Диалектика ілімі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Даму. Диалектика ілімі. 1
Әдебиеттер тізімі 9

Даму. Диалектика ілімі.

Диалектика деген сөз ертедегі гректің екі - диа (екеу), лог (ұғым,
мағына) сөзiнен тұрады. Диалог екеудің әңгімесі. Диалектиканың пайда болуы
пiкiр таластық іс-әрекетке байланысты болды. Себебі ертедегі гректің
ақылды, шешен кісілері сенатта, сотта сөз сөйлеп жұртты өз пікіріне
қарататын, диалог арқылы өз мақсатына жететiн, өзіне жақтастар табатын.
Шындықты табудың көзі айтыс, қарама- қарсылық пікір және сөз таластыру
арқылы ақиқатқа жету.
Диалектика белгілі бір процесс, ақыл-оймен дүние мәңгі қозғалыста,
қимылда деп түсіну әдісі.
Гераклит (грецияда, б.з.б. V ғ), дүние мәңгілік қозғалыста,
қозғалмайтын нәрсе жоқ деді. Болмыс пен болмау- өзара байланыста, біріне-
бірі тәуелді және біріне-бірі өтіп отырады. Бұл диалектикалық ойдың
тарихына қосылған зор үлес екендігінде дау жоқ. Кратил ұдайы өзгеріп
отыратын, қозғаушы күштің үзілмейтінін көрсетсе, Зенон, оның қарсы жағын,
үзілетінін атап көрсетеді. Мұны Гегель: Тезис- антитезис- синтез дейді.
Қайта өрлеу дәуірінде қарама-қарсылықтардың үйлесімділігі туралы
диалектикалық идеяларды Николай Кузанский мен Джордано Бруно ұсынды. Жаңа
дәуірде метафизиканың үстемдігіне қарамастан, Декарт өз Космогониясында,
Спиноза - өзіне-өзі себеп болатын субстанция ілімінде диалектикалық ой
үлгілерін жасады. Декарт: Құдай дүниені жарата отырып, оған импульс немесе
түркі болады, яғни сағат жөндеуші, сағаттың механизмін бұрай отырып,
қозғалысты хабарлайды. Бұл пікір қоғамдық құбылыстарды талдауға
қолданылмайды - деді.
XVIII ғасырда француз ағартушылары Вольтер және Руссо тарихтың даму
идеясын ұсынды. Қоғамды дамытушы рухани күш, немесе рухани фактор - мораль,
дін және идеялар болады деп есептеді. ХІХ ғ Маркс пен Энгельс: идеяны
тудыратын данышпандар, қозғаушы күш халық,- деп түсіндірді.
Диалектикалық әдіске қарама-қарсы метафизикалық ойлау әдісі бар. Бұл
әдісті Софистика (софизм) мен эклектика ағымдары қолданды. Софизм бір
нәрсені дәлелдеп пікір айтуға логика қағидасын бұзатын теріс тәсілдер
қолданады, және бұл дәлелі дұрыс секілді болып көрінетін әртүрлі айла-
шараны пайдаланды. Әрине, бұл объектінің ішкі болмысын, табиғатын шынайы
ашпай, сыңар жақтылыққа ұрынады. Ал, эклектика (гр. Eklego- таңдаймын) -
әртүрлі бағыттардың немесе шындықтардың негізгі шешуші жағын айқындап
алмай, түрліше қарау жолдарын приницпсіз, қалай болса солай біріктіре салу.

Софистика мен эклектика метафизиканың ерекше бір түрлері болып
табылады. Өйткені, екеуіне тән нәрсе: сыңар жақтылық, құбылыстардың
арасындағы нақты байланыстарды елеумешілік, негізгінi ажырата білмеушілік.
Оларға төменгiлер де жақын.
Релятивизм (лат. Relativus - қатынастылық) танымның дайын жауаптарын
интерпретациялау (түсіндіру, талдап беру). Релятивизм адам танымының
шарттылығы және субъектілігі туралы ілімі. Релятивизм білімінің
салыстырмалығын мойындап, танымның объективтілігін жоққа шығарады, біздің
білімімізде объективті дүние бейнеленбейдi деп есептейді.
Догматизм- ойлаудағы икемсіздікке сүйеніп қабылданған қағиданы
дәлелсіз, абсолюттік ақиқат деп санайды. Теориялық және саяси мәселелерді
зерттеп шешуде нақтылы жағдайларды ескермейтін абстрактілік әдіс.
Диалектика - ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан-жақты зерттеудің, яғни
әр түрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама- қарсылық күштердің даму
барысындағы өзгерістер мен процестердің негізін табу. Диалектика - ойлаудың
объективтілігі, софистика - ойлаудың субъективтiлiгi.
Диалектика ұғымы тарихи дамып мазмұны тереңдей береді. Сондықтан оның
тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым
диалектика - дүниенің сезімде берілетін сырт бөлгінің мәңгі өзгерісіне
сүйенеді; идеалистік диалектика - ақыл-ойдың жалпы ұғымдарының бір-біріне
ауысып отыратынына негізделген; идеалистік - тарихи диалектика - ұрпақтар
санасындағы қайшылық-тардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика -
қайшылық пен даму санада ғана емес, дүниенің өзінде де барын дәлелдейді.
Осыны нақтылау үшін объективтік диалектика (санадан тыс дүниенің дамуы)
және субъективтік диалектика (сана-сезімнің дамуы) деп бөлеміз. Жалпылай
келгенде диалектика бүкіл болмыстың (материя мен сананың) дамуы туралы
ілім. Содықтан оны табиғаттың, қоғамның, адам санасының жалпы заңдылықтарын
ашатын ілім деп санаймыз.
Жүйелік принцип және осымен байланысты жүйелік әдіс - қазіргі
заманда, өзіне көптеген диалектика теориясының идеяларын енгізіп, ғылым
мен практикадағы өте маңызды әдістемелік бағыт болды. Әрбір жүйелік
зерттеудің негізі - зерттеу жүйесінің тұтастығы туралы түсінік, жүйелік
принцип. Жүйелік зерттеуде объектінің сыртқы ортамен ара қатынасын және
өзінің ішкі құрымын жіктеуі арқылы элементтерін, қасиетін, қызметін,
олардың тұтастықтағы орнын бөлуде көп қолданылады. Жүйе тұтастығы байланыс
түсінігі арқылы түсіндіріледі. Заттар арасындағы байланыс түрлі сипатта
болады: бір бірімен тікелей байланысты, бір қатар жанама буындар арқылы
байланысты, әрдайым өзара тәуелдік, өзара әрекеттестік түрінде көрінеді.
Дүние бірқалыпты емес, сан қилы. Заттар қалай орналассада, дүниеде
барлық заттар бір - бірімен байланысты. Оның түрлері: күрделі-жай, тұрақты-
кездейсоқ, уақытша-қайталанған, негізгі (мәнді, маңызды, елеулі) - ішкі –
қосалқы, сыртқы, қажеттi - қажетсіз.
Дүниедегі шексіз байланыстардың ішінде, нақты әлемде философиялық
тұрғыда тануда, жалпылық әмбебептық байланыстар қарастырылады, олар тарихи
типке бөлінеді: жекелік-жалпылық, көптік – бірлік, ұқасатық-ерекшілік, сапа-
сан, жай-күрделі, бөлік-бүтін, шекті-шексіз, тұр-мазмұн және басқада
осындай байланыс түрлер болмыстың құрылымдық категориялары тобына
кіреді.
Танымның тарихында тағы да басқа категориялар катары - әмбебаптық
детерминациялық байланыстарды білдіреді: құбылыс-мән, себеп-салдар,
қажеттілік- кездейсоқ, мүмкіндік- шындық.
Әмбебаптық байланыстың алғашқы талдау тәсілін шартты түрде
горизонтальдық, екіншісі вертикальдық деп атайды.
Детерминизм (лат determinio - анықтау) - табиғат пен қоғамда
кездесетін оқиғаны, құбылыстарды және адамның еркі мен мiнезiнiң өзара
байланысының себептерін, себептілігінің заңдылығын зерттейтін ілім.
Философиялық танымда детерминизм принципінің орны зор. Дүниені
материалистік түсіну және ғылыми таным негізінде себептілікті мойындау
және құбылыстардың заңдылығын iздеу жатыр. Детерминизмдегі себептілікті
түсінбеу адамды басқа жағдайлар ғажап құбылыстарды мойындауға алып
келеді.
Қазіргі кезде детерминизм ұғымы, ұзақ тарихи даму арқылы себептілік -
салдар және заңдылық принципi болып қалыптасады.
Себептілік (каузальдық - лат caus - себеп деген сөз) құбылыстардың
жалпылама заңды байланысының түрі.
Себеп - құбылыстың тууы, оның күйінің өзгеруіне және оның жойылуына
жағдай туғызады. Себептің нәтижесі - салдар. Басқа оқиғаның алдында
болатын, оның пайда болуына мүмкіндік жасайтын, бірақ тудырмайтын және
анықтап бере алмайтын оқиға - сылтау саналады ол сыртқы болмашы байланыс.
Себеп пен салдардың әрекеті, айналысындағы құбылыстарға әсер етеді. Бұл
құбылыстардың жиынтығын жайғдайлар деп атайды. Жағдайлар тиісті оқиғаның
болуы үшін қажет.
Дүниені ғылыми тану ұғымдар арқылы іске асады, олардың күнделікті
сөздер мен терминдерден айырмашылығы жалпылығында (көп зат, құбылысқа ортақ
қасиеттердi, сапаны т.б. белгіленуі) және бір мәнділiгінде. Философия өте
жалпы байланыстарды, заңдылықтарды қарастыратындықтан өте жалпы ұғымдарды
қолданады, оларды категориялар деп атайды. Диалектика категориялары
дүниенің дамуын көрсете білуі үшін, дамудың көзі қарама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болмыс мәселесі
Дүниеге қөзқарас пен оның типтері жайлы
Диалектика және метафизика
Дүниеге қөзқарас және оның типтері жайлы
Дүниеге көзқарас туралы ақпарат
Диалектика
Диалектика теориясының мәселелері
Диалектика және таным теориясының негіздері
Дүниеге қөзқарас және онын типтері. Ежелгі Қытай философиясы. Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері туралы ақпарат
Дүниеге қөзқарас және онын типтері.Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері
Пәндер