Құқық философиясы пәнi
Құқық философиясы пәнi
Құқық философиясы құқықтың мәнi, оның мағынасы мен ұғымы, оның әлемдегi
орны, оның құндылықтары мен маңызы, оның адам, қоғам және мемлекет
өмiрiндегi және халық пен адамзат тағдырындағы рөлiн зерттеумен айналысады.
Өзiнiң саналы жаратылысы бойынша адам белгiлi дәрежеде пайымдалған және
зерделенген (сана арқылы) әлемде өмiр сүредi әрi әрекет етедi, және бұл
адам болмысының фундаменталды (iргелi) қасиеттерiнiң, әлемдегi бағдары мен
әрекетiнiң қатарына жатады. Болмыстың адамзаттық тәсiлi өз құрамына
зерделеудi, пайымдауды, бұл болмысты, өзiңдi және бүкiл әлемдi, әлемдегi
өзiңдi, өзiңдегi әлемдi түсiнудi енгiзедi.
Мұндай принцип адамның құқық әлемiмен өзара қатынастарында да орын алады.
Ол құқықтық мәлiметтердi өз ақыл-ойының- теориялық, кәдуiлгi, философиялық
ақыл-ойының тұрғысында бағалайды, сынайды, тексередi, күмән келтiредi. Бұл
позитивтi құқықты ақылдылық, әдiлеттiлiк, шынайылық, ақиқаттылық және т.б.
тұрғысынан сынауды бiлдiредi. Және де ол позитивтi құқыққа қатынасында
өзге өлшемге де ие болады. Бұл өлшем билiктiң немесе оның өкiмдерiмен
емес, адамның қоғамдық болмысының iргелi қасиеттерi мен мәселелерi, табиғат
пен құқықтың мәнiн тану қажеттiлiгi, оның адамның бiрлескен өмiрдегi алатын
орны мен маңызды сияқты нәрселер арқылы анықталады.
Ақыл-ойдың мақсаты - ақиқат және құқық философиясы да құқық туралы ақиқатты
iздеумен айналысады. Құқық философиясының пәндiк аймағы - құқық пен заңның
айырмашылығы және арақатынасы мәселесi. Құқық философиясының тарихы
ертеден басталғанымен, “құқық философиясы’’ терминiнiң өзi XVIII ғасырдың
соңында пайда болды. Бұған дейiн ерте заманнан бастап, философиялық-
құқықтың саланың проблематикасы бастапқыда жалпы тақырыптың бiр үзiндiсi
және қыры ретiнде қойылып, ал кейiнiрек зерттеудiң жеке дербес пәнi ретiнде
дамыды.
Бастапқыда “құқық философиясы’’ терминi (сонымен бiрге құқық философиясының
концепциясы да) заңгерлiк ғылымда пайда болды. Оның авторы, құқықтың тарихи
мектебiнiң негiзiн қалаушы, немiс заңгерi Г.Гуго болып табылады. Гугоның
пайымдауынша юриспруденция (заңгерлiк) үш бөлiктен тұрады: заңгерлiк
догматика, құқық философиясы және тарихы. Бұл жағдайда құқық тарихы
құқықтың заң шығарушылық нәтижесiнде емес, тарихилықтың нәтижесiнде
қалыптасуы туралы тұжырымды ұстанады.
“Құқық философиясы’’ терминiнiң кеңiнен таралуы Гегельдiң “құқық
философиясымен’’ (1820) байланыстырылады. Гугомен салыстырғанда Гегельдiң
ойынша құқық философиясы заңгерлiк емес, философиялық пән. Оның үстiне
философия ғылымын ол тарихи ғылым ретiнде қарастырады. Гегель бойынша құқық
туралы нағыз ғылым құқық философиясында көрiнедi. Құқық философиясы пәнiн
Гегель былайша сипаттайды: құқық туралы философиялық ғылым өзiнiң пәнi
ретiнде құқық идеясын - құқық ұғымы мен оның iске асуын қарастырады’’.
(Философия права. М., 1990, 59-бет). Құқық философиясының мақсаты құқықтың
негiзiне жатқан ойларды игеру. Ал бұл дұрыс ойлаудың, құқықты философиялық
танудың арқасында мүмкiн болады. Құқық философиясы пәнiнiң гегельдiк
түсiндiрмесiнiң алғы шарттарына оны ойлау мен болмыстың, ақылдылық пен
нақтылықтың бiрегейлiлiгi туралы философиялық идеялар жатады. Философияның,
оның iшiнде құқық философиясының да мiндеттерi осыдан туындайды, - “бар
нәрсенi игеру, өйткенi бар нәрсе - ақыл’’ (Философия права. 55-бет).
Құқық философиясы пәнi мен мiндетiнiң гегельдiк түсiндiрiлуi құқық пен
заңның бұрынғы табиғи-құқықтық концепцияларына да, табиғи құқықтың
антирационалистiк сыналуына да (Гуго және құқықтық тарихи мектебiнiң
өкiлдерi) және құқықтық рационалистiк тәртiбiне де қарсы шықты.
Құқық философиясының пәндiк сипатын заңгерлiк және философиялық ғылымдарда
анықтау мәселелерiн қойған Гуго мен Гегельдiң XIX-XX ғасырлардың
философиялық-құқықтық зерттеулерiнде онан әрi дамыды. Философиялық
iлiмдердiң өздерiмен қатар, құқықтың философиялық түсiндiрмелерi де бүкiл
заң ғылымына, ондағы философиялық-құқықтық тәсiлдер мен концепцияларға әлi
күнге дейiн ықпалын тигiзiп келедi. Сонымен қатар, юриспруденцияның өзi,
құқық туралы, оның қалыптасу, жетiлу және дамуының мәселелерi туралы
заңгерлiк-теориялық концепциялар да құқықтық тақырыптың философиялық
зерттелуiне үлкен әсерiн тигiздi. Философия немесе заң ғылымдарының
жүйесiнде болсын құқыққа деген барлық философиялық тәсiлдерде осындай өзара
ықпал және өзара әрекет байқалады. XIX ғасырдың екiншi жартысынан бастап
және ХХ ғасырда құқық философиясы заңгерлiк пән ретiнде негiзiнен заң
факультеттерiнде оқытылғанымен оның дамуы үнемi философиялық оймен
байланыста болып қала бередi.
Ерекше философиялық пән ретiндегi құқық философиясында (табиғат
философиясы, дiн философиясы, мораль философиясы және т.б. сияқты) танымдық
мүдде мен зерттеушiлiк назар құқық саласындағы белгiлi бiр философиялық
концепциясының танымдық мүмкiндiктерi мен потенциалдық мүмкiндiктерiн ашып
көрсетуге бағытталады. Мұнда белгiлi бiр концепцияны берiлген объекттiң
ерекшелiктерiне, методологиялық және аксиологиялық тұрғыда бұл
концепцияның тiлiнде объектiнi пайымдауға, түсiндiруге және игеруге сәйкес
қолдана отырып, оның мазмұндық нақтылануына үлкен көңiл бөлнедi.
Ал заңгерлiк тұрғыда дайындалған құқық философиясының концепцияларында
жоғарыдағы саламен салыстырғанда әдетте, зерттеудiң құқықтық мотивтерi,
бағыттары мен бағдарлары басым болады. Және бұл жағдайда философиялық
талдаудың аймағына көбiне дәстүрлi юриспруденцияның нақты сұрақтары кiредi.
Алайда ең бастысы, әрине, тақырыптар мен мәселелердiң қайсысын таңдау емес,
қазiргi философиялық және құқықтық ойдың жалпы контекстiнде нақтыландыру
ағымында оларды құқық философиясы тұрғысынан түсiндiру мен пайымдау болып
табылады.
Канттан кейін классикалық неміс философиясын дамытқан И.Г.Фихтенің
(1762-1814) және Ф.Шеллингтің (1775-1854) идеалистік ой-пікірлері өзінің
логикалық жалғасын Г.Гегель (1770-1831) философиясынан тапты. Гегельдің
диалектикасы неміс философиясының ең жоғарғы жетістігі болып табылады.
Немістің ұлы философы Георг Вильгельм Гегель (1770-1831) адам рухын
табиғаттың тамаша туындысы, ақиқаты, мақсаты ретін де қарастырды. Табиғат
рух жолында өзін құрбан еткенімен, адам жаны мәңгілік тірі, ол болмыстың
жаңа тәсілі. Көне грек ойшылдары секілді Гегель де адам жанының қос
табиғатын атап көрсетеді. Біріншіден, ол өзінің мазмұнын анықтаушы денемен
тығыз байланысты; екіншіден, тәннен тәуелсіз, объективті. Гегельдің
тұжырымынша, адамның міндеті осы екі-жақтылыкты біріктіру, бұл ретте
адамның көмекшісі - философия.
Гегель дүниеде өмір сүретін барлық нәрсені негізгі ұғымдардың
қозғалысы - абсолюттік идеяның - дамуы деп санады. Ол идея ешқаңдай
мазмұнсыз "таза болмыс" пен "ештеңе" болып табылады. Ал содан кейін "таза
болмыс" пен "ештеңеден" пайда болу, "туу" деген ұғым шығады. "Пайда болу"
"нақты болмыстың" — заттар мен құбылыстар дүниесінің тууына әкеледі, яғни
идея материалдық нәрселерге айналады. Мұнда идея алғашында механикалық
құбыслыстар түрінде, одан кейін химиялық қосылыстар түрінде көрінеді,
сөйтіп, ақыр соңында, тіршілік, адам мен адамзат қоғамы пайда болады. Адам
пайда болғаннан кейін идея адамның санасына, ойлау формасына қайта келеді.
Адам санасы дамыған сайын идея материядан қол үзіп, алшақтай береді. Ақыр
сонында, ол өзінің бүкіл өткен жолын ұғына келе, өз дамуын аяқтайды да,
бастапқы өз күйіне келеді. Бірақ "таза болмыс" түрінде емес, бүкіл өз
мазмұнын барынша өрістеткен, дамытқан болмысқа айналады.
Таным саласында абсолюттік идея немесе, Гегелъдің сөзімен айтса,
абсолютгік рух өз дамуының соңғы дәрежесіне жетеді. Ол дәреже - Гегельдін
философиялық жүйесі, яғни Гегельдің абсолюттік, объективтік ілімі
абсолюттік идеяның дамуынын ең жоғарғы сатысы болып табылады. Одан әрі
танылмаған ештеңе қалмайды, таным процесі аякталады. Сөйтіп, Гегель өз
философиясын аяқталған ілім, абсолюттік ақиқат деп санады.
Гегельдің философиясы - сана, рух алғашқы, бірінші, ал материя,
табиғат екінші, туынды, тәуелді деп дәлелдейтін объективтік идеализмнің
айқын түрі болып табылады. Ол, сайып келгенде, қоғамдағы таптық
антагонистік құрылыстың орынды екенін теориялық тұрғыдан негіздеді.
Практикалық өмір саласында абсолюттік рух өз бейнесін пруссиялық
монархиядан тапты.
Сонымен бірге, Гегель философиясының аса маңызды жағы да бар: ол —
диалектикалық әдіс. Бұл әдістің негізгі принциптерін ол өзінің идеалистік,
консервативтік жүйесі шеңберінде қарастырады. Өз жүйесін жасағанда
абсолюттік идея өз мазмұнын, ал содан кейінгі материалдық дүниені -табиғат
пен қоғамды - қалай тудыратынын көрсете отырып, біріншіден, дүниені үнемі
дамуда, қозғалыста қарастырады, екіншіден, диалектиканың негізгі заңдарының
мазмұнын ашып береді, даму қарама-қарсылықтардың күресі арқылы жүзеге
асатынын, даму барысында бір ұғымдарды екінші біреулері терістейтінін және
өткеннің жаңа, жоғары сатыда қайталанатынын т.б. көрсетті. Ұғымдар
диалектикасынан, олардың өзара байланысы мен бір-біріне өтуінен Гегель
шындық диалектикасын болжап, көрсете білді.
Марксизм классиктері Гегельдің идеализмін қатаң да жан-жақты сынай
отырып, сонымен қатар оның философиясының жетістіктеріне, атап айтқанда
диалектикалық әдісіне жоғары баға берді. Гегель философиясының ілімін одан
әрі дамыту үшін ғылыми білімдерге негізделген, табиғат пен қоғам өмірінің
заңдарын объективтік түрде талдауды талап ететін дәйекті материализмге арқа
сүйеуді қажет етті. Сондықтан философиялық ой-пікірді одан әрі дамыту батыл
түрде материализм позициясына бетбұрыс жасап, Гегель философиясын ғылыми
сын елегенін өткізу керек еді. Бұл міндетті шамалы болса да іске асырған
классикалық неміс философиясының соңғы өкілі, марксизмге дейінгі ең ірі
материалист Л. Фейербах (1804-1872) болды.
Гегельдің пікірінше, дүниенің бастауы жеке емес, атомдар мен жандардың
жиынтығы емес, тұтас, дүниеде тұтастан басқа реалды нәрсе жоқ. Бұл тұтасты
ол абсолют деп атайды. Абсолют - рух, ақыл-ой - субстанция. Табиғат пен рух
тұтастың өзінен жаттануы, бірақ бір-біріне қарама-карсы. Материяның мәні -
ауырлығында, ал мақсаты - өзінен тыс; рухтың мәні - еркіндік, мақсаты -
өзінде. Гегель рухтың тарихи дамуында үш саты болды дейді: шығыстық, грек-
римдік және германдық. Шығыста тек бір адам ғана еркін (Гегельдің осы
көзқарасы Шығыс дүниесіне деген европоцентристік, теріс көзқарастың
қапыптасуына біршама ықпалын тигізгенін айта кеткеніміз жөн - Г.Н.), грек-
рим дүниесінде кейбіреулер еркін, ал герман дүниесінде бәрі еркін. Рух -
абсолюттік идеяның көрінісі. Осы принципті Гегель неміс мемлекетіне
байланысты да колданады: мемлекет - Пруссия монархиясы; ұлт - рух иесі;
жеке тұлға - тарихи даму мақсатын жүзеге асырушы.
Гегельдің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz