Мұсылман Ренессансы, түрік халықтарының мәдениеті


Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болып саналады. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби-ат-Турки 870 жылы Сырдария бойындағы Фараб қаласына түрік отбасында дүниеге келді. Фараби жоғары білімді оқыған адам еді, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясатты, психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фараби Аристотельдің алғашқы комментаторларының бірі. Ол Аристотельдің «Категориялар», «Герменевтика», «Аналитика. Софистика. Поэтика» сияқты шығармаларына түсініктеме берді. Бірақ әл-Фарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды, оның көпшілігі қазақ тіліне әлі аударыла қойған жоқ. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми таным білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтық жойылып, жер бетінде қайырымдылық (ізгілік) бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам идеяларын, жер бетіндегі халықтардың бейбіт және достық қатынастарын идеялық, теориялық тұрғыда негіздеді. Өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Адамдық саясат» ерібектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелерін қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық және саяси жағдайын, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар мәселесін көтеріл, аббасидтер халифатындағы әлеуметтік қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсінік береді. Әл-Фарабидің көптеген философиялық идеялары батысеуропалық философия идеялары мен концепцияларының қалыптасуына, дамуына, әсіресе Б. Спинозаның философиялық көзқарасына теориялық ықпалын тигізді. Сонымен қатар оның идеялары мұсылман әлемінің көптеген ойшылдарының, мысалы, ибн Сина, Ж. Баласағұн және тағы басқаларының философиялық көзқарастарына да әсер етті.
Мұсылман Ренессансы және түрік халықтарының мәдениеті
Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен қатысы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі де бар.
Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижссінде бүкіл афроеуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып, қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет, Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді.
Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатуқ, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. 10 ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да бірталай бөлігі мүсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді.
Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Платон, Аристотелъ сияқты грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның негізін салушы - дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн әл Фараби ат Түрки. Әл Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл Фарабидің өзі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ. Б. Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған Әл Фараби өзінің трактаттарын сол замандагы рухани-ғылыми құрал саналған араб тілінде жазғанымен өз отанының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетінен әрқашан нәр алып отырған. Әл Фарабидің ұлылығы оның өз отанының мәдени көңіл қалпына ирандық, үнділік және антикалық мәдениеттерді ұштастыра білуі.
Әл Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің мына 4 тармағына байланысты: 1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу) . 2. Шариғат (мұсылмандық тұрмыс салт заңдары) . 3. Тарихат (Аллаға қызмет өткен әулиелер өмірі) . 4. Маарифат (білімділік, парасаттылық идеялары) .
Мыңжылдар тарихы бар Иран өркениетін бұл елді жаулап алған арабтар, осы мәдениеттегі өте терең парсылық әдебиетті меңгеру жолын әдеп деп түсінді. Әдепке жататын шығармалар өзінің қарапайымдылығымен түсініктілігімен ой ұшқырлығымен адамды баурап алады. Әдепті адам ілімін әл Фараби өзіне тән гуманистік тұрғыдан қарастырады және осындай адамдағы бірінші қасиет деп оның парасаттылығын көрсетеді. Оның шығармаларында кездесетін адамды «хайуани акли» (ақылды жан) деп анықтау кейінгі еуропалық ағартушылықтағы Ноmо sаріеnc-ке сабақтас. Ақылды жанмен қатар әл Фараби еңбектерінде адамды «Хайуани мадани» (мәдениетті жан) деп анықтаудың да терең сыры бар.
Осындай тұлғалық деңгейге ең алдымен ел басшысы котерілуі керек. Ол өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі болып шығады, ал оның киялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, сәуегей және өмірдегі оқиғаларды түсінгіш, білгір болып көрінеді, - міне, осының бәрі оның тәңірілікті танып білетін болмысының шарапаты. Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Бақыт жолын сілтеу», «Ақылдың мәні туралы», «Данышпандықтың інжу маржаны», «Бақытқа жету жайында» ж. т. б. трактаттарында жан-жақты талдаған. Оның жиі қолданатын ұғымы - «қала». Қаланы әл Фараби жай ғана қоныс, тұрғын жер деп түсінбей, оны адамдардың мәдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. Бұрын айтып кеткеніміздей, тіліміздегі мәдениет ұғымының арабшасы «маданият», маданиа, яғни қала сөздерімен түбірлес. Ізгілер қаласының тұрғындары, ұлы ұстаздың ойынша, өздерінің инабаттылығымен әділеттілігімен білінділігімен өнер сүйгіштігімен көзге түседі. Әл Фарабидің адамзат Мәдениетіне қосқан үлесін оның төмендегі өлең жолдарынан жақсы байқаймыз.
Бауырым, сен теріс жолға түскен жандарға ерме,
Олардан аулақ жүр, қашанда әділдік жағында бол.
Бұл дүние - біз мәңгі тұратын мекенжай емес,
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмайды.
Адамдар әлде құмға түскен із бе екен?
Біз соншалықты дәрменсіз болғанымыз ба?
Бір рет самал соқса-ақ, бәріміз
Мына өмірден ұшты-күйлі жоғалып кетеміз бе?
Адамға бір сәттік қысқа ғұмыр берілген
(Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. А., 1999, 124 б. ) .
Жалпы алғанда, әл Фараби - Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы, ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орның алады. Оның рухани мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары ибн Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т. б. суалмайтын қайнар болды.
Шығыс Ренессансы туралы сөз еткенде оның тағы бір бастауы сопылық бағыт (суфизм) жөнінде айтпай кетуге болмайды. Қазақстан жеріндегі ұлы ғұламалар Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани, әсіресе, Қожа Ахмет Иассауи шығармашылығында сопылық сарын үлкен орын алған. Онан соң Ренессанс идеясын тек Платон мен Аристотельдің шығыстық ізбасарлары қолдады деу де сыңаржақтылық.
Сопылық бағыт ислам әлемінде о баста ресми дінге қарсы оппозициялық қозғалыс ретінде туады. «Суфь» термині арабтың «жүн шекпен» деген сөзіне орайластырып алынған. Сопылар - киім талғамайтын бар ойы руханилық төңірегіндегі тақуа адамдар. Сопылық бағыттың тарауының бір себебі, әуелде ой бостандығын шектемеген араб халифаттарында 10 ғасырдан бастап фанатиктер күшейе береді, олар Құранға қарсы деп әр түрлі ағым өкілдерін қуғынға ұшыратады. Әсіресе, иран, түрік және үнділердің көне мәдениетінен қалған мұралар Алла сөзіне жат деп жарияланады. Осы қуғын салдарынан Иран, Араб жерлерінен көптеген сопылар (өздерін дәруіштер деп атаған) Түркістан жеріне қарай ағылады. Орта Азияда 300-400 мың дәруіш пайда болды. Сопылар құдайды парасатпен емес, жүрекпен түсіну керек деп жариялайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі, кейін мұсылман пірлерінің біріне айналған - Қожа Ахмет Иассауи. Оның ең үлкен жетістігі ғасырлар бойы қалыптасқан бай түрік мәдениетін мұсылман өркениетімен шебер байланыстыруында жатыр.
Қожа Ахмет Иассауи жазған негізгі шығарма - «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы») . Қожа Ахметтің өмірде жасаған бір ерлігі оның 63 жасқа келгеннен кейін «пайғамбар жасына жеттім, одан әрі өмір сүру, жарық дүниені көру күнә» деп бар байлығын мүсәпірлерге таратып, өз еркімен жер астындағы үңгірде тіршілік етуімен байланысты. Оның пәк өміріне риза болған атақты Аксақ Темір ғажайып Қожа Ахмет Иассауи ғимаратын салдырды. Иассауи туралы Ыбырай Алтынсаринның берген бағасын келтірейік «Муштафид Ғұламалар арасындағы ұлықтары төртеу: имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиг, имам Ахмед Ханбал Яссауи. Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп, халыққа түсіндіріп берді». (Мұсылманшылдықтың белгісі. А., 199і, 22 б. )
Шығыс перипатетиктері - ақыл-ойды жоғары қойып трактаттар жазса, сопылық бағыт мәдениеттің поэзиялық әдісімен ойларын насихаттаған. Есімдері әлемге белгілі Омар Хайям, Сағди, Хафиз, Низами, Руми тәрізді ақындар сопылықтың гуманистік идеяларын пайдаланып, ғажайып дастандар жазғаны белгілі. Олардың қатарында өзінің тиесілі орнын алатын түрік тілдес халықтардың ортақ өкілі Иассауиға тоталитарлық жүйе кезінде мистик ақын деген айдар тағылып, халық мәдениетінен шеттетуге әрекеттер жасалды. Шын мәнісінде, суфийлік ағымды кері тартпа мистикалық ілім деу қате.
Философиялық суфийлік ағымның негізін салушыларға әл Ғазали мен ибн Араби жатады. Олардың ілімі бойынша, мәдениеттілік дегеніміз жан-жақты жетілген толыққанды адамды үлгі-өнеге етіп қабылдау. Сопылық бағыттағы тағы бір гуманистік идея - ғарыш пен адамның тұтастығы. Кемеңгер, жетілген адамдар тұратын ғарыш мүмкін әлемнің ең жақсысы болып есептеледі. Осы тамаша ғарыш адам арқылы өз шегіне жетеді. Өйткені, адам - ғарыштың нұсқасы. Ежелгі гректердегі микродүние мен макродүниенің арасындағы үйлесімділік идеясы араб-парсы-түрік Ренессансында да осындай өз көрінісін табады.
Құдай мен адамның арасындағы алшақтықты жоюға ұмтылған сопы шайырлардағы негізгі күш - махаббат. «Диуани хикметте» Қожа Ахмет дүниенің тірегі деп Адам мен Махаббатты алады. Әл Фараби өзі іздеген «Қайырымдылар қаласын» махаббатпен сүйіспеншілік үстемдік еткен, ақылды ел басы, әділетті заңдары, бақытты тұрғындары бар «Гүлстаннан» табады». Гүлстанға жетудің жолын халықтағы ізгі қасиеттер мен адамгершілікті дәріптеп, жамандықтан арылудан көреді: Ей ғафыл жан, зікірің тыйылмасын, Опасы жоқ дүние құр жыйылмасын, Жарандардың жан жылуы суынбасын, Жолын тапқан мұратына жетер, достар. Уа дариға, арманмен өмірім өтті, Нәпсім мені әбден-ақ бұзып кетті, Жаным құсы шарлап жүр зәулім көкті, Дидар көрем деген құл тыным таппас, Жүрсе, тұрса зікір сап аузын жаппас, Ондай құлдың тәні де қаңсып жатпас, Жаратқан Ием нұрын мол құяр, достар.
(Хикметтер, 75 б. )
Қазақстан жеріндегі Ренессанс көріністерінің бірі - Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі». Осыдан 9 ғасыр бұрын жазылған (1069-1070 ж. ) бұл дастанда түрік мәдениетінің негізгі нышандары айқындалып, бақытты өмір сүру мұраттары тұжырымдалады. Жүсіп Баласағүн Хас Хаджибтің бұл еңбегін ортағасырлық түрік мәдениетінің энциклопедиясы деп қарастыруға болады.
Жүсіл Баласағұн Шығыс Ренессансының кемелденген кезінде өмір сүрген және әл Фараби бастаған Шығыс перипатетикасынаң әрі сопылық поэзиядан нәр алған. Сондықтан оны белтілі бір мәдениет ағымына үзілді-кесілді қоса салу дұрыс емес. Ол өзіндік бір дәстүр бастаған ұлы тұлғалардың қатарына жатады. Тарихи-мәдени ағын талай арнадан қуат алады.
«Құтадғу білік» («Құтты білік») - 6520 бәйіттен тұратын философиялық, тәлімдік шығарма. Дастанның аты Жүсіп Баласағұнның өмір тірегі құт, яғни парасатты, нұрлы өмір деген басты принципіне сүйенген Жүсіп Баласағұнның түп тамырларын тек Ренессанс идеяларынан ғана емес, ең алдымен тағдыры ұқсас түрік халықтарының мәдени мұралары төңірегінен іздеу керек. Яғни, «Құтты білік», кейбіреулердің айтатынындай, араб-парсы әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда 10-н ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғүрыптары, наным-сенімдері көп жырланған.
«Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік діни нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды - әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Келесі кейіпкер әділ патшаның уәзірі, ақыл-парасаттылықтың иесі, елге бақ-дәулет, яғни құт әкелетін Айтолды бейнесі арқылы ашылған. Күн мен Ай қашаннан Кіндік Азия халықтарының пір тұтқан күш-қуаттары еді. Уәзірдің ақылды ұлы Үғділміш - осы мәдениетке тән білімділік пен парасаттылықтың көрінісі. Әдеп пеп тәртіп, байсалдылық Үғділміш бейнесінде философиялық тәсілмен суреттелген.
Төртінші бейне - дәруіш Одғұрміш. Бұл жерде бірнеше терең ой айтылған. Ұғыну (Үғдүлміш) пен Жүрекоттың (Одғүрміш) сұқбаттасуы бүкіл араб-парсы-түріктегі мәдени өрлеу дәуірін толғандырған нағыз дүниетанымдық ізденіс еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz