Катагурийас кітабы немесе Категориялар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
“Катагурийас” кітабы немесе “Категориялар” 1.

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Универсалийлердің екі түрі бар: (1) өзінің мәнінен тыс қандай болса да
иегерлері жөнінде ешқандай білім бермей тұрып, олар барлық өзінің
иегерлерінің мәні жөнінде білім беретін, универсалийлер - бұлар субстанция
универсалийлері; (2) олар өзінің кейбір иегерлерінің мәні жөнінде және
өзінің мәнінен тыс басқа иегерлері жөнінде білім беретін, универсалийлер -
бұлар акциденция универсалийлері. Индивидтер де (солай) екі түрлі болады:
(1) өзінің иегерінің мәні жөнінде ешқандай білім бермей, олар өзінің
иегерлері мәнінен тыс бірдеме жөнінде білім беретін, индивидтер - бұл
акциденция индивиді; (2) олар қайсыбір иегерінің мәні жөні жөнінде де, оның
мәнінен тыс әлдене жөнінде де ешқандай білім бермейтін, индивидтер - бұл
субстанция индивиді.
Жалпы алғанда субстанция - ол өзінің мәнінен тыс қайсыбір жалпы иегері
туралы ешқандай білім бермейтін әлдене нәрсе. Осындай қасиеті бар, олар екі
түрлі болып келеді: бірі өзінің барлық алып жүрушілері жөнінде бір мезгілде
білім беретін әлдене - бұл субстанция универсалиі, басқасы әлдебір оның
алып жүрушісінің мәні жөнінде де, өзінің мәнінен тыс бірдеме жөнінде де
ешқандай білім бермейді - бұл субстанция индивиді.
Жалпы алғанда акциденция - бұл сол, не жеке алып жүрушінің мәнінен тыс
әлдене туралы білім беретін. Ол екі түрлі болып келеді: бірі басқа
субстанцияның мәні туралы білім береді - бұл акциденция универсалиі,
басқасы - қайсы бір алып жүрушінің мәні туралы ешқандай білім бермейді -
бұл акциденция индивиді. Ол жөнінде осында әңгіме болып отырған акциденция,
бұрын ол туралы әңгіме болғанға қарағанда 2, жалпылау сипатқа ие, өйткені
олар үшін ол тектік ұғым сияқты болғандықтан, бұрын еске алған өзіндегі
белгі мен акциденцияны осы берілген акциденция сол уақытта (өзіндік белгі
мен акциденция), олардың бірі өзінің тектік ұғымының есімімен аталатын,
оның екі түрі болып табылатыны (сияқты) 3.
Бастауыштың мәні жөнінде білім беретін, өзінің бастауышы туралы
айтатынында болса, соны Аристотель әмбебапты баяндауыш деп атайды, ал
қайсыбір бастауыштың мәнінен тыс бірдеме туралы білім беретінді - әмбебапты
баяндауыш, не бастауышта болатын деп айтады. Нәрселердің арасында біреулер,
ешқандай бастауышта болмай-ақ, қайсыбір бастауыш туралы айтады, - бұл
субстанция универсалиі, басқалары онда болмай-ақ, бастауыш туралы айтады -
бұл акциденция универсалиі, үшіншілері бастауыш туралы айтпай-ақ бастауышта
болады, - бұл акциденция индивиді, төртіншілері бастауышта болмайды да,
бастауыш туралы айтпайды да - бұл субстанция индивиді.
Субстанция - бұл, неге аралық тектік ұғымдар бағынатын, жоғары тектік
ұғымдардың ішіндегі біреуі. Әрбір аралық текке түрлер бағынады - және
осылай олардың соңғы түріне дейін, олардың арасындағы әрқайсысы жеке
нәрселерді көлемдейді. Әрбір соңғы түр, ол оны тағайындайтын айырушы
белгіге және оны бөлетін айырушы белгіге, ие.
Акциденцияларға (қалған) тоғыз жоғарғы тектер жатады, олардың
әрқайсысына аралық тектер бағынады. Аралық тектердің әрқайсысы, соңғы
түрлермен анықталатын, төмендейтін қатарға ие. Соңғы түрлердің
әрқайсысы, оны тағайындайтын айырушы белгіге, ие.
Әрбір аралық тек, ол оны тағайындайтын, айырушы белгіге және оны
бөлетін, айырушы белгіге ие. Жоғары тектің барлығы он, атап айтқанда:
субстанция, сан, сапа, қатынас, уақыт, орын, жай, күй, әрекет және әрекетке
төзімділік.

1. Субстанция жөнінде пайымдау.

Субстанция әлдеқашан сипатталған. Оған, мысалы, аспан, жұлдыздар, жер
мен оның бөліктері, су, тастар, өсімдіктердің әр түрлері, жануарлардың әр
түрлері, әрбір жануардың мүшелері жатады. Мысалы, осы және осыған ұқсас
нәрселердің көмегімен қамтылатын, жоғары текті, атап айтқанда дене немесе
сол, не істелгенді, немесе сол, не дене болғанды алайық. Денелер
қоректенетін және қоректенбейтін болады, қоректенетін денелер түйсінетіндер
және түйсінбейтіндер болады. Жануарлар ақылды және ақылды емес болады.
Ақылды жануар - бұл адам, ал ақылды емес жануарларға жануарлардың басқа
түрлері, мысалы жылқы, бұқа, есек және оларға ұқсастар, ал қоректенбейтін
денелерге - аспан, жұлдыздар, су, от, тастар және басқа оларға ұқсас
нәрселер жатады.
Бөлек нәрселер - бұл субстанция индивидтері, ал олардың тектері мен
түрлері - субстанция универсалийлері. Субстанция индивидтері - бұлар
"бірінші субстанциялар" деп аталатындар, ал субстанция универсалийлері -
бұлар "екінші субстанциялар", өзінің болмысында ол басқа бірдемеден өзіндік
мәнімен артығырақ және тәуелсіздеу болғандықтан, осы қатынаста субстанция
универсалийлеріне қарағанда, олар болмысы бойынша көбірек жетілгендіктен,
олар субстанция индивидтеріне жатады. Өйткені, олар бастауышта және де
болмағандықтан, онда ол туралы (субстанция индивидтері) өзінің болмысында
ешқандай да бастауышты қажет етпейді. [Субстанция] универсалийлеріне
келсек, онда олар өздерінің бар болуы үшін субстанция индивидтеріне
мұқтаждық етеді, себебі олар бастауыш туралы баяндайды, ал олардың
бастауышы өз мәнісінде субстанция индивидтері болады. Және бәрі сол, неде
олар бастауышқа мұқтаж болғанымен, оларға субстанциялар болуға ол кедергі
келтірмейді, өйткені олар тек өздерінің бастауыштары туралы баяндайды, осы
бастауыштардың мәні жөнінде білім береді және де қашан бұл универсалийлерді
білгенде, онда осы бастауыштардың мәнісі таңылатындықтан, осының арасында
ол оймен аңғарылатын болады. Сонымен, оймен аңғарылатын болуы үшін, сол
субстанция универсалийлері бар болуы үшін, субстанция индивидтерін керек
етеді, өйткені, соңғылары болмаса, онда олар жанға келгендей болатын,
универсалийлер ойдан шығарылған, жалған болып шығар еді, ал сол, не жалған
болса, ол бар болмайды. Универсалийлер, осылай индивидтер арқасында бар
болады, ал индивид тек универсалийлер арқасында оймен аңғарылады. Міне
сондықтан субстанция универсалийлері тағы "субстанция" деп аталады.
Субстанция универсалийлерінен басқа, субстанциялар да өзіндік өмір
сүруі үшін, бірінші субстанциялардың басқа баяндауыштарына да мұқтаждық
етеді, себебі олар бастауышта орын алады. Әйтсе де, олар бастауышта бар
болса да, олардың бастауыштары бірінші субстанциялар болып, және бұл
(баяндауыштар) субстанция болмысының мәнісі туралы білімдер бермейді.
Сондықтан олардың ұғымдары субстанция болып табылмайды және оймен
аңғарылатын болу үшін, субстанциялар бұл баяндауыштарды керек қылмайды. Дәл
осылай бірінші субстанцияның түрлері де, олардың тектеріне қарағанда, көп
шамада субстанцияға жатады. Өйткені олардың тектерінен гөрі, түрлері
бірінші субстанция мәнісі жөнінде жекелеу және толықтау білім береді.
Сондықтан бірінші субстанцияның түрлік ұғымдары, олардың тектік ұғымдарынан
гөрі көбірек мөлшерде субстанция ұғымдары болып табылады, тепе-тең түрде
(субстанция) тектері, тек бар болу үшін, субстанция индивидтеріне мұқтаждық
қылады, осыдан, бар болу үшін, бірінші субстанцияның түрлері де дәл өзіндей
бастауыштарды аз мөлшерде, ал олардың тектері - көп мөлшерде қажет етеді.
Сонымен олардың тектеріне қарағанда, (субстанция) түрлері өз болмысында
басымдылық танытады. Тектер де, түрлер де субстанциялар болып табылады,
бірақ, осылай, субстанция түрлері, олардың тектерінен гөрі, көп мөлшерде
субстанцияларға жатады.

2. Сан туралы пайымдау.

Сан - бұл барлық сол, ненің тұтастығы оның бөлшектерімен өлшене
алатын. Осындайлар, мысалы, сан, сызық, дене беті, тән, уақыт та осындай,
сөздер мен айтылымдар да осындай. Шынында да, егер кез келген санды алсақ,
онда (бүкіл осы санды) немесе оған әлдебір тепе-теңді өлшейтін бөлікті
табуға болады. Мысалы, бес, оның санын бес рет алынған бірмен өлшейді. Кез
келген сан не тек бірмен өлшенеді, мысалы, бес, жеті, не бір және тағы
басқа санмен өлшенеді, мысалы, алты, оны алты рет бірмен, үш рет екімен
және екі рет үшпен өлшейді. Дәл осы, шынтақпен өлшенетін сызыққа қатысты,
ал шынтақ сызықпен не бөлігімен, не бірдемесімен оған тең болып табылады.
Тура осылай, кез келген дене бетінде, қайсыбір кішілеу бетті алып, онымен
одан үлкен бетті өлшеуге болады. Тура осы денеге де қатысты. Уақытпен де
мәселе осылай тұр, бір сағатты аласың да, онымен сөткені өлшейсің, күнді
аласың және онымен айды өлшейсің, айды аласың және онымен жылды өлшейсің.
Сөздер де сан (категориясына) жатады. Тұтастық ретіндегі әрбір сөз
оның бөлігімен өлшенеді, өйткені сөздерде, шынтақ - ұзындыққа қалай болса,
оларда да солай қатынасатын бірдеме бар. Сөздер дыбыстардан тұрады.
Дыбыстар дауысты және дауысты еместер болады. Дауыстылар - бұлар, мысалы
"әліп", "уау", "ие". Дауыстылар созылыңқы болады - "әліп", "уау", "ие"
осындайлар және қысқа - "фатха", "дамма", "касра" осындайлар. Дауысты және
дауыссыз дыбыстардың үйлесуін "буын" деп атайды. Олар созылыңқы және қысқа
болады. Созылыңқы буын - бұл сол, неде созылыңқы дауыс бар, мысалы, "ла",
"лу" немесе "ли", ал қысқасы - неде қысқа дауысты бар, мысалы, "ла", "лу",
"ли". Оларға дауысты дыбыстарды қосқанда, буындар созылыңқы буындарға ұқсап
кетеді, мысалы, "лан", "лун", "лин", басқалары да солай бірдей уақытта
айтылады.
Буындардың екі түрі де қосылғанда, мысалы, қысқа буындар алынғанда
және оларға созылыңқы немесе соған ұқсас буындар қосылғанда - "мала" немесе
"малаз" ж.т.б. (үйлескеніндей) айтылады, немесе созылыңқы буын алынып және
оған қысқасы қосылғанда - "мана" немесе "мине", (үйлескеніндей) айтылады,
немесе тіл мүмкіндіктеріне сәйкес тағы қайсыбір қосындылар құрастырылғанда,
буындар немесе оларға ұқсас әлденелер емес, ал олардан басқа бірдеме пайда
болады. Буындардың қос түрлері бір-бірімен әр түрлі қосындыларда
біріктіріле алады, ал бұл соңғыларды, осыдан, бұрынғыға қарағанда тағы
бірдеме, үлкендеу бірдеме шығатындай етіп, бір-бірімен оларды үйлестіруге
болады.
Немен сөз өлшенетіннің ең азы - бұл буындар, олардан кейін , неден осы
және басқа түрдің буындарынан тұратын, сол жалғасады. Сөздің нағыз жетілген
өлшемі болып созылыңқы буындар және соларға ұқсастар табылады. Сөздер және
қысқа буындармен де өлшенеді, бірақ осындай өлшеу толық және жетілген емес.
Буындардың үйлесуінің арасында, оларда алдымен қысқа буын
орналастырылған және оған созылыңқы (немесе соған ұқсасы) қосылған, мысалы,
қашан біз "мала" немесе "малаз" деп айтқанымызда, осындайлар кездеседі,
мұндай үйлесімдерді өзгерту үшін ең жетілгендері және оларға қысқа буындар
қосылғандары керек болады. Көптеген айтылымдар, бұл біреу осы айтылымды
толық аяқтайтындай етіп, осы біреулердің арасындағы біреумен өлшенеді. Көбі
де (басқалары) олардың біреуімен таусылмайды, оларды екі немесе одан да көп
бірліктер өлшеуіне мұқтаждық етеді, осыған ұқсас ұзындықпен де орын алады.
Ұзындықтың бір шынтақпен өлшенетіні және онымен бітетіндігі кездеседі,
бірақ былай да бола алады: ол бір шынтақпен таусылмайды және өзінің өлшемі
үшін, айталық, екі шынтақты керек етеді.
Не туралы біздің айтқанымыз, сол барлық тілдерде орын алады. Біздің
араб тілінде нені байқайтынымызды мысал ретінде келтіруіңе болады. Бұл
тілдің білгірлері қысқа буынды "қозғалмалы дыбыстар", созылыңқы және оған
ұқсас буындарды - "байланыстырушылар", ал олардың тілінде не сол және басқа
түрдегі буындардан құрала алса, онда оны - "қазықтар" деп атайды. Содан
кейін, олармен, мысалы, "фа 'илун", "муфа 'илун", "мустаф 'илун" сияқты,
өздерінің бірқалыпты сөздерімен айтылымдарын олар өлшейтін, үлкен
өлшеушілерді осы жолмен тағы құрастыра отырып, олар бір буындарды
басқалармен үйлестіреді.
Сонымен, кез келген сөз тіркесін немесе созылыңқы буынмен, немесе оның
үйлесуімен өлшеуге болады, олармен сөз тіркестерін өлшеуге болады, буындар
ең аздау бөліктер болып табылады, ал үйлескен буындар - олардан көбірек.
Сөз тіркестеріндегі осының бәрі ұзындықтағы шынтаққа ұқсас.
Сан үздіксіз және бөлек болады. Үздіксіз сан - бұл сол, ненің ортасына
әлдебір меже немесе шекті долбарлап қоюға болатын, осы долбарланған шектің
екі жағына орналасқан, қайда бұл заттың бөлшектері біріне-бірі жанаса
алатын, осыдан бұл шек екі бөлек үшін ортақ болады. Мысалы, сызықпен істің
мәнісі осылай болып тұр: оған оның екі жағынан орналасқан сызықтың
бөліктері біріне-бірі жанаса алатындай, оның ортасында нүктені жобалуға
болады, сондықтан бұл нүкте, осы және басқа бөлік үшін, ортақ шек болып
табылады. Тура солай жазықтық ортасында болады, сызықтың бұл және басқа
жағында орналасқан бет бөліктерін ортақ шек ретінде қабылдауға болатын,
сызықты жобалауға болады. Дәл сондай денеге де қатысты, мысалы кубқа:
кубтың ортасында оны кесіп өтетін жазықтықты долбарлауға болады, бұл
жазықтықтың осы және оның басқа жағында орналасқан, кубтың бөліктері қай
жерде біріне-бірі жанасатыны ортақ шек болып табылады. Дәл осы түрде
уақытта да сызықтың нүктесіне ұқсас әлденені табуға болады, атап айтқанда,
ол өткен және болашақ уақыттың арасында ортақ шек бола алатын, "қазір".
Бөлек сан - бұл сол, ненің ортасында, оны құрастыратын бөліктер үшін
ортақ болатын, шек ретінде оны қарастыруға болатындай, ешқандай межені табу
мүмкін емес. Тек солай, мысалы, он санымен мәселе болып тұр: оның бөліктері
болып табылатын, екі бестіктердің арасында, не олардың бірліктерінен, не
олардың бірліктерінен ерекшеленетін, қайда олардың бірліктері жанасатын,
жалпы шек сапасында нені қарастыруға болатын, сондай ештеңені табуға
болмайды, ал сол кезде бір сызықта біз осындай шекті таба аламыз. Тура
солай, осы бестіктердің бірде-бір бірліктерін немесе олардың бірліктерінің
бірліктерін, бұл бестіктер өзінің тепе-теңдігін сақтайтындай етіп, олардың
ортақ шегі ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені, егер сен осы және басқа
бестіктерден бірін бәрінен бөліп алсаң және оны ортақ шек ретінде
қарастырғың келсе, онда қалдықта төрт болады және (осы) бестік өз
бірліктерін сақтамаған болып шығады. Дәл сондай басқаларына да қатысты,
мысалы, ол жұп немесе тақ сан болсын. Дәл солай әңгіме сөздермен де болып
тұр: дыбыстардың арасынан, оны екі дыбыстар үшін ортақ шек ретінде
қарастыруға болатын, ешқандай межені табу мүмкін емес. Тура осылай,
қайсыбір дыбысты да, ол сөзде немесе айтылымда болсын, сөз тіркестерінің
екі бөлігіне ортақ шек ретінде оны қарастыруға болмайды, өйткені қарсы
жағдайда, сөз тіркестері бөліктері арасындағы біреуінің бір дыбысы жетпей
қалушы еді, сондықтан және бұл сөз тіркесі өзгеріп кетер еді және басқа
бірдеме болар еді.
Ары қарай, бір сандар, біріне-бірі қатынаста белгілі бір жайы бар,
бөліктерден тұрады, ал басқалары, біріне-бірі қатынаста анықталған жайы
жоқ, бөліктерден тұрады. Сонда, біріне-бірі қатынасы бойынша анықталған
жайы бар бөліктерден тұратында, барлық бөліктер бірге өмір сүреді; олардың
әрқайсысының жайы осы сан бағытының біреуінде анықталады; ол дене қимылы
немесе сөзбен белгілене алатындай болып, бұл бағыттың өзі осылай
анықталған. Онымен осы бөлік көрші болатын немесе жанасатын, осы сан басқа
бөліктерінің қайсысымен оның жанасатындығы және қосылатындығы белгілі
болғандай етіліп, тепе-тең түрде анықталған. Сонымен, олардың бөліктері
төрт (саналып өткен) шарттарға жауап беретіндердің барлығы, олар бір-
бірімен қатынаста белгілі бір санға ие болатын, осындай бөліктерден тұрады.
Бұл бәрінен айқын әр текті бөліктері бар денелерде байқалады, мысалы,
адам сияқты мыналарда: оның барлық бөліктері бірге өмір сүреді; оның қайсы
бөлігін сен алсаң да - айталық, басты, - және тәнге қатысты қайсыбір
бағыттағы оның жайын, онда ол белгілене алатындай болып анықталады -
(мысалы, бас туралы мынаны айтуға болады), бұл оның жоғарғы бөлігі, сонымен
бірге, оның қайсыбір (басқа) бөлікпен қатар болатынын және қосылатынын біз
біле аламыз - (бас жөнінде біз) оның мойынмен қосыла алатыны жөнінде айта
аламыз. Тура солай, әр текті бөліктері бар, денелермен де мәселе осындай
болып тұр, мысалы, алтынмен, өйткені, (осындай денеде) сен оны белгілейтін
және бөліп көрсететін бөлік басқа ұқсас, оның жайы табиғатымен анықталады,
осылай, алтынның қайсыбір жағынан сен оның белгілі бір бөлігін бөліп
қарастыра аласың, сен оны жоғарыда, төменде немесе қайсыбір басқа жақта
орналасқандай етіп белгілей аласың: оған қоса саған, алтынның басқа
жақтарымен ол, оң немесе сол жағында орналасуының арқасында қосыла алатыны
белгілі болады. Және осы сызыққа, жазықтыққа, денеге қатысты: ол да,
басқасы да, үшіншісі де саналған төрт шарттарға жауап береді.
Уақытқа қатысты сен осының (бәрін) анықтай алмайсың: уақыт бөліктері
бірге бола алмайды, өйткені уақыт ағында болады. Тура осы сөз тіркестерінің
бөліктеріне қатысты: сен қайсыбір дыбысты айтып болғаныңша, ол енді өтіп
кеткенге жатады, олардың бірде-бір жұбы бірдей бар бола алмайды. Не санға
қатысты болса, онда оның ешқандай жақтары жоқ, сондықтан ол жалпы қайсыбір
жерде тұра алмайды. Осыған сәйкес олардың бөліктері де, бір-бірімен
қосылмай және жанаспай, біріне-бірі жалғаспайды. Уақыт бөліктері, сөз
тіркестері мен сандар, олар жай шарттарына жауап бермегенімен, - жайға, не
бәріне, не олардың кейбірулеріне ие емес. Санның басты ерекшеліктері
осында.
(Бұрын айтылғандай), сан не үздіксіз, не бөліктен тұрады. Үздік
сандарға сол, не ода болатын бөліктерден немесе, оларда белгілі орын
алатын, оның ішінде сол, ненің бөліктері бір-бірімен бір бағытта
орналасқан, атап айтқанда сызық болатын бөліктерден тұратын жатады; ары
қарай, оған сол, ненің бөліктері біріне-бірі екі бағытта орналасқан, атап
айтқанда жазықтық, және де сол, ненің бөліктері біріне-бірі үш бағытта
орналасқан, атап айтқанда дене жатады, үштен артық бағыт болмайды. Не
белгілі орны бар бөліктерден тұратынды, математиктермен "ұзындық" деп
аталатынды және олармен ешқандай ені жоқ ұзындыққа, атап айтқанда, сызыққа,
енімен бірге ұзындыққа, атап айтқанда жазықтыққа және де ені, тереңдігі
немесе қалыңдығы бар ұзындыққа, атап айтқанда денеге, ол бөлінеді. Оның
бөліктері белгілі орын алмайтын, үздік сан, уақыт болып табылады.
Дене беті, сол денеге жататын болса, - бұл оның шегі және оған ол
бөтен болатын және осы денені барлық жағынан қамтып отырып, дененің өз
бетіне орналасатын бұл, Аристотель бойынша, оның орны болып табылады. Бөтен
бет - бұл, оның денесін қамтитын, басқаның атауы.
Ыдысқа құйылған судың орнын ыдыстың оймасы емес, ал, ойманы
көлемдейтін, бостық пен кеңістік алады, бұл бостық пен кеңістік болып және
де қалыңдық табылады, ол ештеңемен толтырылмаған және кез келген сападан
айырылған деп кейбіреулер ойлайды, сол шақта ол судың қалыңдығы, суықтық
және тағы басқа сияқты сапаларға ие. Дәл осылай (дейді олар), егер судың
орнына ауаны немесе осы сападағы тағы бірдемені алсақ, мәселе осындай
болады. Судың қалыңдығы, деп ойлайды олар, соңғысы ыдыста пайда болғанда,
барлығы бүкіл бостық бойынша таралады және су мен бостық бірдей
болғандықтан, біріншісінің беті мен тереңдігі, екіншісінің беті мен
тереңдігіне сәйкес келеді. Кез келген, сезіммен қабылданатын дененің және
бүкіл әлемнің қасиеті осылай болады деп, пайымдай отыра, кейбіреулер әрбір
сезіммен қабылданатын дене туралы осылай ойлайды. Сондықтан, бұл және басқа
көзқарас бойынша, не дененің өзіндік бетіне сәйкес келетін басқа бет болып
табылатын, не (дененің) өзіндік қалыңдығына сәйкес келетін, басқа
қалыңдыққа жататын орын, үздіксіз санға жатады. Сондықтан, бостықтың оның
кейбір бөлігімен толық өлшене алатындығы түсінікті. (Қарастырылған)
көзқарастардың ішінде қайсысы ақиқат екені - бұл физика ғылымында
(шешіледі).
Бөлінген сан әлде бөліктерден - бұл сан, әлде дыбыстардан - бұл
сөйлеу, тұрады. Өзіндік мағынасындағы және өзімен өзі бойынша сан - бұл
жоғарыда қарастырылғанның түрлері. Барлық қалғаны, нені сан ретінде
қабылдайтыны, өздігімен өзі бойынша сан болып табылмайды, ал тек сандарға
осы оның түрлері арқылы қосылып есептелінеді. Мысалы, түспен, қозғалыспен
(әсіресе орын ауыстырумен), ауырлықпен, жеңілдікпен және тағы басқалармен
мәселе осылай болып тұр. Мысалы, оған ие болушы дене беті қаншама жайылып
жататындай немесе бүкіл оның бойымен таралғандай, кез келген түс, осының
себебінен, соншама жайылады, бет немесе дене мөлшеріне тәуелді мөлшерге ие
болады, бет немесе дене өлшеуімен және де өлшенеді. Дәл осылай, орын
ауыстыратын (нәрсе) өтетін қашықтық пен уақыт ұзақтығының мөлшеріне
тәуелді, орын ауыстыру үлкенірек бола алады, осының себебінен орын ауыстыру
қашықтық пен уақытты өлшеу арқылы өлшенеді. Оған ұқсас ауырлық та бүкіл
дене бойында толық таралады және басқа дене түрлеріне тәуелді бұл басқа
бола алады (дәл осы жеңілдікке де қатысты). Ауырлық өлшеу үшін
пайдаланылады және оның көмегімен көптеген денелер өлшенеді. Сусымалы
денелерге не қатыстыны алсақ, онда олардың бәрі - ыдыстар, олардың
көмегімен сусымалы денелердің өлшенуі жүргізіледі. Осы өлшемдер сапасында,
Аристотель бойынша, оның ішіндегісіне сәйкес, ыдыстардың ішкі тегі осындай
қызмет атқарады немесе басқалардың негізі бойынша өлшенетін денелердің
көлеміне сәйкес келетін және оның бойында таралатын, бостықтың көлемі оның
орны болғандықтан, ол осыған жатады. Денелер де, сол және басқа көзқарас
бойынша, олардың орны ерекшеленетіндіктен бірінен-бірі көлемдері бойынша
асып түседі және де олардың орындары бір мөлшері болғандықтан, сондықтан
олар бір мөлшерлі болады.

3. Сапа туралы пайымдау.

Жалпы сапа - бұл, олар қандай екендігі жөнінде, индивидтер туралы осы
арқылы айтуға болатын форма, сол, не кез келген индивидке қатысты қойылған
"ол қалай?" деген сұраққа жауап беретін нәрсе. "Индивидтер туралы" біздің
сөздерімізде (білдірілген) шартпен, оның сипаттамасы шектеледі, өйткені
оларды айырушы белгілерден ажырату қажет, себебі соңғылары - олар да
сапалар, олар арқылы түрлерінің қалай екендігі жөнінде айтуға болады,
себебі бұлар - формалар. Жоғары тектердің бірі болып табылатын сапа, төрт
аралық тектерге бөлінеді. 1) қасиет және күй-жай; 2) табиғи қабілеттілік
және табиғи қабілетсіздік ретіндегі жөнінде не айтылатын; 3) ырықты сапалар
және ырықсыз күй-жайлар; 4) тап мұндай, санға тән сапа.
Қасиет пен күй-жай бұл жандағы және тап мұндай жанды (денелердегі)
барлық формалар. Жандағы бір формалар мұндай болғандақтан, жігері немесе
әдетімен қабылданады - бұлар ғылымдар, өнер, кісілік сапалар, ал басқалары
- адамда туа біте қалыптасқан, мысалы, алғашқы шарттарды білу сияқты табиғи
білімдер, адамда және біршама жануарларда туа біте болатын кісілік сапалар,
сонымен бірге көптеген жануарларда байқауға болатын, мысалы, өрмекшілердің
кейбір түрлерінде кездесетін тігіншілік сияқты табиғи жайлар, өнерлер, яғни
табиғи формалар. Олар жанды (денелерде) болатын, сол формаларға қатыстыға
келсек, мысалы, денсаулық және сырқаттану, онда қасиеттер ретіндегі олар
туралы, қашан оларды алып тастау қиын болғандықтан, олар соншама
нығайғанда, сонда олар айтылады, ал күй-жайлар жөнінде (бұл жерде оларды
қасиет деп мүлдем айта алмайсың) - қашан олар бекімегенде және жылдам алып
тасталынатын болғанда айтылады. "Күй-жай" сөзін Аристотель және де, олар
бекіп үлгерген, білімдерді белгілеу үшін және әлі белгіленбегендері үшін де
қолданады, сондықтан ол бұл жерде оларға ортақ тек ретінде көрініс табады,
оның екі түрінің бірі "қасиет" деп аталса, ал екіншісі өз тегінің атауына
ие.
Не табиғи қабілеттілік және табиғи қабілеттілік емес ретінде айтылатын
болса, сол қарама-қарсылықтардың түрлеріне ие, олардағы қарама-
қарсылықтардың біреуі қабілеттілік жөнінде не айтылатынға, не басқасы -
қабілетсіздік жөнінде не айтылатынға жатады, тап мұндай, мысалы, қаттылық
және жұмсақтық, қаттылық - "табиғи қабілеттілік" (тегіне), ал жұмсақтық -
"табиғи қабілетсіздік" (тегіне) бағынады. Сол, табиғи қабілеттілік жөнінде
не айтылатын болса, - бұл, олардың, арқасында денелер іс-әрекетті жеңіл
жасайтын және олардың әсеріне қиындықпен түсетін, осындай табиғи
бейімділіктер. Ал сол, табиғи қабілетсіздік жөнінде не айтылатын болса, -
бұл, олардың себебімен денелер іс-әрекетті қиындықпен жасайтын және олардың
әсеріне жеңіл көнетін, осындай бейімділіктер. Тап мұндай, мысалы, күш және
әлсіздік. Күш - бұл іс-әрекетті жеңіл жасауға және оған қиындықпен көнуге
арналған табиғи бейімділік, ал әлсіздік - бұл, іс-әрекетті қиындықпен
жасауға және оған жеңіл көнуге бағытталған табиғи бейімділік. Адам тәнінде
тура осылай бар болатын күресу, жұдырықпен соғысу, жүгіру сияқты белгілі
әрекетті жасауға деген табиғи бейімділік қайсыбір табиғи қабілеттілік болып
табылады. Нені дағды күшімен ол қабылдайтын, күрестегі ептілікке, жұдырық
сайысындағы үстем болу өнеріне және жүгіруге қатыстыға келсек, онда мұның
бәрі (табиғи қабілеттілік) тегіне емес, ал "күй-жай және қасиет" (тегіне)
жатады, өйткені бұлар - оларды жаттығу арқылы қабылдайтын өнер және форма.
Дәл осылай, егер адам осыған табиғаты бойынша және туа біте
бейімделген болса, онда белгілі бір өнерде дене алдын ала орналасуына сай,
әрекеттерді өте жақсы орындауға бейімділігі бойынша "табиғи қабілеттілік"
тегіне жатады, соның арқасында өнердің (өзі) "күй-жай және қажет" (тегіне)
жатады. "Сау" айтылымымен де мәселе осылай болып тұр; ол кейбір табиғи
қабілеттіліктерді білдіреді, себебі "сау" дегенмен белгілі бір әрекетке
қиындықпен көнуге бағытталған белгілі бір бейімділікті түсіндіреді, ал
сонда "сырқатты" сөзі әсерге жеңіл көнетін, осы арқылы түсіндірілетін
бейімділіктен болатын табиғи қабілетсіздікті белгілейді.
Ырықсыз сана екі түрлі болады. 1)Не денеде орын алады - бұл, сол түс,
дәмдік сапалар, иістер сияқты сезілетін сапалар. 2) Не денеде орын алады -
бұлар табиғи аффектілер, ашу, аяу, үрей және тағы басқалары. Олардың
арасында, не жылдам өтетін болса, оны "ырықсыз күй-жай" деп, ал, не бекіп
алып, баяу өтсе немесе мүлдем өтпей қойса, сол өз тегінің атауымен, яғни
"ырықсыз сапа" деп аталады. Әйтсе де, Аристотель, олардың жылдам немесе
баяу өтетініне тәуелсіз, көптеген жерлерде осы барлық сапаларды "ырықсыз
күй-жайлар" деп атайды. Денеде бар, ырықсыз сапалар сезіммен қабылданатын
сапалар болып табылады. Олардың кейбіреулері, оларды біз түйсінгенде және
бағалағанда, мүшелерде ырықсыз күй-жай мен әсер қалдыратын кезде, олардың
себебімен қабылданатындықтан, "ырықсыз" деп аталады. Тап мұндай, мысалы,
дәмді сапалар: олар тіл және тілшікте нақтылы бір ырықсыз күй-жайлар мен
әсерлерді шақырады. Ауызды қуыратын тамақ тілге, мысалы, қармаушы әсер
етеді, ал ащысы - о да ащылық (түйсігін) қоздырады. Мысал ретінде, ми мен
танауда құрғақтылық және ылғалдылық (түйсіктерін) шақыратын иістерді, және
де, кесетіндей әрі күйдіретіндей әсерлер туғызатын иістерді алуға болады.
Жылы және суықпен де мәселе осылай болып тұр: сол кезде, қашан біз оларды
сезіну арқылы түйсінгенімізде, олар арқылы қабылданған сол мүшелерде, олар
жылылық және суықтық (түйсіктерін) шақырады. Бұл сапалар, сезіну
орындарында ырықсыз күй-жайды шақырғанынан, "ырықсыздар" деп аталмайды, ал
сондықтан, осы денеде бұрын болған, ырықсыз күй-жайлардың артынша
болғандықтан, олар осылай аталады. Мысалы, ұятты сезіне сала, адам
қызарады; ұят бұл жерде оның артынша денеде (белгілі бір түс пайда
болатын), жанда пайда болатын аффектіге жатады. Осы үрейден болған
бозарыңқылыққа да қатысты.
Денеде қайсыбір кезде табиғи жолмен кейбір ырықсыз күй-жайдан -
жылылықтың, суықтықтың немесе басқа бір ырықсыз сезімдік күй-жайдың пайда
болуы мүмкін, ал бұл ырықсыз күй-жай кейін денеде белгілі бір түсте пайда
болады. Егер жан аффектілеріне келсек, онда олар "ырықсыз сапа мен ырықсыз
күй-жай" (тегіне) бағынады, ал "қасиет пен күй-жай" тегіне олардың қатысы
жоқ, себебі аффектілер кісілік сапалар болып табылмайды. Олар белгілі бір
дәрежеге жеткенде, сонда олар кісілік сапаларға айнала алады; бұл жағдайда
олар "қасиет және күй-жай" (тегіне) бағынышта болып шығады. Жанда пайда
болып, жануар денесінде ырықсыз сезімдік күй-жайларды тудыра алғандықтан,
мысалы, мынадай: бозарыңқылықты тудыратын үрей, қызаруда шақыратын ұят
және, онымен қамтылған (адамда) қызулық пен бозарыңқылықты әкелетін ашулану
пайда болса, олар "ырықсыз сапалар" деп аталады.
Төртінші тек - бұл, тап сондай санның жеке түрлеріне тән сапа, мысалы,
(жалпы) сызықтағы туралық пен қисықтық, қисық сызықтардағы дөңестік пен
иместік және осылай қосылғанымен, тура сызықты құрастырмайтын, сонымен
бірге фигура және оның түрлері: шеңбер, үшбұрыш, квадрат және жазықтықтағы
басқа фигуралар. Белгілі бір фигура болып табылатын табиғи форма да (осыған
жатады), мысалы, не тірі жан денесінің сыртқы бетіне тән, сол, және де,
(мысалы), жұп және тақ - олар да тап осындай санның жеке түрлеріне тән сапа
тегіне жатады.
Кедірлі-бұдырлық пен тегістікке қатысты - олар "күй-жай" (тегіне) ме,
әлде осы сапа тегіне ме бағынатындығы жөнінде күмән тууы мүмкін. Өйткені
кедірлі-бұдырлы (дененің) бөліктерінен тұратын, олар оның бетінде,
біреулері - жоғары, басқалары - төмен тұратындықтан, олардың біреулері
ұзындау, басқалары қысқалау болатындықтан, осының нәтижесінде олар әртүрлі
жазықтықтарда орналасады. Оның бетінде орналасқан, тегіс (дененің)
бөліктерінің бәрі өзара тепе-тең болып келеді, осының салдарынан олар
бірден-бір жазықтықта тұтас орналасады. Кейбіреулердің ойынша, міне осында
кедірлі-бұдырлық пен тегістіктің мәнісі тұр және де сол себепті бұларды
"мекен-жай" категориясына жатқызады. Шар немесе дөңгелек түріндегі тегіс
(дене), оның ортасынан оның бетінің басқа бөліктеріне тарайтын сызықтар
бірдей болғандықтан, осындай қасиетке ие, сондықтан тегіс (дененің) формасы
шар түрінде немес дөңгелек болады. Ал басқа жағдайда, қашан шар немесе
дөңгелек кедірлі-бұдырлы болғанда, олардың ортасынан оның бетіндегі
сопақтау бөліктерге баратын сызықтар, қысқалау және кейін кетуші бөліктерге
апаратын сызықтардан көбірек болып шығады екен, нәтижесінде көпбұрыштының
фигурасы шығады. Кейбіреулер кедірлі-бұдырлы және тегістік деп міне осы
фигураларды ұйғарады, және де осыдан оларды сапа тегіне жатқызады, және де
олар бұл жерде омоним тәрізділер болады.
Тығыздық және сиретілгендік жөнінде де күмән туа алады. Бірақ егер
сиретілгендік жүннің үлпілдегіне ұқсас болса, ал онда тығыздық - оның
ұйысуына ұқсайды, сонда ол да, басқасы да "жай" категориясына жатады.
Олардың ортасындағы аралық жерлерге бөтен денелер еніп кеткендіктен, дене
бөліктері бір-бірінен алыстағаннан, сиретілгендіктің мәнісі осыдан шығады,
ал тығыздық - сонда, оның ішіндегі бөтен денелер ығыстырылатын және
шығарылатын болғанда, ал қалған бөліктері бір-бірімен жақындасатын немесе
жанасатын жағдайда, дене бөліктерінің бір-біріне жақын орналасуынан тұрады.
Егер тығыздық деп судың мұздануына ұқсас бірдемені түсінсек, онда ол сапаға
жатады, себебі бұл жерде, бөтен денелер оған ығыстырылып шығарылғандықтан,
ал оның бөліктері - жақындатылғандықтан және тығыздалғандықтан, олар
акциденталды бола алмайды, өйткені судың көлемі оны мұздатқанда бұрынғыға
қарағанда азаймайды - ода не бұрын болмаса, енді сол пайда болады.
Сиретілгенмен де мәселе осылай болып тұр. Егер ол мұздың еруіне ұқсас
болса, онда сапаға жатады, себебі дене бөліктері оған ауа немесе басқа
қайсыбір бөтен дененің енуі салдарынан, дене бөліктері бір-бірінен
қашықтайды және осыдан ол акциденталды бола алмайды, өйткені сан осында
ұлғаймайды - бәрінен бұрын тығыздық пен сиретілгендік, қалай жылылық әлі
жылы еместен, ал суықтық қалай әлі суық еместен пайда болатыны сияқты,
соған ұқсас пайда болады. Сонымен, тығыздық пен сиретілгендік сапаға, бірақ
оның төртінші тегінен бұрынырақ, екінші тегіне жатады, өйткені тығыздық
әрекеттің әсеріне қиындықпен түсетін, бейімділікпен ұқсас, ал сиретілгендік
- не әрекеттің әсеріне жылдам көнетінмен ұқсас, себебі сиретілген
икемдірекке, ал тығыздық икемсіздеуге ұқсас.
Егер дененің қаттылығын есепке алмасақ - бәрі осы; әйтсе де тас тығыз
және қатты, кристалл мен әйнек сиретілген және қатты, нығыздап қатайтылған
жоңқалар тығыз, бірақ қатты емес, ал ауа сиретілген, бірақ қатты емес.

4. Қатынас және ара қатысты туралы пайымдау.

Қатынас - бұл, ол арқылы сол және басқа нәрсені, оларды бір-бірімен
салыстыра отырып белгілеуге болатын, екі нәрселердің арасындағы байланыс.
Бұл байланысты (ара қатысты) нәрселердің бірі үшін алып, басқасымен
салыстыра отырып, оны белгілейді; және де оны басқа (нәрсе) үшін алып және
біріншісімен салыстыра отырып, оны белгілейді. Оның иегерлері болып олар
табылатын, сол байланыстың негізінде оларды бір-бірімен салыстыру жолымен
олардың әр қайсысы белгіленетін екі нәрсе "салыстырмалы" және "ара қатысты"
деп аталады. Оларды бір-бірімен салыстырғанда байланыстырушы демеулік
шылаулардың бірі: "одан", "оған", "мен" және тағы басқа сияқтылары
қолданылады. (Ара қатысты) нәрселердің әр бірінің, оны басқамен сол немесе
өзге түрлі қатынаста болатын әлдене ретінде белгілейтін, міндетті түрде
атауы болуы керек. Тап осындай, мысалы, әке мен бала. Олардың арасында, сол
арқылы олардың әрқайсысы бір-бірімен салыстырыла отырылып белгіленетін, бір
айқындалған байланыс бар, өйткені әке - бұл баланың әкесі, ал бала - әкенің
баласы. Олардың біреуін белгілеуге алынған, бірден-бір қатынас - "әкелік",
ал басқаны белгілеу үшін алынғаны "балалық" деп аталады. Ол бұл байланысты
белгілегендіктен, олардың біреуінің есімі - "әке", ол да сол байланысты
белгілейтіндіктен, басқасының есімі - "бала". Бұл екі сөздер қарама-қарсы
атаулар болып табылады, "құл" және "қожайын" (сөздерімен) де мәселе осыған
ұқсас болып шығады.
Қатынастар иегерлері ретінде нәрселер барлық басқа тектерге бағынады.
Олар сан категорияларына жата алады - тап осындай, мысалы алты және үш,
өйткені алты - бұл екі рет алынған, үш, ал үш - алтының жартысы. Олар және
де субстанция категориясына жата алады - тап осындай, мысалы, әкеліктің
немесе балалықтың иегерлері ретінде қарастырылатын немесе олардың бірі
қожайын ретінде, ал басқасы құл ретінде көрінетін болады, өйткені қожайын
мен құл да субстанция категориясына жатады. Егер оларды басқа текке жататын
әлдене ретінде белгілейтін атауларымен алсақ, онда олар бірақ ара қатысты
бола алмайды; бұл жағдайда оларды бір-бірімен салыстырғанда, олар енді
қатынастың сол немесе басқа түрімен белгіленетін бола алмайды. Не дене
ретінде, не жануар ретінде, не адам ретінде, не ол ақтылық немесе түстің
қайсыбір басқа түрімен белгіленбесе, тура осылай болады, өйткені, тек оны
бір түспен белгіленгенде ғана, ол туралы, оның не ақ, не басқа түсті
екендігі жөнінде осыны айтуға болады, сондықтан түс иегері түсті деп
аталмайды.
Екі ара қатысты нәрселер болмысының мәнісін, оларды бір-бірімен
салыстыра және байланыстырушының демеулік шылауының бірін қолдана отырып
белгілесек, және де осылай болады. Алайда бұл нәрселерді анықтауда тек осы
суреттеумен шектелуге болмайды, өйткені олардың әрқайсысының болмыстық
мәнісі бар, себебі ол басқа текке бағынған. Ол басқа текке енетін
болғандықтан, мүмкіндігінше оған жататын, олардың әрқайсысының болмысының
мәнісін, оған онымен ара қатысты нәрсе болмысының мәнісімен салыстыра
отырып, белгілеуге болады және сонда, оларды осындай болмысының мәнісімен
алғандықтан, олар енді ара қатыстылар санатына жатпайды. Сондықтан осындай
екі нәрселер, қашан олардың әрқайсысының болмыс мәнісі сол немесе басқа
қатынас түрінің иегері ретінде болса, оларды бір-біріне салыстыра отырып,
бірдемені белгілейтінін айту қажетті. (Тек) бұл жағдайда ғана, Аристотель
айтқандай, ара қатысты нәрселердің анықтамасы жеткілікті қанағаттандырарлық
болады; қашан бұл нәрселердің өмір сүруі қалайда бір түрде ара қатысты болу
екендігін білдіретіні көрсетілгенде, сонда осыған жетуге болады; яғни болу
мәнісімен олардың өмір сүруі, оларда сол немесе басқа түрдегі қатынастардың
бар екендігін білдіреді; қарсы жағдайда олар ара қатысты болып табылмайды.
Қатынастың белгілі түрінің иегері ретіндегі бірінің есімі басқасының
есіміне қарама-қарсы, (екі осындай) нәрселер ара қатысты болады; тап
осындай, мысалы, "әке", және "бала", "құл" және "қожайын". Кейде (осындай)
нәрселердің есімдері бірдей болады, мысалы, "жолдас", "дос", "ағайын".
Кейде олардың біреуінің есімі сол есімінен туынды болып табылады, мысалы,
"танымнан" шығатын "танылатын". Кейде, ол қатынастың екі иегерлерін
белгілеу үшін қолданылатын, тек жалғыз байланыстың есімі бар, сондықтан,
осы байланыс арқылы бір-бірімен ара қатыстырылған, осы екі нәрселердің
есімдері байланыс атауынан туынды бола алады, - мысалы, "иегер" және
"иеленілген" "иеленуден" бірдей туынды, сол себепті "иелену" осы қатынастың
атауы болады.
Бірақ былай болуы мүмкін, олар қайсыбір ара қатысты етіп белгілейтін,
осы ара қатысты нәрселердің біреуінде де жалпыға белгілі есімі жоқ. Адамдар
бұл жағдайда, оларға байланыс бөліктерінің біреуін қоса отырып, оларды
басқа бір текке жататындай әлдене ретінде білдіретін, олардың сол есімдерін
пайдаланады. Мысалы, " қол - бұл адамның қолы" 4 айтылымы тап осылай,
өйткені қалай "адам", солай "қол", бұл нәрсені ара қатыстыдай етіп
белгілейтін есімге жатпайды. Қашан, оны әлдебір ара қатысты ретінде
белгілейтін, ара қатыстырылған нәрселердің (тек) біреуінің ғана есімі
болмаса, сонда ол соған ұқсас қылып істеледі; бұл жағдайда, оны басқа текке
енетін әлдене ретінде білдіретін, оның есімі алынады, және де, осы
қатынасты белгілейтін оның есімі бар, онымен ара қатысты нәрсе
байланыстырылады.
Жиі ретте, (қатынасты) белгілейтін есім, екі ара қатысты нәрселерде
бар, бірақ сол, кім оларды ара қатыстырады, зейінсіздігі немесе ұқыпсыздығы
бойынша, бұл есімдерді емес, ал сол есімдер оларды басқа текке жататын
әлдене ретінде белгілей алады. (Жоғарыда қарастырылған) үш (жағдайларда)
әңгіме (өзіндік) ара қатысты нәрселер туралы іс жүзінде болып отырған жоқ,
тек әңгіме сол туралы болып отыр деген пікір ғана тууы мүмкін. Оларда
жалпыға белгілі есімдері жоқ нәрселер үшін, оларды ара қатысты әлдене етіп
белгілейтін, есімдерді құрастыруға Аристотель кеңес береді, қатынасты
белгілейтін есімдер бар болса, онда тек оларды зейінсіздік пен ұқыпсыздықты
жібермеу үшін алуды ұсынады. Міне сонда осы нәрселер жөнінде ешқандай күмән
тумайды, олар ара қатыстылардың қасиеттеріне ие болады және олар туралы
ешқандай адасу тумайды.
Ара қатыстылар ерекшеліктерінің біреуі сонда, не айтылымдағы ара
қатысты нәрселер бір-бірімен өзара айналымдық қатынаста болатындығында
тұрады, мысалы: "бала - бұл әкенің баласы" және "әке - бұл баланың әкесі"
айтылымдарында.
Не біреуінің өмір сүруі басқасының өмір сүруін пайымдайтын және не оны
барлығына тән пайымдайтын, және не барлығына тән бір-бірімен ажырамас
байланыста болатын, не оларды ара қатысты әлдене ретінде белгілейтін
шынында ара қатысты нәрселердің жұбы болатын, сол қатынас (атауынан)
құрастырылады; немесе осындай атау, оны ара қатысты әлдене ретінде
белгілейтін, оның ерекше есімі жоғы үшін, бұл есімдер (олардың арасынан)
ойланылып табылады.
Егер де сол, кім қатынастарды тағайындайтын, ұқыпсыздық жіберсе, онда
(бұл есімдер) шатасқан болып шығады, мысалы "құл - бұл адамның құлы"
айтылымында, өйткені бұл жерде енді: "адам - бұл құлдың адамы" деп айтуға
болмайды; "тұтқа - бұл кеменің тұтқасы" дегенмен де мәселе осылай болып
тұр, өйткені былай айтуға болмайды: "кеме - бұл тұтқаның кемесі". Бірақ
кеме үшін, оны тұтқамен ара қатысты ететін, әлденемен белгіленетіндей есім
құрастырылса, онда айналу сондықтан бұл жерде (мүмкін) болады, себебі
"тұтқамен басқарылатынның тұтқасы" және де, мысалы, былай айтылса: "тұтқа -
бұл тұтқамен басқарылатын кеменің тұтқасы", осыған ұқсас басқа жағдайларда
да дәл осылай болады.
Бір-бірімен ара қатысты нәрселердің (тағы) бір ерекшелігі, олардың
бірге өмір сүретіндігінде болып тұр. Шынында да, олардың бірде-бірі
басқасынан кейін өмір сүрмейтіндей, құл мен қожайын бірге (өмір сүреді);
әкесі мен баласына қатысты да дәл солай. Егер нәрселер шынында ара қатысты
болса, яғни, жоғарыда сол туралы айтылған, олардың ара қатыстылығының
шарттарына олар сай келетін болса, онда олардың біреуінің өмір сүруі
басқасының өмір сүруін білдіреді және де олар бір-бірімен ажырамас
қатынаста болады. Шарттардың бірі оларды бірдей қатынаста алу керек
екендігінде тұр, яғни тек қос қатысты нәрселер де потенциялды әлдене
ретінде, не актуалды әлдене ретінде алынуы тиіс, қашан олардың бірі
потенциалды әлдене ретінде, ал басқасы актуалды әлдене ретінде алынса, онда
актуалды (нәрсе) потенциалдыдан кейін өмір сүретіндей болып шығады.
Сонымен, таным және танылатынмен де мәселе осылай болып тұр. Сол, және
басқа міндетті түрде бірге өмір сүруінен және танылатын оған қатысты
танымнан, (айталық) сезіммен қабылданатын - оған қатысты қабылдауға дейінгі
сияқты бұрын бола алады деп, кейбіреулер пайымдайды. Қашан танымалды
потенциалды танылатын ретінде алынғанда, тек сонда осыған ұқсас бола алады:
бұл жағдай біздің ол туралы актуалды білімімізден бұрын болады; алайда ол
біздің потенциалды білімімізден бұрын да, кейін де өмір сүрмейді. Тепе-тең
түрде потенциалды сезіммен қабылданатын біздің оны актуалды қабылдауымыздың
алдында болады, бірақ ол біздің потенциалды қабылдауымыздан бұрын да, кейін
де өмір сүрмейді. Қашан осы нәрселердің бірі - потенциалды әлдене, ал
басқасы актуалды әлдене ретінде алынса, және де керісінше болса, онда олар
енді шынайы ара қатыстылар болып табылмайды. Бірақ егер екеуі не
потенциалды, не актуалды алынса, олар нағыз ара қатыстылар болып табылады
және сонда олардың біреуі де басқасынан не бұрын, не кейін өмір сүрмейді.
Егер олардың бірі жеткілікті түрде танылса, онда басқасы да қажетті
түрде жеткілікті болып танылатындықтан, ара қатысты нәрселердің (тағы) бір
ерекшелігі осында болады. Басқаша айтқанда, қатынастар иегерлеріне кейде
басқа категорияларға жататын екі қайсыбір түр, ал кейде - екі индивид
жатады. Егер бұл екі индивид болса, онда олар сол немесе басқа түрлі
қатынаспен белгіленеді, ал егер бұл екі индивидтер болса, онда олар әлдебір
жеке қатынаспен белгіленеді. Қашан (қатынас) иегерлерінің екі түрде атауы
бар болса, және ол олар қатынасының түрін белгілесе, және олардың бірі осы
атаудың арқасында белгілі болса, онда онымен ара қатысты басқа түр де
қажетті белгілі болуы керек.
Тура осылай, егер (қатынастың) екі иегерлері, басқа категорияларға
жататын, индивидтер болып табылса, онда, егер олардың әрқайсысының, олардың
жеке қатынасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикалық логиканың пайда болуы
. Әл-Фараби жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуді дамытуда ойындарды қолдану және коммуникативті құзіреттілігін дамыту
Қазіргі тәрбиенің басты бағыты - оның көзқарас негіздеріне бағытталуы, тұлға құндылығына қайта оралуы
Дүниеге қөзқарас пен оның типтері
ОРТА АЗИЯ ЖӘНЕ АРАБ ҒЫЛЫМЫ
Аристотель кітаптарының саны және не қажеттілік туралы трактат
Әл-Кинди
Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби
Пәндер