Адам - дене мен жанның бірлігі
Философиядағы адам мәселесі.
Адам деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын
білдіретін түсінік. Адамың әлемде, алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың,
табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар
мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды.
Діни ұғымдар бойынша дүние адам үшін жаралған деп, көбірек айтылады,
өмір адамға, адам көңіліне жол табу мақсатына бағындырады. Мұсылман және
Христиан діндері, иудаизмнің Библиядағы мифін қабылдап адамның азап шегуін
бұрынғы ең бастапқы күнәсі үшін тартатын жазасы дейді. Одан құтылудың
жалғыз жолы - Құдайға құлшылық етіп табына беру деп уағыздайды.
Ежелгі үнді философиясы мен дінінде адам әлемдік жанның бір бөлігі
ретінде қаралды. Жанның біреуден екіншісіне көшуі туралы ілімде, тіршілік
иелері (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен Құдай арасында өтуге болатын
жылжымалы шекара бар. Бірақ ең маңыздысы - бостандыққа ұмтылу тек адамға
ғана тән, оған жету үшін құштарлықтан құтылу, болмыстың эмпирикалық жолы,
сансара - карма заңдарын білу қажет. Упанишадтың пафосы- шабыт, сезім,
шаттығы, ықлас, ынта, жігерлену. Упанишад үнді философиясының дамуына зор
ықпал көрсетті.
Қытай философиясында Конфуций СЯО-ға (ұлдың сый-сияпат көрсетуi, әке
-шешені және үлкендерді сыйлауы), ең икемді әдіспен үлкен жанұяны, елді
басқаруға, этикет, әділеттік және мінез-құлыққа ерекше көңіл аударады.
Конфуций ең алғашқы болып Өзіңе қаламағанды басқаларға қалама, - деп, ең
басты моральдік - этикалық принципті өмірге әкелді.
Даосизм, оның негізін салушы Лао-цзы бойынша, Дао (жол) - көрінбейтін,
барлық жерде бар, өзінен өзі пайда болатын табиғат, заңдылық, оған жеке
адамның мінез - құлқы мен ойлары да жатады. Адам өмір бойы дао принципін
ұстануы керек, адам өз мінез - құлқын табиғатпен бүкіл әлеммен келістіруі
керек. Бұл iлiм кейін Қытайдың негізгі бір діні ретінде дамыды.
Діни - этикалық ілім - буддизм, адам мәселесін ең жоғарғы биікке
көтеріп, өмірді түгелдей соған арнау жайында баяндайды.
Ежелгі антика заманында адамды космос бейнесінде, кішкентай әлем
(микрокосмос) ретінде қарады. Адам туралы мәселені алғашқы рет Сократ
қойды. Ол рационалдық этиканың негізін қалады, ол адамның ішкі дүниесін,
оның жаны мен ізгілікті ісін түсінуді ұсынды. Ізгілік дегеніміз – білім,
Жақсылық пен әділдікті танып білген адам жамандық пен әділетсіздіктен
аулақ болады, - дейді. Платон ілімі бойынша адамда мәңгiлiк жан мен
өткiншi дене қосылады. Жан - денесіз идея әлеміне жатады. Адам болса
дербес рухтың сақтаушысы.
Аристотель құлдарды адам деп санаған жоқ, сөйлей білетін жануар деп
атады. Құл иесі құлға қайырымды бола алмайды. Сол сияқты әкесінің баласына
қайырымды болуы міндетті емес, өйткені ол оның меншігі болып есептелінеді,
ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті, себебі әкесіз бала дүниеге
келмейді. Адам қоғамдық хайуан, тек ақылы бар, - деп санады.
Христиан дінінде адам ұғымы Құдай бейнесінде қаралады. Адамды
бағалауда ақыл - ой емес, жүрек негіз болады. Жүрек (Көне өсиетте - (Ветхий
завет) - 851 рет қайталанады.
Фома Аквинский: Адам - дене мен жанның бірлігі. Хайуан мен періштенің
аралығындағы нәрсе. Жан мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі. Адам денесі -
құмарлық пен ынтызарлықтың, жындардың ұясы - дейді.
Ортағасырдағы Шығыс философы Әл - Фараби, бақыт-әр адамның көздейтін
мақсаты, үлкен игілік. Адамда сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін үш
түрлі тамаша табиғи қабіле, ол: ерекше жасалған дене құрылысы, жан
құмарлықтары, ой- парасаты
Әл - Фараби адамның жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық
тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да терең зерттеп, талдау жасайды.
Қайта өрлеу (ренессанс) дәуірінде Адам өзін-өзі билеу еркі, мақсаты
бар, тіршілік иесі ретінде қабылданды. Жанының бірлігі оның мәнін басқа
тіршіліктерден артықшылығын көрсетеді. Адам өзінің көптеген эстетикалық
қасиеттеріне байланысты сезімтал дене иесі.
Жаңа Заман философиясының өкілдері: Бэкон, Декарт, Гоббсс, Спиноза-
адамның өз болашағы өз қолында, Құдайдан да, басқадан да тәуелсіз, ол
тапқыр да белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз өмірінің саналы субъектісі.
Адамның ерекшелігі де рухани күйі де оның ақыл-ойында, яғни ойлау
қабілетінде, деп есептедi. Декарт, ойлауды адамның өмір сүруінің нақты
куәсі дейді. Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін. Адам ақыл-ойы бар
тіршілік иесі. Дене мен жанның арасында ортақтық жоқ. Дене белгісіздікте
болса, жан ойлайды, жанның айқын маңызы – сана, ақыл-ой.
Бірінші рет философияда антропология терминін Кант кіргізді. Ол
адам мәселесін екі жақты қарады. Біріншіден, ол табиғат әлемi және табиғи
қажеттілікке тәуелді болса, екіншіден, адам еркіндік әлемі ретінде қаралды.
Адамның барлық іс-қимылының басқа біреудің еркіне бағынышты болуынан асқан
сорақы сұмдық мүмкін емес - деді.
Неміс романтизмінiң (XVII-XIXғғ. басында) өкілдері, Гете, Гердер, кей
жағдайда қайта өрлеу дәуіріне оралып, ойлауды шектеп адамның сезімдік
саласын одан жоғары қояды. Новалистің (неміс ақыны, философы) пікірінше,
ойлау-тек қана сезімдік түс
Гегель адам тарихи деген идеяны дамытты. Ол үшін адам - рухтың
жалпылық қасиеті, рухани іс - әрекеттің субъектісі, мәдениет дүниесін
жасаушы.
Фейербах пен Чернышевский өздерінің ілімінде адамды негізгі зерттеу
мәселесіне айналдырды. Адам сезімдік - денелік тіршілік иесі және осының
нәтижесі саналды.
Маркс: адамды жасайтын оның еңбекке деген ынтасы, іс-әрекеті, қоғамдық
болмыс адам санасын анықтайды дейді. Марксизм философиясы қоғамдық сана,
қоғамдық болмыс, таптар мен мемлекет, өндіріс тәсілі, мәдениет мәселелерін
өте терең зерттейді, бірақ адам мәселесін көмескі қалдырады. Ал, өмір болса
адам туралы мәселені зерттеуді, оған нақты зер салуды талап етеді. Негізгі
мәселе: адам қашан жаралған? қалай пайда болды деген сұрақтарға жауап
іздеу. Менің болуымның міндетті шартты сенің, басқалардың болуы - дейді
Фейербах.
Өмір философиясының өкілдері адамның ерекшелігін өмір феноменімен,
кейде органикалық, биологиялықпен көбірек жақындастырады (Ницше). Немесе
мәдени-тарихи мағынада түсіндірді (Дильтей). Өмір философиясында алдыңғы
шепке адамның ойдан тыс қабілеті қойылады: сезім (Гаман, Якоби), ырық
(Шопенгауэр), интуиция (Баадер, Бергсон). Олар сананы санасыздыққа жиі-жиі
қарсы қояды. Фрейд және (фрейдизм) санасыздықты санадан артық көреді.
Адамзат мәдениетінің, діннің шығуының қайнар көзін санасыздықпен
байланыстырды, бұл жөнінде адам өз-өзіне толық жауап бере алмайды дейді.
Экзистенциализм - ең алдымен адамның дербес нақты өмір сүруіне мән
береді және материализмнің, сциентизмнің үстемдігін жоққа шығарады. Бірінші
орынға сезімді, тек жай сезім емес, сезіну, уайымдауды қойды. Қысқаша
уақытт сезіну орына ұзаққа созылған сезімдер: қайғыру, жалғыздық, қорқу
т.б. қойылады.
Адамның табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) мәні. Адам
табиғи жаратылыстың дамуы арқылы осы күнгі дәрежеге жетті және күрделі
феномен ретінде қалыптасты. Саналы адам (Home sapens) 50 мың жыл өмір сүріп
келе жатқан болса, адамның жалпы тарихи шамамен 3-3,5 миллион жылдай
болады.
Ақылды адамның пайда болуының негізі неде? Адамның еңбегі арқылы пайда
болған заттардың (жасанды табиғаттың) және тілдің пайда болуында. Еңбек,
сана, ойлау және тіл - бір-бірімен тікелей байланысып жатқан процесс. Бұл
жерде антропогенез (адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір
бөлігі), антропосоциогенез (әлеуметтік себептерді анықтау) деректері көп
жәйді анықтайды. Мәдениет жоқ жерде - жетілген қоғам жоқ, қоғамсыз -
жетілген адам жоқ.
Жан-жануардан адамның ерекшелігі неде?
1. Еңбекке икемделген өзгеше дене мен келбетi бар,
2. Санасы, ойлау мүмкіндігі бар,
3. Өзінің негізгі діні, сенімі бар,
4. Адамдар арасындағы қарым - қатынасты қолдап, дамытады,
5. Өндірістің пайда болуына, өзгеруіне байланысты өзін-өзі қамтып,
өзгере білуінде.
Сондықтан еңбек өндіріс қоғамның, оның дамуының негізі болып
есептеледі. Адамның негізгі айырмашылығы құрал-сайман жасай алатындығы.
Артефакт (алғашқы қару) - немесе алғашқы зат. Тастан жасалған садақтың
ұшынан бастап, космос корабліне дейін қару және заттардың бәрі де адам ойы
мен еңбегінің нәтижесі. Ең алғашқы құрал: аң аулау, өзін қорғау үшін қолға
ұстаған тас, таяқ және басқа заттар.
Лақтыруға, соғуға ыңғайлы болу үшін адамдар оны өңдеп икемдеген. Ондай
қару кімге қажет болған? Икемсіз әлсіз, не жүгіре алмайтын адамдар, күш
иелеріне қарсы тұру үшін қолға қару ұстауды жөн көрген. Ф.Ницшенің
пікірінше: Адам деградацияға ұшыраған хайуаннан шыққан.
Кейін қаруды басқаларды өзіне бағындыру үшін, үйірін қорғау үшін құрал-
саймандарды еңбек ету тәсіліне айналдырады. Еңбек құралы, қару табиғаттан
дайын түрде берілмейді, оларды жасау, қолдануды жас ұрпаққа үйрету үшін сөз
керек, тілді дамыту қажеттілігі туады. Ал сөз абстракциялық ойлаудың көзі.
Адам - ол белгілі-бір дәрежеде биологиялық және әлеуметтік тіршілік
иесі. Биологиялық - тірі адам, тірі организм, және оның әлеуметтік қоғамдық
мәні бар. Адам мәні - Маркс айтқандай, - оның сақалында, бойында емес,
оның әлеуметтік орны мен атқаратын ісінде.
Адамның биологиялық сипаты неде? Ертедегі дүниеде адам өмірі 20-22 жас
болды. Бірте-бірте адам өмірі жақсаруына байланысты ол ұзара бастады.
Медицина ғылымының дамуы, денсаулықтың жақсаруына алып келді. Ғылыми-
техникалық революцияның желістерінің арқасында жылы үйлер, азық түлікпен
қамтамасыз етудің ұтымды тәсілдері, адамның білімі мен тәрбиесінің жас
кезінен жолға қойылуына жеттік.
Адам дамуына кедергі болатын жағдайлар: ауа райы, экология, жердің
улануы, көлдердің, жануар, өсімдік түрлерінің жоғалуы т.б. Алғашқы кезде
адамдар хайуандар секілді үңгірде тұрған. Ол кезде жыныстық қатынастар
реттелмеген болатын. Оны эндогамия (endog- іштей, games- жыныстық, некелік
қатынас) деп атайды. Ол адамзаттың денсаулығына, тұқымның өсіп дамуына
зияын келтірді, түрлі жазылмайтын аурулар адамзаттың келешегіне қатер
туғызды.
Сондықтан адамдар жақындар арасындағы некелік қатынасқа ерте бастан
тиым салған. Экзогамия (гр exo - сырттан) пайда болды. Үйленуге адамды тыс
жерден, сырттан, басқа ру ішінен іздеу тәртібі қалыптасты.
Қоғамдық болмыстың әсерінен қалыптасатын адамдағы үш жақты мағына:
1. Жеке адам, пенде (индивид)
2. Индивидуальность (даралық, ерекшілік)
3. Тұлға, Кісі (личность)
1. Жеке адам-жалпы адамзаттың өкілі. Көптің бірі ретінде адамға тиісті
қасиетке, келбетке ие болуы керек. Адамдар арасындағы қатынасы, оның
санасының дәрежесі, мінезі жайдары ма әлде жоқ па, т.б. бұл ұғымда қажеті
аз.
2. Индивидуальность (ерекшелігі) - адамзаттық қасиеті дараланып
көрінетін әрбір жеке адамның өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі,
бет-пішіні, бұл ерекшеліктері қайталанбайтын феномен. Адам – таза қағаз
емес, онда мәдениет өзінің жазуларын түсірген: ол тіршілік иесі, күш -
қуаты, ақыл-ойы, сезіну-күйінуі бар және сонымен бірге нақты ұйымдасқан,
сыртқы жағдайларды өзіне сәйкес өзгерте білетін. жан
3. Тұлға, Кісі (личность) - деп ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы
толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам.
Кісі әлеуметтік іс - әрекет иесі ретінде өндірістің қоғамдық қатынастың,
қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға - әр түрлі дәрежедегі
қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі.
Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі де
сондай болады. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болады. Әр адам
ең алдымен бүкіл адамзат қауымының мүшесі. Яғни онда шыққан нәсілінен,
ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті және тәрбиелі
адамның барлығына ортақ адамзаттық қасиеттер болады. Оларға: қуану,
қайығыру; балажандық, ананы сүю; махаббат; әділеттікті ұнату т.б. жатады.
Адамның ақыл-ойы мен сезімі өте күрделі биологиялық – психологиялық -
әлеуметтік құбылыс.
Күшті сезім, зерде, яғни интеллекттің, еріктің араласқан түйіндері
арқылы, әлеуметтік өлшем психологиялық қасиетке ұласады.
Тән мен жан бірлігі, адам жанының ерекшілігі оны табиғат әлемінен бөліп
тұр. Қазіргі заманда жанның орнына, синонимы ретінде психика деген
сөз қолданылады. Психика дегеніміз адамның ішкі дүниесі, адамның
рухани әлемі. Адам ерекшілігінің негізінде рухани дүние жатыр. Адамның
биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланысын,
бір-біріне тәуелдігін сөз еткенде, адамның хайуандық қалдықтардан бірте-
бірте арылып әлеуметтену (социализация) процесіне кіретінін ұмытпау
керек.
Маркс: Аштық қашанда аштық, бірақ пышақ пен шанышқының көмегі мен
піскен етті жеу арқылы жоюға болатын аштық бір бөлек те, қолдың тырнақтың,
тістің көмегімен жұлқылап шикі ет арқылы жойылатын аштық бір бөлек, -
деген.
Ғылымда адамды ерекше бағалайды, әсіресе, қоғамдық ғылым оған арнайы
көңіл аударады. Адамды ғылымның мәселесі ретінде антропология, тарих,
социология, биология, медицина, психология т.б. зерттейді. Адам философиясы
немесе антропологиялық философия дегеніміз адам туралы ілім.
Қазіргі замандағы антроптық принциптің фундаменталдық (негізгі)
қағидасы философия мен ғылымға көп ене бастады. Ол әлемді күрделі
өздігінен ұйымдасқан жүйе және адамды ондағы негізгі элемент ретінде
қарауды талап етеді. Бір қалыпты адам, ерекше объект деген көқарасты
қалыптастыра отырып, адам әлемді бақылаушы және өзіндік реттеушісі ретінде,
әлемнің физикалық параметрі әр алуан түрінің құрылымымен, әртүрлі
дәрежесімен байланыс орнатты. Ғылымда (оның ішінде жаратылыс тануда), адам
қызметінде субъекті мен объекті арасындағы ажыратуды жеңу, табиғат пен
адамның жақындасуын көрсетеді.
4.2. Философиядағы адам мәселесi
4.2.1. Философия тарихындағы адамның шығу тегi және оның мәнi туралы
идеялар.
Адам мәселесi, оның iшiнде шығу тегi, мәнi, табиғаттағы оның орны және
қоғамдық өмiрдегi оның рөлi мәселелерi фундаменталдық философиялық
тақырыптардың бiрi болып табылады. Философияның пайда болғанынан қазiргi
уақытқа дейiн адам оның басты назарында болды, ал бүгiнгi күндерi адам
әрекетiнiң әртүрлi қырларын зерттеудi негiзгi мақсат тұтатын өзге де ғылыми
салалар пайда болды.
Өкiнiшке орай, адамды зерттеу саласындағы жетiстiктерге қарамастан оның
шығу тегi де, Жердегi өмiрдiң қай кезде пайда болғаны сияқты қазiргi ғылым
үшiн жұмбақ күйiнде қалып отырғанын мойындауға мәжбүрмiз. Адам
қалыптасуының алғы тарихын түсiндiрiп беруге қабiлеттi, терiске
шығармайтындай айғақтар және дәлелдермен бекiтiлген сенiмдi теория болмай
отыр. Адам туралы бар көзқарастар негiзiнен гипотезалар мен ұсыныстарға
ғана сүйенедi. Бұған таңдануға болмайды, өйткенi әлем туралы қазiргi ғылыми
көзқарастар бұдан 300-400 жыл бұрын ғана қалыптаса бастады, ал бұл
адамзаттың көп ғасырлық тарихындағы аз ғана мезет. Алайда, осыған
қарамастан адам табиғатын философиялық түсiндiру жалпы теориялық денгейде
үлкен сенiмге ие бола отырып, дұрыс бағыт сiлтейдi.
Адам туралы алғаш идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын
айтыла басталды. Бұл туралы бiздiң заманымызға дейiн жеткен мифтер (аңыз,
әпсаналар) мен алғашқы қауымдық дiни түсiнiктер мәлiмет бередi. Аңыздарда,
әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәнi
қарастырыла бастайды.
Адамды философиялық тұрғыда түсiнудiң iргетасы осы қалыптасқан
түсiнiктердiң, идеялардың, образдар мен ұғымдардың негiзiнде және қалыптаса
бастаған философия мен мифологияның арасындағы сұхбат нәтижесiнде қаланды.
Дәл осылайша адам туралы алғашқы iлiмдер ежелгi Шығыс мемлекеттерiнде пайда
болды.
Адамның ежелгi үндiлiк философиясы ең алдымен өз бойына мифологиялық,
дiни, философиялық дүние танымдарды бiрдей жинаған ерте үндi әдебиетiнiң
ескерткiшi – Ведаларда берiлген. Адамға деген қызығушылық Ведаларға жақын
мәтiндерде – Упанишадтарда аңғарылады. Онда адамның адамгершiлiгi мәселесi,
сонымен бiрге оның объектiлер мен құмарлықтар әлемiнен азат етiлу жолдары
мен тәсiлдерi ашылады. Адам осы азат етiлу iсiнде неғурым табысқа жеткен
сайын, соғүрым ол рухани жетiле түседi. Азат етiлу индивидуалдық жанның
(атманның) әлемдiк жанға, өлшемнiң универсалдық принципiне (брахманға)
сiңiп кетуi арқылы жүзеге асады. Упанишадтың маңызды құрамдас бөлiктерiне
өмiрдiң айналымы концепциясы (сансара) және онымен тығыз байланыстағы
жазмыш заңы (карма) жатады. Сансара туралы iлiмде адам өмiрi қайта туылудың
шексiз тiзбегiнiң белгiлi бiр формасы ретiнде түсiндiрiледi. Бұл түсiнiк
өзiнiң бастауын адамдардың анимистiк көзқарастарынан алады. Қарма заңы
индивидтiң қайта туылудың мәңгi айналымына енуiн бiлдiредi және өткен
өмiрдегi барлық әрекеттерiнiң нәтижесiне сай адамның болашақтағы тууын
алдын ала анықтайды. Сондықтан да өткен өмiрiнде тек абыройлы қылықтар мен
үгiлiктi iстер жасағандар ғана жоғары сословиенiң (варнаның) өкiлi ретiнде
туыла алады: дiн қызметкерi ретiнде (брахмандар), әскери немесе тайпалық
билiктiң өкiлi ретiнде (кшатрийлер), шаруа, колонершi немесе саудагер
вайшья ретiнде. Ал егер кiм күнаһарлықпен өмiр сүрсе, онда ол болашақта
төменгi варнаның өкiлi - шудра ретiнде туылады, немесе оның атманы
жануардың тәнiне енедi. Мұнда тек қана варна емес, адамның өмiрдегi барлық
басынан кешiретiнi кармамен анықталады.
Ежелгi Үндi философиясында адам әлемдiк жанның бөлiгi ретiнде
пайымдалады. Жанның көшуi туралы iлiмде тiрi жандар өсiмдiктер, жануарлар,
адамдар мен құдайлардың арасындағы шекара шартты және өтпелi. Алайда
өзiнiң эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркiндiкке
ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкiл Үндiстанда адам философиясының
дамуына орасан зор ықпал еттi. Әсiресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм,
санкхья, йога iлiмдерiне мол әсерiн тигiзедi.
Ежелгi Қытай философиясы да адам туралы өзiндiк iлiм қалыптастырды.
Оның ең көрнектi өкiлдерiнiң бiрi Конфуций болып табылады. Оның түпкi
тұжырымы ретiнде "аспан" концепциясын алуға болады, өйткенi ол әлем мен
адамның дамуын анықтайтын тек табиғаттың бөлiгi ғана емес, жоғары рухани
күштi де бiлдiредi. Бiрақ оның философиясының негiзiн аспан, немесе жалпы
табиғи әлем емес, адам, оның жердегi өмiрi мен тiршiлiгi құрайды, яғни
антропоцентристiк сипат алады. Конфуций ең алдымен адамның адамгершiлiк
әрекетiне назар аударады. Ол аспанның үлесiмен белгiлi бiр этикалық
қасиеттерге ие болған адам мораль заңына - даоға сәйкес қылық жасауы тиiс
және бұл қасиеттердi оқу процесiнде жетiлдiруi тиiс деп жазды. Оқытудың
мақсаты Конфуцийдiң шығарған концепциясына сай "идеалды адам", "қайырымды
ер" (цзюн-цзы) денгейiне жету болып табылады. "Цзюн-цзыға" жақындау үшiн
әрбiр адам бiрқатар этикалық принциптердi сақтауы керек. Олардың iшiндегi
негiзгiсi "өзiңе қаламағанды өзгеге жасама" деген ережеге сай отбасы мен
мемлекеттегi адамдар арасындағы идеалды қатынастар заңын бiлдiретiн өмiр
концепциясы (адамшылық, гумандылық, сүйiспеншiлiк) болып табылады.
Жоғарыдағы келтiрiлген ереже адамгершiлiк императив ретiнде кейiнiрек
әртүрлi варианттарда "ежелгi" Грециядағы "жетi данышпандардың" iлiмдерiнде,
Iнжiлде, Кантта кездеседi. Конфуций сяо (кiшiнiң инабаттылығы және ата-
анаға, үлкенге деген құрмет) принципiне де үлкен көңiл бөледi. Ол өзге
жақсы қасиеттердiң негiзi және "үлкен отбасы" ретiнде қарастырылатын елдi
басқарудың эффективтi методы болып табылады.
Конфуций және оның iзбасарларының iлiмiмен қатар ертеқытай
философиясындағы келесi бiр бағыт – даосизмдi де атап өтуге болады. Оның
негiзiн қалаушы Лао-цзы деп саналады. Даосизмнiң түпкi идеясы дао туралы
iлiм болып табылады. Дао - бұл жекелеген адамның қылығы және ойлауымен
қатар, қоғамның, табиғаттың көзге көрiнбейтiн, барлығын қамтитын заңы. Адам
өзiнiң өмiрiнде дао принципiне сүйенуi керек, яғни оның iс-әрекетi мен
қылығы Ғаламның және адамның табиғатымен үйлесуi керек. Дао принципiн
сақтау толық азаттыққа, бақыт пен игiлiкке жеткiзедi, ал егер кiм оны
сақтамаса өлiм мен сәтсiздiкке ұрынады. Ғаламды да, индивидтi де жасанды
жолмен тәртiп пен үйлесiмдiлiкке әкелуге болмайды, ол үшiн олардың
еркiндiгi мен жаратылысынан бар iшкi қасиеттерiн дамыту қажет. Сондықтан да
данышпан билеушi дао жолымен жүре отырып, елдi басқару үшiн ешнәрсе
iстемейдi (қылық жасамау принципiн ұстанады); сонда ғана ол және оның
мүшелерi тыныштық пен үйлесiмдiлiк жағдайында болады. Даода барлық заттар
бiр бiрiмен тең және барлығы да бiр тұтастыққа бiрiгедi: Ғалам мен индивид,
ерiктi мен құл, тұрпайы мен әдемi. Дао жолымен жүретiн данышпан барлығына
бiрдей қатынас жасайды және өмiр туралы да, өлiм туралы да қайғырмайды,
оның өткiншiлiгiн түсiнедi.
Ежелгi Шығыстың адам философиясын сипаттай отырып, оның маңызды бөлiгi
жеке тұлғаның әлеуметтiк әлемге де, табиғи әлемге де бiрдей өте құрметтi
және гуманды қатынас жасайтын бағдары екендiгiн атап өтуге болады. Сонымен
бiрге бұл философиялық дәстүр адамның iшкi әлемiн жетiлдiруге бағытталған.
Қоғамдық өмiрдiң, тәртiптiң, әдет-ғұрыптың, басқарудың және т.б. жақсарту
сыртқы әлем мен жағдайларды өзгертумен емес, ең алдымен индивидтiң
өзгеруiмен, оның қоғамға бейiмделуiмен байланыстырылады. Адам өзiн
жетiлдiрудiң жолын өзi анықтайды және өзiнiң құдайы мен құтқарушысы болып
табылады. Ежелгi Шығыстың адам философиясы және буддизм, конфуцийшiлдiк,
даосизм сияқты дүниетанымдық ағымдар адам туралы iлiмнiң кейiнгi дамуына,
сонымен қатар Шығыс елдерiнiң дәстүрлерi мен мәдени үлгiлерiне, ойлау
тәсiлi мен өмiр сүру тәртiбiнiң қалыптасуына орасан зор ықпалын тигiздi.
Ежелгi грек философиясында адам бастапқыда өз-өзiнен өмiр сүрмейдi, тек
абсолюттiк тәртiп және ғарыш ретiнде қабылданатын белгiлi бiр қатынастар
жүйесiнде өмiр сүредi. Өзiнiң барлық табиғи және әлеуметтiк ортасымен,
көршiлерiмен және полиспен, жанды және жансыз заттарымен, жануарлармен және
құдайлармен бiрге ол бiртұтас, ажырамас әлемде өмiр сүредi. Ғарыш
түсiнiгiнiң өзi мұнда адамдық мәнге ие болады, сонымен қатар адам тiрi ағза
ретiнде, макрокосмның бейнесi микрокосм ретiнде, ғарыштың бiр бөлiгi
ретiнде пайымдалады. Гилозоизм позициясының, яғни тiрi мен өлi арасындағы
шекараны терiске шығарып, универсумның жалпы жандылығын мойындайтын
позицияны ұстаған милет мектебi өкiлдерiнiң көзқарастары дәл осындай едi.
Тiкелей антропологиялық проблематикаға өту софистердiң сыншыл және
ағартушылық әрекетiмен және философиялық этиканың негiзiн қалаған Сократтың
әрекетiмен байланысты болды. Сократ үшiн негiзгi мәселе адамның iшкi әлемi,
оның жаны мен қасиеттерi болып табылады. Ол "жақсылық - бiлiм" деп
тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принципiн негiздейдi.
Сондықтан да қайырымдылық пен әдiлеттiлiктi таныған адам жаман және
әдiлетсiз қылық жасамайды. Адамның мiндетi ақиқатты тану негiзiнде үнемi
адамгершiлiк парасаттылыққа ұмтылуда. Және бұл ең алдымен өзiңдi өзiң
тануға, өз адамгершiлiгiнiң мәнiн ұғынуға бағытталады.
Демокрит - адам туралы iлiмдегi материалистiк монизмнiң өкiлi. Демокрит
бойынша, адам - табиғаттың бөлiгi, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады.
Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннiң өлуiмен бiрге жан да жойылады.
Оның айтуынша өмiрдiң мақсаты -бақыт, бiрақ ол тәннiң ләззат алуы мен
өзiмшiлдiк емес. Бақыт бұл ең алдымен рухтың қуанышты және жақсы көңiл-
күйде болуы. Оның маңызды алғышарты - ақыл-ой. Демокритпен салыстырғанда
Платон жан мен тән антропологиялық дуализмi позициясын ұстанады. Бiрақ жан
ғана адамды адам ететiн субстанция болып табылады, ал тән оған қарсы
материя ретiнде қарастырылады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы, оның
мақсаты және әлеуметтiк статусы жанның сапасына бағынышты. Адам жаны үнемi
идеялардың трансценденттi әлемiне тартылады, ол мәңгi, ал денеге өлiм тән.
Платон бойынша, адам өмiрiнiң мәңгi трагизмi жанның тұтастығында және жан
мен тәннiң қарама-қарсылығында.
Аристотельдiң концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттiк, саяси деп
қарастырылады. Және адамның бұл әлеуметтiк табиғаты оны жануарлардан да,
"адамгершiлiк тұрғыда жетiлмегендерден" де, "жоғары адамнан" да
ерекшелендiредi. Сондықтан да ол былай деп жазады: "егер кiмде-кiм өзiне-
өзiн жеткiлiктi санап, ешқандай қарым-қатынасқа түсуге қабiлеттi болмай,
оған деген қажеттiлiктi де сезiнбесе, онда ол мемлекеттiң элементiн
құрамайтын не жануар, не құдай болғаны". Адамның тағы бiр ерекше белгiсi -
оның ақылдылығы, "адам - бұл ең алдымен ақыл-ой". Сонымен, Аристотельдiң
пiкiрiнше, адам - бұл ақылға ие қоғамдық жануар. Әлеуметтiк пен ақылдылық -
оны жануардан айрықшаландыратын екi негiзгi сипаттамасы. Аристотель адамның
әрекеттiк мәнi туралы жағдайды қалыптастыруға өте жақын келедi. Оның ойынша
адамның игiлiктi iсi әрекеттен көрiнедi және онда тұлғаның өзiн көрсетуiнiң
жалғыз мүмкiндiгi берiлген. Қоғам мен тұлғаның арақатынасында Аристотель
индивидтен горi әлеуметтiк тұтастықтың басымдылығын мойындайды. Алайда ол
жеке меншiктi жақтай отырып экономикалық индивидуализмдi қолдайды және ең
алдымен "өзiңдi-өзiң көбiрек сүю керек" дей отырып этикалық индивидуализмдi
жақтайды. Бұл жерде бiз ақылды эгоизм концепциясымен кездесемiз.
Ертегрек философиялық антропологиясы да ежелгi шығыстың философия
сияқты мифология мен дiннiң таңбасын өзiмен ала жүредi және олармен
тiкелей сұбаттаса дамиды. Бiрақ ежелгi Грециядағы адам философиясы өзiнiң
мектептерiне, бағыттары мен позицияларына қарай әртүрлi болып табылады.
Оның шығыстық философиядан басты ерекшiлiгiнiң бiрi, мұнда адамның әлемге
қатынасы ашық және қоғам мен оны өзгертуге қатысты белсендi позиция
ұстанады. Оның үстiне шығысқа қарағанда, батыстың философиялық
антропологизмiнде рационализм принципi басым.
Орта ғасырда адам ең алдымен құдайдың бекiткен әлемдiк тәртiбiнiң
бөлiгi ретiнде қарастырылады. Ал ол туралы қөзқарас христиан дiнiнде
көрсетiлгендей адам "құдайдың бейнесi және ұқсастығы" дегенге саяды.
Әлеуметтiк тұрғыда ортағасырларда адам құдiреттi тәртiптiң бей-жай
қатысушысы деп жарияланды және құдайға қатынасында ол төмен және бейшара
жан болып табылады Ортағасырлық христиандық философияның көрнектi өкiлi
Аврелий Августиннiң пiкiрiнше адам өз алдына дербес болып табылатын жан мен
тәннiң қарама-қайшылығы. Алайда, тек жөн ғана адамды адам ете алады. Бұл
оның жеке иммоненттiк субстанциясы. Августиннiң бұл мәселеге қосқан
жаңалығы бұл - адами тұлғаның дамуы. Августинмен салыстырғанда Фома
Аквинский адам туралы христиандық iлiмдi негiздеуде Аристотельдiң
философиясын пайдаланады. Адам - бұл жануарлар мен перiштелердiң арасындағы
жан. Ол жан мен тәннiң тұтастығын бiлдiредi, бiрақ жан тәннiң
қозғаушысы," және адамның мәнiн анықтайды. Егер Августин үшiн жан тәннен
тәуелсiз және адаммен бiрге болса, ал Фома Аквинский үшiн адам екеуiнiң де
тұлғалық тұтастығы болып табылады. Жан - материалды емес субстанция, бiрақ
өзiнiң толық көрiнiсiн тек тән арқылы ғана көрсете алады.
Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан
капиталистiк қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми
бiлiмнiң ықпалымен қалыптасты. Егер ортағасырдың дiни философиясы адам
мәселесiн мистикалық тұрғыда шешсе, ал Қайта өрлеу дәуiрiнiң философиясы
адамды жерге түсiрiп, оның мәселесiн осы түбiрде шешуге тырысады. Адамның
әуел бастағы күнаһарлығы туралы iлiмге қарсы, ол адамның қайырымдылыққа,
бақытқа және үлесiмдiлiкке табиғи ұмтылысын бекiтедi. Бұл философияға
гуманизм және антропоцентризм тұтастай тән.
Бұл дәуiрдiң философиялық антропологиясында жеке мүдде үстемдiгi мен
туындап келе жатқан капиталистiк қоғамдық қатынастармен байланысты жақындай
бастаған индивидуализмнiң, эгоизмнiң және утилитаризмнiң қадамдары
байқалады. Жеке мүдде үстемдiгiнiң адам туралы көзқарасқа әсерi Т.Гоббстiң
концепциясынан бiлiнедi. Аристотельге керiсiнше, ол адам табиғаты жағынан
қоғамдық жан емес деп есептейдi. Керiсiнше, "адам - адамға қасқыр", ал
"барлығының барлығына қарсы соғысы" ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz