Аристотельдің болмыс туралы көзқарасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Аристотельдің метафизикасы
Аристотельдің болмыс туралы көзқарасы

Аристотель метафизиканы ойдың “эмпирикалық әлем шеңберiнен шығып,
метаэмпирикалық нақтылыққа жетуге” ұмтылуы деп түсiндiредi. Ол
милеттiктерден Платонға дейiнгi философиялық ой дамуының бағытын түйiндей
отырып, метафизиканың төрт анықтамасын бередi: 1. бастапқы немесе жоғары
бастаулардың себебiн зерттеу; 2. болмысты тану; 3. субстанция туралы бiлiм;
4. Құдай туралы бiлiм (сезiмнен тыс субстанция).
Егер метафизика – бұл бастапқы себептер туралы бiлiм болса, онда оның
формалды, материалды, әрекеттiк, финалдық. Аристотельдiң метафизикаға
берген екiншi анықтамасы онтологиялық тұрғыда, онда болмыстың не екендiгi
туралы мәселе көтерiледi. “Болмыс” терминiнiң көп қырлылығын көрсетiп,
Аристотель төрт позицияны топтай отырып оны синтездiк жолмен түсiндiредi
(болмыс категория ретiнде, болмыс акт және потенция ретiнде, болмыс
акциденция ретiнде және болмыс ақиқат ретiнде). Егер алдыңғы екi топ
метафизиканың зерттеу аймағына енсе, ал соңғылары логиканың үлесiнде.
Болмысты негiздей отырып, Аристотель ол өзiн дәл мағынасында субстанция
деген пiкiрге тоқталады: сезiмдiк қабылдауда – материя, ал сезiмнен тыс
қабылдауда – бұл бастапқы қозғаушы.

Аристотельдің метафизикасы
Аристотель (б.з.б 384-322)- ежелгі грек философы және ғалымы.
Көптеген ғалымдардың, соның ішінде логика ғылымының негізін қалаушы. К.
Маркс Аристотельді ерте заманның ұлы ойшылы грек философиясының Александр
Македонскийі деп атады. Аристотель Фракиядағы Стагир қаласында туған. Афины
қаласында оқып білім жетілдіреді. Он жеті жасында Платон академиясына
түсіп, Платон қайтыс болғанға дейін (20 жыл бойы) сонда ғылыммен
шұғылданады. Б.з.б. 343 жыл Македония патшасы- Филипп Аристотельдің баласы
Александрдың ұстазы болуға шақырады. Александр патша болғаннан кейін
Аристотель алдымен Стагирға, одан 335 жыл - Афиныға оралады. Мұнда
келгеннен кейін өзінің мектебін- лицей ашады. Бұл мектеп сол кездегі
философия мен ғылым дамыту орталықтарының біріне айналады. Александр
өлгенннен кейін Аристотель Афиныдан кетіп, б.з.б. 332 ж. дүние салды.
Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып жүйеге
келтіріп, әр түрлі ғылым саласынан көптеген еңбектер жазып қалдырған.
Кейбір деректер бойынша оның еңбектерінің саны төрт жүзге, екінші бір
деректер бойынша мыңға жеткен. Аристотельдің философиялық көзқарасы
“Метафизика”, “Жан туралы”, Категориялар” және “Аналитика” деген
шығармаларында жете бағаланған. Философияның негізгі мәселесін шешуде
Аристотель материализм мен идеализмнің екі арасында ауытқып отырды.
Аристотель ғылым классификациясында философияны ең жоғары орынға қояды.
Басқа ғылымдар болмыстың кейбір жақтарын ғана, зерттеумен шұғылданса,
философия бастаманың жалпы табиғатын зерттейді.

Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп
түсіндірді: “Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым
болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан да
мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады.”
(Метафизика, М., 1934,с45).

Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласына ат салысып,
көптеген еңбектер жазып қалдырған: "Категориялар", "Аналитика" (I—II
томдар), "Топтика", "Физика", "Метафизика", "Этикалық трактаттар",
"Саясат", "Риторика", "Поэтика", т.б.
Аристотель білімнің тарау аумағын қарастыра келіп, екі түрлі
философияның бар екендігін айтады. "Екінші философия" — физика пәні материя
мен үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болатын сезімдік заттар болса,
"бірінші философия" — метафизиканың қарастыратын мәселелері табиғи
құбылыстардан тыс жатқан, өзгермейтін, мәңгі қозғалмайтын мәнділік. Оны
танып-білу табиғатты танып білуден құндырақ, сондықтан философия физиканың
алдында тұрады да, "бірінші философия" деп аталынады.
"Бірінші философия", бір жағынан алғанда, дүниенің алғашқы бастамасы
құдайға байланысты мәселелерді қарастыратьін болғандықтан теология деп
аталуы керек сияқты. Бірақ құдайдың өзі алғашкы бастаманың бірі
болғандықтан және философия мәнділіктердің тек алғашқы бастамаларын ғана
қарастырмай, оның себептерін де зерттегендіктен, ол теологиядан әлдеқайда
ауқымдырақ және тереңірек.
Өзінің шығармаларында Аристотель мәнділікті болмыс деп қарастырып, оны
сол болмыстың өзіне тән категориялары аркылы түсіндіруге тырысады. Мән
категориясы — мәнділікті түсінудің кілті. Ол өзіне дейінгі ойшылдарға ұқсап
мәнді материалдық зат (от, жер, су, ауа, атом) ретінде де, идея ретінде де
қарастырмайды, оны өзіне төн әр түрлі көріністеріне: түпнегіз (субстрат);
болмыстың мәні; болмыстың мәні мен түпнегізден тұратындар; жалпыға бірдей
әмбебап жалпылық; жалпылық; ерекшеліктерге байланысты тануға тырысады.
Мәннің бұл аталған көріністерінің ішінде біреуі ғана — болмыстың мәні
— мәнділік болады, ал қалғандары мәнділік бола алмайды. "Болмыстың мәні",
түр, алғашқы мән — синоним ұғымдар. Аристотельдің пікірінше түр — кез
келген жалпы бастама емес, жәй жалпылық қана. Осы тұрғыдан алғанда, ол
жалқылар мен жалпылардың арасындағы ерекшеліктердің арқасында өмір сүреді.
Түр сапа да, сан да, заттар арасындағы қатынастар да емес, ол — заттардың
мәні, онсыз заттар өмір сүре алмайды. Түрді ешкім дүниеге әкелмейді, ол
мәңгі. Қаншама ерекшеленген заттар болса, соншама түр бар:
Түрмен қатар алғашқы бастамалардың катарына "хюлэ" — материя да
жатады. Материяның екі түрі бар. Біріншісі — түрсіз, бейтарап, екіншісі —
заттарды материялдандыратын нәрсе. Материяның бірінші түрі мәңгі, бірақ
өміршең емес, себебі өздігінен ештеңе тудыра алмайды. Анаксимандрдың
апейроны сияқты белсенді де емес, қозғалыста да болмайды. Ал "екінші
материя" өзіне "бірінші материяны" қабылдайды да, заттарды жасайтын
материал ретінде түрмен қосылып, оларды дүниеге әкеледі. Материя мәңгі
болғанмен де, болмыс пен бейболмыстың ортасында екі ұшты болып
тұрғандықтан, заттардың уақытшалығының, өзгермелілігінің қайнар көзі болып
табылады. Материя мен түрді алғанда басты рөл түрге беріледі, себебі шын
нақтылық— заттардың нақтылығы емес, түрдің нақтылығы. Әлемде болып жатқан
құбылыстардың барлығы максаттылыққа (телеология) байланысты озгеріп,
дамиды. Мақсаттылық Платон айтқандай жалпы игілік атаулы емес, керісінше,
нақты игілік, ол — нақты мүмкіндікті жүзеге асыру және оны тамамдау.
Төртінші алғашқы бастама — қозғалыс. Мән мен түр қосылғанда ол
әрекетшілдік қасиетке ие болып, заттар қозғалысының алғышарты болады. Бірақ
әрекетшілдіктің өзі сыртқы күшке тәуелді, оны қозғалысқа түсіретін — құдай.
Түр де, мақсаттылық та, қозғалыс та құдайға тән. Бірақ ол материядан құр
алақан, себебі материя құдайдан тәуелсіз өмір сүреді. Демек, материя
заттардың пайда болу мүмкіндігі ғана болса, құдай нағыз шындық.
Аристотель қозғалысты өзінің категориялары тұрғысынан қарастырады.
Мысалы, қозғалыс сапаға байланысты — сапалық өзгеріс; санға байланысты
ұлғаю, кему, орынға байланысты — бір орыннан екінші орынға қозғалу, т.б.
болып түрленеді. Аристотельде кеңістік деген категория жоқ, оны "орын"
категориясы алмастырады. Кеңістік (бос кеңістік болмайды) денелер
орналасқан "орындардан" түрады. "Орын" қозғалыстағы денелермен тығыз
байланысты, бірақ олармен бірге қозғалмайды.
Уақыт ұғымын Аристотель козғалыспен тығыз байланыста карастырады.
Олардың айырмашылықтары — уақыт бір қалыпты болмайды, ол бірде тез
қозғалса, бірде жай қозғалады. Сондықтан, — дейді. Аристотель — уақыт
қозғалыстың мөлшері. Ал уақыттың езі қозғалыспен өлшенетін болғандықтан,
қозғалыс уақыттың мөлшері болып шығады. Уақыт өздігінен ештеңе туғызбайды,
жоймайды да, бірақ барлық заттар, құбылыстар белгілі бір уақытта пайда
болып, жойылып жатады.
Аристотельдің пікірінше, табиғи денелердің тіршілік жасау
мүмкіндіктері бар (жасанды денелерде ондай мүмкіндік болмайды). Осы
мүмкіндіктің жүзеге асырылуы (энтелехиясы) жан арқылы болады. Жанның үш
түрі болады. Өсімдіктер жаны — жанның алғашқы және жалпы мүмкіндігі. Бұл
жанның басты қызметі — өзін-өзі ұдайы өндіру және қоректену. Адамдар жаны —
өсімдіктер мен жануарлар жандарына тән қасиеттерге қоса, ақыл-ойдың
арқасында жалпылықты танып біле алады. Бірақ жалпыны түсіну үшін, алдымен
жалқыны танып білу керек. Себебі біздің сезім мүшелерімізге жалқы заттар
әлемі әсер етеді де, біз оларды танымның әр түрлі сатылары арқылы танып,
біле аламыз. Сезімдік танымның бірінші сатысында адамдар жануарлар сияқты,
сезімдік түйсіктерімізге әсер ететін заттар туралы алғашқы мағлұматтар
аламыз. Екінші сатысында — тәжірибелік (эмпейрия) танымда, сезімдік
түйсіктеріміздің қайталанған құбылыстарды есте сактап қалуы арқасында
оларды танып-білуімізге мүмкіндік туады. Танымның үшінші сатысы — "өнер"
(әңгіме көркеменер, т.б. туралы емес), практикаға негізделген танымның
ерекше сатысы. Бұл сатыда адамдар жеке заттарды танып қана коймайды
(тәжірибедегідей), одан гөрі тереңірек түсіп, кейбір заттарға тән-ортақ
қасиеттер мен себептерін де танып біледі.
Жануарлар жаны — олар заттардың сырт пішінін түйсіктері арқылы
қабылдай алады.
Ал заттардың себептерін, болмыстың мәнін, әсіресе, алғашқы
бастамаларды және алғашқы қозғаушы күшті түсініп білу — ақыл-ойдың қызметі.
Ондай танып-білу тек философияға ғана тән. Аристотельдің пікірінше, адамдар
"қоғамдық жануарлар". От басының, коғамның табиғи дамуының арқасында
мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы, онда көптеген
әлеуметтік, т.б. қатынастардың өріс алғандығы. Мемлекет басшысы,
қалыптасқан қоғамдық жағдайларға сәйкес адамдарды басқаруы тиіс. Әсіресе,
жастарды тәрбиелеу мәселесі басты мақсат болу керек.
Ерте дүние дәуірінде қалыптасқан философиялық, саяси-әлеуметтік
көзқарастар жалпы адамзаттық мәдениет төрінен өз орнын тапқан рухани
құбылыс болды. Себебі Антикалық дүниетанымдық көзқарастарда кейінгі кезде
қалыптасқан негізгі философиялық ілімдерге тән идеялардың барлығы дерлік
орын алды, сөйтіп, олар философияның ғылым ретінде қалыптасуына және
дүниежүзілік мәдениеттің сұрыпталып дамуына зор әсер етті.
Аристотель философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни
барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл
бөлінген. “Метафизикада” Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен
шұғылданады. Табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының
негізі және “әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі” болатын болса, екінші
жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, “табиғат дегеніміз
– форма және мән. Аристотельдің “аспан әлемдерін еш уақытта көмесек те
дегенмен біз білетіндерден басқа да мәңгі субстанциялар өмір сүрген болар
еді” деген пікіріне байланысты, В.И. Ленин былай дейді: “ Тамаша! Сыртқы
дүниенің реалдығында күмән жоқ. Бұл адам жалпы мен жекенің, ұғым мен
түйсіктің, мән мен құбылыстың диалектикасында шатасады”. Шынында да
Аристотель Платонның идея жөніндегі идеялистік ілімін орынды сынап,
заттардың реалдығын мойындыуына қарамастан, жалпы мен жекенің өзара
қатынасы келгенде, жөн таба алмай шатасады. Аристотельдің пікірінше,
философияның пәні жалпы бола тұрса да, ол жекеленген заттардың (құрамды
мәндері) – статуя, мемлекет, т.б. түсіндіре білуі керек. Жекеленген
заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой

арқылы ашылады. “Метафизикада” және басқа да еңбектерінде Аристотель
заттарды табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсетеді;
материалды себеп, формальды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы:
үй салудың бастамасы – құрылыс өнері, мақсаты, материясы (тас, кірпіш
немесе жер), формасы (ұғым). Аристотельдің пікірінше, заттың мәнін
түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет. Жез
мүсіннің мәнін түсіну үшін, әрине ең алдымен оның субстраты (материясы)
алып қарастыру керек. Бірақ, тек жездің өзінен, мүсіннен, эстетикалық сезім
қалай туатынын түсіну қиын. Сондықтан зерттеуді әрі қарай жалғастыра білуге
тура келеді. Осыдан келіп: - Мүсіннің мүсін болуы неліктен? – деген сұраққа
Аристотель: - формадан, - деп жауап берді. Аристотель философиясында форма
заттың мәні әрі іс-әрекеттің көзі болып табылады. Аристотель өзінің форма
мен материя жөніндегі ілімінде олардың өзара байланысын ашып, бұл жөнінде
маңызды диалект пікір ұсынды. Алайда Аристотельдің идеялистік көзқарасы
мұнда да аңғарылады: ол – материя дәрменсіз, формаға тәуелді деп
түсіндірді. Формасыз материя өмір сүріп, тұтастыққа ие бола алмайды.
Сонымен Аристотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат,
құдірет) белсенді және творчестволық бастама деп сипаттайды. Аристотельдің
идеялистік қателері, әсіресе оның формасы бірден бір белсенді күш, алғашқы
түрткі және материядан бұрынғы нәрсе, құдірет (форманың формасы) деп
түсінуінен артық көрінеді. Аристотель философиясының елеулі бір саласы
категорияларды зерттеу болып табылады. Категорияларды ол болмыстың негізі
болады деп түсіндіреді және олардың мазмұнын, ақиқаттылығын болмыспен
байланыстылығына қарап анықтауға тырысады. Жан-жақты маңызы бар ұғымдарға
Аристотель 10 категорияны жатқызады. “Өзара байланыссыз айтыла салған
сөздердің әрқайсысы – деп жазады ол, - бірде мән, бірде сапа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аристотельдің қоғамда алған орны
Аристотельдің философиясына қысқа шолу
Аристотельдің метафизикасы
Антика дәуірінің философиясы
Аристотельдің философиялық еңбектері
Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы
Аристотель
Платонның қоғамдық,саяси және әлеуметтік көзқарастары
Фараби дүниетанымында дін және тәңір мәселесі
Антикалық философия туралы
Пәндер