ҚР-дағы пластикалық төлем карточкаларының одан әрі жетілдіру мәселесі



КІРІСПЕ 3

1 ПЛАСТИКАЛЫҚ ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ 5

1.1 Пластикалық төлем карточкаларының мәні мен құралу көздері 5
1.2 ҚР . ның пластикалық төлем карточкаларының қолдану жолдары және олардың тиімділігі 7

2 БАНКТІК ЕСЕП АЙЫРЫСУ . КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ 9

2.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі 9
2.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі 10
2.3 Қолма . қолсыз ақшалармен есеп айырысу нысандары мен құралдары 11
2.4 Төлем карточкаларымен есеп айырысу 13


3 ҚР.ДАҒЫ ПЛАСТИКАЛЫҚ ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕСІ

3.1 Пластикалық төлем карточкаларымен бірге Қазақстан болашағы


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ПЛАСТИКАЛЫҚ ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ 5

1.1 Пластикалық төлем карточкаларының мәні мен құралу көздері 5
1.2 ҚР - ның пластикалық төлем карточкаларының қолдану жолдары 7
және олардың тиімділігі

2 БАНКТІК ЕСЕП АЙЫРЫСУ - КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ 9

2.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі 9
2.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі 10
2.3 Қолма - қолсыз ақшалармен есеп айырысу нысандары мен 11
құралдары
2.4 Төлем карточкаларымен есеп айырысу 13


3 ҚР-ДАҒЫ ПЛАСТИКАЛЫҚ ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ
МӘСЕЛЕСІ

3.1 Пластикалық төлем карточкаларымен бірге Қазақстан болашағы

ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының төлем системасының ұйымдастырылуы
жетілдіріліп келеді. Төлем системасындағы есеп айырысу операциялары
экономикадағы ақша массасы мен оның қозғалысын реттеуге және оған бақылау
жасауға ықпал етеді. Есеп айырысу операциялар банктік операциялар ішінде ең
көп қолданылады. Төлем құралы ретіндегі банктік карточкалар қазіргі таңда
кең өріс алуда. Банктік карточкаларды қолданудың ыңғайлығы мен оның
мүмкіндіктері,оны жетілдіріп дамуына және басқа төлем құралдарынан озып
кетуіне ықтимал. Осы мақсаттарда клиенттерге осы төлем нысаны бойынша
қызметтер кеңейте түседі. Ал бәсекелестікті қолдау үшін жүргізілетін
есеп айырысу операциялары бойынша тарифтер төмендетіліп, түрлі жеңілдіктер
жасалып отыр. Бұл банктік карточкалардың төлем системасында нығая
түсуіне ықпалын тигізеді.
Банк қызметіне механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу,
банктік есеп айырысу тәжірибесінде Электронды Есептеуіш Машиналары (ЭЕМ)
мен компъютерлерді кең қолдануға өту электрондық ақшалардың пайда болуына
ықпал етті, яғни компъютер жадындағы шоттарда ақшаның болуы, қолма қол
ақшалар мен чектерді несиелік карточкалармен алмастыру. Олар клиенттің шоты
негізінде орнатылған микросызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк
тарапынан шығарылады. Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды сатып
алып және қызметтерге төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге тқтынушылық
мақсатта банктерден қысқа мерзімді несиелерді де ала алады. Қазіргі таңда
пластикалық карточкалардың бірнеше түрлері қолданылады, олардың ішінде
банктік және саудалық карточкалар өте кең таралған.
Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне
тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен
сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндіе береді, өажетті сома тауарларға
төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты
қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы
автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, қйымдар
өз қызметкерлерінің банктік шоттарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек
ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті
көрсетеді: клиент өзінің дербес компъютерін компъютерлік желіге қоса алады,
ол жинақ шотындағы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді. Соңғы
жылдары шет елдерде және Қазақстанда тауарларды Интернет желісі арқылы
сату - сатып алу кең өріс жайды.
Төлем құралы ретіндегі ақша тауарлық айналысқа ғана емес, сонымен
бірге қаржылық және несиелік қатынастарға қызмет етеді: тауарлар мен
қызметтерді сату кезінде, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу
кезінде, салықтарды және басқа қаржылық міндеттемелерді мемлекетке төлеу
кезінде, банктік қарызды қорландыру төлемдерін, айыппұлдарды, санкцияларды
өтеу кезінде.
Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметінің дамуы қолма-қолсыз есеп
айырысуды және несиелік ақшаларды дамытуға ықпал етті. Қазіргі кездегі
қоғамдағы несиелік, электрондық ақшаның дамуы кезінде есеп айырысудың басым
формасы ретінде қолма-қол есеп айырысумен салыстырғанда қолма-қолсыз есеп
айырысу қолданылады, яғни төлем құралы қызметіндегі ақша айналыс құралы
қызметімен салыстырғанда артықшылығы басым болып келеді. Фирмалар,
кішігірім кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер төлем құралы қызметіндегі
қолма - қол ақшаларды қолданады: еңбекақыны төлеу, сыйақы беру, жәрдемақы,
зейнетақы, стипендия төлеу, облигация, лотореялық билет бойынша ұтыстарды
төлеу, тұтынушылық қажеттіліктерге және ипотекаға несие беру, сонымен бірге
халықтың коммуналдық қызметтер үшін төлемі және т.б.

1   ПЛАСТИКАЛЫҚ ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ПАЙДА
БОЛУЫ

1. Пластикалық төлем карточкаларының мәні мен құралу көздері

XX ғасырда Америка елінде мұнай өнімдерімен есеп айырысу операцияларын
жүргізу үшін пластикалық карточкаларды қолданды. Ең бірінші пластикалық
карточкалар картоннан жасалды. Картон карточкалар үшін тиімсіз және тез
құртылып қалатындықтан оны кейінірек маталлдан жайсады. Бірақ та маталлдан
жасалған пластикалық карточкалар американ магнаттары үшін өте тиімсіз
болды, өйткені ол ауыр және оны жаса қиын, әрі көп уақытты алатын.
Жеңіл, әрі тиімді пластикалық карточкалар үшін ең тиімдісі – оларды
пластикалық материалдардан жасау болды. Пластикалық материалдардан жасалған
жаңа төлем карточкалары металладн жасалған карточкалармен салыстырғанда
тиімді, жеңіл және автоматты түрде төлем жасау үшін барлық адамдарға
қолайлы болып келді.
Ал КСРО-ға пластикалық карталар түрлері ең алғаш рет ХХ ғасырдың 60
жылдары келді. Бұл пластикалық карталарды қазір дүние жүзінің кез келген
елі қолданады. Күннен күнге бұл технология түрі дамып келеді. Егер сіздің
сондай аталмыш пластикалық карточкаңыз болса, онда әлемнің кез келген
бұрышында тұрып та төлем жасай аласыз.
Көптеген пластикалық карточкалар стандарттық өлшемді болып келеді:
2,1252 x 3,3752 (шамамен 53,9 х 85,6 мм) және қалыңдығы 0,039 (~ 0,76 мм)
болып келеді.
Карточкада мынадай мәліметтер болады: бірінші бетінде карта иесінің аты-
жөні (ағылшын әріптерімен жазылады), карта нөмірі мен оның жарамдылық
мерзімі, карточканы шығарушы эмитент-банктің логотипі, төлем жүйесінің
логотипі. Кейбір карточкаларда қорғаныс есебінде голограммалар жазылады.
Картаның келесі бетінде карточка иесінің қолы магниттік сызық түрде
қойылады. Кейде крточка иесінің суреті мен банкомат жүйесінің логотипі
жазылады.
Карточка нөмірі 16 цифрдан тұрады: алғашқы алты нөмірі – эмитент
банктің коды, келесі тоғызы – карточканың банктік нөмірі, соңғы цифры –
бақылау цифры болып табылады.
Банктік карточкалар тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қолсыз төлем
жасау үшін, сонымен қатар өзінің банктік счетынан әлемнің кез келген елінде
жүріп те ақша алу үшін арналған. Өз кезегінде банктік карточкалар екі түрге
бөлінеді:
1.Кредиттік карточка - оның элементі мен карточка иесі арасындағы
келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер
үшін төлемді жасауға не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Кредиттік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету аясында
қоланылады.
2.Дебеттік карточка - карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша
алуға және карточкалармен қызмет көрсететін сауда үйлерінде,
мейрамханаларда және т.б. орындарды сатып алынған тауары мен қызметтері
үшін есеп айырысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.
Сонымен қатар олар:
1.Индивидуалды, яғни бір ғана адамға тиесілі
2.Корпоративті, яғни бір компанияға тиесілі және компания шотына
тәуелді, карточка тек компания қызметкеріне ғана арналып жасалады. Бұл
карточкалар лимиттік болуы да мүмкін, яғни карточкада қанша ақша болса да
белгілі бір уақыттан кейін оны бермей қойуы мүмкін.
3.Отбасылық – бұл әмбебап карточкалар, яғни оны жеке тұлға мен ұйым
қызметкерлері де қолданылуына болады. Бұл карточкалар да лимиттік болуы
мүмкін.
Әлемде ең көп тараған төлем жүйесінің түрлері:
- VISA;
- EuroCardMasterCard;
- American Express (AMEX).
Өз кезегінде олар бірнеше түрлерге бөлінеді: VISA - Classic и Gold,
MasterCard - Standart и Gold, American Express - Mass и Gold.
Төлем жүйесінің маңызды түрлерінің бірі – электрондық карточкалар.
Бұл карточкалар арқылы Сіз банкоматтан қолма-қол ақша ала аласыз және
арнайы электрондық терминалдармен жабдықталған сату орындарында сатып
алынған тауарлар үшін автоматты түрде ақша төлей аласыз.
Пластикалық карточка–бұл ақша айналымының бостандығы. Пластикалық
карточка–бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі.
Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка–бұл Қазақстанның төлем
жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма – қол
ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат
орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан астам адам
тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің
тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше,
пластикалық карточка қолма – қол ақшалармен еспетеуге қарағанда, қолайлы,
әрі сенімді болып табылады. Төлем карточкаларының дамуы Ұлттық банктің
төлем жүйесі қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қолма-қол
ақша айналысындағы көлемді қаржыны қолма-қолсыз есептеуге аудару көлеңкелі
экономиканы қысқартуға және бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік
берер еді. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша бүгінгі таңда еліміздің әрбір
бесінші тұрғыны, немесе экономикалық белсенді халықтың үштен бірі
пластикалық карточкаларды пайдаланады. Карточкалардың ыңғайлылығын
жұртшылық жақсы біледі. Айталық, шетелге сапар шеккен жағдайда “Валюталық
реттеу және валюталық бақылау туралы” Заңға сәйкес қазақстандық азамат
елімізден долларлық баламамен он мыңға дейінгі қаржыны мағлұмдамасыз алып
шығар еді. Одан артығы міндетті түрде мағлұмдамалық ресімделуге жатуға
тиіс. Ал пластикалық карточкада миллиондаған қаржы болса да, шекарадан өту
кезінде мағлұмдама жасамайды. Кеденшінің “пластикалық” шотта қанша ақша
бар деп сұрауына рұқсат берілмеген. Шын мәнінде карточка ақша қаражаты
емес, бұл — шотты пайдаланудың рұқсатнамалық құралы ғана.
2007 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша пластикалық төлем
карточкасын шығаруға 19 банк пен “Казпошта” АҚ-тың лицензиясы бар. Бүгінгі
таңда республика банктері тек өзінің аумағында қызмет көрсететін жергілікті
төлем карточкаларымен қатар, оларды республика аумағымен бірге, одан тыс
жерлерде пайдалануға болатын Europay Іnternatіonal, VІSA Іnternatіonal,
Amerіcan Express, Chіna Unіon Pay, Dіners Club Іnternatіonal сияқты
халықаралық жүйелер пластикалық карточкаларын шығарды.
Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғалары биылғы мамырда төлем
карточкаларын пайдаланудың 147 миллиард теңге транзакциясын жасаған. Бұл
2006 жылдың мамырымен салыстырғанда бір жарым есеге жоғары.Бұл ретте қолма-
қол ақшаны алу операциялары 24 пайыз болса, ақшасыз төлем көлемінің 57
пайызға озық екенін атар едік.
Ірі жұмыс берушілермен “жалақылық” жобалар белсенді қолданылуда.
Шындығында, бұл кәсіпорындарға тиімді, өйткені жалақы төлемін таратуға
шығын да, уақыт та азаяды, кассада қолма-қол ақша ұстау мен ақшаны жеткізу
жөніндегі шығындар қажет болмайды.
Пластикалық карточкалар шартты түрде:
Халықаралық; Жергілікті; Дебеттік; Кредиттік; Корпоративтік; Жекешелік;
Құрама болып бөлінеді.
Әлемде пластикалық карточканың 3 негізгі жүйесі бар
- VISA;
- Master CardEuropay;
- American Express;
Қазіргі таңда Қазақстанда қызмет көрсетеді.1993 жылдың соңында Alembank
бірінші болып Қазақстанда Visa карточкасымен қызмет көрсетті, ал 1994
жылдан бастап - Master Card карточкасы қолданыла бастады. Карточкамен
қызмет көрсету тәжірибесі кеңейген соң, Alembank 1994 жыдың қараша айында
жеке Alem Card дебеттік карточкасын шығарды. Alem Card иелері болып
корпоративтік карточка алатын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта барлық елдерде шығарылған карточкалардың саны 2 миллиардтан
асты. Статистика бойынша дамыған елдерде әр тұрғынға 2-3 карточкадан
келеді.  Қазақстанда да көбінің, зейнеткерлер, бизнесмендер, шахтерлер мен
студенттердің, карточкалары бар. Карточкалардың саны күннен-күнге өсуде
және олар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда.

1.2 Қазақстан Республикасының пластикалық төлем карточкаларының қолдану
жолдары және олардың тиімділігі

Төлем карточканы ұстаушы өзінің карточкалық шотына тәулік бойы кіре
алады;
Кез келген мемлекетте қолма – қол ақшаны алу мүмкіндігі;
Халықаралық карточкалар әлемнің әр елінде 30 миллионнан астам сауда
орындарында, 820000 банкоматтарда және 410000 банк бөлімшелерінде
қабылданады;
Сауда және сервис кәсіпорындарында жеңілдіктер алу мүмкіндігі;
Әуе көлік билетіне тапсырыс беру, қонақ үйіндегі нөмірлерді брондау
және автокөліктерді жалға алу мүмкіндігі;
Қолма-қол ақшаларға қарағанда, төлем карточка, клиенттің қалтасында көп
орын алмайды;
Төлем карточка банкомат арқылы ұялы байланыс операторының қызметін
қолма-қолсыз төлем және коммуналдық қызмет жасауға рұқсат береді;
Төлем карточканы ұстаушы өзінің карточкалық шотынан бірнеше минут
аралығында банкомат арқылы жақындары мен туыстарының карточкалық шотына
ақша аудару мүмкіндігі;
Халық банкінің банкоматтары арқылы қолжеткізуге болатын
операцияларға мыналар жатады:
1. қолма-қол ақша алу;
2. карточкаңыз бойынша соңғы 10 транзакция туралы үзінді және карточка
балансын алып отыру;
3. мобильдік байланыс, кабельдік теледидар, Қазақтелеком қызметі үшін
ақы төлеу, сондай-ақ сіздің қалаңызда қол жеткізуге болатын басқа да
төлемдер;
4. халық банкінің бір карточкасынан екіншісіне ақша аудару - Card to
Card:
5. карточкалық депозитте ақша жинақтау;
6. Карточка бойынша кредит лимитін ашу;
7. мобильдик банкинг қызметіне қосылу;
8. Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ -дағы зейнетақылық жинағыңыз туралы
үзінді алып отыру;
9. Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі АҚ-да салымдар ашу және
кредитті өтеу.

2   БАНКТІҢ ЕСЕП АЙЫРЫСУ-КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

2.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі

Есеп айырысу операциялары мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
Есеп айырысу субъектілеріне қарай:
-Банктік емес секторлар (шаруашылық субъектілері) арасындағы банктер
арқылы есеп айырысу;
-Жеке сектор-үй шаруашылықтарының банктер арқылы есеп айырысуы;
-Банктік сектор-банкаралық есеп айырысулар.
Есеп айырысу объектілеріне қарай:
-Тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар;
-Бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлар мен аударымдар;
-Банк ссудалары, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша
төлемдер.
Есеп айырысу аумағына қарай:
Мемлекет ішідегі есеп айырысулар, соның ішінде: бір қаланың ішінде;
қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылда және т.с.с.;
Мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар.
Есеп айырысу уақытына қарай:
-Сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер;
-Мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер;
-Коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір
уақыттан кейінгі төлемдер;
-Мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін;
-Ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз
төлемдер;
-Мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін ұзарту
жолымен;
-Мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген.
Есеп айырысу жүйелеріне қарай:
-Пошта байланысы арқылы;
-Телеграф-телетайп байланысы арқылы;
-Телефон байланысы арқылы;
-Электрондық байланыстар арқылы;
-SWIFT (дүниежүзілік банкаралық телекоммуникация қоғамы) жүйесі арқылы.
Есеп айырысу нысандарына қарай:
-Қолма-қолсыз аударымдар (банктік), соның ішінде:
-Кредиттік;
-Дебеттік;
-Ашық шот арқылы;
-Аккредитив;
-Инкассо.
-Қолма-қол ақшалар (банкнота және монеталар) арқылы;
Есеп айырысу тәсіліне қарай:
-Толық есеп айырысулар;
-Жартылай есееп айырысулар;
-Өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп
айырысулар.
Есеп айырысу құралдарына қарай:
-Кредиттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар, соның ішінде: төлем
тапсырмасымен;
-Дебеттік аударымдар арқылы есеп айырысулар, соның ішінде: төлем талап-
тапсырмасы; чек; вексель; инкассалық өкімдер.
-Аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде
кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитв, пластикалық карточкалар,
банктік аударымдар және т.б.
Есеп айырысу шамасына қарай:
-Ірі төлемдер;
-Ұсақ төлемдер;
Есеп айырысу кезектілігіне қарай:
-Жалақы, бюджет, сақтандыру және т.с.с төлемдер;
-Материалдық құндылықтар үшін төлемдер;
-Несиелер үшін төлемдер;
-Сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысулар.
Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялар
мынадай түрлерге бөлінеді:
-Банктік шоттар ашу;
-Ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
-Алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы
аударымдар операциялары;
-Төлемнің шартын өзгерту не қайтару;
-Валюталық операцияларға бақылау жасау;
-Шоттың архивін беру;
-Шоттан қолма-қол ақша беру;
-Ұсақ ақшаларды ірілеп беру;
-Банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды
инкассациялау;
-Құндылықтарды жеткізіп беру.

2.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі

Есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенттердің банктердегі
ашқан ағымдық және басқа да шоттары арқылы жүзеге асады. Қазіргі кездегі
екінші деңгейдегі банктердегі шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы
Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы Қазақстан Республикасы Заңына және
2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық Банк Басқармасының № 266 бекітілген
Қазақстан республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықта көзделген. Осы нұсқаулыққа
сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ
және корреспонденттік. Жоғарыдағы ережеге сәйкес, Қазақстан
Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу мынадай құжаттар
талап етіледі:
1.Резидент заңды тұлғалар үшін:
Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
Статистикалық карточка;
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
СТТН көшірмесі;
Филиалдар мен өкілеттілік үшін, резидент-заңды тұлғаның басшыларына
берілген сенімхаттың көшірмесі;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер үшін
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз;
Қол қою үлгісі бар құжат (нотариалды куәландырылған) үш дана;
Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың
төлқұжаттары мен СТТН;
Банктік шот ашу туралы өтініш;
Банктік шот ашу туралы келісім-шарт.
2.Бейрезидент- заңды тұлғалар үшін:
Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттілік
туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
Статистикалық карточка;
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
СТТН көшірмесі;
Филиалдар мен өкілеттілік үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның олардың
басшыларына берілген сенімхаттың көшірмесі;
Қол қою үлгісі бар құжат (нотариалды куәландырылған) үш дана;
Жеке куәлігі (көшірмесі);
Банктік шот ашу туралы өтініш;
Банктік шот ашу туралы клісім-шарт.
3.Шаруа (фермер) шаруашылығы:
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
СТТН көшірмесі;
Жерді пайдалануға жер бөлімшесін беру туралы құжаттың көшірмесі
(нотариалды куәландырылған);
Қол қою үлгісі бар құжат (нотариалды куәландырылған) үш дана;
Жеке куәлігі (көшірмесі);
Банктік шот ашу туралы өтініш;

2.3 Қолма – қолсыз ақшалармен есеп айырысу нысандары мен
құралдары

Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары екі нысанда жүзеге асады:
қолма- қол ақшалар мен қолма - қолсыз ақшалармен есеп айырысу.
Қолма- қол ақшалармен есеп айырысулар - бұл нақты ақшалар мен төлемдер
және аударымдар жасауды сипаттайда. Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар
мен монеталар жатады. Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық
операциялар көмегімен жүзеге асады.
Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде
жүргізіледі.
Қолма- қолсыз ақшалармен есеп айырысулар - клиенттердің банкте ашқан
шоттары кқмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа
аударылатын төлемдердің жиынтығы. Мұндағы қолма-қолсыз ақшалар - чектер,
пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын
клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс аясынан екінші
біреуіне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі
депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал,
банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша
алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы
байқалады. Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану
және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі
туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылы 25
сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000
айлық есеп көрсеткішінен асатын мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-
қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп
айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:
төлем тапсырмасы; төлем талабы – тапсырмасы; инкассалық үкім; чекпен есеп
айырысу; вексельмен есеп айырысу; төлем карточкаларымен есеп айырысу.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу-бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын
есеп айырысу нысаны.
Төлем тапсырмасы-ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада
көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке
берген тапсырмасы. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мынадай төлемдерді
жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері
үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер,
салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша,
жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін
алдын ала төлеуге аванстық төлемдер. Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен
бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және
төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады. Екі жақтың
келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және
кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем - бұл тауарды жөнелткенге дейін
төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріліп төлеу бұл
жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде
төленуі мүмкін Төлем талап – тапсырмасы-бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысудың жаңа нысаны, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын.
Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.
Төлем талап-тапсырмасы-бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші
банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген
қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.
Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық
құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі,
ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал, аударушы банкке келіп
түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісім беруге тиіс.
Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда
ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30 күн
аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін. Төлем талап-тапсырмасы
бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішінде банкке
хабарлайды. Сөйтіп, төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және
төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға
қайтарылады.
Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артылықшылықтары бар:
келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын
жылдамдатады.
Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді,
сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында
қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен
басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы
бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді. Инкассалық өкімде
төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз
ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.
Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы
аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі
толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне жартылай төленді
деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай
төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта
қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол
шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа
құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.

2.4 Төлем карточкаларымен есеп айырысу

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды
автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге
асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар
арасындағы төлемдер жиынтығы.
Төлем карточкалары-пластикалық карточка нысанында болады. Олар екі
түрлі болып келеді:
Дебеттік карточка - карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма \ қол ақша
алуға және карточкалармен қызмет көрсететін сауда үйлерінде,
мейрамханаларда және т.б. орындарды сатып алынған тауары мен қызметтері
үшін есеп айырысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.
Банкомат - банктік карточка көмегімен және онда сақталған қаражат
көлемінде, оның иесіне қолма-қол ақшаны алуға мүмкіндік беретін
автоматтандырылған құрылым. Банкоматтан карточка көмегімен ақша алу үшін
әрбір карточка иесін арнайы ПИН-код тағайындалып атаулы карточка беріледі.
ПИН-код (ағылшынша Personal Identification Number – жеке
идентификациялық номер) -банктік картаның иесіне банкомат немесе Pos-
терминалдар арқылы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жеке идентификациялық
нөмірі.
Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара
жасаған келісімшарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды көздеп отыр.
Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үйлерінде сауда жасағанда
белігілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.
Ол үшін сауда үйінде ПОС-терминал орнатыларды. Мұндағы ПОС-терминал -
сату немесе қызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет
көрсетуге арналған құрылым құрылғылары орнатылады.
Pos ( ағ Point of Sale - сауда орны) - эквайрер банкпен өзара жасалған
келісімшартқа сәйкес, тұтынушылардың сатып алған тауарлар мен қызметтері
үшін төлем құралы ретінде банктік картаны қабылдайтын, сауда немесе қызмет
көрсететін кәсіпорын.
Кредиттік карточка - оның элементі мен карточка иесі арасындағы
келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін
төлемді жасауға не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Кредиттік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету
аясында қоланылады. Қазіргі уақытта несиелік мынадай түрлері қолданылады:
банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-
сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен тарлған түріне сауда
карточкаларын жатқызуға болады.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына
қарай екі түрге бөлінеді:
1)Локальді немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын
төлем карточкалары;
2)Халықаралық, яғни әлемдік банктік тәжірибеде еркін қоланыладыт төлем
карточкалары.
Төлем карточкаларымен есеп айырысулар слиптің көмегімен жүзеге
асырылады.
Слип (Пос-терминал не банкоматтың түбіртегі) - төлем карточканы
пайдаланып операция жасалғандығын растайтын есеп айырысу құжаты.
Халық банк - Қазақстанда Тұран Әлем банктен кейін карточканы
айналымға шығарушы екіншк банк. Оның алғашқы карточкалары Алтын деп аталды
және оларды қазір де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында қолма – қолсыз есеп айырысулардың жағдайын зерттеп, даму перспективаларын анықтау. әлеуметтік – экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету
Қолма-қолсыз есеп айырысу туралы
Пластикалық карточкалардың жіктелуі
Қазақстан Халық Банкінің экономикалық сипаттамасы
Қолма-қолсыз есеп айырысу
Пластикалық карточкамен есеп айырысудың жалпы түсінігі
Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі
Төлем жүйесі (лекциялар жинағы)
Төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі
Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың түрлері
Пәндер