Диалектиканың жалпы болмыстың өзі процесс
§ 2. Диалектика және метафизика
Осыған дейін біз ойлаудың тәсілін танымның тәсілі деп қарадық. Яғни
ойлау мен танымды бір нәрсе, ол екеуі егіз деп түсінуді көрсеттік. Бұл
бірақ, бұрын да айтқандай, батыс ойлау үрдісінің, оның дүниеге қатынасының
үлгісі. Философияны ғылым, оның тәсілін де ғылыми тәсіл деп білу. Шығыстың
дүниеге қатынасының өзгешелігін де айтқанбыз. Олардың барлығының негізінде
адамдардың әртүрлі құндылықтары жатыр дедік.
Диалектика мен метафизика осындай тәсілдер. Дүниені толассыз өзгерту,
оны бүкіл түбінен қайта құру, өз мұқтаждығына сай қайта жасап отыру, яғни
дүниеден, әлемнен тек бір пайданы ғана көру, оны тұтынудың ғана көзімен
аңдау, сезіну, бұл белгілі бір құндылық. Бұл батыста да, шығыста да бар,
бірақ батыстың дүниеге қатынасында ол басым. Бұл тұрғыдан таным айрықша
мәнге ие болады. Соның нәтижесінде адам дүниеге үстем, ол әлемнің жалғыз
иесі, кіндігі, бар дүние сол үшін жасалғандай, сол үшін болатындай ойлауга
бейім етіп тұрады. Диалектиканың негізінде дүниеге осындай қатынастың табы
бар. Онда дүниеге танымның негізінде, дүниені өзгерту процесінде ешбір
тарихи шекті білмейтін толассыз өзгеріске адамдық ұмтылыс жатыр. Бұл
ұмтылыс диалектиканың белгілі бір өзегі, бірақ бірден бір мазмұны емес. Бұл
қатынас бүтін табиғатынан теріс нәрсе емес, тек өзінің шектен шыққан
ұмтылысында, басқа қатынастардың бәрін ығыстырып, алга шыққан да ғана оның
адамдық мәнді бұзатын бағыты анық көріне бастайды.
диалектика термині ежелгі Грецияда шыққан. Алғашқы кезде диалектиканы
әртүрлі пікірлес адамдардың өзара сұхбаты, пікір таласы арқылы ақиқатқа
жетудің жолы деп түсінген. Аристотельдің айтуынша диалектиканы алғаш ойлап
тапқан Зенон. Аристотель өз философиясында диалектиканы ықтималдық пікірлер
жөніндегі ілім деп, оны дәлелдеулер туралы ілімнен аналитикадан таратып
қарайды.
Әрине, диалектика өмірдегі, табиғаттағы бар нәрсеге зейін қоя
табиғаттағы, қоғамдағы толассыз қозғалыс, өзгеріс. Диалектиканың жалпы
болмыстың өзі процесс. Онда мәңгі тұрақты ешнәрсе жоқ. Өмір жалпы агым.
Болмыста барлық құбылыстар өзара не дәнекерлі байланыста. Ежелгі Грецияда
мәселені осы алғаш қойған Гераклит (б. д. д. VI ғ.). Элей қаласынан Зенон
әрбір нәрсенің ішкі қайшылықта екенін алғаш ашты. Ол қозғалыстың не
екендігіне тұңғыш логикалық талдау жасап, қозғалыс шын мәнінде жоқ деген
тұжырымга келген. Біздің сезімдеріміз куәлігіне қарасақ бар сияқты, бірақ
ақылдың қозғалыстың тыныштық қалыптардың жиынтығы екенін көрсетеді деген.
Бұған біз қозғалыс туралы тақырыпта кеңірек тоқталамыз. Диалектикалық ойлау
тарихта үш кезеңді бастап кешіруде.
Антика дәуірінің диалектикасы. Оны тұтастықтың немесе бүтіндіктің
(целостность) диалектикасы деуге болады. Бүтіндіктің диалектикасында әлі
даму идеясы жоқ. Антика дәуірінде философияның көптеген бағыттары болды,
олардың барлығына дерлік диалектикалық ойлау тән. Толассыз қозғалысты
элеаттардан басқаларының бәрі де мойындайды, бірақ өзгеріс, әсіресе даму
олардың ұғымына жат. Осы ерекшелік әсіресе Платонда айқын. Платонның бұрын
айтқан мәңгілік түпкі идеялары ешқандай өзгермек емес. Аспан денелері,
мысалы, осындай мәңгі өзгермейтін нәрселер, себебі олардың табиғаты рухани
нәрсе, материалдық емес. Аспан денелері қатаң анықталған бір жолымен
(орбитасымен) мәңгі қозғалыста. Қозғалыс бар, өзгеру жоқ Табиғаты неғұрлым
жетілген, яғни ешбір кемдігі жоқ, тұтастық өзгеруге тиіс емес. Тұрақтылық
жетілгендіктің (совершенство) белгісі. Тірі жәндіктер, әсіресе адамдар
қатаң бір жолмен жүрмейді, олардың қозғалыс жолы бұралаңқы. Бұл олардың
рухани табиғатының жетілмегендігін көрсетеді. Олар кемдігі жоқ тұтастықты
әлі таппаған. Сондықтан да олардың өмірі тұрақсыз, өзгере береді, Платонның
қоғамның мемлекеттік құрылыс туралы ілімі осындай жетілген, барлық, қажетті
бөліктері түгел жүйені ұсыну. Қоғамдық құрылыс мәңгі өзгермейтін болуға
тиіс. Барлық нәрсе өзінің түпкі ұғымына сай құрылса, ол өзгермейді.
Ең негізгі құндылық тұрақтылықта. Өзгермелілік шексіз бақылаусыздық.
Жетілген бүтіндік, яғни қажет бөліктерінің бәрі де бар бүтіндік, мысалы
қоғамдық құрылыс, адамдар үшін де, құдайлар үшін де ең негізгі игілік.
Бүтіндік, ол бөліктердің жәй жиынтығы емес. Бүтіндік бөліктерді
анықтайды. Бөліктің мәні сол бүтіндіктің құрамындағы орнына байланысты, ал
оны бүтіндік анықтайды, яғни сол бүтіндіктің идеясы. Бүтіндік, әрине,
барлық уақытта қозғалыста, бірақ ол қозғалыс соның өзін үнемі қайта түзеп,
қалпына келтіріп отыру керек.
Антика дәуіріндегі диалектикалық ой бүтіндіктің ішкі қайшылыққа
құрылғанын, соған байланысты іштей терістеушілікке, қарама-қарсылықтардың
бірі екіншісіне ауысып отыратынын да айтқан. Бұл әсіресе Гераклитке тән
көзқарас. Антикалық диалектикалық идеяда бар нәрсені бейнелеу болуға тиісті
құндылықтан терең жатыр. Оларда өмірдің өзінің қандай екенін ғана емес,
болуға
Ежелгі гректің Элей қаласынан шыққан ойшылдар тобын да суреттейді.
Мысалы, Платон үшін бүтіндіктің идеясы ең алдымен өзінің өмірлік мұратын
іске асырудың жолы. Диалектикалық ойлау тәсілінің классикалық кезеңі
XVIII, XIX ғасырлар. Оның негізін салушылр классикалық неміс философиясы,
Маркстік диалектикалық ой. Бұл кезеңдегі диалектикалық ойлау концепциялары
да әртүрлі принциптерге негізделген, бірақ оларды жақындастыратын негізгі
ерекшеліктер: даму идеясы, іс-әрекет, белсенділік принципі.
Антикалық дәуірмен Жаңа дәуір философиясын жақындастыратын идея барлық
болмысты, адамды қоса, бір тұтас ететін оның субстанциялық негізі. Ол
субстанциялық негізді, әрине, бұрын да, жана дәуірде де өр ойшыл әртүрлі
нәрселерден көрді. Бірақ субстанцияның барлығына күмәнданған жоқ. Бұл
тұрғыдан даму идеясына сай қандай да болса тұтастық, бүтіндік бір негізден
өрбиді. Барлығы да сол негіздің басқаша формалары. Тұтастық туралы идея
жаңа дәуірде де сақталады. Дүние жалпы тұтастық. Жеке құбылыстар, нақты
формалар іштей байланысқан, толық дара, басқалармен ешбір байланысы жоқ
құбылыс болмайды, мүмкін емес. Тек олардың сабақтастықтары сан түрлі,
байланысудың табиғаттары да өзгеше.
Жаңа дәуір диалектикасының өзгешелігі сол дүние тұтасымен алғанда да,
жеке салаларын оқшау қарағанда да үздіксіз даму жолында. Қозғалыс,
өзгерістердің ішкі мәні даму. Тек даму ғана өткен мен бүгінді, бүгін мен
келешекті тұтастыратын нәрсе.
Жаңа дәуірде, яғни буржуазиялық қатынастар мен өнеркәсіптің айрықша
пәрменділікпен өрістеуі танымның, ғылымның қоғамдағы орнын барынша
зорайтып, рухани өмірдің негізгі пішінін анықтаушы күшке айналдырды. Ғылыми
емес немесе оған қайшы келетін нәрселер түкке тұрмайтын нәрседей бағалана
бастайды. Философия да өзін ғылым деп қарап, өзін ғылыми нормалар мен
өлшемдер арқылы қайта құруды мақсат етгі.
Ғылыми ойлаудың негізгі объектісі болмыстағы заттар мен процестердің
арасындағы қатаң себеп-салдарлық байланыстар болғандықтан ойлаудың
сезімділік формалары онда негізгі орынға ие бола алмайды да, алған
сезімдерден ада, таза болған логикалық формалар шығады. Ғылыми танымда ой
мен ойдың арасындағы қатаң бірінен екіншісі міндетті түрде туындайтын
қатынастар жоғары бағаланады. Философиядағы ойдың еркін өрбуінің орнына
ғылымдағыдай бұлтармайтын тұжырымдар мен негіздеу алға шықты. Бірақ сезім
түгіл адамнан, тіпті табиғаттан ада болған абсолюттік формаларының бірінен
бірі үдемелі өрбу жолымен тұтас әлемдік айналуын іске асырған Гегель болды.
Ол өз жүйесін философия ғылымға айналуының шегі деп қарады. Тіпті негізгі
еңбегің логика ғылымы деп атады.
Табиғат та, адам да Абсолютік рухтың жолындары нақты сыртқы формаға
ие болған, іске асқан формалары, оның өзін өзі тануының формалары,
Абсолюттік идеяға, яғни тазаланған формасына қайтып оралу жолындағы өткінші
кезең.
Гегельдің жүйесіндегі даму осы Абсолюттық рухтың Абсолюттік дамуы.
Барлық логикалық формалар, категориялар, рух осы сапарындағы бір сәт қана
ие болатын келбеттері. Тынымсыз дамудың, өзгерудің себебі сырттан келмейді,
әр құбылыстың ішкі қайшылығынан. Әрбір бүтін құбылыс ішкі қайшылықта, онда
қарама-қарсы жақтар, ұмтылыстар, бағыттар бар, олар бір-бірін теріске
шығарады әрі бір-бірін толықтырады. Құбылыстарда абсолюттік ішкі тепе-
теңдік жоқ, сондықтан да олар үнемі қозғалыста. Гегель ішкі қайшылықты
алаңсыз теріс нәрсе деп ұғынудан аулақ. Гегельге дейін көбінесе осылай
ойлаған. Керісінше, Гегель ішкі қайшылыққа соншалықты зор мән берген.
К.Маркс Гегельдің диалектикалық ойларын біршама жалғастыр ьол
диалектикалық сипат адамнан, әлемнен тыс Рухтың емес, ират пен адамнын,
адам тарихының ішкі мәні деп ойлады. Диаең алдымен адамның дүниені өзгерту
қызметіне тән, яғни тарихында неғұрлым айқын.
К.Маркс және әсіресе оның бағытын жақтауші Ф.Энгельс дианы, жалпы
философияны ғылымға жатқызды. Олар өз фило(рИясын материализмге санап,
өзінің философиялық көзқараста териалистік диалектика деп атағаны белгілі.
Материалистік диалектика табиғаттың, қоғамның және ойлаудың ең жалпы
зандарын зерттейтін ғылым. Маркстің түсінуінде қоғамдық сананы қоғами
болмыс анықтайды, ол қоғамдық болмыс адамдардың өз өмірін саудық (оңың
сөзімен айтқанда өндірудің) және қайта жасаудың жолы немесе тәсілі. Бұл
ұғымга қоғамдасқан адамдардың өзара тынастары, яғни қоғамдық қатынастары да
жатады. Өйткені адам өзара қандай қатынастарда тұрса, олардың басқа дүниеге
де қатыстары жалпы алғанда сондай. Адамдардың дүниені өзгерту қызметтердің
өзара қатынастарын өзгерту қызметтері шын мағынада бір процестің екі жағы.
Осындай екі ұдайлық ойлауга да тән не алғашқының бейнесі.
КМаркс Гегельдің даму жөніндегі идеяларын жалпы да қолдады, бірақ
оларды қоғамдық тарихи процестің ішкі қайшылықтарынан шығаруды дұрыс деп
тапты. Адам табиғатгық диалектикасын сырттай әрекетсіз андау жолымен емес,
сол табиғатты игеру қызметінде оның диалектикасын жаңгыртады, дамытады.
Өйткені Маркстің түсінуінде тарихи процесс те объективтік болмыс, болмыстың
дамыған жоғарғы түрі. Гегельдің белгілі ойын жалғастыра отырып, ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz