Қазіргі заманғы әлеуметтiк философия пәнi



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Қазіргі заманғы әлеуметтiк философия пәнi 2
Тарихи таным дамуының кезеңдері 3
Әлеуметтiк философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары 6
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Қазіргі заманғы әлеуметтiк философия пәнi

 
Әлеуметтiк философияның немен айналысатынын бастамас бұрын оның
қалыптасу тарихының кейбiр мәселелерiне тоқтала кетейiк.
Әлеуметтiк философия тек әлеуметтiк және индивидуалданған адам
болмысының мәселелерiмен айналысады. Алайда оның бұл мәселелердiң бүкiл
комплексiне қатынасы бар екенi де белгiлi. "Әлеуметтiк және индивидуалды
болмысқа" тарих та, мәдениет те, жеке адам болмысы да және т.б. кiредi.
Тарихтың, мәдениеттiң, экономиканың (шаруашылықтың) және т.б. "жеке
философиялары" бар екенiн ескерсек, оның зерттеу аймағын анықтау қиынға
түседi.
Шындығында қиындықтар да, сұрақтар да бар. Алайда бұл мәселеге келгенде
әлеуметтiк философияның даму тарихына жүгiнген дұрыс. Оның мәлiметiнше
адамдардың әлеуметтiк және индивидуалды болмысының әртүрлi қырларын
зерттейтiн бүкiл "жеке философиялар" тарихи тұрғыда қазiргi кезде
"әлеуметтiк философия" деп атайтын бүкiл қоғам туралы дүниетанымнан келiп
шығады. Пайда болуы, қалыптасуы және дамуы жағынан әлеуметтiк философиядан
алда тұрған бiр ғана аймақ бар. Бұл философиялық бiлiмнiң аймағы - тарих
философиясы. Осы тұста "даналыққа құштарлық" ретiндегi философия түсiнiгiне
қайта оралуымыз қажет. Бұл сөз тiркесiне текст және контекст тұрғысында көз
жiберейiк. Және де "тарих философиясы" деген сөз тiркесiне де назар
аударайық. Онда тарих философиясы - бұл "тарих даналығына құштарлық" болып
табылады. Бұл қандай "даналық?" Бұл, әрине, бiр жағынан тарихтың өсиетi де,
екiншi жағынан өсегi де. "Мұның арғы жағында не жатыр"? деген сұрақ осы
жерде интуитивтi түрде (белгiлi бiр рухани күш-жiгер сияқты интуициясыз да
философиялық пайымдау мүмкiн емес) пайда болады. Басқаша  айтқанда, тарихи
өмiрдiң құбылыстары мен оқиғаларының, барлық алуан түрлi айғақтар мен
процестердiң арғы жағында не жасырылған?
Мiне осы жерде Тарих туралы философиялық пайымдау тарихының өзi
тарихтың заңдылықтары туралы, логикасы туралы, қозғаушы күшi туралы
сұрақтарды алға тартады. Бұл заңдылықтар, осы логика, осы күштер бар ма?
Әлде барлығы да хаостық, кездейсоқтық және жүйесiздiк сипатта ма? Тарихтың
қозғаушы күштерiн, логикасын, заңдылықтарын және т.б. ашу және игеру -
мұның бәрi "Тарих  даналығына құштарлық" ретiндегi тарих философиясының
пәндiк аймағын құрайды.

Тарихи таным дамуының кезеңдері

Тарих туралы философиялық пайымдаудың қалыптасуы мен дамуына толық
болмаса да оның кейбiр негiзгi сәттерiне тоқтала кетейiк. Бұл жерде
Г.В.Ф.Гегельдiң атақты "Тарих философиясы бойынша лекциялар" еңбегiндегi
тарих ғылымы дамуының жалпы дәуiрлерiне сүйенемiз. Гегель тарихи таным
дамуының үш кезеңiн бөлiп көрсетедi:
1)      Антикалық дәуiрде Геродот және Фукидидтен басталып кейiнгi
ортағасырлар мен Қайта өрлеу дәуiрiне дейiн жалғасқан "бастапқы
тарихнама".
2)      Жаңа заман мен Ағартушылық дәуiрiндегi "сыншыл тарихнама".
3)      "Философиялық тарих".
Осы дәуiрленудi негiзге ала отырып, оның кейбiр мәндi мезеттерiне
тоқталайық. Мысалы, антикалық грек-рим тарихшыларының тарих ғылымына
сiңiрген еңбегi қандай? Фукидид және Геродот заманынан берi Тарих
оқиғалардың тiзбегi ретiнде көрiндi. "Алғашқы", "бастапқы" тарихнама
оқиғаны тарихи процестiң клеткасы, басты ұясы ретiндегi көзқарасын санаға
сiңдiрдi. Бұл тарихнаманың екiншi маңызды жаңалығы, оқиғалардың пайда 
болуын, iске асуын, дамуын уақыт ағынында қарастырды. "Топос" (грекше- 
"topos" "орын") және "Хронос" (грекше - "xrodog" "уақыт"), яғни уақыт
ағымында өткен оқиға - мiне, антикалық дәстүрдiң әлемдiк тарихнамаға
бергенi осы.
Әдетте ортағасырларды бiз "қараңғы" және ондағы соғыстармен, крест
жорықтарымен, Европа мен Азия кеңiстiгiнде мемлекеттердiң пайда болуымен
сипатталатын "ауыр" ғасырлар деп қабылдаймыз. Алайда, осыларды ескере
отырып, ортағасырларда философиялық, гуманитарлық бiлiмдердiң дамығандығын
ұмытпауымыз қажет (мысалы, философия мен риторика үшiн үлкен маңызы бар
дәлелдеушi қатаң логиканың, онтологияның, герменевтиканың, заңгерлiктiң
дамуы). Дәл осы ортағасырлық тарихнама мен Тарихтың қоғамдық санасына
заттардың әдеттегi тәртiбiн төңкерiп, ескiмен салыстыруға келмейтiндей жаңа
әлем жасайтын жалпы әлемдiк маңызды оқиға, тарихи "рубикон", дәуiрлiк оқиға
түсiнiктерi ендi.
Христостың дүниеге келуi, өмiрбаяны, өлуi және тiрiлуi, Алланың
Пайғамбар арқылы қасиеттi "Құранды" адамдарға жiберуi, "ақырет", "қиямет-
қайым" және т.б. архетиптер (К.Г. Юнгтiң теориясының арсеналынан алынған
термин) - тарихты көру мен қабылдаудың, ол туралы пайымдаудың айшықты
прообраздары ортағасырлық адамдарда осындай "ауқымды" және "дәуiрлiк"
оқиғалар тұрғысынан ойлауды қалыптастырды. Ортағасырлық рухани мәдениеттiң
басты маңызы адамдарға тарихтың оқиғаларын сана-сезiммен игерудi, оны өзi
арқылы, өзiнiң ақыл-ойы мен жүрегi арқылы өткiзудi үйреттi.
Дәл осы ортағасырлардан бастап тарих философиясы "тарих даналығына
құштарлық" ретiнде қалыптаса бастады. Өйткенi, даналық қана құдаймен
байланысты кәсiп ретiнде түсiндiрiлдi. Дiни канондардың апологеттерi мен
шiркеу иелерiнiң бұл даналықты игерудегi "дiни емес" бiлiмге тыйым салып,
адамдардың оны тану мүмкiндiктерiне  шектеу салғанына қарамастан әр алуан
тарихи оқиғалардың артында не бар деген мәселенiң қойылуының өзi тарихтың
мәнiн философиялық игерудiң онан арғы дамуын бекiттi.
Оның үстiне антикалық заманнан берi қоғамның мемлекеттiк-құқықтық және
саяси құрылымының теориясы мен тарихының, әдiлеттi қоғам және билiк туралы
iлiмдердiң маңызы арта түстi. Осылардың негiзiнде қоғам мен адам туралы
философиялық iлiмдер дамуының iшкi логикасы Жана заман мен Ағартушылық
дәуiрiнде ерекше қырынан көрiнiп, әлеуметтiк философияның iшкi ядросын
құрайтын философиялық-тарихи бiлiмдердiң негiзi қаланды.
Гегель бойынша "сыншыл тарихнама" Жана заман және ағартушылық дәүiрiнде
қалыптасты. Бұл - философия мен гуманитарлық ой тарихының таңдаулы бiлгiрi
берген ескертпе едi. Бұл тұрғыдағы көрнекi мысал ретiнде Вольтердiң тарихи
ғылымға көзқарасын алуға болады. Философиялық бiлiм тарихында ол алғаш рет
"тарих философиясы", "мәдениет" және көбiне, "прогресс" (бұл термин
Вольтерге дейiнгi философтардың жұмыстарында да, - мысалы, Ф.Бэконда
адамның табиғатты ғылымдар дамуының, математиканың, физиканың және т.б.
арқасында игеруi идеясымен байланысты) ұғымдарын айналымға енгiзгендiгiмен
белгiлi.
Вольтердiң пiкiрiнше, "тарих философиясы", бұл, ең алдымен,
жалпыәлемдiк тарихты құру ұмтылысы (осыған ұқсас, мысалы алуан түрлi
оқиғаларды, айғақтарды, барлығын қамтитын көп томды Тарих кiтабын жазу).
Екiншiден, ғалым-тарихшылардың ойлары туралы сыни тұрғыда пайымдау
(сондықтан да Гегель бұл кезеңдi сыншыл тарихнама деп атайды). Ол мынадай
сұрақтарға жауап берумен байланысты: "Неге мына ойшыл тарих туралы басқаша
емес, дәл осылай ойлайды? Ол қай жерде және қалай қателеседi? Тарихшылардың
тарихи танымы мен адасушылығының табиғаты қандай?" және т.б. Үшiншiден,
заңдар мәселесiн, тарихи процестiң логикасын оның дамуында және әсiресе
оның болашағында ашу.
Алайда ағартушылық тек үшiншi мәселенi қолға алды. Гегель бойынша, оның
тиiсiнше дәуiрлерге жiктеуi бойынша тарихи бiлiм дамуының келесi кезеңi -
тарихты философиялық пайымдау – тарихи ойлау принциптерiн, тарихтың
логикасын, заңдылықтарын тану мiндетiн қояды және шешедi. Жаңа заман
философиясының ерекшiлiгi осы XVII–XVIII  ғасырларда өмiр сүрген
ойшылдардың қойған бiрқатар мәселерiмен байланысты едi. Ол – субстанция,
детерминизм, нақтылықты тану методтары және себептiлiк. Табиғат
субстанциясы мәселесi бiршама деңгейде зерттелгенiмен, "тарихтың
субстанциясы"  жiктелмей, назардан тыс қалып қойды. Оны "тауып" және
"белгiлеу" керек едi. Мұны объективтiк–идеалистiк бағытта болса да жасаған
Гегель болды.
Оның философиясындағы тарихтың субстанциясы – халықтар рухына, әлемдiк
рухқа айналған Идея, Абсолюттiк Рух. Идея, Гегельдiң iлiмiнде ұғымдар
арқылы, ұғымдарда дамиды. Сондықтан бұл даму туралы философиялық пайымдау –
бұл қозғалыстың адамзат ойының ұғымдар логикасында көрiнуi. Бұл Тарихтағы
Рух дамуының кезеңдерiн тiлдiң көмегiмен дәл сипаттаудың, оны адал,
логикалық дұрыс пайымдаудың қажеттiлiгiн бiлдiредi.
Және осы жерде Тарихтағы Рухтың, Идеяның дамуының iшкi мәнi, принципi
туралы мәселе туындайды. Оны да "тауып алып" және терминологиялық тұрғыда
"белгiлеу" қажет. Гегель бұл мәселеге келгенде де бұл мiндеттi өзiнiң
диалектикалық-логикалық көзқарасы мен объективтiлiк позициясы тұрғысынан
шешедi. Ол әлемдiк тарихтың iшкi принципiн тауып және оны сөзбен
белгiлейдi. Бұл принцип пен осы сөз - Еркiндiк деп белгiленедi.
Ендi Гегельдiң теориясы мен өзге де ойшылдардың көзқарастарын талдауды
қоя тұрайық. Жоғарыда айтылғандардан тарих туралы философиялық пайымдаудың
негiзгi мазмұны мен мәнiн не құрайтынын айқындадық. Бұл ертеректе
көрсетiлген тарихтың мақсаты, логикасы, заңдылықтары, оның мәнi мәселелерi,
сонымен қатар, қазiргi философиялық тiлмен айтқанда тарихи ойлау мен
танымның теориялық- методологиялық мәселелерi.
"Әлеуметтiк философия" терминiнiң айналымға қашан және кiмнiң енгiзгенi
туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Бiздiң ойымызша оның философияға
енуi XIX ғасырдың екiншi жартысы – соңғы ширегiнде iске асуы мүмкiн. Бұл
мәселенiң шешiмi әлеуметтiк философияның немен айналысатыны, оның пәндiк
ерекшелiктерi, оның философиядағы орны мен негiзгi функцияларын талдауға
онша ықпалын тигiзе қоймайды.
Сонымен, ең алдымен тарих философиясының дамуы, сонымен қатар, қоғамның
саяси-құқықтық ұйымдасуы туралы iлiмдердiң орасан зор ықпалын философияда
пәндiк тұрғыда анықталған бiлiмнiң ерекше аймағының бөлiнiп шығуына алып
келдi. Бұл сала қоғамдық өмiрдiң мәнi және фундаменталды заңдылықтарымен,
социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және
өзара қатынастарымен және жалпы әлеуметтiк таныммен қатар, қоғам мен адам
туралы философиялық пайымдардың принциптерi және логикасы, заңдылықтары
және ерекшелiктерiмен байланысты болды. Осы сала әлеуметтiк философия деп
атала бастады.
Баспа iсiнiң қарқынды дамыған қазiргi жағдайында әлеуметтiк философия
пәнiне қатысты жазылған оқу кiтаптары мен құралдардың өте молдығына сiлтеп,
аяқтауға да болар едi. Және мұның барысында әр түрлi авторлардың
пiкiрлерiнiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Ғылым тарихы мен философиясының дамуының әлеуметтік мәні
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Тіл мәдениетінің сипаты
Мәдениеттану- философиялық ілім
Тарихи - философиялық таным табиғаты
«Философия көзқарас ретінде»
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Пәндер