Таным методтары
Таным методтары
Анализ және синтез
Методикалық және теоретикалық – танымдық әдебиеттер арасынан анализ
және синтез проблемасын қандай-да бір дәрежеде болсын қарастырылмайтын
қайнарды таба қою қиын және бұл кездейсоқ емес, өйткені В.И.Лениннің
анықтауы бойынша синтез бен анализді біріктіру -диалектикалық тәсіл
элементтерінің бірі. Бұл мәселенің көптеген зерттеушілері қарастырылып
отырған әдістерге түсініктеме беруге келгенде көбінесе этимологиялық
тұрғыдан анықтайды (анализ гректің analysis – мүшелеу, ажырату, талдау,
ал синтез болса synthesis – біріктіру, топтау, тіркестіру деген
сөздерінен шыққан). Осылайша анализ және синтез тәсілдеріне жеткілікті
түрде толық әрі жан-жақты талдау жасалынған. Олардың Платоннан бастау
алатын бірнеше ғасырлық тарихы бар. Федр және Софист диалогтарында
философиялық тәсіл мәселесіне талқылай отырып, Платон екі табиғи
қабілеттіліктің - synagogue (біріктіру) және diairesis (бөлшектеу) - бары
туралы айтады. Біріншісі - бұл барлығын бірден қамти отырып,
айрықшаланғандардың барлығын біртұтас идеяға ұштастырып келтіру қабілеті;
екіншісі - бұл, керісінше, барлық нәрсені түрлерге, табиғи құрамды
бөлшектерге бөліп тастау қабілеті. Бірақ, бұл кезде олардың біреуінің де
тас-талқанын шығарып алмауға тырысу керек ... ! бұл жерде мүшелеп бөлуге
қабілеттілік басты жағы болып табылады. Оның арқасында жаңа бір тұтастық
жасалады. Диалектиканы сипаттай отырып Платон оны, диалектиканы, бір ғана
нәрсені басқалай қабылдамаудың және барлық нәрсені тек бойынша айыру
шеберлігі (ептілігі) деп кездейсоқ атамаған және синтез, біріктіру жайлы
ешнәрсе айтпайды. Синтез, осылайша, Платонда аналитикалық болып шығады.
Аналитикалық ақыл тектерді түрлерге ажыратып бөледі және бір түрді
басқаларынан анық ажыратады. Әңгіме күрделірек объектілер жайлы болған
күннің өзінде сол процедура қолданылады. Біз түрлі ерекшеліктер жайлы
түсінікті, кәдуілгі білімді пайдалана отырып, жиынтықты бөліктерге ажыратып
бөлеміз. Платонда сюнагогені қолданудың ерекшеліктері оның ең жоғары
текті, жалпылықты белгілі бір шамада о бастан білетіндей болуымен
байланысты. Бұдан соң ол осы жоғары текке, жалпылыққа көп түрлілікті
сәйкестендіруге тырысады. Сюнагогенің негізі бастапқы тұтастықты беріп
тұратын таным әрекетіндегі олайдың интуитивті актісі болып табылатындай
әсер қалады. Бұл бастапқы тұтастықты толығырақ етіп көрсету және негіздеп
беру диереза әрекеті кезінде іске асырылады. Платон консепциясындағы бұл
белгілі бір дәрежеге дейін өз қалауымен әрекет етуі сынға ұшырап отырады.
Арестотельдің көрсетуі бойынша Платонда жалпылық қажетті түрде
негізделмеген, ол жай ғана постулат ретінде қабылданады. Арестотельдің
пікірі бойынша нақ осы нәрсе негіз бойынша шығарылу керек. Осы жердің
өзінде-ақ бөлшектеп - жинақтау процедурасының негізгі қиындығы көрініп тұр:
(генерировать) жасаушы – негіз болып табылатын идеядан, жүйе құрушы
принциптен мүшелеу және біріктірудің абстракциялық (тілі) операциялары
табысқа әкеле алмайды. Күрделі, тұтас объектілердің спецификасы олардың
қарапайым және бөлшектерінің қасиетімен түсіндіріле алмайды. Бұлай
түсінілген анализ методы есептеу және өлшеу операцияларының жан-жақты әсері
астында қалып,объектінің мәнін ашып көрсетуге талап қоя алмайды. Дәл
осылайша көптеген жағдайларда синтез кезінде де объектінің жай құрамды
бөлшектерін біріктіру өмір сүрудің заңдылықтарын анықтамайды және оның
даму перспективаларын көрсетпейді. Объектінің даму процесінде бөліктерді
біртұтастыққа бағындырудың формалары мен дәрежесі өзгеріссіз қалмайды.
Біртұтастықтың элементтері мен жақтарының өзара әрекеттесу қарқындылығы
әртүрлі болуы мүмкін. Бөліктер арасындағы байланыс әлсіз болған жағдайларда
бұл байланысқа көңіл аудармауға болмайды. (бұл органикалық емес табиғаттың
құбылыстарына қатысты). Мұндай жүйелер ыдырай алатындай болады. Басқа
жағдайларда бөлек те, біртұтас органикалық бірліктің мүшесі ретінде алынған
бөліктер жиынтығы да бұл біртұтастықтың қызмет ету принципі мен заңын ашып
шығуға және оның ықтимал өзгерістерінің спектрін анықтауға шама көрсете
аламайды. Бұл жерде мүшелеуге емес, тұрақты түрде қатарын толықтырып
отыруға және максималды жалпылыққа ие ерекше субстраттық структуралық
(құрылымдық) бірліктерді іздеп тауып, оларды бөліп алуға бағыттайтын
принципиалды өзге бағдар пайда болады. Сондықтан жаңа дәуірдің өзінде-ақ
этималогиялық традициядағы (дәстүрдегі, іздегі) оппозицияны пайда болғаны
кездейсоқ емес. Мысалы, Локк ажыратып бөлу процедурасының анықсыздығын
(белгісіздігін) айналып өтуге тырыса отырып, ол ажыратып бөлуден айырмауды
айрықшалап алады. Локк айырмалауды заттардың арасындағы табиғи (табиғат
берген) айырмашылықты қабылдау деп, екіншісін - ажыратып бөлуді - ол әлі
орындалмаған кездегі өткізілетін бөлуге арналған біздің өз іс-әрекетіміз
деп есептеді. Ол былай деп түйіндеді: егер өз жөнімен қолданбайтын болса,
ажыратып бөлу тек ақылды шырмауға салып, ойранын шығаруға ғана қызмет
етеді. (Егер заттардың қиқымы шығып майдаланса, оларды тәртіпке келтірудің
немесе тәртіпке келтіріп жатқандай түр көрсетудің және қандайда бір
анықтылықты күтудің пайдасы жоқ). Аналитиканы мүшелеу (мүшелеп бөлу) методы
(әдісі) ретінде қалай болса солай қолданудың жағымсыз салдарлары туралы
Кант та айтқан болатын: аналитиканы жай бір жөнсіз қолдана салудан (салудың
кесірінен) бұлыңғыр (жалған) логикасы пайда болады. Себебі бір логикалық
форма бойынша ақиқат білімнің бұлыңғыр –жалған көрінісі ғана жасалады.
Гегель анализді этимологиялық түсінудің шегі бар екенін бар көрсетеді: ол
танудың емес, бар болғаны танысудың деңгейімен байланысты. Гегель анализді
ыдырату, мүшелеу ретінде түсінуді екі етпей сынға алады. Ол мұндай
анализдің таным процесіне ешқандай қатысы жоқ екенін айтады: затты
анализдеу-оны ерекше біздің санамыз бойынша бар болуы мүмкін-түсініктерге
ыдырату емес; мұндай тектес ыдырату және оның сырын ашу – танымға еш қатысы
жоқ, тек бар болғаны толығырақ танысуға ғана қатысы бар нәрсе.
Этимологиялық сипаттама күрделі таным процесінің маңызды болса да, бірақ
бір жақ қырын ғана қамтиды. Ол бұл методтардың (әдістердің) мүмкін
мағыналдарының тек біреуін ғана, мұның өзінде де онша маңызды емесін ғана
ашып көрсете алады. Энгельс былай деп жазады: Пікірлесу іс-әрекетінің
барлық түрлері біз бен жануарларға ортақ: индукция, дедукция , демек,
сондай-ақ абстракциялау ... .. белгісіз болып келген заттарды анализдеу,
(жаңғақты сындырып шашудың өзі-ақ анализ бастауы), синтез (жануарлардың
қулық іс-әрекеттері жағдайы) және олардың қосындысы, эксперимент (жаңа
кедергілер жағдайы). Бұл жерде әңгіме пікірлесу деңгейі жайлы, адамға да,
жоғары дамыған жануарларға да тән пікірлесу (пікір айту-рассуждение) іс -
әрекеті жайлы болып отыр. Адам үшін мүшелеп бөлу мен біріктіру
операцияларының арғы жағында басқа бір терең нәрсе тұр, ал бұл
операциялардың өздері – бар болғаны көзге ілінетін (феноменологиялық)
сырттай анық байқалатын белгі, ал берілген методтардың (әдістердің) мәні
емес. Және кемшілік анализ бен синтездің айырықшалайтын белгілер негізінде
түсіндірілуінде емес, бұл белгілердің арғы жағындағы берілген процесстердің
негізгі принципі мен масштабын көрмеуде. Анализ бен синтездің ерекшелігін
(спецификасын) көрсететін жаңа моменттер пікірлесу деңгейінде емес, ақыл
парасат деңгейінде пайда болады. В.И.Ленин анализдегі басты нәрсені
жоғарыдағыдай мағынадағы мүшелеп бөлумен емес, керісінше құбылыстағы барлық
қарама-қайшылықты ашып көрсетумен байланыстырады. Ленин философиялық
дәптерлеріндегі диалектика туралы мәселеге бөлімінде былай деп жазады:
анализ бұл қарапайым құбылыста (буржуазиялық қоғамның кішкене клеткасында
) қазіргі қоғамның барлық қарама-қайшылықтарын ашып көрсетеді. Осылайша,
анализ бен синтездің мәні тек мүшелеп бөлу мен біріктіруде ғана емес.
Күрделі жүйелік құрылымдардың ұйымдастырылуын да зерттеудің қажеттілі,
олардың көптеген компоненттерінің әрекетін және олардың әртүрлі қызмет ету
параметрлерін есепке алу жай ғана мүшелеп бөлуді емес, олардағы ең басты,
негізгі ядроны бөліп алуды алдын ала қажет етеді. Және ізденіске не ішкі
тәуелділіктер мен сыртқы себепшілерді (детерминаты-анықтаушы) өзара
байланыстыратын, негіз салушы жүйе құрушы принципті құруға қарай бұл
бетбұрыс методология дамуының дамушы құбылысқа моменттік көзқарас
мүмкіндігін толығырақ қамтамасыз ететін қазіргі заманғы этаптың
спецификалық ерекшелігі болып табылады. Көптеген совет авторларының анализ
және синтез әдістерін қалыптасқан дәстүр бойынша (традиционная трактовка)
талдауымен келісе отырып, соған қарамастан талқыға салу кезінде олардың оны
- традициялық талдауды - жиі артқа тастап отыруын атап өткен маңызды.
Бабосов Е.М. анализдің гноселогиялық ролі шын әлем құбылыстарының тұтас
байланысын логикалық түрде мүшелеп бөлуде, ал, құбылыстарды бір-бірінен
бөліп алып, әр қайсысын жеке -жеке қарастыруда деп атай отырып, ары қарай
бұл проблеманы ол басқа принципиалды жолмен шешеді. Диалектикалық
анализдің негізгі танымдық мәселесі - заттың барлық жақтары мен қасиеттерін
біртұтас бірлікке байланыстырып тұратын негізді тауып, және осы негізден
дамушы тұтастықтың заңдылықтарын шығаруда, - деп көрсетеді автор. Біз бұл
жерде бізді қызықтырып отырған шын әлемді танып білу әдістерін (методы) жай
ғана танымның операционалды құралдары ретінде ғана емес, сонымен қатар
ойлаудың белгілі бір байланыста (өзара байланыстылықта-содержание формамен
емес мазмұндық ерекшелікпен байланысатын зерттеліп отырған тұтастықтың даму
логикасына сәйкес келетін өрбу тәсілдері ретінде де түсінуге тырысушылықпен
ұшырасамыз. Бұл жерде форма, мазмұн деген ұғымдарды классикалық түсінуден
бас тарту керек. Сонда ғана бір нәрсе аулауға болады. Анализ бен синтезді
бұрынғы қалыпта этимологиялық түсіндірудің жеткіліксіздігі қазіргі кезде
одан сайын көзге ұрынып тұр. В.Л.Алтуховтың пікірі бойынша әртүрлі кластар
теорияларының тарихы біртұтасты бөліктерге қанша жерден қандай айламен
мүшелесуде және ол бөліктерді қайтадан жаңа бір тұтастыққа синтездесең де
ақыр соңында бәрібір талданып жатқан тұтастықтың маңызды да әрі ең терең
соның ішінде оның-тұтастықтың -қарама-қарсы бірін-бірі жоққа шығаратын даму
тенденциялары әрқашанда одан әрі берілген тәсілмен бөлінбейтін,
ыдырамайтын дерлік жақтары қалдық ретінде қалып қоятынын көрсетеді. Бұл
автор белгілі бір шеңбердегі проблемалық сұрақ тудырып отыр: мүше-мүшеге
бөлініп жатқан біртұтастың мәні де бөлшектерден құрала ма? Енді осы жерде
екі ғасыр бұрын ұлы Гетенің Фауст трагедиясында айтқан сөздерін қалайша
еске түсірмеуге болады: оның, түсінікті танымға жету үшін тірі затты
зертеп білуге тілек білдіргенде ғалым алдымен жанын шығарып, содан соң оны
бөліктерге мүшелеп тастайды. Сөйтіп, оларға қарап тұрса, қап!!!: олардың –
бөліктердің - арасындағы рухани байланыс жоғалып кетіпті. Шынында да, көп
мағыналықты көңілге алмай, берілген әдістердің (методтардың)
этимологиялық талданылу аймағында кептеліп қалу қиын нәрсе. Кейде бұл көп
мағыналықты анализ бен синтез белгілі бір принциптері бар деген сияқты
мағынада ойлап жүр. В.Г.Афанасьев болса зерттеу, бір жағдайда, біртұтастың
әртүрлі компоненттерінің генетикалық байланысын, екінші жағдайда,
біртұтастың бөліктерінің субординациясы мен координациясын, үшінші
жағдайда, бұл біртұтастың басқа тұтас құрылымдармен өзара әрекетін ашуға
ұмытылады, деп принциптері келіп шығады. Қарама-қарсы бағытталған
процедуралар бойынша осы әдістерді (методтарды) сипаттайтын этимологиялық
түсіну мүшелеп бөлу және біріктіру детерминациясының (принципінің) негізі
туралы, бұл операциялардың зерттеленіп отырған тұтастықтың ерекшеліктері
мен құрылымына (структура) сәйкес келу туралы мәселені ашық қалдырады.
Процедураның өзі не күтілмеген нәтижелерге әкеліп соғуы мүмкін болатын
белгілі бір анықсыздық ретінде шығады, не көптеген факторларға тәуелді
айнымалы, яғни берілген көптеген шектеулерге тәуелді айнымалы ретінде
шығады.(бастапқы таным жағдайына, субъектің белсенділігіне, ең жай құрамды
бөлшекті іздеп табуға бағдар алуына, негізгі, алғашқы себепшіге).
С.Л.Рубенштейннің синез арқылы анализ деген сөзі нақ осы жағдайды –
анализдің қол жетуге тиіс мақсат тұрғысынан іске асыралатын жағдайын
көрсетеді. Неопозитивизм, аналитикалық философия бұлар анализді білімнің
концентуализациясымен байланысқан қандайда бір формалармен шектелмеген таза
техника ретінде қарастырады. Марксистік философия анализ бен синтезге
мұндай біржақты, таза инструменталды түсінікпен келісе алмайды және оны -
бұл түсінікті - жеткіліксіз деп санайды. Бір құбылыстың анализі мен
синтезінің техникасын екінші бір құбылысқа формальды түрде ауыстыра салу
көңілдегі нәтижелерге жеткізе алмайды. Объектің ерекшелігін елемеуге,
принципиалды әртүрлі жүйелердің ыңғайын ортақ өлшемдермен табуға болмайды.
Берілген әдістердің (методтардың) операционалдылығын еске ала отырып,
марксистік философия оларды бәрінен бұрын ойлаудың объектінің мазмұндық
табиғатын ашу жолындағы қозғалуының тәсілдері ретінде, әрекеттің объектінің
белгілі бір табиғатына бет алатын, осы табиғаттың спецификасымен
(ерекшелік) қатал сәйкестікте дамитын ережелері мен реттеуіштері ретінде
қарастырады. Анализ және синтез дамудың диалектикалық методының құрамында
көрінеді. Олар өздерінің қарама-қайшы бағыттағы өз әрекетінің диалектикалық
әдістің – шын әлемді революциялық өзгерту әдісінің ішкі даму көзін
анықтайды. Ойлаудың берілген мазмұнның структурасы (құрылымы) арқылы өрбуі,
берілген мазмұнның тұтасқан жасырын қатынастарына арқылы өрбуі, қозғалуы)
және белгілі болған, ашылған тұтастықтың (структураның-құрылымның)
қасиеттерін білу-мазмұнды (оның мәнін, белгісіз қатынастарын) процестер,
объектілер, құбылыстар болмысының белгілі формаларын өзін түсіндіруі үшін
қажет етпейтін басқа әртүрлі бейнелермен жан-жақты ашып көрсетудің негізі.
Анализ және синтез және синтез әдістерін этималогиялық түсіну жалғыз жол
болып табылмайды. Арестотельдің Никомахова этикасында кездесетін анализ
терминінің ертеректегі қолданулының бірі танымның алғашқы себепке қарай
қозғалуымен байланысты, бірақ ешқалай бүтінді бөлікке ыдыратумен байланысты
болмаған. Анализ және синтез әдістерінің пайда болуы, дамуы, философиялық
және математикалық зерттеулер негізінде іс жүзіне асырылып келді, сондықтан
бұл белгілі бір шамада оларды интерпретациялау ерекшеліктерін тудырды.
Ертедегі грек математикасында анализ бен синтезді геометриялық фигуралар
құру немесе теорияны дәлелдеу процесіндегі ойдың қозғалыс бағыты бойынша
айырған. (айырмашылықтарын анықтаған) Анализ кезінде дәлелденуі тиіс
ережелерге сүйенген, және осы ережелердің салдары ақиқат ретінде
қабылданған ережелермен сүйенген, сөйтіп бұл ережелердің салдары дәлелденуі
керек, ережелерге келтіретінін көрсетіп отырған. Бұл жерде осы екі әдістің
екеуі де тек бар болғаны белгілі нәрсені дәлелдеуге ғана мүмкіндік
беретіндері айдан анық болып тұр: олардың көмегімен жаңа ақиқаттарға жетуге
болмайды. Аналитикалық әдіс аралық көмекші ережелердің ақиқаттығы жайлы
еш нәрсе айтып (бекітіп) жатпайды. Ал синтетикалық әдісті қолдану кезінде
жағдай басқаша болып өзгереді: ақиқаттылығы талас тудырмайтын бастапқы
пунктты дұрыс таңдап алып, біз одан сондай-ақ бірқатар даусыз ережелер
шығарамыз. Бұл соңғы даусыз ережелердің ең соңғысы дәлелдеу әрекетінің
мақсаты болып табылады. Аналитикалық әдіспен жүргізілген дәлелдеу кері
байланысқа түскен жағдайда, яғни, ол синтетикалық әдіспен ауыстырыла алған
жағдайда ғана күшіне ене алады. Сондықтан анализ синтезге қарағанда
жарамсыз болды. Анализ бен синтезді бұлай венторлық түсіну Эвклидтің
Бастамаларында кездеседі. Алайда, бұл әдістерді ертедегі бізге келіп
жеткен грек суреттеулерінің ішінен ең ауқымды, кең көлемдегі суреттеу Паппа
Александрийскийдікі. Ол бұдан басқа теоремалар мен проблемаларды айыру
аналогиясы бойынша теоретикалық және проблематикалық анализдерді айырған
болатын. Алғашқыларының мақсаты таным болса, екіншілердің мақсаты - бір
нәрсе тындыру (істеу, сделать, орыс аналогиясы бойынша) Теоретикалық
анализдің мақсаты – ақиқатты дәлелдеу, ал проблематикалық анализдің мақсаты
– алдындағы тұрған нәрсені (берілген нәрсені) шешіп беру. Проблематикалық
анализдеу біз істелуге, жасалуға тиісті нәрсені істелген, жасалған деп
қарастырамыз. Сөйтіп, бұдан туатын салдарлар бойынша белгілі бір нәрсеге
жетуге тырысамыз. Егер бұл нәрсе мүмкін және орындалатын болса, ол
геометриялармен берілген деп аталады, онда ұсынылған нәрсе де (шешуге)
берілген болады және дәлелдеу анализге кері тәртіпте болады. (орналасады).
Геометриялық анализ және синтез әдісі біртіндеп физикалық және
астрономиялық объектілерді зерттеуге де қолданалды. Анализ деп салдардан
себепке, құбылыстан мәнге қарай апаратын жолды іздеуді түсіне бастады. Ал
синтез деп осы айтылғандарға қарама-қарсы ойдың қозғалысын түсінді. Бұлай
талдау орта ғасырларда күшіне еніп тұрды. Тек Кант ғана, аналитикалық және
синтетикалық пікірлер ұғымын енгізе отырып, алғашқы мұндай классикалық
түсініктерден бас тартатыны туралы мәлімдеді. Ол өзі енгізген ұғымдарға
қатысты анализ және синтез терминдерін қолданбауды, прогрессивті және
регрессивті әдістер жайлы сөйлеуді ұсынды. Ертедегі гректердің
математикалық практикасында анализ және синтез әдістерін басқаша
интерпретациялау қалыптасты. Бұл талдау венторлық түсініктерден толығымен
бас тартпаса да, бірақ бірінші кезекте ол талдау негізгі мәселені берілген
әдісте геометриялық құрылыстар пайдалана ма әлде жоқ - па деген сұрақты
шешуге бұрумен байланысты болды. Анализ бұрыннан беріліп қойған нәрсенің,
дайын конструкцияның немесе фигураның қасиеттерін қарастырумен
байланыстырылды, ал синтез болса қосымша құрылыстар, объектілер енгізумен
байланыстырылады. Бұл көзқарасқа сай, егер дәлелдеу процесінде шарқа
қарағанда қорытындысында көбірек объектілер қарастырылатындай етіп қосымша
геометриялық құрылыстар жүргізілетін болса, онда бұл жерде синтез жүріп
жатыр. Бұған қарама-қарсы жағдайда дәлелдеу процесі аналитикалық сипатта
болады. Мұндай талдауды Я.Хинчинна және У.Ремес дамытады. Онда да олар
антикалық геометрлардың нағыз, шын текстері бағыттылық интерпретациясына
сай емес деп есептейді.Бұл кезде көптеген ғасырлық даму барысында антикалық
анализ және синтез ұғымдары мәнінің түбірлі өзгерістері еленбейді деген
ой келеді. Анализ бен синтезді екі түрлі мәнде анықтауға болады. бағыты
бойынша және құрылыстарды пайдалану бойынша. Алғашқы жағдайда анализ
сөйлемдер (пікірлер) арасындағы дедуктивті қатынастардың терминдері арқылы
талданса, екінші жағдайда анализ фигураларды анализдеу ретінде, яғни,
геометриялық объектілер арасындағы қатынастарды зерттеу ретінде
қарастырылады.Антикалық геометрлер қолданған әдістің тек қана математика
тарихында ғана мәні болып қойған жоқ. Бұл әдіс қазіргі заман ғылымының
пионерлері - Ньютон мен Галилейдің методологиялық принциптерінің қалыптасуы
кезінде концептуалды модель бола алды.Дәл осы Галилей алғашқылардың бірі
болып математика мен физика арасындағы тығыз байланысты орнатты.Математика
арқылы эксперименталды ғылымға ертегілердің геометриялық анализ және синтез
туралы түсініктері енді. Сондай-ақ Ньютон да қайта-қайта математикалық
методика мен табиғи ғылымдар методикасы арасындағы ұқсастықты атап отырды.
Оптикаға қорытынды коментариясында ол былай деп жазады: Математикада да,
натуралды философияда да қиын нәрселерді синтез әдісінен бұрын анализ
әдісімен зерттеу бірінші болу керек. Ньютонда анализдің ауқымына
эксперименттер мен бақылаулар жүргізу, олардан индукция жолымен жалпы
мәліметтер алу (шығару) кірді. Мұндай қорытындылар алынған кезде оларды
дедуктивті түрде жаңа эмпирикалық жағдайларға қолдануға болатын болды.
Бірақ бұл жаңа эмпирикалық жағдайлар жалпы ережелер шығарылған алғашқы
эмпирикалық жағдайларға қарағанда жиі-жиі күрделірек болатын. Э.Кассирер
геометриялық анализ әдісімен жаңа дәуірдің алғашқы ірі ғалымдарының
методтарының арасында салыстыру жүргізгенде, ол берілген физикалық
конфигурацияны эксперименталды анализдеу мен геометриялық фигураның түрлі
бөліктерінің арасындағы арақатынастарды анализдеу арасындағы аналогияны –
Ньютон және Галилей секілді ғалымдардың негізгі методологиялық идеялары
бірі болған аналогияны көрсетті және соңында, соңғы кезде қалыптасқан
анализ және синтез әдістерінің тағы бір талдауын атап өту керек. Ол қазіргі
заман адамы өміріндегі жасанды ортаның рөлінің артуына өзіндік
методологиялық жауап ретінде пайда болды. Бұл бағыттың өкілдерінің бірі
Г.Саймон анализ деп жаратылыстануда іске асатын табиғи құбылыстарды зерттеу
процесін, ал синтездеп инженерлік қызмет саласындағы жасанды объектілер
құру бойынша өтетін конструктивті процестерді түсінеді. Г.Саймон егер
ғылым анализбен айналысса, сонымен қатар, біз инженерлік салаға синтез
мәселелерін жатқызамыз,-дейді. Белгілі бір шамада бұл позицияға кейбір
совет зерттеушілерінің де пікірі жақын. И.Н.Бродский жаратылыстанудың
әртүрлі бөлімдерінің мәселесі-материалдық объектілердің қозғалыс
заңдылықтары, олардың структуралық құрылымдары, себептік байланыстары,
қасиеттері туралы информация алу деген қорытындыға келеді. Техникалық білім
жаңалық ашуға емес, бір нәрсе жасауға, құрастыруға, анализге емес, синтезге
бағытталған. Кейде анализ және синтез ұғымдарына жалпы қабылданғаннан
айрықша мағына беруге тырысу қарсылық кездестіруде В.П.Кузьмин, Саймонның
интерпретациямен қарастыра отырып, кемшілік ретінде зерттелінген ұғымдардың
дәстүрден тыс, тым ауытқыған, кең түрдегі мәнін көрсетеді. Оның пікірі
бойынша, анализ бен синтезге қатысты кәдімгі түсінікті бұл жаңа традициялық
емес түсінікпен алмастыруға болмайды. Анализ бен синтезді традициялық емес
(дәстүрлік емес) талдаулардың пайда болуы мен даму тарихына жасалған осы
қысқа экскурсия олардың жалпылық, фундаменталды сипатын көрсетіп тұр.
Анализ бен синтездің ерекшіліктерін зерттеуде ешқандай жағдайда да олардың
мұндай мағыналарын есепке алып отыруға құнсыздық танытуға болмайды. Тарихи-
ғылыми, тарихи-философиялық материалдарды зерттеу бізге анализ және синтез
әдістерін түсінудегі негізгі нәрсе әрқашан мүшелеу және біріктіру
процедураларынан, бір жағынан, о бастан беріліп қойғанның қасиеттерін ашу
процедураларына, екінші жағынан әлі күнге дейін болмаған жоқ нәрсені жасау
процедураларына қарай жылжып отырғанын көрсетеді. Этималогиялық
интерпритациядан бас тартқанның өзінде де мүшелеу операциясын жүзеге асыра
отырып, бізге бұрын беріліп қойған, дайын тұтастықпен істес болатынымызды
және оның ішкі потенцияларын шығарып, оның жасырын ұсталған жақтарын
ашытынымызды көруге болады. Байланыстыру, біріктіру жағдайында біз жаңа
объект жасаймыз. Анализ және синтездің мән мағынасын қарастыруда бұл
сипаттамалар анағұрлым маңызды болып табылады. Бұл әдістерді осылайша
түсіну қалған барлық талдау түрлерін жеке жақтар ретінде өзіне қамтып
алады. Анализ және синтез әртүрлі логикалық процедуралар мен операциялар
жиынтығынан тұратын зерттеудің күрделі теориялық әдістері ғылыми анализ
нәтижесінде тұтастықта имплицитно бар болатын (жасырын бар) сипаттамалар
белгілі болатын (адам байқайтын деңгейде сыртқа шығатын) ойлаудың және іс-
әрекеттің қозғалыс тәсілі. Анализ кезінде біз актуалды немесе потенциалды,
бірақ жасырын бар нәрсені іздейміз. Бұл жағдайда анализді жаңалық ашу
ретінде түсінуіміз дұрыс. Анализ – бұл зерттелген заттың ерекшеліктерін
сипаттарын қасиеттерін ғалым жасанды немесе табиғи ортамен істес болады ма,
әлде жоқ па, оған қатыссыз ашу. Дәл осы себептен ғылыми анализ тек қана
мүшелеп болу жолымен емес (объектіні), сондай-ақ бақылау, экспиримент,
тәжірибеден индуктивті салдарлар шығару жолымен де іс жүзіне асады.
Синтетикалық метод берілген жүйені басқа жүйеге түрлендірудің құралы болып
табылады. Ол әдіс (дәл қазір) нақты бір мазмұндық негізден тыс шығуды,
әрекет етуді, нақты бар тұтастық шеңберінде әлі пайда болмаған сапалық
тұрғыдан жаңа элементтерді тудыруды, шығаруды қажет етеді. Синтез
зерттеушіні заттың өз ісін атқаруының ерекшеліктері мен мәнін сырттай
анықтап тұратындай детерминаттарды (оның мәнін анықтап тұратын
элементтерді) тауып, пайдаға асыруға бағыттайды.Синтетикалық әдіс кең
көлемдегі, әртүрлі өзара әрекеттесу жүйесіне сүйене отырып, объектті қайта
қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ерекше атап өтерлік нәрсе ол: синтез-
анализ кезінде алынған элементтерді бір тұтас қылып біріктірумен
байланысқан тек қана ойлау операциясы ғана емес, сонымен қатар, затты
жасау, құру және осы жағы басымырақ. Ол альтернативаларды таңдау жолымен іс
жүзіне асады. Анализ және синтез процецтерін шын әлемді (қоршаған ортаны,
ішкі әлемді) игерудің логикалық формалары деп қана қою, осылай есептеу
дұрыс болмаған болар еді. Анализ және синтез материалдық іс - әрекеттердің
практикалық қолданымды принциптері болады. Оларды осылай түсіну таным
тәсілдерінің олардың генетикалық негізімен байланысын анығырақ етеді.
Анализ бен синтезді іс-әрекетінің реттеуіштері (регулятив) ретінде ұғыну
олардың қоғамдық дамудың дүниені революциялық, жедел түрлендірумен
байланысқан қазіргі кезеңіндегі барған сайын өсін келе жатқан актуалдық
мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Мүшелеп бөлу немесе біріктіру бойынша
атқарылған әрбір кез –келген әрекетті алынған заттар мен құбылыстардың
анализі мен синтез деп мойындауға болмайды. Көптеген кәдуілгі бөліктеу
мен біріктіруге бағытталған процедуралар ғылыми анализ бен көздеген
мақсатынан тым алыста жатыр. Алайда, анализ бен синтезді экспериментальды
және теоретикалық зерттеулерді әбден ысылған методикаға сүйенетін іс-
әрекеттің практикалық приемдары ретінде адамның біріктіру және ажырату
бойынша басқа іс - әрекеттерінен айыру қажет.Әдетте, әдебиеттерде мұндай
айыру әрқашан бола бермейді. Сондай-ақ әрбір біріктіру мен бөлу әрекетінің
анализ және синтез бола алмайтыны бұл методтардың өздері мазмұны бойынша
жай қарапайым мүшелеу мен біріктіруге қарағанда мағынасы әлдеқайда терең
жатқанына куә. Анализ бен синтезді осылай түсінетін болсақ, онда кең түрде
етек алған анализ бен аналитикалықты, синтез бен синтетекалықты тепе-
теңдестірудің негізі түсінікті бола бастайды. Синтетикалық деген ұғымның
өзі әңгіме адам іс -әрекетінің нәтижесі туралы, жасалып, бітіп, қойған
нәрсе туралы екенін білдіріп тұратын сыңайда болады. Тарихи-философиялық
дәстүрге сай аналитикалық түсіндіруші ретінде, ал синтетикалық,
кеңейтуші, құрастырушы жаңа ретінде түсініледі. Әртүрлі нәрселерді санамен
ұғынып, олардың қасиеттерін тіркеу, жасырын, белгісіз жатқан нәрсені
(имплицитно) ашу – аналитикалықтың мәні осы, жаңа объект жасау, жаңа
объектіні құрастыру жолымен заңдылықтарға сай әрекеттерді көрсету
–синтетикалықтың мәні осы. Аналитикалық және синтетиткалық ұғымдары
философиялық және жаратылыстану ғылымдарында кеңінен пайдаланылады. Нақты-
ғылыми, формально-логикалық зерттеулер саласында аналитикалық және
синтетикалық проблематикасы тәуелсіз, бөлек статусқа ие болады. Бұл жерде
олар ақиқаттардың, пікірлердің, сөйлемдердің сипаттамалары ретінде
талданады. (интерпритируются). Нақты-логикалық ыңғай-әдіс-(подход) бәрінен
бұрын осы ұғымдарды білдіретін терминдерді ары қарай ашып-түсіндірумен
(экспликация-буквально объясение, раскрытие, разварачивание скрытого,
свернутого) байланысты. Кейде уақыты келгенде пікірлерді және бұл
классификациясының өзінің орындылығы жайлы өткір дискусиялар болып жатады.
Аналитикалық және синтетикалық деп проблеманы қоюдың логикалық мәнінде
маңыздылығын ескере отырып, сонымен бірге талқыға түсіп отырған ұғымдардың
мазмұндық көлемін таза бір тілдің структураларды зерттеудің тәсілі және
құралы ретінде пайдаланумен келісе салуға болмайды. Жалпы философиялық
тұрғыдан қарайтын болсақ мағынасы бар нәрсе ол-бұл екі қос ұғымдардың
(процесс-результат типі бойынша) процесс-нәтиже типі бойынша
арақатынасы. Аналитикалық және синтетиткалық анализ және синтездің
нәтижелерінде алынған нәрсені білдіріп тұрады. Қарастырылып отырған
арақатынас процесс-нәтиже басымдылыққа ие. Бұл (басымдық) артықшылық
мынада: процесс сипаттамлары нәтижеге көшіріледі. Анализ және синтез
әдістерінің мазмұндық айырмашылығы не аналитикалық нәтиженің, не
синтетиткалық нәтиженің сипаттамасында жасырын түрде болады. Байланыстың
мұндай типі оның екі компонентінің бір-бірінен бөлектілігін, бір-бірінен
ерекшелігін анықтайды-көрсетеді: анализ және синтез әдістерінің
операцияналдылығы, олардың сырт дүниеге тәуелділігі, аналитикалық немесе
синтетикалық нәтижесінің субстанцияналдылығы, ол арқылы алынған
структураның спецификасының бейнеленуі. Аналитикалық және синтетикалық
ұғымдары, осы ұғымдарға жету әдістерінің, анализ бен синтездің,
сипаттамаларын өздеріне жинақтай отырып, тұтастық дамуының заңдылықтары мен
спецификасының анықтамасының өздерінің мазмұндық көлеміне, яғни құрамдарына
қосып алады, бірақ оларға, әдістерге бағынышты болып қалмайды (потому что
нельзя аналитическое ианализ; синтетик и синтез принимать за одно и тоже
самое; отождествияь их) Аналитикалық және синтетикалықты бір-біріне қарама-
қарсы қойып айырудың негізіне тұтас жүйелердің әртүрлі даму тәсілдері
салынған. Дәл осы сәт өте маңызды. Зерттелінді проблеманың мұндай қыры
неғұрлым кеңірек зерттегенді көздейді. Осылай болғанда әдістің де, оның
нәтижесінің де детерминациясының негізі туралы мәселе шешілуі мүмкін;
аналитикалық және синтетикалық зерттеу приемдарының типологиясының
объективті критерилері шығарылуы мүмкін. Қимыл-әрекеттері өз ішінен
реттелінетін, ешқандай ауытқусыз алдағы болатын өзгерістерге әкеліп соғатын
күйі бар, жеке өзіндік дамудың нәтижесі болып табылатын жүйелер өздерінің
заңдылықтарын олардың бойында жасырын (имплицитно) түрде бар нәрселерді
ашып-анықтау жолымен зерттеуді қажет етеді. Мұндай зерттеу аналитикалық
болады, себеі ол негізінде жабық түрде сақталған нәрсені ашық қылып
көрсетеді. (шамамен былай түсінуге болады: (шексіздік ... ...көзге
ілінбейтін мәнді құбылысқа айналдырып көрсетіп, бұл құбылысты адамның
қабылдау деңгейіне дейін (ақылмен т.б.) жасанды түрде шығару ... .
шексіздік) Өзіндік және дамудың нәтижесі болып табылатын басқа типтегі
тұтастық пайда болып одан ары қарай жетілудің басқа жолын-синтетикалық
жолын қажет етеді. Синтетикалық даму тәсілі табиғи объектілерге ішкі және
дамудың нәтижесінде пайда бола алмайтын қаиеттерді береді. Дамушы
құбылыстың бойындағы оның алдағы болатын өзгерістерінің (келешек
күйлерінің) формалары дайын түрде сақталмайды, бұл формаларды ол сырттан
(адам әрекеті нәтижесінде) алады. Олар одан іс-әрекетінің нәтижелері
ретінде өндіріледі. Бұл жерде Гегельдің мына бір ескертуінің мәні бар:
аналитикалық және синтетикалық методтарды қолдану біздің еркімізге емес,
ал танымдағы заттардың өздерінің формасына тәуелді. Табиғи-тарихи даму
процесі, бар жағынан, имманенті түрде өзін-өзі жетілдіру ретінде, негізінде
имплицитно (жасырын( бар нәрсені ашып кең түрде көрсету ретінде, әлі
жетілмеген фазадан жетілген күйге қарай өту ретінде түсінілуі мүмкін,
екінші жағынан бастапқы материалдық конструктивті (басқамен біртұтас болып
бірігіп) түр өзгерісіне түсуі ретінде, қазіргі күйдің шегіне шығу,
табиғатта аналогы жоқ объектілердің жасау ретінде түсінуі мүмкін. Маркс
пен Энгельс бойында әзірше жетілмеген түрде болып, бірақ кейін жаңа
тұтастыққа айнала алатын нәрсені сақтамайтын қозғалыстың бар екенін
көрсетті. Әрбір жүйе оған қарағанда жалпы қозғалыстың бар екенін көрсетті.
Әбір жүйе оған қарағанда жалпырақ, кең жүйенің ішіндегі кішкентай жүйе
(подсистема) болса да және жүйенің элементі жүйелік позициядан қаралса да,
бәрібір салыстырмалы түрде де, абсолютті түрде де кейбір жүйеден тыс
сипаттар жайлы айтудың мәні бар. Бұл берілген жүйенің тыс сипаттар жайлы
айтудың мәні бар. Бұл берілген жүйенің ішінде шешімін таппайтын, оған
қатысты сыртқы мәселелердің приципиалды түрде шешілмейтін және негізді
толық алмастыру мүмкіндігін білдіреді. Мұны мысалмен түсіндірейік. Әрқашан
берілген формальды жүйеге қатысты сыртқы контексті болып табылатын
нәрселер (мәселелер) бар. Берілген жағдайда әңгіме формальды әдістердің
аксиомаларды немесе формальды ережелерді ашуға немесе таңдауға қолданылуы
жайында, сондай-ақ негізгі фундаментальды ұғымдарға (мысалы: жиынтық-
множество) қолданылмауы жайында болып отыр. Анализ және синтезді
этимологиялық түсіну элементоризм мен тұтастықты, редукционизм мен
организмді ажыратудың негізінде жатыр. Бұл ұғымдарды дәстүрден тыс
(традициялық емес) талдау басқа методологиялық бағдарларды ашуға мүмкіндік
береді. Бұлардың біріншісі мынау: жүйе құрушы механизмдер, жүйенің үзілісі,
жалғасуы (преемственность) және оның тұрақтылық эпицентрі. Мұндай тектес
жүйелік тұтастық өзінің ішкі потенцияларын дамыту арқылы біртіндеп дамиды.
(эволюционирует). Мұндай жүйеге тән нәрселер: ол жүйенің толықтығы, бұл
алдынғы күйлердің формалары келесі формалардың негізін салуда көріненді,
осылайша дамудың бағытын көрсетеді. Сыртқы жағдайларда жүйеге әсерін
тигізеді, бірақ екінші дәрежеде онша маңызды болмайды. Екінші
методологиялық бағдар үшін негізгі нәрсе ол жүйеден тыс құрылымдарға бағыт
алу. Алғашқы кезеңге қазіргі күйді жетілдіріп тұрған жоқ, керісінше
типологиялық ауыстыру тұрады. Бұл жерде белгілі бір тұтастықтың орнына
басқа жаңа тұтастықтар келе бастайды. Тұтастықты сақтай үшін варианттардың
көзін жою керек. Ал жаңарту, жаңалық енгізу альтернативаларсыз мүмкін емес.
Алғашқы жағдайда жаңарту жүйеде о бастан сақталған күйлерді өзіндік дамыту
арқылы жүреді. Екінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz