ХХ ғ Батыс философиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ХХ ғ Батыс философиясының белгілі бағыты экзистенциализм. Оның негізін дат теологі және философы С. Кьеркегор (1813-1855) жасады. Ол рационалдық философияны раелизмді мүлде жоққа шығаратын абстракциялығы және адамға деген салқындығы үшін айыптады. Олар тек бір жалпылықты - рухты, материяны, құдайды, прогресті немесе дерексіз ақиқат мәселелерін қарастырады, ол философиядағы негізгі мәселе - адам екенін ұмыттып кетті деді.

Философияда адамды мадақтауды антродиция дейді. Бұл мәселе «өмір философиясының» үлкен ағымы экзистенцтализмде қаралады. Экзистенциализм бағытына «өмір философиясының» өкілдері көп әсер етті. Олар Б. Паскаль, Ф. М. Достаевский және Ницше секілді ұлы адамдардың шығармаларынан да көп ойлар алды. Философия ілімінің дамуының қазіргі кезеңі және мектептері «ақыл-ой дәлелінің» «жүрек дәлелін» алмастыра алмайтынын көрсетті - деген Б. Паскаль. Адамды және оның болмысын ақыл-ой тәсілімен түсіндіру өте қиын. Нақты адамды ғылым көмегімен, ұдайы өзгеріп отыратын тұтас мән ретінде және оның мақсатын, пейілін, күйзелісін, қамқорлығын, қорқуын, өмір сүруі мен билікке ұмтылу еркін түсіну мүмкін емес.

Экзистенциализм идеялары әр елде, әр уақытта айтылды. Экзистенциализм өзінің мазмұны бойынша бір текті емес. Сондықтан ол: діни, атеистік болып екіге бөлінеді. Экзистенциализмге жақын теорияларды Ресейде бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Л. Шестов, Н. Бердяевтар насихаттады, Германияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін Францияда ол тез тарады (К. Марсель, Ж-П Сартр, А. Камю т. б. ), 50 жылдардың соңында АҚШ-та дамыды.

Экзистенциализмнің басты мәселесі: адам, адамның болмысы, оның мәні мен тағдыры. Экзистенциализмнің басты категориялары: жалғыздық жауапкершілік, үрей, ажал, шекаралық жағдай, бостандық. Экзистенциалдық онтологияда объективтік физикалық болмыс емес, адам болмысы туралы сөз болады. Ондағы басты онтологиялық сипат - адамның әртүрлі күйінің болуы. Жиі-жиі кездесетін жағдайлар - қорқыныш, ұят, намыс, күмән, үрей - күтімсіздік пен қамқорлықтың салдары. «Шынайы болмыстың» негізгі көрінісі-адамның өмір сүруі және ондағы оқиғалар. Оқиғалар ғана адам болмысының іске асуының тәсілі болады. Оқиғасыз болмыстың өзі жоқ, экзистенция жоқ, адамның өмір сүруі тоқтатылады. Адам өміріндегі оқиғаның көптігі, оның болмысының толықтығының кепілі.

Экзистенциядағы «шынайы болмыс» уақытқа сәйкес болады. Уақыт - ең алдымен адам болмысының нәтижесі, сонымен бірге болмыстың өзі оқиғаның туындысы. Уақыт - өмірдегі бір оқиғадан басқадай нәтиженің қалыптасуы. Сондықтан олар физикалық уақыт туралы емес (секунд, минут, сағат), оқиғалар уақыты туралы айтады. Адамның барлық уақыты өз кезегімен өтіп жатқан оқиғалар (туу, шілдехана, үйлену, ажырасу, оқуға түсу, пенсияға шығу, жұмыс істеу, қызықты кездесулер т. б. ) болады. Экзистенциалық уақыт - жеке бастық сипатта болады, ол адам өміріндегі оқиғаның саны, сапасы, уайым, қайғы-қасірет, таңдау мен жауапкершілік, яғни былайша айтқанда - ол тағдыр. Экзистенциализмнің онтологиялық коценпциясының мәні: болмыс пен уақыттың арасында өзара диалектикалық байланыс бар. Оны Хайдеггер «болмыс пен Уақыт» бір-бірін анықтайды дейді.

Экзистенциализм онтологиясы (болмысы) мен гносеологиясы (танымы) тиянақты байланыста болады. Экзистенциализм танымы - адамның қайғыруы, әрі тағы да одан да күшті қайғыруы; осыған сай болмысты терең танимыз. Дүниедегі нақты болмысты, әсіресе болмыстың мәнін ашуда Ясперс енгізген «шекаралық жағдай» категориясының рөлі зор. Ясперс «тек осы минуттарда ғана адам өзінің нағыз өмір сүруін» (өзінің табиғатын) ұғынады, басқа уақытта олар кәдімгі болмыстың күнделікті тікелей әсері арқылы жасырынып жатады - дейді. Дау-жанжал кезінде адамның үміт үзуі, қайғыруы, қорқынышы шекаралық жағдайға келеді, онда шынайы өмір сүрудің мәні ашылады. Қорқыныш тағдырда табылады.

Мұндай танымды түсіну діни және атеистік экзистенциализмге де тән. Осындай нақты шекаралық жағдайда адам өзінің таңдауын жасайды. М: Авраамның таңдауы. Құдай Авраамға өз баласын өлтіруді міндеттейді. Осыдан оның жан- дүниесі күйзеліске түседі: не сенімге бағыну немесе өзінің әкелік-моральдық борышын атқару мәселесі туады. Экзистенциализмдегі діни көзқарастың негізіндегі таңдау - ол дұрыс жол, Христос жолы, Құдай-адам жолы. Атеистік экзистенциалимздегі таңдау - құдайсыз-ақ өзіңді табу, іске асыру. Жеке адам өзін-өзі іске асыруы тиіс - дейді Сартр. Құдай арнауымен емес, өзін сырттан іздеу арқылы азат болу немесе басқа әркетте өзін табу. Адамды ештеңе, ешкім (құдайдың өзі де) өзінен құтқармайды. Бұл мәнінде: «Экзистенциализм - оптимизм, әрекет туралы ілім» - деп жазады ол.

Экзистенциализмде таңдау ұғымдары мен бостандық категориясының толық байланыста болуы ең бір негізгі ерекшелік болып есептеледі. Таңдау бастапқыда танылмаған бостандықпен түйіндес болады. Адам өзін-өзі жасау арқылы, өзін іске асыру тәсілін таңдайды. Экзистенциализмде таңдау мүмкіндігі әр адамның ең бастан-ақ берілген еркіндігі, әрине оны ол керек етсе. Ал бостандық адам өмірінің өзі. Атеистік экзистенциализмде бұл ұғымдар негізінен бір ретте болады, ал, діни экзистенциализмде экзистенция жердегі өмірдің арғы жағына тарайды, яғни эсхатологиялық мәні бар, бостандық өмірден де жоғары қойылады.

Экзистенциализм өкілдері өз философиясының өзегіне адамның қоғамнан жаттануын қойды. Олар адам қоғамнан тығылуы, оның әсерінен қашуы керек дейді. Ол үшін қиялы болып келетін осы дүниені ұмытып «шынайы шындық”, «Мен»-ге терең үңілуі керек. Жеке адам болмысы ғана бірден-бір шын дүние саналуы қажет. Экзистенциализм сезімді абсолютке айналдырып, оны ақылдан және адамның қоғамдық табиғатынан ажыратып қарайды. Экзистенциализм философиясы жетілуде, оның идеялары кең түрде әдебиетте, өнерде қолданылып, аса маңызды жалпы адамдық мәселелерді қарастырады.

Ұзақ уақыт бойы философияда антропологиялық рационализм принциптерi үстемдiк еттi, адам оның қылықтары және болмысының өзi саналық өмiрдiң көрiнiсi ретiнде қарастырылып келдi. Адам "ақылды адам" ретiнде ғана саналып келдi. Ал Жаңа заманнан берi философиялық антропологияда бейсаналық мәселесi үлкен орын ала бастады. Лейбниц, Кант, Кьеркегор, Шопенгауэр, Ницше сияқты авторлар адам санасынан тыс психикалық процестердiң маңызы мен рөлiн әр түрлi қырлары мен позициялары тұрғысынан талдай бастады.

Иррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі қарай жалғастырған -экзистенциализм болды. Негізгі окілдері: С. Кьеркегор (18131855 ж. ж. ), М. Хайдеггер (18891976 ж. ж. ), К. Ясперс (18831969 ж. ж. ), Ж. П. Сартр (19051980 ж. ж. ), /. Марсель (18891973 ж. ж. ), Л. Шестов (18661938 ж. ж. ), Н. А. Бердяев (18741948 ж. ж), т. б.

Экзистенциализм - өмір сүру философиясы өз бастамасын дат философы С. Кьеркегордың адамды - ез өмірінің себепкері әрі өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және ол езіне ұксас дараланған құдайдың алдында дірілдеп, қоркып тұрады деген ілімінен алады. Экзистенциализмнің қалыптасуына Ф. Ницше мен Э. Гуссерельдің ілімдері де зор эсер етті.

Экзистенциализмнің езі үш түрлі бағыттағы ілімдерден құралған. Біріншісі - Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан экзистенциализм онтологиясы. Болмыс - материалдық құбылыс емес, ол озінің әмбебаптық жалпылығынан туындайтын белгісіз нәрсе. Адам оны таным процесінде іздестіреді, ол туралы күйзеле ойлайды, түсінуге тырысады, сөйтіп, ол адамның мәнмағынасына айналады, Демек, болмыс туралы ойлар, айналып келгенде, адам болмысы туралы мәселелерге ауысады. Екіншісі, К. Ясперстің экзистенциялық нұрландыру идеясы. Ол болмыстың мәні туралы сүрақтарды шешілмейтін сұрактар деп есептеп, бар назарын адам болмысы экзистенциясының өмір сүру төсілін және оның құдай тектес трансценденцияға катынасын айқындауға аударады. Үшіншісі, экзистенциализм үғымын бірінші қолданған Жан Поль Сартрдың ілімі.

Экзистенциализм "емір философиясындай" жалпы "өмір" мәселесін карастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін - "экзистенция" (омір сүрудің карапайым нактылыгы), "адамның өмір сүруі" сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жүмсайды. Экзистенция - ешқашан объект бола алмайтын ұғым, өйткені ол, біріншіден, жекедаралық, сол себепті жалпы мәнділікке үміттенбейді; екіншіден, экзистенция - біздің өзіміз. Олай болса, біз оған өзінің объектісіне ғылым карайтындай объективті түрде карай алмаймыз (К. Ясперс) . Өмір сүру дегеніміз адамдардың біріккен болмысы. Шынайы омір сүру дегеніміз күнделікті омірмен тығыз байланысты, ез басының сезімі мен тілегінің, сенімі мен кауіптенуінің, тәжірибесі мен үмітінің, оз қамы мен мұқтаждығының жиынтығы негізінде ісәрекет жасаган адамдардың экзистенция ретінде тіршілік етуі. Адам тіршілігінің негізгі кағидасы - "дүниенің қасында болу". Бұл жердегі "дүние" адамның камдану өрісі -

99

еңбек әлемі, заттар әлемі, құралжабдықтар жиынтығы, ал "болу" - бірдеңенің қасында" деген мағына береді. Адам ез ортасымен біте қайнаскан тіршілік иесі, сондықтан да оны әлемнен бөлек қарастыруға болмайды. "Дүниенің касында болу" адам тіршілігінің осы әлемдегі экзистенциалиі (өмір сүру тәсілі, адам болмысының категориялары) және трансценденциясы (Хайдеггерше - шектеншығуы), Демек, тәжірибе жете алмайтын нақтылык, пен "біріккен әлемнің" (адамдардың қосылған болмысы) арасында пәлендей айырмашылық жоқ, себебі "басқалар" (қоршаған орта, т. б. ) менімен бірге өмір сүреді. Адамның шынайы тіршілігі - "уайымдау". Бірақ кез келген "уайымдау" (мысалы, адам демалғанда, еңбек еткенде, қуанғанда, өз білімін терендеткенде, т. б. ) "омір сүру" емес, себебі ол -сырттайөмірсүру. Мұндай омірсүруде адамның жекешелік касиеттері, даралығы жоғалады. Нағыз "өмір сүру" олардан және "іштегі сыртқы әлемнен" (сыртқы әлем туралы оқу, тәжірибе арқылы санада сақталған білім) батыл арылғанда ғана басталады. Ал шын мәнінде "өмір сүру" үшін өлімге тікелей қарау керек, яғни озіне өлім хақ екенін түсініп, қорқыныш ояту қажет. Құдайдың, "ештеңесі жоқ мәнсіздіктің" алдындағы себепсіз бостандықтың әсерінен озіңненөзіңнің үрейленуінді болжай алмауыңнан қорқыныш пайда болады (Сартр) . Олай болса, ол - еш күмәнсіз, мүмкін болатын болмыс. Осындай қоркыныш қана адам болмысын айқындап, оны өзінің жеке басының болмысына және бостандығына жетелейді. Демек, қоркыныш- , ал оның негізгі құрылымы - қамдану, жеке басының қамын ойлау. Ал басқалардың камын ойлау, олармен бірге болу жалпы қамдануға жатады. Адам "сыртқы әлемде" жүргенде қорқыныш үмытылады. Шын мәнінде, сыртқы әлем дегеніміз адам қорқынышының, күнәсінің, уайымдарының экстериоризациялануы (іске асырылуы, нактылануы) . Қорқыныштардың ішіндегі олімнен қорку адамға туа біткеннен тән априорлы уайымдау. Ал "олім" дегеніміз болашақтың өзі, ол арқылы тіршілік өзіне қайтып келеді. Сойтіп, болашаққа талпыныс дегеніміз өлімнің бетіне қарау болып шығады. Демек, экзистенция өлімге қадам басқан болмыс ретінде айкындалады. Осыдан келіп, тіршіліктің уақытша, тарихи және шектеулі сипатта екендігін түсінеміз. Экзистенцияның шын мәніндегі терендігін тек айрықша, "шекаралык жағдайларда" ғана түсіне аламыз. Менің олуім хақ екенін түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің созсіз кінәлілігім - бұлардың бәрі "шекаралық жағдайлар" (Я. Сперс) . Адамдар эр уакытта да осындай "шекаралық жағдайда" болады, ал оны қаншама өзгертеміз деп тырыссақ та,

юо

олар өзгерместен, сол күйлерінде қалады. "Шекаралық жағдай" адам тіршілігіне өзінің біртұтастығын, озгермейтіндігін, аякталғандығын біліптүсінуге көмектеседі. Қысылтаяң жағдайда, өлім қаупі туғанда, т. с. с. адам өзінің ролін, пайдалы ісәрекетін шын мәнінде терең түсінеді. Мысалы, өлім каупінің касқағым сәтінде адамның шын мәні ашылады, айталык, соғыста оның батыр немесе қоркақ екені анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа ғасыр философиясы
ХІХ-ХХ – ғасыр философиясы
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
XX- ғасыр философиясының негізгі мәселелері
ХХ ғасырдың философиясы
Тарихқа өркениеттік көзқарас
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы
ХІХ-ХХ – ғасырдағы Бастыс философиясы
Теориялық дінтану
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz