Адам табиғаттың тамаша туындысы
Адам табиғаттың тамаша туындысы
(Әл-Фараби дүниетанымындағы адам мәселесі).
Тарихи түп-тамырларымызға шегінер болсақ Шығыс философиясы адамды
тірі табиғаттың, ғарыштың бір бөлшегі деп оларды өзара тығыз байланыста
қарастыратыны белгілі. Бұған дәлел - Әл-Фарабидің адам мен табиғат
құбылыстарының жасырын сырын ашуға, оны түсінуге күш салғандағы Қайырымды
қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактатында тыныштық пен бейбітшілікке
негізделген білімді әкім билеген идеал қауім кодексін ұсынды. Адамның ішкі
дүниесін аша білу, түйсік, сезімге әсер ету білімділікті талап етеді, -
деген пікірді жариялады.
Адамды ай астындағы әлем дамуының жоғарғы сатысы ретінде қарастыра
отырып, ойшыл адам жанның бөлшектері мен күштері (қабілеттері) туралы
ілімді дамытады. Адам табиғаттың тамаша туындысы бола отырып, әртүрлі
күштер мен қабілеттерді иеленеді: мысалы, қуат беруші күш, елестеуші
күш, парасатты немесе ойлаушы күш, қозғаушы күш, талпынушы немесе
толықтандырушы күш. Осы аталған күштердің әрқайсысына анықтама бере
отырып, әл-Фараби адамның анатомиясы, физиологиясы, психологиясы туралы
көзқарастарын дамытады.
Әл-Фараби адамзат болмысының жекеше қырларын қарастыра да келіп,
адам өмірінің мақсаты шынайы бақытқа жету, ендеше ол бақыттың не екенін
біліп алып, оны өзінің мақсатына айналдырып, соған қарай қадам басуы қажет
деп айтты. Әл-Фарабише пайымдасақ, жалпы құрылым мен болмыстың мәнің,
қоғамның әлеуметтік бейнесін, жеке адамның рухани өмірі жете білмей бақытқа
жетуге болмайды. Біз бақытқа өзімізге әсемдік тән болғанда ғана тән,
ендеше бұдан бақытқа тек философия өнері арқылы ғана жетеміз деген
қорытынды шығарамыз.
Әл-Фараби өзі өмір сүрген тарихи дәуірде үстемдік еткен дүниетаным
мен қасаң мұсылмандық идеология шеңберінде - өзінің қоғам, мемлекет және
саясат туралы тұғырнамасында өз заманынан озды, дәлірек айтсақ,
замандастарынан әлдеқайда ілгері кетті, қоғамның кемшіліктерін сынай
отырып, ондағы қайта құрылым сұраныстарын алдыға жылжытты. Отырарлық ойшыл
ұсынған қайырымды және қайырымсыз қалалар мен мемлекет туралы теория сол
кездегі өмір сүріп, үстемдік еткен ресми саяси жүйеге туралап атылған оқ
іспетті болатын. Оның идеялары бүгінгі Қазақстандағы әлеуметтік-саяси
ахуалдан туындайтын мәселелермен үндес. Бұны айтып отырған себебім жылдар
бойы коммунизм жұмағына жетеміз деп жүріп өз халқымыздың шынайы жұмаққа
жетелей алатын аса құнды бағалы мұраларын жоғалтып алдық. Бұдан былайғы
уақыттағы әр адамның рухани өрлеу – осы құндылықтарды қайтадан тірілту,
жаңғырту ісімен жапсарлас болуы лазым, рухани дәстүр адамды қайта
түлетеді.
Қоғам мен адам мәселесіндегі Фарабидің идеялық және азаматтық
мақсатын қарастыру ондағы адамзат туралы мәселесінің анықтайтын үш негізгі
бөлімді бөліп қарауға мүмкіншілік жасайды: жалпы рационалистік мақсат
өмірді түсінудің эвдемониялық принципті, сонымен бірге ақыл-ой мен мінез-
құлықтың өзара байланысы онтологиялық, гносеологиялық, әлеуметтік және
психологиялық сипаттағы мәселелер өзара тығыз байланыста болғандықтан, ал
кейде ол субъект пен объект, жалпылық пен жекелік, ақыл-ой мен ашылымдар,
құдайшылдық пен адамзаттық мәселелерімен де тоғысатындықтан және осы
мысалдар ойшылдың алдындағы ең алғаш ортағасырлық мұсылман дәуіріндегі адам
мен қоғам тұжырымдарына рационалистік жақындау болғандықтан ерекше
тоқталамыз.
Фараби адамға ең үлкен игілік адамзат болмысының мақсатымен мәні
ретіндегі саналы әрекетті түсіндірді.
Саналы қабілет – адамның табиғи қасиеті, ол әрбір жеке адамға
ерекше тән және барлық адамдарға жалпы. Осыған келісе отырып Фараби ежелгі
грек софистері сияқты тегі мен жынысына қарамастан адамдардың табиғи
теңсіздігі туралы қорытындыға келеді. Софистер барлық заттардың өлшемін
үнемі адамның өзінен,дүниелік-рухани бірлігінен іздесе, Фараби адам
болмысының мәнің іздеуге саналы әрекет жағдайымен шектеледі. Мұндай
шектеулік – иерархиялық қоғамдық құрылымды құдайшыл дүниеге көзқарас
тәртібі көрінісі ретінде қабылдаушы, соның ізінше адамдардың табиғи идеасы
үшін рух жағдаятында негіз іздеуші ортағасырлық ойшылдар үшін жайт.
Сондықтан да софистер де адамзат табиғи әлемі-қоршаған жарамдылықтың
қарсы тұруындағы бір мәнділік – зандар әлемінде - және де барлығының
өлшемі ретінде адам әрекет емес, әл-Фарабиде – барлық адамдар үшін ақыл-ой
жалпылығы нәтижесінде әлемге, ақылға қонымды таным субъектісі ретінде
болмыстың ғұдайшыл жағдайын енгізетін таным объектісіне қарсы болады,
барлық заттардың өлшемі ретінде адамзат ақыл-ой әрекет етеді.
Таным объектісі таным субъектісіне қарағанда алғашқылық мәнде.
Алайда адам ақыл-ойы әлемнен салыстырғанда белсенді бастама болып табылады:
Фарабидің түсінігінде адам ақыл-ойы субъстанциалды жеткіліксіз, сондықтан
да оның мәні – енжар, селқоз пайымдауда емес, әрекетте, тұрақтануда, дамуда
ақиқат табиғат пен кемел ақыл-ойға жақындаудауда деп түсінеміз. Құдайшыл
ақыл-ойы үнемі дамып, белсендігі өсіп, потенциядан шындыққа ауысып отырады.
Ақыл-ой кемелденуге, субстанцияға қол жеткізу үшін, потенцияда маныздылыққа
өтуге мүмкіншілік жасайтын басқа нәрсе қажет[1].
Қайырымдылыққа үйренуге бола ма? Фараби үшін осы мселе өте маңызды
болды. Қайырымдылыққа әртүрлі әдістермен білім алу арқылы, тәрбие арқылы
және сенім арқылы қол жеткізуге болады.Осылардың қолданылуына байланысты
Фараби адамдарды – халық, қалын жұртшылық және ғалымдар деп үшке бөледі.
Ғалымдар – ең анық дәлелдемелер дәнекерлігімен қайырымдылық қабылдаған
ерекше адамдар. Олар, Фарабидің айтуынша, - ақиқат білімнің жалғыз ғана
көзі, ал қалың жұртшылық – шығармашылық білімдерін баршаға мәлім пікірлер
арқылы расталатын біліммен шектеуге болатын адамдар. Көпшілік
қайырымдылықпен қарым-қатынас жасауда білімнің ақиқат мәнін қажет етпейді.
Фараби дүниетанымы өзінің барлық рационалистік сенімі жағынан
құдай идеясынан тәуелсіз емес дейтін болсақ, ондағы адам мәселесі де кез-
келген компонент жүйесіндегі: құдай-әлем – адам – қоғам және олардың
арасындағы байланыс, құдайдың мәні, құдайдың әлемге қатынасы, адамға
ықпалы, адам табиғаты туралы негізгі дүниетанымдық мәселелердің шешімімен
бөлінбейтін байланыста. Бұл мәселелерді әл-Фараби ислам діні шарттылығында
шешуге тырысты.
Әл-Фараби жаңа мәдени жағдайда Алла мәселесін шешу-
дегі таза діни шешімдермен шектелуді сезінді: құдайдың ашариаттық
тұжырымында, жоғарыда айтып өткеніміздей, бастапқы құралдық тұжырыммен
салыстырғанда ешқандай жаналықтар әкелмеді, сонымен бірге мутазилиттік
тұжырым да оны қанағаттандырмады.
Мутазилиттерін (Васил ибн Ата, әл-Джахиз, әл-Наззам, ас-Салми)
рационализмі мен еркін ойлауына догматизм мен қаламның сүниттік,
захиридтік, шафидтік, ашариттік ортодоксальды мектептерінің авторитаризмі
қарсы болды. Дін басыларын ойландырған негізгі діни танымдық мәселелер ол
ең алдымен – құдайдың мәні, оның адамға қарым-қатынасы, адам еркінің
тәуелсіздігі. Пікірталаста бастапқы исламға ықпал еткен бұл мәселесінің
пайда болуының өзі мұсылман дінінің тарихында жаңа кезенді қалыптастырады.
Алла, оның мәні мен белгілері – бұл таластағы орталық мәселе.Дәл солардың
шешімімен байланысты христиан-дықтағы сияқты мұсылман дінінде адам тұжырымы
айқын көрініске ие болады. Құдай идеясы ортағасырлық барлық рухани
мәдениеттке ерекше тән. Мұсылман дін басыларына келетін болсақ, олар
көптеген ілімдерді, адам туралы түсініктерді туғызады. Олардың танымдық
жүйесі, ерте ортағасырлық исламда Тәңірі мен Алла табиғатын түсінуге,
осыған сәйкес адам табиғатының мазмұндамасында екі негізгі ағым пайда
болды деген қорытындыға алып келеді.Философия мен дің, Фарабидің айтуынша,
екі түсінік әдісіне сай, ақиқат білімнің әртүрлі деңгейінің мәні: 1. Шын
мәніңде ол қалай өмір сүрсе, сондай түрде тану (ақиқатты философиялық
тұрғыда түсіну); 2.Оны белгілер жүйесі арқылы, түсінік дәнекерлігі арқылы
тану (ақиқатты діни тұрғыда түсіну).
Дін – философиядан шыққан нәтиже ретінде керек. Діннің ақиқаты
өзінде емес, философияда. Қайырымды қала билеушісі – философ, қайырымды іс-
әрекетті, кемел мен бақытты дарытуға жұмсау керек.
Әл-Фараби ақиқат діннің қажеттілігі туралы үнемі айтып отырады.
Діннің, абстрактілі-философиялық түрдегі теоретикалық философияны меңгере
алмайтын қоғамның кейбір қабаты үшін қажеттілігі туралы мұндай идеаны Әл-
Фарабиден бастап Спинозаға дейінгі ойшылдар қабылдаған .
Дін өкілдері жақтаушылар, дін туралы сөз қозғаған жерде, ақыл-ойға
орын жоқ деп санайды. Қуаттау мақсатында саналықпен қол жеткізгенді кері
шегіндіреді және дін сөзімен байланыстырмайды, немесе ақыл-ой үшін
айқындылықты жасайды. Діннің барлық әлсіз жақтарын басқа діндердің ақиқат
емес есебінде жүргізеді. Алайда бұл пікірді, әртүрлі діндердің өкілдеріт
өзара бір-бірін қуаттамайтыны секілді, жоққа шығаруға болады.Мұндай
қорытындыны әл-Фарабиде келтірілген әртүрлі діндердің салыстырмалығынан
шығаруға болады.
Ақыл-ой маңызын жоққа шығаратын теологтарға қарсы шыға отырып,
Фараби былай дейд: олар ақыл-ой дәлелі мен логиканы пайымдауға қабілетсіз,
сондықтан да репрессияға немесе софистика мен өтірікке ұмтылады. Бұлардың
арасында енді біреулер, осы сияқты нәрселерді қолдаған пайымдауларды сол
нәрселердің ақиқаттығын толық растау үшін жеткіліксіз екенін көргенде,-онда
өзіне қарсылардың аүзын аштырмау ушін сөзімен қарсылық көрсете
алмағандықтан емес, оның өзінікі ақиқат болғандықтан бұлар қалай болғанда
да, оның не жасқанып, не қорқып жұмған аузын ашпауға,қарсылық жасамауға
ылажсыз көндіретін әрекеттер қолдануға мәжбүр болады.
Ал екіншілері, - өздерінің діні олар үшін ақиқат болып тұрғанда,-оның
ақиқаттығына күмән келтірмейді және басқалардың алдында оны қорғау керек
деп есептейді, оны жетілдіре түсу, ондағы күмәнді жерлерді сейілтіп,
дұшпаннан оны барлық шараларды қолданып қорғау керек деп есептейді. Бұлар
алдауға, жала жабуға және қайсарлық жасауға еркі бар...[2].
Теология тақырыбы, құдайлар мәселесі мен оған адамның қатынасы, егер
Құран сөзіне ортодоксальдық сеніммен шектелмей, оны ойлау құралына
айналдыратын болса ғана, ол жалпы мен жалқының, қоғам мен адамның шынайы
проблемасы, шынайы күш пен адамның оның өзіне деген қабілеттері ретінде
көрінеді. Өйткені ортағасырлық кейбір философтардың пікірінше, құдай
дегеніміз – адам өмірінен ажыратылған және құдіретті, данышпан және
т.с.с. түрінде оған қарсы қойылған осы күштер мен қабілеттердің жиынтығы.
Мәселенің қияли және бұрмаланып қойылу сипаты игілік емес, әншейін тарихи
қажеттілік болды. Фейрбах дін дегеніміз адамның өзінен-өзі безгенінен басқа
ештеңе емес деп мәлімдемей отырып, одан әрі дамытады. Адамның адамнан,
адамның табиғаттан безініуін іс жузінде женудің мүмкіндігін және оның жолын
тек Маркс пен Энгельс көрсете алады.
Осыған орай, әл-Фарабиді дәйекті материалист, оның үстіне атеист
ретінде таныстыру орынсыз болар еді. Ол өзінің алғашқы тұжырымында идеалист
болды. Бірақ дүниетанымдық мәселелерді шешуде оның кейде өз көзқарасына
қарама-қарсы келетін материалистік үрдісін байқамауға болмайды. Оған қоса,
діннің сол немесе басқа мәселелерін, оның діни ілімдерін, исламның сол
кездегі үстемдік еткен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz