Қазіргі замандағы қазақ философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТ, ҚАЗІРГІ ЗАМАН.
Қазіргі замандағы қазақ философиясы. Оның өзіндік тарихын қазақ
философиясының метатарихы деп атаса болар еді. Бұның бір ерекшелігі –
зерттейтін объектісі осы заманның ауқымынан шығып, келешекті, қазіргіні,
өткенді жүйелі түрде рационалды ойлау процесінен өткізіп, екшеуі, сондықтан
өз бойында жаңа үлгідегі ойлау мәнерін, өрнегін таразылау, сақтау және
жаңартуы.
Қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары хронологиялық және
мәндік жағынан үш кезеңнен тұрады дер едік. Бірінші кезең ру құрылысы үстем
болып тұрған уақытты және соған сәйкес келетін алғы философиялық сананы
қамтиды. Екінші кезең- ХХ ғасырдың басына дейінгі ойшылдардың,
философтардың ілімі, мұрасы мен еңбектері. Мұнда ғылымға дейінгі саналы
түрде айтылған, жазылған теориялық пайымдауларды келтірілетін әр түрлі
бағыттағы көзқарастар баяндалды. Бұларды, қалыптасқан пікірлерді ескере
отырып, нағыз философиялық тұжырымдамалар деп атауға болады. Себебі,
ойшылардың дүниеге көзқарастары олардың өздерінің ерекшіліктері арқылы әр
қилы бағыттарға, жолдарға, қисындарға іштей бөлініп жатыр. Негізгі көксеген
мақсаттары- әр қилы әлеуметтік топтардың мүдделерін жоқтау, жақтау, көздеу
немесе жою.Үшінші кезең – ХХ ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ
философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай
қалған шыңдары, жіберілген әдістемелік, теориялық және концептуалды
қателері, “ақтаңдақтар”. Талдауға жататын мәселелердің бастылары – қазақ
қоғамының экономикалық, саяси және рухани өміріндегі негізгі философиялық
мәселелер. Сонымен бірге жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылым – қазақ
философиясының тарихын қай тұрғыдан, қай теориялық деңгейден зерттеуіміз
керек деген проблема қазіргі кезеңде өте үлкен орын алып отыр.
Философия тарихы әдістемесінің негізгі бір мәселесі – жалпылық пен
даралық қатынасы, ерекшеліктің орнын табу және сол ерекшеліктің дараға тән
қасиеттерін анықтау. Былайша айтқанда, жалпылық, ерекшелік, даралық
диалектикасын ұлттық философия тарихы шеңберінде таразылау.
Қазақ философиясының даму тарихында қалыптасқан, басқа ұлттар
философиясынан, олардың ішінде өнеге тұтатындарынан өзгеше ерекшеліктері
бар. Ол, негізінен, қазақ халқының әлеуметтік тарихының, оның өзіне тән
қилы – қилы, бұлталаң дамуының нәтижесі. Қазақстан тарихы қоғамдық дамудың
классикалық түріне жатпайды. Себебі ол алғашқы қауымдық құрылыстан тікелей
феодализмге, одан капитализмге соқпай социализмге өтуге қарай дамыды.
Соңғысы, қазір белгілі болғандай, тарихи қателік еді. Адамзаттың даму
процесіндегі даңғыл жолдан тайған тоталитарлық жүйе, философиялық ойда да
тығырыққа тіреді. Ал феодалдық қатынастар Қазақстан аумағында көптеген
ғасырлар үстемдік етті. Капитализмнің дамуы ХХ ғасырдың басында біршама
қарқын алғанмен, кенеттен үзіліп қалды. Осындай әлеуметтік ерекшеліктері
барлық қоғамдық саналардың, оның ішінде философиялық сананың қалыптасуына
әсерін тигізбей қоймады.
Қазақ философиясы – қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі
бөлігі және заңды жалғасы. Қазақ мәдениеті тарихтың әр қилы кезеңдерінде
басты елдердің мәдениеттерімен біршама байланыста болып, олардан тікелей
немесе жанамалай қуат алып отырды. Сыртқы әсерлер, негізінен, қазақ
мәдениетінің ішкі мүдделеріне, оның тарихи қажеттілігіне, қандай
мәселелерге зәру болуына байланысты игі ықпал етті, философиялық ойлау
жағдайларын қалыптастырып, ұлттық дәстүрлер мен бағыт – бағдарларын
айқындай түсті.
Қазақ философиясы әлемдік философияның бір бөлігі болып табылады.
Философия тарихына шынайы көзқарас қазіргі кезде оның құрамында әлеуметтік
кеңістік жағдайын ескерсек, үш түрлі компоненттер бар екенін көрсетеді.
Олар – ұлттық философия, аймақтық (регионалдық) философия және әлемдік
философия (аймақтық философияның классикалық түрі – марксизм, ал әлемдік
философия әлі қалыптаса қойған жоқ). Қазақ философиясында осы аталған үш
философияның әсері әр түрлі болды. Мысалы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында
және ХХ ғасырда орыс философиясы, маркстік философия және басқа кейбір
әлемдік философия тікелей әсер етті. Өз жағынан қазақ философиясының да
оларға ықпалы болды деп айта аламыз. Дегенмен бұл өзі – жеке зерделі
зерттеуді күтіп тұрған өзекті мәселе. Нәтижесінде жоғарыда айтылған,
философия тарихы дамуындағы жалпылық, ерекшелік және даралық диалектикасын
ұлттық философиясының өзекті мәселелерін зерттегенде көзден таса етпеу –
ғылыми методологияның бірден – бір сұранысы деп айтуға болады.
Халықтың қоғамдық санасының даму процесінде философиялық дәстүрлер
қалыптасып, күшейе түседі. Қазақтың әлеуметтік дамуының ерекшеліктері,
тарихи өзгешеліктеріне қарамастан қазақ философиясы тарихында оның әр
кезеңдегі сатысында өзінше дамыған философиялық ойлар ішкі байланыста
болып, олар бірін – бірі заңды түрде алмастырып отырды. Ұлы Абай айтқандай,
“Адам бол!” идеясы бұрынғы фольклордан бастап, осы заманғы қазақ
философиясына тән ортақ және ұдайы дамып келе жатқан идея.
Әл – Фараби философиясында анық көрсетілгендей, қазақ философиясы
әрқашан “нақты адам қоғамына”, бақытқа, теңдікке жету олдарын қарастыруға
бет бұрған.
Осындай жалпы қазақ философиясына тән ортақ дәстүрлермен қатар, оның
өзінің ішкі бағыттары орын тепті. 1960-80 жфылдардағы қазақ
философиясындағы жаңадан қалыптасқан зерттеу бағыттары ұлттық тарихымызды,
мәдениетімізді жан – жақты және терең түсінуімізге қажетті жағдай жасады.
Осы ретте қазақ философиясы тарихында жиі кездесетін әлеуметтік
утопизм туралы да айтпасқаболмайды. Жалпы әлеуметтік утопизм дегеніміз бұл
жеке және қоғамдық сананың сыңаржақ ойлау (умозрение) тәсілдерімен образ –
концепция құруы арқылы жаңа түрдегі әлеуметтік ілім жасауға ұмтылуы. Ақын –
жырау, билер мен көсемдер, ағартушылар мен философтардың көпшілігіне тән
бұл құбылыстың негізгі гносеологиялық айшығы – саналылық пен санасыздық,
эмоция мен таза ойлау, төменгі дәрежедегі білімсіздік пен қалыптасқан білім
дәрежесінің шекараларын ажырата білмеу, оларды жеке – жеке абсолюттеу деп
ойлаймыз. Оған қоса утопизмге тән тағы бір айшық – ойлау дәрежесінің
төменгі сатыда ғана ажыратылуы (дифференциялануы). Осыдан барып әрбір жеке
утопист – ойшылдарға тән мынадай идея туса керек: ойлау жүйесі жеке дара
ойшылдың өз қабілетімен жасалған сыртқы дүниенің бейнесі.
Әрбір ойшылдың әлеуметтік шындыққа дұрыс немесе бұрыс қатынасы оның
өзі қабылдаған философиялық, теориялық - әдістемелік принциптеріне
байланысты. Ондай құбылыстар әлемдік философия тарихында да кездеседі.
Мәселен, Гегельдің “Шындықпен табысу керек” деген идеясы дұрыс қатынасты,
ал Сократтың “майевкасы” бұрыс қатынасты белгілейді.
Мәселен, ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт – азаттық қозғалысының
көрнекті қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М.
Тынышбаев, М. Шоқаев және басқалары өмірдің объективті жағдайларын өзгетуде
күшпен емес, ұлттық сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп
айтқан ойларын біздер жақсы білеміз. Жалпы, ұлттық философиямыздың негізгі
өзегі де күш көрсетпеу идеясы болып табылады. Бұл құбылыс төл
философиямыздың қалыптасу барысында өзіндік орнын ерекше алып келді. Бұл
жерде біздің бар ұлттық болмысымыздың, философиялық ойлау жүйеміздің
ерекшелігі де, құндылығы да осында болса керек.
ХІХ ғасырдың ортасында буржуазиялық ревелюциялар артта қалып, Европа
елдерінің көпшілігінде капитализм өз негізінде жедел дами бастады.тарихи
аренаға жаңа әлеуметтік топтар: буржуазия және жұмысшылар келді. Бұл кезең
жас буржуазияның капитал қорын жасау жолында қоғамда қалыптасқар дәстүр,
әдет - ғұрып, әдептілік қағидалары сияқты әлеуметтік құбылыстарды
мойындамай, байлыққа қалай жетсең де өз еркің деген принципті басшылыққа
алған кезең еді. Осындай жүгенсіз байлыққа ұмтылудың салдары - халықтың
жағдай күйінің төмендеуіне,осы негізде олар мен буржуазияның арасындағы
қайшылықтың шиеленісуіне әкеліп соқты. Күн тәртібінде осы шиеленіскен
қарама - қайшылықтарды қайткен күнде де жоюға, тым болмаса бәсеңдетуге
болады, оны қандай күш жүзеге асыра алады, жалпы адамзат капитализмге өтуі
керек пе еді, әлде онсыз амалдай тұруға болатын ба еді, т.б.осы сияқты
сұрақтар көтерілді.
Өткен кезеңдердің саяси -
философиялық көзқарастарының өздеріне қажетті деген ілімдерін әрі қарай
дамыта және сол кездегі ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, осы қойылған
сұрақтарға жауап ретінде ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарынан бастап, көптеген
саяси - философиялық ілімдер пайда бола бастады, (либерализм, консерватизм,
анархизм, ницше ілімі, марксизм т.б.
Осы тұжырымдардың ішіндегі әлемдік тарихтың дамуына пәрменді әсер
етіп,өзіндік із қалдырғаны-маркстік философия болды. Негізгі өкілдері: Карл
Маркс(1818-1883жж.), Фридрих Энгельс(1820-1895жж.), В.И.Ленин(1870-
1924жж.).Негізгі шығармалары:”Капитал”,”1844 жылғы экономикалық-
философиялық қолжазбалар” (К.Маркс),
“Табиғат диалектикасы”, “Анти - Дюринг” (Ф.Энгельс), “Неміс идеологиясы”,
“Қасиетті отбасы” т.б (К.Маркс, Ф.Энгельс) және “Философиялық дәптерлер”,
“Материализм және эмпириокритицизм”, “Мемлекет және революция”
т.б.(В.И.Ленин).
Марксизм материяны түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып, сол түйсіктеріміз
арқылы көшірмесі, бейнесі, түсетін объективтік нақтылық деп
тұжырымдады.(ф.Энгельс, В.И.Ленин). Шын болмыс материя ғана ғана.Оның өмір
сүру түрлері – кеңістік пен уақыт.Кеңістік ұғымы заттардың бір – бірімен
қатар және бөлек өмір сүруі, олардың бір – біріне қатысты орналасу тәртібі
болса, уақыт – материалдық процестер өрістеуінің жүелілігін, бір – бірінен
бөлек екенін, олардың ұзақтығын және дамуын сипаттайтын ұғым. Материяның
өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны
сияқты, материясыз қозғалыс болмайды. Марксизм қозғалыстың бес түрін
атайды: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, және әлеуметтік.
Қозғалыстың бұл түрлері бір – бірімен тығыз байланысты. Қозғалыстың жоғары
түрлері салыстырмалы алғандағы төменгі түрлерінің негізінде пайда болғанмен
де, қалыптасқаннан кейін оларды өзіне қамтиды. Қозғалысқа - өзгеру, орын
ауыстыу, даму жатады. Сана жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның – мидың
қасиеті. Оның мәні объективті нақтылықты бейнелеуде. Демек, сананың мазмұны
– қоршаған материалдық денелердің сипатымен анықталады. Материалдық денелер
қозғалыстың, өзара әрекеттің негізінде диалектикалық даму үстінде, бір –
бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, өзгерісте болып тұрады. Марксизм
құбылыстардың ішкі байланысы мен өзара шарттастығын заңдылық деп түсіеді.
Заңдылық жалпыға ортақ әмбебап құбылыс. Олары танып – білудің арқасында біз
ұғымдарда алуан түрлі күрделі әлемдік заттар байланысын бірлікте,
тұтастықта бейнелейиіз.
Марксистер өздерінің дүниетанымдық көзқарастың тарихты материалистік
тұрғыдан түсіндірудің негізі етіп алды.
Маркс “1844 жылғы экономикалық – философиялық қолжазбалар” атты
еңбегінде – артынан жалпы марксизмнің өзекті ілімінің бірі болған – адамның
жеке меншік үстемдік еткен қоғамдарда өз еңбегінен аластатылуы
(шеттетілуі), ал оны коммунистік болашақта жоюға болатындығы туралы идеясын
ұсынды. Аластату идеясы бұрын Гегельде таза рухани акт, Фейербахта діннің
адамды нақтылы өмірден аластатуы ретінде қарастырылса, Маркс бұл
аластатушылықты екінші қатардағы құбылыстар, ал шын мәніндегі аластатушылық
немесе аластатылған еңбек тұжырымдады.Аластатылған еңбекті Маркс төрт
қырынан қарастырады. Біріншісі, жұмысшылар өндірістік процесс кезінде
табиғи материалдарды пайдаланып, өнім алады. Бірақ табиғи материалдар да,
еңбектің жемісі де оған тимейді, жат болады, себебі алғашқысы – еңбек
құралы ретінде өмір сүруге қажетті заттар ретінде меншік иесінің билігінде
болады. Сөйтіп олар жұмысшыны өзіне бағындырады. Екіншісі, еңбек процесінің
өзі жұмысшы үшін еріксіздікпен тең. Басқаша күн көруге мүмкіндігі
болмағаннан кейін, ол өз еркінсіз еңбек етуге мәжбүр болады. Ондай еңбектен
ол ешқандай ләззат ала алмайды, бірақ сол жұмыста тапқан табысы арқасында
өзінің, еңбектен бос уақыттағы жануарлардыкі сияқты мақсат мүдделерін
қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Ал оның негізгі адамдық ерекшелігі –
еңбектену, одан ләззат алу – қасіретке айналады. Үшіншісі, еріксіз еңбек
жұмысшылардан оның әулеттік өмірін тартып алады. Шын мәнінде, адам
әулетінің өмірін жалғастырушы болып есептелетін еңбек пен өндіріс, жұмысшы
үшін жалпы адам әулетінің емес, жеке басының өмірін сақтаудың құралына
айналады. Осы себептен ол өндіріс пен табиғатқа өзіне жат, қауіпті
құбылыстар ретінде қарайды. Демек, олардан “әулеттік өмірдің ”, адамдық
мәнінің аластатылғандығы. Төртіншісі, еріксіз еңбек адамдар арасында бірін
– бірі аластатушылықты тудырады. Бір жағынан – жұмысшылар еңбек ету
мүмкіндігі үшін бір – бірімен бәсекеге түссе, екінші жағынан – жұмысшылар
еңбек ету мүмкіндігі үшін бір – бірімен бәсекегк түссе, екінші жағынан –
олардың еңбегінің нәтижесін иемденгендер де оған жат. Осындай аластатушылық
тек жұмысшыларға ғана тән емес, ол капиталистер арсында да болатын құбылыс.
Аластатушылықтың экономикалық негізі – жеке меншік. Ал қоғамдағы
басқа құбылыстар (діни, құқықтық, саяси т.б аластаулар) осы заңдылыққа
бағынышты.Аластатушылықтан қалай құтылуға болады? Егер аластатушылық
өзіңнің мәніңді, қасиеттеріңді жоғалту процесі болса, оған қарсы процесс –
жоғалтқан адамдық “қайырып алу”. Бұл процесс тек жеке меншік жойылғанда
ғана жүзеге аса алады. Жеке меншік жойылғанда, адам өндірістік өнімдерді
күн көріс үшін шығармайды, ол еңбектенгенде одан ләззат алу үшін жұмыс
істейді. Сөйтіп, еңбек адамның өзін - өзі дамытуының құралына айналады. Ал
адам табиғатқа, өндіріске, басқа адамдарға басқаша – табиғат пен өндіріс
заңына сәйкес “адам сияқты ” қарайтын болады. Осының арқасында адамның ішкі
табиғаты да өзгереді, оның ең жақсы жақтары мен қабілеттері дамиды. Бұл
идеяларды кезінде социал – утопистер де айтқан болатын. Бірақ Маркс олардың
”әлеуметтік теңдік” ілімін сынға алып, әлеуметтік теңдікті ләззат алу деп
түсіну қате пікір екендігін айта келіп, жеке меншікті жою автоматты (жедел)
түрде әлеуметтік теңдікке жеткізбейді, оның кейбір сарқыншақтары ұзақ уақыт
бойына сақталады, оған тек коммунизм тұсында ғана жетуге болады деп
тұжырымдайды.
Егер Маркске дейінгі ойшылдар адамды табиғаттың бір бөлшегі және
бағынышты бөлшегі ретінде қарастырса, ол адамды қоғамдық қатынастардың
жиынтығы деп қарайды. Адам жай ғана табиғатта тұрмайды, оны қайта жасап,
өзгертеді. Осыған байланысты, Гегель, Фейербах т.б. еңбек, практикалық іс -
әрекет аластатушылықтың қайнар көзі деп есептеп, адамның мәні ретінде –
оның мәдениет, рухани саласындағы шығармашылық еңбектерін дәріптесе,
марксизм бұл проблеманы басқаша қалыптастырады. Табиғат адамдардың өзін
өзгерту тек еңбекке (мейлі аластатылған еңбек болсын бәрі - бір)
байланысты. Еңбек, практика ретінде адам табиғатының ең терең негізі және
сипаттамасы. Демек практика барлық рухани құбылыстарға қарағанда алғашқы
бастама. Басқаша айтқанда, ол адамдардың өзара қатынасынан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері жайлы
Дүниеге көзқарас ұғымы
Философия пәні мен қызметі
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
Қазақ философиясы қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары
Философияның даму тарихы
Философия (Оқу құралы)
Философия тарихындағы адам мәселесі
Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері
Пәндер