Көз жетер болашақ және алыстағы көкжиек


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Көз жетер болашақ және алыстағы көкжиек2

Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология3

Ғылыми-техникалық революция және болашақ проблемалары6

Адам және адамзат ауқымды проблемалар алдында. Жаңаша ойлау. 7

Көз жетер болашақ және алыстағы көкжиек

Қайта құру кезеңінде философиясының алдында тұрған ең басты, күрделі мәселе - ол қазіргі социализм концепциясына баға беру болып табылады. Негізінде социализмді Маркс пен Энгельс коммунистік формациясының бірінші сатысы деп есептеген. Ол шынында да солай. Бірақ олар жаңа қоғамдық, мемлекеттік құрылыстың тек жалпы жобасын ғана жасады да, онда болуға тиіс өзгерістер мен айырмашылықтарды жете суреттеп берген жоқ және беруі мүмкін де емес еді. Маркс пен Энгельстің социализм туралы теориялық ілімін нақты жағдайға байланысты байытып, оны ілгері дамытты.

Социализмнің жаңа бейнесі адам мақсатына бағытталуымен бірге, ол іргеріден келе жатқан гуманизм, адамгершілік мәселесін қайтадан қарап, жаңа мәселе етіп қоюда. Соцализмді орнату жүзеге асырудақоғамамыз әзгілік принцптерінен жұрдай болып қала жаздаған еді, өйткені бұл кезкңде жазықсыз адамдар, тіпті топтар жазаланып құрбандыққа шалынды. Ізгілік - адаиға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін көзқарас. Бастапқыда бұл ағымның қоғамдық ой - пікірде, әдебиетте, өнерде, ғылымда алдыңғы қатарлы прогресшіл идеялар арқылы қалыптасқаны мәлім. Болашақты болжау, не оны білуге тырысу адам баласының ежелгі арманы. Ертеңгі күнім қандай, мені не күтіп тұр деп ойламайтын, уайымдамайтын адам дүниеде жоқ. Қоғамның, не әрбір істің даму логикасын түсіне білмеушілік адам ойын әр саққа жүгірткізіп, оның әр нәрсеге сыйынуға әкеледі. Осыдан келіп Айдың не Күннің тұтылуын, Жердің сілкінуін әлі болмаған, бірақ төніп келе жатқан қолайсыз жағдайлардың, қауіп - қатерлердің, қырғын соғыс, не елге келетін оба ауруларының нышаны деп білген. Қазақтар ұлыған иттен, күн батқаннан кейін шақырған әтештен, жапалақтың үйдің төбесіне қонуынан үрейленіп, қорқатын болған. Мұндай жағдайларда адамдар тасаттық беріп, садақа жасап жататын. Түрлі бал аштыру, құмалақ салдыру болар істің алдын ала болжап, соған сәйкес іс-әрекет жасау үшін пайда болған. Адамдардың мұндай мақсат-талаптарын неше түрлі арамза-айлакерлер кезінде пайдаланып келген. Балгерлер арасында психологтар кездесіп, кейде істің логикасына, адамның жан дүниесіне қарап, дөп келетін пікір айтатын да болған. Ондай адамдарды «көріпкел» деп мадақтаған. Жақын уақытты болжап, үкіметке кім келеді, оның саясаты қандай болмақ деген сұрауларға елдін пікірін аулап, болжам айтады, кейде сол болжам арқылы елді өзінің болжамына қарай икемдеп, итермелейді. Ал алыс болашақты болжау үшін футурология (лат. futurum - болашақ, гр. logos - сөз, ілім) қолданылады.

Ең алғаш рет келешекке ғылыми болжаудың негізін салған К. Маркс пен Ф. Энгельс. Олар қоғамға диалектикалық материалистік көзқарасты қолдану арқылы қоғамның даму заңдылығын ашты.

Қазір ғалымда болашақты болжаудың бірнеше әдістері қолданылуда. Оған жататындар экстраполяция, тарихи аналогия, компьютерлік модельдеу, болашақты сценарийге салу, эксперттік баға т. т. Бұлар негізінде біріне-бірі жақын ғалыми болжаудың әдістері. Мәселен, экстраполяция (лат. тіліндегі extra - сырттай, жоғары, poli - өзгерту, бастау деген сөздерден туындаған) қазіргі кезде көбірек қолданылып жүрген әдіс. Ол әдіс бойынша бір нәрсенің құбылысына қарап басқа нәрсені болжау, оның келешегін, даму жолын кесіп айту. Бұл әдіс кобінесе талдауда, диагноз жасауда қолданылады. Бізде бүгінгі күнде қоғамдық болашақты болжай алатын бірден-бір ілім- ол маркстік-лениндік теория. Сол ілімге сүйене отырып, адамдары болашаққа, зор сеніммен қарайды, келешекке жетудің жолдарын іздестіреді, алыстағы болашақтың бағдарын белгілейді. Ол тек ғылымдардың жетістіктеріне сүйену арқылы жүргізіледі. Онсыз жүргізілген әрекет түрлі қиындықтарға, қолайсыз жағдайларға әкеледі. Оған дәлел әкімшілік-әміршілдік әдіспен елді басқару нәтижесінде экологиялық дағдарыс пен катострофаға тірелгндік. Арал теңізі жойылды, Балқаш құруға айналды, Семейдегі атомдық жарылыс полигоны халықтың тұрмыс тіршілігіне, денсаулығына, өніп-өсуіне қауіп-қатер туғызды. Бұларды болдырмауға болар ма еді? Әрине, болар еді. Амал не, ендігі мәселе мұндай сөкет жағдайларды елімізде де, дүниежүзінде де болдырмау, адамзатты елімізде де, дүниежүзінде де болдырмау, адамзатты, жан-жануарларды, жалпы табиғатты күйреуден аман сақтап қалу. Оның мүмкіндіктері бар.

Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология

Аксиология (гр axia - құндылық және logos- ілім) - құндылықты зерттеу ілімі және олардың нақты әлеммен қатынасы. Құндылық түсінігі алғашқы рет Канттың философиясында пайда болды. Ол үшін құндылық өзінше болмыс болмайды, құндылықтың алғышартты болмыс пен міндеттенуді ажырату болады. ХІХ-ХХ ғасыр философиясындағы ағымдар адамның жоғарғы рухани қабілетін ерік деп, құндылық мәселесін әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды. Объективті-идеалистік философия ағымдары, неотомизм, интуитивизм құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді. Логикалық позитивизм құндылықты сананың құбылысы, адамның бағалайтын объектіге субъективтік қатынасы деп санайды. Құндылықтың натуралистік теориясында адамның табиғи қажеттіліктерінің немесе жалпы табиғат заңдарының көрінісі ретінде таниды.

Құндылықтың маркстік ұғымы басқа философиялық ағымдардан принципті түрде өзгеше. Ғылыми түсіндіруде құндылық мәселесі универсалдықтан арылған. Бұл мәселенің астарында ғылыми жолмен шешілетін алуан түрлі философиялық мәселелер жатыр. Шындығында табиғаттан тыс немесе таза табиғи қасиет болмайды, құндылық өзінше ерекше әлеуметтік құбылыс. Табиғаттың адамнан тыс ешқандай өзіндік құндылығы жоқ, ал бағалау болса қоғамға тән әлеуметтік қатынасты білдіреді.

Құндылықты жалпыадамзаттық, ұлттық, әлеуметтік таптық, топтық және адамдық деп ажыратуға болады, осыған байланысты олардың мән-мазмұны, ауқымы, өзгешелігі әрқилы болып келеді. Оның әр қоғамда, әр халықта әртүрлі болуы заңды. Себебі оларға табиғи және әлеуметтік орта, тарихи ерекше даму, көрнекті тұлғалардың өсиеттері, діни көзқарастар, алдына қойған мақсаттары т. б. әсер етеді. Құндылық өз тарапынан елдердің білімдерінің деңгейіне, салалық бағытталуына, іздестіру тәсілдеріне, басқаларға жеткізу әдістеріне көп әсерін тигізеді. Өмірдегі маңызы үлкен зат пен құбылыс терең зерттеліп, оның әр күйі жекеленіп, арнайы атауға (сөз, термин) ие болады. Мысалы, түйе малы көшпелі қазаққа өте құнды болды, сондықтан оны 20-30 шақты атаумен нақтылайды, еуропа халықтары оның ұрғашы немесе еркегі екенін де ажырата алмай ересек және бала түйе деген атаулармен шектеледі.

Құндылықтар тарихи дамып, заман талабына сәйкес өзгеріп отырады. Құндылыққа тек материалдық нәрсе емес, рухани құбылыстар да жатады: этикалық, эстетикалық принциптер мен нормалар, діни және ғылыми қағидалар т. б. Қазіргі кезде барлық адамзат үшін ерекше бір құндылыққа техниканы жатқызу қажеттілігі туды.

Шығыс елдері табиғатқа қатысты көзқарасына сай жаратылыстанудан гөрі қоғамдық ғылымдарға көп көңіл бөліп, руханилыққа шақырып отырған.

«Техника» түсінігі гректің («techne») - өнер, шеберлік, іскерлік деген сөзінен пайда болған. Антика заманында техника түсінігі адамның жасампаз іскерлігі мен ішкі қабілетін, осы іскерліктің өзіндік заңдарын, сонымен бірге адам әрекетінің жемісті болуындағы көмегін айтады.

Техниканың әлеуметтік мәні және сипаты:

- жеке еңбек қаруын техникаға жатқызуға болмайды,

- «techne» - антикада жерді өңдеу, аң аулау, теңізде жүзу, дәрігерлік, тоқыма, қару жасау және театр өнерін айтады.

- техникалық білім өндіріс процесінде ой арқылы объектіні құрастырады, проекті жасайды. Оны мақсатты орындаудағы құрал ретінде көру қажет.

Техниканың - даму барысын табиғаттың өзгерту мүмкіндігі бар. Бір жағынан техника мен табиғат ұқсас қимылдайды, ал екінші жағынан ол табиғатты адамның керегіне қарай өзгертеді.

XVII-XVIII ғ. ғылыми революция дәуірінде батыс европа елдеріндегі өндірістегі өзгерістер, латын тіліндегі «technica ars» (өндірістегі өнер әдісі) француз тіліне «tehnigac» содан кейін неміс тіліне «technic» болып ауысты. Сөйтіп термин арнайы мамандық бола бастайды. Жаңа дәуірде ол күрделі құралдардың бірлігін, әрекетін, өндірістегі шебер жасалуын, ең алдымен еңбек қаруы және машина ретінде қарастырылды. Сондықтан бұл сөздің түсінігінің мәні өзгереді.

Азық түлік, әртүрлі тұрмыстың, өндірістік заттар шығару үшін механизмдерді ойлап табу мүмкіндігі пайда болды. Техника дамуының өзгеріс нүктесі болып - бірінші двигатель (1776 ж), соңынан әмбебаптық двигатель-электромотор (динамомашина-1867) - саналады. Қазіргі кезде «техника» термині көп ретте оның классикалық түсінігіне байланысты. Ғылыми - техникалық прогресс бұл түсінікті толықтырды және кеңейтті. Бүгінде техника органикалық және органикалық емес табиғатқа әсерін тигізіп отыр. Органикалық емес материяда - құрылыс техникасы, электротехника, теплотехника, физико - химиялық техника, энергетикалық техника, органикалық табиғат саласында ауыл шаруашылық, техника биотехнология т. б. пайда болды. Сонымен бірге техникаға ойлау, айтысу өнерлері жатады: ес (мнемотехника), сурет салу, музыка аспабында ойнау; техникасы т. б адамдарды, өндірісті, мемлекетті басқару техникасы түсініктері кең түрде қолданыла бастады.

Сонымен, қазіргі замандағы техника түсінігі мынадай деуге болады:

- білім саласында эмпириялық пен теориялық білімді байланыстырушы жүйе саласында көрінеді;

- адам әрекеті саласында: барлық құралдар мен іс-қимыл мүмкіндіктері және қажеттігіне сәйкес табиғатты өзгерту және үстемдігін орнатудың амал-тәсілдерінің жиынтығы;

- шеберлік пен дағдылықтың бірлігі, кәсіп ерекшелігіне байланысты адамдардың әрекетінің түрі. Дағдылықты толық игеру, шұғылданатын ісінің өнерлігі мен шеберлігі.

Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) кезінде адамдар өте жоғары дәрежеде білімді болуы қажет. Автоматтандыру және кибернетизациялау жұмысшылардың уақытын үнемдейді, шығармашылық күшін босатады, өндірістің жаңа түрлері пайда болады.

Техника және ғылыми-техникалық прогресс адам ақыл-ойының зор табысы. Осы табыстарға сүйене отырып өндіріш күштер дамыды, жаңа технолгиялық процестерді қолданып еңбек өнімділігі артты.

Ғылыми Техникалық прогресс бір жағынан адамның өмір сүруі, тұрмыс жағдайын жеңілдетсе, екінші жағынан оның биологиялық құрылысын, денсаулығын бұзатын, дертке шалдықтыратын толып жатқан жаңа жағдайлар, іс-әрекеттер туғызады. Ол адамдарға өте көп күш дарытқанымен бірге, үлкен таңдау-баламалар да қойып отыр.

Қару-жарақтың көбеюі адамдар алдында соғыс пен бейбітшілік мәселесін ашып қойды. Осы прогресс жер бетіндегі табиғи қорларды бұзып-жойып, экологиялық мәселелерді туғызды.

Ғылыми Техникалық прогресс дамыған және даму жолында келе жатқан мемлекеттердің ара жігін ажыратты. Бай мен кедей мемлекеттердің арасында энергетика, азық - түлік, ағарту және т. б салаларында наразылық туғызды. Бұл жаңа жағдайлар адамзат әлеміндегі ең күрделі мәселелерге айналды.

Ғылыми-техникалық прогресс, оның жетістіктері ең алдымен қоғамдық өмірдің материалдық негізіне әсер етеді. Ғылымның өндірістегі рөлі барған сайын өсудің нәтижесінде ол тікелей өндіруші күшке айналады. Ғылыми-техникалық революциялар қуатты қозғаушы қызметтер атқарады. Мәселен, электр энергиясының ашылуы, және оны игеру барлық заводтар мен фабрикаларды, бүкіл транспортты негізінен қайта құруды қажет етті. Атом энергиясын игеру, космосқа сапар шегу және осыған байланысты ғылымның өндіріске әсері етуі күшейе түсетіні сөзсіз

Ғылымның күрделенуі, жедел дамуы адамның өмір сүруіне, табиғи қордың тамамдалуына жеткізе бастады, адамзаттың өмір сүретін ортасы түзетуге келмейтін қатерге тап болу мүмкіндігі көріне бастады.

Қазіргі адам санасы сиқырлы құмырадан босаған жын (джин) сияқты, еркіндікке жеттім деп дүниені қопарып тастауға дайын. Соңында А. С. Пушкиннің белгілі ертегісіндегідей тесік тегененің жанында жылап отырып қалмайық - деген қорқынышты ойлар туғызады. Жынды басатын, тежейтін қоғамдық, мемлекеттік күш керек. Егер жынды желпіндіретін ашқарақ тойымсыз капитал, соның құлы алаяқ, жемқор эгосит-пенде болса, тежеушісі - бірлікшіл, қанағатшыл азаматтар, солардың жаңаша құрған билік жүйесі болуы керек. Материалдық өндіріс адамның өмір сүретін ортасына қатты әсер етіп көптеген негативтік жағдайлар туғызады, яғни табиғатты игеру процесінде биосфераға зиян келтіріледі: атмосфераның кірленуі; су бассейндердің ластануы басталады.

Осыған орай: экологиялық мәселелердің негізі неде? адамзат алдында қандай нақты мәселелер қойылып тұр? теориялық жолмен және практикалық әдіспен оны шешудің жолдары қандай? - деген сұрақтар туындайды.

Экология (гр. тұратын мекен, тірі организмдердің қоршаған ортамен арақтынасын зерттейтін биологиялық ілім) сондықтан:

- соғысты тоқтату, табиғатты жоқ ететін, дүниені апатқа ұшырататын қаруға қарсы күресу,

- қоғам өмірінде ерекше орын алатын, өндірістің, ғылыми-техникалық және мәдениеттік прогрестің дамуына сүйеніп адамзаттың өз өмірін табиғат апаттарынан сақтау (оған жер сілкіністерінен, су апаттарынан қорғайтын құрылыс, бөгеттер салу жатады),

- экологиялық тұрғыдан таза, үнемді, қалдықсыз өндіріс, жаңа энергия көздерін ашу, сапалы, денсаулыққа зияны жоқ өнімдер шығару т. б. комплексті айналысуы керек.

Бэкон: «Адам табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек», - деген.

Адам табиғатты игере отырып, өзінің өмір сүруіне жаңа жағдайлар жасайды: киім киюін заманның талабына сай жетілдіру.

Тұрғын үйлерді жаңа талаппен салу - (жасанды салқындық пен жылыту жағдайын жасау), жаңа тұрғын жерлерді игеру, демалу «өндірісін» жетілдіру т. б. өз кезегімен дами беретіні айдан анық. Ғылым, техника, экология, мәселелерін шешкенде әлеуметтік факторларды сараптап өндірістік ерекшеліктерді ескере отырып олардың қандай мәдени, идеологиялық, этикалық-гуманистік, эстетикалық т. б. салдары болуы мүмкін? - деген сұрақтарға аса үлкен мән беріп отыру керек.

Ғылыми-техникалық революция және болашақ проблемалары

Біздің заманымызда ғылыми-техникалық революция жүріп жатыр. Оның басталған кезі-ХХ ғасырдың ортасы. Ғылым қазір дүниежүзіндегі мемлекеттердің ұлттық саясатына айналды, сондықтан ғылыми таным әлеуметтік тіршіліктің маңызды бөлігі болып есептелінеді. Өндірістің әуелден келе жатқан салдарын өзгертіп, ғылыми техникалық революция жаңа салалар туғызуда, мысалы, атом өнеркәсібі, радиоэлектроника, космос кәсібі, полимерлерді шығару, биотехнология және т. б.

ХХ ғасыр ғалымдары ашқан революциялық табыстар техникалық даму дәрежесіне өте үлкен әсер етіп, атом реакторларын, атом үдеткіштерін, космос ракеталарын, электрондық есептеу машиналарын, аэро-гидродинамикалық құрылғыларын, нәзік регистратор аппаратурасын, космос байланыс жүйелерін жасауға жол ашты.

Ғылыми-техникалық революция адамға өте көп күш дарытқанымен адамзат алдында үлкен таңдау - баламалар қойып отыр. Олар, ең алдымен, қару-жарақтың күшеюі, дүниежүзін тез уақытта қырып-жою мүмкіндігі, адамзаттың өмір сүруіне қауіп-қатер туғызуы, соғыс пен бейбітшілік мәселесі. Ғылыми-техникалық прогресс қару-жарақ күштерін, әсіресе термоядролық қару жасап, оларды көбейткен үстіне көбейте түсіп, сол арқылы адамды, жалпы адамзатты жер бетінен жоқ ету қорқынышын әкелді. Екіншіден, осы прогресс жер бетіндегі табиғи қорларды бұзып - жойып, экологиялық проблемаларды тудырды. Қазақстанның кең-байтақ жерінде сарқылмас қорлар бар деген сенім сөне бастады, ол ресурстар мүлдем қысқа мерзім ішінде күрт азая түсті. Үшіншіден, ғылыми-техникалық революция дамыған және даму жолында келе жатқан мемлекеттердің ара жігін ажыратты, осыдан барып энергетика, азық-түлік, табиғи қорлар, денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту және т. б. мәселелер көтерілді. Жалпы айтқанда, ғылыми-техникалық революция, цивилизация, сондай-ақ жалпы адамзат әлемі алдында бірсыпыра күрделі мәселелер қойды. Даму тағдыры осыларды дұрыс болжап шешуге байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ азамат
Бейнелеу өнері пәнінің педагогикалық негіздері
Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы
Бейнелеу өнерінің композиция заңдылықтары
Туристік жорықтардағы бағдарлау
Графика өнері жайлы жалпы баяндау
Бастауыш мектептердегі бейнелеу өнері сабағында табиғатты бейнелеу арқылы оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығын арттыру
Пейзаж жанрының түрлері, даму тарихы, ерекшеліктері
Молдахмет Кеңбаев
Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың патриорттық сезімдерін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz