір бағыт деуге болады. Бұл жүйелі жағдайына дейін, зерттеу
міндетті түрде тарихи-деректемелік қасиетке ие болады. Бірақ тарихи-
фисофиялық таным методологиясын қалыптасқан жүйелік негізде қарастыру дұрыс
бағыт керек.
Тарихи-философиялық таным методологиясын және тарихи-философиялық
ілімнің құрылымын жеке-дара қарастыруға да болады. Философия тарихының
ғылыми методологиясы туралы зерттеулерде осы ілімді қайта құрылымдау
кезінде тарихи (генетикалық) әдіс қолданылады. Ғылыми методологияны
түсіндіруде осы заманғы тарихи-философиялық ілімді жүйелі талдау табиғи
нәрсе. Осының нәтижесінде тарихи-философиялық процесті, оның негізгі даму
жолдары мен мәнін жалпы түрде шолу, жеке мектептер мен ұлы ойшылдардың
философиялық мұраларының көлеңкесінде қалып қоймай, философия тарихының
даму заңдылықтарын, оның көптармақтылығының бірлік негіздерін, мәңгілік пен
өтпелілік қатынастарының ортақ белгілерін пайымдауға, зерделеуге және
түсіндіруге мүмкіндіктер туады.
Тарихи-философиялық таным пәні – философия, ал оның қарастыратын
мәселелері философияның мәселелері болып табылады. Философия тарихы ғылыми
айналыспайтын философиялық мәселе жоқ. Бірақ бірде-бір философиялық ілім
барлық философиялық мәселелерді қамти алмайды. Тарихи-философиялық ілім
философия пәніне жатпайтын мәселелерді де қарастырады. Мәселен,
философиялық ілімнің тарихи мәселелері: оның пайда болуы, дамуы, әлеуметтік
жағдайлармен қабысуы, гносеологиялық түп негіздері және т.б. Дегенмен оның
қайнар көзі – тарих пен философияның тікелей қабысуы емес, ол философиялық
ілімнің тарихи жағдайға бейімделген объективті процесс екендігінде екені өз
алдында, оны сыни тұрғыда зерделеу мен іштей түсіну болып табылады.
Философия тарихының маманы үшін ең бастасы – осы ілімді түсініп,
тарихи пайымдап, философиялық ілімдердің өзара байланысын анықтап, оның
қоғамдық-тарихи процесімен арақатысын ажыратып отыру, осы мақсатта
мүмкіндігінше бүкіл тарихи-философиялық танымның ерекшеліктерін еске ұстау.
Тарихи-философиялық таным философиялық ілімдердің өлшемдерін
анықтаудың белгілерін әлемдік философияның жетістіктеріне сыни тұрғыдағы
көзқарас арқылы бағалайды.
Философия тарихын объективті тарихи даму процесі ретінде пайымдаған
негізгі принциптері оны адамзаттың мәдениеті, рухани өмір мен өркениеті
дамудың ең басты және маңызды интегральды шекті бөлігі ретінде
түсіндіріліп, қарастырылады. Философия тарихын толық және жемісті зерттеу
тек адамзат дамуының жиынтық процесі астарында ғана мүмкін. Басқаша
айтқанда, бұл астар “мәтінде” және философия мәтіндерінде белгіленгенінде
болып отыр.
Рухтың даму үрдісі, қоғамның даму тарихы мен мәдениет бірлігін
айқындайтын философия тарихы көптеген түрлерде кездеседі. Ең бастысы
философияның адамзат тағдырын ірі замандар мен аймақтық өркениеттік
құрылымдардың, жалпы адамзат өркениетінің аясында түсініп, оны кең
көлемдегі нәтижелермен байланыстыра қарау керек. Батыс және Шығыс
өркениеттері ерекше белгілері бар мәдениет түрлерін, олармен тығыз
бірліктегі әртүрлі философиялық мәнерлердің түрлерін қалыптастырды. Осы
ерекшеліктерді алға тарта отырып, олардың өркениеттік, мәдениеттік,
философиялық ойлау принциптеріне тереңірек үнілуге қол жеткізуге болады.
Тарихи-философиялық процестің ішкі қайшылығы ретінде оның құнды
жетістіктері және нақты – тарихи, ұлттық, адами-кісілік түрлері мен әртүрлі
салт-дәстүрлердің өзара қарым-қатынаста боларын тіркес-тіркес процеске
айналуын, осыларды біріктіріп тұрған әлемдік философия тұтастығын
айқындайтын айшықтарын атау керек.
Қазіргі кездегі философия оқулықтарынан тыянақты жазылған қазақ
философияның тарихын таба қою киын. Тіпті оны тарихи-философиялық процестен
“түсіп” қалған ба дегендей ой келеді. Ал шындыққа жүгінсек, баяғы қазақтар
мен олардың ұрпақтары болып табылатын қазіргі қазақтардың аса бай рухани
жүйесі, алғашқы философиялық пайымдаулары мен діни , мәдени зерделігі
Қазақстан тарихында ерекше орын алады десек, онда мұны философия тарихынан
бөліп қарастырудан асқан қателік болмас еді.
Тарих қойнауына бойлай ену, оны тарихи талдау мен жазбаша тұрғыда
көрсетуге ұмтылушылық пен философия тарихын әрлендіру әрі қазіргі заманға
бейімдеу, сондаай-ақ қазіргі кездегі адамдарға мәнді етіп көрсету жағынан
алып қарағанда қайшылықтар болатынын жоққа шығару мүмкін емес.
Философиядағы жаңашылдық пен философия тарихын терең түсіну бір-бірімен
тығыз байланысты, нақ осы арқылы философия дамуының заңдылықтарын түсінуге
болады. Философиялық ілімнің даму процесінде оныңбайи түсуі, кеңеюі, түрлі
өзгеріске ұшырауы және т.б., бір сөзбен айтқанда, ғылыми дәрежесінің өсуі
байқалады. Идеялардың тікелей және үздіксіз қарым-қатынастары санаткерлік-
философиялық желіні құрап, оның мәдениет аралық, мәдениеттің ішкі және
сыртқы қырларының үйлесімдігін қалыптастырады.
Қазіргі рухани болмыста екі түрлі пайымның орныққанын байқау қиын
емес. Біріншіден, философия өз табиғатына және қолдану жағдайы тұрғысынан
алып қарағанда ғылымға жата ма? Егер ол ғылым болса, онда ғылымға дейінгі
және ғылымнан тысқары философиялық тәсілдердің түрлері “дамымай қалған”,
“жалған” болып шығады. Екіншіден - ғылыми, сциентикалық идеялар мен
тұжырымдамалар өзара тоғыса келе философиялық ойлаудың тек бір қыры
(негізгі емес) ғана бола алады.
Осыдан келіп мынадай бір сауал туындайды, айталық, ойдың тарихи дамуы
ғылым бағытымен ұдайы өсу үрдісінде болды деу керек пе? Егер солай десек,
онда бұрынғы және қазіргі кейбір философиялық бағыттарды бір-бірінен
алшақтатып немесе олардың мән-мағынасын теріс түсіну орын алар еді. Екінші
тұрғыдан алғанда, мифология мен дінге бой алдырған немесе оның жолына бағыт
алған философиялық ойлау тәсілдерін бір құқыққа сыйғызып, оны тепетеңдікте
бағалауға бола ма? Үшіншіден, ғылым және ғылыми сипат философиялық кемеңгер
ойға өлшем бола алмайды, себебі ғылым философия ерекшеліктеріне сәйкес бола
алмайды, олар ғылымнан да жоғары тұрады дейтін пікір қаншалықты өміршең?
Тағы бір қысқаша тоқталып, ой елегінен өткізетін мәселе мынадай:
Философия адамзат ілімнің ең жоғарғы сатысы бола ала ма, әлде оны
небары тарихтың катардағы ілімнің ерекше түрі деп қарастыруымыз керек пе?
Осы соңғы қасиеті арқылы философия санаткерлік бекзатқа ғана тән, ал оның
тарихи-әлеуметтік практикаға қажетті жоқ деген пайымды қалай түсінеміз?
Мысалы, ХХ ғасырдағы қазақ философиясы тарихына тән негізгі
методологиялық принциптер жоғарыда аталған бағыттарды бәрін түгелдей
қамтиды десе де болады. Ал маркстік тұрғыдан жазылған еңбектерде таптық
редукционизм мен партиялық принципке ерекше мән берілді, содан келіп
философия тарихын идеология мақсатына бұрмалау орын алып, ғылымның дамуына
кері әсер етті. Бөтен елдің идеологиялық ықпалында болған дәстүрлі қазақ
қоғамындағы социалистік сананың үстемдік алу кезеңі халықты мәдени
ерекшелігі мен өзіндік болмысынан ажыратты. Мұның өзі мұраттарды және ішкі
рухани дүниеге жат таптаурын жайттарды қалыптастыруға әкеліп соқтырды.
Философия мәнін, философия тарихын терең түсінуге талпыныс ежелгі
кезден-ақ байқалады. Философия тарихына қызығушылық адамзат тарихын білумен
ұштасып жатты: ертедегі көрнекті тарихшылар Геродот, Плутарх, Фукидид, Тит
Ливий адами даналыққа, дүниетанымдық мәселелерге, ой ұшқырлығына, теориялық
тұжырымдарға зор ықпал етіп, антикалық дәуір философиялық дәстүрлерге
байланысты көп мәліметтер қалдырған. Тарихи-философиялық таным бастаулары
да сол өткен алғашқы дәуірге тән. Философия тарихының осындай элементтері
жаңа пайда болып келе жатқан ғылымның баға жетпес кәусары іспеттес еді.
Әлбетте, философияның алғашқы тарихшылары ретінде Платон, Аристотель,
Цицерон, Страбон, Диоген Лаэртский, Секст Эмпирик есімдері аталады. Олардың
еңбектерінде тарихи ілім тұңғыш рет ғылыми ілім келбетіне айнала басттайды.
Геродот мифологиялық шеңберде қала тұрса да, теологиялық деңгейге бет
бұрды. Оның тарих тұжырымдасының өзі көптеген жағдайда антропологиялық және
ізгілік сипатта болып келеді. Геродот ғылымға “тарих” деген сөзді енгізіп
сол арқылы өткенді зерттеу белгілі, бірнәрсе туралы білімді анықтау
ұғымдарын белгілеп берді. Тарихтың мақсаты – адамдардың іс-қаракетін айтып
қалдыру. Геродот бірінші болып тарихи зерттеу әдістерін анықтаған. Әдістер
ретінде куәлерден сұрау, өзге сенімді адамдардың айтқандарын тізіп жазу
ұсынылды. Оның тарихы теология шеңберіндегі мифология емес. Геродот та,
Фукидид те, логографтар емес. Фукидид тарихының өз хабарларында
мифологиялық сюжеттерден шығып, жоғары теориялық деңгейге жетуге ұмтылатыны
байқалады.
Ал Плибий тарихи процестің қозғаушы күшін анықтауға ниет білдірді, ол
Плутарх пікірмен келіспей (тарихты жасаушы ұлы адамдар деген), қозғаушы күш
халықтың рухы деп пайымдайды (римдіктердің рухы антикалық өркениет
елдерінің рухынан биік деп санаған). Осы авторларға тән ортақ қасиет тарих
дамуының басым факторы ретінде ізгілік, ізгіліктік сананың даму дәрежесі
мен ұлы адамдардың атқарған рөлін қарастыру болып табылады.
Атақты римдік тарихшы Тит Ливий тарихи ілімнің келесі баспалдағын
қалап, алдына құжаттық ілімге көп көңіл аударуды негізгі мақсат етіп қойды.
Бұл аңыздар мен ертегілерге ұтымды сыни көзқарас қалыптастыруда жасаған
алғашқы қадам еді. Сонымен тарихи-философиялық таным методологиясы өзінің
алғашқы нысандарын антикалық дәстүрден алғанын көреміз. Тұнғыш философия
тарихшылары философия даму заңдылықтарын толық түсіне қоймаса да, оның
негізгі сатыларын салуға өз әл-қадерінше атсалысты. Философияның тарихи
дамуын жан-жақты айқындау үшін белгілі бір философиялық өзіндік сананың
қалыптасуы қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Батыс философиясының антологиясы
Танымның практикалық табиғаты
Ислам діннің адамзат қоғамындамғы орны
Қазақ мәдениетіндегі күй өнері
Дүниеге қөзқарас және оның типтері жайлы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Философия пәні
Пәндер