Қайта өрлеу және философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
sҚайта өрлеу философиясы

Қайта өрлеу деген сөз, бір замандағы, яғни б.з.д. V ғ шарықтаған грек
философиясы, мәдениетті, өнері, әдебиетті 1500 ж бойы қыспақта болып, енді
жаңадан жаңғырып оралуын білдіреді. Ренессанс - Қайта өркендеу,
жандану, жандандыру, қайта даму, қайта туу.
Қайта өркендеу деп Батыс және Орталық Еуропадағы мәдениеттің XIV-XVI ғ
даму кезеңін айтады. Бұл кездегі ойшылар шіркеу догмалары мен Орта
ғасырлардағы адам тағдырының Құдай ырқына тәуелді екендігі туралы түсінікке
күмәндік білдірді. Адамды әлем мәселелерінің ортасына қойып, олар оның
өзін ғана емес, сонымен бірге іс-әрекеттерінің де мәнін жоғарғы көтерді.
Адамға және оның тағдырына, шығармашылық бастамасына тұрақты көңіл
аударғаны үшін оларды гуманистер деп атады. Гуманизм қайта өркендеу
дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке
жетелеуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаты оның адамға бағытталуы болды.
Ежелгі антикалық философтар дүние ортасына күш-қуат берген, рух, жігер
туғызатын Космосты, ортағасырда Құдайды қойса, Қайта өрлеу дәуірінде Адам
қойылды. Сондықтан, қайта өрлеудің ерекшелігі антропоцентризм. Енді
зерттеудің орталық мәселесі - Құдай емес, адам болды. Адамның әлемдегі
орны, оның бостандығы, тағдыры Леонардо да Винчи, Микеланджело, Эразм
Роттердамский, Николло Макиавелли, Томас Мор, Мишель де Монтень секілді
ойшылдарды толғандырды.
Жаңа құндылықтар жүйесі пайда болды, алғашқы болып адам және табиғат,
одан кейін ғана дін және оның мәселелері тұратын болды. Бұл дәуірдің тағы
бір ерекшелігі ренесанстық мәдениет пен философияның дінді ғылымнан,
саясаттан, моральдан бөлуі, секуляризациялауы болды. Секуляризация -
қоғамның, адамның дін ықпалынан арылуы, шіркеу меншігінің мемлекеттік
меншікке ауысуы. Енді мемлекет, мораль және ғылым мәселелері дін арқылы
қаралмады. Болмыстың әртүрлі саласында бұлар өз бетінше, діннен тыс өмір
сүретіні, өзінің заңдары бары мойындалды. Бұл дін, Құдай, жанның азат болуы
туралы мәселелер мүлдем тоқталды деген емес. Тек оларды философтар әзірше
көп қарамады, тәжірибелік ғылымның қалыптасуына байланысты жалғыз ақиқат
табиғат туралы білім болып саналды (Коперник, Кеплер, Галилей, Бруно).
Осы кезде жаңа философиялық бағыттар пайда болды. Олар деизм және
пантеизм. Деизм әлемді Құдай жаратқан, бірақ күнделікті қоғам өмірі мен
табиғат дамуына оның қатынасы жоқ дейтін діншіл философиялық ағым. Деизм -
аспандағы парламентаризм. Деистердің көбі әлем туралы өз түсініктерін
жаратылыстану ғылымының жаңа салаларында қалыптастырды. Діннен ғылымның
тәуелсіздігін қорғады.
Пантеизм - (pan - бәрі және tcheos - Құдай) - Құдай мен әлем біртұтас
деп танитын, Құдіретті табиғатпен балаған философиялық ілім. Осы бағыттың
өкілі католик шіркеуінің қайраткері, кардинал, Германия легаты, атақты
философ Николай Кузанский (1401-1464), шын аты Кребс. Оның еңбектері:
Білместік ғылымдары туралы, Шығу тегі туралы, Мүмкіндіктің болмысы
туралы, Жер шарының айналуы туралы. Жаратушының өзін табиғат деп,
Құдайды аспаннан жерге түсірді.
Ол әлем дүниесі мен Құдай бір бүтін деп, жаратылыстану ғылым
зерттеулерін құптады, яғни рационалдық білімді қолдады және адамның бұл
қызмет саласына діннің араласпауы керек деді. Дүниені Құдай жаратқан, бірақ
дүние шексіз, материалды және қарама-қарсылық арқылы қозғалады. Адамды
Н.Кузанский аса жоғарғы қояды. Сонымен бірге Құдайдың адамға қатысы барлық
құбылыста, ең алдымен табиғатта бар деп есептейді. Құдай - әлемнің ортасы
және оның шегі. Ол бүтін, ал дүние әлемі - оның бір бөлігі. Дүние әлемі
Құдайда жиналады және Құдай оны әлемге айналу барысында күшейтеді. Ақиқат
барлық кезде таным процессі, Құдайға жету. Дүниенің бәрін, адамды да құдай
жаратты, бірақ Кузанский пантеистік пікірді дамыта отырып, шын мәнінде
Жаратушының рөлін жоққа шығарды.
Коперник Николай (1473-1543) поляк астрономы, әлемнің гелиоцентрлік
жүйесін жасаушы. Негізгі еңбегі - Аспан денелерінің айналуы туралы.
Схоласттар және шіркеу өкілдерінің ортағасырлық дәстүріндегі Аристотель -
Птолемейдің геоцентристік теориясына қарсы шықты. Жердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу дәуірінің сипатты белгілері мен оның философиядағы көрінісі
Табиғат философиясы
Жалғыз философия
Қайта өрлеу философиясы
Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі
Гуго Гроций философиясындағы құқықтық теория
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы жайлы
Орта ғасыр философиясы туралы
Макиавеллидің саяси философиясы
Пәндер