Философиялық материализм



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Философиялық материализм
Философияның негізгі мәселесі
Өткен замандардың барлық философиялық ілімдері екі негізгі бағытқа,
екі қарама-қарсы лагерьге материализм мен идеализмге бөлінеді. Оларды бөліп
тұрған шекара - философияның негізгі мәселесі. Бұл - материя мен сананың
қарым-қатынасы туралы мәселе. Осыған қайтаратын жауаптарына байланысты
философтар екі лагерьдің біреуінен орын алады.
Материализнің басты белгісі дүниені ешқандай қоспасыз және ойдан
шығарусыз оның өзінен шығарып түсіндіруге ұмтылатынында. Материализмнің
түбегейлі принципі - материяның, болмыстың алғашқылығын, ал сананың,
ойлаудың сонан соң екенін мойындау болып табылатындығы осыдан. Болмыс
сананы айқындайды -материалистердің қоғамдық практика мен жаратылыстану
ілімі дәлелдеген тұжырымы сондай.
Идеалистер болса, материалистерге қарама-қарсы түрде дүниенің түп
негізі рух, идея деп біледі. Олар табиғатты, материяны, болмысты олардың
өзінен шығарып түсіндіруден бас тартады. Идеалистер үшін сана, ақыл-ой
табиғатты, материяны жаратушы ретінде әрекет етеді. Осыдан келіп идеалистік
сананы, рухты бірінші, ал материяны, болмысты екінші дейтін түбегейлі
принципі туындайды.
Материалистік философия, әдетте, қоғамды прогрестік даму жолына
талпынатын қоғамдық күштер мүделерін білдіреді. Бұл күштер дүние қандай
болса, оны солай түсінуге адамдардың көз-қарастарын мистиканың қандайынан
болса да азат етуге мүделі. Мұның үстіне маркстік кезеңге дейінгі
материалистік ілім шектеулі болатын. Оларға үш ірі кемшілік тән еді.
Біріншіден, материализм табиғаттың даму заңдылықтарын қоғамдық өмірге
әкеліп тели салды, бұл жаратылыс және қоғамдық ғылымдардың сол кездегі
деңгейіне сәйкес болатын. Екіншіден, материализм метафизика қалпында қалды,
ол дүниенің және адам ойы дамуының диалектикасын ескере алмады. Үшіншіден,
оған әзірге сырттай пайымдаушылық қана тән еді.
Маркске дейінгі материализм неге табиғат саласымен ғана шектелді, неге
өзінің қағидаларын қоғамға қолдануға тырыспады? Өйткені ол қоғамдық
қатынастардың материалдылығы неде екенін анықтау халінде болған жоқ. Бір
қарағанда шынында да табиғаттан айырмашылығы қоғам тарихы өз алдына әбден
нақтылы мақсаттар қоятын адамдардың саналы қызметінің жемісі болып
табылатындығында сияқты. Философ-материалистердің көпшілігі қоғамдық
өмірдегі саналы негіз сияқты көрінген белгі еді. Олар идеалистер секілді
қоғамды бағалағанда тарихи процесті идея, сана қозғалысқа келтіреді деп
білді.

Қоғамдағы және табиғаттағы материалдылық дегеніміз не?
Материалдылықтың алғашқы негізін немесе, философтар айтатындай, қоғамдық
қатынастардың субстанциясын тұңғыш рет капиталистік қоғам дамуына талдау
жасаушы Маркс қана аша алды. Адамдар ғылыммен, саясатпен, өнермен шұғылдану
үшін алдымен өзінің ең қажетті материалдық қажеттерін қанағаттандыру тиіс.
Өмір сүру үшін олар тамақтануы, киінуі, баспанасы болу керек, т.б. Олар
қаласын, қаламасын, бұл материалдық игіліктерді өндіру мақсатындағы өзара
қарым-қатынасқа түсуге мәжбүр етеді. Олар егістік жерді өңдейді, тұрғын үй
салады, киім тігеді, өндіріс құрал-жабдықтарын жасайды, өз еңбектерінің
жемісін айырбастайды. Осы әрекеттерден адамдардың материалдық тіршілігінің
жанды арқауы жасалады. Материалдық тіршілік тарауы мен қоғамдық болмыс
адамдардың дүниеге көзқарасы мен түсініктері, олардың жасаған теориялары
қандай екеніне қарамастан, яғни оларға тәуелсіз, дамудың обьективті
заңдылықтарына сәйкес дами береді.
Қоғамдық болмыс жүйесіндегі басты нәрсе - бұл адамдардың материалдық
қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған еңбегі өндірістік қызмет. Нақ осы
өндірістік қатынастар қоғамда адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз болып
табылатын материалдық алғышарт, субстанция ретінде әрекет етеді.
Қоғамдық өндірістің екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік
қатынастар. Өндіргіш күштер қоғам мен табиғат арасындағы материалдық
қатынастар сипатын көрсетеді. Олар адамның іс-әрекеті бағытталған еңбек
заттарын; еңбек құралдырын -адамның еңбек обьектілеріне әсер ету үшін
қолданатын осынау басты "сүйек пен бұлшық ет жүйесін", еңбек жабдықтарын,
яғни үй-жайларды, қоймаларды, энергия көздерін, темір жолдарды, электр
желілерін, каналдарды және т.б. қамтиды. Ақырында, өндіргіш күштер өз
бойына адам факторында қажетті білімдері мен өндірістік тәжірибесі бар
адамдарды да қамтиды. Еңбекшілер, материалдық игіліктерді жасаушылар, -
қоғамның басты өндіргіш күші.
Қоғамдық өндірістің екінші жағы - бұл адамдардың өз арасындағы қарым-
қатынас. Жеке дара материалдық игіліктерді өндіру мүмкін емес. Ол -
адамдардың бірлесіп жүргізілетін қызметінің жемісі. Олардың арасында
қалыптасар өндірістік қатынастар сипатын өндіріс құрал-жабдықтарына меншік
мәселесі анықтайды. Өндірістік қатынастардың бүкіл жүйесі, атап айтқанда,
өндіріс қалай ұйымдастырылған, онда әр түрлі қоғамдық топтар қандай
орындарда тұр, айырбас, тұтыну және еңбек жемісін бөлу қалай жүргізіледі -
мұның бәрі де олар кімнің меншігінде екендігіне тікелей байланысты.
Адам қоғамының тарихын материалистік тұрғыдан түсінуді негіздей отырып,
марксизм сол арқылы жалпы материя ұғымын да ғылыми анықтау үшін негіз
қалады. Материалистік-философтар өткен кезеңдерде материяны әлденендей бір
нақтылы жаратушы негіз ретінде дәлелдегісі келді. Антик дәуірінің
философтары үшін бұл су, жер, от, ауа болды. Кейінірек материяның "алғашқы
кірпіштерін" элементтік, одан әрі бөлінбейтін бөлшектер, атомдар түрінде
табуға талпыныс жасалды. Шынында да, шексіз материяның сарқылмас байлығын
қандай да бір нақты заттық формаларға телуге болмайтын еді. Маркстік
философия тұрғысынан келгенде, біздің санамызға ықпал ете отырып, оған
тәуелсіз өмір сүретіннің бәрі материя болып табылады. Материя, - Ленин
сөзімен айтқанда, - бұл біздің сезінуіміз арқылы берілген объективті
шындық. Материяның шексіз де, мәңгі дамушы дүниенің бүкіл сарқылмас алуан
түрлілігін қамтитын мұндай жалпы анықтамасы философиялық материализмді
диалектикалық материализм деңгейіне дейін көтерді.
Болмыстың сананы айқындайтындай, қоғамдық болмыс та қоғамдық сананы
айқындайды. Материалдық өмірдің адамдар қолданатын өндіріс тәсілі олардың
әлеуметтік, саяси және рухани байланыстарын қажет етеді. Олардың болмысын
сана айқындамайды, керісінше, олардың санасын қоғамдық болмыс айқындайды.
Сана екінші, бірақ белсенді
Сана дегеніміз не? Сана материяға қатысы жөнінен екінші. Сананың формалары
-түйсік пен қабылдау, ұғымдар мен идеялар - объективті дүниенің субъективті
бейнелері, мәні. Мұнымен қабат, жаратылыстану дәлелдеп отырғандай, олар
өзінен-өзі материядан тыс өмір сүрмейді, қайта сол материяның жемісі болып
табылады.
Сана жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның шынайы болмысты идеялық
бейнелер түрінде қайта жаңғырту қабілеті арқылы айқындалатын өзіндік
қасиеті болып табылады. Сана, яғни сыртқы дүниені идеалдық, рухани бейнелер
түрінде қайта жаңғырту қабілеті арқылы адамдар өз айналасындағы болмысты
таниды және соған лайықты іс-әрекеттерін ұйымдастырады.
Маркстік кезеңге дейінгі материализмнің механикалық таным-түсінігіне
қарама-қайшы, маркстік философия сананы шындық болмыстың жай ғана
фотографиялық енжар көшірме-бейнесі ретінде емес, қайта сол шынайы болмысты
игерудің, оның тылсым сырларына барған сайын тереңірек енудің, оған қайыра
жауап - әсер етудің белсенді процесі деп қарайды. Марксизмдегі сана туралы
мұндай түсінікке қоғамдық сана ролін зерттеу арқылы ғана қол жеткізілді.
Қоғамның практикалық қызметіндегі оның актив ролін айқындай келіп, Маркс
пен Энгельс материя мен сана өзара байланысты екенін, олар бір-біріне ықпал
ететіндігін дәлелдеді. Материалдық дүниенің көрінісі бола отырып, сана
адамдардың практикалық қызметі арқылы тіршілікке енеді және оны өзгертеді.
Сананың пайда болу себебі - шынайы болмысты адамға, қоғамға қажетті бағытта
өзгерту қажеттілігінде. "Адамның санасы,-деп атап көрсетеді Ленин,-
объективті дүниені тек бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды".
Адам өзін қоршаған жағдайларға әншейін бейімделіп, қалыптасқан тәртіпке
көндігумен ғана жүре бермейді, ол объективті шынайы болмысты өз талап-
тілектеріне және үміт-мақсаттарына сәйкес өзгертеді.
Философияның негізгі мәселесі төңірегінде материя мен сана, объекті мен
субъекті секілді, бір-біріне бүтіндей қарама-қайшы нәрсе. Алайда бұл
"шеңберден" шыға бере-ақ олардың өзара тығыз байланыстылығын, материя мен
сананың бір-біріне өтпелілігін бірден байқауға болады. Материалдық және
идеалдық бұл байланысты адам психикасында өтіп жататын күрделі процестерді
зерттейтін жоғары нерв қызметінің физиологиясы мен психологияс ындағы бұл
күрделі процестер оның сезіну, түйсіну әрекеттерімен және соған сәйкес
көрсетілетін мінез-құлықтарымен салыстырылады.
Болмыс пен сананың бір-біріне өтпелілігі және өзара әрекеттестігі
қоғамдық өмірден айқынырақ көрінеді. Адамдар қоғамдық болмыс шарттарын
таңдауда еркін емес. Олар өзіне дейін қалыптасқан қоғамдық ортада өмір
сүреді. Сонымен бірге адамдардың маңдайына жер бетінде жай қуыршақ ролін
ғана атқару жазылып қойған жоқ. Олар саналы және мақсатты түрде өндірістік,
қоғамдық, саяси қызметтерге қатысады, сол арқылы қоршаған орта жағдайларына
ықпал етеді. Олардың іс-әрекет, қызмет нәтижелері объективті шынайы
болмысқа, қоғамдық өмірдің тіршілік арқауына айналады, оны өзгертеді.
Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың өзара әрекеттестігін базис пен
қондырма категорияларында ашылады.
Базис пен қондырма. Қоғамдық-экономиялық формация
Базис - бұл қоғамның экономикалық құрылысы, материалдық өндірістік
қатынастар жүйесі. Ол адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз. Қондырма -
қоғамдық көзқарастардың, идеялардың, теориялардың, идеологиялық
қатынастардығ: саяси, құқықтық, адамгершілік, сондай-ақ мәдени, діни және
соларға тән мекемелер мен ұйымдардың жиынтық ұғымы.
Базис пен қондырма етене байланысты. Қоғамдық идеялар мен теориялар,
саяси және идеологиялық институттар ақырында экономикалық базиске келіп
тамыр жаяды. Бұл базис қондырманы айқындайды деген сөз.
Бірақ қондырма өз базисіне елулі дәрежеде ықпал етеді. Бұл тұрғыдан
алғанда ол пассив сипатта бола алмайды. Қондырма қоғамдық өмірде дербес,
әрі белсенді роль атқарады. Идеялар мен теориялар адамдар өмірінің
материалдық жағын олардың талап-тілектерін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы
Марксистік философия
Дүниеге көзқарас
Маркстік философияның шығу тегі
Философия - көзқарастың бір түрі
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары
Диалектика теориясының мәселелері
ХХ ғасырдың басында капитализм
Марксизм философиясы
Философия: пәні мен функциясы
Пәндер