Буддизм туралы мағлұматтар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе1

БУДДИЗМ2

Пайдаланылған әдебиет11

Кіріспе

Б. з. д. VI ғасырда Будда («данышпан» деген ұғымды бiлдiредi) деген атпен белгiлi болған Сиддхартха Гаутама «Веда» iлiмiн сынға алады, құдайдың адамдар өмiрiне араласуын, олардың билiгi мен заңдарын жоққа шығарады. Оның айтуынша, адамзат iсi адамдардың өздерiнiң белсендi әрекеттерiне байланысты. Будда дiнi бойынша брахмандардың жоғары дәрежесi мен артықшылықтары жоққа шығарылады. Будда “ең бастысы - адамның атағы мен шыққан тегi емес, адамгершiлiгi” деп үйреттi. Буддистер үшiн брахмандар артықшылыққа ие болған варна мүшесi емес, қарапайым адамдардың бiрi.

Будда iлiмiн жақтаушылар дхарманы табиғи заңдылықты басқарушы әлем ретiнде көредi. Саналы мiнез-құлық үшiн танымның қажеттiлiгi, табиғи заңдылықты қабылдау және мойындау туралы айтылады. Адам өмiрiнiң мәнi байлық пен атақта емес, әрқашан шындықты айтып, мейiрiмдiлiк пен қайырымдылыққа ұмтылуда екендiгi дәрiптеледi.

Дхарма түсiндiрмелерiнде адамдардың бiр-бiрiне бауырмалдығы, қайырымдылығы, жамандыққа жамандықпен емес, жақсылықпен жауап беруi ғана бұл әлемде iзгiлiктi өмiрге қол жеткiзетiндiгi баяндалады. Буддизм iлiмi бойынша адамдардың барлығы тең дәрежеде. Олар қандай варнада немесе әлеуметтiк сатыда тұрса да, аурудан, қасiреттен және өлiмнен құтыла алмайды. Оған олардың лауазымдық шенi де, құдайға шалған құрбандығы да көмектесе алмайды.

Б. з. д. IV-III ғасырларда жазылған «Дхаммападе» жинағында брахманизмге қарағанда жазаның ролi мен көлемiнiң азайғандығы байқалады. Мұнда кiнә дәлелденбей жаза қолданбау туралы арнайы атап көрсетiледi. Будда iлiмiнде сонымен бiрге өмiрдiң заңды жолына, заңдылықтың қатаң сақталуы мен орындалуына үлкен мән берiледi.

Б. з. д. III ғасырдан бастап буддизмнiң көптеген идеялары әлеуметтiк-саяси маңызға ие болып, мемлекеттiк саясат пен заңдылыққа да ықпалын тигiзе бастады. Үндiстанды бiр орталыққа бiрiктiрген Ашока патшаның билiгi кезiнде (б. з. д. 268-232 жж. ) буддизм мемлекеттiк дiн болып жарияланды. Буддизмнiң ықпалы кейiннен Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон елдерiне де тарады.

БУДДИЗМ

Буддизм - (санскр. жарықтану, жарық болу) . Б. з. б. VI-V ғ дiни iлiм ретiнде дүниеге келедi. Оның негiзiн салған Сиддхартха Гаутама Будда (б. з. д. 563-483 жж) . Гималайдағы Үндi алқабындағы шакья (сак сөзiнен шыққан деген болжам бар) тайпасының патша жанұясында дүние келген. Буддизм теориялық философиядан гөрi дiни этикаға негiзделiнген. Буддизмде қаталдық жоқ, сенгiң келсе сен, сенгiң келмесе сенбе. Буддизм - адам қандай әлеуметтiк сатыда тұрсада аурудан, кәрiлiктен құтыла алмайды. Тiптi құдайға арналған құрбандық та көмектесе алмайды дейдi. Азаптан құтылудың жолы сансарадан (жанның бiр денеден екiншi денеге ауысып отыруы) толық азат болу. Будда үшiн философия - Нирванаға жету құралы. Бiрақ, нирванаға жетпей тұрып, адам «төрт игiлiктi ақиқаттың» мәнiн ұғынуы керек:

  1. Адам өмiрi туған күнiнен аяғына дейiн азапқа толы.
  2. Азаптың себебi бар. Ол - қанағатсыздық, ұдайы бола берсе деген құштарлық, тойымсыз әуестiк.
  3. Азаптан босану, оның себептерiн тоқтату мүмкiндiгi бар.
  4. Азаптан құтылудың жолы бар: өмiрдi сезiмдiк құмарлыққа арнау ретiнде қабылдамау, нәпсiден, ынтазарлықтан бас тарту, және өз жанын өзi қинау.

Осымен байланысты буддизмнiң әдептiлiк концепциясы - төзiмдiлiк және салыстырмалылық болады. Әрине бұл алдын ала қойылған әдептiлiктiң жалпы мiндеттi емес, соңғысы - қоршаған ортаға зияндық жасамау. Бұл адам мiнез-құлқының басты принципi болады. Оның негiзiнде iзгiлiк сезiм және қанағаттанушылыққа жеткендiк жатыр. Құштарлықтан құтылудың соңғы сатысына, сегiз әдептiлiк қағиданы бұлжытпай орындау арқылы жанды таза ұстауға тырысу қажет:

  • Дұрыс түсiнiк - төрт ақиқатты дұрыс түсiну;
  • Дұрыс сөз - өтiрiк айтпау, бiреудi басқа бiреуге жамандамау, балағат сөз айтпау;
  • Дұрыс ойлау - төрт ақиқатқа, өз өмiрiн өзгертуге бағытталған ерiк-жiгер;
  • Дұрыс жүрiп-тұру - ешқандай тiршiлiк иесіне жамандық жасамау, ұрлық-зорлықтан қашық болу;
  • Дұрыс өмiр сүру тәртiбi адал еңбек етудi әдетке айналдыру;
  • Дұрыс күш-жiгер - құмарлықпен, жаман оймен күресу;
  • Дұрыс ой бағыты - бұл дүниенiң жалған, алдамшы, уақытша екенiн түсiну;
  • Дұрыс жинақтала бiлу - өз денеңдi сезiнуден, ойлаудан, түйсiнуден арылу.

Осы жолдың ең соңғы сатысына жеткен адамды архат (қадiрлi, құрметтi, сыйлы адам) деп атайды және ол нирванаға жетуi мүмкiн. Нирвана мокшаның өзгерген түрi, оның мокшадан айырмашылығы, мокша жанды азаптан о дүниеде азат етсе, нирвана - осы дүниеде азат етедi. Нирвана (санскр. дәлме-дәл - суыну, салқындау, сөну) буддизмдегi ең бiр негiзгi түсiнiк - сананың жоғарғы күйiн бiлдiредi (сансараға қарама-қарсы) . Тiршiлiк иелерiнен тек адам ғана нирванаға жетiп “Будда” бола алады. Нирвана - құмарлықты басу, сонымен бiрге азаптан құтылу, бұл қайта тууды тоқтату, сансарадан, карма билiгiнен - себептiлiк шеңберiнен шығу. Нирвана - нақты өмiрдiң жоқтығы емес, оның ерекше түрi және адамның өмiр сүру тәсiлi, ол «теңiз секiлдi терең, тау шыңындай биiк, бал секiлдi тәттi т. б. Шын мәнiсiнде нирвананың бар екендiгiн адам тек өзiнiң тәжiрибесiнде түсiнедi.

Б. з. д. I ғ. буддизм екi ағымға бөлiнiп кеттi: 1. Хинаяна, 2. Махаяна:

Хинаяна - «құтылудың тар жолы» немесе «кiшi шеңбер»- адамның өзiнiң жеке басының құтылуы. Монастырге кету арқылы немесе дүниеден Кайтқан соң Нирванға жетуге болады деп санайтын ағым. Ол алғашқы буддизмге жақынырақ болды.

Махаяна - «құтылудың кең жолы» немесе «үлкен шеңбер». Мүмкiндiгiнше көп адамдардың құтылуы ретiнде, дүниеде бола отырып, дүниеден қайтқан соң мәңгi-бақи, бiрақ сонда да уақытша, Нирванаға жетуге болады, деп санайтын ағым. Архаттан гөрi «бодисатваға» арналған.

Бодисатва - арахатқа жетпеген, бiрақ толық бiлiмге талпынып жүрген адам. Ол бiлгiрлiктен гөрi, уағыздаушыға ұқсайды. Өзiнiң мүмкiндiгiмен тек өзiн ғана емес, өз күшiмен нирванаға жете алмайтындардың бәрiн құтқарады.

Б. д. д. VII-V ғғ. шамасында санкхья, веданта iлiмдерi өздерiн күнә -кесiрден құтқармақ, қоғамнан шеттеген, материалдық байлықтан босатпақ рухани бастамаға, адам өзiнiң «Мен» қуатына шоғырланатын көптеген, аумақты әлеуметтiк ортаны дайындады. Олардың арасында брахмандардан басқа кастiлерде болды. Тың көзқарастар брахман ықпалымен шектелiнбедi, одан бөлек жаңа дiни ағымның негiзiн қалыптастырды. Сондай ықпалды, кең таралған дiни жүйенi буддизм деп атады.

«Будда» терминi «жарқырау», «сергу», «жадырау» деген мағынаны бiлдiредi. Буддалық iлiм бойынша, өмiр - қобалжу, азап. Өмiрге келу мен қарттық, ауру мен өлiм, сүйгенiнен айрылу мен сүймейтiнмен бiрге тұру, орындалмаған арман және қанағаттанбаған тiлек − мұның бәрi де азаптың көрiнiсi, әрi жалғасы. Артық қобалжу − тiрлiктi аңсаудан, қызықты, билiктi, мәңгi өмiрдi көксеуден туындайды.

Бұл философиялық ағымның шығу тарихы принц Сиддхарта Гаутаманың (б. д. д. 563 - 483жж) есiмiмен тығыз байланысты. Буддизм iлiмi бойынша, өмiр - қасiрет. Адам қандай әлеуметтiк сатыда тұрса да аурудан, кәрiлiктен, өлiмнен құтыла алмайды. Оған құдайға шалған құрбандық та көмектесе алмайды. Қасiреттен құтылудың бiрден-бiр жолы - сансардан толық азат болу. Ол үшiн адам төрт түрлi ақиқатты бiлуi қажет:

  1. Өмiр - қасiрет. Өмiрге келу, кәрiлiк, ауру, өлiм, жақсы көрген нәрсеңнен айырылу, қажетiңе жете алмау, т. б. осылардың бәрi -қасiрет .
  2. Қасiреттiң пайда болу себептерi туралы ақиқатты бiлу. Ол − өмiрге, ләззатқа деген құштарлық.
  3. Құштарлықтан құтылу арқылы оны жеңу.
  4. Құштарлықтан құтылу жолдарын бiлу.

Будда кейiннен нағыз шындыққа жетудiң және нирванаға жақындаудың сегiз сатылы жолын атап өтедi:

  1. Шынайы сенiм. Дүние қайғы-қасiретке толы, оны тоқтату үшiн ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзiне сену;
  2. Тура, әдiл шешiмге ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтiн қасқа жолды бiржолата айқындау;
  3. Шыншыл сөз. айтпақ сөзiңдi мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтiн, қайта дұрыс, рақымды болсын;
  4. Дұрыс iстер. Терiс ниеттi, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игi iске икемдi болу;
  5. Дұрыс өмiр. Тiрiге зиян келтiрмейтiн, құрметтеуге тұрарлық өмiр сүру;
  6. Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан күдiктi, күмәндi нәрсенi қудалап, жағымдыны жалғастыру;
  7. Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
  8. Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемi және төзiмдiлiкпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзiңе шоғырландыру, оны тереңдету қабiлетiн шыңдау.

Буддизм iлiмi нирваналық деңгейге жеткен адам ғана сансарадан босана алады деп үйретедi. Сансарадан босану жолы, осы-ақ. Бiрақ сансара басқа заттармен, құбылыстармен себептiлiк заңы бойынша бiлiнедi. Сансараның көпжақты себебi мен бастауы, бiржағы, индивидуалды санаға деген сенiмдi қалыптастырды, бiржағы, түсiнбеушiлiктi қоздырды. Түсiнбеушiлiкке бес негiзгi эмоциональдi тұрақсыздық, бес моральдық мешеулiк дәнекер түрткi болды. Түсiнбеушiлiктiң бес негiзi дегенiмiз мағлұматсыздық, құмарлық, ашушандық, тәкаппарлық, қызғаншақтық. Тұрақсыздықтың осы түрлерi сансараның түбiрiн құраiды, оны әр саққа жiктейдi. Нирвананың белгiсi − бiрлiкке, сансараның белгiсi − индивидуальдi “менiң” немесе оның санасының көптiгiне жету үшiн будданы шындыққа жеткiзер төрт өсиеттiн, сыңаржақтылықтан сақтайтын екi бағдарды, адамгершiлiктi толықтыратын сегiз талапты орындау қажет. Шындыққа жақындайтын жолдар: 1. Қанағатсыздық, қобалжу; 2. Iзденiс пен үмiттiң себептiлiгi; 3. Ынтаны тоқтату. 4. Талпынысты тоқтататын әтiс. Әйелжандылық пен өзiн-өзi азаптап қорлауда сыңаржақтылық күш алмақ. Нирванаға жеткiзетiн сегiз жолды атап өттiк.

Жаңа дiни түсiнiктердiң жүйесi кең ортаға тез таралды, түрлi топтардан қолдау тапты. Олардың бiрi жайнизм салтын қолдаса, ендi бiреулерi - будизмге, оның этикалық мәселелерiне бет бұрды. Жайнизм де, буддизм де ортодоксальдi емес, дiндар бағыттың жүйесi.

Будданың басты идеялары - адамдардың, әсiресе монархтардың теңдiгi туралы, монархтың қайырымды басқаруы туралы, шыдамдылық туралы, этикаға жүгiну туралы ұсыныстары, түрлi қауымдастық пен касталардан, тiптi патшалардан қолдау тапты. Ертедегi үндi императоры Ашоканың кезiнде (б. д. д. III ғ. ) буддизм елге тұтас таралды, мемлекеттiң ресми идеологиясына айналды. Буддизм дiнiн Индияға көршiлес елдер қабылдай бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буддизм ұлттық дін
Жалпы дін туралы түсінік
Ежелгі үнді мәдениеті
Ұлы Жібек жолындағы діндердің таралуы
Ұйғыр қағандығы
КУРС ЖҰМЫСЫ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Адам болмысының қайталанбас ерекшелігі
Ежелгі Шығыс мәдениеті туралы мағлұматтар
Ұйғыр тілі
Буддизм мен джайнизм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz