Философия тарихындағы адамның мәні туралы көзқарастар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Философия тарихындағы адамның мәні туралы көзқарастар 2
Адам тіршілігінің табиғи-биологиялық алғышарты. 6
Адамның әлеуметтік мәні 6
Адамның әлеуметтік және ұлттық тұрпаты 9
Адам бойындағы табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) сипаттың
үйлесімдігі. Ғылыми-техникалық революция және адам 13
Әдебиеттер 16

Философия тарихындағы адамның мәні туралы көзқарастар

Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады.
Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам
жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі
ой-толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу
үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іштей
де болса мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа жанады, ал тас жанбайды.
Мүның себебін білмейтіндігін адам өзі түсінеді, онда бұған таңдану
сезімі пайда болады, ойланады, білуге ынта туады. Атақты философтар
Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі
адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш
таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.
Біздің білуімізше, философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың
табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің
объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды:
адамның сана-сезімі мен ақыл – ойының, тілі мен дүниетанымының және
оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат
пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері
қандай – осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі
мәселелері болып табылады.
Материяны, табиғатты - алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі
болғандықтан соңғы деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен
сананы - алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре
алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де
адамның проблемасынсыз философия жоқ. Бұл философиялардың екеуінің
түсініктері мен көзқарастары басқаша, қарама – қарсы болғанымен,
қарастыратын, зерттейтін негізі біреу ғана. Ол адамға тән қасиеттердің
сыртқы дүниеге және сол сыртқы дүниенің бұл қасиеттерге қатынасы.
Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі өздерінің философия
жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемаларын алған.
Көне замандардағы мысырлықтар философияның объектісі құдайлар мен
әділеттік мәселесі деп білді. Бұдан 25 ғасыр бұрын өмір сүрген
әйгілі қытай философы Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп адам
сүйгіштік (жэнь) проблемасын алды. Оның түсінуінше, тек адам сүйгіштік
қасиет қана адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесіп
өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды,
ілтипатты да достыққа берік, сөзге ұстамды (біреуді өкпелетіп алмау
үшін), көмекке (кімнің болса да адамгершілік жағын жетілдіре түсуге)
дайын етіп қалыптыстыра алады. Бұл қасиеттердің бәрін біріктіріп,
әрқайсысын қамти алатын моральдық – философиялық ой түйінін Конфуций:
Өзіңе жасағанын қаламайтын қылықтарды сен де басқаларға жасама, -
деп қорытты.
Этикалық ілім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм
философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат
етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни –
философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын
жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы - құдайға құлшылық етіп, табына
беру деп білсе, буддизм, керісінше, өмірдің өзі тек азап шегуден
тұрады, бұл дүниеде (сансарда) одан адамды азат ету құдайлардың
қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның
өзіне байланысты: сансардан кету, безіну деп санады. Мұның мәні: бұл
дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы өмірге құмарлықтан арылу,
тіршіліктің қамын естен шығару, күнделікті өмірге керек игіліктердің
маңызын төмендете келіп жоққа шығару; адам өзінің жан дүниесін
қуаныш – күйініш, қынжылыс, қызғаныш, уайым – қайғы сияқты сезімдердің
бәрінен біржолата тазарып, айналада болып жатқан істер мен
құбылыстарға түңіліспен, немқұрайды, бейтарап қарайтын күйге жету. Бұл
жайды буддизм нирвана деп атайды. Нирвана өшу, сему деген
мағынада айтылады. Оған жеткен адам (архат) – азап қасіреттен түгелдей
құтылып, аспаннан да жоғары, адамдықтан тысқары ерекше рахатқа
мәңгілік бөленген, о дүние мен бұ дүниенің айырмашылығын сезіп –
аңғару шегінен алысқа кеткен адам. Адамды азаптан құтқарудың мұндай
жолы мүмкін бе, мүмкін емес пе, дұрыс па, әлде теріс пе - мәселе
бұл жерде осылайша қойылып отырған жоқ, тек буддизм философиясының
адам проблемасын ең жоғары биікке көтеріп, өзін түгелдей соған
арнағаны жайында болып отыр.
Платон философиясының өте маңызды бөлімі - адамның арманынан
шығатын Мемлекет туралы ілім. Дүниедегі бірден – бір әділетті
мемлекет қандай болуы керек - философ осыны кескіндеп, бейнелеп
беруді өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай мінсіз мемлекетті ең
ақылды, білімді адам, яғни, Платонның ойлауынша, философ басқаруға
тиіс. Ондағы азаматтар үш топқа бөлінеді: қарапайым адамдар,
күзетшілер. Негізінен мемлекет басына келетіндер соңғылардың ішінен
шығады. Бірақ алғашқылардың арасында ерекше қабілетімен көзге түскен
бірлі – жарым жастардың көтерілуі мүмкін деп біледі Платон. Әділдік
принципі үстем, мінсіз мемлекет жасаудың басты шарты етіп Платон
адамға сол мақсатқа лайықты білім, тәрбие беру мәселесін қояды. Оқу,
тәрбиенің міндеті - адамдарды ізгі ниетті, ержүрек, таза, өнерлі
азаматтарға айналдыру. Мемлекет басқарушы тап болып есептелетін
күзетшілер кішкентай жабайы үйлерде ғана тұрады, жалпыға ортақ
асханалардан қарапайым тамақ ішеді, өмірге ең бір қажет заттар
болмаса, жеке меншік болмайды. Олардың алтын, күміс тәрізді асыл
бұйым жинауына тыйым салынады. Бақытты болу байлықта емес. Мінсіз
мемлекеттің мақсаты бір ғана күзетшілер табын емес, барлық
азаматтарды бақытты ету деп түсіндіреді Платон.
Адам проблемаларына Аристотель де ерекше көңіл бөлген. Әсіресе
ол философиясының Этика бөлімінде түгелдей сол проблемаларды
қарастырып, оларға тиісті талдау жасады. Аристотельдің айтуынша,
мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы
қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден
ғана ләззат алатындай дәрежеге жеткізу. Оның алтын аралық деп
аталатын моральдық доктринасы адамның жандүниесінің сырын ашуға
бағытталған. Жоғары мінез – құлық қасиеттерінің әрқайсысы біріне – бірі
қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың аралығы болып табылады. Бұлардың
екеуі де теріс қылықтар. Мысалы - батылдық – қорқақтық пен
басбұзарлықтың аралығы, сыпайылық - ұялшақтық пен ұятсыздықтың, мырзалы
– сараңдық пен дүние шашулықтың аралығы, т.б. Аристотельдің ұғымы
бойынша, ең жақсы адам - ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді,
қайырымды адам, ол өзін мақтағанды, басқа біреулерді жамандағанды
сүймейді, өзінің күштілігін әлсіздердің арасында көрсетпеуге тырысады.
Жауға ашық жау, досқа ашық дос болғысы келеді. Оның көңілі пайдалыға
емес, тамашаға, сұлулыққа ғана ауады. Қайырымды, ақ пейілді кісінің
жүрісі жайлы, даусы төмен, сөзі мазмұнды болуға тиіс.
Дегенмен Аристотель де өз заманына сай ойлайды. Құлдарды ол
адамға санаған жоқ, сөйлей білетін құлдар деп атады. Құл иесі
құлға қайырымды болуы да міндетті емес, өйткені, ол оның меншігі
болып есептеледі, ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті, себебі
әкесіз бала дүниеге келмейді.
Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны
бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей
арнаған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі
жерлесіміз әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт - әр адамның
көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін
адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет бар: а) ерекше жасалған дене
құрылысы; ә) жан құмарлықтары; б) ой-парасаты.
Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат берген қалпында бақытқа
жеткізбейді. Бірде жақсылық толық нәтижесін берсе, енді бірде
керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты жеңудің жолы – аталған
үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап, тәрбиелеу, терісін
жөнге салып, дұрысын дамыту, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-
парасаты оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже туғызатын дәрежеге
көтеру. Мұны іске асыру, бір жағынан, адамның өзіне байланысты болса,
екінші жағынан, мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-
Фараби былай деп үйретеді: қандай болса да іс-қимылын жасағанда
адам біржақтылықтан, ұшқарлықтан сақтану керек. Себебі, әрбір жақсы
қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттің аралығынан туады.
Бұл арада әл-Фарабиге Аристотельдің жасаған ықпалы аңғарылады.
Бақытқа жету жолына меңзеу деген тамаша еңбегінде ғалым адамның
жан-дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор
білгірлікпен жан-жақты да терең зерттеп, талдау жасайды. Оның бұдан
мың жылдан астам уақыт бұрын айтылған кезеңдегі ойлары бүгінге
дейін маңызын жоғалтқан жоқ.
Ой-парасат ғасыры деп аталған ғасыр адам жөніндегі
философиялық мәселенің қойылысын жаңа сатыға көтерді. Бұл ғылым мен
техниканың бұрын болып көрмеген жетістіктерімен бірге туған
капиталистік қатынастардың даму кезеңі болатын. Табиғаттың терең
құпия сырларына көз жүгіртіп, неше алуан машиналар ойлап шығару
арқылы өндіргіш күштердің жаңа сапамен өркендеуіне кең жол ашқан
адамның ақыл-ойы өзінің теңдесі жоқ жасампаз күшін еріксіз
мойындатқан дәуір еді ол. Сол заманның Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза
сияқты әйгілі философтары адамды өз болашағы құдайдан да, басқадан
да тәуелсіз, тапқыр да, белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз өмірінің
саналы субъектісі деп таныды, сөйтіп өздерінің философиялық
ізденістерін осы бағытта ғана дамытты. Олар адамның ерекшелігі де,
рухани күші де оның ақылы мен ойында, ойлау қабілетінде деп
біледі. Адамның тіпті өмір сүруінің де ең басты белгісі осы
қасиетте деп таныды. Француз философы Ренэ Декарттың мен ойлай
аламын, олай болса өмір сүремін деген қанатты сөзінің мәні де,
міне, осында.
Адамның ақыл-ой құдіретінен туатын іскерлік, белсенділік
қабілеттеріне XVIII ғасырдағы француз ағартушылары мен
материалистерінің философиялық ілімінде де ерекше көңіл бөлінеді. Бұл
дәстүр белгілі бір мағынада француздардан XIX ғасырдағы неміс
философиясына ауысты.
Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципті - әрбір
жеке адамның өз алдында мақсатты нысана ретінде қарау қажеттігі.
Бұл оның адам мүддесі жөніндегі ілімінің басты мәселесі болды.
Адамға деген жүрек жылылығын ол теорияға сүйенген салқын ақылдың
бұйрықтарына қарсы қойып отырды. Адам бостандығын, еріктілігін Канттың
қалай қолдағанын оның: Адамның барлық іс-қимылының басқа біреудің
еркіне бағыныштылығынан асқан сорақы сұмдықтың болуы мүмкін емес, -
деген бір ауыз сөзінен толық аңғаруға болады.
Классикалық неміс философиясына келетін болсақ, ол адамды
мәдениет дүниесіне қалыптасушы, рухани қызметтің іске асырушысы, жалпы
дүниелік сананың, рухтың, ой-парасаттың иесі деп қарастырды.
Тарихқа материалистік көзқарастың қалыптасуы адамның қоғамдық
өмірдегі алатын орнын түсінуді шын мәніндегі ғылыми деңгейге
көтереді. Адам бұрынғыша рухани, денелік, әлеуметтік, табиғи болып
бөлшектеніп, біржақты немесе таза абстрактілі түрде қаралмай, тұтас
тұлға ретінде, нақтылы – тарихи мақсаттарға бағындырыла қаралатын
болды. Адамның табиғи-әлеуметтік мәні, қоғамдағы рөлі мен орны
жөніндегі мәселе оның ондаған мың жылдар ішіндегі тарихи алға басу,
яғни еркіндікке ұмтылу күресі сатыларының сипаттарымен тығыз
байланысты.
Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге
пайда болады. Демек, ол тек адамға ғана тән, бір-бірімен қатынастағы
адамдардан құралатын қоғамға тән құбылыс. Мақсат жай ғана ермек
үшін немесе сол мақсаттың өзі үшін ойдан шығара салған жасанды
бір нәрсе емес. Түптеп келгенде, адамның да, қоғамның да мақсаты –
адамның жайы. Оның материалдық, мүдде-талаптарының уақытында, толық
ашылуына әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау, басқаша айтқанда,
адам үшін бақытты өмір орнату. Мұны іске асыратын құдай да, патша
да, үкімет басшысы да емес, оның өз еңбегі, ақыл-ойы мен екі
қолының күші, іскерлік қабілеті. Адамның қоғамдық өмірде алатын
орны, әлеуметтік жай-күйі толығынан өз еңбегінің саны мен сапасына,
әлеуметтік пайдалы белсенділігіне сай белгіленуге тиіс. Ол өмір
сүретін қоғам оның адамдық қалпын, қадір-қасиетін тек осы жолмен
ғана анықтап, іске асыруға міндетті.
Бұл – адам проблемаларының диалектикалық материализм белгілеген
шын гуманистік, ізгілік принципі. Социализм осы принцип негізіне
адамның қадір-қасиетін ең жоғары биікке көтеріп, толық еркіндікке,
ауқатты өмір сүруіне тарихта бұрын соңды болмаған қолайлы жағдай
жасауды өзінің өзекті мақсатына айналдыру керек еді. Бірақ ол
кеңес үкіметі тұсында жеке адамға табыну, ықтиярсыздық және тоқырау
кезеңдерінде адам айтқысыз бұрмалаушылықтарға душар болып, табиғи
тура жолынан ауытқып кетті. Өндірісті адамның талап-мүдделеріне
бағындырудың орнына адам өндіріс мүдделерінің құлақ кесті құлына
айналды, ал оның еңбегі - өмір сүрудің амалы емес, мақсаты болды.
Адам бостандығы мен құқығы, адамға деген қамқорлық қағазға жазған
сөздің деңгейінен аспады. Еліміз тәуелсіздік жолына түскеннен бергі
аз уақыт ішінде алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі
адамның бостандығы мен азаматтық еркін қорғау болып отыр. Бұл
мақсат жүзеге асырылған жағдайда адамды шын мәніндегі адамдық
дәрежеге көтеріп, оны өзіне-өзі ие, белсенді де адал, жан-жақты
дамыған, ерікті азаматқа айналдыру мүмкіндігі туады деген үміт бар.
Тек билік түгелдей халық қолына көшіп, әлеуметтік үстемдік алса,
қоғам құқылық мемлекетке айналып, әдейі бұрмалаушылықтардың
қайталанбауына берік кепілдік жасалса, тек сонда ғана бәрі де адам
үшін, оның еріктігі, өркендеп жетіле беруі үшін деген ұран іс
жүзіне асады. Тек сол жағдайда ғылыми философия адамның ерікті де
бақытты биік нысана ретіндегі мұратын ғана емес, шынайы бейнесін де
кескіндейтін болады.

Адам тіршілігінің табиғи-биологиялық алғышарты.

Адамның әлеуметтік мәні

Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы,
асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-
әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат
табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.
Бұл арада адамның қоғамда алатын орны мен рөлінің
сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміз өзі кім? Күнделікті
өмір көзімен қарағанда бұндай оңай сұрақ жоқ тәрізді. Әркімнің
әкесі де, әйелі де, баласы да, өзі де – адам, айнала жүргендердің
бәрі – адам. Адам деген кім? деп сұрақ қойып, басты ауыртудың
қажеті қанша, мұнда тұрған не қиындық бар? – деген сұрақтың ойға
оралуы да мүмкін. Дегенмен, бұл сұраққа тереңірек үңіліп, адам
ерекшелігінің табиғатын ғылыми тұрғыдан анықтауға тырыссақ, бірден-ақ
үлкен қиындыққа кездесеміз. Тарихшы-антрополог пен психологтың адамға
беретін анықтамасы екі түрлі болуы мүмкін, биолог пен дәрігердің
түсініктері бір-біріне ұқсамауы ықтимал. Өйткені бұлардың әрқайсысы
күрделі және біртұтас адам тұлғасының бір ғана қырын зерттейді
және адамға негізінен өз замандасы тұрғысынан қарайды. Ондай
сыңаржақты көзқарас көп қырлы тұтас тұлғаның өзекті мәнін толық
аша алмайды. Тіпті бұл жекелеген ғылымдарға тән ұғымдардың жай
қисындысы да адамның тұтас бейнесін бере қоймайды. Бұл міндетті
орындауға қабілеті жететін бір ғана білім саласы бар, ол – философия.
Дүниені, оның құрамына кіретін бөлімдерін философия жекелеп, бөлшектеп
емес, тұтас күйінде қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін
қамтитын жалпы заңдылықтарды ашуға тырысады. Сол сияқты адамның да
әр түрлі құрамдас жақтары мен қырларын (биологиялық құрылысын,
әлеуметтік сипатын, моральдық күйін, т.б.) жеке-жеке зерттеумен
шұғылданбайды, ең маңыздысы адамды адам ететін сапалық қасиеттерін
жалпылама байланыстыратын, тұтастығын қарастыру арқылы оның ерекше
қоғамдық мәнін ашуды мақсат етеді.
Философия тарихында берілген анықтамалар көп. Аристотельдің
анықтамасы бойынша, адам – қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардан адамның
айырмашылығы – ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Орта ғасырдағы
католицизмнің діншіл философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның
бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп санаған. Жан
оның ұғымдарында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, дене –
ынтымақтық аренасы, жанның ұясы. Сондықтан адамдар өмір бойы сайтандар
тұзағынан босануға және құдайдың жарық дүниесіне шығуға ұмтылады.
Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған
Фейербахтың айтуынша, жеке-дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын
адамның болуы мүмкін емес. Менің болуымның міндетті шарты – сенің
болуың, басқалардың болуы. Басқаша айтқанда, адамды жан-жануарлардан
әлдеқайда жоғары қоятын қасиеттері оның тек қоғам ішінде өмір
сүруінің нәтижесі. Себебі, қоғамдық болмыс тәрбиесін бойына сіңіріп
үлгермеген жас баланың тәуелсіз жеке өмір сүруге ешбір қабілеті
болмайды. Бұл жағынан, ол жануарлардың кез келгенінен әлсіз екені
белгілі. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық, көмегінсіз ол адам
болып өсіп, жетіле алмайды. Кездейсоқ бір себептерден кішкентай
балаларды жыртқыш аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз ортасында
тірі сақтаған фактілерін тарих жақсы біледі. Отыздан астам мәлім
болған жағдайлардың бәрінде де балалар адам қалпынан айырылып
шыққан. Төрт аяқтап еңбектеп жүгіріп, өзін асырап өсірген
жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеті
қалмаған. Кейін олардың қолға түскендерін адам бейнесіне келтіріп,
сөйлеуді, екі аяқпен тік жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі
ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген. Демек, адамның адамдық
қасиеттерін қалыптастыратын – тек қоғамдық орта. Ол үшін кім де болса
туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуге тиіс.
Адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік
қатынастар жасайтын, өзара байланыс жасауға толық қабілетті тіршілік
иесі деп анықтама беруге болады. Адамның үш түрлі: биологиялық,
психологиялық және әлеуметтік өлшемі бар. Биологиялық өлшем – адам
организмнің түр-бейнесі мен құрылымын (морфология), атқаратын қызметін,
генетикалық негізін, ми, жоғарға жүйке жүйесін, т.б. қамтиды. Психология
ұғымына адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және
санадан тыс құбылыстар мен процестер, адамның еркі мен сипаты,
темпераменті, т.б. кіреді. Адамның жеке басының қалпын сипаттағанда
оның өзі өмір сүретін қоғамдық ортаның әсерімен қалыптасқан
ерекшеліктері мен қасиеттері есепке алынады. Бұларға адамның
көзілдірік киетіні, аяғына протез болуы, ашущаңдығы, ақырын
сөйлейтіндігі сияқты ерекшеліктері жатпайды. Ал егер ол адам іскер
немесе ұры болса, біз одан осы қоғамдағы орны мен қызметінің,
адамшылық қалпынын қандай екенін аңғарамыз, яғни әлеуметтік өлшемнің
сипаттамасын білеміз.
Енді индивид (дара адам, жеке адам), индивидуальность
(ерекшелікті адам), личность (кісі, тұлға) ұғымдарын қысқаша талдап
көрелік. Қазақ тілінде индивид, индивидуальность, личность деген
сөздерге дұрыс балама табылмай келеді, индивид (латын сөзі) –
бөлінбейтін, тұтас, өзіндік деген мағынаны береді. Осы тұрғыдан
алғанда, бұл ұғымды индивид деген күйі алған немесе дара адам
деп аударған дұрыс сияқты.
Дара адам (индивид) – көптің бірі, жалпы адамзаттың нақты өкілі,
дара. Көптің бірі болуы үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер
мен келбетке ие болса болғаны. Оның санасы жоғары ма, жоқ па, елмен
сөйлесе ала ма, әлде сөйлесе алмай ма, бұлардың оған қажеті аз.
Әлемде қанша миллиард адам бар, соның әрқайсысы – жеке-дара адам.
Ерекшілікті адам (индивидуальность). Ол - өзіндік, тек соған тән
даусы, жүріс-тұрысы, білімі, бет пішіні,түр-сипаты, азаматтық қасиеті,
т.б. бар адам. Ерекшелікті адам – қайталанбас феномен.
Кісі, тұлға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Философия пәні, функциялары және міндеттері
Философия ғылымы жайлы
Философия теориялық тұрғыдан тұжырымдалған дүниетаным
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Канттан кейінгі классикалық неміс идеализмінің өкілі
Неміс классикалық философиясы
Философия ғылымының әдіснамасы
Пәндер