Материя және форма


Материя және форма
Ұзақ тарихи замандардан бері адамзат ойы материяны зат деп түсінді, яғни материя дегеніміз зат. Бірақ заттардың саналуан түрлері бар. Жансыз зат, жанды зат т. т.
Материяны затпен барабар деп қараудың біршама ұзақ тарихы бар. Ежелгі грек философиясында барлық саналуан заттардың түпкі тегі белгілі бір зат деген көзқарас болған. Ол ең қарапайым зат. Мысалы Фалес үшін ол су, Анаксимен үшін ауа, Гераклит үшін от, Демокрит үшін атом (заттардың ең ұсақ бөлінбейтін бөлшегі) т. т. Күрделі заттардың барлығы қарапайым заттардан шыққан, солардың құрамасы, құрамды заттар сондықтан да тұрақсыз, өзгере береді. Күрделі заттар бұзылғанда алғашкц қарапайым заттарга бөлінеді. Ал қарапайым біртекті заттар тұрақты.
Материя осы кезеңнен бастапақ материалистік бағытта бүкіл космостың түпкі негізі, бүкіл әлемнің біртұтастығының шығатын тегі ретінде қаралады. Олар үшін әлем әртүрлі заттардың кездейсоқ қосындысы ғана емес. Әлем біртұтас нәрсе. Алғашқы грек материалистеріне біршама диалектикалық көзқарас тән.
Жаңа дәуір философиясында (ХУП-ХУІП р. ) қоғамдық өндіріс пен ғылымның дамуы, қоғамдық еңбек бөліністің тереңдеуі материяны механикалық заттармен, дәлірек айтқанда, заттардың механикалық қасиеттерімен теңгеруге жол ашады. Материалистік ой енді материяны заттардың белгілі бір түрімен емес, олардың барлығына тән ортақ қасиеттері мен байланыстыруга бейім.
Ал XIX ғасырда Фейербах болса материя барлық заттардың қосындысы деген көзқарасқа ойысады. XX ғасырда ғана жаратылыстанудың, соның ішінде физиканың табыстарына байланысты электромагниттік өрістің ашылуы материалдық құбылыстардың заттан да басқа түрлері болатынын анықтады.
Әр дәуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның, танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы өздерінің дүниеге қатынасының, жалпы мөдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдық дүниені қаншалықты дәрежеде игерді, сол игерген мазмұннан, күштерден қаншалықты дәрежеде өзінің әлеуметтік дүниесін жасады міне материя туралы ең алдымен қоғамдық санада туатын көзқарастар осы жағдайларга байланысты.
Адамзат бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны зат түрінде біледі. Ол заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан көптеген құралдар жасады т. т., яғни ол заттар дүниесінде тіршілік етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды тіршіліктің бірі. Дәуір өткен сайын, адамның өндіріс қызметі жанжақты күрделі процеске айналған сайын, адамдардың қызметтері саналуан болып кетті.
Адамдар табиғаттағы бар заттардан басқа, онда тіпті болмаған адамсыз болуы мүмкін емес заттар жасайды. Ол ең алдымен ік жағынан табиғат күштерімен барабар әлеуметтік ортақ құрылыс туғызады. Адамдардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде көбінесе заттық формада. Олардың бірбірімен қоғамдық қатысты заттармен дәнекерленеді. Адамдар өздерін белгілейтін затпен өзін коршаған.
Яғни адамзаттың бүкіл өткен тарихи тәжірибесі оны затқа универсалдық мән беруге бейім етеді.
Затқа шексіз мән беруте қолайлы ахуал туғызатын дәуір әсіресе байлықтың мүліктей немесе ақшалай қорланатын кезеңі. Бұл заманда мүліктің, заттың, байлықтың адамдарга үстемдік сипат алатындығы белгілі. Байлық адамға емес, адам екінің бірінде байлыққа қызмет етеді. Барлық өндіріс байлықты толассыз өсіре беру үшін іске асады. Ол өндірістің түпкі мақсаты. Яғни адамның да. Бұл байлыққа табынушылық психология туғызады. Ал байлық ол заманда белгілі бір затпен, ақшамен, көбінесе алтынмен барабар.
Демек адамдардың әлеуметтік дамуының ішкі қайшылықтарының өзі де дүниеде бірден бір мәнді, бірден бір реальды күш осы зат, мысалы, байлық деген ұғым туғызады. Байлық кімнің қолына тисе, сол басқа адамдарға үстем болып шығады.
Байлық, әрине, адамдардың тарихи қорланған ортақкүші, бірақ қоғамдық күштердің адамдарға жат күшке айналған заманында олар адамдарга тәуелсіз объективтік реальдық күш болып көрінеді. Сондықтан бүкіл әлем, табиғат, жалпы материя туралы адамдар санасындағы ұғымдар, дәлірек айтсақ, тіпті сезімдер сол әлемді, табиғатты жеке адамның тікелей сырттай барлап, тікелей бақылаған сәттерінде емес, күнделікті өзара қатынастарынан туады екен. Өйткені ол қатынастар заттарға байланысты. Адамдардың өзара қатынастары тұтасымен алғанда олардың барлығының табиғатқа, табиғатты меңгеруіне байланысты қатынастар. Осыған сәйкес әр заманның адамдары табиғатқа белгілі бір қоғамның көзімен қарайды, оның көзі белгілі бір мәдениеттің, оның негізінде жатқан құндылықтың көзі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz