Адам - жеке түлға ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Адам — жеке түлға ретінде
Адам жалпы тектік ұғым ретінде нақты индивидтерден (жеке адамдардан)
тұрады. Адам жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы түрі,
енбек процесінің субъекті, ой-санасы және сөйлеу тілі бар
биопсихоәлеуметгік жан ретінде жалпылама анықталса, индивид (латынша —
"жеке адам") крғамның мүшесі — жеке адамды, жеке "атомын" білдіреді. Одан
басқа тағы да "личность" деген ұғым бар. Қазақ тіліне орыс тілінен енген
бұл термин көп уақыт бойы сол күйінде алынып келген еді, соңғы кезде оны
"тұлға" деп алатын болдық.
Адамның әлеуметтік мәнін білдіру тұрғысында оны әлеу-метгік
катьшастардың жиынтығы ретінде түсінуді тұлға деп айтады. Олай болса, орбір
қоғамдық формацияның коғамдық катыңастарьша сәйкес (солардың бейнелену
формасы ретінде) өзіндік адамдық тұлғасы (тарихи типтері) болады. Қорыта
айтқанда, "адам" деген жалпы тектік ұғым тарихи типтерге (тұлғаларға)
бөлінеді, ал бұл соңғы жеке адамдардан (иңди-видтарден) түрады.
Диалектиканың жалпылық, ерекшелік және жекеше категорияларын адам ұғымына
қолдансақ, "индивид" — жекеше, "тұлға"— ерекше, ал "адам" — жалпылықты
білдіретін ұғымдар деп қарастыруға болады.
Тұлға накты-тарихи ұғым. Тарихтың барысында адам мен қоғамның
арақатынасы елеулі өзгерістерге үшырап отырады. Осыған байланысты адам
түлғасының нақты мазмүны да өзгеріп отырады. Өткен тарихка коз жіберсек,
белгілі бір мөденисттер мен дүниегекөзқарастар типіне сәйкес адам типтері
де түрліше болды: антик заманы, орта ғасыр, қайта өрлеу дәуірі, жаңа заман
тұлғалары т.б. XX ғ. тұлғасы, мәселен, ХҮІІ-ХУІІІ ғғ. адам тұлғаларынан
өзгеше болды. Бұл өзгешеліктер адамзат тарихының мәдени дәуірлеріне ғана
байланыста емес, сондай-ақ қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуына да
байланысты.
Рулық қоғамда жекс адамның мүддесі бүкіл рудың аман қалуының ортақ
мүддесіне бағьшды, әрбір ересек адам оған дәстүр бойынша ру міндеттеген
істі орындауы тиіс болды. Қысқасы, оның адамдық мәні рулық қауымдық
қатынастардың бейнесі болып табылды. Бұл адамның тұлғалық дамуының бірінші
тарихи сатысы еді.
Қүлиеленуші және феодалдық қоғамдық қатынастардың тууына байланысты
антикалық және ортағасырлық модениет қальштасты, таптар мен таптық
қатынастар туды, мемлекет пен қүқықтық мекемелер шьгкты; осыған байланысты
құқықтық қатынастар мен міндеттердің иесі, субъектісі қүлдық қоғамдагы
ерікті азаматтар мен феодалдық коғам азаматтары ғана болды. Бұл екі
формацияның жалпы канаушылық мәніне қарамастан, антик дәуірінің тұлғасы мен
феодалдық қоғамдағы адам түлғасының бір-бірінен елеулі айырмашылығы болды,
өйткені олар түрліше мәдениет типтері мен әлеуметтік қатынастар түсында
өмір сүрді. Ал феодализмнен шаруашылықтың капиталистік формасына отуге
байланысты түлғаның мүлдем жанатипі пайда болды.
Қысқасы, тұлға — белгілі бір қоғамдық қатынастар түсында омір сүретін
адамның негізгі үш жағьгяың: биогене-тикалық нышандарының, әлеуметтік
қатьшастар осерінің және психоәлеуметгік қасиетгерінің түтаса бірігуінің
нотижесі.
Қазіргі кезде түлғаның мәні жайында екі негізгі концеп-цияльгк
көзқарас бар: 1) тұлғаның адамның функциялық (атқаратын рөліне қарай)
сипаттамасы және 2) түлғаның әлеуметтік мәніне қарай сипаттамасы.
Бірінші көзқарас адамның әлеуметтік функциясы (атқа-ратын кызметі)
жайындағы ұғымға негізделеді. Түлға жайындағы ұғымның бұл түсіңдірмесінің
маңыздылығын (мүның осы күнгі қолданбалы социологияда маңызы ерекше)
мойьшдай отырып, соньгмен бірге оның кемшілігін де атап көрсеткен жөн:
функциялық сипаттама адамның ішкі рухани дүниесіне терең үңілуге мүмкіңдік
бермейді, тек оның сырт мінез-құлқын ғана корсетеді, ал көп жағдайда сырт
мінез адамның ішкі монімен сәйкес келе бермейді.
Тұлғаны атқаратьш рөліне қарай сипаттамай, мәніне қарай сипаттау бұл
ұғымның мазмүнын терсңірек ашып көрсетіп, адамның өзіндік санасьш, мінез-
құлқы мен ерік күшінің қайнар көзін, белсенді іс-әрекетгің субъектісі
екенін анықтап береді. Тұлға — адамның қоғамдық катынастары мсн кызметінің
жеке адам бойьшда шоғырлануының көрінісі, дүниені танып білудің және
өзгертудің, қүқығы мен міндеттерінің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Заманауи тұлға теориялары. тұлға және индивидуалдылық
Тұлға қалыптасуы
Жеке тұлға және мәдениет
Жеке тұлға құрылымының теориялары
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік факторлардың әсері
Психологиялық тұлға туралы түсінік
Жеке тұлға интеракционистік теория
Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар
Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғалық қасиетті анықтау
Пәндер