КӨНЕ ГРЕК ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНЕН


КӨНЕ ГРЕК ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНЕН
ФАЛЕС
(Кейінгі авторлардың баяндауларынан)
<…> Фалес, осындай философияның негізін қалаушы, [материалдық бастау] деп суды санайды, [оның жер − судың үстінде тұр деп тұжырымдайтыны да сондықтан] . Ол бұл көзқарасты барлық [мақұлықтардың] тамағы ылғал және жылу судан туындайды және оның есебінен өмір сүреді, ал “одан [бәрі] пайда болатын нәрсе”, − бұл, [анықтама бойынша], барлық [заттардың] бастауы деген бақылаудан туындатқан сияқты. Міне сондықтан, сонымен қатар, барлық [тірі мақұлықтардың] спермасының табиғаты ылғал, ал бойында ылғал бар [мақұлықтардың] бастауы және өсуінің себебі су болғандықтан ол бұл көзқарасты қабылдады.
Кейбіреулер табиғат туралы [Фалес] айтқан осындай көзқарасты өте көне заманда және осы ұрпақтан көп бұрын өмір сүрген алғашқы дінбасылар да ұстанды деп болжамдайды: олар өз поэзиясында пайда болған барлық нәрсенің ата-бабасы ретінде Океан (грек тілінде осылай болғандықтан, аудармауды ұйғардық − Г. Н. ) мен Тефияны бейнеледі және құдайлар су атымен, немесе, [ақындардың] өздері атағандай, Стикс атымен ант береді [деді] −мыс: Ежелгі, “кейбіреулер” пайымдайды, басқа барлық нәрседен қадірлілеу, ал басқаның бәрінен қадірленетін − оның атымен ант ететін нәрсе, [яғни, “су= көне”] . Табиғат туралы бұл пікір шынында да соншалықты көне және ескі ме − анық емес, бірақ Фалес бірінші себеп туралы осы көрсетілген үлгіде пікір білдірді деп айтады. <…>
Милеттік Фалес бар [заттардың] бастауы − су деп тұжырымдады. (Бұл ер адам философияның бастаушысы деп есептеледі және Иониялық мектеп оның атымен аталды: себебі, философиялық ізін жалғастырушылар көп болды. Философияны Египетте зерттеп, ол Милетке үлкейген кезінде оралды) . Бәрі судан , дейді ол, және бәрі суға ыдырайды . Бұл туралы ол, біріншіден, барлық жануарлардың бастауы сперма, ал ол ылғал дегеннен қорытындылайды; осылайша, барлық [заттар] [өз] бастауын, мүмкін, ылғалдан алады. Екіншіден, барлық өсімдіктер ылғалмен қоректенеді және [ылғалдан] жеміс береді, ал [одан] айырылса, кеуіп кетеді. Үшіншіден, Күн мен жұлдыздардың отының өзі де, космостың өзі секілді су буларымен қоректенеді. Осы себептен Гомер де су туралы мынадай пікір айтады: “Океан, барлығының ата-бабасы”. <…>
АНАКСИМАНДР
<…> Фалестің тыңдаушысы [=шәкірті] Анаксимандр болады. Анаксимандр, Праксиадтың ұлы, милеттік. Ол бар [заттардың] бастауы − шексіздіктің белгісіз бір табиғаты, одан көк аспандар және олардағы космос дүниеге келеді. [Шексіздік табиғатын] ол мәңгі және ескірмейтін деп атайды және ол барлық космостарды қамтиды [дейді] . Уақыт, оның айтуы бойынша . . . [дүниелердің-көк аспандардың] тууы, болмысы және күйреуі мағынасында алдын-ала анықталған. Ол бар заттардың бастауы мен элементі − шексіз деп тұжырымдады, бастаудың осы есімін бірінші болып енгізді және одан басқа мәңгілік қозғалыс бар, онда көк аспандар дүниеге келеді деді. Жер − қалықтап тұрған дене , оны ештеңе ұстап тұрған жоқ, [космос перифериясының нүктелерінің] барлығынан бірдей қашықтықта орналасқандықтан, ол өз орнында қалып отырады. Оның формасы дөңгелек, [жұмырланған], тас колоннаның барабаны секілді: [екі] тегіс бетінің бірінің үстімен біз жүреміз, ал басқасы оған қарама-қарсы. Шырақтар оттар шеңбері түрінде пайда болады, космоста [таралған] оттан бөлініп шығады және аэрге [=тұманға] оранады, [қабықтағы] тартпа көмейінің қызметін тұрбаға ұқсас белгісіз бір өткелдер атқарады, олар арқылы шырақтар көрініп тұрады, сол себепті, тартпа көмейлер жабылғанда, күн тұтылады. Өткелдер жабылғанда немесе ашылғанда Ай біресе толық, біресе жарты болып көрінеді. Күннің шеңбері <Жердің диаметрінен> жиырма жеті есе көп, ал Айдың шеңбері <− он сегіз есе>; бәрінен Күн жоғары тұрады, бәрінен төмен − қозғалмайтын жұлдыздар шеңберлері. Жануарлар күннің олардан <ылғалды> сорып алу шамасына байланысты пайда болады. Адам алғашқыда басқа жануарға, яғни балыққа ұқсас болып пайда болды. Желдер ауадан өте жіңішке булардың бөлініп шығып, жинақталып, қозғалысқа келуінен; жаңбырлар − күннің астында орналасқан орындар шығарған булардан; найзағайлар − желдер бұлттарға төніп, оларды ыдыратудан пайда болады. Ол қырық екінші олимпиаданың үшінші жылында дүниеге келді [біздің дәуірімізге дейінгі 610 ж] . <…>
АНАКСИМЕН
<…> Әлемде олардың көптігі, қарапайымдылығы және күштілігі себепті адамдардың көбі оларды басқа [денелердің] элементтері және бастаулары деп түсінетін төрт алғашқы дене болғандықтан (от, су, ауа және жер), алғашқы және қарапайым сапалардың да соншалықты болуы қажет. Бұлар жылылық, салқындық, құрғақтық және ылғалдылықтан басқа не сапалар болуы мүмкін . . . Немесе, ежелгі Анаксимен ойлағандай, салқынды да, ыстықты да субстанция деп танымауымыз керек, бірақ оларды жалпы материяның [субстраттың] өзгерулерінен екінші туындайтын өзгермелі күйлері деп қарастыру қажет. Салқын деп ол материяның жиырылатын және тығыздалатын, ал ыстық деп сұйытылған және “босаңсыған” бөлігін санайды, − ол оны осындай терминмен атайды. Сондықтан да адам өзінің аузынан жылыны да, салқынды да шығарады деп айтылуы негізсіз емес: еріндер қысқан және қойытқан дем салқындайды, ал ауыз босаңсығанда, ол сұйытылғандықтан, ауыздан шығарда жылы болады. Анаксименнің бұл [салыстыруын] Аристотель жаңылысу деп есептейді: себебі, ауыз босаңсығанда, жылы біздің өзімізден шығады, біз еріндерімізді [түтік] секілді жиырып, үргенде болса, бізден шығатын [ауа] емес, ауыздың алдындағы ауа итеріліп шығарылады және шапшиды, ал ол салқын.
Анаксимен, Эвристраттың ұлы, милеттік, бар болып отырғандардың бастауы − ауа деп тұжырымдады, себебі одан бәрі дүниеге келеді және оған қайтадан ыдырайды. “Ауамен толтырылған біздің жанымыз, − дейді ол, бізді тұтас етіп қалай бекітсе, дем мен ауа бүкіл космосты солай қамтиды” (“ауа” мен “дем” [мұнда] синонимикалық қолданылады) . Ол жануарлар қарапайым және біртекті ауадан және пневмадан тұрады деп ойлап, [Анаксимандр секілді] қателеседі, себебі барлық заттардың бір бастауы − материяның өмір сүруі мүмкін емес, бірақ жасаушы себепті де қабылдау қажет. Мысалы, егер де жасаушы себеп болмаса, яғни, күміс шебері болмаса, кубок болып шығу үшін күмістің [бір өзі] жеткіліксіз; осы мыс үшін де, ағаш үшін де, басқа [кез-келген] материал үшін де әділ. <…>
(“Фрагменты ранних греческих философов”
кітабынан аударылды. М., 1989 ж. )
ГЕРАКЛИТ
1. Бұл логос мәңгілік өмір сүріп келе жатса да, адамдар оны түсінбейді − ол туралы естігенге дейін де, алғаш рет естігенде де. Бәрі осы логос бойынша жасалады ғой, ал адамдар мен олардың әрбіреуін табиғаты бойынша бөліп және мәнін түсіндіре отырып баяндайтын осындай сөздерге және осындай істерге кіріскенде надандарға ұқсайды. Басқа адамдардан олардың ұйықтамаған, сергек кезде жасайтындары жасырылынған, олардың өз түстерін қалай ұмытса, дәл солай.
2. Сондықтан да жалпыға ортақты ұстану қажет. Бірақ, логос
жалпыға ортақ болса да, адамдардың көпшілігі өзіндік түсінігі бар секілді болып өмір сүреді.
3. (Күннің көлемі туралы) . Ені адамның табанындай.
4. Бақыт дегеніміз тән рахаты болса, біз бақытты деп жеу үшін
бұршақ тауып алған өгіздерді айтар едік.
5. Біреудің балшыққа түсіп, балшықпен жуынғысы келгені
секілді, қанға боялған олардың құрбандық шалулармен тазарғысы келетіні бос әурешілік. Оның бұлай жасағанын байқаған адам оны есалаң деп санар еді. Осы мүсіндерге де олар біреулердің үйлермен сөйлескісі келгені сияқты сиынады; олар құдайлар мен батырлардың қандай екенін білмейді.
- Күн− (Гераклит айтқандай) күн сайын жаңа ғана емес,
сонымен қатар, мәңгі және үздіксіз жаңа .
7. Егер өмір сүріп жатқанның бәрі түтінге айналатын болса, оны
танауымызбен танып-білуге болар еді.
8. Жауласушы бірігеді, айырыласытындардан − тамаша
гармония, және, барлығы күрес арқылы жүреді.
9. Есектер алтыннан гөрі сабанды жақсы деп таңдар еді.
10. Байланыстар: бүтін және бүтін емес, қосылатын және
айырысатын, келісетін және келіспейтін, және барлығынан − біреу, біреуден − барлығы.
- Кез-келген жануар жемге қарай (қажеттілік) қамшысымен
бет алады.
- Бір ғана өзенге құятынға жаңа сулар үсті-үстіне ағып келіп
жатады. Психеялар болса ылғалдан буға айналып ұшып кетеді.
- Балшыққа риза болу.
Шошқалар балшыққа рахаттанады.
20. Дүниеге келгеннен кейін олар өмір сүруге, яғни өлуге ұмтылады, жақсырақ айтсақ − тыныштануға, және, өлу үшін туылған балаларын қалдырады.
21. Өлім − біз ұйықтамай, сергек жүрген кезде көретініміздің бәрі, ал біз ұйықтағанда көретіннің бәрі − түс.
22. Алтын іздеушілер жерді көп қазады және аз ғана [алтын] табады.
29. Ең жақсы адамдар бір нәрсені барлығынан жоғары қояды: мәңгілік даңқты − өткінші заттардан; тобыр болса, мал секілді тойынады.
30. Өмір сүріп отырған барлық нәрселер үшін бір бұл космосты ешқандай құдай және ешқандай адам жаратқан жоқ, бірақ ол арасында жанып, арасында өшіп отыратын мәңгілік тірі от ретінде әрқашан болды, бар және бола береді.
31. Оттың айналулары: әуелі − теңіз, теңіз болса − жартылай жер және жартылай престер. [Бұл барлығын басқарып отырушы] логос [пен құдайдың көмегімен от ауа арқылы суға айналады дегенді білдіреді − дүниенің ол] теңіз [деп атайтын негізінің ұрығы сияқты] ; [судан жер мен көк және олардың арасындағы барлық нәрселер пайда болады Оның кері бағытта қалай қайтадан қалпына келетінін және қайта жанатынын ол былай түсіндіреді] : теңіз логостың бойымен өзі жер пайда болғанша қандай болса, сондай шамада жайылады.
35. Ерлер-философтар өте көп білуі тиіс.
38. Кейбіреулердің көрсетулері бойынша, Фалес бірінші астроном болған, мұны Гераклит пен Демокрит те дәлелдейді.
40. Көп білу ақылды болуға үйретпейді , әйтпесе ол Гесиод пен Пифагорды, Ксенофан мен Гекатейді де үйретер еді.
41. Даналық тек бір нәрседе ғана: ақыл-ойды бәрін бәрінің көмегімен басқаратын деп мойындау.
44. Халық заң үшін өздерінің қорғандары үшін шайқасқандай болып шайқасуы тиіс.
47. Маңызды заттар туралы өте тез пікір айтпайық.
48. Садақтың аты − өмір, ал ісі − өлім.
49. Бір адам мен үшін − он мың, егер ол ең жақсы болса.
49 а. Бір өзенге біз енеміз және енбейміз, өмір сүреміз және өмір сүрмейміз.
50. [Бәрі − біртұтас: бөлінетін − бөлінбейтін, туылған − туылмаған, өлетін − өлмейтін, логос − мәңгілік; әке − ұл, құдай − әділеттілік] ; маған емес, логосқа сене отырып, бәрі − біртұтас деп тану − даналық.
52. Мәңгілік − шахмат ойынын ермек еткен сәби: сәби патшалығы.
53. Соғыс − бәрінің әкесі және бәрінің патшасы; ол біреулерді құдай, басқаларды − адам етеді; біреулерді ол құл етеді, басқаларды еркін етеді.
54. Жасырын гармония көрініп тұрғаннан жақсы.
55. Мен көруге, естуге және зерттеуге болатынды қалаймын.
56. Көрініп тұрған нақты [заттарды] танып-білуде адамдар эллиндердің бәрінен де дана болған Гомер секілді алданады; биттерді өлтірген балалар оны: “Біз көргендерімізді және ұстап алғандарымызды лақтырып тастадық, ал көрмегеніміз бен ұстай алмағандарымыз үстімізде жүр”, − деп алдаған еді.
57. Көптеген [заттардың немесе адамдардың] оқытушысы − Гезиод, күн мен түннің бір нәрсе екенін түсінбеген оны біршама көп біледі деп санайды.
58. Ізгілік те, зұлымдық та [бір] . Шынында да, ауруларды азаптаушы дәрігерлер, кесушілер және күйдірушілер, оның үстіне ақы талап етеді, олар ақы төлеуге лайық емес, себебі олар дәл соны: ізгілікті және ауруларды жасайды.
60. Жоғарыға және төменге жол − біреу.
61. Теңіз суы өте таза және өте лас. Балықтар үшін ол ішуге жарамды және шипалы, адамдарға болса − ішуге жарамсыз және зиянды.
62. Өлмейтіндер − өледі, өлетіндер − өлмейді; бір-бірінің өлімімен олар өмір сүреді, бір-бірінің өмірімен олар өледі.
67. [Құдай] : күн − түн, қыс − жаз, соғыс − бейбітшілік, тоқшылық − аштық [бәрі қарама-қарсылықтар. Бұл ақыл] хош иістермен араласып, олардың әрбіреуінен алатын рахаттың әртүрлі екені секілді әртүрлі аталатын от сияқты өзгереді.
67а. [Күннен тарайтын өмірлік жылу өмір сүретіннің бәрін өмірмен қамтамасыз етеді. Осы қағиданы қабылдай отырып, Гераклит психеяны өрмекшімен, денелерді − өрмекпен тамаша салыстырады. Өрмекшінің өрмектің ортасында тұрып, − дейді ол, шыбын оның жіптерінің бірін үзген бойда бірден сезіп, жіпті түзету үшін сол жерге жүгіретіні секілді, адамның психеясы да, егер де оның қандай да бір бөлігі зақымдалған болса, өзі онымен берік және шамасына сәйкесті біріктірілген дененің зақымдалуына шыдай алмағандай болып, сол жерге тезірек ұмтылады] .
70. [Ол адамның ойларын] балалардың ойыны [деді] .
71. Ұмытып кететіндер жолдың қайда апаратынын [да естерінде сақтауы тиіс] .
74. [Ата-аналардың балалары] сияқты, қарапайым сөзбен айтсақ, қалай қабылдаған болсақ, солай іс-әрекет жасамаған дұрыс] .
76. От жердің өлімімен, ауа оттың өлімімен өмір сүреді; су ауаның өлімімен, жер − судың [өлімімен] өмір сүреді.
Оттың өлімі − ауаның туылуы және ауаның өлімі − судың туылуы. Жердің өлімінен су туылады, судың өлімінен ауа туылады, ауаның [өлімінен] − от, және керісінше.
78. Ойлардың адами үлгісі ақыл-ойға ие емес, құдайы үлгісі − ие.
82. Ең әдемі маймыл адам тегімен салыстырғанда жексұрын.
83. Адамдардың ең данасы даналық, әдемілік және басқа жағынан құдаймен салыстырғанда маймыл болып көрінеді.
86. [Құдайы істердің көпшілігі] сенбеушіліктің кесірінен назардан тыс қалады.
87. Ақылсыз адам кез-келген іліммен әуестеніп кетеді.
88. Біздің бойымызда бір нәрсе − тірі және өлі, ояу және ұйықтап жатқан, жас және кәрі. Себебі, бұл өзгергенде сол, және керісінше, өзгергенде осы.
90. Отқа бәрі айырбасталады, және, от − бәріне, тауарлардың − алтынға және алтынның − тауарға айырбасталатыны секілді.
91. [Гераклиттің айтуы бойынша], бір өзенге екі рет түсуге болмайды және өлетін табиғатты бір күйде екі рет көруге болмайды, бірақ алмастырудың тездігі мен жылдамдығы] оны ыдыратады және қайтадан жинайды, [бірақ, қайтадан және кейін емес, бір уақытта ол [қалыптасады және күйрейді], жақындайды және алыстайды [деп айтқан дұрысырақ] .
95. Надандықты жасырған дұрыс, бірақ бетімен кеткенде және шарап ішіп отырғанда оны жасыру қиын.
97. Иттер білмейтін адамдарына қарап үреді.
99. Егер де Күн болмаса, − басқа шырақтардың болғанына қарамастан, түн болар еді.
100 . . . Кезеңдер. Күн, олардың басқарушысы және бақылаушысы [Гераклиттің айтуы бойынша], бәрін әкелетін ауысулар мен жыл кезеңдерін белгілейді, басқарады, тағайындайды және табады.
101. Мен өзімді зерттедім.
101а. Көз құлақтарға қарағанда дәлірек куәгер.
102. Құдайда бәрі тамаша, жақсы, әділетті, ал адамдар біреуін әділетсіз, басқасын әділетсіз деп есептейді.
104. Олардың ақылы немесе түсінуі қандай? Халық әншілеріне олар сенеді, олар үшін ұстаз да тобыр, себебі, “көптің − жаман, аздың − жақсы” екенін олар білмейді.
106. Дөрекі психеяға ие адамдардың көздері мен құлақтары адамдарға жаман куәгерлер.
108. Ілімдерін мен естігендердің ешқайсысы даналықтың бәрінен ерекше екеніне жеткен жоқ.
109. Надандықты көпшіліктің алдында көрсеткеннен гөрі жасырған дұрысырақ.
110. Тілегендерінің бәрі орындала берсе, адамдарға жақсы болмас еді.
111. Ауру − денсаулықты, зұлымдық − ізгілікті, аштық − тоқтықты, шаршағандық − демалысты жағымды етеді.
112. Ойлау − ұлы жетістік, даналық − ақиқатты айтуда және табиғатқа құлақ салып, үйлесімді әрекет етуде.
113. Ойлау бәріне жалпы.
114. Ақылды сөйлегісі келгендер қала сияқты бәріне ортақ заңмен өзін бекітуі және көбірек берік етуі тиіс. Себебі, барлық адами заңдар өзінің билігін қалаған жеріне дейін тарататын, барлығының үстінен қарайтын және барлығын жеңетін біртұтас құдайы заңнан туындайды.
116. Барлық адамдарға өздерін-өзі танып-білу және ойлау тән.
ПИФАГОР
“АЛТЫН ӨЛЕҢДЕР”
12. “ . . . басқалардан көбірек өзіңнен қорық”.
40. “ Шаршаған көздерің тәтті ұйқыға кетпестен бұрын,
41. Күндізгі істеріңді талқыла, өзіңе мынадай сұрақ қой:
- Нені бұрыс жасадым? Нені бүлдірдім? Қандай парызымды орындамадым?
- Біріншісінен бастап, бәрін ретімен есіңе түсір, ал соңынан,
- Істерің жаман болса, − өкін, ізгі істеріңе − қуан”.
47. “ . . . тетраксис
48. Мәңгілік табиғаттың бастау бұлағы . . . ”
- “Адамдардың бәрі оларды өздері таңдап алып, бақытсыздықтарға ұшырайтынын байқайсың,
- Бейшаралар: игіліктер оларға жақын тұр, адамдар болса, оларды көрмейді, естімейді”.
63. “ . . . құдайылыққа өлетіндер жете алады”.
70. “ Денеңді тастап шыққан бойда − сен еркін болып, эфирге ұшып шығасың және
71. Құдай сияқты мәңгілік боласың, өлім мен шіруге енді жатсың”.
“ПИФАГОРДЫҢ ЗАҢДАРЫ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК ЕРЕЖЕЛЕРІ”
1. Ең әуелі әр затты өз атымен атап үйрен: бұл барлық ғылымдардың арасындағы ең біріншісі және ең маңыздысы.
2. Халықтар! Заңдардан бұрын ең әуелі ізгілікті адамгершілікке ие болуға тырысыңдар, адамгершілік − алғашқы заңдар.
6. Адам! Басқа мақұлықтарға олардың саған жасағанын тілемейтініңді жасама.
- Өз өміріңнің жобасын жасап ал және өз болмысыңның соңғы
минутына дейін оны орындауға тырыс.
10. Өзіңе сенімді дос ізде; ондай досың болса, құдайларды қажет
етпейсің.
11. Досты өзіңе алдын-ала таңда, себебі өмір тез өте шығады.
12. Өзіңе дос таңда; жалғыз бақытты бола алмайсың: бақыт екі адамның ісі.
13. Сенімді дос таба алмасаң, өзіңе өзің дос бол.
17. Оқығаннан гөрі көбірек ескеріп, бақыла: көп оқыған адам нашар
оқиды.
- Ақыл-ойға бағынған құдайға бағынады.
- Құдайлар табиғатын зерттеуді абыздарға қалдыр; сен
адам жүрегін танып-білумен айналыс.
24. Тәртіп сенің құдайың болсын! Оған шын жүректен қызмет ет:
тәртіп барлық заттардың одағы. Табиғаттың өзі сол арқылы өмір сүреді.
- Сенен үндемеу деген не деп сұрайтын болса, даналық Сарайының
бірінші тасы деп жауап бер.
- Даналық деген не? Тәртіпті білу. Бүкіл өмірің бойы дана болғың
келсе, бәрін өз орнына қой. Өтпелі, уақытша даңқ данышпанның күнделікті өмірінен көрінетін тыныш және алаңсыз тәртіпке тұрмайды.
- Сенен асыл қасиет деген не деп сұраса, істе қолданылынған
даналықты сүю (философия − Г. Н. ) деп жауап бер.
43. Ғылыми қоғамның мүшесі болма: ең дана дегендер, олар қоғам құрғанда, қарапайым адамдарға айналады.
- Қандай бақытсыздыққа тап болсаң да, көз жасыңды төкпе:
оларды басқалардың бақытсыздығын жоқтауға сақта.
- Бақыттың соңынан жүгірме: ол үнемі сенің өзіңде.
48. Көп күлетін әйеліңе сенбе.
52. Тыныш өлімге жеткің келсе, бірқалыпты өмір сүр.
61. Білім мен даналықты бір нәрсе деп қарастырма.
73. Табиғат біртұтас және оған тең келер ештеңе жоқ: ол өзінің анасы және әкесі; ол құдайлардың Құдайы. Тек Табиғатты қарастыр, қалғандарын қарапайым адамдарға қалдыр.
78. Шарап ішуден өзіңді теже: ол құмарлық тудырушы сүт.
81. Аз сөйле, одан да аз жаз.
83. Өзіңнен көп өмір сүргің келсе және ұрпақтарың қадірлесің десең, соңыңда асыл қасиетті отбасын және жақсы кітап қалдыр.
84. Өздерінің шығармаларында ғана дана секілді болып көрінетіндердің бірі болма.
99. Тәніңді жаныңның табытына айналдырма.
109. Меншігі жоқ азаматтың отаны жоқ.
124. Заң шығарушы! Сауда заңдарын жазба: ол, оның кемелері жүзіп жүрген мұхит секілді, оларды қаламайды.
134 . . . әділеттілік заңдары . . . Барлық жерлердің және барлық ғасырлардың заңдары.
144. Римдіктер сандардың құдайы әйеліне табынды. Кротондықтар! Тәртіп құдайын онымен қосыңдар.
155. Данышпан! Сен адамдарға қандай да бір маңызды ақиқатты жеткізгің келсе, оған жалпы пікірдің киімін кигіз.
176. Сандарды, салмақ пен шаманы − әсем теңдіктің бала-шағаларын құдайы деп қадір тұт. Адами ұлы ізгілік − теңдік сандарда тұжырымдалады. Сандар − жердегі құдайдар.
183. Заң шығарушы! Табиғаттан үлгі ал: ол өзінің бөліктерінде де, жиынтығында да бірдей маңызды.
189. Жалпыхалықтық жерлерде ақиқатты жария етпе: оны халық зұлымдық мақсатта пайдаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz