Мемлекеттік бағалы қағаздардың экономикалық мазмұны



Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда бағалы қағаздарды толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы.қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заимдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда еліміцде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бұл курстық жұмыста бағалы қағаздардың операцияларын ең басты есептерін қарастырамыз олар: акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі, дивиденттер есебі, қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі, борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі, бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар.Қазақстанның бағалы қағаздарының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы . бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан.жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады. Сонымен, курстық жұмыстың басты мақсаты . Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының теориялық негіздерінің мәнін талдау. Акция ме облигациялардың

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда бағалы қағаздарды толық
қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін
қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік
құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған
қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың реалды секторына жұмсауды
қажет етеді. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер
келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске
асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық
банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын
сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында,
Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу
құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға
күш салып отыр. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар,
сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы
қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда
аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар
нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың
кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып
табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен
ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта
құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай
жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан
да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен
заимдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса,
онда еліміцде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бұл курстық жұмыста бағалы қағаздардың
операцияларын ең басты есептерін қарастырамыз олар: акционерлік қоғамның
меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі, дивиденттер
есебі, қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі, борыш
міндеттемелері бойынша операцияларының есебі, бағалы қағаздардың
бағасыздану бойынша операциялар.Қазақстанның бағалы қағаздарының ағымдағы
жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты
дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы - бұл жалпы
нарықтар сияқты экономиканың жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет
ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар
факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады.
Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген
артықшылықтары жарамсыз болып қалады. Сонымен, курстық жұмыстың басты
мақсаты – Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының теориялық негіздерінің
мәнін талдау. Акция ме облигациялардың инвестициялық қасиеттерін және
олардың шығарған эмитенттердің рейтергтік бағалауын тәуелсіз рейтенгтік
компаниялар анықтайды. Анықтамалық мәліметтер негізінде олар барлық бағалы
қағаздардың потеционалды сатып алушы үшін сенімділік дәрежесіне байланысты
топтайды. Бағалы қағаздарды таңдауда басшылыққа алатын негізгі құралы
рейтенгтік бағалау болып табылады. Қаржылық активтер үш топқа жіктеледі:
жоғары сапалы бағалы қағаздар, орташа бағалы қағаздар, жоғары табысты
бағалы қағаздар.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздарының дамуын талдау;
- Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдар және бағалы
қағаздарын талдау;
Мақсаттан туындайтын міндеттер:
- Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздарының даму бағытын
талдау;
- Құнды қағаздардың дүниежүзілік тәжірибедегі орнын қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздарын талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Мемлекеттік бағалы қағаздардың экономикалық мазмұны

1. Мемлекеттік бағалы қағаздар қажеттілігі мен табиғаты

Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару
арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және
сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың)
алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.
Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш
түрге бөлінеді:
– мемлекеттік;
– муниципалды;
– корпоративтік.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан
Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын
қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы
қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін
шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны
болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы
ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы
қағаздардың мынадай түрлері бар:
– Ұлттық жинақ облигациялары;
– Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)
– Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)
Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі
жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен
шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат –
құрылыс, яғни ауыруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын
үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік
мәселелерін шешу болып табылады.
Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң
күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе
шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын
корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп
жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.
Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай бағалы қағаздар;
б) капиталды бағалы қағаздар.
Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы
қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын
жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана
алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді,
яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын
(капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен
облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.
Өздерінен алынатын табысқы байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа
бөлінеді:
• қарыздық бағалы қағаздар;
• инвестициялық бағалы қағаздар.
Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент
көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен)
тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға
облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар
жатқызылады.
Инвестициялық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші
активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне
акцияны жатқызуға болады.
Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге
бөлінеді:
• қорлы бағалы қағаздар;
• саудалық бағалы қазаздар.
Қорлы бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында
айналысқан түсіеді және көп мөлшерде эммиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл
түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық бағалы қазаздар – бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір
коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар
мынадай болып екіге бөлінеді:
• нарықтық бағалы қағаздар;
• нарықтық емес бағалы қағаздар.
Нарықтық бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін
сатылып немесе сатып отырылды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар – бұл аталған бағалы қағаздар
қолдан–қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш
топқа бөлінеді:
• негізгі (акция, облигация);
• көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;
• туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да
басқалар)
Жинақ сертификаттары - бұл банктердің салымшыларға белгілі мерзімге
ақша каражаттары (депонирлеу) салынғаны туралы берілетін куәліктері. Бұл
мерзім біткеннен кейін ақша салушы өзінің салымын (депозитін) және ол
бойынша сыйақысын қоса алады. Әдеттегі жинақ щоттарынан мұның айырмашылығы
клиентке кітапша емес банктің қарыз қолхатьның ролін атқаратын сертификат
(куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп қойылған мерзімге
жетпей алуға болады, бірақ бұл жағдайда айыппұл (белгілі процент) төленеді.
Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгіде болған және арнайы
қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған.
Соңғы уақытга бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай көбеюіне
байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түріңде, сондай-ақ ақпараттың
әр түрлі сақтаушыларында (оның ішінде дискеталарда) жасала бастады, яғни
табиғи көрнекті емес (қағазсыз) үлгіге көшті. Сондықтан, бағалы қағаздар
нарығында бағалы қағаздармен қатар олардың орнын алмастырушылар да
шығарылады, айналымда болады, жойылады. Бағалы кағаздың иесіне мұндай
жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат - бағалы қағаздың сертификаты
беріледі.
Ішкі МБҚ қарыз қатынасында оның ұстаушысының мүліктік құқығын
айғақтайды. Оның қарыз алушыларына ҚР Үкімті, ҚР Ұлттық банкісі, жергілікті
атқару органдары жатады. Сыртқы нарықта мемлекеттің еурооблигациясы
айналыста болады.
ҚР олардың алғашқы орналасуы әдетте ҚР Қаржы Министрлігі немесе ҚР
Ұлттық банкісі арқылы өтеді. Барлық МБҚ құжаттандырылмаған формада
шығарылады.
МБҚ әр түрлі әдістерімен (аукцион, сауда-саттық, ашық сату, жабық
тарату және т.б.) орналастырылады. Кез келген заңды және жеке ьұлғалар,
сондай-ақ резидент еместерде оның сатып алушылары болуы мүмкін. Негізгі
инвесторларына тұрғындар, екінші деңгейлі банктер, зейнетақы және
инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары жатады.

2. Мемлекеттік бағалы қағаздардың жіктелуі

Мемлекеттік бағалы қағаздар – мемлекет шығарған ұзақ мерзімді бағалы
қағаздар. ҚР қаржы министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкі эмитенті болып
табылады. МБҚ шығару формасы – құжатсыз формада. МБҚ әртүрлі әдістермен
орналасуы мүмкін (акциондарда, саудада, ашық саудада және жабық таратылуда
және т.б.) МБҚ сатып алушылары кез келген жеке және заңды тұлғалар, сондай-
ақ резиденттер еместер де болуы мүмкін.
МБҚ шығару мақсаты
Республикалық бюджет дефицитін инфляциясыз негізде қаржыландыру
(қолданысқа  қосымша ақша шығармай-ақ).
Мемлекеттік бағдарлама мақсатында қаржыландыру (тұрғын үй құрылысы,
әлеуметтік қамсыздандыру және т.б).
Экономикалық белсенділікті реттеу (қолданыстағы ақшаны, бағаға және
инфляцияға әсер етуін, экономикалық өсімді, инвестцияның бағытын және т.б.)
Бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушыларына қаржының сенімді және
жоғары ликвидті жинақталуы ұсынылады. (МБҚ бойынша кіріс инфляция
деңгейінен артады).
Бағалы қағаздар нарығындағы кейбір түсініктер мен құрылымдар
Қазақстан Республикасындағы МБҚ-ның негізгі түрлері: 
Қысқа мерзімді ГККО (МЕККАМ)
ҚР Қаржы министрлігі шығаратын 3, 6 және 12 айға ұсынатын қысқа
мерзімді қазыналық міндеттер.
Міндеттеменің номиналды бағасы – 100 теңге
Міндеттеме құжатсыз формада шығарылады және ҚР Орталық
депозиттарийінде  есептеледі.
Міндеттеме дисконттық бағада, яғни ҚР Қаржы министрлігінің
тапсырмасымен ҚР Ұлттық банкі өткізетін аукциондар арқылы  төмен бағада
орналастырылады. Аукционға қатысуға Алғашқы дилерлер ғана, яғни Қаржы
министрлігінде тендерден өткен және келісімге отырған банктер мен
компаниялардың ғана құқығы бар. Алғашқы дилерлер болып саналмайтын барлық
инвесторлар Алғашқы дилерлермен қызмет көрсету келісім-шартына отыру арқылы
ғана операция жасай алады. Алғашқы дилерлер субдепозитарийлердің функциясын
атқарады. Аукционды өткізу мерзімі мен эмиссия көлемі аукцион шарттарында
хабарланады.
Орта мерзімді ГСКО (МЕОКАМ), 
Қысқа мерзімді ГВКО (МЕКАВМ)
ҚР Қаржы министрлігі шығаратын 3, 6, 9 және 12 айға ұсынатын қысқа
мерзімді қазыналық валюталық міндеттер.
Міндеттеменің номиналды бағасы – 100 АҚШ доллары.
Міндеттеу құжатсыз формада шығарылады және ҚР Орталық депозитарийінде 
есептеледі.
МЕКАВМ орналастыру және қолдану шарттары МЕККАМ-дың орналастыру және
қолдану шарттарына сәйкес.
Инвестор төлем жасалған күнгі Ұлттық банктің курс бағамына сәйкес
төлейді.
Эмитент төлем жасалған күнгі Ұлттық банктiң курс бағамына сәйкес төлейді.
Индекстелген ГКО (МЕЙКАМ)
Индекстелген қазыналық міндеттемелер қазына иесіне оның өтем барысында
оған номиналды құнын алуға және номиналды құнына пайызбен сыйақы алуға
мүмкіндік береді. Инвесторлармен қазыналық индекстелген қазыналық
міндеттемелерге құйылған ақшаның индексациясы индекстелген қазыналық
міндеттемелерді ұсынудың үш айлық кезеңі аяқталған уақытта инфляция қарқыны
белгіленген  ағымдағы мөлшерлеме бойынша сыйақы төлеу жолымен жүргізіледі.
Индекстелген қазыналық міндеттеменің номиналды құны – 1000 теңге.
Индекстелген қазыналық міндеттемелер оның ұстаушылары арасында
номиналды құнымен орналастырылады. Индекстелген қазыналық міндеттемелердің
алғашқы шығарылымы бойынша аукционда белгіленген эмиссиясына сәйкес 
кірістің шектеулі мөлшерін, индекстелген қазыналық міндеттемелерге құйылған
инвесторлардың ақшасының инфляциясының шығын компенсациясын  қосатын сыйақы
мөлшерлемесімен белгіленеді. Кірістің шектеулі мөлшерлемесі сатып
алушылардың ұсынысы бойынша аукциондық негізде олардың кірісінің ең төменгі
мөлшерлемесінен бастап белгіленген эмиссияға қол жеткізуге дейінгі
өтініштерінің қабылдануы арқылы белгіленеді. Қабылданған өтініштердің
қанағаттандырылуы аукционға қатысушылардың қанағаттандырылған өтініштерінің
ең жоғары дәрежесіне сәйкес ортақ шектеулі кіріс мөлшерімен жүзеге
асырылады. Қазыналық  міндеттемелердің орналасуы бойынша аукцион сәйкес
эмиссия шарттары хабарланған сәтте басқа күн қарастырылмаса әдетте айына
бір рет соңғы жұмыс күнінен бір күн бұрын жүргізіледі.
ҚР Ұлттық банкінің ноталары
ҚР Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 91 күнге дейінгі
ұсынысымен ҚР Ұлттық Банкімен белігеленеді. ҚР ҰБ қысқа мерзімді ноталардың
орналасуы мен ұсынылу тізбегі МЕККАмдардың орналасуы мен ұсынылуы
шарттарымен бірдей. Аукционнның өткізілу мерзімі және эмиссиялардың көлемі
ҚР-ның Ұлттық Банкісімен реттеледі және аукцион шарттарында хабарланады.
Ұлттық  жинақ облигациялары (ҰЖО)
Ұлттық жинақ облигациялары – 1 жылдық мерзіммен МЕККАМдардың 3 жылдық
ұсыну мерзімінің кірісіне байланысты тоқсан сайынғы купондық мөлшерлеменің
өзгерілуімен  ҚР қаржы министрлігімен белгіленеді. Облигацияның номиналды
құны -1000 теңге. Облигациялар құжатсыз формада  шығарылады. ҰЖО Меккамға
және НОТқа қарағанда номиналды бағамда тоқсанына бір рет енгізіліп,
купонмен төленеді. Барлық иневесторлар облигацияларды сатып алуға өтініш
ұсыну арқылы Қаржы агенттіктері арқылы қол жеткізеді. Қаржы агенттіктері
(ҰЖО-ны тарату бойынша эмитентпен басты келісім-шартқа қол қойған алғашқы
дилерлер) субдепозитариялардың қызметін орындайды. Эмиссия көлемі және
жазылу мерзімі ҚР Қаржы министрлігімен реттеледі және жазылу шарттарында
хабарланады. Қазіргі таңда ҰЖО-ға жазылу тоқсанына бір рет өткізіледі. 
МБҚ –ның өзге де қаржы құралдарынан ерекшелігі
МБҚ эмиссиясы және МБҚ-дың кірісі салықпен белгіленбейді. Сенімділіктің
жоғары деңгейі және капитал және оның кірісін жоғалтудың төменгі қаупі. 
Қазкоммерцбанк бағалы қағаздар нарығында алғашқы дилер бола отырып,
бағалы қағаздар операциясы бойынша қызметтің барлық түрін көрсетеді:
МБҚ аукциондарды екінші деңгейлі нарықта сатып алу;
МБҚ екінші деңгейлі нарықта сату;
МБҚ-ны өтеу мен сатудан түскен ақшаны жаңа МБҚ реинвестициялау;
Бағалы қағаздар мен ақшаны сақтау бойынша кастодиалды қызмет;
Кеңес, нұсқау, қоржынды сенімді басқару.
Қазкоммерцбанк АҚ-да бағалы қағаздар нарығында операция жүргізудің
шарттары
Қазкоммерцбанк АҚ-та депо-шотын ашу үшін инвестор брокерлік қызмет
үшін банкпен келісім-шартқа отырады және нотариалды бекітілген қолтаңба
үлгілері мен мөр таңбасы белгіленген карточканы ұсынады. ҚР резиденттері
еместер инвесторды ҚР заңнамасына және халықаралық құжаттар заңнамасына
сәйкес идентификациялауға мүмкіндік беретін дәл осындай жұмыс істеуге құқық
беретін мағлұматтар мен құжаттар тізбегін ұсынады.
Қазкоммерцбанктің, басқа да банктің клиенттері инвестор бола алады.
Бағалы қағаздармен операция өткізгені үшін банкке ұсынылатын
комиссиялық сыйақы көлемі инвестор портфелінің көлеміне байланысты. 
МБҚ нарығы – бұл еркін ақшаны салудың сенімді және ликвидті әдісі,
қауіпсіз қосымша кіріс көзі. Қазкоммерцбанк АҚ сізді екі жаққа пайдалы
шарттар негізінде әріптестік құруға шақырады.
Бағалы қағаздар нарығындағы кейбір түсiніктер мен құрылымдар
Брокер –  келісім негізінде сыйақы үшін, клиенттердің мүддесі негізінде
және солардың есебінен, тапсырма беруімен бағалы қағаздар операциясын
жүзеге асыратын делдал. Банк немесе арнайы брокерлік кеңсе болуы мүмкін.
  Брокерлік қызмет келісім-шарты – брокер-дилер және оның клиенті
арасындағы қызмет көрсетілетін келісім-шарт.
Дилер -  өз атынан, өз ақшасына бағалы қағаздарды қайта сату барысында
пайда табу мақсатымен немесе басқа да келісім-шарт жасау үшін бағалы
қағаздармен келісім жасайтын кәсіби қатысушы.
Бағалы қағаздар депозитарийі – бағалы қағаздар иесінің құқығын, сондай-
ақ бағалы қағаздардың дематериализациясын  айқындайты және есеп бойынша
қызметті жүзеге асыратын  арнайы ұйым.
Инвестициялық шешім – бағалы қағаздар қоржынының құрылымын ұйымдастыру
мен өзгерту әдістерін шешу.
Клиенттік тапсырыс – бағалы қағаздармен келісім жасау үшін клиент
брокер-дилерге  беретін құжат.
Комиссиялық кіріс – брокерлік қызмет келісім-шартында көрсетілген
брокер-дилердің ақшалай сыйақысы.
Депо-шоты – бір-бірімен байланысты қолжазбалар мен құжаттардың
сәйкестігі. Ол арқылы бағалы қағаздар, ақша және клиент идентификациясының
есебі жүргізіледі.
Инвестор – бағалы қағаздарға қаржы салушы тұлға. Жеке және заңды
тұлғалар, соның ішінде резидент еместер де ивестор бола алады. 

1 кесте - Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздардың жіктелуі

Сипаттамалары Түрлері
Эмитент түрі бойынша үкіметтік
муниципалды
ҚР Ұлттық банкісі
Айналыс мерзімі бойынша қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)
Айналыс тәсілдері нарықтық
бойынша нарықтық емес
пайыздық
Табысты алу тәсілдері дисконттық
бойынша құрамдастырылған
инфляция бойынша индекстелген
девольвация бойынша индекстелген
Пайызды есептеу тіркелген пайыз мөлшерлемесі
тәсілдері бойынша өзгермелі пайыз мөлшерлемесі
Шығарылатын валютасы ұлттық валютада
бойынша шетелдік валютада

Нарықтық – МБҚ алғашқы орналасуынан кейін еркін қайта сатылады.
Нарықтық емес – қайта сатылмайтын, белгілі бір мерзім өткеннен кейін
эмитентке қайтарылуы мүмкін мемлекеттің бағалы қағазды.
Дисконттық – МБҚ номинал құнынан төмен бағамен шығарылады, бірақ
номинал құны бойынша өтіледі. Нарықтық және номинал құндардың арасындағы
айырмашылық осы бағалы қағаз иесінің табысын құрайды.
Купондық – белгілі бір пайызды есептеумен номинал құны бойынша
шығарылады әрі өтеледі.

2 кесте - ҚР БҚН – да айналысқа түскен мемлекеттік бағалы қағаздардың
кейбір түрлері

№ Мемлекеттің бағалы Эмитент Шығарылым жағдайы
қағаздардың атауы
1 МЕККАМ (ГККО) ҚР ҚМ БҚН әртараптандыру, бюджет қатшы-лығын
инфляциялық емес жабу көздері үлесінің
ұлғаюы, мақсатты мемлекеттік
бағдарламаны қаржыландыру. Номиналы –
100 теңге, дисконттық болып табыла-ды, 1
жылға дейінгі мерзіммен шығары-лады.
2 МЕОКАМ (ГСКО) ҚР ҚМ БҚН әртараптандыру, бюджет қатшылы-ғын
инфляциялық емес жабу көздері үлесінің
ұлғаюы, мақсатты мемлекеттік
бағдарламаны қаржыландыру. Номиналы –
пайыздық тіркелген мөлшерлемесімен 1000
теңге, 2-3 жылға айналысқа шыға-ды.
3 МЕАКАМ (ГДКО) ҚР ҚМ БҚН әртараптандыру, бюджет қатшылы-ғын
инфляциялық емес жабу көздері үлесінің
ұлғаюы, мақсатты мемлекеттік
бағдарламаны қаржыландыру. Номиналы –
пайыздық тіркелген мөлшерлемесімен 1000
теңге 10 жылға айналысқа шығады.
4 АВМЕКАМ ҚР ҚМ Нарыққа 1999жылдың 12 сәуірінде
жинақтаушы зейнетақы қорларының
са-лымшылары активтерінің
девальвация-сынан сақтану мақсатында
шығарылады. Айналым мерзімі 5 жыл, 6,14%
жылдық купондық мөлшерлемесі АҚШ-тың
дол-ларларына ірілендірілген. АВМЕКАМ
айналысқа зейнетақы қорларының
порт-фельдеріндегі индекстел-меген МБҚ –
ны айырбастау арқылы енгізілген. Бұл
міндеттердің негізгі бөлігі Мемлекеттік
жинақтаушы зейнетақы қорының порт-феліне
тиесілі.
5 МЕКАИМ ҚР ҚМ Номиналы АҚШ долларымен берілетін (бұл
жағдайда-100долл.)дисконттық қа-ғаз
болып табылады және қағаздар дол-лармен
берілген дисконттық бағамен
орналастырылады. Бастапқы нарықта ақшаны
теңгемен алған күндегі ресми бағам
бойынша аударылады, ал өту күніндегі
доллардың ресми бағамы бойынша қағаздың
атаулы құнын төлейді.
6 МЕИКАМ ҚР ҚМ Номиналы 1000 теңге индекстелген
қазыналық міндеттеме. Инфляциядан сақтау
мақсатында айналысқа шығады. Инфляцияның
қарқынына байланысты, пайыздың құбылмалы
мөлшерлемесі ьар пайыздық болып табылады
7 НСО ҚР ҚМ Бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабу
үлесінің артуы, халықтың жинағын
инфляция барысындағы құнсызданудан
сақтау. Номиналы – 1000 теңге,
МЕККАМ-3-тің кірістірілігіне байланыс-ты
пайыздың құбылмалы мөлшерлемесі бар
пайыздық болып табылады.
8 Ұлттық банктің ҚР ҚМ Айналымдағы ақшаны реттеу, инфля-циялық
ноталары процестер мен бағаларға ықпал ету, төлем
балансын реттеу, респуб-ликалық
бюджеттің кассалық жүзеге асуын
қамтамасыз ету.

2 ҚР-да мемлекеттік бағалы қағаздардың айналымын талдау

2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының Қазақстанда 1991 жылдардан
басталды. 1991- 1994 жылдар аралығында бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар
акционерлік қоғамдарға айналдырылып, соған сәйкес бағалы қағаздар нарығының
алғашқы элементтері мен институцттары пайда болды. Осы жылдары Қазақстан
Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылып жұмыс
істей бастады. Бұл кезеңде нарықта негізінен мемлекеттік бағалы қағаздардың
сауда – саттығының аукциондары өткізіліп отырды. 1995 жылы Қазақстан
Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамыту туралы алғашқы бағдарлама
қабылданып, соған сәйкес қор нарығының заңдық базалары қалыптасты және
нарықтық инфрақұрылымындары құрылды. 1999 – 2000 жылдары Қазақстан
Республикасының Үкіметі шаруашылық субьектілерін бағалы қағаздар нарығына
тарту мәселесімен айналысты.
2003 жылы 2 – шілдеде Бағалы қағаздар нарығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар классификациясы
ҚР мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына сипаттама
Бағалы қағаздардың теоритеко-әдістемелік негіздері
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының дамуы және оны реттеу мәселелерi
Ордерлік бағалы қағаздар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі
Бағалы қағаздар нарығы және оны қалыптастырудың теориялық-методологиялық негіздері
Бағалы қағаздар және олардың айналыс мәселелері. Бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығының құрамдас бөлігі туралы ақпарат
Бағалы қағаздардың басқа түрлері
Пәндер