Кеңес дәуіріндегі Қазақстандық философия



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың
зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымының
қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі
заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең - қазақтардың ата-тегінің философиясы
(предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни
сипат басым.
Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі
кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ түлғалар -
Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж.Баласағүн, М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезеңді
түркі тілді халықтардың философиясының "Алтын гасыры " деуге болады.
Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге
әкеліп, елемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты.
Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVІП ғасырлар аралығын
қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы;
б) "Зар заман философиясы".
ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай
Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы - антропоцент-ристік және
экзистенциалистік сипатқа ие.
ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси
философия болды: Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов, М.Жүмабаев,
Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан
бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді
коммунистік партияның идеологияльщ қызметшісіне айналып, өзінің ұлттық
ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марксистік сипатта болғанымен,
осы кезеңде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым
Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік
университетінде философия факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде
танымал болған Қазақстандық философия негізінен таным теориясы, таным
диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысьш,
биік деңгейге көтерілді.
Тәуелсіздік кезеңінің философиясы - соңғы он бес жылда қалыптасты,
қазақ халқының философиялық дүниетанымын тереңдеп зерттеумен айналысып,
үлкен табыстарға жетті. Салыстырмалы түрде тарихи аз уақыттың ішінде қазақ
халқының философиялық дүниетанымын жарқыратып көрсеткен тамаша зерттеулер
дүниеге келді және бұл саладағы жұмыстар толассыз жалғасуда.
Қазақ философшсы өзінің бастауын көне түркі дуниесінен, оныц көрнекті
өктдері әл Фараби, Жусіп Баласагун, Қожа Ахмет Иасауиден алады.
Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген
түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы дүниеге келген. Әл Фараби
философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі - адам. Антика дәуірінің
ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты –бақытқа жету деп
түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оны өзінің мақсаты ретінде
анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарын танып-біле алады. Әл Фарабидің
пікірінше, шын бақыттың ие екенін түсінуге көмектесетін - адамның ақыл-ойы.
Ақыл адамға күш береді, ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен
жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі - түйсіктен, екіншісі
- елестетуден, үшіншісі - ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл
Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды жене ол адамға ғана тән, басқа
жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және
әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы
үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене
бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі.
Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік
мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені тандап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам
абсолюттік ізгілік - бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын
ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін
ұстаз, басшы қажеттігін айтады.
Ұстаз, басшы болу, өзінің соңынан басқаларды ерту кез-келген адамның
қолынан келе бермейді, ол үшін ерекше қасиеттер керек деген Әл Фараби
өзінің "Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат" атты
еңбегінде ұстазға тән қасиеттерді сипаттайды. Басшы адам, иман, ең әуелі
өзін басқарып, тәрбиелейтін басқа басшыны қажет етпейді. Дененің басты
мүшесі ретінде әуелі жүрек, сонан соң ғана дененің басқа мүшелері одан
төмен орналасатыны секілді, басшы бәрінен жоғары, ол қала ұйымының және
оның мүшелерінің басты себебі. Қала тұрғындарының бойында жігерден
туындайтын қасиеттерді тудыратын да осы басшы. Дене мүшелерінің біреуі
бұзылғанда оны жүрек түзететіні сияқты, басшы қала ұйымының бұзылған
мүшесін түзеп отырады. Әл Фараби басшы бола алатын адамға қажетті он екі
қасиетті атайды: оның дене мүшелері кез-келген харекетті қиындықсыз орындай
алатындай мінсіз, жан-жақты жетілген; оған айтылып отырған нәрсені
түсінетіндей жөне оның іс жүзінде қандай болатындығын көз алдына елестете
алатындай табиғи қасиеті бар; түсінген, көрген және қабылдаған нәрсесінен
ештеңені ұмыт қалдырмайтындай жақсы есте сақтай біледі; заттың кішкене ғана
қасиетін байқау арқылы оның не нәрсені білдіріп тұрғанын тез түсінетіндей
қырағы ақылға ие; ойлаған нәрсесін айқын жеткізе алатын шешен; оқуға және
танып-білуге деген махаббаты бар және бұл істе шаршамайды, азаптанбайды;
тамақ пен сусын ішуде, жыныстық қатынастарда шектен шықпайды, табиғатынан
ойынды және одан туындайтын рахатты жек көреді; шындықты және ол үшін
күресетіндерді сүйеді, өтірікті және өтірік айтатындарды жек кереді; маңғаз
жанға ие және ар-намысты биік ұстайды: оның жаны табиғатынан төмен істерден
жоғары тұрады және асқақ істерге ұмтылады; дирхем, динар және күнделікті
өмірдің тағы басқа да атрибуттарын жек кереді; әділеттілік пен оны жақтау
шыларды сүйеді және тирания мен оны тудырушыларды жек көреді; өз адамдарына
және жат адамдарға әділ, әділеттілікке бағыттайды және әділетсіздік
құрбандарының шығындарын өтейді, ол ізгі және әсем деп түсінетін нәрселерді
барлық адамдарға береді; әділетті, бірақ бірбеткей емес, әділетгіліктің
алдында мінез көрсетпейді, бірақ кез-келген әділетсіздік пен төмен істерге
қатысты қайтпастай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы қазақ философиясы
Дүниеге көзқарастың тағы бір формасы, жоғарыда атап өткеніміздей - философия
Дүниеге көзқарас түрлері
Қазақ философиясы
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі туралы
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Қазақстандағы қола дәуірі туралы
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
Пәндер