Қазақстан дамуының философиясы
Қазақстан дамуының философиясы
“Елу жылда – ел жаңа” дейді халқымыз. Құйма құлақтар осы уақытта ұрпақ
та, оның сана-сезімі де өзгереді деп ұққан. Егер біздің егемен ел ретінде
дербес даму жолына түскенімізге он алтыншы жылға енді ғана аяқ басқанын
ескерер болсақ, адамдардың бойында демократиялық тәуелсіз ойлау қабілетін
толық қалыптастырдық деп айтуға бола қоймас. Сондықтан да Қазақстанды
таяудағы он жылда бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосу
жөнінде Елбасы алға қойған міндетті – Президент тұжырымдаған елулікке ену
стратегиясын, биылғы Жолдауды насихаттау барысында осы жәйтті ескеру
айрықша қажет. Құжатта қарастырылған басымдықтар мен міндеттердің
әрқайсысына жеке талдау жасаумен қатар, тұтастай алғанда, Жолдаудың өзі
көздейтін мақсат-межелер түсіндірілгені жөн.
Уақыт жүрдек, талап өскелең. Қайтсек жұмысшыларға жалақы,
зейнеткерлерге зейнетақы тауып береміз, қайтсек дүкен сөрелерін тауарларға
толтырамыз деп бас қатырғанымыз күні кеше сияқты еді, енді, міне, Президент
Нұрсұлтан Назарбаев елімізді де, әлемді де дүр сілкіндірген Жолдауын
ұсынды. Жолдау – мемлекет пен қоғамның экономикалық және әлеуметтік, саяси
және рухани бас бағдары, ілгерілеудің іріктелінген жүйелері, кәсіби
дайындықты көтермелеудің көп сатылы, бірізді іс-әрекеттері. Жолдауды ХХІ
ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан дамуының философиясы, оның әлемдік
бәсекеге түсу қадамы десек әбден болады.
Жолдаудың межесі – Қазақстанды он жыл шамасында, тарихи қысқа кезеңде
әлемдегі өркениетті 50 мемлекеттің санатына ендіру, осы ұлы ұмтылыс,
жасампаз жорық барысында елімізде тұтастықты, тұрақтылықты, тыныштықты
орнықтыратын негіздерді нығайту. Үлкен меже қажетінен 7 ұлттық басым мақсат
туындаған, 41 межелі міндет белгіленген.
Жолдау мақсаты – қазіргі әлеуметтік қарқын мен деңгей тұрғысынан
мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарын анықтау, айшықтау; қоғамды
экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени-экологиялық тұрғыдан дамыту, адамның
болмысы мен санасын қатар жаңарту. Осылайша, әркім басқалармен қатар өзімен
де, заман тартысымен де бәсекеге түсуге жол ашылмақ. Адам өзгелермен
бәсекелес бола алу үшін алдымен өзімен бәсекелесе алғаны жөн.
Жолдау міндеттері – қоғам мен мемлекеттің жаңа сатыға, тың сапаға,
ұлттық секіріске көшуіне және көтерілуіне жағдай жасау; әр салада
азаматтық, кәсіби, ұлттық белсенділікті арттыру және оларды әлеуметтік-
мәдени бағдарға бағыттау; мемлекеттік бағдардың экономикалық, саяси-
әлеуметтік, экологиялық, ұлттық және мәдени саясатын саралау, жүйелеу
міндеттерін анағұрлым жауапты мәселеге айналдыру.
Жолдаудың стратегиялық мүддесі – халықтың әлеуметтік әл-ауқатын
жақсарту; азаматтардың қабілет-қасиеттерін арттыру; әлеуметтік ауқымы
басым, ең басты мүддені бәсекелік жолмен тыңғылықты шешу.
Сонымен, жаңа мақсат-міндеттер, жаңа қарқын мен өлшемдер тізіп
берілген. Олар нақты адам мұқтажын өтеуге, оның қажетіне жақындауға, сондай-
ақ ұлттық мүддені қолдауға бағытталған. Енді осы басымдықтарға тиянақты
түсінік, жүйелі көзқарасты қалыптастыру абзал. Ол үшін еліміздің бүгіні мен
болашағы туралы түсініктерді сыңаржақтылықтан арылту барысында нақтылау
және толықтыру; алдағы серпіліске қажетті ізденістерді айқындау; ескіні
тежеудің, жаңаны жалғастыру мен жетілдірудің нақты да өтімді жолдарын
саралау керек. Асқақ идеяны іске асыру мақсатында озықтардан үйреніп,
озаттар қатарына ену, ұлттық ұлы ұмтылыс, құштар құлшыныс қажет.
Иә, ендігі әр қадам мен қарқынға жүйелі көзқарас пен табанды қолдау
керек. Осы құлшыныста адам көршісінен қалғысы да, қиындықта біреуге көз
сатқысы да келмейді, ол өз жөні мен жолын табуға, ұлтының ішкі қуатымен
тыныстауға тырысады. Президент Жолдауы адами осындай қасиеттерді сапалық
жаңа деңгейге көтеруді, ұлттық болмысты ширатуды қажет етеді. Мемлекеттік
саясатты жүзеге асырудағы әкімшілік тетіктердің олқылығы, ондағы сыбайлас
жемқорлық биліктің адамға жақындауына жасанды кедергіні үстемелеуде. Содан
барып, еліміздің, жеріміздің, экономикамыздың, жұмысшы қолымыздың
ресурстарын іске қосатын тетіктер толық және дұрыс пайдаланылмауда.
Жолдауда тек экономикалық мәселелерді шешу көзделген деуге болмас, ол
Қазақстандағы ұрпақтар жарастығын жетілдіруді, қазақ халқының ел мен
мемлекеттің тұтқасы боларлық талпынысы мен мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.
Сондағы үмітіміз – адам мен елдің тұрақты дамуына әлеуметтік жағдай жасау,
құқықтық жол ашу. Сондағы арқа сүйеріміз – нарықтық қатынастарды нығайтудың
қаржы-салық, әлеуметтік, құқықтық саясатының өзара сабақтасуы,
мемлекетіміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігінің үйлестілігі. Бәсекелі
дәуірдің басты бір талабы осындай.
Ендігі міндетіміз – экономикалық және саяси жаңаруды бірдей құқықтық
негізде жүргізу және оған әлеуметтік бағдар мен өлшемдерді енгізу. Ол үшін
жаңаруға қатынасатын қоғамдық-саяси күштер әлеуметтік әріптестік, саяси
сыйластық, әлеуметтік жауапкершілік ұстанымдарын негізге алуы керек, заман
бәсекесін осы тұрғыдан сауатты және тұрақты шешуді үйрену шарт. Сондағы
қажетті құралдарымыз – жеке бастамашылық, салааралық келісім, интеграциялық
үдерістер, құқықтық негіздер, демократиялық дәстүрлер, халықаралық
стандарттар – қысқасы намысты оятатын, уәжде тұрғызатын, кәсіпкерлікті
жетілдіретін, нарықтық қатынасқа қажетті мамандықты таңдатқызатын, жаңа
технологияны игертетін бастамалар. Иә, әркім өз әрекетінің әлеуметтік
салмағы мен нәтижесі арқылы орнығатын пайдалы жүйені таппаса, қарқынды
ілгерілеу бола қоймайды.
Осы жаңа кезең, жаңа өріс, жаңа сана-сезім үшін күрестің басталғаны,
оны жетілдірудің және жүйелеудің өмірлік маңызы анағұрлым артқаны –
Жолдаудың бел байламы. Мемлекетіміз тәуелсіздік алған 15 жылдан бергі даму
қарқыны күллі жетістіктің, соның ішінде тәуелсіздіктің ортақ өлшеміне
айналып отыр. Даму – қандай да болмасын тұтастықтың жоғары деңгейі, жүйелі
арнасы, сапалы сатысы, өтімді мөлшері. Даму – ішкі және сыртқы жаңару,
бүтін мен бөлшектің жарасуы, жеке мен жалпының жандануы, осы тетіктерді
жүйелеу және қарқындату. Дамудың өлшемі – бүгін мен ертеңнің арасындағы
серпіліс пен секіріс, жеке мен жалпының тұрақты құлшынысы мен қарқыны,
тәртіп пен тәсілдің сабақтастығы. Сонымен, даму философиясы – бетбұрыстың
себептерін, тәсіл-тәжірибелерін танып білу, жаңа стратегияның ғылыми
негізін күшейту; Қазақстанды дамытудың алуан жолдары мен мүмкіндігін талдау
және өрбіту арқылы табыс көздерін ашып беру; адамдық күш-қуат пен халықтық
әлеуетті маңызды сала мен өңірде, басты бағытта шоғырландыратын және
азаматтық қоғамның шынайы заңдылықтарын ашатын әдістерді лайықтау.
Жолдауда даму стратегиясы, даму жолдары, даму институты, даму қоры
туралы мәселелер қарастырылған, оларды ретімен пайдаланудың мақсаты мен
тетіктері ұсынылған.
Жер бетіндегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz