Өмір сүру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Өмір сүру (существование)
Философиялық ойдың тарихында өмір немесе өмір сүру мөселесі әр түрлі
кезеңдерде алга тартылып отырған. Оның мазмұны да сан алуан.
Күнделікті қатынастарда ұшырасатын түсініктер бойынша өмір немесе өмір
сүру болмыстың айқындықтарының біріндей сипатқа ие: өмір сүру, яғни бір
нәрсенің бар екендігі, іске асқан, орындалған, кеңістік пен уақытта өз орны
бар нәрсе. Яғни өмір сүру өмір сүріп отырған, бар заттардың бәрі.
Философиялық ойда, бірақ, бар нәрсенің барлығын өмір сүру деп қарамайды.
Өмір сүру бар нәрселердің белгілі бір айқындығы. Олай болса, ол бар
екендіктің жәй фактісі емес, оның белгілі бір жағы, немесе қыры. Қандай
қыры? Өмір сүру мән мен құбылыстың белгілі бір астастығы. Ол мәннің
құбылыстан және құбылыстың мәннен оқшаулығы емес, олардың әр қайсысының
дербес көріну формасы емес. Оны жөнд; лу&мыс, немесе ду&мбс ??ежбс;н&
иалысдая тиән деуге болар еді.
Өмір сүру де мәннің сыртқы көріну формаларына жатады, яғни ол
болмыстық форма. Бірақ нәрсенің бар екендігінен басқа. Ол әлі барлығынан
басқа айқындығы жоқ кезеңнен кейінгі шындыққа ауысудың кезеңі. Ол әлі
шындық (действительность) емес, бірақ болмыстың іштей жіктеліп, оның мән
мен құбылыстарга ажыраған кезеңі. Болмыстың мәні айқындалған, сондықтан
енді мәнге неғұрлым сай келетін көріну формасы қажет. Өмір сүру осы
қалыптасқан мәннің өзіне сай көріністерін айқындау процесі. Әрине, мән мен
құбылыстың сай келуі барлық уақытта біршама өз тарихы бар процесс. Өмір
сүру осы қалыптасу тарихы, ол құбылыстың мәнділікпен толысу және пайда
болған мәннің өз көріну жолдарын, формаларын түзеу тарихы. Дәлірек айтсақ
өмір сүру жадагай болмыстан мәнділіктің на дейінгі жол емес, керісінше,
пайда болған мәннің өзіне сай формасын жасау, табу жолы. Яғни болмыс,
шындық, күбы өмір сүру бір типтес категориялар, бірақ олардың мазмұндары ей
емес.
Философия тарихында өмір сүру категориясын неғұрлым мүқият
талдағандардың алғашқысы Гегель. Оның өмір сүруді түсінуі жоғарыда
айтылғанга жакцн. Бірақ Гегель үшін ойлау әлемнен адамнан тыс алғашқы
күдіретті жаратушы күш болғандьисған мән әрқашан алғашқы оның өзін өзі
тануы әлемді, адамды жарату жолында іске асады, осы жолда ол өзін алдымен
болмыстық формаларда көреді, тек кейін ғана ол болмыстың ішкі мәні өзі
екенін айқындайды. Өмір сүру тек осы кезеңнен кейін келетін саты. "Белгілі
бір істің барлық, шартты жардайлары дайын болғанда ол өмір сүруге ауысады",
дейді ол.
Егер әрбір тұтас нәрсені белгілі бір пайда болу, қалыптасу, даму, өшу
кезеңдерінен өтеді деп қарасақ тек осы тұрғыдан ғана өмір сүру дербес
категория ретінде өзіндік мазмұнга ие. Гегель тек осы тұрғыдан талдайды.
Оның ойынша мән (сущность) алғашқы, анықтаушы, жэне әрбір тұтас, дербес
нәрсені түпкілікті тап осы нәрсе ететін мазмұн. Сапага берген анықтамада ол
заттың өзімен барабар айқындығы делінген. Гегель енді затты тануды оны
мәнділігіне дейін жеткізгенде сол барабарлықтың түпкі негізі мән екенін
айтады. Бірақ, табиғат дүниесінде көптеген нәрселер осы сатылардан өтіп
жатады деп айта алмайсың. Дегенмен, қалыптасу, даму кезеңдері болмайтын,
немесе ондай кезеңдері өтіп кеткен, толықжетілген нәрселерде үнемі циклдік
қайталау болатын болса, онда да өмір сүрудің белгілі орны бар.
XX ғасыр философиясында өмір сүру категориясы көптеген бағыттардың
(экзистенциализм, философиялық антропология т.б.) негізгі проблемасына
айналды. Ол XX ғасырдағы Батыс философиясының негізінде тек адам
проблемасына бет бүрғандығының нәтижесі еді. Бұл бағыттар философияның
міндетінің өзін басқаша түсінуге ойысып, олар тек адамның дүниедегі орны,
оның дүниеде болуының мағынасы туралы мәселелерді алга тартты. Мұндай
жағдайда, әрине, өмір сүру, ол адамның өмір сүруі және жалпы адамзаттық
қана емес, жеке адамның жалкы тіршілігіндегі өмір сүру. Бұрынғы философия
жалпылықты тым әсіре бағалап, оны бірінші орынға қойды, ал адамдар
дүниесінде әрбір жанның қайталанбас жалкц тіршілігі бағалы. Әрбір адам
басқа нәрсеге тәуелділігі арқылы, жалпы басқа нәрселер арқылы бағалы емес,
ол өзі үшін де, қоғам үщің де өзінен өзі бағалы. Бірақ бұл шындық тарихта
көбінесе мойындала берген жоқ.
Экзистенциализм (ек2І$1;еп2іа өмір сүру) үшін адамдардын шын өмірі
олардың сыртқы дүниемен, басқаадамдармен қатынастан көрі өз жан әлемінде,
өмірлік толғаныстарында өтеді. Олар, әрине, сыртқы дүниемен байланыста,
бірақ сыртқы дүние, олармен тап осы адамның қатынастары оның ішкі өз
жобасының өзінен тыс дүниеге проекциясы, оны сыртқы дүниеге таңуы. Атеистік
экзистенциализм деп аталатын бағыттың өкілі, көрнекті француз ойшылы
Ж.П.Сартрдын айтұы бойынша өмір сүру адамда мәннен бұрын, алғашқы. Әрбір
адам иппінін басталу шагында ешкім де емес, яғни ол кім, қалай болуын ялі
аныктаған жоқ. Адам өз мәнін өзі қалайды. Сартрдың ойы: барк адамдарға
ортақ мәннің шеңберінде әр адамның өзіндік мәні бяр Ол мәнді өзі
қалыптастырады. Әр адамның өзіне қалаған мәні оның өзіне жасаған жобасы.
Сондықтан әркім өзінің кім болатынпыгын өзі шешіп, оны тек өзінің ғана
дүниеде болу жолы деп қарамайды, немесе қарамауы тиіс, ол өз жобасын жалпы
адамзаттың өмірлік жобасы ретінде ұсынады.
Мысалы, біреу өмірлік жолында католицизмді қабылдайды, ал екінші біреу
коммунистік партияга мүше болады дейік, олардың әрқайсысы жалпы адам
болудың шеңберінде осы өздері тандаған жолды бүкіл адамзатқа ұсынуга
болатын үлгі деп қарайды. Адамның шын болмысы оның ішінде, яғни оның
өзіндік "мендігінің" шеңберінде. Ол болмыстың мәні, әрине, іс-әрекеттерде
көрінеді, бірақ түптеп келгенде басқаларга да көрінетін оның істерінің
акіІргы, оның өзіне байланысты мәні ол істердің сырттай белгілі мәнінен
тіпті басқаша болып жатады. Олай болса әрбір адамның өмір сүруі, оның ішкі
мәні түгелімен автономдық нәрсе, өзінің ішкі тереңдігі, өзіндік ауқымы,
шекарасы, құрылымы бар. Өмір сүру деген осы дейді ол.
XX ғасырдағы Батыс философиясы Шығыстық адамның өз жан дүниесін
түзеуге бағышталатын дәстүріне көп көңіл бөле отырып, одан белгілі бір
тәлім алды деуге болады. Батыстың бүған дейін ұстанған, бірденбір
құндылықдеп келген нәрселері, зерде мен акылдың кудіретіне табынғандығы екі
дүниежүзілік согыстан, фашизм мен тоталитаризмнің тәжірибесінен кейін т. т.
күйреді деуге болады. Батыстың бұрынғы бүкіл тарихи рухани тәжірибесінде
жекелік ешбір мәнсіз нәрседей қаралды. Ол бүкіл әлемді түсінуде де осылай.
Адамдар дүниесінде қоғам ол жалпылық деп қаралып, ал жеке адам оның өткінші
бір сәтіндей құбылыс деп қаралады. Бұл туралы жаттануға байланысты
айтқанбыз. XX ғасырда жалпылықты әсірелеу логикасы тоталитаризмнің логикасы
екендігі айқындала бастады. Жекелік, даралық, жалкылық құндылық ретінде
алга тартылып келеді.
Сонымен қатар XX ғасыр, әсіресе оның екінші жартысы бұрын да
аитылғанмен үстем көзқарас бола алмаған әрбір жеке адамның жеке әрбір жеке
тіршіліхтін өзіндік шексіз бағалы екендігін қоғам көңілкүйде, ал
философиялық діни, эстетикалық, этикалық ойайрыкща көрсете бастады. Ол
бағыт толық үстем болды деуге әлі е, бірақ осындай көңілкүйдің күш алып
келе жатқандығы айқын. үстіне жеке адамның дербестігі, әлеумеггік
мәселелерде олардың іі артып келе жаткандығы да көрінеді. Жеке адамның,
жеке ЛЫрдық алғашкь! екендігі, тек дербес субъектілердің өзара үйлесімді
қатынастары арқылы ғана қоғамның пайда бола алатындығын айттық. Сондықтан
адам дүниесінде түптеп келгенде әрбір жеке адамның өзіндік өмір жолын өзі
анықтайтындығын мойындау, оны қадірдеудің негізінде ғана үйлесімді дүние
орнауы хақ. Тек сол арқылы адамдардың басқа дүниенің, табиғат әлемінің де
өзіндік болмысын, і заңдылықтарын, өзшдждербестігін кадірлеу, бағалау туа
алады. Табиғатқа өктемдік, оны тек тұтынудың объектісі деп қараудан солай
кутыламыз Өмір сүру адам болмысының өзіндік өзгеше категориясы, адам
мәнінің тынымсыз қайта жаңгырып, қайтадан туындап отыратынының белгісі.
Мұны біз аныгырақ ету үшін оның заттардың табиғатынан, мәнінен
айырмашылығын көрсеткен жөн. Табиғаттағы заттардың, соның ішінде
жануарлардың да табиғаты толық қалыптасқаннан кейін үнемі сақталады,
жоғалмайды, яғни өрбір сәтте, өрбір қатынаста қайтадан, жаңадан туып
отырмайды. Яғни олардың өмір сүруі олардың мәнімен белгілі бір дәрежеде
барабар. Олардың әрбір сөтінде мәні де, өмір сүруі де біршама бірдей, олар
барлық сәтте бар. Әрине, сол зат алаңсыз жоғалып кеткенше. Адамда түбірінен
олай емес.
Биологиялық тұрғыдан адамдардың барлық топтары, нәсілдері, халықтары,
т.т. бірліктері бір түрге жатады екен. Биолоиялық бір түрге жататын
жануарлардың табиғатында үлкен айырмашылықтар кездеспейді. Ал бір
биологиялық түрге жататын адамдардың, тіпті бір халықтың, бір шагын топтың
ішіндегі адамдардың өзара айырмашылықтары соншалықты саналуан, әрі орасан.
Ол айырмашылықтар кейде тіпті қарама-қарсылық дәрежесінде. "Мал аласы
сыртында, адам аласы ішінде" дейтін мәтел осыны көрсетіп тұр. Белгілі бір
принципті, жолды, өнегені ұстану бар, немесе, ешбір тұрақты нәрсені
ұстанбай, өр сөтте өз басына не үтымды, пайдалы дегенді ғана біліп, шексіз
құбылмалы өмір кешу де бар. Ал, бұл адамдық мәнге жатады. Адамдар
дүниесінде жалпы, ортақ мәндермен қатар жеке адамның жалқы мәні де бар.
Соған сәйкес жеке өмір сүру бар. Осыған орай ескеретін нәрсе адамдардың
өмір сүру формасы, сыртқы қалыпы, көрінуі бірдей болған күнде де, өмірдің
ішкі мәні әртүрлі болуы ықтимал. Тіпті бір адамның өзінің өмір сүру жолында
сырттай іс-әрекеттері бұрынғыша, үйреншікті қалпында сақтала отырса да,
оның ұстанатын мәнінін түбірінен өзгеретіні болып жататын нәрсе.
Табиғи заттар мен жәндіктер дүниесінде нәрсенің мәнінің, табиғатының
толық өзгеруі сол заттың жоғалуы деген сөз. Адам универсалдығы, оның өз
мәнін өзі ауыстыра алатындығында. Сондықтан да сондай өзгерудің барлық
ауыртпалығы да, барлық игілігі де оның өз туындысы. Клыптасқан адамның
өзінде ол үшін де, басқалар үшін де тұрақты болып жүрген оның бағыты,
өзіндік ерекше құндылықтары әрбір сәтте, әрбір істе, әрбір қатынаста қайта
туады, болады деуге болады. Бұрыннан үнемі көрініп жүретін, тап осы адамға
тән қатынас оның жаңа істерінде көрінуін басқалар, әрине одан күтеді, ондай
күту ақталады да, бірақ ақталмауы да мүмкін. Тіпті адамның өзінен күткен
нәрселері де ақталмауы мүмкін.
Себебі адамның қалыптасуының аяқталуы да, аяқталмауы да оның өзіне
байланысты. Осы мағынада ол не үнемі жол үстінде, өз болмысы мен мәнінде,
өмір кешуінде не үнемі жолаушы, не өз мекенін өзі түйықтап, өз коршауын өзі
бекітуші. Оны ол алаңсыз түйықтай ала ма, жоқ. па, ол да алдынала шешілген
нәрсе емес. Олай болса, адамда өмір кешу оның мәнінің тек қана сыртқы
көріну формасы емес, сол мәннің өзінің, яғни адамның үнемі адам ретінде
қайта туып отыру процесі екен.
Адам мәні осылай үнемі қайта туып отыратын болғандықтан, яғни өзін
адам ретінде, әсіресе тап осындай адам ретінде күн сайын, тіпті өр сәт
сайын қайтадан жасап отыратындықтан, ол бір рет іске асқан, онан кейін
үнемі, өмірден кеткенше барлық түрінде, болмыс түрінде сақталмайды, ол
үнемі әр іске асқаннан, орындалғаннан кейін қайтадан әлі іске аспаған, іске
асуы тиіс ұмтылыс қалпына қайта оралады. Іске асқан, болмыстық форма ол
үшін енді өткінші бір сәт.
Сондықтан ядяждыл; жәннщ олу ориасының өз ммстимқ жн&жимқ Бұл
адам үнемі алдағы бір биік, қол жетужетпеуі негайбьш бір мақсаттар мен
мұраттарга ұмтылған жағдайда ғана емес, алдақашан қол жеткен, іске асып
жүрген, үйреншікті өмір сүру қалпынан мызгымай жүргенде де солай. Өйткені
қол жеткен мәнге де үнемі қайталап, іске асырып, қол жеткізіп жүру қажет.
Іске асқан мән мәндік сипаттан айырылады, ол енді сыртқы объективтенген
форма. Ол енді мәнді үнемі істік, әрекеттік формага ауыстырудың негізі,
шартты болуы мүмкін, соны жеңілдетуі хақ, тіпті соның құрамы, бірақ мәннің
өзі емес.

Өмір. Өлім. Мәңгілік

Категориялардың адамның дүниеге қатынасының саналуан формалары
екендігі шектілік пен шексіздіктің арақатынасында әсіресе анық алга
тартылады. Саналы түрде ме, әлде бейсаналық дәрежеле ме, бірақ адамның өз
өмірінде көп жағдайда мәңгілікке ұмсынатындығы, мәңгілікті (шексіздікті)
аңсайтындығы көрініп жүреді. Тіршіліктің, биологиялық өмірдің шектеулі
екендігі әрбір ересек адамға мәлім. Биологиялық өмір өмірдің бастауы,
онсыз өмір жоқ. Ол да белгілі. Бірақ өмір тек "таза" биологиялық
тіршілікпен шектелмейтінін айтанбыз. Адамға биологиялық тәннің тіршілігінің
негізінде ба да өмір қажет. Биологиялық тіршіліктің тірі жәндіктерге де,
ада да ортақ шексіздігі ұрпақтың ұрпаққа жалғасуы, әрбір жеке өмірді
жекелігімен бірге із-түссіз жоғалып кетпеуінің кепілі.
Әрине, шектілік те, шексіздік те адамнан тыс дүниеде бар, бірақ яяо
тек адам үшін бағалы не бағасыз, құнды не құнсыз, өмірінің немесе
мәнсіздік, мағынасыздық. Белгілі бір мәнділікке құрылған өмір ғана адам
үшін өмір (жалған болсын немесе ақиқат болсын – ол басқа мәселе).
Неліктен адам өзінің жеке, тек өзіне ғана қажет, бүгінгі, қазіргі, осы
сәттегі мұқтаждықтармен күн кеше алмайды? Оны неліктен шексіздік
толғантады? Өзі жоқ болғаннан кейінгі болатын нәрселерде оның не жұмысы
бар? Көп адамдардың өлімнен, яғни шектіліктен қорқатын себебі не?
Оның себебін бұрында белгілі дәрежеде айтып өткендей, адамнын
табиғатының өзі (биологиялық емес, қоғамдық, рухани) шексіздік,
универсалдылық күнделікті өмірінде қаншалықты шекті болғанымен ол жан
дүниесінде, қиялында, армандарында бүкіл әлемнің тіршілігімен тыныстап
жүретіні болады. Көп жағдайда адамның қай өмірінің оның шын өмірі екенін
күнделікті тіршіліктегі күйбеңдері ме, әлде армандарында, қиялдарында
аялайтын мөлдек, екінің бірінде өзіне ғана аян толғаныстары ма айту қиын.
Шын мәңгіліктің аясы адамдардың рухани дүниесі. Рухани өмірде адам
бүкіл әлеммен теңдесе алады. Рухани өмірде ғана адам толық мағынасында
еркін. Рухани дүние адамдардың ең терең, ауқымды және мағыналы
құндылықтарының мекені. Егер ондай құндылықтар жоқ болса, рухани дүние де
жоқ. Ең терең, яғни ең шексіз құндылықтар адамның әлеммен, адамдардың өзара
үйлесімді қатынас түзеп, соларды дамытуының құндылықтары. Ал олар ең
алдымен әрбір тұлғаның осындай құндылықтарының, мақсаттар мен пиғылдарының
шеңберінде шексіз дамуы. Оның осы бағыттағы мағыналы істері, берген
үлгілері, өзіндік дербес дамудың соны жолдары басқалардың бәріне де, келесі
ұрпақтарына да ізгілікті әсер етуі мүмкін. Жеке өмірдің шектілігінен
адамның шексіздікке аяқ басатын тұсы осы болуы керек. Мұны көптеген
ойшылдар айтқан. Түрік дүниесінің ойшылдары әл-Фараби, Баласағұни, Қорқыт
ата, Абай т.б. әртүрлі мағынада болса да бұл мәселе жөнінде осы ойға
ойысады.
Дiн мен философия
Дiн мен философияның негiзiн бiр-бiрiнен ажыратуға болмайтындығын ескере
отырып, ислам дiнiнiң бiзге VIII, IХ ғасырларда келген жағдайда, IХ-Х
ғасырларда өмiр сүрген әл-Фараби тiлдi, дiндi, ой-толғамдардың бәрiн де
тұтастай дiн арқылы танытты деуге болады. Ал, ендi әл-Фарабидiң шетел
кiтапханаларында сақталып отырған трактаттарын аударып, зерттеп жүрген
бiрнеше ғалымдардың iшiндегi марқұм А. Қасымжановтың да есiмiн ұмытпауымыз
керек.
Қазақ халқы қалыптастырған рухани құндылықтар арасында ақын-жыраулардың
алатын орны ерекше. Асан қайғы, Қазтуған жырау, Доспанбет жырау, Бұқар
жырау, Шалкиiз, Ақтамбердi, Шал ақын және т.б. ойшылдардың бiр шоғыры.
Бұлардың суырыпсалма шығармашылығының түбiнде ақылгөйлiк пен даналық жатты.

Олардың қатарына ертетүркi әдеби ескерткiштерiн, дала тайпаларының
әлеуметтiк-саяси, адамгершiлiк, философиялық көзқарастарының белгiлi
дәрежедегi мақал-мәтелдер түрiндегi халық ауыз әдебиетiнiң бiр түрi.
Халықпен, Отанмен, оның абыройын қорғаумен, еркiндiгi мен тәуелсiздiгiн
сақтаумен байланысты мәселелер жазба әдебиет ескерткiшiнiң ең ежелгiлерiнiң
бiрi Орхон-Енисей жазбаларынан да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір сүру салты
Халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің әлеуметтік-экономикалық аспектілері
Салауатты өмір сүру стилі
Өмір сүру құқығының түсінігі мен адам құқықтары жүйесіндегі орны
Адамдардың денсаулығына әсер ететін негізгі факторлар
Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті жүріс-тұрысының псиологиялық ерекшелігін анықтау
Алматы қаласы халқының өмір сүру сапасын аудандар бойынша бағалау
Экономикалық жүйелер сапасы
ХХ ғасырдағы салауатты өмір сүру салты
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Пәндер