Еркін ойшылдық және формалары


Еркін ойшылдық және формалары.
Дінге қатысты еркін ойшылдық, қоғамның үстем тап өкілдерінің әлеументтік, материалдық және мәдени артықшылықтарын жақтаушы діни идеологияның шығуымен қатар пайда болды. Еркін ойшылдық терминнің алғашқы рет ағылшын философы деист А. Коллинз (XVIII ғ. ) діни уағызға және авторитаризмге, басқа дінді мойындаушылыққа қарсы күресте пайдаланды. Ол ақыл, еркін ойшылдықты ақиқатқа жетудің “ең дұрыс жолы” деп тауып, ақыл-ойдың барлық нәрсе туралы, соның ішінде дін туралы еркін пікір айту құқын дәлелдеді.
Тарихи дамудың барысында терминнің мазмұны да өзгеріске ұшырап отырды. Еркін ойшылдық дінді және қоршаған ортаны сын тұрғысынан қарастыруға ақыл-ойдың құқын мойындаудан шығатын кең рухани ағым. Діннен ерекшелігі, ол адамдардың шындық дүниенің жақтарына үстемдігін бейнелейді. Еркін ойшылдықтың деңгейі және көріну түрлері әртүрлі.
Егер кең мағынада қарастыратын болсақ, еркін ойшылдық деп бүкіл дамыған рухани мәдениетті есептеуге болады. Алайда әдеттегі еркін ойшылдық туралы қалыптасқан ұғым оны мынандай түрде қарастыруға болады: құдаймен күрес, діни енжарлық, дінге қарсы скептицизм, антиклерикализм, деизм, пантеизм, негилизм.
Құдаймен күрес адамдардың құдірет күші бар екенін мойындай отырып, оған қырын көзқарасы, яғни діни санадан әрі шыға қоймаған, дінге қарсылық білдірудің әлсіз түрі. Ол таптық қоғам тарихында фольклорда, әдеби, тіптен теологиялық әдебиеттерде де орын алады. Оның шығу себептері әр түрлі: әлеументтік теңсіздікті сезіну, өмірге қанағаттанбау, күйзеліс т. б. құдайға қарсылық білдіру құдірет күшін өмірде кездесетін келеңсіздіктер үшін ғайбаттау, қорқыту түрлерінде болады. Адамдар осылайша өзінің құдірет күшіне қарсы ” мықтылығын” сезінеді, екінші жағынан осы құдіреттен өзінің тәуелсіздігін де көрсетуі мүмкін.
Құдаймен күрес діни этикалық идеалдың кейбір жақтарынан: ездіктен, момындықтан, күйзеліс, адам игілігі үшін сенімнен бас тартады. Құдай дүниедегі зұлымдыққа жауапты деп жарияланады.
“Скептицизм” - грек тілінен аударғанда “скептикоз” зерттеуші, қарастырушы. Дін немесе оның кейбір тұстарының ақиқаттығына күмән келтіру кез-келген мәддениет кезеңінде көрініс береді. Күдік келтіру танымның методологияның қағидасы ретінде ақиқатты танудың бір құралы. Скептицизм философияда ғана емес ақындардың, ғалымдардың, суретшілердің, қарапайым еңбек адамдарының шығармашылығында көрініс береді. Дінді скептицизм тұрғысынан сынау ежелгі қоғам мәдениеттерінде кездеседі. Шығыста мысалы, Мысыр, Вавилонда, Полестинада скептицизм о дүниенің бар екендігіне және салт-дәстүр сол жоралардың шынайылығына күдіктену арқылы көрінді. Ал, Ежелгі Грецияда Жерортада ежелгі философтар ежелгі мифологияның ақиқаттығына күшін келтіре бастады.
Орта ғасырларда скептицизм фольклорда көркемдік әдебиетте көрініс береді. Скептицизм шеңбері кең болды. Жаңа дәуірде белгілі философтардың еңбектерінде скептицизм идеясы анық көрінеді. Қазіргі уақытта дінге қатысты скептицизм қарапайым сананың сипатының бірі болып табылады.
Қайта өрлеу дәуірінде скептицизм жаратылыстан тыс күштің болуы идеясына күдіктенудің әдістемелік принципі болады, ғасырлар бойғы түсініктерді сынауға оятады.
Күмандану - танымның әдістемелік принцип ретінде ақиқатқа жетудің басты қаруы. Діни жағдайдағы күмандану ақиқатты іздеу жолында діни емес жолдарды іздеуге алып келеді.
Дінге қатысты скептицизм дінінің ақиқаттығына немесе кейбір жақтарының ақиқаттығына күмән келтіру, қоғамның мәдени дамуының өне бойына орын алады. Оны философиялық скептицизммен шатыстыруға болмайды, соңғысы рационализмге сүйенген дүниеге апаттық, материалистік көзқарасымен сипатталады. Скептицизм атеистік ілімнің шығуын дайындады. Ежелгі шығыс қоғамдарында Египетте, Вавилонда, Палестинада -діни әдеттерге қарсылық негізінен “о дүниенің” бар екендігіне немесе діни ғұрыптардың ықпалдылығына күмәндану түрінде орын алды. Орта ғасыр дәуірінде скептицизм еркін ойшылдықтың ең таралған саласы болып философияны, поэзияны, идеологияны және фольклорды қамтыды.
Антиклерикализм - “анти” - қарсы, клерикализм - “ шіркеулік” бұл идеялық және әлеументтік қозғалыс шіркеумен діндарлардың қоғам өміріне қарсы бағытталған. Антиклеркализм өзінің бағыты бойынша зайырлы және ортағасырда діни антиклеркализм жағымды рөл атқарды.
Антиклерикалдық шаруашылық қозғалыс ең алдымен экономикалық мақсатты көздеді, алайда діни діни астарлары болды. Шіркеудің әлеументтік саясатын және діндарлардың қызметін әшкерлеу, шіркеу ілімінің ақиқаттығына күмән туғызды. Шіркеу иелерінің қызыметін айыптау орта ғасырлар мен жаңа замандағы құбылыс болып табылады.
Қайта өрлеу дәуірінен бастап антиклерикализмнің зайырлы негізінен көрініс берді.
Жаңа дәуірде клерикализмнен күрес дінге төзімділік, ождан бостандығымен байланысты.
Қазіргі кезде еркін ойлаушылардың әлемдік қозғалысында антиклерикализм елеулі рөл атқарады.
Антиклерикализм қоғамдық институт түрінде шіркеуге қарсы бағытталған, оның қоғамды билеу ниетіне, сондай-ақ қоғамды клерикаландыру саясатына қарсы бағытталған идеялық әлеументтік қозғалыс. Антиклерикализмнің екі тұрпаты бар: егер оны дүниетанымдық белгісіне қарай қарастыратын болсақ, ол діни және болмыстық болып екі бағыттан тұрады. Дүниетанымның белгісі бойынша кез-келген уақытта антиклерикализмнің сол немесе басқа нысандарының озық өлшемі бола алмайды. Антиклерикализмнің озық дәрежесі көп жағдайда шіркеуге қарсы күресі прогресті әлеументтік рөл атқарды сол уақытта сонымен бірге үстірт буржуазиялық антиклерикализм ретінде ол бұқараның әлеументтік және ұлттық бостандығы үшін ревалюциялық қозғалысының өрістеуіне үнемі кедергі келтіріп отырды.
Антиклерикализм ұдайы шіркеу қызметкерлерінің кемшіліктерін сынау түрінде көрінді. Діни және ақсүйек билеушілерінің бай әдептігін әшкерлеу ”өнегесіз” адамдардың уағыздаған ілімдерін сынау үшін психологиялық алғы шарттар жасады. Бұл әсіресе ауыз әдебиетінің үлгілері - халықтың мақал-мәтелдерінде айқын көрініс тапты. Мыс: “Өлеңді жерде мал семірер, өлімді жерде молда семірер”, “Молданың істегенін істеме, айтқанын істе” деген айқын антиклерикалдық сипат алған қазақ мақалдарын айтуға болады.
Әлеументтік белгілері бойынша антиклерикализмнің екі типі ажыратылады: демократиялық, прогрессивтік орын алып отырған әділетсіз қоғамның жақтаушысы, шіркеуге қарсы саяси қарсылас түрінде көрсететін үстем тап бөлігінің антиклерикализмі (Мыс, Германиядағы католик шіркеуіне Бисмарктың қарсы шығуы) . Дүниеге көзқарастың белгілері бойынша, діни және зиялы антиклерикализм деп бөлінеді.
Антиклерикализм, әсіресе феодализм дәуірінде зор рөл атқарады. Шіркеуге қарсы күрес орта ғасырларда Батыс Европада және ресейде феодалдарға қарсы бас көтерумен бітісіп жатты.
Діни нигилизмге ғылыми тұрғыдан баға беру қазіргі кездегі идеологиялық күресте маңызды рөл атқарады. Буржуазиялық идеологтардың айтуынша атеизм өткен және қазіргі мәдениетке, адамгершілікке, нигилистік жалпы адамға қатынас. Шындығында атеизм діни нигилизмге еш қатысты емес, себебі дін адамзаттың құндылықтарын теріске шығарады немесе оны өзі иелік етеді. Шын мәнісінде, діни нигилизм дінге қарсы өзімшілдік индивиттің ешқандай жағымды идеалға сүйенбей, дінді теріске шығаруы. Қарапайым санада да руханисыздықта, өмірге жыртқыштық, прагматикалық тұрғыдан қарау, ал теориялық деңгейде ол валютаристік бағыттағы субьективті - идеалистік философиямен байланысты. Діни идеализмнің әлеументтік базасы пауперлер немесе барлық антогонистік қоғамдағы антогонистік қоғамдағы үстем таптардың элита топтары, капиталистік қоғамда негізінен ұсақ буржуазия немесе ірі буржуазиялық жыртқыштар.
Діни нигилизм атеизм үшін қауіпті сурогатт, өйткені ол дінмен бірге бүкіл мәдениеттен де қол үзіп қоймайды, атеизмнің шала уағыздық нұсқасы түрінде бой көрсетуі мүмкін. Марксизм о бастан-ақ діни нигилизмнен бойын аулақ салған болатын. Бұл туралы К. Маркс пен Ф. Энгельстің “неміс идеологиясы” еңбегінде жазылған. Нигилизм дінмен өзінің анархистік еркін нығайтып, ”ез бұқараға” қарсы тұра алатын күшті жеке адамдар үшін күреседі. Мысалы, Ницще идеясында хрестиан діні әлсіздер үшін, олар “қайрымдылық пен зұлымдықтың арғы жағында тұрған” дәуірдің болашақ жеңісі үшін “өлуі керек болады”. Міне, осы тұрғыдан ғана Ницще хрестиан дінін “ой жететін жердегі ең бүлінген ” деп бағалаған. Марксизм онымен одақ құра алмайды, өйткені ол гуманизмге, оның ғылыми сипатына қарсы.
Еркін ойшылдықтың бүркемеленген материалистік формадағы атеизм түрінде көріну - деизм. “Деизм” - француз тілінен аударғанда “ құдай” құдай табиғаттан тыс жаратқан алғашқы қозғаушы күш. Құдай табиғат заңдарына қозғалыс бере отырып, әрі қарай табиғат істеріне араласпайды. Дүние ақыл парасатымен танылатын заңдар бойынша дамиды. Адам құдай еркіне тәуелді емес. Адам белсенділікке, дербестікке құқысы бар. Деизм ХVII-XVIII ғасырларды гүлденіп дамиды. Адам құдай еркіне тәуелді емес. Деистер діни төзімділікке ар -ождан бостандығына жол ашты.
Деизм діни философиялық ілім, оның идеасында құдай дүниені жаратушы бейнесіз алғашқы себеп, ол табиғаттан тысқары тұрып оның дамуына араласпайды. Оның шығу көзі орта ғасыр дәуіріндегі философияда. Ол кезде шіркеудің рухани өмірдің билеушісі болуы себепті, дейстік ілім табиғаттың құдай еркінен тәуелсіздігін білдіретін атеистік идеяның көріну түрі болып, адамның белсенділігін, дүниені танып білудегі шексіз мүмкіндігін білдіреді.
Жаңа дәуірдегі буржуазияның мүддесін бейнелеуші философиялық бағыт ретінде деизм XYII ғасырда қалыптасты. Оның негізін салушы ағылшын Чербери болып есептелінеді. Деисті көзқарас біртекті емес, оған материалистік те, идеялистік те бағыттағылар қатысты.
Материалистік деизмнің көрнекті өкілдері ағылшын еркін ойшылдары Д. Толанд пен А. Коллинз болды. Толландтың пікірінше, егер дін ақыл-ойға сыйымсыз, танып білуге мүмкін болмаса, онда ешқандай дінді қабылдауға болмайды. Сонымен қатар, ол хрестиан діні басшыларын оған мистикалық сипат беріп бұрмалағаны үшін айыптады. Жанның өлмейтіндігіне байланысты ырымшылдықтың әшкерелеп, құдайды қастерлеп, діни-ғұрыптардың орын алуының әлеументтік негіздерін ашты. Коллинз де діннің өзекті мәселелері, құдай және оның атрибуттарын сын көзімен қарастырды. Бұл сынның деистік тұрғыдан болғандығы мынада: ол “мәңгілік нәрсе” бар деп есептеп, құдайдың болмысын теріске шығаруды, “абсурдты ой” деп санайды, осыған сәйкес ол “атеизм жүйесін” қабылдамай, тіптен құдайсыздарды ғайбаттады. Ұлы ағылшын ағартушысы Вольтер де деистік бағытта болып, діни ырымдармен күресті, ол құдайдың бар екендігін теріске шығармай, оған құлшылық етуді талап етті. Алайда құдай оның ұғымында хрестиан діні құдайымен тіпті де сәйкеспейді, өйткені дейді ол, құдай “жоғары ақылды нәрсе”, “ мәңгі өзімен-өзі өмір сүріп, барлық басқа нәрселердің себебі болып табылады”. Құдай Вольтердің ұғымында дүниенің ақырғы себебі болып материаға қозғалыс беріп, оны реттеуші күш. Дейстер “әдеттегі діндердің” орнына оған қарсы “ақыл-ойдың табиғи дінін” қойды. Олар құдайдың алдын ала болжамын, көптеген діни уағыздар мен ғұрыптарды теріске шығарып, діни төзімділікке, ождан бостандығына қарсы болды. Ғылым мен философияны шіркеуден, ақыл-ойды діни нанымнан тазалауға тырысты. Ф. Энгельстің айтуы бойынша, деизм материалистер үшін “ діннен құтылудың ыңғайлы және жеңіл жолынан басқа” ештеңе емес болатын.
“Пантеизм” грек тілінен аударғанда “пан” - барлығы, теиз- құдай. Бұл ілім бойынша құдай мен табиғатты жақындатушы немесе толықтай біріктіріп қарастыратын философиялық ілім.
Орта ғасыр дәуірінде атеистік көзқарасты мегзеу түрінде орын алған еркін ойшылдықтың тағы бір түрі пантеизм. Ортағасырлық натуралистік пантеизм “құдайды табиғаттан тысқары тұратын күш” деген идеяға қарсы тұрып, “ дүниені өз еркінше, құдірет күшінсіз құралады” дейді. Мистикалық пантеизм шіркеудің көмегінсіз әрбір адамның өзінде орналасқан құдайшылықтың көмегімен ұғынаты бейнесіз құдай бар деп үйретеді.
Қайта өрлеу дәуірінде XYI-XYII ғасырдағы пантеизм өз дамуының шегіне жетті. Итальян философы Д. Ванини “ құдай” дегеніміз “табиғат” деп, әрі қарай дүниені құдай жаратты, ал табиғат аспан мен жерді жаратты деп, пантеизмнің өзінше түрін жасады.
Ванинидан да батыл пантеистік пікір айтқан Д. Бруно болды. Болмыс оның ілімі бойынша шексіз және мәңгі, оны құдай жаратпаған. Онда өне бойы қозғалыс, өзгеріс және даму орын алып отырады. Осы ілім бойынша болмыс, құдай-жаратушыны теріске шығарады, табиғатпен бірігіп кеткен құдай материалдық дүниенің өзінде орналасқан. Құдай өзіне қозғалыс және даму заңдары тән табиғат. Бруноның пантеизмі хрестиан құдайына орын қалдырмай материализмге жақын натуралистік сипатта.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz