Абай философиясындағы адам мұраты
Адам-бол!
(Қазақ философиясындағы адам мәселесі)
1. Абай философиясындағы толық адам ілімі
Абай - ұлы философ, ойшыл. Оның дүниетанымдық және философиялық ой-
толғаныстарында өте көптеген мәселелерге көңіл бөлінген. Бүгінгі күнге
дейін Абай мұрасының толық зерттеліп болмағанына қарамастан, кезінде
М.Әуезов белгілеп берген Абай зерттеулерінің негізі бағыттары: қоғамдық,
ақындық, көркемдік эстетикалық, тәрбиелік, ұстаздық, ұждан, мораль
философиясы, әсіресе адам мен адамгершілік мәселелері – оның рухани
мұрасының кең ауқымдылығын, тереңділігін көрсетеді. Абайдың осы
ойтолғаулары мен философиялық ізденістерінде адам мәселесі орталық орын
алады. Абай адам мәселесін жан-жақты философиялық, биологиялық,
психологиялық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қарастырнады. Абай бүкіл
философиясының квинтэссенциясы, негізгі принципі ретінде адам бол! деген
тұжырымын алуға болады.Абай өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік
тәжірибесін, поэзия мен прозасын, бүкіл ой-толғанысы мен философиясын адам
бойында кісілік пен адамгершілікті, білімділік пен
парасаттылықты,әділеттілік пен қайратты, елдің қамын, бүкіл адамзат қамын
ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адамды тәрбиелеуге
жұмсады. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін
күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп
есептеуге болады, сондықтан: адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз... Бес
нәрседен асық бол. (Бес дұшпан - Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер
мал шашпақ) Бес нәрсеге асық бол (Бес асыл іс – Талап, Еңбек, Терең ой,
Қанағат, Рақым) Адам үшін оның өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе - өз
бойындағы, адамдылықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру
.Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден де адамболып кету керек.
Адамның адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау бұл да адамның
ең алдымен өз алдында, басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі, ол адам
тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді.
Абайдың пікірінше, жәуанмәрт, яғни жан-жақты жетілген толық адамға
үш негізгі қасиет: шындық, ізгілік, даналық тән болуы керек. Осыған
байланысты 38-сөзінде Абай былай деп жазады: Енді біздің бастағы тагриф
(тану) бойынша құдай тағала ғылымды, рақымды, ғадәләтті құдіретті еді.
Сенде бұл ғылым, рақым, ғадәләт үш сипат бірлән сипаттанбақ: ижтиһадің
(талап) шарт еттің, мұсылман болдың, һәм толық инсаниетің (адамгершілік)
бар болады. Белгілі жәуәнмәртілік үш хаслат (сипат) бірлән болар деген
сиддық (шындық), кәрәм (ізгілік), ғақыл (даналық) – бұл үшін дән сиддық,
ғадәләт болар. Кәрәм шафағат болар, ғақыл мағлұм дүр, ғылымның бір аты
екендігі, бұлар әр адамның бойында Алла табаракауатағала тәхмин (шама,
шамамен) бар қылып жаратқан. Бірақ оған рауаж (реттеу, пайдаға асыру) беріп
гүлдендірмек, бәлки адам өз халінше кәләмәтқа жеткізбек, жеһәтінде
болмақ[1].
Сонымен, шындықты Абай әділетілік, ізгілікті қайырымдылық,
мейірімділік деп, ал даналықты ғылымның бір аты деп түсіндіреді.
Әділеттілік – жақсылықтың анасы, ал даналықты ғылымның бір аты деп
түсіндіреді. Әділеттілік – жақсылықтың анасы, ар-ұждан да әділеттілікке
негізделеді. Еш уақытта әділеттілік сезімдерді жоғалтпай, жақсылық жасаудан
шаршамаңдар деп үйретеді ұлы ойшыл, себебі әділетсіз иман да,
адамгершілікте болуы мүмкін емес. Ғылым мен даналық таадам бойында жақсылық
пен адалдық қасиеттердің болуы үйретеді, яғни қайырымдылық қассиеттерін
тәрбиелейді. Абай бұл қасиет барлық адамдардың бойында бар деп айтады.
Бірақ аз, төмен дәрежеде, сондықтан әрбір адамның парызы, яғни толық адам
болу үшін осы қасиеттерді жетілдіру қажет және де оларды өз бойында сақтап,
тек қана игі, жақсы істерге жұмсау керек.
Абай мәңгілік мәселесін діни тұрғыдан емес, әл-Фараби сияқты жақсы
істер мен ойдың жалпы философиялық, әлеуметтік мағынасын да қарастырады.
Адамның адам болып, жан-жақты жетілуі тұрғысынан қарастырады. Әрине, бұдан
Абай құрайды, Алланың мойындамады деген қате көзқарас тумауы керек. Абай
адам мәселесі бойынша өзінің жалпы философиялық ой-толғаныстары, діни,
эстетикалық жақтарымен де толықтырды, мұның бәрі Абайдың толық адам ілімін
қанша ауқымды, жан-жақты екендігін көрсетеді.
Алла шексіз, оны танып білуге ұмтылған адам өзін-өзі шексіз
жетілдіріп отыруы керек, Алланы тануы – адамның өзін-өзі тануы. Абай үшін
нағыз мұсылман болу – адамның адамдық атын жоймауымен тең.[2]
Абай жан-жақты жетілген адам идеасын махаббат философиясымен
байланыстырады[3]. Абай Алланы сүюге шақырғанда адамның өзін-өзі танып,
тазарту мақсаты тұрғысынан айтады. Себебі, өзін-өзі танып, тазарту мақсаты
тұрғысынан айтады жарамсыз қылықтарынан арылатын, тазартатын күш деп
қарайды.
Абай кейбір мәселелерді шешуге байланысты суфизм позициясында
тұрғанымен, суфизмнің кейбір идеаларын мойындағанымен, оның философиясы
аскетизмге емес, прагматизмге, өмірмен байланысқан философия болып
табылады.
Ал кейбір мәселелерді қарастырғанда суфизмді тек қана мойындамай
қоймай, оған қарсы шығады. Бұл ең алдымен Абайдың жан-жақты жетілген толық
адам ілімінде айқын байқалады.Абай осы ілімге арналған 38-сөзде былай деп
жазады: яғни пенделіктің кәмәлаты әулиелік бірлән болатұғын болса,күллі
адам тәркі дүние болып һу деп тариқатқа (дін жолы) кірсе, дүние ойран болса
керек.Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім
тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланы пенделері үшін жаратқан
қазыналарын кім іздейді?
Абайды толық адам ілімі – адам, адамдылық, адамгершілік
принциптеріне негізделген. Абайдың осы мәселені өзінің терең мағыналы
философиялық жүйесінің орталық, өзекті мәселе ретінде алуы оның өз халқының
бойында адамшылықты дамыту, тәрбиелеу,адамның өмірінің соңына дейін өзінің
адамдық қалпын сақтай алуы, бір сөзбен айтқанда адам болуын тілеген ой-
толғанысының, жүрек қобалжуының нәтижесі деп қарау керек.
Абай философиясындағы адам мұраты
Абай Құнанбаев ұлы ақын, ойшыл ретінде қазақтар үшін зор идеал болды
және бола да береді. Ол халқының шын ұлы, Абай барлық уақытта қазақтардың
кешегісі мен бүгінін, болашағы мен олардың мінез-құлқын, салт-дәстүрлері
мен мәдениетін, оқу-білімін, жас жігіттер мен қыздарға адамгершілік тәрбие
берілуі туралы ойлаумен болды.
Оның өлеңдеріндегі, қара сөздеріндегі ақыл-өсиет өзінің мәнін жойған
жок, жоймайды да. Қазірдің өзінде ғалымдар, тәрбиешілер, ең бастысы қалың
жұртшылық, оның ішінде әр жастағы адамдар мен ұлт өкілдері Абай
шығармаларын құныға оқиды, оған деген ынта-ықыласы жоғары. Өйткені, Абайдың
қара сездерінен болсын, өлеңдерінен болсын одан өзіне керегін табады.
Абай халықтың патриот ұлы ретінде казақтардың харекетсіздігіне,
жалқаулығына карсы күресе білді. Ол қазақтар коғамда белгілі бір орын алып,
өзінің мәдениетін, өнерін көтерсе деп ойлады. Абай әсіресе бос-нәрседен —
өсектен, өтірік айтудан, мақтаншақтықтан, еріншектіктен және бекерден-бекер
мал шашудап қашық болуға шақырды, Әрбір жалқау адам қорқақ болады, оның ісі
де енімсіз. Ал мақтаншақ адам — ақылсыз адам. Бұдан арылу үшін адам бес
нәрсеге — талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым — ұмтылғаны жен. Сонда
ғана мұратқа жетуге болады, сонда ғана халықтыц өсуіне жол ашылады.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Демек көптің сөзі бұл.
Жақыным айтты дей көрме
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге ерме.
Сізге айтамын, хаупім бұл,-
дейді Абай. Осыны ескерте отырып, сансыз мал жинағанннан гөрі білімге,
ғылымға ден қою керектігін қадап-қадап айтқан.
Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болғанын, бірінің тілеуін бірі
тілеспейтіндігінің, рас сөзі аз болатындығының, қызметке таласқыш
болатындығының, өздерінің жалқау болатындығының себебі неде? Абай осы
сұрақты қойып, оған өзі жауап береді. Әрбір жалқау кісі — қорқақ,
қайратсыз, әрбір қайратсыз — қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ —
қорқақ ақылсыз, надан келед әрбір ақылсыз, надан — арсыз келеді; әрбір
арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар
шығады .
Қазақтарды құртатын — билікке таласушылық, бірін-бірі көре алмаушылық.
Содан келеді де бітпес дау-дамай, ағайын арасындағы араздық туады (Би екеу
болса, дау төртеу болады). Төрт аяқты мал басын көбейтуден басқаға бас
қатыра қоймайтын адам қайткенде де басқалардан асып түсуді ойлап, ұрлық
жасауға дейін барады, ар-ұятты аттап кетеді. Б.ұл — басқаның намысына
тигендік, қорлағандық, оның адамдық хұқын аяққа басқандық, бір адамды
екінші адамға айдап салушылық. Билікке, байлыққа ұмтылу, жауларының көзін
құрту жолында ондай адамдар неден болса да тайынбайды ".
Біздің қазақты оңдырмай жүрген,—деп жазады Абай, — бір қуаныш, бір
жұбаныш дегендер бар. Оның қуаныш елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл
өзі қылмаған жаманшылығы шықса қуанады. Айтады: құдай пәленшеден сақтасын,
о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе,
оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе? — деп. Оған құдай-тағала айтып па,
әйтеуір наданшылығы асқан, я жаманшылығы артылған кісі табылса сен жаманға
қосылмайсың деп? Жаманмен салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы
болад-тағы.
Халықты құртатын — осы. Әлде бір біткен істі немесе қол жеткенді місе
тұтып, соны жұбаныш көріп, басқа жақсыларды көре білуге, тани білуге, айыра
білуге ынта қоюдан қалады. Мен ғана ма деп, басқалардан да осыны көріп,
өзін-өзі жұбатады. Көптен қалмасам болды дерлік, көсегені көгерте қоймайды.
Бұған байланысты Абай мынадай сауал қояды: Ғылым көпке келіп пе? Біреуден
тарап па? Көпке қорлық жүрмей ме? Бір үйдің іші түгел ауырса жеңіл тие ме?
Жоқ, жарым сау болса жеңіл тие ме? Жер білмеген адам адасып жүрсе, бір жер
білетін кісінің керегі жоқ па екен.
Жылтырағанның бәрі алтын емес. Сырты жылтырап тұр екен деп бас-көз жоқ,
соншалық қызығу, құмарту, соның жолында сарп болү жақсылыққа апара қоймай-
ды. Көрсеқызарлық, не нәрсе болса соған қүмарлық, жылтырақтықка құмарлық
адам мұраты болмаса керек. Адам мұраты онымен өлшенбейді. Адам болғаннан
кейіи басқаның қуанышына да, қайғысына да, ренішіие де көңіл бөлген жөн,
адам бойында ізгілік, адамгершілік мұраттары осындай сәтте керінуі керек.
Адамгершілік мұраты дегеніміз — осы. Адамның адамшылығы осындай кезде
көрінуі керек. Абай — осыны айтумен өткен ұлы ақын.
Адамның өмірлік жолының құндылығы, оның бақытты немесе бақытты еместігі
өзінің тұлғалық бет-бейнесін, адамгершілік асыл қасиеттерін жоғалтпай,
қоғамдық дамудан, өзгерістен артта қалып коймағандығына тікелей байланысты.
Адам аз емір сүруі мүмкін, бірақ сол аз өмірінің ішінде артына өшпестей із
қалдыруы әбден ықтимал. Мүндай мысалды, ондай жарқын із калдырған кесек
тұлғаларды Қазақстан тарихынан көптеп келтіре аламыз. Ондай адамдар —
ақындар, жыраулар мен билер, хандар (Абылай, Әбілхайыр, Қенесары жо-не т.
б.), ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz