Май еріткіш дәрумендер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университет

Экология және биотехнология кафедрасы

Курстық жұмыс

Пән атауы: Фармакология токсикологиямен

Тақырыбы: Май еріткіш дәрумендер

Орындаған: Мешитбаев Н., ВМ
31 топ студенті
Тексерген: а.ш.ғ.к., доцент Бозымова Р.У.

Орал, 2014
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3.
1. Негізгі 6.
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Витаминдер туралы ілімнің даму 6.
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Майда еритін витаминдер А 8.
витамині ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1.3 Д витамині 10.
(кальциферол) ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
1.4 Е витамині 13.
(токоферол) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
1.5 К витамині 14
(филлохинон) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
2. Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...18.
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
3. Қолданылған әдебиеттер 19.
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..

Кіріспе

Витаминдер дегеніміз — барлық тағам мен азық - түлік өнімдерінде, жем-
шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында
бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар.
Астық құрамында витаминдер аз мелшерде кездескенімен, олардың ағзаға
тигізетін әсері өте үлкен.
Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа
созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе
кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.
Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия,
т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері,
терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы
болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі.
Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, қол-аяқ тырысып қалады.
Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен өңдеп, актау тәсілдерін енгізу
салдарынан көбейіп кетті.
Олардың едәуір бөлігінің қүрамында амин тобы да, азот та болмайды.
Осыған қарамастан мүндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін "витамин"
деген тарихи термин сақталып қалды.
Адамның және жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда
витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер
(каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті
қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады.
Витаминдер жетіспеген жағдайда ағза ауруға шалдығады. Химиялық
құрылысы жағынан витаминдер алуан түрлі.
Олар құрамында 18-20% көміртек атомы бар а циклді көмірсутектер мен
қанықпаған лактандар, амино спирттер, қышқылдардың амидтері,
циклогександар, хош иісті қышқылдар, нафтохинондар, имидазол, пиррол тағы
басқа да циклді қосылыстардан тұрады. Витаминдердің басым көпшілігіне
спиртті және карбоксилді топтар тән. Тек кейбіреулерінде ғана амин тобы
болады. Кейбір витаминдер ағзада да синтезделеді. Олар қоректік заттар мен
ағзаға түсіп, зат алмасуға, ағзаның өніп-өсуіне әсерін тигізеді. Витаминдер
негізінен тек өсімдіктерде пайда болады.
Витаминдер, сол сияқты жоғары дәрежелі өсімдіктер мен
микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Кейбір
жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің ұлпалары, мысалы тамыры, камбиальды
ұлпасы, тұқымнан бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер
тіршілік барысында өздігінен витаминдерді синтездей алмайтындықтан, әр
уақытта оларды сырттан алуға мұқтаж болады. Сондықтан да қоректік ортаға
тиамин мен пиридоксинді аздап қосудың өзі көптеген өсімдіктердің
оқшауланған тамыршалары мен жас өскіндерінің өсуіне жақсы жағдай туғызады.
Ағзаға тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың,
кемірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін
де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды
түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп карау кате.
Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені витаминдер тағамның
құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.
Ерте көктемде адамдардың әл-қуаты азайып, тез шаршағыш келеді, жиі-жиі
салқын тиіп, тұмауратып ауырып, бұрыннан белгілі әр түрлі созылмалы
сырқаттары қозады.
Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл- куаты кеміп, тез
шаршап-шалдығып, ағзаның әлсіреуінің ең басты себебінің бірі — адам
ағзасына кажет витаминдердің жетіспеуі екендігі дәлелденіп отыр.
Витаминдердің адам ағзасы үшін биологиялық мәні әте зор. Олар ағзадағы
зат алмасу процестерін жақсартады, ағзаның әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы
күресу қабілетін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады.
Сонымен қатар әрбір витаминнің ағзада ерекше орындайтын өз міндеті бар.
Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса, ағзаның
витаминді сіңіруі қабілеті бүзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды
авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, ағза қүр-
құлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-құлақ — С —
авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д-авитаминоз, бери-бери —
В, авитаминоз т.с.с.
Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді.
Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын
койып, анықтау онша қиын емес.
Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді.
Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы ағзаға қажет
витамин мөлшерінің қалыптан тыс (нормадан) төмендеп кетуінен болады.
Гиповитаминоз белгілерін анықтау өте қиын. Әдетте гиповитаминоз сырқаты
қыстың аяғына таман, азық-түлікте және жем-шөпте витаминдер мөлшері өте
азайған кезде байқалады.
Кез келген витаминді (әсіресе А және Д витаминін) ағзаға қалыптан тыс
көп беру гиповитаминоз ауруына ұшыратады. Витаминді бірден кеп мөлшерде
қабылдау да ағзаға кері әсер етеді, яғни уландырады.
Жүргізілген ғылыми жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, ой жұмысымен
шұғылданатын адамдардың ағзасы қара жұмыспен айналысатын адамдармен
салыстырғанда витаминдерді әсіресе С витамині мен В тобы- ның витаминдерін
көбірек қажет етеді екен. Сол себепті көктемде витаминдері мол тағамдарды
жиірек пайдаланған жөн. Бұл мезгілде кептірілген итмұрын жемісінің
тұндырмасын, сонымен бірге басқа да жеміс-жидектердің шырындары мен
қайнатпаларын асқа көбірек пайдаланған тиімді. Тамаққа қосып көк пиязды
және де ашытқан капусталарды жеу қажет. Себебі, бұл тағамдардың құрамында
әр түрлі витаминдер мол болады, әрі ұзақ және жақсы сақталады.
Басқа тағамдарға қарағанда сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген
витаминдер бар және олар ағзаның тұрақты да негізгі қайнар көзі ретінде
ерекше орын алады. Барлық витаминдер ағзаға комплексті әсер етіп, бірін-
бірі толықтырады. Олар ағзада жетіспесе, зат алмасу бұзылып, денсаулықтың
нашарлауына әкеп соқтырады.
Негізгі қоректік заттармен (белоктар, майлар, көмірсулар, минерал
тұздары) салыстырғанда ағза витаминдерді тым аз мөлшерде қажет етеді.
Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әртүрлі тағамдарындағы витаминдердің
орташа мөлшері микрограммен есептеледі.
Сөйтіп витаминдер — әр түрлі химиялық жаратылыстың органикалық
қосылуы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға болмайтын заттары.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - аай еріткіш дәрумендерді оқып-
үйрену.
Осы ұсынып отырған курстық жұмысымның міндеттері:
- витаминдер туралы ілімнің даму тарихымен танысу;
- майда еритін витаминдер А витаминімен танысу;
- Д витаминімен (кальциферол) танысу;
- Е витаминімен (токоферол) танысу;
- К витаминімен (филлохинон) танысу.

1. Негізгі бөлім

1.1 Витаминдер тyралы ілімнің даму тарихы

З.С Сейтовтың айтуы боиынша Витаминдерді зерттеуді ең алғаш орыс
оқымыстысы Н.И .Лунин бастады. Ол алғашқы рет тамақтың құрамындағы
жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударды. XIX ғасырдың
аяғына дейін жануарлар тіршілік етуі үшін кемірсулар, майлар, белоктар,
минералды заттар және судың болуы жеткілікті деген пікір қалыптасып келді.
Бірақ Н.И.Луниннің жасаған тәжірибесі ол пікірді жоққа шығарды. Н.И. Лунин
жоғарыда көрсетілген заттардың коспасымен тышқандарды қоректендірген. Бірақ
тәжірибе тышқандардың тіршілік етуі үшін бүл қоспадағы заттардан басқа бір
заттың жетіспейтінін көрсетті. Осыдан кейін ғана бүкіл тірі ағзалардың
тіршілік етуі үшін қажетті бүрыннан белгілі заттармен қоса тағы бір
белгісіз зат бар деген пікір пайда болады. Осындай пікірді У. Бунгенің С.
А. Сосиннің және тағы басқа шет ел оқымыстыларының жүмыстары дәлелдеп
берді. 1896 жылы голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын
адамдардың "бери-бери" ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе
жартылай ақталған күрішпен тамак- тандырылғанда адамдар ол аурумен
ауырмайтынын байқады. Кейіннен Гопкинс (1906 жылы) күріш дәнінің сыр- тқы
қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал ақталған күріште ол заттың
болмайтындығын анықтады. 1912 жылы поляк оқымыстысы К.Функ ашытқыдан
витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. Бұл
затпен полиневрит аурымен ауырған көгершінді емдеп жазды. Бұл заттың
жануарлар ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. Н.И.Лунин
ашқан жаңа затқа үқсас екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам мен
жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың
жетіспеуінен болады деген қорытындыға келді. Ол бұл затты "витаминдер" деп
атады. "Вита" — латынның "тіршілік, өмір" деген сөзі, ал "амин" — деп
химиялық құрамында азоты бар заттарды атайды [1].
В. Соколовтын аитуы боиынша 1913 жылы Макколлум және оның шәкірттері
жануарлардың қалыпты дамуы үшін майда еритін фактор "А" - ның қажет екенін
анықтап, оған А витамині деп ат берді. А витаминінің жетіспеуі адамды ақшам-
соқыр ауруына шалдықтыратыны анықталды. Макколлум витаминдерді ашылу
ретіне қарай латын алфавитінің алғашқы әріптерімен белгіледі. А витамині, С
витамині.
Кейіннен В витаминінің бірнеше түрлері белгілі болады да, оларды
ретіне қарай В,, В2, В3, т.б. деп белгіледі.
1928 жылы Сент-Дьердьи С витаминін ашты және оның малдың бүйрек үсті
безінен бөлінетінін, сонымен бірге кейбір өсімдіктерде кездесетінін
анықтады. Осыдан кейін 1935 жылы дат ғалымы Дам қанның қүрамында бо латын
К витаминін.
1948 жылы Смит, Фолкерс т.б. В2 витаминін тапты. Бұл витаминнің
жетіспеуі адам ағзасында қанның азаюына әкеліп соктыратыны белгілі болды
[2].
В. Данилевскидің деректерінде, Кеңес заманында А. В. Палладин, М. Н.
Шатерников, Л. А. Черкес, В. Н. Букин, В. В. Ефремов сияқты оқымыстылардың
бастауымен көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Түрлі эксперименттер
арқылы авитаминоздардың патофизиологиялық және биохимиялық езгерістері
ашылды.
Казіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және
олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді,
мәселен, А витамині — ретинол (ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар
екенін білдіреді) деп аталады. Д витамині — кальциферол деп аталады, яғни
"кальций ионын, тасымалдайды" деген мағынаны береді. Сол сияқты
витаминдерді ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың атымен атау кабылданған.
Ол кезде "анти" деген қосымша жалғанады. Бұл қосымша сәз бо- лып отырған
витаминге сәйкес авитаминоз ауруының алдын алады және одан сақтандырып
жазады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Д витамині антирахит витамині
(рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құр-құлаққа қарсы) витамин
деп аталады т.с.с.[3]
И. Михаиловичтің аитуы боиынша, витаминдердің тағамдық заттарда
жетіспеуінен болатын дерттер көне заманнан-ақ белгілі болғанымен, оның
себептері осы біз өмір сүріп отырған XX ғасырдың бастапқы жылдарында ғана
анықтала басталады. Казіргі уакытта витаминдер тобына жататын заттар ете
көп.
Әріппен белгілеу ескеруі салдарынан ыңғайсыздық тудыра бастады, әрі
күнделікті зерттеулер нәтижесінде табылған витаминдер санының көбеюіне
байланысты, олардың биологиялык және химиялык, қасиеттері толық қам-
тылмады. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөлді:
1. алифатикалық витаминдер қатары аскорбин қышқылы;
2. алициклды витаминдер қатары;
3. ароматикалық витаминдер қатары;
4. гетероциклды витаминдер қатары.
Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып,
жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын су мен майларда еритін
витаминдер топтары.
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы,
никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы,
биотин, инозит холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және
т.б. (Вр В2, В3, В5, В6, В12, В15, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол,
филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары А, Д, Е, К, 0 және
т.б. кіреді [4]..
А.Ә Төреханов дерегі боиынша қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер
түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық
топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін
жоғарылатады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі
өте кәп. Бүл витаминдердің адам ағзасына әсер мөлшері де түрліше болады.
Витаминдер ағзада тотығу-тотықсыздану реакциясына түседі. Витаминдерге
— бауыр, бүйрек, жүрек, ішек- қарын, жұмыртқа, ет-сүт, май, нан, көкәністер
мен жеміс- жидектер өте бай келеді. Витаминдерді ағзаның қажет етуі
тамақтану режимі кезінде өзгеруімен бірге, сол сияқты кеибір физиологиялық
жане патологиялық жағдаиларда да күшті өседі.Мысалы ағзаның буаз не екі
қабат кезінде төлдері мен балдарын тамақтандыруда, инфекциялық ауруларда
жане т.б. Тамақ азықтарында, дәрі дәрмектік өсімдіктер мен басқада
заттардың құрамында кездесетін витаминдерді түрлі түсті сапалық реакциялар
көмегімен ашуға болады [5].

1.2 Майда еритін витаминдер А витамині

М. Рабинкович деректерінде Табиғатта белгілі витаминдер ерігіштік
қасиетіне қарай екі үлкен топқа — майда еритін және суда еритін
витаминдерге бөлінеді.
Майда еритін витаминдер. А витамині (рецепт№10)(ретинол,
антиксерофалмалық). А витамині құрылымы тұрғысынан каротинге жақын, 1831
жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты.
Ол суда ерімейді, бірақ түрлі майлы еріткіштер мен майда ериді.
Рационда А тобындағы дәрмендәрілер жетісиесе организмнің өсіп-жетілуі
бұзылады, ауруға төзімділігі төмендейді, көру қабілеті әлсіреп, ақшам соқыр
деп аталатын ауруға шалдығады. А тобындағы дәрмендәрілер ұзақ уақыт
жетіспеген жағдайда тері мен кілегей қабықтың қызметі бұзылып, өкпе,
бронхылар, қуық пен бүйрек ауруға шалдығады. Ретинолдан басқа табиғатта Аг,
А3 дәрмендәрілері де кездеседі. 1 суретте А витамины көрсетілген.

Сурет 1 Витамин А
А тобындағы дәрмендәрілер өсімдік құрамында кездесетін ка
ротиноидтардан жануарлар тканьдерінде ғана түзіледі. Жануарлар организмінде
ерекше ферменттердің (каротиназа) әсерінен каротин А дәрмендәрісіне
айналады, сондықтан оны А продәрмендәрісі деп атайды. Каротиназа бауыр
мен ішек қабырғасында кездеседі [6].
В. Шуленконың аитуы боиынша А витаминнің негізгі көзі — каротинге бай
көк шөп болып табылады. Азықтың әр килограмына шаққанда жоңышқа мен сары
жоңышқа шөбінде 40—90 мг, қызылша жапырағында 30—50, жүгері сүрлемінде —
20—30, сапалы пішенде—20—40, пішен ұнтағында—5—20, шөп ұнтағында— 100—300,
сәбізде—50—100 мг каротин болады.
А витамині жасушалардың көбею және өсу процесінде маңызды роль
атқарады, сілекей қабықшалардың дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етеді,
көздердің торлы қабықшаларының көру қызметіне көмектеседі. Мерзімдік азық
үлесінде А витамині жетіспесе. эпителий тіні өзгеріп бүзылады, көздер
қабынады, ағзаның жүқпалы ауруларға қарсыласу қабілеті төмендейді, қозғалыс
үйлесімдігі бұзылады, өндіргіштік қызметі төмендейді, аталық малдың жыныс
жасушасының дамуы (сперматогенез) бұзылады, жас малдың тұрқының өсуі
тоқтайды.
Өсімдік азықтарында А витамині болмайды, бірақ каротиназа ферментінің
әсер етуімен ішек қабырғасында А витаминіне айналатын провитамин А каротин
бар.
Көк азықта, әсіресе бүршақтүқымдас өсімдіктердің жапырақтарында,
сәбізде, витаминді шөп ұнында, сапасы жақсы пішенде, сүрлем мен пішеңдемеде
каротин көп болады [7].
И. Коздриннің аитуы боиынша Мал азығындағы каротин мен өлшенеді, ал А
витамині халықаралық өлшем бірлігімен (ХӨБ) беріледі. А витаминінің бір ХӨБ
ретінде 0,3 мкг таза А витамині (ретинол спирті) немесе 0,6 мкг таза
каротин қабыдданған.
А-гиповитаминоз көбінесе бұзауда жиірек байқалады. Алайда, мол өнімді
сиырдың да А витаминімен қамтамасыз етуге байланысты талабы жоғары болады.
Қан қүрамында каротиннің болуы малдың А витаминімен қамтамасыз етілуі
түрғысынан алғанда, толыққұнды азықтандырылып жатқанының көрсеткіші. Қыс
кезімен салыстырғанда, жазғы кезеңіде қан қүрамында каротин айтарлықтай көп
болады.
Сүттің А-витаминдік белсенділігі мерзімдік азық үлесінің каротинмен
қамтамасыз етілгеңдігінің көрсеткіші. Кейбір сапасы жақсы сүтгегі каротин
мөлшері 1 мг-ға жөне А витамині 0,4 мг-ға жетеді.
Жаңа туылған бүзаудың тіршілік қабілеті мен денсаулыгы енесінің буаз
кезінде витаминді азықпен қаншалықты қоректенгендігіне байланысты. Буаз
сиырды қорада бағу кезеңінің аяғына таман, оның организмінде А витаминінің
қоры өбден азайған кезде, көбіне әлжуаз бүзау туылады.
Егер қысқы мерзімдік азық үлестері каротинмен жеткілікті дәрежеде
қамтамасыз етілген болса, онда бұлай болмас еді. Жаңа туылған бүзаудың
көзінен жас, танауынан маңқа аққаны, жүні тікірейіп түрғаны байқалса, онда
енесінің буаз кезінде мерзімдік азық үлесінде каротин жетіспеген деп
пайымдауға болады [8].
З. К Қожабековтын аитуы боиынша витамин көздің торлы қабығының жарыққа
сезімтал ферменті, ол эпителийдің, жыныс органдары мен бездерін, тер
безінің өсіп-жетілуіне қатысады. А витамині сонымен қоса фосфор, углевод,
липид алмасуды реттейді.
А витамині жетіспеген жағдайда ақшам соқыр немесе түнгі соқырлық пайда
болады. Сонымен қоса кілегей қабық пен теріде метаплазия жөне гиперкератоз,
ксерофтальмия жөне кератомаляция өршиді. Сонымен қоса А витаминінің
жетімсіздігі ісікті қоздырады [9].
О. Волковтың деректерінде ескеретін жайт, А витамині біршама улы. Оның
дозасы артық болған жағдайда сүйегі ауруға шалдығады, жемшөбін жөнді
жемейді, гепатосшіеномегамия, жалпы улану белгілері байқалады. Сонымен қоса
терісі ауруға шалдығыгі, тері қабаты сыпырылып түсе бастайды.
Малдәрітерлік практикада А витаминінің мынадай препараттары
қолданылады: майға езілген ретинол ацетат жөне ретинол пальмитат, А, Д, Е
витаминдерінің майлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күнбағыс майының өндірісі
Пастерленген сүттің квалиметриялық бағалануы және оның сапасын жақсарту жөніндегі шараларды ұйымдастыру
Тамақтану туралы түсінік
Майда еритін дәрумендер тобы
Жабайы Сельдерей (Apium graveolens) өсімдігінен биологиялық белсенді кешен алу жолдары
Итшомырт шырғанағы
Сүт өнімнің сапасын бағалау
Препарат пен қоспаның байланыстырғыш пен таза еріткіш қоспасын грануляциялау
Ет және ет өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығы. Тағамдық майлар
Егде жастағы адамдардың тамақтануы
Пәндер