Бұхар жырау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Бұхар жырау өлеңдерінен сол кездегі халықтың салт - санасын, ой - өрісін, тілек - мақсатын, қайғы - қасіретін, қауныш - сүйінішін білеміз. Ол алауыздық, келіспеушілік бірбеткейліктің нәтижесі салдары екендігін айтады. Жер бетінен жойылып кеткен жоңғар мемлекетінің тағдырын Бұхар жырау мысал етеді. Жырау дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін, өмір күнделікті өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетті. Мұндай өзгерістер тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған ортада, табиғатта да жүріп жатады.

Ортағасырлық және онан кейiнгi дәуiрлердегi мұсылман авторларының шығармаларының барлығы дерлiк Құранның бiрiншi сүресiмен басталады. Ақтамбердi жыраудың, Үмбетей жыраудың, Бұқар жырау мен Қабан жыраудың және т. б. адамгершiлiк-этикалық көзқарастарында исламның ықпалы айқын байқалады. Ақын-жыраулар өздерiнiң адамгершiлiкке қатысты ойларын құдайдың, пайғамбарлардың атынан айтты және бұл қазақ қоғамында олардың көзқарастарының ықпалын күшейттi. Бұл, әсiресе Бұқар-жыраудың моралистiк-дидактикалық шығармаларынан айқын байқалады. Исламға тән қайырымдылық, аяугершiлiк, iзгiлiк сияқты қасиеттер жыраулардың кейiнгi шығармаларында молынан ұшыраса бастады. Осылайша, ақын-жыраулардың шығармашылығы негiзiнен дiни сипатта, оны рационалдандыру жолымен, моральдық-этикалық бағытта уағыздау мен насихаттау сипатында дамыды. Демек, қазақ ақын-жырауларының адамгершiлiк философиясы адамзаттың бүкiл тарихи дамуы барысында жинақталған адамгершiлiк идеялардан және философиялық-этикалық теориялардан арасы алшақ емес және қазақ халқы өмiрiнiң тарихи жағдайларына сай келетiндей жоғарыдағы идеялардың заңды жалғасы мен қорытындысын бiлдiредi. Ақын-жыраулардың этикалық ойы қалыптасуының ең маңызды бастауларының бiрi бiлiм мен тәрбиенiң, оның iшiнде адамгершiлiктiң де қазынасы мен энциклопедиясына айналған мақал-мәтелдер түрiндегi фольклор болып табылады.

Абылай ханға және оның жауынгер серіктеріне, кеңесші билеріне арналған алуан жанрдағы көркем мұраның ішінде өлеңдердің, толғаулардың мәні ерекше. Бұларда дәуірдің тарихи куәлігі, болып өткен істерге халық багасы берілген. Басқа ешбір архив құжаттарынан табылмайтын, елдің өз сөзі, ұғымы болып шыққан, ешкандай цензордың "тексеруінен" өтпеген, жұртшылық санасында сақталған, ауыздан ауызға тараған, уақыт өте келе екшеліп, ұмытуға болмайтын ең татымдылары ғана іріктеліп қалған мұндай шығармалардың кадірі айрықша.

Бұл ретте ең алдымен қазақтың ұлы жырауы Бұқардың өлеңдеріне тоқталуымыз шарт. Көптеген ақындар, жыршылар, шешендер тудырып, кейіннен елдің ортақ мүлкіне айналып кеткен шығармалар қатарында Бұқар сөздерінің орны бөлек. Мұның бірінші себебі, жырау өлеңдерінің тамаша тарихи құжаттық мәніне байланысты. Абылайдың ақылгөй кеңесшісі, қазақ халкының азаттық күресінің сыры мен қырын жақсы білетін, ел бірлігінің жаршысы Бұқар жыраудың ойлары мсн тұжырымдары "біреуден естіген" әңгіме емес, нақтылы окиғалардың тікелей әсерінен туған. Осының өзі толғауларының тағлымын есслеп арттырады. Біз бүл күнге дейін өз тарихымызды көбінесе басқа ел адамдарының қалдырған естеліктсрі, күнделіктері, түсініктері бойынша жазып келеміз. Ал шындыгында ойрат озбырлығына қарсы ұзақ жылдарға созылған жойқын күрестің бастаушылары мсн қаһармандарын, олардың озіндік орнын қазақтың тарихи өлеңдерінен артық сипаттай алатын деректі табу қиын. Әсіресе XVIII ғасырда қазақ жерін басқыншылардан тазартып, дербес мемле-ксттікті сақтау жәнс нығайту жолындағы Абылай хан әрексттсрінің қарапайым халық мүддесімсн орайлас шыққанының да сң сснімді куәгсрі осы мүра деп қараймыз. Ел бірлігі, қазақ мемлекстінің дербсс өмір сүруі қажеттігі, барлық күбылыстар осы мүдде түрғысынан бағаланып нсмссс мансүқталынуы бүл шығармаларға асқақ өміршеңдік қасиет дарытады. Осын-дай нүрлы мүраттар биік көркемдікпен, шешсндікпен, ха-лық даналығымен үштасқанда қайталанбас ғажайып әлсмдсй тәсір қалдырады.

Коп шығармалардың бел ортасында Абылай бейнесі түрады. Мүнда әсірслеу мүлде аз, болган оқиғалар тарихи өлсң шартына сай мейлінше нақтылы тізіліп, наным-ды баяндалады. Заманның да, қаһарманның да басындағы қайшылықтар аттап өтілмей, шындықтың шырайы барын-ша толық, жан-жакты көрінстіні жырау туындыларының өзінс хас өрнегі болып табылады. Бүқар жырау Абылай-дың қамкор тілектссі гана емсс, катал сыншысы да болып елсстсйді. Бірақ мүндай "сын" ел тағдырын терсң ойлагандыктан, Абылайдың жүргізген саясатына нүқсан келмссе екен деген тілсктен туғаны айқын көрінсді. Со-ндықтан да мүндай өлеңдердің "ашулы" тұстары катқыл естілмсй, зор акиқатшыл қуатқа не болады. Үлы жырау қазақ ханының балалық шағындағы ауыр күндсрін, қиын халін айта отырып, Абылайдың барлық атак пен даңққа халықтың колдауымен жәнс жеке басынын қасиеті аркасында жсткенін, оның бсделі елге сінірген еңбегінің нәтижссі екснін, бірақ осындай абырой биігіндс самгай беру үшін әділдік таразысынан жанылмау керектігін қайталай толғайды. Абылай өмірінің барлық ксзеңдерін шолу дәстүрлі қайталама әңгіме деңгейінде қалып қоймай, халық тағдырымен бірлестікте қаралып, үлкен мағынаға бөлснеді. Жыраудың үғымынша Абылай қазақ халқының басына сүрапыл қасірет төнген кезде сл еңсесін көтеруге, алаш мемлекеттігін сактауға және күшсйтуге туған қайраткср. Ханды мақтаса да, кейбір істерін мансүқтаса да, ішкі, сыртқы саясатына кеңес берсс де, Бүқар тек казак ынтымагы мен ырысы түрғысынан қарайды. Сонымсн жырау өлеңдерінің нақтылы кейіпкерлері Абылай және оның жорықтас ба-тырлары, мәслихаттас билері болса, ен басты қаһарманы қазақ халкынын өзі болады. Белгілі бір өңірдің жыршысы бола түрып, бүкіл халық атынан "сөйлейтін" ақындар аз болмаған, бірақ Бүқар ле-бізінің мәні мен бағыты олардан басқалау. Ол туған халкының тәуелсіздігі қыл үшінде түрғандай алмағайып заманның, "өлім не өмір" дерліктсй сауал күн тәртібіне қойылган жолайрык ксзеңнің бел ортасында түргандықтан, әрбір сөзі бүкілказақтық магнамсн нүрланады. Сол үшін де Бүқар сөзі халықтың сөзі болып естіледі. Бір гажабы, жыраудың ханға карата айтылган сөздері белгілі бір сүрақтарга жауап орайында туғандай. Кобінесе оның "сүхбаттасы" Абылайдың өзі тәріздснсді. Екі ұлы адамның "диалогы" уақыт, замананың ділгір сүрауларына жауап бсргендей.

Бүл толгаулардың алтын желісі Абылай бастаған отандық соғыстың намыс пен ардың ісі екенін айтуға, барлық қайрат пен сананы азаттық, бақыт жолына жүмсау қажеттігін ұқтыруға құрылған. Осы мүратты қостағандар Абылайдың, бірліктің досы, тсріс бұрылғандар немесе болініп ксткісі келгендср казак ын-тымағьтның дүшпаны деп есептслген. Бүқардың ру ара-сындағы бір жанжалда кісі өлтіріп, қүн бсрмей, көшіп кеткісі келген Садыр батырдың соңынан қуып барып айтқан әрі әділ, әрі өктем сөздері осыны дәлелдейді:

. . . Абылай алдында сен бітсең, Қүдандалы таныспын. Егер Абылай алдында бітпесең, Атасын білмес алыспын. Көшін кстер бір жакка, Малың кетер бір жақка, Көш соңынан жете алмай, Есің шығар сол шақта. Жар басына қонарсың, Жарты лашық тігсрсің, Ауызыңнан ас кетер, Қара көздсн жас кетер. Бұл қылығың қоймасаң, Сонау кеудедегі Дулығадай бас кетер!. .

Бір орталыққа бағынған айбарлы қазак мемлекетін орнату, ауыл арасындағы ұсақ-түйек қайшылықтардың бәрін Абылай күзырында шешу елдің түпкілікті арманы-на сәйкес келетінін үдайы өсиеттету жырау өлеңдерінің түп қазығы болып келеді.

Жоңғар жаулаушылығына қарсы күресте айрықша еңбек сіңірген ерлердің есімін Бүқар да, оған замавдас жыраулар да мәңгілік даңқка бөлеп, қастерлеп айтып кеткен. Солардың аттары қазақ тарихының алтын кітабына жазыларлық десек, артық айтқандық болмас. Бұқар жырау атаған сол ардақты жандарды есімізге кайта бір түсірейік:

. . . Қалданменен үрысып,

Жеті күндей сүрісіп,

Сондағы жолдас адамдар:

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Шақшақүлы Жәнібек.

Сіргелі кара Тілеуке

Қаракалпақ Қылышбек,

Текеден шыққан Сатай, Бөлек,

Шапырашты Наурызбай,

Қаумен, Дәулет, Жепск батыр қасында

Бақ-дәулеті басында.

Сеңкібай мен Шойбск бар,

Таңсық қожа Мәмбет бар.

Қасқараудан Молдабай,

Қатардан жақсы қалдырмай,

Есенқүл батыр ішінде,

Өңкей батыр жиыльш,

Абылай салды жарлықты . . .

Басқыншыларга карсы азаттык соғысының әр ке-зеңіңце әр өңірде қол бастаған, ел намысын қорғаған, аттанып барып жау алған батырлар саны жоғарыда көрсетілгендермен шектелмейді. Тарих ғылымы тереңдік пен нақтылыққа жақындаған сайын олардың да ссімдері анықталып, халық үшін көрсеткен қайраты көрінс түсер. Дегенмен ойратка қарсы үрыстың сң шешуші сәттерінде Абылай қауымындағы қосындардың жүргснін еске алсак, Бүқар жырау санап шыққан батырлардың әркайсысы ту-ралы жеке ізденістер жасап, олар туралы мағлүматты жүртшылыққа таныстыру парыз болып көрінеді. Егер ер-телі-кешті Қазақстанның бір жерінде Абылай бастаган әділетті үрыстардың сымбат панорамасы жасалатындай уақыт келсе, бүл ерлердін есімдері тасқа ойылып жазы-лып, Орхон ескерткіштеріндей ұрпақтың үрпағына же-тетін болуы керек . . .

Бүкар жырау толғауларында сайын сахарага шашырап қоныстанған, өзара байланысы әлсіз қазақ рулары мен жүздерінің басына төнген қауіптің нсгізгі себептері де ашық айтылады, Өздерінің шегараларынан алыстағы ел-дер мен жерлерді бірінен соң бірін күшпен бағындырып, барған сайын араны ашылып, қомагайлана түсксн екі империяның - Ресей мен Қытайдың тегеурініне төтсп беру қандай халыкка да жеңіл емес еді. Үшы-қиырсыз кең алқапты алып жатқан ойрат пен қазақ бірін-бірі қырып бітірсе, екі империя да өздерінің жері кеңитінін, байлығы артатынын өте жақсы білді. Сондықтан да олар сөз жүзінде бсйбітшілікті жақтаушылар болып корінгенімен, шынтуайттап келгенде "бірің өліп, бірің қал" деген саясат жүргізді. Осындай жағдайда қазақ елінің ішкі бүтіндігін, жауынгерлік рухын сактау, жауға тойтарыс беріп қана қоймай, елдің ежелгі қоныстарын қайтарып алу киынның қиыны болатын. Қазак хаңдары мен сүлтандарының кейбіреулері бас саугалап, кара ба-сының қамын ойлап, карауындагы руларының мүддесін коздсп, дүшпанга багынып, іріткі салып жүрген шақта өзара алауыз жүрттың басын косу ел басшыларынын корсген, қажымас қайратты, данышпан парасатты болуын қажет ететін. Абылай бейнесінің халық киялында ерекшс іріленіп сомдалуының басты себебі де оның тар кезеңде, тайғақ кешулсрде ел бірлігіне үйтқы боларлық ақыл, айла, ынтымақ кілтін таба алгандығына байланысты . . .

Айналадагы андыздаған жаулардың тынымсыз қастандығы, ашық араңдатулары күшейген сайын "не істеу керек" дсгсн сауал жиі койылып отырган. Қазак қоғамының ішкі әлсіздігі, мал сонында жосып жүрген жүрттын бас біріктіруі өте қиын екені, - ксз-келген дүшпанның тұткиылдан шабуыл жасап, күтпсген кездеойран салып кстуіне "қолайлы" болатын. "Актабаншүбы-рындыга" үшырау да тарихта қанша per опық жсгізгсн қамсыздыққа, "жар астында жау бар" скенін үмытушы-лыққа, дүшпаннан қоргану үшін алдын ала әрекет жаса-маушылыққа байланысты еді . . .

Қазақтың дербес ел ретінде өмір сүруіне жоңгар жорықтары катерлі екенін айтумен шектелмсй, Бүқар жырау нағыз сүмдықтың қай жақтан төніп ксле жатқанын да анық есксртсді. Ол Рессй отаршылдары-ның қазақ даласына сүғынып кіріп, қала-қамал салды-ра бастағанын қырсыктың зоры деп түсінеді. Қандай кемснгердің де ойын он саққа жүгіртетін, түн үйқысын төрт бөлдіретін шсшуі қиын мәселслерді Абылайдың есінс салып отырады.

. . . Өзің конған Көкшетау,

Кәпір қала салды, ойла . . .

Қарқаралы дегсн тауларға

Қарқарасын шанышты, ойла.

Бстеге мен көденің

Берскссі қашты, ойла.

Үлытау шсті Созактан,

Созақтан бергі жсрлерден

Көгорай шалгын көре алмай,

Шубырып қазақ кетті, ойла.

Нүраның бойы Ақмола,

Есілдс бар Қараөтксл.

Екі өткелдің аузынан

Тас қорғанды салды, ойла.

Баянаула, Қызылтау

Оны да кәпір алды, ойла . . .

Кетпсйін десе жсрі тар,

Кетсйін десе алды-артын

Қоршап алған кәуір бар.

Үйлыққан қойдай қамалып,

Бүйірінен шаншу кадалып

Сорлы қазақ қалды, ойла . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал
Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі
Бұқар Қалқаманұлы
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Xvii ғасырдың екінші жартысы мен xviii ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал жайлы
Халық әдебиетіндегі діни ұғымдар
Жыраулар поэзиясында троптардың қолданылуы
Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Жыраулар поэзиясы жайында мағлұмат
Бұхар жырау ауданы топонимі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz