Ертедегі қытай философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ертедегі қытай философиясы

Қытай философиясы біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда пайда
болды. Оған дейін Қытай идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала
бастады: консерваторлық (керітартпа) және прогресшілдік, яғни бірі –
мистиқалық, екіншісі – атеистік бағыттар. Материалистер пікірінше, әрбір
зат бес түрлі бастапқы элементтен (металл, ағаш, су, от, жер) тұратын
болса, оған керісінше, идеалистер (Инь мен Янь) пікірінше, табиғаттың
жаралуы, дамуы "даоға" байланысты деді. ("Дао – заттардың табиғи заңы,
әлемнің негізін құрайды". Лао-Цзы).
Ертедегі қытай философиясында конфуцийлік бағыт басты роль атқарды.
Оның негізін салған нақты адам Конфуций. Конфуций пікірінше, Аспан мен Жер
үйлесімде, ал адам осы екеуінің ортасынан шығады. Адамдарды билеуші – Көк
Аспан дейді. Осымен қатар Дао жөніндегі Лао-Цзы (VI-V ғғ.) ілімі дүниеге
келіп, өмір сүрді. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын Көк
Аспан емес, Дао болды. Лао-Цзы адам заттардың табиғи дамуына араласпауға
қажет деді. Лао-Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім.
Алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао данышпаны – Лао-Цзы
төңірегіне топталды.

Қожа Ахмед Иассауи

Қожа Ахмед Иассауи біздің ғасырдың 1093 жылдары Испиджаб қаласында
(қазіргі Шымкент облысының Сайрам жерінде болған қала) дүниеге келіп, сол
қалада балалық шағын өткізген. Әкесінің аты Ибраһим, шешесінің Қарашаш
болған. Олар еті тірі, пысық баласыны бастауыш білім берген. Содан кейін,
оны Бұқарадағы медресеге оқуға жіберген. Көп оқып, бірнеше тіл үйренбекші
брлған. Араб тілін жақсы меңгерген. Құранды бастан-аяқ жатқа айтқан. Ол
оқуды үздік бітірген, сөйтіп ол Мербі қаласындағы медресеге ұстаз болып
барады. Кейін білімін тереңдетпекші болады. Бұқараға қайта келіп, өзі
оқыған медресеге басшы болады. Ахмед өз шәкірттерін артық мал жинама,
алтын, күміс жинама, бөтен еңбекті пайдалануға болмайды деп үйретеді.
Осылайша шәкірттерін адалдыққа бауламақшы еді. Ол шындықты іздемек адам
еді, сол үшін ол Меккеге барады. Ол шындықты Меккеден таппақшы болады.
Ахмед деген жай атына Қажы деген сөз жалғап Қажы Ахмед, келе-келе Қожа
Ахмед атанып кетеді. Дұрысы Қажы Ахмед еді.
Ол өзінің атақты кітабы Хикматын жаза бастайды. Бұл еңбектің қазақ
философиясы үшін маңызы зор. Онда халыққа зорлық үстемдік жасаған хандарды,
бектерді, қазыларды сынай отырып, бұл дүниенің өкініштілігін айтады өзінің
бар ойын осы кітапта айтпақшы болады.
Пайғамбар жасына келгеннен кейін, Ахмед Иассауи күнәға толы жер
бетінде жүргісі келмейді, сөйтіп ол 63 жасынан 10 жыл жер астында тұрады.
Шамамен 1167 жылы 73 жасында Қожа Ахмед дүние салады. Оны бүкіл ел болып,
Иассы тұрғындары қастерлеп, сол жерге жерледі. Кейін Ақсақ Темір осы жерге
Ахмед Иассауидің кесенесін соқтырады.

Махмұт Қашқари

Махмұт Қашқари XI ғасырда Қашқарда дүниеге келіп, Шу, Талас
аймағындағы Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Ол – ұлы әдебиетші, ауыз
әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші, ойшыл-философ. Махмұт Қашқари 1072-
1074 жылдары Түркі тілдерінің сөздігі (Диуани лұғат ат-түрік) кітабын
жазған. өз заманындағы түркі, араб грамматикасын жасап, жетік білген. Бүкіл
түркі тайпаларын аралап, олардың тілің, сөздік қорын зерттеген. Сонымен
қатар, бұл сөздігінде автор аңыз-ертегілерді, мақал-мәтелдер мен халық
фольклорын өте жақсы пайдалана білген. Бұл еңбегінде ол ата-бабалары жайлы
көптеген тарихи мәліметтер келтіреді. Қашқаридың сөздігінен кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертедегі Шығыс философиясы
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Қытай философиясы. Ежелгі Қытай философиясы
Ертедегі Қытай философиясының пайда болуы
Көне Қытай философиясының негізгі ұғымдары
Ертедегі Шығыс философиясының қалыптасуы
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие, оқыту
Ежелгі Шығыс философиясы туралы
Философия, оның пәні, қызметтері және зерттеу объектісі
Философияның пайда болуы мен дамуы, негізгі тарихи типтері
Пәндер