Қоғам. Философиялық талдаудың негізі
Қоғам. Философиялық талдаудың негізі
Қоғам дегеніміз - адамдардың алуан түрлі сапалы іс-әрекеті мен
қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір
сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді.
Адамзат қоғамы - табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт
эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық
тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші.
Адамзат тарихындағы қоғамның дамуы мен қалыптасуы туралы осыдан жүз жыл
бұрын және қазіргі кезде де бірыңғай пікір жоқ. Себебі, қоғамда көптеген
жасырын терең құпиялар көп, оларды ақыл - оймен танып білу, дұрыс пікір
айту өте қиын. Қоғамды зерттейтін ғылымдар әлі жас деуге болады. Олар:
философия, социология, саяси экономия, тарих, демография және т.б., бұлар
өздеріне зерттеу объектісі болатын материалдарды әлі толық жинап ала алған
жоқ.
Қоғамды идеалистік тұрғыдан танып білу әлі күнге дейін басым, оның
мәнісі мынада:
1. Қоғамды билейтін күш идея (пікір). Әр дәуір идеяға байланысты
өзгереді. Бірақ сол идеялардың өздері қайдан пайда болатыны қаралмады.
2. Қоғамның дамуында объективтік диалектикалық заңдылық және
детерминистік (себептік) байланыс бар екені ескерілмеді.
3. Тарихты жасаушы кім деген сұраққа - ақылы биік жеке адамдар, яғни,
қаһармандар, патшалар, деп, халықтың шешуші рөлін ескермеді.
Гегель адамдар тарихты өз дегенімен жасай салмайды, ол қажетті заңды
процесс ретінде дамып отырады. Бұл заңдылық объективті болып табылмайды,
олар сырттан ендірілген абсолюттік идеяның қозғалысынан туады деп
пайымдады. Сондықтан ол тарихи дамудың шын процесін бұрмалады, бірақ
алғашқы болып қоғам дамуының заңдылығын айтты.
Неміс ғалымы Макс Вебер (1864-1920). Тарихты үш шартты кезеңге бөлді.
Дәстүрлік, феодалдық капиталистік деп бөлудегі орталық мәселе - қоғамдағы
біреулердің екінші біреулерге үстемдігі, оның пайда болуының себептері мен
түрлері. Вебердің пікірінше үстемділіктің үш сипаты болады: дәстүрлік,
харизматикалық, рационалдық.
1. Дәстүрлік: қоғамдағы мырза мен бағынышты адамдар арасындағы
қатынастарды экономика немесе әкімшілік емес, идеологияның көмегімен ұзақ
уақытта қалыптасқан дәстүр анықтайды. Және бағынышты кісінің берілгендігіне
сүйенеді.
2. Харизматикалық үстемділік - билеушінің жеке өзінің ерекшелігі. Оның
айналасындағы адамдар оны жерге табиғаттан тыс құбылыс ретінде құдайдың өзі
жіберді деп есептеуі.
3. Рационалдық - басқарудың кемелдеген түрі капитализм қоғамында өмірге
келеді. Бұл үстемдіктің қабылдаған қаулылары ақылға сиымды, терең ойлы
болады. Вебер осыған сай капитализмді былай сипаттайды:
- өндіріс орындарының табысты болуы. Бұл өндіріс пен еңбекті ақыл-
ойдың арқасында ұйымдастырудың нәтижесі,
- бірыңғай рационализмді жоққа шығарады, еркін ой, іс-әрекет бәсекесін
қорғайды,
- қоғам тарихында діннің де өте үлкен орын алатынын көрсетті. Батыс
капитализімнің басты мәні протестантизм деді.
Қоғам тарихында және оның даму процесіне бірыңғай ғылыми көзқарастың
дәлелді логикалық жауаптың жоқтығы Вебер ілімін көп танымал етпеді.
Поппер Карл Раймунд (1902-1994), ағылшын философы, логик, социолог ХХ
ғ ірі ойшылы. Ол тарихта қандай да болса заңдылықтың барын, бірыңғай
адамзат тарихының барын жоққа шығарады. Адамзат тарихын қарастырғанда оның
саяси өкіметтің тарихы екенін есте ұстау керек деді. Ал саяси өкіметтің
тарихы - дүниежүзілік тарих емес, сондықтан, жалпы тарих және нақты тарих
ретінде өмір сүрмейді. Ол дүниедегі бар көптеген тарихтың біреуі ғана
болады. Оны таңдау, Поппер бойынша , мысалы, дін немесе поэзия тарихынан
айырмашылығы, төменгі жағдайларға байланысты:
1. билік біздің бәрімізге, ал поэзия кейбіреуімізге ғана ықпал
жасайды.
2. адамдар билікті құдайындай көреді (әулие тұтады, құдай деп таңдау
қорқыныштан туады).
3. адамдар билік басындағыларды әулие тұтса, бұл оларға ұнайды және
олардың бар әрекеттері іске асып отырады. Сонымен қатар көптеген
ғалымдар адамзат тарихын патшалардың, генералдар мен диктаторлардың
ыңғайына қарай жазады.
Поппер әлеуметтік технология, әлеуметтік инженерлік (өнер)
терминдерін енгізді. Тарих барысын жобалау мүмкін емес деп санады. Ашық
қоғам концепциясын негіздеді және тотальдық жүйенін қауыпті екенін
көрсетті, бірақ идеалистік көзқарастан арыла алмайды.
Қоғам туралы философияда алуан түрлі ойлар қалыптасқан. Қоғамды
материалистік тұрғыдан зерттеген Маркс. Адамға ең алдымен күн көру үшін
денеге энергия беретін материалдық заттар байлығы керек дейді. Ол үшін
оларды өндіретін құралдар қажет. Яғни, өмір мен қоғамның дамуында
материалдық игіліктерді өндіру негізгі мақсат болып табылады. Сондықтан
мемлекеттік мекемелер, құқықтық көзқарастар, өнер, мораль, адамдардың діни
ұғымдары да осы негізге сәйкес дамиды.
Маркс: Қоғамдағы іс - әрекет пен қызметтің субъектісі - нақты адам.
Адам мәнін қоғамнан тыс, еңбек құралынсыз, материалдық өндіріссіз танып
білу қиын. Қоғам біртұтас, бөлінбейтін әлеуметтік өмір, бір-біріне әсер
ететін екі факторлардан тұрады. 1. Адамдардың белгілі бір қызмет әдісі, 2.
Әлеуметтік фактор. Бұлар адамдардың материалдық өндірісті дамытудағы тарихи
қызметі арқылы пайда болады - дейді.
Маркске дейінгі материалистер табиғат заңдары мен құбылыстарын
материалистік тұғыдан түсіндіре отырып, тарихи жағдайлар мен қоғам өмірін
тануда өз материализмін қолдана алмады. Марксизм қоғамдық сана қоғамдық
болмыстың бейнесі дейтін дәстүрлі материализмді тереңдетіп, көп жаңа
ұғымдар енгізді.
Өндіруші күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасы Маркс ілімінің
өзекті бір идеясы, әлем тарихының бірлігімен әртүрлі екенін анықтайды.
Маркс өндіруші күштер мен өндірістік қатынастарды біріктіріп өндіріс тәсілі
деп атап, соған негізделген қоғамдық-экономикалық формацияларды – тарихи
нақты қоғамдар типін ажыратады. Олар алғашқы қауымдық, құлиеленушілік,
феодалдық, капиталистік, коммунистік (социализм оның бірінші кезеңі ғана)
формациялар. Формация ілімін көп жағдайларда, әсіресе шығыс елдер
тарихында, дәлме-дәл келе бермесе де, ғылыми- әдістемелік рөлі ерекше
үлкен, қоғамның өздігінен дамитын жүйе ретіндегі прогрессивтік дамуын
анықтауға мүмкіндік береді. Прогрестің өлшемі математикалық есеп- қисапқа,
дәлдікке бейім өндіруші күштердің деңгейі мен сипаты саналып, өндірістік
қатынастардың соған сәйкестігі қоғам дамуының негізгі бір заңы болып
табылады. Өндірістік қатынастар өзінің тұрақтылығына сәйкес дамылсыз
өзгеріп отыратын өндіруші күштерге сәйкес болмай қалған жағдайда,
адамдардың шығармашылық ұмтылысы сөніп, еңбек өнімдері азайып экономикалық
күйзелістер, әлеуметтік қақтығыстар, саяси төңкерістер орын алады. Осы
әлеуметтік революциялардың әсерінен өндіріс тәсілі өзгеріп, жаңа тарихи
қоғам типі өмірге келеді.
Маркс формацилардың ерекшеліктерін базис және қондырма ұғындары арқылы
көрсетуге тырысады. Базисті өндіріс қатынастардың жиынтығы, қоғамның
экономикалық құрылымы деп, оны өндіріс құралдарына меншіктік қатынаспен
теңестіреді, сондықтан социалистік революциялардың негізгі ұраны әлі күнге
дейін жеке меншікті жою, мемлекеттік меншікті орнату болып саналады.
Қондырма деп ол экономикалық саладан тыс барлық өмірді: идеялар мен
теорияларды; қоғамдық, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды; саяси, құқылық,
әлеуметтік, ұлттық, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz