Шәкәрім - философ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Абай сияқты Шәкерім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер
қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін “Үш анық”
кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі
еур. ағымдардан деректер келтіре отырып, өзі этик. максимализмге
негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-филос.
еңбектерінің (“Қазақ айнасы”, “Мұсылмандық шарты”, “Түрік, қырғыз, қазақ
hәм хандар шешіресі”, “Үш анық”) дүниетанымы мен негізгі әлеум. сарыны
ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. Шәкерім
шығармаларындағы дүниетанымның өзекті түйіні таза ақылмен немесе сергек
ақылмен қол жеткен ар ғылымының іргетасы болып табылатын ұждан мәселесіне
келіп тіреледі. Шәкерім поэзиясындағы “Бар нәрсе жоғалмайды, өзгереді”,
“Екі өмірдің азығы осы ұждан”, “Ар ілімі оқылса” деген терең мағыналы
сөздер ақын ой-танымының желісіндегі өзекті түйіндерді толық аңғартады.
Шәкерім “таза ақыл” туралы ойлар, жан мен ақылдың өзара байланысы, бір-
біріне қажеттілігі туралы жауап емес, сауалдар қалдырған. Оның рухани
ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным
ерекше орын алады. Тәңірі, нұр, күн, табиғат — ол үшін қасиетті, киелі
ұғымдар.
19 — 20 ғ-ларда Қ. ф-ндағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер
дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп,
Қ. ф-н еур. дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғ-
дың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып,
кең өріс алды.

Шәкәрім – философ

Шәкәрім қазақ поэмасында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа
түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын адамның
ақыл парасатына айрықша зор мән береді.Ол адамның сезу, сезіну, дүние
болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, жерленгіштік қабілеті
мен не нәрсенің болсың ішкі сырын, көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға
келмейтін нәрселердін арасын ажыратып, болмыстын, дүниетану мен моральдың
негізі ақыл деп санайды. Ақыл, парасатты, ақыл қандай да нәрсені, құбылысты
дүрыс түсініп бағалауға, ақ-қараны айыра білуге мүмкіндік береді, сондықтан
ақылмен сыналмаған іс бұлдырлау деп түсіндейді.
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр деген өлеңінде Шәкәрім сол нұрды,
ақылдың керемет күш-қуатын адам жақсы іске ғана емес, сонымен қатар күн
көріс үшін, пайда үшін зұлымдық пен айла жасауға да жұмсап тұр дейді. Адал
еңбек, ақ пейіл, мейірім бар жерде ғана таза ақыл болады яғни адал ниетпен
ақылға билетіп, ешкімге қиянат қылмай істелген іс адамды мұратқа жеткізеді
деген ой-түйеді.
Дүниетанымның, ғылымның да негізгі тірегі – ақыл-ой, ойлау қабілетінің
қуаттылығы, ой-тұжырымдарының логикалық қисындылығы деп санайды. Бар
ғылымның түп атасы - таза ақыл мен ойлау.
Шәкәрім ойлау, ойлану деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір-
болмыстын, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын
ақылмен сынап, ұғып-түсіну мағынасында алып қарайды.
Шәкәрімнің дүниенің, жаратылыстың қозғаушы күші, адам өмірінің,
тіршіліктің мәні мен сыры, жан мен тән секілді мәселерді ғылыми ұғым-
түсініктермен ұштастыра толғайтын философиялық өлендерді өз алдына бір
тақырыптық арна болып қалыптасты.
Ақынның діншілдігі, жаратушы Аллаға сенімі оның ойшылдығымен жалғасып,
дүниеге көзқарасындағы бірлік- біртұтастықты танытады.Шәкәрім дүниедегі
сансыз кереметті кім жаратса –Тәңірі сол дейді.
Тәңіріні іздеу, жаратқан Аллаға сену-ақиқатты іздеу, адалдыққа ақылмен
жету деп түсінеді.
Ақынның ойшылдығың оның дүние-болмыстың терең сырларын тауып-білуге
құмарлығын, мысалы, дүние қалай жаралған деген мәселеге айрықша көніл
қойып, тиянақты жауап іздеп, сол арқылы ен түпкі жаратушы-мінсіз Ие деп
түйіндеуінен айқын аңғара аламыз.
Тау бойындағы ой деген өлеңінде дөнгеленген жердің күнді айналып
жүретіні көзбен көру арқылы емес, ойлау, топшылау арқылы анықталған дегені
айтады:
Шыққаным Шыңғыстағы бір биік тау,
Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау!
Қайырлы түн болсын деп үнсіз айтып,
Күн кеткен соң, түн келді қараңғылау!
Ей, жастар, қалай дейсің бұл дұние ? деген басқа да өлеңінде
Шәкәрім дүниеде таңғаларлық нәрсе өте көп, алайда бәрінде де заңдылық ,
қисын бар деген пікір айта келіп, себебі толымдының ісі толық дейді.
Яғни, бұдан дүниенің кереметтігі шексіз болса, жаратушының кұдіреті де
шексіз деген мағына туады:
Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние?
Мұны бүйтіп жаратқан қандай нәрсе?
Білімсіз мақсұтсыздан шыққан болса,
Мақсұт, білім, ой шықты мұнан неге?
Шәкәрімнің философиялық өлеңдері ой тереңдігі, пікір сонылығымен
танымдық және моральдық адамгершілік мәселелерін ұштастыра білумен оқымысты
ақынның өнерпаздық тұлғасына сай интеллектуалдық сипат алған.
Адамдардың қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын, жеке адамның мінезін, іс-
әрекетін бағалағанда да Шәкәрім ақыл-ой талабын, ақыл- парасаттылықты
қаңдай да іс-әрекетті ақылмен сынауды басты принцип етіп қояды. Ол әр
адамның ісіне өзі сын көзімен қарап, биік талап қоя білуі, қиыншылыққа
төзіп, табандылық, қажырлылық танытуы қажет екенін баса айтады.
Өмірдің өкініші аз болмайтынын айта отырып, ақыл- парасаттылық,ой
тазалығы адамның уайым-қайғыға бой алдырмай, саналы қылық қылуына басшы
болады деп пайымдайды ақын.
Боларға ұмтыл, болмасқа қанағат қыл,- дей отырып, әр адам өз қабілетін
дұрыс бағалай біліп, өзінің қолынан келетін істі атқаруға ұмтылуы қажет
екенін, өмірдегі нақтылы жағдайды, мүмкіндікті айқын түсіне біліп, соған
орай әрекет қылғанда ғана адам сәтсіздікке ұшырамайтынын мейлінше дәлелді
етіп көрсетеді.Адам өзіне сыншы болып, өмірге саналы көзбен қарауға
үйренсе, әр нәрсенің себеп- салдарын анық танып, біле алады, сонда ол өз
ісінің сәтсіздігін өзгеден көрмей, нақтылы жағдайды дүрыс бағалап, содан
өзіне сабақ алады деген үлкен ғибараттылық мәні бар түйінді ой қорытады.
Қазақ қоғамындағы, жағдайды, әлеуметтік ортаны, әр түрлі топты
өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін жан-жақты барлап, терең түсінген
шығармаларында шынайы бейнелеп берген Шәкәрім халықты ескілік шырмауынан
шығарып, өркениетке бастайтын бірден-бір өнімді сара жол өнер-білімге қол
жеткізу, ғылым үйренуді керемет уағыздап, ғұлама ғалымдарды, ойшылдарды
қастерлейді.
Ақын елді өнер-білім мен ғылымға жұмылдыруға кедергі болып отырған
араздық, берекесіз талас-тартысты, керенаулықты сынға алады. Өнеріңді,
ғылымды елге жай,пайдалансын өзгелер, сусағанның сусыны бол, өнер,
білім, ғылымның жетістіктерін ел игілігіне жүмсауды талап етеді.
Өнер – білім, ғылым үйрену мәселесін ойшыл ақын халықтың мүддесімен,
биік адамгершілік, әділеттілік, махаббат, адал еңбек ете білу, талаптылық,
жігерлілік секілді қасиеттерді үлгі тұтады. Бұл қасиеттер мейірімділік,
имандылық арқылы толысып, жетілетінін атап айтады.
Адамдық борышың
Халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
деген сөздері Шәкәрімнің жоғарыда келтірген пікірлерімен тікелей жалғас,
солардың қорытынды-түйіні деуге лайық.
Ұзақ жылдар барлық қүш-қайратын жұмсап, білім іздеген, ғылымды түсіріп,
кейінгіге мұра етіп қалдыруды мақсат тұтады. Жасы ұлғайған шақта өнімсіз
талас-тартыстан бойын аластатып, қалған өмірін оңаша, еркін творчестволық
еңбекке арнағанды пайдалырақ көреді. Алайда, ақын идеологиялық қүрес-
тартыстарға араласпай, қанша шеттесе де, тоталитаризмнің зардабын тартып,
зансыздықтың құрбаны болды.
Шәкәрімнің асқан ақындық шеберлігі оның өлең өрнегін түрлендіру
өнегесінен айқын байқалады. Абай Сегіз аяқ атты өлеңінде қазақ
поэзиясына тыңнан қосқан өрнегі Шәкәрімнің назарынан тыс қалған жоқ.
Жастық туралы өлеңінде Шәкәрім бұл өлең өрнегін жеңіл, ойнақы ырғақпен
айтуға лайықты келтірген.
Өлең сөздің қадыр-қасиетін, қоғам өміріндегі маңызын терең түсінген
Шәкәрім ақындардың алдына қойылатын міндет қаншалықты зор екенін тебірене
айтады. Ескі ақындық атты өлеңінде Шәкәрім бұрынғы жырау, жыршылардың,
суырып салма ақындардың шеберлігін, өнерпаздық өнегесін аса жоғары
бағалайды.
Шәкәрімнің адамгершілік идеялары, арман-мұраттары алуан түрлі адамдардың
тағдырын бейнелейтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім тілінің ерекшелігі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы. Шәкәрім - Абайдың бауыры
Жастарға атты 1879 жылы жазылған өлеңінде
Шәкәрім қазақ поэзиясының философия саласын дамытқан ақын
Шәкәрім шығармашылығындағы рухани ізденістер
Антика философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі. Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі. Шәкәрім рух туралы
Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірбаяны
Шәкәрімнің философиялық дүниетанымы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы
Пәндер