Аристотель кітаптарының саны және не қажеттілік туралы трактат
әл-Кинди
Аристотель кітаптарының саны және философияны меңгерудегі не
қажеттілік туралы трактат
Алла сені осы ізденістерінде бақытқа бөлеп, өзіне жуықтатсын,
білместіктен арылып, ақиқат нұрына бөленуіңе қамқор болсын! Философияны
меңгеруге, оны игеріп, негіздеуге ниет еткен адам үшін ділгір дүниелер —
грек Аристотельдің философиялық кітаптарының саны және оларды оқу реті,
сондай-ақ осы кітаптардың көздеген мақсаттары туралы айтып беруімді сұраған
едің.
Өміріммен ант етейін, сенің бұл сұрағандарың философияны меңгеруінде
орасан зор қолқанат болатын нәрселер, өйткені мұны талдап түсіндіру
ақиқаттың ұшығын көре білетін сәулелі, салиқалы жандардың философияға
ынтызарлығын одан сайын өршітіп, ақылға тіршілік нәрін береді. Бұл сияқты
талдау біз жаңа ғана тізіп өткендей жандар аса ардақтайтын ақыл ұлылығының
қиясына жетуге жол ашады. Бұл талдау ақиқатқа бастап апаратын жолдарды табу
арқылы оған жетуге деген құштарлық дәнін сеуіп, азапты жүкті арқалап, бұл
жолды аяғына дейін өту үшін жұмсалуы қажет күш-жігеріне сабырлы төзім
береді және мұның бәрі ақыр-соңында менің сөз етіп отырғандарыммен —
алдымен осы жолдан өтіп болмайынша бағасын беруге еш мүмкін емес мақсат-
мұратына жетумен тынады. Ізгі жандарды ақиқатқа ынтызарлық мейілінше
баурайды. Өйткені олар осы жолда сәт сайын құмарының бір ұшығын тауып
отырады, сол тапқанын кәдесіне жаратады, өзінің іздеген дүниесінің берерін
меңгеруге жәрдем табады, сөйтіп, өздерінің түпкі мақсаттарына жуықтаған
сайын қалған қиындықтарды мойымай өтеді.
Сенің өтінішіңді орындау мақсатымен жазғандарымның бәрі сенің ақылыңа
жігер беріп, оны дүниенің ақиқатын тануға және өзге бір нәрсе үшін емес,
игілік үшін игілік жасауға ұмтылу мақсатына бастайды, өйткені не тілемек
болса да бәрі игілік үшін, игілікті басқа бір нәрсе үшін емес, соның өзі
үшін ғана тілейді. Және мұның бәрі сенің өтініштеріңді елеулі дәрежеде
қанағаттандырмақ, әрбір істе жәрдемші Алла, біздің табысқа жетуімізге кепіл
Хақ тағала.
Математика ғылымдарымен таныстықтан соң, философ болуды мақсат етуші
әр адам реті мен тәртібіне қарай оқуы тиіс Аристотель кітаптары анығында
төрт түрлі.
Осы төрт саланың ішіндегі біріншісі — логика туралы кітаптар. Екіншісі
— физика туралы кітаптар, үшіншісі — денені қажет етпейтін, өз бетінше бар
болатын, бірақ қосылудың бір тәсілі арқылы қосылып, денемен бірге өмір
сүретін нәрселер туралы, төртіншісі — денені керек етпейтін және онымен
мүлде байланыссыз (нәрсе) туралы кітап.
Логика туралы кітаптарга келсек, олардың саны сегіз. Олардың біріншісі
Категориялар (үғымдар) деп аталады. Онда категориялар, яғни субстраттар
мен атрибуттар туралы сөз болады. Субстрат — бұл субстанция атайтын
нәрсеміз. Атрибут (сипат) деген — акциденция. Субстанциядағы атрибут оған
не өзінің атын, не өзінің анықтамасын бере алмайды
Турасында Атрибут деп екі жағдайда айтылады. Бір жағдайда ол
субстратқа өзінің атын және өзінің анықтамасын береді. Мәселен, тірі адам
дегенде. Ол сондықтан да тірі мақұлық аталады, яғни өзінен тыс әлдененің
қатысуынсыз сезінетін әрі қозғалатын субстанция деп анықталады. Мәселен,
бір нәрсенің түсін анықтағандағы сапа сөзі туралы да осыны айтуға болады.
Өйткені сапа дегеніміз — мынаның ақтығы мынаған ұқсайды, анау мынаның
ақтығына ұқсамайды деп айтуға мүмкіндік беретін нәрсе. Сапаның түрі туралы
айтылатын сапа озған өзінің атын әрі анықтамасын береді. Өзге жағдайда
атрибут — субстратқа біртектілігімен емес, өзінің ата-луы үндестігі бойынша
телінетін және субстратқа не өз анықтамасын, не аталуын бере алмайтын
нәрсе. Мәселен, ақ нәрсенің атрибуты болып табылатын ақ түс турасындағы
жағдай осылай.
Ақ деген — ақ түс емес. Ақ — зат. Ақ түс дегеніміз — қарағанда көзді
қаритын, керуге бөгет болатын нәрсе. Демек, ақ түс аққа не өзінің
анықтамасын, не меншікті атын жүктей алмайды, бұл жерде олардың атауларының
тектестігі, бір түбірден екендігі туралы ғана сөз болуы мүмкін, өйткені
ақ түстің ақтығынан шыққан.
Субстраттың немесе субстанцияның категорияларының атрибуттары қызметін
атқаратын тоғыз акцидентальді категория бар. Олар — сан, сапа, қатынас,
орын, уақыт, харекет, құбылу (претерпевание), иелену (обладание) және
қалыптылық (положение) немесе әлдененің ретімен орналасуы (расположение).
Логика туралы екінші кітапқа келсек, ол Түсініктер туралы
(Герменевтика) деп аталады (категориялар және субъект пен предикаттан
түратын пікірлер түсіндіріледі).
Логика туралы үшінші кітап Аналитика деп аталады, ол — бастауға
бастау деген соз.
Логика туралы төртінші кітапқа келсек, ол — Екінші Аналитика (бұл
кітаптың дәлелдеулер туралы дегенді білдіретін Алодейктика деген бөлек
аты да бар).
Логика туралы бесінші кітап Топика — Орындар туралы деп аталады
да, ой таратудың ортақ жерлері туралы дегенді білдіреді.
Логика туралы алтыншы кітап Софистика деп аталады, ол софистерге
қатысты (софист — ақылгөй) дегенді білдіреді.
Логика туралы жетінші кітапқа келсек, ол Риторика деп аталады.
Шешендік туралы деген сөз. Сегізінші кітап Поэтика деп аталады, сөз
өнері дегенді білдіреді.
Сонымен, логика жөніндегі кітап саны сегіз. Оның физика туралы
құрастырған және өзінің философиялық ізденістерінің пәнін жасау үшін табиғи
заттарды тану мақсатын көздегендерге қажет кітаптарының саны жетеу. Оның
біріншісі — Физика деп аталатын кітабы, екіншісі — Аспан туралы кітап,
үшіншісі — Пайда болу және жойылу кітабы, төртіншісі — Аспандағы және
жердегі құбылыстар туралы кітап, ол сондай-ақ Аспандар туралы және
Өлкелер туралы пайымдар деп те аталады, яғни бір-біріне қатысты заттар
туралы, бесіншісі — Минералдар туралы деп аталатын кітап, алтыншысы —
Өсімдіктер туралы, жетіншісі — Жануарлар туралы деген кітап.
Өзінің өмір сүруі және тұрақты қалпын сақтауы денені қажет етпейтін,
бірақ кейде денемен бірге өмір сүретін заттар туралы сөз ететін
шығармаларына келсек, олар төрт кітаптан тұрады. Олардың біріншісі — Жан
туралы деп аталатын кітап, екіншісі — Қабылдау және қабылданатыядар
туралы деп аталатын кітап, үшіншісі — Ұйқы және сергектік туралы кітап,
төртіншісі — Өмірдің мәңгілігі және өтпелілігі туралы деп аталатын кітап.
Денені қажет қылмайтын және денемен байланысы жоқ нәрселер турасында
ол бір кітабында сөз етеді. Ол Метафизика деп аталады.
Ол одан әріде жан туралы толғамдарына жатқанымен (мазмұны жағынан),
денені мүлдем қажет етпейтін заттар қарастырылған соң ғана құпиясына
қанығып, ойлы толғамдардың пәні етерлік кітаптар құрады. Бұл шығармалардан
ілгеріде аталған кітаптармен танысқан соң ғана тағылым алуға болады. Түпкі
мағынасында бұлар этика, яғни жанның адамшылық қасиеттері және оларды
басқару туралы кітаптар. Мұндай басқарудағы мақсат — адамдардың іс-
әрекеттерінің ізгілікке негізделуіне жету һәм ізгілікті басшылыққа алу. Ал
ізгілік — табиғаты байсалды адам үшін оның осы ғұмырындағы мақсаты һәм
соңғы тұрағында шапағатқа бөленуіне жәрдемші. Бұл кітаптарды ештемемен
алмастыра алмақ емессің, олардан келетін пайданың теңдесі жоқ, бәлкім, олар
болмаса, ізгілік туралы білім де болмас еді дерліктей. Оның өз баласы
Никомахқа қаратылып жазылған Никомах атты этика жөніндегі үлкен кітабы
осындай шығармалардан. Ол он бір ой толғауларынан тұрады.
Оның мазмұн жағынан Никомах кітабына ұқсас, шағын бөлімдерден тұратын,
өзінің кейбір қандастарына арнап жазған кітабы да осы қатардан орын алады
Оның қаламынан осы үш шығармадан басқа да әртүрлі жеке пәндер бойынша
көптеген кітаптар, сондай-ақ түрлі жеке мәселелер туралы бірталай
трактаттар шыққан.
Толыскан философтың математика ғылымдарымен таныстықтан соң меңгеруі
тиіс Аристотель кітаптарының саны туралы мәліметтері осындай. Шынында да,
адам есеп туралы ғылым, геометрия, жұлдыз есебі және гармония сиякты
математика ғылымдарынан бейхабар болса, бұл кітаптарды ғұмыр бойына
жаттасын мейлі, ол осыларда қарастырылған ғылымдардың бір де бірін жете
біле алмайды. Ол қанша әуреленгенімен, ең ұзағанда, ойы тұтқыр болса егер,
ботен біреудің сөзін қайталауға ғана дәрмені жетеді, математика
ғылымдарынан хабарсыз болса, олардың мағынасын ешқашан түсініп меңгермейді.
Математика ғылымдарына есеп туралы, гармония, геометрия және жұлдыз
есебі ғылымдары жатады (соңғысы ғарыштың құрылымы, ондағы негізгі
денелердің саны, олардың қозғалуы һәм айналым саны, ғарыш кеңістігіндегі
түрлі құбылыстар туралы ғылым).
Есеи ғылымына келсек, оның осы барлық ғылымдардың басы екені мәлім,
өйткені есеп болмаса, сан да болмайды.
Сол сияқты, біз жоғарыда айтқан заттардың бәрін зерттеген адамның
білімі субстанция мен оның атрибуттарын білуге келіп саятыны да мәлім.
Субстанцияның бастапқы қарапайым атрибуты екеу. Олар — сан және сапа.
Себебі, субстанцияның кез келген атрибуты әлденеге не тең немесе тең
емес болады, бұл — сандық қасиет, сол сияқты әлденеге ұқсас немесе ұқсас
емес болады, бұл — сапалық қасиеті. Субстанцияның күрделі атрибутына
келсек, ол да екеу — не материясыз (материядан болек) танылатын нәрсе
немесе материямен бірге танылатын нәрсе. Материясыз танылатын қатынастар,
мәселен, әкелік және балалық дегендер біріне бірі қатысты нәрселер,
олар бірін екіншісінің білуі арқасында таниды. Бүтін мен бөлшек те өзінің
табиғатынан материямен байланыссыз. Ал материямен қоса қабылданатын
нәрселер не сапаның субстанциямен, не санның субстанциямен, немесе
субстанцияның субстанциямен қосылуы.
Сан мен субстанцияның тіркесіне келсек, оған болу және қайда
дегендер мысал бола алады, өйткені мұнда субстанцияның потенциясы (қуат
мүмкіндігі) мен орын (ал орын дегеніміз көлемге жатады) тіркесіп тұр. Сол
сияқты болу және қашан десек, уақыт потенциясы (ал уақыт дегеніміз —
сан) мен субстанция қосылып тұр. Субстанцияның сапамен тіркесуіне харекет
мысал бола алды, өйткені онда субстанцияның потенциясы бар және харекет бар
(ал харекет дегеніміз — сапа). Сондай-ақ оған құбылу да мысал бола алады.
Онда да субстанция потенциясы мен сапа түріндегі харекет көрініп тұр.
Субстанцияның субстанциямен тоғысуына келсек, оған ие болу мысал бола
алады: мұнда бір субстанция — ие болушы, екінші субстанция -біріншінің
иелігіндегі нәрсе. Мүнда бір субстанцияның потенциясы екінші субстанциямен
қосылған, екі субстанцияның потенциясы бар.
Кез келген философиялық білімге ортақ бастапқы табалдырық —
субстанция, сан және сапа. Бастапқы субстанция, яғни түйсік арқылы
қабылданатын нәрсе өз кезегінде оның алғашқы атрибуттарын түйсіну арқылы
танылады. Бірақ түйсік оларды тікелей емес, сан және сапа арқылы
қабылдайды. Кім де кім саң және сапа білімін меңгермесе, сол субстанция
білімінен де хабарсыз. Философиядағы іргелі, нақ және толық білім —
субстанцияны білу. Екінші субстанцияның өзгешелігі мұндағы таным затының
тұрақты және өзгеріске түспеуі себепті олар туралы білімнің баяндылығында.
Біз оған бастапқы субстанцияны танып білу аркылы келеміз. Түйсіктік білім,
яғни бастапқы субстанция білімі оның қарастыратын затының үнемі алмасып
келіп отыратын өткіншілігі немесе субстанциялардың сансыз көптігі себепті
үнемі ауыспалы сипатта болады, ол білім зат қанша уақыт болса, сонша
болады, заттың субстанциясының толық бұлініске ұшырап, бар болуын
тоқтатқанда ол да жойылады. Қараңыз: санауға болатын барлық заттардың ақыры
бар, солай болса да, осындай кез келген заттың санының екіге еселенуі,
сөйтіп шексіздікке дейін көбейтіле беруі ықтимал. Мұнда жеке алғандағы
әрбір заттың саны да, сол сияқты еселену саны да шексіз болуы ықтимал. Ал
шексіз нәрсенің білімнің пәні болуы мүмкін емес.
(Астын сызған аудармашы: осы проблема Ғазали мен ибн Рушдтің
полемикасына негіз болады).
Демек, егер кім де кімнің, біз айтқандай, сан және сапа туралы білімі
болмаса, егер ол бірінші және екінші субстанцияны білмесе (осы проблема
кейін Джон Локктың философиясындағы негізгі проблема ретінде айтылган. —
Ғ.Е.), онда оның адамнан ізденісті, еңбекті және алғырлықты талап ететін
және не Ізденісті, не еңбекті, не адамға тән зеректікті, не уақытты қажет
қылмайтын құдіретті білімге бастайтын қандай да болсын пенделік білімдер
жинауға үміттенуі бекер. Құдіретті білімнің мысалы — Алланың (ол ұлы һәм
құдірет иесі) өзінің елшілеріне (оларға Алланың шапағаты жаусын) берген
білімі, бұл білім ізденісті де, еңбекті де, зерттеуді де, математика мен
логикаға зеректікті де, уақытты да қажет етпейді, оған (елшіге) қайырымды
һәм мейірімді Алланың бұйрығымен, соның жәрдемі, оқытуы әрі зердесіне
байлауы арқасында өздерінің жүрегін ақиқат нұры үшін тазартуы арқылы
жетеді. Бұл білім карапайым адамдарға емес, тек елшілерге гана тән (Алла
оларды рахымына бөлесін). Бұл (білім) пайғамбарлардың ерекше қасиеттерінің,
яғни оларды жай адамдардан оқшауландырып тұрған кереметтердің бірі, өйткені
жай адамдар ізденіссіз, логикаға және біздер тізіп өткен математика
ғылымдарына арнайы уақыт сарп етпей-ақ, бірінші, сезімдік және, екінші,
субстанция білімдерін, сондай-ақ соңғыларында ұшырасатын білімдерді де
білуі мүмкін емес. Хақ тағаланың елшілері (Алланың рахымы жаусын) мұның
ешқайсысын қажет етпейді. Ешқандай ізденусіз, өздерін елші етіп жұмсаушы
Хақ тағаланың бұйрығымен білім алады. Білімнің осындай түрі бар. Содан біз
Алла тағаланың кереметтеріне иланамыз. Ал жай адамдар мұндай білім ала
алмақ емес, бұл білім олардың табиғи қабілетінен тыс. Адамдар бұл білімді
аса қастерлейді, Жаратушының осы білімді сыйлаған елшілерінің сөздеріне
иланады.
Айталық, Жаратушының елшісіне ақиқат болмысы көзден ғайып нәрсеге
қатысты сұрақ қойылсын. Сонан соң оның қайырған жауабы мен дәл осы сауалға
жауап бермекке әрекет қылған философтың айтқанын салыстырайық: өзінің ұзақ
ден қойып зерттеген тәжірибелерінде жинаған барын, өзінің барлық зейінін
салғанымен, оның жауабы тұжырымдылық, нақтылық және қарапайымдылық пен
толықтығы тұрғысынан Жаратушының елшісі қайтарған жауапқа ешбір тең келмес
еді. Мәселен, осыны біле алмас деген залымдықпен мәжусилердің Алланың
елшісіне қойған сауалы және оған пайғамбарымыздың қайырған жауабы осындай.
Міне, шіріген сүйектерді кім тірілтеді? деді (Олардың ойында барлық
таластың мәні осында еді). Сонда бір және кәміл Алла оның аузына сөз салды:
Оны сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол барлық жаратылысты біледі де
деді. Оның бұйрығы оған бол деу, сонда ол бола қалады (Құран Карим. — 36
С. — 78—82 аяттар). Сүйектердің жоқтан бар болуы қалай, әлде бұрын болып,
топыраққа айналған соң қайта орнына келуі қалай? Әрине, жоқтан бар
жасағаннан бұрын, бар нәрсені орнына келтіру жеңіл. Жаратушы үшін мұның
екеуі де бірдей: оған еш қиындығы жоқ. Өйткені жоқтан бар жасаған күш
өзінің жойған нәрсесін қайтадан қалпына келтіре алады. Айқын, өткір ақыл
үшін осыдан ұтымды дәлелдің болуы мүмкін бе? Ал сүйектердің жоқ болған соң
пайда болуына келсек, ол сезім арқылы (ақылмен танылуын айтпағанда)
танылады, ал Алланың ұлылығы мен құдіретіне иланбай сұрақ қоюшы мойындаса
керек: оның өзі де әуелде жоқ еді, содан соң пайда болып, өмір сүре
бастады, демек, оның сүйектері де болған жоқ, олар әуелде жоқ, соңынан
қажеттілікпен пайда бола бастады. Бұдан шығатыны — егер бұл сүйектер
болмаған болса, оларды қалпына келтіріп, тірілту турасындағы жағдай да осы
әліптес: олар бар, олар тірі болмағаннан соң тіріліп, өмір сүруде. Бүдан
олар тіршілік белгісі болмағаннан соң тірілтіледі деген түйінге келеміз.
Сондықтан заттың өзіне қарсы заттан шығуы — айқын, мүмкін нәрсе.
Өйткені: Алла сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны
жағасыңдар делінген. Демек, ол отты от еместен, қызуды қызулы еместен
жаратты. Ол бір заттың қажеттілікпен өзіне қарама-қарсы заттан жаратылуын
қалады. Егер зат өзіне қарама-қарсыдан (ал қарама-қарсылардың ортасында
аралық ештеме жоқ, мен қарама-қарсы дегенде, бұл және бұл емес дегенді
айтамын) жасалмаған болса, ол өзінің субстанциясынан жасалды деген ғана
қалар еді де, оның субстанциясы одан ілгеріде ештеме жоқ, мәңгілік, тұрақты
болар еді. Егер от от еместен шықпаса, ол басқа бір оттан пайда болар еді.
Ал егер от басқа бір оттан шықса, үнемі осылай бір от бір оттан шығып
отырар болса, онда ол мәңгілік от болған болар еді, оның бір кездері
болмайтын уақыт өлшемі жоқ болуытиіс еді. Бұлай болғанда, отбүрып болыагап
кездеп кейін пайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz