Философия - адамзаттың рухани табысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Философия - адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің
заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап
ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да
тереңдей түсті. Философияны дінге жақын, өйткені, ол да дін сияқты догмаға
сүйенеді дейтіндер де бар. Бірақ ол дін емес. Әрине, философияның
жүйеленген қағидалар мен догмаға сүйенетіні рас. Дегенмен, философия нақты
фактілерге де жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты қашанда
объективтік факторларға сүйенеді. Басқа ғылымдар сияқты оның заңдары мен
категориялары бар. Философия – дін мен ғылым екеуінің арасындағы дәнекер
дейтіндер шығып жүр. Әрине, философия - өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен,
дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді,
оның басты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде
алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі
қағидалар жүйесін қалыптастырады. Сол мақсатқа жетуде ол басқа ғылымдар
сияқты қоғам тарихында өз орны бар ғылым ретінде өмір сүреді.
Философия ғылымының заңдылықтары басқа ғылымдар заңдылықтарын жоққа
шығармайды. Өйткені оның заңдары басқа ғылым заңдарын бірдей қамти алатын
жалпы қасиетке ие. Солармен қатар және бірге өмір сүреді. Кейбір
әдебиеттерде философия бұдан 2500 жыл бұрын грек жерінде дүниеге келді
делінген. Бұл – біздің заманымызға дейінгі 5 ғасыр шамасы. Ол- Афины
демократиясының гүлденген дәуірі, философияның әбден қалыптасқан, оң –
солын ажыратқан тұсы болатын. Ол кезде философияда материалистік және
идеалистік, диалектикалық және антидиалектикалық бағыттардың ара жігі
ашылып, әбден айқындала бастаған еді. Шынында, философия одан әлдеқайда
бұрын шығыс елдерінде дүниеге келді. Ең алғашқы дүниетанымдық пікір
мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған: mifos –
аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды.
Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін
ертегі, аңыздарды пайдаланды. Ал дін еш нәрсенің себебін ашып көрсетпеді.
Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай
ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Олар әр нәрсенің түбіріне үңіліп,
сол туралы әрқилы пікір айтты. Ондайларды- философ деп атады. Бұл
гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым: philio –сүйемін, sophia –
даналық, екеуі қосылып “философия” деген сөзді туғызады. Арабтар бұл сөзді
тіліне жеңілдетіп “фәлсафа” деп атаған. Бірақ қазірде “философия” деген
сөз бұл ұғым шеңберімен шектелмейді. Ол – сонымен бірге дүниетаным, өмірлік
позиция, іс-әрекет. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен
қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған.
Философтарды ойландырған мәселелер қашанда мыныалар болатын: Дүние қалай
құралған? Рухани материалдықтар қалай қалыптасқан? Шындық деген не? Адам
өмірінің мәні неде? Дүние мәңгі ме? Философия осы сияқты сұрауларға жауап
іздеді. Дегенмен, адам санасын оятуда мифологияның да ролін жоққа шығаруға
болмайды. Ол зерек адамдардың даналық қиялмен ізденіс жасауына түрткі
болды. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей
қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен
қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге
келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем
туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым
ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына
жинақтаған болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші,
сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Осыдан келіп, ол кездегі
философияны натурфилософия деп те атайды. Кейіннен түрлі ғылымдар
философиядан еншісін алып, өз алдына ғылым болып бөлінген соң ол бұрынғы
натурфилософияның сипатын өзгертіп, тікелей өз проблемаларымен айналысатын
проблемаларына жататындар: логика (гр. logos – ойлау заңдылықтары туралы
ілім), онтология (гр. ontos – мән туралы ілім), гносеология (гр. gnosis –
таным туралы ілім), аксиология (гр.axios – құндылық туралы ілім) еді.
Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі
ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологиялық
жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда. Көзқарас – білімнің
толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді
талдаудан, келешекті болжаудан туындайды. Бір заманда ондай міндетті
абыздар атқарған. Бірақ дүниеге көзқарас біркелкі емес. Ол жай қарапайым,
ғылыми, діни, прогресшіл не кертартпа, нәсілшілдік, ұлтшылдық не
интернационалистік сипатта кездеседі. Дүниеге көзқарас – дүниені
түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Дүниеге көзқарас
сезімнен, танымнан, нанымнан тұрады. Объективтік шындық адамға түрлі әсер
туғызады: сезіну, күдіктену, уайымдау, қайғыру, мазасыздану, қорқу, ренжу,
шаттану, қуану, масаттану. Осылардың бәрі адамдардың интеллекті мен
эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция (сезіну, шырай, әуестік, көңіл-күй) -
әрдайым ізденістің, қызығудың бастамасы. Ғалым, ақын, артист болу үшін оның
алдымен эмоциясы (ішкі дүниесі, сезімі) бай болуы қажет. Ішкі дүниесінде
ойы, жігері, ынтықтығы қызып тұрған адам әр нәрсеге таңдана да, таңырқай
да, қызыға да біледі. Міне, бұл – барлық ізденістің бастамасы. “Көз –
адамның ішкі дүниесінің айнасы” дейді. Бұл – дұрыс айтылған пікір. Эмоциясы
бай адамның жанарында терең ой тұнатыны тегін емес. Бірақ дүниеге көзқарас
бұлармен бітпеді. Олар – тек бастама ғана. Дүниеге көзқарастың түбірі,
негізі теорияда. Ол үшін ұғыну, түсіну, нану қажет. Наным – көзқарастың
өзегі. Бірақ наным да түрліше болады. Діни көзқарас та нанымға негізделген.
Адам бір нәрсеге иланбайынша, нанбайынша, оның ісі тұрақты, тыңғылықты,
нәтижелі болмайды. Мәселе қандай наныммен қарулануда. Наным үшін адам отқа
да, суға да түседі. Оған мысалдар көп. Бірақ өмірде құбылмалы адамдарды да
кездестіруге болады. Дүниеге көзқарасын тез, оп-оңай өзгерте салатын, кеше
былай, бүгін тіпті басқаша айтатындар да кездеседі. Бірақ, нанымы терең
адамдарда ондай құбылу болмайды. Адам болған соң, оның сенімі, өмірлік
позициясы болуы керек. Халық екі – жүзді сайқал адамды ұнатпайды. Көркем
шығармаларда адам жағымсыз тип ретінде суреттеледі.
Философия – бүкіл адамзаттың даналық ой-пікірі, толғамы, дүниетанымы,
көзқарасы. Философия ғылымдарының жетістіктерімен қарулану, онымен қуаттана
білу бәріміздің басты мақсатымыз, даму бағытымыз болуға тиіс. Оны әрбір
саналы адамзаттың түсінгені жөн. Соңғы кездерде институт, университеттерде
қазақ философиясын оқыту керек деген пікірлер жиі айтылуда. Әрине, қазақ
халқының ой–пікірлерін, философиялық ой–толғамдарын, оның өкілдерін білген
абзал. Олар туралы арнаулы курстарда оқыған жөн. Оқулықтар да жарық көруде.
Бірақ қазақ философиясын әлемдік философиядан ажыратып, ұлттық шеңбермен
тұйықтаудың қажеті жоқ. Өйткені, ол оның құрамды бөлігі болып саналады.
Философия – жалпы адамзаттық ілім. Философия – адамзаттың рухани
табысы. Ол ғасырдан ғасырға бір халықтан бір халық үйреніп, ұғу арқылы
ойдан өрнек құрап, рухани дами береді. Сондықтан қазақ халқының
философиялық пікірін ұлттық томаға – тұйықтықпен шектемей, қайта оны
қазіргі адамзат ой санасының жетістіктерімен байыту қажет. Сол арқылы біз
халқымыздың рухани мәдениетін қазіргі заман талабына сай етіп, биікке
көтере аламыз.
Философияның негізгі мәселесі. Философтар неге математиктер, физиктер
сияқты бір бағытта емес? Неге біреулері материалист, екіншілері идеалист,
енді біреулері диалектик одан басқалары антидиалектик, метафизик болып
бөлінеді? Бұлай етіп бөлу қиялдан туындаған әрекет пе, жоқ, оның
объективтік негізі бар ма? Бұл неге байланысты? Ол сана мен материя, болмыс
пен рухани дүние, идея ара қатынасын шешуден туындайды. Сондықтан бұл
философияның негізгі мәселесіне жатады. Оны мойындамауға болмайды. Өйткені,
философия дүниеге көзқарастық ғылым дедік. Сол көзқарас философтарды
бәрібір екі лагерьге бөледі. Ол оны мойындамай-ақ қойсын, пікір де
айтпасын, бәрібір іс жүзінде ойлау жүйесі сол мәселенің төңірегінде болады.
Басқа ғылымдарда ондай жіктелу, топқа бөліну жоқ, ал философияда бар. Ол –
материя алғашқы ма, әлде сана алғашқы ма деген сұрау. Былайша айтқанда,
дүниенің негізіне нені жатқызуға болады деген пікір. Материяны алғашқы деп
танитындар материалисттерге, ал сананы алғашқы дейтіндер идеалисттерге
жатады. Материалисттерге жататындар: ертедегі дүниеден – Демокрит, Эпикур,
Лукреций Кар; орта ғасырдан – номиналистер; жаңа дәуірден – Ф. Бэкон, Р.
Декарт, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Дж. Локк, Д. Дидро, К. Гельвеций, Л.
Фейербах, К. Маркс, В.И. Ленин, Г.В. Плеханов, т.б. Идеалистерге
жататындар: ертедегі дүниеден – Сократ, Платон, Аристотель; орта ғасырдан –
реалистер, жаңа дәуірден – Дж. Беркли, Д. Юм, Г. Лейбниц, И. Кант, Г.
Гегель, Э. Мах, Р. Авенариус, Ф. Ницше, В. Соловьев, Н. Бердяев, т.б.
Оларды осылай топқа бөлген де біз емес, тарихтың өзі. Ал енді сол
материалистер мен идеалистер де біркелкі емес. Олар да толып жатқан
мектептерге, бағыттарға бөлінеді. Олар жөнінде әңгіме арнайы тарауларда
айтылады. Философияның негізгі мәселелерінің екінші жағы – біздің дүниеге
қатынасымыз. Оны танып білуге болады ма, әлде жоқ па деген сауал. Бұл
жөнінде де философтар екі бағытқа бөлінеді. Біреулері дүниені тануға,
білуге болады десе, екіншілері дүниені танып, білуге болмайды дейді.
Екіншілерін агностикер дейді (гр. Gnosis – таным, a – жоққа шығару,
кереғарлық, екеуі қосылып тануға болмайды деген ұғым тудырады). Оған
жататындар: И.Кант, Д. Юм, Э. Мах, Р. Авенариус, т.б. Мәселен И. Кант
дүниені тануға болмайтындығын былай түсіндіреді: су құйылған стаканға қалам
салсаң, ол сынық сияқты болып көрінеді. Өмірде де солай, біздің
түсініктеріміз объективтік шындықты дәлме-дәл емес, өзгертіп көрсетеді.
Сондықтан біз дүниенің шын мәнін біле алмаймыз дейді. Д. Юм агностицизмін
былай дәлелдейді: тынық су бетіне тас тастасақ, дөңгелек толқын, шеңбер
пайда болады. Дөңгелек іші - біздің білетініміз болса, оның сырты – біздің
білмейтініміз. Егер су бетіне үлкен тас тастасақ, үлкен дөңгелек пайда
болады. Дөңгелек шеңбері бұрынғыдан да ұлғаяды, яғни әлгі тәртіппен
білетініміз көбейеді, бірақ шеңбер сырты да кеңейеді. Сөйтіп, тануға
талпыныс күшейген сайын білгеннен білмегеніміз арта түспек. Олай болса,
біздің білгенімізден білмейтініміз көп, дүниені танып білуге болмайды.
Қанша білуге тырыссақ та, білмейтінің басым бола береді дейді. Қорыта
айтқанда, Д. Юмның мақсаты адам танымының қашанда дәрменсіз екенін дәлелдеу
болып табылады. Әрине, бұдан келіп, барлық идеалистн агностик болды деуге
болмайды. Г.Гегель – идеалист, бірақ ол агностик болған жоқ. Қайта ол
И.Канттың “өзіндік затты” “біздік затқа” айналдыруға болмайды деген пікірін
сынады. Бірақ агностик атаулының барлығы идеалистерге жатады. Философияның
негізгі мәселесінің екінші жағы дегеніміз – осы.
Философияның негізгі мәселесі ойдан шығарылған пікір емес. Философия
дүниеге келгелі бері философтардың бірқатары материалист, енді бірқатары
идеалист атанған. Ол шындық. Оны дүниеге алып келген, адамзат ой-санасының
дүниетанымдық деңгейі.
Философияның міндеттері. Маркс негізінде адамды бағыныштылықтан
құтқарып, оны қалайша ерікті етуге болады деген мәселелерге жауап іздеді
және соған жауап алатын дүниетаным жасау қажеттігін басшылыққа алды.
Адамзаттың ортақ мұратын қанағаттандыратын жауаптың жеткіліксіз,
жоқтың қасы екенін Маркс біртіндеп пайымдады. Кант пен Фихте ілімінде
шындық пен буржуазиялық тәртіпті мойындау бір-біріне тәуелсіз,
метафизикалық тұрғыдан қарама-қарсы қойылған. Ал Гегельдің право
философиясында мәңгі ой-парасат пен мәңгі ақиқаттың адам тіршілігіндегі
таусылмас абсолютті үстемдігі көрсетілген. Натурфилософтар болса сананың
табиғаттан тәуелділігін сөз жүзінде, принципінде ғана мойындаса, іс жүзіне
келгенде, практикада сананың өмірге тигізер ықпалын арттыра алмады.
Дүниеге көзқарас сан түрлі болады. Бірақ олар саналы қызметтің
бастамасын және бет алысын айқындай алмады. Ескіні сынағанмен, одан адамның
бостандығы мен адамзатты қанаудан босату туралы, қала берсе, жеке адамның
қалыптасуы мен оның өмірі алдындағы жауапкершілігі туралы мардымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия және дүниеге көзқарасы
Философия пәні, функциялары және міндеттері
Ғылым түсінігі
Философия және дүниеге көзқарас
Философия функциясы
Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі
Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі
Философия, оның пәнi және қоғамдағы ролi
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
«Философия көзқарас ретінде»
Пәндер