XX ғасырдың басындағы саяси ой-пікір



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 2
XX ғасырдың басындағы қоғамдық саяси ой-пікір 2
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер 11

Кіріспе

Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын 20 ғасырдың бас
кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ зиялылары 20 ғасырды әрі үмітпен әрі
түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс
Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты
толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды.
Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан
жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды.
Бұл ағартушылардың қатарынан біз М. Дулатовты, Ә. Бөкейхановты, Ш.
Құдайбердиевті, А. Байтұрсыновты тағы басқаларды көреміз. Осы
ағартушылардың толқынының сол кездегі атқарған рольдері өте жоғары болды.

XX ғасырдың басындағы қоғамдық саяси ой-пікір

XX ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар,
қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине оларды дүниеге келтірген
объективті қоғамдық жағдайлар. Ең алдымен ол 1861 жылдан бастап
басыбайлылық құқық жойылғаннан кейін Ресей құлаш жайып, дами бастады.
Капитализм XX ғасырдың басында Батыс Европа елдерінде империализмге ұласты,
отаршылдық езгі күшейді. Соған сәйкес Ресейдің орталық аудандарында
революциялық қозғалыс, ал шет аймақтарында ұлт-азаттық қозғалыс пайда
болып, күшейе түсті. Ұлт аймақтарында өсіп шыға бастаған зиклылар
өкілдерінің ұлттық сана-сезімі оянып, олар ұлттық теңсіздікке, езгіге
наразылығын білдірді, бостандықтың жолын іздестірді. Сол кездегі қазақтың
алдыңғы қатарлы ойшыл азаматтарын ойландырған қандай мәселелер? Ең алдымен
оларды ел тағдыры, отаршылдық бұғаудан құтылу, дербес тәуелсіздік мемлекет
құру жайы толғандырды. Өйткені патшалық Ресей Қазақстанды басқа ұлт
аймақтары сияқты өзіне қосып алған соң, қазақ жерлерін Ресейдің меншігі деп
жариялап, отаршылдық тәртіп орнатты, құнарлы жерден, өзен-көл жағаларынан,
тау етектерінен жергілікті халықты ығыстырып шығарып, оларды құнарсыз,
шөлейт жерлерге айдап салды. Әскери бекіністер орнатып, Ресейден
помещиктердің бұғауынан босағанымен, жерсіз, шаруашылықсыз қалған жүз
мыңдаған орыс шаруаларын әкеліп қоныстандырды, орыс-казак әскери қолдарын
орналастырып, бекіністер салды, тарихи жер-су аттарын өзгертіп, орысша
атады, олардың бұрынғы табиғи қалыптасқан атауларын халық санасынан өшіріп,
ұмыттыра бастады. Бұл алдын ала ойластырылған, халықтың қанын теспей
соратын нағыз отаршыл басқыншылардың Америкада байырғы үндістерге қолданған
жауыз, айуандық әрекетіне ұқсас саясат болатын. Отаршылдық саясат бойынша
қазақ халқының атын да Киргиз деп өзгертіп, не бұратана, тіпті дала адамы
(степняк) деп кемсітіп, оларды өз мекенінен айырмақ болды. Жергілікті
халық екі түрлі қыспақта қалды: бірі — отаршылдық езгі де, екіншісі —
жергілікті үстем тап езгісі. Бірақ қазақ халқы американдық үндістерге
қарағанда мыңдаған жылдарға тамыр тартқан тарихи мәдениеті қалыптасқан,
үлкен адамгершілік әдет-ғұрыпты, арнамыс пен сыпайылықты дәріптеп, сыйлаған
озық ойлы халық болатын. Олар мұндай қорлыққа төзбеді. Олар, бір жағынан,
орыстың жәй халқынан өзіне жақын дос тапса, екінші жағынан, отаршылардан
қастандық, арамдық көрді. Отаршылдыққа әбден наразы болып, ыза кернеген
Шортанбай (1818—1881), Дулат (1802—1871) сияқты ақындар, былайша айтқанда,
Зарзаман өкілдері халықтың жерін тартып алу мен әдет-ғұрпын аяққа
таптаушылыққа қарсылық білдірді. Әр кезде, әр жерде Сырым Датов, Исатай
Тайманов, М. Өтемісов, Кенесары Қасымов, Жанқожа Нұрмұхаметов, А. Имановтар
басқарған ұлт-азаттық көтерілістері шықты. Патша өкіметі бұл көтерілістерді
аямай басу үшін жазалау отрядтарын жіберіп, қарапайым халықты қырғынға
салды. Әрине, олардың әрқайсысына тарихта әртүрлі баға берілді. Отаршыл
патша өкіметі оларды қарақшы деп атаса, жергілікті халық оларды батыр деп
дәріптеді, мақтан етті. Кеңес өкіметі жылдарында олардың кейбіреулері
таптық көзқарас тұрғысынан бағаланып, отаршылдық саясатқа қарсы күрес жалпы
Ресейге қарсы күрес деп жарияланып, реакциялық қозғалысқа жатқызылды
(мәселен, Кенесары, Жанқожа көтерілістері).
Бірақ мәселе көтерілісті қай таптың өкілі басқарғанында емес, алдына
қандай мақсат қойғанында. Ұлт-азаттық қозғалысы болған соң ол отаршылдыққа
қарсы, тәуелсіздік үшін жүргізілді. Баға да сол тұрғыдан берілуі шарт.
Сондықтан да соңғы кездерде, Қазақстанның, тәуелсіз мемлекет болуына
байланысты, бұларға баға беру жөнінде кеткен қателіктер жөнделуде. Олар
ғылыми әділ бағасын ала бастады.
XX ғасырдың басында Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ж.
Аймауытов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқаев, М. Дулатов, Н. Төреқұлов сияқты озық
ойлы бір топ қоғам қайраткерлері саяси аренаға шықты. Олар ең алдымен
Зарзаман атанған дәуір өкілдерінің ой-пікірлерін ілгері дамытты. Оларды
ойландырып, толғандырған ежелгі проблема отаршылдық бұғаудан құтылу,
қазақтарды өз алдына тәуелсіз ел ету, қолдан кеткен мүмкіндіктер мен
айырылған жерлерге өкініш білдіру, халықтың санасын ояту болатын (XX
ғасырдың басында түрлі саяси-әлеуметтік проблемалар көтерген Айқап
журналының да аты соны аңғартады). Сол мақсатқа бағытталған әрекеітердің
бірі 1909 жылы Уфа қаласында Каримов, Хусаиновтар баспаханасынан жарық
көрген М. Дулатовтың Оян, қазақ дастаны. Дастан:
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғы да бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым енді жату жарамасты,— деп ұран тастаған сөздермен басталады.
Поэманың атына ішкі мағынасы сай, халыққа көзіңді аш, оян, айналаңды
жайлап, жаулап барады, енді намыстанып, егемендік алмасаң, бәрінен
айырыласың деп, халық санасына сәулелі шындық ұялатуды максат етеді. М.
Дулатов Қазақ жеріне деген өлеңінде патшалық Ресейдің Қазақстан жерінде
жүргізген отаршылдық саясатын әшкерелей келіп, былай деп жазды:
Қазағым, жерің қайда атамекен,
қазақ — қазақ болғалы мекен еткен.
Қазірде бәріңізді қуып шығып,
орнына қала салып хохол жеткен.
Шығуға жер өлшеуге землемерлер,
бұл үшін кеткен біздің жақсы жерлер.
Тәтті шөп, тұщы судың бәрі сонда,
табатын бұған хайла, қайда ерлер?
Дәл осы өлеңдері үшін патша өкіметі М. Дулатовты қуғынға салып,
түрмеге жапты. Бірақ ол өлеңді де, оның авторын да құрта алмады. Өйткені,
бұл өлеңдер бүкіл зиялы қазақ азаматтарының көкейтесті, бостандықты тілеген
ой-армандары еді. Әрине, осы ой оларды 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа,
Алашорда өкіметін орнатуға бастады.
XX ғасырдың басында сана-сезімі оянған ұлт-азаттық қозғалысы
өкілдерінің екінші бір арманы надандықтан арылу, қазақ халқының санасын
ояту, әйел теңдігін жақтау, керенаулықтан құтылу болды. Мұны С. Көбеевтін
Қалың мал романы, М. Дулатовтың Бақытсыз Жамал романы, С.
Торайғыровтың Қамар сұлу, Кім жазықты романдары, М. Әуезовтың
Қорғансыздың күні деген әңгімесі, т.б. көрсетеді. Бұл шығармаларда
ғасырлардан келе жатқан әлеуметтік теңсіздік, қыздарды малға сату, шалдарға
еріксіз тоқал ету сияқты ескі реакциялық әдет-ғұрыптар әшкереленді. Олардың
мақсаты үлкендерді жас балалар секілді мектептерде оқыту, сауатын ашу,
білім беру, қызметке тарту, әйел-қыздарды өз теңдеріне қосу болды, жас
кезінен айттырып қою, қалың мал беру, әмеңгерлік сияқты бұрынғы
патриархалдық-рушылдық әрекеттерді жоюды көздеді. Сондықтан 1917 жылдың
шілдесінде Орынбор қаласында өткізіліп, Алашорда үкіметін жариялаған
жалпы қазақ съезі мемлекетті басқару, жер, оқу, т.б. мәселелермен қатар
әйел мәселесі жөнінде арнайы шешім қабылдады. Съезд: Әйелдер саяси құқықта
ерлермен тең болсын, Күйеуге тию еркі әйелдердің өзінде болсын, Қалың
мал жоғалсын, Тұл қатын сүйгеніне тисін, әмеңгерім деп зорлық қылу
болмасын деген сияқты бірнеше құжаттар қабылдады.
Үшіншіден, XX ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер
жасады. Қазақ халқының қарапайым ой-пікірлерінен алғаш философиялық
деңгейге дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Ш. Құдайбердиев болды.
Ол Абайдың Қырық бес қара сөзіндегі ой толғау дәстүрін дамыта отырып,
1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, еңбек етті, сөйтіп
Үш анық деген философиялық еңбегін жазып шықты. Ол еңбегінде Шәкәрім
түрлі философиялық мәселелерге арнайы тоқталады. Бұлар — дүние, таным, тән
мен жан, жану мен шіру, ождан, т.б. сияқты мәселелер. Ождан, дейді Шәкәрім,
адамдағы нысап, әділет, мейірім, осы үшеуінің қосындысы. Оны тілейтін жан,
деп түсінеді Шәкәрім. Бұл еңбегінде ол бірде материяны мойындаса, бірде
идеяны алғашқы санап, идеализмге бас иеді, бірде ғылымға жүгінсе, бірде
спиритизмді қуаттайды. Бұл Шәкәрімнің ізденісі қиын болғандығын, қазақ
арасында бұған дейін қалыптасқан, жүйеленген философия мектептерінің
болмағандыгын көрсетсе керек. Көлемі шағын кітапшаны ұзақ жыл зерттеп
жазғаны да соны дәлелдейді; Мен жанды былай түсінемін, дейді ол, біз
дененің түп негізін тексергендей, жанның да түбін тексерсек, жан да дене
сияқты басынан бар болып табылады. Сөйтіп, адамның адамгершілік, ар-
ожданының негізі жан өлмейтін, өшпейтін, мәңгі құбылыс болып шығады. Одан
әрі Шәкәрім былай дейді: Ғылым жолында әлде неше түрленіп, өзгерсе де
дененің ешнәрсесі жоғалмаған сияқты, жанның да ешнәрсесі жоғалмайды (Ш.
Құдайбердиев. Үш анық. Алматы, Қазақстан баспасы, 1991, 276.). Бірақ
мұндай қайшылықтарына қарамастан, жалпы алғанда Шәкәрім прогреске, ғылымға,
адамдыққа сенеді. Мәселен,— дейді ол,— мен асқан білімді, өнерлі болып
керек нәрсенің бәрін жасап шығаратын зор машина жасағам, соның істеп
шығарған нәрселерін мен жасады дейсіз бе, машина жасады дейсіз бе? Бер
жағынан қарағанда, дәл сол кезде жасап шығарған машина ғой. Ал ол машинаға
соншалық қуат, шеберлік берген мен ғой. Маған сондайлық білім, шеберлік һәм
машинаға керекті нәрселерді шығарып тұрған жаратылыстың негізгі табиғаты
ғой (бұл да сонда). Ал ол табиғаттың ар жағында басты жаратушы, тәңірі бар
деп түсінген. Бірақ ескі дін молдалары жаратылыс жолында оның сырына
шорқақтығынан бұл туралы анықтап ұқтыра алмаған, деп қорытады Шәкәрім.
Тіпті ғылым арқылы ол жанның да бар екенін дәлелдеуге ұмтылды. Жанды қуат,
энергия деп түсінеді Шәкәрім. Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң
қаламын (33б.),— деп жазды ол. Оның пікірінше, прогреске тірек болатын таза
дене, толық мінез, ой, істер (30б.).
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль
философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды.
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер
қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты
шарты туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман
талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік
заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады, Тәңірі, Нұр,
Күн, Табиғат — ол үшін қасиетті, Киелі ұғымдар.
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея — жанның мәңгілігі. Әл
Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан жалпы Шығыс ғұламалары
бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен
айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес.
Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің
кепілі — Нұр. Оған адамның жәй ақылы жегпейді, оны аңғару, түсіну, жан
дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу,
басқа сөзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға
қосылуы. Жан — дейді Шәкәрім, — менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған
денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып
кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанын жоғалуына түк дәлел
жоқ. Олай болса бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді. (Үш
анық — Әлем, 39 б.) Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң
жазған және ол жаңа замандағы қазақ кәсіпқой философиясының алғашқы
туындысы болып табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астарлы
қатпарлары мол. Батыстағы материализм және идеализм тәрізді екі анықпен
Шәкәрім шектелмей, өз жолы — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі қазақ әдебиетінің тарихы, журналистика бойынша монографиялар және оқулықтар
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
Ғұмар Қараш өлеңдеріндегі ой-таным
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау
Пәндер