Әбділда Тәжібаев



Әбділда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы.
Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді.
Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.
Өмірбаяны. Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (казіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келеді. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүл күнкөріс жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ
(1909-1998)
 Әбділда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері,
ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын
өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз
өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен
үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада
әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев – поэзияда
лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан
астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен,
шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір
ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың
ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы.
Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың
соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді.
Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым
екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы
зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді.
Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз
еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен
бейнелеген өте мол мұра қалдырды.
Өмірбаяны. Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (казіргі Қызылорда
қаласында) дүниеге келеді. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі
Айманкүл күнкөріс жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы
Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он
үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде
өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз
анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін
сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып,
әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер
жинағы да жарық көрген Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен
ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын
оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының
бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл
адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен
Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы
атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы
Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен
Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып,
тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін
байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ
жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі
әуеніне іштей үн қосатын болған.
 
Жаңа бір түсіп, шам сөнді,
Ашыла түсіп, гүл солды, –
 
деген, ол кезде мағынасын өзі жете түсінбеген жолдарын да есінде сақтап
қалған.
Ал ақылды, мейірбан нағашы атасы 1919 жылдың қысында сүзектен қайтыс
болғанша Әбділданы қасынан тастамай, қайда барса да бірге алып жүрген.
Әбділда атасына көмектесіп, ау жайысып, тарысын суғарысқан. Той-томалаққа
да бірге барып, атасының жанында төрде отырып, үлкендерден қазақтың
ескілікті қызық әңгімелеріне қаныққан. Неше түрлі аңыз, ертегілерді көп
білетін атасы да тыңдауға құмар жиеніне айтып беруден жалықпайды екен. Ақын
кейін өзінің "Еске алу" деген шағын поэмасында отбасының жетім-жесірлік
қайғылы тағдырын, беті-жүзін түстеп тани алмай да қалған әкесі туралы
жүректе шер боп қалған аңсары жайында:
 
Есімде жоқ шын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбділда Тәжібаев туралы
Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығын таныту
Әбділда Тәжібаев шығармашылығы
Әбділда Тәжібаев - әдебиетіміздің ірі тұлғасы
Қырғыздың даңқты жазушысы
Ғұмырнамалық романдардың жанрлық ерекшелігі
Қазақ поэзиясындағы Әуезов бейнесі
Орыс әдеби тілінің негізін салу Пушкиннің үлесіне тиді
Мәриям Хакімжанова
Аударма өнері – идеология майданындағы зор құралдардың бірі
Пәндер