Н. А. Добролюбовтың өмірі мен қызметі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Н. А. Добролюбовтың өмірі мен қызметі және оның педагогикалық көзқарастары1

Н. А. Добролюбовтың философиялық, қоғамдық-саяси және педагогикалық көзқарастары2

Н. А. Добролюбовтың өмірі мен қызметі және оның педагогикалық көзқарастары

Орыстың ұлы революцияшыл-демократы, тамаша сыншысы, публицисті және педагогі Николай Александрович Добролюбов 1836 жылдың 24 январында Нижний Новгородте (қазірг Горький қаласы), священниктің семьясында туған.

Ол өте жастайынан оқый бастады. Оны оқый білугеанасы үйретт. Оның үзбей жүйелі оқуы 1844жылдың ортасында, яғни 8, 5 жасқа келгенде басталады. Үш жылдан кейін Добролюбов духовное училишенің 4-(жоғарғы) класына оқуға түседі. Кластағы ең жақсы кіші және ең көп оқыған, дайындығы мол бала Добролюбов болды. Духовное училищенің курсын Добролюбов барлық пәннен үздік бағамен бір жылдың ішінде бітіріп шығады, сөйтіп 1848 жылдың күзінде Нижегород духовная семинариясының тіл-әдебиет класына түседі.

Сол жылдардың өзінде-ақ ол орыстың көркем әдебиетін жақсы оқып үйренген еді. Нижний Новгородте тұрған кезінде-ақ ол Герценнің «Табиғатты зерттеу туралы хаттарң деген негізгі материалистік еңбегін және Белинскийдің «1847 жылғы орыс әдебиетіне көзқарасң деген мақаласын оқып шыққан болатын.

Добролюбовтың әдебиеттік қызметі айтарлықтай ерте басталады. Оның 1849 жылдары жазылған өлеңдер дәптері жұртқа мәлім. Ол 1850 жылы «Ахинеяң деген қолжазба журнал шығарады, онда: тіл, ғылым және сын бөлімі болады.

1853 жылы август айында Добролюбов Петербургке келеді. Мұнда келгенсоң студенттері қазна есебінен тәрбиеленетн Бас педагогикалық институтқа түсуге мүмкндік бар екенн біліп, сол институттың тарих-филология факультетіне емтихан тапсыруға ұйғарып, оны тапсырып шығады.

Добролюбовтың Бас педагогикалық институт туралы мақаласы «Современниктіңң 1856 жылғы август айындағы санындабасылып шығады және мүнысы, Чернышевскийдің айтуынша, жұртқа «тамаша әсер етедің. Добролюбов Чернышевскиймен сол жылдың жазында танысады.

1857 жылы Добролюбов иститутты бітіреді де «Современниктіңң тұрақты қызметкері болады, бұл журналда оның тамаша публицистикалық мақалалары басылып отырады.

Добролюбовтың ерекшк дарындылығы іс жүзінде оның халыққа деген шексіз сүйіспеншілгмен, крепостнойлыққа және самолержавиеге қарсы табанды түрде жүргзген революцияшыл күресмен тығыз және органикалық ұштасып отырады. Ол төрт жыл ішінде өз замандастарының да, брнеше болашақ ұрпақтардың да ақылшысы боларлықтай дәрежеге ие болды.

Николай Александрович Добролюбов, 1861 жылы 17 ноябрьде, 25 жасында қайтыс болды. Оны 20 ноябрьде Волкова зыйратына Белинскиймен қатар жерледі.

Н. А. Добролюбовтың философиялық, қоғамдық-саяси және педагогикалық көзқарастары

Чернышевский мен Добролюбов шаруалар революциясы идеясының жыршысы болды. Крепостнойлық қарым-қатынасты революцияшыл жолмен күйрету қажет екенн қатты қолдап, Николай Александрович былай деді: «Егерде негіз құрушы халықтың төменгі табы болса, оған әсер ету керек, істің шын мәнісіне соның көзін жеткізу керек, оның бойындағы ғасырлар бойы алып ұйқымен қозғалмай жатқан күштерін қоздырып ояту керекң.

Өзінің философиялық көзқарасы бойынша Добролюбов материалист болды. Әрбір философияның негізгі мәселесә - ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені олтыянықты материалистік тұрғыдан шешті. Болмыс, материялық дүние бірінші реттік. Ол бізден тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Сана, ой екінші реттік болады. Ол өмір сүріп тұрған материялық дүниенің бейнесі. «Жеребцов мырзаның жазып шығарған орыс цивилизациясың деген мақаласында, Николай Александрович былай деп жазады: «ой материалы сыртқы нәрселерді тану емей немене? Нәрсесіз ой туу мүмкін бе; онда ол ақылға сыйымсыз дерексіз, ешқандай формасыз және мазмұнсыз бірдеңе болмай ма? Мұндай нәрсесіз және формасыз ойдың болуы мүмкіндігін қорғауә деген жоқ нәрседен бірдеңе жасауға болады деп кесіп айтқандық қой!ң

Добролюбов «Адамның органикалық дамуың деген мақаласында адам өзінің ұғымдарын сыртқы дүниеден қабылдап алады деп көрсетеді.

«Адамда сана жетіле келең нәрселер арасындағы қайшылықты байқағыш болатының табиғи және шүбәсіз екенін айта келіп, Добролюбов адамның өзі жөніндегі және өзін қоршап тұрған жаратылыс туралы алғашқы елестеуінің дамуын және пайда болуын, қараңғы күшпен жарық күш туралы түсінігің қалай пайда болғанын баяндады…

Өзінің ұстазы Чернышевский сияқты, Н. А. Добролюбов таным теориясында дәйекті материалистік бағытты ұстап, объективтік дүниені танып-білу мүмкіндігін жоққа шығаратын немесе оған күмән келтіретін агностицизм мен скептицизмді батыл сынады. Бізді қоршаған табиғатта санадан тәуелсіз объективтік зандар әрекет етеді, адам ол зандарды өзгерте алмайды, тек оларды танып-біліп, өзінің практикалық қызметінде пайдаланады деді ол.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс халқының философиялық ойлары - әлемдік философия мен мәдениеттің органикалық бөлігі
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс
Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы
Қазақ даласындағы педагогикалық ой-пікірдің сипаты
Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтың педагогикалық теориясы туралы ақпарат
Ыбырай Алтынсарин. Өмірі мен балалық шағы
Қазақ хрестоматиясы оқулығынан
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беруге қойылатын талаптар
Уәлиханов шығармашылығын
Абайдың философиялық көзқарасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz