Жаңа заман философиясы туралы мағлұматтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
1. Жаңа заман философиясы 2
2. Француз материализмі 5
3. Гегель және Фейербах 7
Пайдаланған әдебиеттер 10

1. Жаңа заман философиясы

Жаңа заман философия мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру)
үлкен ықпалын тигізді. Ренесcанc дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик
мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты
құбылыстар орын алды. ХVІ-XVІІ ғасырларда жаратылыстанымдық және
математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVІІ ғасырға қарай
классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспериментальдық
негізгі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын
анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай
философ-рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ-эмпиристер Локк және Юм.
Трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны
демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты.
Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі
мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVІІ ғасыр
– бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және
табиғатты экспериментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде
рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс,
Р.Декарт және т.б. жатады.
Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады:
1) табиғатты зерттеудегі объективтілік;
2) ғылыми және философиялық әдістің өзіндік күндылығы;
3) табиғаттан технологиялық үстемдік;
4) табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.
Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз
етеді және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін
философия әлемді тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптерді
тазалауы қажет. Кедергілер түріндегі мұндай идолар қатарына ол тектік
идолдарын жатқызады. Бұл идолдар ескі философиялық дәстүрлер әсерінен
қалыптасқан Ф.Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы
күресу бағдарламасын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы
тосқауылдардан құтылып, нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін
педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық
теориясына өзінің саяси утопиясын қарсы қойды. Бэконның пікірінше адамзат
қоғамы өзгеріп отырады және бұл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану
қабілеті мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты
құдай емес адамның өзі қозғайды – міне, Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның
негізін бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы
адамға табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімді береді және ғылымның
көмегімен адам жаңа қоғам – аспанда емсе, жерде жұмақ орната алады!
Дәл осы Жаңа заманда ашылған философиялық идеялар мен ғылыми
жаңалықтардың арқансында парадигмалардың алмасуы іске асады: бұдан былай
табиғат пен заттар әлемі объектіге, ал адамның өзі субъектіге айналады.
Жаңа заманда тілдің стратегиясында да өзгерістер болып, терминологияны
“пайдаланудың” жаңа философиялық стратегияның нәтижесі болып табылады.
Бэконнан Декартқа дейінгі, Локктан Кантқа дейінгі Жаңа заман философтар
жаңа философиялық стратегия ретінде эпистемологияны қалыптастырды. Жаңа
заман философиясы алдыңғылармен салыстырғанда субъективтіліктің философиясы
болып қалыптасты. Егер Бэкон индуктивті әдісті идолдарды игеру және
ақиқатқа жету әдісі деп санаса, Декарт адамның құралы күмән деп есептеді,
ал Локк индивидуалды тәжірибе мен ақыл әрекетіне басымдылық береді. Жаңа
философиялық стратегияның жалпы түпкі бастауы субъект ретіндегі адам болып
саналады.
Адамды субъект ретінде қарастырып, ал табиғатты адам эксплуатациясының
(қанауының) объекті деп қарастыратып жаңа философиялық парадигма ғылыми
әдістерді қолдануға мүдделі болды. Заңдылықтар мен себептік байланыстарды
түсіндіру үшін ғылыми әдістерді пайдалану адамға объекттің үстінен билік
жүргізуге мүмкіндік береді. Адам енді отбасымен, мемлекетпен және логоспен
үйлесімді өмір сүретін қарапайым “Zoon polіtіkon” емес. Адам енді ғылыми
білімнің көмегімен универсум объектілеріне билігін бекітетін субъект.
Осыған байланысты Жаңа замандағы философиялық тайталастардың ең өзекті
мәселелері мыналар: білімнің қайнар көзі мәселесі, айқындықтан критерийі
(өлшемі). Егер рационалистер (Р.Декарт, Лейбниц, Спиноза) “айқындықты”
рационалды интуиция арқылы өзінен-өзі көрнекіліктен көрсе, ал эмпиристер
(Локк, Юм және т.б.) “айқындыққа” бақылау арқылы, “эмпирикалық тексеру”
арқылы жетуге болады деп есептейді. Жаңа заман философтары арасында
пікірталас туғызған келесі маңызды сұрақ - субстанция, оның атрибуттары мен
акциденциялары мәселесі болды. Спинозаның пікірінше, субстанция өз-өзіне
себеп болып табылады. Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция танушы
адамның алдында арақашықтық ретінде және ойлау ретінде көрінеді. Субстанция
өзін өте шексіз көптеген тәсілдер ішінде осы екі тәсілмен көрсете алады.
Г.Лейбництің Спинозадан ерекшелігі, ол базистік элемент ретінде моналаны
мойындайды, олардың синтезі мен бірігуінен Ғалам құралады.
Т.Гоббс барлық мәнділіктің себебі ретінде материаня мойындайды, оның
кеңістік пен уақыттағы қозғалысы нәтижесінде табиғи әлемнің барлық алуан
түрлілігі пайда болады. Бұл идеяны сонымен қатар Гельвеции, Гольбах,
Ламетри сияқты философтар да қолдады. Ал Р.Декарттың бұлардан айырмашылығы,
ол Құдайдан өзге созылмалы болмысты да (материя), ойлаушы болмысты да
мойындайды. Беркли өзінің “өмір сүру, демек қабылдану” деген методологиялық
принципіне сәйкес жалғыз өмір сүретін Құдай деп есептейді. Барлық
нәрселерді қолдайтын да Құдай. Философтың пайымдауынша барлық заттардың
өмір сүруі Құдаймен қабылдануы арқасында ғана. Құдай барлық нәрсенің себебі
ретінде тәжірибенің реттеулі мен тәртіптілігін қамтамасыз етеді. Тәжірибе
арқылы барлық заттардың нақтылығы беріледі. Берклидің тұжырымдауынша,
осылай Құдай жаратушы, сақтаушы және сыйлаушы болып табылады, өйткені
әлемдегі барлық нәрсе жалғыз соның арқасында ғана өмір сүреді, бір-бірімен
байланысады.
Берклидің ізінше Юм материяны субстанция ретінде қарастыру идеясын да,
рухани (ментальдық) субстанция туралы идеяны да сынға алады. Юм бойынша,
өмір сүретін барлық нәрсе сезім органдары арқылы ассоциацияға және
тәжірибеге берілуі мүмкін. Юм субстанция туралы идеяны, жаратылыстану
ғылымындағы “меннің” себептілігін артық деп есептеді, ғылым үшін
тәжірибенің мәліметі маңызды. Сонымен Юм әлемдегі барлық білім тәжірибеден
алынады деп, туа бітті идеялары мен априорлық ықтималдықтарға қарсы
индукцияның рөлін теріске шығарады. Юм дұрыс ақылдың танымда да, моральда
да, саясатта да маңыздылығын көрсеті.
Субстанция мәселесі төңірегіндегі пікірталастар тек философиялық
рефлексия нәтижесі ғана емес, сонымен қатар еуропалық адамның нақты
практикалық әрекетінің теориялық-абстракциялық бейнесі де болып табылады.
Себебі, ол ғылыми білімнің мәліметіне сүйеніп, әлемнен үстемдігіне ғана
сеніп қоймай, қоршаған орта белгісіз тылсым күштің ықпалымен емес, өз
заңдылықтарымен өмір сүретіні туралы білімге сүйене отырып, өзінің нақты
практикалық әрекетіне де сенуі тиіс. Бұл сенім барлық жүзеге асатын
нәрсенің материалдығы, оның себептілігі мен құрылымдылығы, шексіздігі мен
мәңгілігі туралы біліммен бекітілуі тиіс. Материяның барлық мәнділік
субстанциясы, жалғыз себебі екені, адам мен қоғам өмір сүруінің қажетті
шарты ретінде әлемнің, географиялық, табиғи ортаның материалды екендігін
негіздеуге ағартушылық дәуірдің ойшылдары да үлес қосты.

2. Француз материализмі

XVІІІ ғ. орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Канттың Таза пайымға сын еңбегі
Қазақ даласындағы философиялық көзқарастардың ерекшеліктері
Абай шығармаларында адамды зерттеуі
Абай шығармашылығының рухани болмысы
Неміс философиясы – неміс халқының философиялық білімдер жүйесі
Таным философиялық мәселе ретінде
Әлемдік мәдениет пен өркениет
Абай шығармашылығының рухани болмысы туралы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі
Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары
Пәндер