И. Канттан Г. Гегельге дейінгі дәуір



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
И. Канттан Г. Гегельге дейінгі дәуір ақылды ең жоғары сана ретінде
түсінуден оны жаратушы құдіреттің ақыл-парасаты деуге жеткен дәуір. Ал одан
кейінгі кездерде ақылдыд шыңдалып жетілуін ғылыми прогреспен
байланыстырады. Ол пікір кездейсоқтыққа, санасыздыққа, тобырлыққа қарсы
қойылды.
XIX ғ. 40—50 жылдарында Маркс пен Энгельс дәл осындай пікірді
қуаттады. Бірақ маркстік пікірге қарама-қарсы пікірлер де сол кезде
қалыптаса бастады. Бұл бағытты қолданғандар саналылықты жақтамады. Олар,
керісінше, санасыздықты, ретсіздікті, кездейсоқтықты дәріптеді. Өйткені
олардың пікірінше, дүниеде ешқандай реттілік, қисындылық жоқ. Ол алогизмге
негізделген. Олай болса, ол ретсіз, түсініксіз, тобыр дүниені реттеп,
қисындап түсіну мүмкін емес. Бұл пікірдің уәкілдері: неміс философы Ф.
Ницше (1844—1900), дат философы С. Кьеркегор (1813—1855), әсіресе неміс
философтары А. Шопенгауэр (1788—1860), О. Шпенглер (1880—1936). Бұл
философтар болмыстың өзіндік заңдылығы бар екенін, оны танып, білуге
болатынын мойындамады. Осыдан барып санасыздық, ақылсыздық, интуинтивизм,
ерікті, былайша айтқанда, соқыр сезімге негізделген қара күшке сену пайда
болды.
Освальд Шпенглер (1880-1936) өзiнiң “Европаның дағдарысы” еңбегiнде
адамзат ұғымын өткiр сынға алып, “әлемдiк тарих” идеясына қарсы шықты.
Шпенглердiң пiкiрiнше, мәдениеттер iшкi герметикалығымен ерекшеленiп, бiр-
бiрiн өзара бөтенсiнедi. Ол үшiн “адамзат” – бос дыбыс, өйткенi, халықтар
әртүрлi уақыттағы кеңiстiкте өмiр сүредi. Әрбiр мәдениеттiң өзiндiк арнайы
сауыт сияқты табиғаты бар, оған өзге мәдениеттiң адамы ене алмайды.
Сондықтан әлемдiк тарих – батыстық рационализмнiң ойлап шығарған қиялы.
Европалық рационализмдi “өмiр философиясы” тұрғысынан сынай отырып,  ол
өзiнiң мәдениет мифологиясы концепциясын ұсынады. Оның мәнiсi, О.Шпенглер
жануарлар мен өсiмдiктер өмiрi және адам өмiрi арасында салыстыру
(аналогия) жүргiзiп, тарихты биологияландырады. Туылу, өсу, қартаю және
жойылу – мiне, тек өсiмдiктер мен жануарларға ғана емес, саналы адамға да,
оның шығармашылық күш-жiгерiмен құрылған мәдени ағзаларға да бұйырған үлес
осы. “Өмiрдiң тамырының соғуы” пайда болу, даму және құлдырау кезеңдерiн
бастан өткiзетiн жекелеген оқшау тұйық мәдениеттердiң құрылуына әкеледi. Ол
осындай сегiз мәдениеттi жариялайды: мысырлық, үндiлiк, вавилондық,
қытайлық, аполлондық (грек-рим), “магиялық” (византиялық-арабтық),
“фаустық” (батысевропалық) және майя. Әрбiр мәдениет, Шпенглердiң ойынша,
өз “әлемiне” сәйкес ерекше “жанға” ие болады. Әрбiр мәдениет туылысымен-ақ
тағдырдың тәлкегiмен өлiмге бас тiгедi. Жазмыш оған ақыры трагедиялық
финалға жеткiзетiн мыңжылдық эволюция өлшеп бередi.
Шпенглер өзiнiң мифологиялық концепциясында әрбiр мәдениеттiң негiзгi
символын – “прафеноменiн” табу қажет, тек сол   арқылы ғана оның “жанын”
түсiнуге болады деп есептедi. Ол ең басты назарды үш мәдениетке – греко-
рим, батысевропалық және византиялық-араб мәдениеттерiне аударады. Олардың
әрқайсысының “прафеномен” немесе базистiк символ арқылы ашылатын өз
“жандары” бар. Греко-рим  мәдениетiнiң “аполлондық жаны” сезiмдiк тән
(дене) символы арқылы ашылады. Батыстық мәдениеттiң “фаустық” жаны шексiз
кеңiстiк пен уақыт символында, ал “магиялық жан”- жан мен тәндi қарсы қою
арқылы ашылады.
Мәдениет “жанның ” пайда болуымен туылады және  “жан” өз күшiн
сарқығанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диалектика және метафизика
Неміс классикалық философиясының пайда болуы
Философия пәні
Классикалық неміс философиясы жайлы
Герменевтика философиясының негіздері
Экзистенциализм философиясы
Ислам философиясының батысқа әсері
Диалектиканың жалпы болмыстың өзі процесс
Лимон қышқылдарын алудың тереңдік әдiсі
Лимон қышқылын алудың тереңдік әдісі
Пәндер