КОНФУЦИЙ ЛУНЬ ЮЙ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

КОНФУЦИЙ

“ЛУНЬ ЮЙ”

БІРІНШІ ТАРАУ. “СЮЭ ЭР”

1. Ұстаз айтты: “ Оқу және оқыған нәрсені уақыт өткен сайын қайталау, бұл жақсы емес пе? Алыстан келген досты қарсы алу, бұл қуанышты емес пе? Адам көпшілікке белгісіз күйінде қалады және ренжімейді, бұл асыл, бекзат адам емес пе?”

2. Ю-цзы ( Ю-цзы − Конфуцийдің жақын деген жетпіс жеті шәкіртінің бірінің лақап аты. Ұстаз оны және Цзэн-цзыды аса қадірлеген, “цзы” жалғауы соны білдіреді − Г. Н. ) айтты: “ Ата-аналарын құрметтей отырып және ағаларын сыйлай отырып, жоғары тұрғандарға қарсы шығатын адамдар аз. Жоғары тұрғандарға қарсы шығуды жақсы көрмейтін, бірақ бүлік сепкенді сүйетін адамдар мүлдем жоқ. Асыл адам негізге ұмтылады. Ол негізге жеткенде, оның алдынан дұрыс жол ашылады. Ата-анаға құрмет және ағаларға сыйлау − бұл адамды сүюдің негізі”.

3. Ұстаз айтты: “ Сөзі әдемі және қылықтары алдамшы адамда адамды сүю аз”.

4. Цзэн-цзы ( Цзэн-цзы Конфуцийдің сүйікті шәкірттерінің бірі − Г. Н. ) айтты: ”Мен өзімді күн сайын үш нәрсеге қатысты тексеремін: мен адамдарға беріліп қызмет етіп отырмын ба, достарыммен қатынастарымда шынайымын ба, ұстаздың қағидаларын қайталап отырамын ба?”.

5. Ұстаз айтты: “Мың соғыс арбасы бар патшалықты басқара отырып, іске байсалды қарау және сенімге сүйену қажет, шығындарда үнемшілікті сақтау керек және адамдарға қамқорлық жасау керек; халықты керек уақытында пайдалану қажет”.

6. Ұстаз айтты: “Жас адамдар үйде ата-аналарына құрмет, ал үйден тыс − үлкендерге сыйластық көрсетулері, іске салмақпен және адал қараулары, халықты шексіз сүюлері және адамды сүйетін адамдармен жақындасулары тиіс. Егер де осының бәрін жүзеге асырған соң күштері қалса, оларды кітап оқуға жұмсауға болады”.

7. Цзы-ся айтты: “ Егер кімде-кім әсемдікке махаббаттың орнына даналықты құрметтеуді таңдаса, бар күшін ата-анасына қызмет етуге жұмсаса, билеушіге қызмет ете отырып, өз өмірін аямаса, онда, адамдар оны ғалымдыққа ие емес деп айтса да, мен оны міндетті түрде ғалым адам деп атаймын”.

8. Ұстаз айтты: “Егер де асыл ер адам өзін лайықты ұстамаса, ол беделге ие болмайды, және, ол оқыса да, оның білімдері берік емес. Берілгендік пен шынайылыққа ұмтыл; сенен [адамгершілік жағынан] төмен адамдармен дос болма; қате жасағанмен, оны түзетуге қорықпа”.

9. Цзэн-цзы айтты: “Егер ата-ананы жерлеу ісіне дұрыс қараса және бабаларды есте сақтаса, онда халық арасында мораль нығая түседі”.

10. Цзы-цинь Цзы-гуннан сұрады: “ Ұстаз қандай да бір патшалыққа келгенде, бұл патшалық қалай басқарылатынын міндетті түрде естігісі келді. Ол бұл туралы өзі сұрады ма әлде оған әңгімелеп берді ме?” Цзы-гун жауап берді: “Ұстаз жұмсақ, ізгі ниетті, сыпайы, ықыласты, көнгіш болды, соның арқасында [басқару] туралы білді. Ол оған басқалардан өзгеше жетті”.

11. Ұстаз айтты: “Егер де әкең тірі кезде оның еркіне бағынсаң, ал ол өлген соң оның істерінің ізімен жүрсең және әкең орнатқан тәртіптерді өзгертпесең, онда мұны ұлдың құрметі деп атауға болады”.

12. Ю-цзы айтты: “Салтты ұстану адамдарды келісімге келтіретіндігімен құнды. Ежелгі билеушілер жолы тамаша болды. Өздерінің үлкен және кіші істерін олар салттарға сәйкес жасады. Жасауға болмайтынды істеу және бұл істі шектеу үшін салттарға жүгінбей, келісімге келу мақсатында оған ұмтылу − осылай жасауға болмайды”.

13. Ю-цзы айтты: “Егер де [адам] шынайылықта парызға жақын болса, оның сөздеріне сенуге болады. Егерде [адам] құрметтеуде салтқа жақын болса, оны масқаралауға болмайды. Егер ол туысқандық сезімдерін жоғалпаса, оған сенуге болады”.

14. Ұстаз айтты: “ Асыл ер адам тамақ ішуде ұстамды болса, баспанада жайлылыққа ұмтылмаса, істерінде тындырымды, сөздерінде байсалды болса және өзін жетілдіру үшін дұрыс принциптерге ие адамдармен жақындасатын болса, ол туралы ол оқып-үйренуді сүйеді деуге болады”.

15. Цзы-гун сұрады: “Кедей жағымпазданбаса, бай менменсімесе, жақсы ма?” Ұстаз жауап берді: “Жақсы, бірақ кедей қуанышты болғандай және бай салтты сүйгендей емес болса”. Цзы-гун сұрады: “Ши цзинде” (“Әндер кітабы” − Г. Н. ) осы туралы айтылады емес пе: [пілдің сүйегін] әуелі кеседі, сосын өңдейді, [яшманы] әуелі кесіп алады, сосын қырлайды”. Ұстаз жауап берді: “Сы! Сендермен “Ши цзин” туралы әңгімені бастауға болады. Мен сендерге бұрын болған бірдеңе туралы айтқанда, сендер болашақта не болатынын [күні бұрын] білесіңдер”.

16. Ұстаз айтты: “ Адамдар сені білмейді деп емес, мен адамдарды білмеймін деп мазалан”.

ЕКІНШІ ТАРАУ

“ВЭЙ ЧЖЕН”

  1. Ұстаз айтты: “Асыл қасиеттің көмегімен билеп-басқарушы шоқжұлдыздар шеңберінде өзінің орны бар жарық жұлдызға ұқсас”.
  2. Ұстаз айтты: “Ши цзиннің” үш жүз өлеңінің мәнін бір сөйлеммен

жеткізсек, онда оларда жаман ойлар жоқ деуге болады”.

  1. Ұстаз айтты: “Халықты заңдар арқылы басқарса және тәртіпті

жазалаулардың көмегімен қадағалап отырса, халық [жазалаулардан] бойын аулақ салуға ұмтылады және ұятты сезінбейтін болады. Егер де халықты асыл қасиет арқылы басқарса және тәртіпті салттардың көмегімен қадағаласа, халық ұятты білетін болады және ол түзеледі”.

  1. Ұстаз айтты: “Он бес жасымда мен өз назарымды оқуға

аудардым. Отыз жасымда мен дербестікке ие болдым. Қырық жасымда мен күмәндардан арылдым. Елу жасымда мен аспан еркін танып-білдім. Алпыс жасымда шындықты шындық еместен айыра білуді үйрендім. Жетпіс жасымда мен өз жүрегімнің қалауымен жүре бастадым және салтты бұзбадым”.

  1. Мэн И-цзы ата-аналарды қадірлеу туралы сұрады. Ұстаз айтты:

“ [Принциптерді] бұзба”. Фань Чи [ұстазды] күйме арбамен алып келе жатқанда, ол айтты: “Мэн-сунь менен ата-ананы қадірлеу туралы сұрады, мен оған ““ [Принциптерді] бұзба” деп жауап бердім”. Фани Чи сұрады: “Бұл нені білдіреді?” Ұстаз жауап берді: “Ата-аналар тірі кезде оларға салттар бойынша қызмет ету. Олар өлгенде, салттарға сәйкес жерлеу және салттарды басшылыққа ала отырып, құрбандық шалу”.

  1. Мэн У-бо ата-аналарды қадірлеу туралы сұрады. Ұстаз жауап

берді: “ Балалары ауырғанда, ата-аналар үнемі қайғы шегеді”.

  1. Цзы-ю ата-аналарды қадірлеу туралы сұрады. Ұстаз жауап

берді: “Бүгін ата-аналарды қадірлеу деп оларды бағып-қағуды атайды. Бірақ адамдар иттер мен аттарды да бағып-қағады. Ата-аналарды қадірлемесе, онда оларға деген қарым-қатынас иттер мен аттарға деген қарым-қатынастан несімен ерекшеленеді?”.

  1. Цзы-ся ата-аналарды қадірлеу туралы сұрады. Ұстаз жауап

берді: “Үнемі қуаныш білдіру қиын. Балаларының ата-аналары үшін жұмыс жасайтынын және оларға шарап пен тамақтан бірінші болып ауыз тиюді ұсынатынын ата-аналарды қадірлеу деп есептеуге бола ма?”

  1. Ұстаз айтты: “Мен Хуэймен күні бойы әңгімелестім, және ол,

ақымақ секілді, маған ештеңеде де қарсы шықпады. Ол кеткен соң мен ол туралы ойландым және Хуэйдің тіпті де ақымақ емес екендігін түсіндім”.

  1. Ұстаз айтты: “ Адамның істеріне қарап, олардың себептеріне

үңіл, олар оны мазалай ма − анықта. Сонда адам [өзінің кім екендігін] жасыра ала ма? Адам [өзінің кім екендігін] жасыра ала ма?”

  1. Ұстаз айтты: “Ескіні қайталай отырып, жаңаны білетін адам

[адамдардың] тәлімгері бола алады”.

  1. Ұстаз айтты: “Асыл ер адам зат сияқты емес”.
  2. Цзы-гун асыл ер адам туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: “Ол

ойлағанын әуелі жүзеге асырады, сонан соң ғана ол туралы айтады”.

  1. Ұстаз айтты: “Асыл ер адам барлығына бірдей қарайды, ол

құмарлығын білдірмейді; нашар адам құмарлығын білдіреді және барлығына бірдей қарамайды”.

  1. Ұстаз айтты: “Оқып-үйрену және ойланбау − уақытты босқа

жоғалту, ойлану және оқып-үйренбеу − құртады”.

  1. Ұстаз айтты: “ Дұрыс емес көзқарастарды зерттеу − зиян”.
  2. Ұстаз айтты: “ Ю, мен сені білімге [дұрыс қарым-қатынасқа]

үйретемін. Бірдеңені біле отырып, білемін деп есепте; білмей отырып, білмеймін деп есепте − білімге [дұрыс қарым-қатынас] деген осы.

  1. Цзы-чжан шенеунік болу үшін оқыды. Ұстаз айтты: “ [Бұл үшін]

күмән туғызатын нәрсеге назар аудармастан, көбірек тыңдап, қалғандары туралы сақтықпен айту керек, сонда сөгіс аз болады. [Бұл үшін] өзің сенімді емес нәрсені жасамай, көбірек көру керек, ал қалғандарын сақтықпен жасау қажет, сонда өкіну аз болады. Сөздер аз сөгіс, ал істер аз өкіну туғызғанда, онда шенеунік болуға болады”.

  1. Ай-гун сұрады: “Халық бағыну үшін қандай шаралар қабылдау

керек?” Кун-цзы жауап берді: “Егер әділ адамдарды жоғарылатса және әділетсіздерді жойса, халық бағынатын болады. Егер де әділетсіздерді жоғарылатса және әділ адамдарды жойса, халық бағынбайтын болады”.

  1. Цзи Кан-цзы сұрады: “Халықты қалай қадірлі, берілген және

ынталы етуге болады?” Ұстаз жауап берді: “Егер де халықпен араласуда қатаң болсаңдар, онда халық қадірлейтін болады. Егер ата-аналарыңа балалық парыздарыңды көрсетсеңдер және [халыққа] мейірімді болсаңдар, онда халық берілген болады. Егер де асыл қасиетті адамдарды ілгері жоғарылатсаңдар және асыл қасиетті бола алмайтындарды үйретсеңдер, онда халық ынталы болады”.

  1. Біреу Кун-цзыдан: “Сіз неге [мемлекетті] басқарумен

айналыспайсыз?” деп сұрады. Ұстаз жауап берді: “Шу цзинде” айтылған: “Балалық қадірлеу көрсету керек жерде, балалық қадірлеуді көрсет; бауырларыңмен дос бол, осыны жүзеге асыру басқару болып табылады”. Басқару дегеніміз осы болса, [мемлекетті] басқарумен айналысудың қажеті не?

  1. Ұстаз айтты: “Білмеймін, адамда шыншылдықтың қалайша

болмауы мүмкін. Бұл үлкен арбаның ұстатқышы, ал кіші арбаның көлденең ағашы болмағаны секілді. [Осындай арбалармен] қалайша жүруге болады?”

  1. Цзы-чжан сұрады: “ Он ұрпақ өткен соң не болатынын білуге

бола ма?” Ұстаз жауап берді: “Инь [әулеті] Ся [әулетінің] салтын мұра ретінде қабылдады; ол алып тастаған нәрсе және ол қосқан нәрсе − белгілі. Чжоу [әулеті] Инь [әулетінің] салтын қабылдады; ол алып тастаған нәрсе және ол қосқан нәрсе − белгілі. Сондықтан, бірін бірі жүз ұрпақ ауыстырса да, Чжоу әулетінің мұрагерлері тұсында не болатынын білуге болады”.

  1. Ұстаз айтты: “ Өз бабалары еместердің рухына құрбандық

шалу − жағынушылықтың көрінісі. Жүзеге асыруды парыз талап ететін нәрсені көре тұрып, оны жасамау − ерсіздік”.

ТӨРТІНШІ ТАРАУ. “ЛИ ЖЭНЬ”

  1. Ұстаз айтты: “ Адамды сүю салтанат құрған жер − ең керемет.

Сондықтан да кімде-кім адамды сүюшілік жоқ жерге қоныстанса, оны қалайша данышпан деуге болады?”

  1. Ұстаз айтты: “ Адамды сүюшілікке ие емес адам кедейшілік

жағдайында ұзақ өмір сүре алмайды, бірақ қуаныштылық жағдайында да ұзақ өмір сүре алмайды. Адамды сүйетін адамға адамды сүю тыныштық әкеледі. Дана адамға адамды сүю пайда әкеледі”.

  1. Ұстаз айтты: “Адамды сүюге ие адам ғана адамдарды сүйе

алады және адамдарды жек көре алады”.

  1. Ұстаз айтты: “Адамды сүюге шын ұмтылған адам зұлымдық

жасамайды”.

  1. Ұстаз айтты: “Адамдар байлық пен атақтылықты қалайды.

Егер де дұрыс принциптерді басшылыққа алмасаң, оларға қолың жетпейді. Адамдар кедейшілік пен атақтылықты жек көреді. Егер де дұрыс принциптерді басшылыққа алмасаң, олардан құтыла алмайсың. Егер бекзат адам адамды сүюшілікті жоғалтса, онда оны асыл ер адам деп санауға бола ма? Асыл ер адам тіпті тамақ ішкен кезде де адамды сүюшілікке ие болады. Ол қолы мүлдем бос болмағанда да адамды сүюдің ізімен жүруі тиіс. Ол сәтсіздіктерге ұшыраған күннің өзінде де адамды сүюдің ізімен жүруі тиіс. ”

  1. Ұстаз айтты: “Мен адамды сүюді сүйетіндерді және адамды

сүю еместі жек көретіндерді көрген жоқпын. Адамды сүюді сүйетіндер одан жоғары ештеңе жоқ деп [санайды] . Адамды сүю еместі жек көретіндер өздері міндетті түрде адамды сүюдің ізімен жүреді; олар адамды сүю емес нәрсенің оларға қатысы болмайтындай іс атқарады. Адамдар өз күштерін күні бойы адамды сүюдің ізімен жүруге жұмсай ала ма? Мен бұған күштері жетпеген адамдарды көрген жоқпын. Мұндай адамдар бар. Тек мен оларды көрмедім”.

  1. Ұстаз айтты: “Қателіктердің [сипаты] оларды кім жасағанына

байланысты. Қателіктерге қарап қана адам адамды сүюге ие ме екендігін білуге болады”.

  1. Ұстаз айтты: “Егер таңертең дұрыс жолды танып-білсең, кешке

өлуге болады”.

  1. Ұстаз айтты: “Дұрыс жолды танып-білуге талпынған, бірақ

жаман киім мен тамақты ұят санайтын адам онымен әңгімелесуге лайық емес”.

  1. Ұстаз айтты: “Асыл, бекзат ер адам Көкастында бір істерді бөліп

қарап, басқаларын елеусіз қалдырмайды, ол парыз қалай бұйырса, солай жасайды”.

  1. Ұстаз айтты: “Асыл ер адам мораль туралы ойлайды; төмен

адам қалайша жақсы орын алу туралы ойлайды. Асыл ер адам заңдарды бұзбау туралы ойлайды; төмен адам қалай пайда табу туралы ойлайды”.

  1. Ұстаз айтты: “Өзінің пайдасына ұмтыла отырып әрекет ететін

адам үлкен жеккөрініштілік туғызады”.

  1. Ұстаз айтты: “Көнгіштіктің көмегімен [мемлекетті] басқаруға

бола ма? Мұның не қиындығы бар? Егер де көнгіштіктің көмегімен мемлекетті басқаруға болмайтын болса, бұл не қылған салт?”

  1. Ұстаз айтты: “Адам [жоғары] лауазымға ие болмаса,

уайымдамауы тиіс, ол [адамгершілігі] нығаймағанына уайымдауы тиіс. Адам адамдарға белгісізбін деп уайымдамауы керек. Ол адамгершілігін нығайтуға ұмтыла бастағанда, адамдар ол туралы біледі”.

  1. Ұстаз айтты: “Шэнь! Менің ілімім бір идеяға негізделген”. Цзэн-

цзы айтты: “Ақиқат солай!” Ұстаз кеткен соң шәкірттер сұрады: “Бұл нені білдіреді?” Цзэн-цзы жауап берді: “Ұстаздың негізгі принциптері − [билеушіге] берілгендік және [адамдарға] қамқорлық, басқа ештеңе емес”.

  1. Ұстаз айтты: “Бекзат ер адам парызды ғана біледі, төмен адам

пайданы ғана біледі”.

  1. Ұстаз айтты: “ Дана адамды көргенде, оған ұқсас болу туралы

ойлан. Даналыққа ие емес адамды көргенде, өз істеріңді салмақта”.

  1. Ұстаз айтты: “Ата-анаңа қызмет ет, оларды жұмсақ иландыр.

Егер олардың келіспеушілік білдіргенін көрсең, тағы да құрмет көрсет және олардың еркіне қарсы жүрме. Шаршасаң, оларға ренжіме”.

  1. Ұстаз айтты: “ Ата-анаң тірі кезде олардан алыс кетпе, ал егер

кетіп қалған жағдайда, белгілі бір жерде өмір сүр”.

  1. Ұстаз айтты: “Егер [әкесі өлгеннен кейінгі] үш жылға дейін оның

ұлы ол орнатқан тәртіптерді өзгертпесе, бұл ұлының әкесіне құрмет көрсетуі деп аталады”.

  1. Ұстаз айтты: “Ата-анаңның жасын білмеуге болмайды, бір

жағынан қуану үшін, екінші жағынан − мазалану үшін”.

  1. Ұстаз айтты: “ Ертедегілер сақтанып сөйледі, себебі, айтқанын

орындай алмаудан қауіптенді”.

  1. Ұстаз айтты: “ Сақ адам сирек қателеседі”.
  2. Ұстаз айтты: “Бекзат ер адам сөзінде жәй және ісінде тез

болуға ұмтылады”.

  1. Ұстаз айтты: “Бекзат адам жалғыз қалмайды, оның айналасында

[оған рухы жағынан] жақын адамдар міндетті түрде пайда болады”.

  1. Цзы-ю айтты: “Билеушіге қызмет етуде мезе ету масқараға

әкеледі. Достармен қарым-қатынаста мезе ету олардың сенен қашқақтауына әкеледі”.

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

“ЮН Е”.

  1. Цзи Кан-цзы сұрады: “Чжун Ю [мемлекетті] басқару істерімен

айналыса ала ма?” Ұстаз жауап берді: “Ю сұрақтарды шешуге қабілетті. Ол неге басқару істерімен айналыса алмайды?” [Цзи Кан-цзы] сұрады: “Ал Сы басқару істерімен айналыса ала ма?” Ұстаз жауап берді: “Сы өте дана. Неге ол басқару істерімен айналыса алмайды?” [Цзи Кан-цзы] сұрады: Ал Цю басқару істерімен айналыса ала ма?” Ұстаз жауап берді: “ Цю өте қабілетті. Неге ол басқару істерімен айналыса алмайды?”

  1. Ұстаз айтты:” Егер де адамның бойында табиғилық

тәрбиеліліктен көп болса, ол жабайыға ұқсас. Егер де тәрбиелілік табиғилықтан көп болса, ол ғалым-кітапшыға ұқсас. Тәрбиелілік пен табиғилық адамның бойында теңескенде, ол асыл ер адам болады”.

  1. Ұстаз айтты: “Адам туғанынан тура. Бірақ ол туралығын

жоғалтса, оның өмірін бақытты кездейсоқтық қана сақтап қалады”.

  1. Фань Чи ұстаздан даналық туралы сұрады. Ұстаз айтты:

“Халыққа лайықты түрде қызмет ету, аруақтарды қадірлеу және олардан алыстау болу − даналық дегеніміз осы”. [Фань Чи] адамды сүю туралы сұрады. [Ұстаз] айтты: “ Қиындықтарды бастан кешу, ал сонан соң табысқа жету − адамды сүю деген осы”.

21. Ұстаз айтты: ”Данышпан суды сүйеді. Адамды сүюге ие адам тауларға сүйсінеді. Данышпан қозғалыста болады. Адамды сүюші тыныштықта болады. Данышпан қуанышты. Адамды сүюші мәңгі жасайды”.

  1. Цзай Во сұрады: “Адамды сүюге ие адамға: “Құдыққа адам

құлап кетті, ” − десе, ол құдыққа құлап кеткен адамның артынан жүгіруі керек пе?” Ұстаз айтты: “ Олай жасаудың не қажеті бар? Асыл ер адам құдыққа жақындауы тиіс, бірақ оған түспеуі керек. Оны адастыруға болады, бірақ алдауға болмайды”.

  1. Ұстаз айтты: “Егер асыл ер адам кітаптардан көп нәрсені

оқып-біліп, өзін этикет ережелерімен шектесе, [принциптерден] айнымауға оның жағдайы жетеді”.

27. Ұстаз айтты: “ “Алтын орта” принципі − ең жоғарғы принцип. Адамдар [көптен бері] оларға ие емес”.

28. Цзы-гун сұрады: “Адамдарға ізгілік жасайтын және халыққа көмек беруге қабілетті адам туралы не айтуға болады? Оны адамды сүюші деп атауға бола ма?” Ұстаз жауап берді: “Неге тек қана адамды сүюші? Оны жетілген данышпан деп атаған дұрыс емес пе? Тіпті Яо мен Шуньнің өздері оған жол берді. Адамды сүюші адам − өзін дұрыс жолда нығайтуға ұмтыла отырып, бұл істе басқаларға да көмектесетін, істерді ең жақсы түрде жүзеге асыруға ұмтыла отырып, бұл істе басқаларға да көмектесетін адам. Адам өзінің тікелей тәжірибесінен алынған мысалдарды басшылыққа алуға қабілетті болғанда, мұны адамды сүюді жүзеге асыру тәсілі деп атауға болады”.

ЖЕТІНШІ ТАРАУ. “ШУ ЭР”

  1. Ұстаз айтты: “Моральды жетілдірмесе, зерттегенді қайталамаса,

парыз принциптері туралы ести тұра, олардың ізімен жүрмесе, жағымсыз қылықтарын түзете алмаса, мен қайғырамын”.

6. Ұстаз айтты: “Жігеріңді дұрыс жолға жетуге бағытта, мораль принциптерін ұстан, адамды сүюге сәйкес іс жаса, өнерлерді үнемі үйрен”.

8. Ұстаз айтты: ”[Білімге жетуге] талпынған адамды [дұрыс жолға] бағыттаудың қажеті жоқ. Өз ойын жеткізуде қиындық сезінбейтін адамға көмектесудің қажеті жоқ. [Заттың] бір бұрышына қарап, оның қалған үш бұрышы туралы түсінік құрастыра алмайтын адамды оқытудың қажеті жоқ”.

12. Цзы-лу сұрады: “ Әскерді шайқасқа бастап апарғанда өзіңізбен бірге кімді аласыз?” Ұстаз айтты: “Мен өзіммен бірге жалаң қолымен жолбарысқа бас салатын адамды, өзеннен қайықсыз өтетін адамды, өкінбей өлетін адамды алмаймын. Істерде сақтық танытатын, бәрін мұқият ойластыратын және табысқа жететін адамды мен өзіммен бірге міндетті түрде аламын”.

17. Ұстаз айтты: “Қарапайым тамақ жеу, су ішу, басыңның астына қолыңды салып ұйықтау − осының өзі де рахат. Арамдықпен жеткен байлық пен атақ мен үшін көкте жүзген бұлттар секілді”.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ҚЫТАЙ ҚОҒАМЫНА ЫҚПАЛЫ
Конфуцийдің пікірінше, адамгершілік туа біткен қасиет
Ежелгі шығыс философиясындағы ерекше дүниетанымдық идеялар
Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы қайырымды адам ілімі
Аникалық философия
Конфуций
Конфуцишілдіктің Кореяның басқару жүйесіне ықпалы
Куң зы ілімінің негіздері мен ерекшеліктері
Ежелгi Үндi және Ежелгi Қытай философиясы
Конфуцийдің еңбегіндегі тұрақтылық мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz